Түркістан және Алаш автономияларының әлсіреуі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
1.2 Тәуелсіз Қазақстан құру 7
1.3 Түркістан халықтарының біртұтастық идеясы 7
II. Алаш автономиясын құру 8
2.1 Алаш автономиясын құру туралы съездер 8
2.2 Жер мәселесі 10
2.3 Әскери келісім-шарт жасау 10
III. Түркістан және Алаш автономияларының әлсіреуі 12
3.1 Қоқан автономиясының құлауы 12
Қорытынды 13
Пайдаланылған әдебиеттер бойынша библиографиялық көрсеткіш 15

Кіріспе

ХХ-ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаматтық қозғалыс тарихының өзекті
мәселелерінің бірі, әрине, Алаш партиясының құрылуы, оның тарихи негіздері,
саяси-әлеуметтік сипаты және қазақ тарихында алатын орны. Қазақ зиялылары
қоғамдық сұранысқа сай партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы
жылдарында-ақ қолға алғандығы мәлім. Мұны алаш қозғалысы тарихын алғаш
зерттеушілер де дәл сезіп байқаған. Бірақ олар бүл мәселеге тар таптық,
партиялық методология тұрғысынан келіп, ұлт зиялыларының осы бағыттағы
қызметін буржуазиялық-ұлтшылдықтың көрінісі есебінде бағалаған. Енді осы
алғашқы партия құру әрекеті неден басталды және немен аяқталды, соған
тоқталайық.
1905 жылғы жаздағы революциялық өрлеу барысында патшалық билік еңбекші
бұқаралық таптық наразылығына шет аймақтардағы отарлық тәуелділіктегі
елдердің өз бостандығы үшін қуатты қозғалысын қосып алудан қаймықты. 1905
жылғы 6-тамыздағы мемлекеттік дума, жөніндегі патша манифесі басқа
бұратаналармен бірге қазақ еліне де депутат сайлау құқын берді. Осы жылы
қазақ зиялылары сайлау науқаны сияқты күрделі саяси шараға араласа отырып
ірі мәселеге кезікті. Қазақ қоғамында бұл уақытта белгілі бір қоғамдық
позициядан үгіт-насихат жұмысын жүргізе алатын саяси ұйымдар жоқ еді. Міне
осындай жағдайда думаға даярлық мерзімнің тар қыспағына іліккен ұлт
зиялылары тұңғыш рет саяси партия құру әрекетін қолға алады. 1905 жылдың
соңына қарай Орал қаласында өткен бес облыстың (Ақмола, Семей, Торғай, Орал
және Жетісу) делегаттық сьезі Қазақ конституциялық-демократиялық
партиясын құру туралы шешім қабылдайды
Оралда шығып тұрған Фикер (Пікір) газеті (шығарушысы К. М.
Тухватуллин) оның 9 адамнан тұрған Орталық Комитетінің құрамын жариялайды.
Олар Б. Қаратаев, Т. Бердиев, М. Бақыткереев, И. Тоқамбердиев, X.
Досмұхамедов, Н. Айтмұхамедов, М. Мұқанов, Т. Рахымбердиев және И.
Дүйсембин еді (Фикер газеті. 1905, 25 желтоқсан, № 5).
Сонымен, саяси күрес жолына енді ғана түсе бастаған қазақ зиялыларының
осы кезеңдегі саяси әлеуметтік бағдары, белгілі дәрежеде, Ресейдің
радикалдық буржуазиялық партиясы — кадеттердің ұстанған бағытымен
тоғысқандығы тарихи факті. Ал осы қазақ қоғамында пайда болған алғашқы
саяси ұйым шынымен де бар болғаны ресейлік кадеттердің қазақстандық филиалы
ма еді, жоқ әлде оны дербес саяси үйым етерлік ерекшеліктері бар болды ма?
Қазақ кадеттерінің бағдарламасы жоғарыда аталған Фикерде жарық
көрген. Онда қазақ жерін бүтіндей сол елдің меншігі етіп жариялайтын Заң
қабылдау қажеттілігі, ішкі Ресейден көшіп келіп қоныстану толқынын тежеу,
қазақ жұмысшыларына еркіндік, теңдік беру, олардың мүддесін қорғайтын
заңдар шығару, қазақ балалары үшін мектеп, медресе, университеттер ашу,
тағы сол сияқты осы жылы түрлі облыстарда жазылған петицияларда көтррілген
талап-тілектер айтылады (Фикер, 1905, 21 желтоқсан, № 5).
Міне бұл келтірілген талап-тілектер жаңа ғана пайда болған ұйымның ресейлік
кадеттердің қазақ топырағындағы тікелей көшірмесі болмағандығын керсетсе
керек. Біз бұл арада қазақ зиялыларының ресейлік кадеттермен байланысын
жоққа шығармаймыз. Оған дәлел ретінде біз қарап отырған мезгілде Б.
Қаратаев, С. Жартөрин, Ә. Бөкейханов сияқты қазақ зиялыларының осы партияға
мүше болғандығы, ол Бөкейхановтың 1917 жылғы жазға дейін осы партияның
Орталық Комитетінің мүшесі болғанын айтса да жеткілікті. Сонымен бірге,
отарлық езгіге қарсы жалпыұлттық бас көтеру толқынында пайда болған бұл
алғашқы саяси ұйымның жалпыдемократиялық, жалпыұлттық мұраттар үшін
күресуді өзіне міндет етіп қойғандығын жоққа шығаруға болмайды.

I-тарау. Түркістан және Алаш автономиясының мақсаты
1.1. Қазақ елін отарлық езгіден азат ету
XX ғ. басындағы Ресей түркілерінің ұлт-азаттық қозғалысындағы
түркішілдік бағыттың заңды нәтижесі болып дүниеге келген, қазақ қоғамына
ерекше ықпал еткен, әрі мемлекеттік құрылым ретінде алдына қойған мақсат-
мүддесі саяси-экономикалық және рухани-мәдени жағынан Алашорда ұлттық
үкіметімен тарихи тамырласатын. Отан тарихы ғылымьнда ерекше көңіл аударуды
қажет ететін мәселенің бірі - Түркістан автономиясы (Қокан автономиясы).
Ресей халықтарын зор қуанышқа кенелтіп, монархиялық баскару жүйесін
жойған 1917 жылғы Акпан демократиялық төңкерісінен кейін құрылған Уақытша
үкімет Түркістан өлкесін сол жылы 6-сәуірде ұйымдастырылған Түркістан
комитетіне тапсырды [1].
Уақытша үкімет патша үкіметінің қолынан отарлау мен езудің, саяси
көлгірсу мен жалған ұрандардьң туын қабылдап алған саяси мұрагер болып
шықты. Оның Түркістан комитеті де мардымды ештеңе атқара алмады. Уакьгтша
Үкімет басшыларының отар елдерге қатысты саясаты "империяны қазіргі
шекарасы бойынша сақтау керек" деген принципі анық байқалды [2.
Осындай жағдайда. демократиялық төңкерістен зор үміт күткен түркі
зиялылары Ресейдегі әр түрлі партиялардың құрамында бөлініп-бөлініп жүрді.
Олардың бір тобы ұлттық автономияны қолдаса (А.З.Уәлиди, М.Шоқай,
Ә.Бөкейхан, М.Қари, М.Бехбуди және т.б.), екіншілері мемлекеттің унитарлық
формасын қолдады (А.Цалыккаты, С.Мақсуди, С.Алкин және т.б.). Ал. Түркістан
өлкесінің мұсылман қайраткерлерінің басым көпшілігі Ресей Федерациясы
құрамындағы ұлттық автономия болуды жақтайтын. Ал тәуелсіздік мәселесі,
тіпті күн тәртібіне де көтерілген жоқ..
Түркі халықтарының құқы аяқ астында тапталып қала берді. Орыс
демократиялық саяси партияларынан күдер үзген түркі зиялылары ұлттық
автономия алу жолындағы күресте өз халқынан өзге ешкімге де арқа сүйей
алмайтындығын айқын түсінді. Осыдан соң олар, жер-жерлердегі ұлттық
орталықтарда өздерінің ұлттық автономия жолындағы азаттық күресін
өрістетті.
Түркістан өлкесіндегі Уақытша үкімет Комитеті мен орыстардан құрылған
"Жұмысшы-солдат'" депутаттары Кеңесі арасында басталған билікке талас,
мамыр айының соңында Комиттің жеңілісімен аяқталды. Комитет мүшелері:
Н.Н.Шепкит, П.Н.Преображенский, Ә.Дәулетшин және С.Мақсудибектер Ташкенттен
кетіп қалды. Өлкедегі биліктің бірден-бір иесі болған жұмысшы-солдат
депутттарының кеңестері жергілікті халықты қырғынға ұшыратып, тонау мен
зорлауды өрістетті. Оларға карсы құрылған жәдидтік "Шораи-исламия” мен
кадимистік "Жәмияти Улема" ұйымдары өзара қырқысып жатты. Ұлттық автономия
жолындағы қозғалыс өзара қырқыстан қатты әлсіреп, өлкедегі орыс
кеңестерінің күшеюіне жол ашты. Ташкентте шығатын "Туркестанский курьер"
газеті 1917 жылғы 5-қыркүйектегі санында: "Бұрынғы режим заманында орыс
зеңбіректеріне жүктелген міндет енді жұмысшы-солдат депутаттары
кеңестерінің мойнында. Революцияшыл жұмысшы, солдат жане шаруа ресми түрде
бұрынғы орыс сарбазының орнын басады", - деп жазды" [4].
25-қазанда Петроградтағы өкімет билігін большевиктер басып алды. Ал, 1917
жылы 1-қарашада Ташкентте басталған 4-күндік көше қақтығыстарынан соң
билікті жұмысшы-солдат және шаруа Кеңестері басып алды. Генерал Коровиченко
мен оның көмекшісі Доррер тұтқындалды [5]. Осыдан соң 15-22-қараша
аралығында өткен Түркістан жұмысшы, солдат және шаруа Кеңестерінің III
өлкелік съезінде большевик Ф.И.Колесов бастаған халық комиссарлар кеңесі
(ХКК) құрылды [6]. Құрамы 15 адамнан тұрған ХКК-де бірде-бір мұсылман өкілі
болған жоқ.
Ташкент кеңесінің осындай диктаторлық саясатынан соң Түркістан зиялылары
өлкеде ұлттық мемлекет құру үшін 1917 жылы 26-қарашада Қоқан қаласында
өлкелік төтенше IV мұсылмандар съезін шақырады. Съезге барлығы 200-ден
астам делегат қатынасты [7]. Облыстардан келген делегаттардан басқа съезге
"Шурои-Исламия", "Жамияти Улема", мұсылман-тау-кен жұмысшыларының одағы,
мұсылман-жауынгерлері одағы, өлкелік еврейлер одағы және осындай қоғамдық
ұйымдардан көптеген өкілдер қатынасты.
26-қарашада түскі сағат 12-де съездің ұйымдастыру бюросының мүшесі
М.Шоқай съезде төралқа сайланып біткен соң сөз алып Ресей мен Түркістанда
қалыптасқан саяси ахуал мен экономикалық жағдай туралы баяндама жасады.
"Тұтас алғанда Ресейге де, жекеше алғанда Түркістанға да қазанда болған
сұмдық қантөгістен соң өз тағдырлары туралы өзі қамқорлық жасамаса
болмайды. Осындай ауыр жағдайдың соңы ашаршылыққа ұласуы мүмкін азық-
түліктің тапшылық жағдайы қиынға соқты. Бұл жағдайдан қалай аман шығуға
болады?" [10]. Одан әрі М.Шоқай өлкедегі билікті кеңестердің қарулы күшпен
тартып алғандығын, оның үлкен қантөгіске алып келгендігін атап көрсетті.
Құрылған үкіметтің құрамында бірде-бір мұсылман өкілінің болмауына
байланысты бұл үкімет қантөгісті қалай тоқтатарын білмей отырғандығын,
соған қарамай-ақ мұсылман өкілдерінің бірлесе жұмыс істеуге шақырған
үндеуін қабылдамай тастағандығын айтып түсіндірді [10].
Одан әрі съезде әр түрлі облыстардың өкілдері шығып сөйлеп, осы мәселеге
байланысты өз пікірлерін ортаға салды. Өзбек халқының ағартушысы М.Бехбуди
бұл съездің бүкіл Түркістанның жергілікті халқының атынан сөйлеуге толық
қақылы екендігін мәлімдей келе, былай дейді: "...съезде Түркістанда тұратын
еуропалықтардың да өкілдері қатысып отырғандықтан да оның шешімдері сөз
жок, беделді шешім болады" [10]. Съезд жұмысына тіпті атаман Дутовтың
өкілдері: Потеляхов, Юсуф Давыдов, ағайынды Вадьяевтар да катынасты [11].
Түркістан өлкесі мұсылмандарының ІV-съезі 3 күн жұмыс істеді, әрі аса
маңызды көптеген қаулылар мен қарарлар қабылдады. Съездің 1917 жылы 27-
қарашада түнгі сағат 12-де қабылдаған қарарында былай деп жазылған:
"...съезд Түркістанды мекендеген ұлттардың өзін-өзі билеуге деген ұмтылысын
қанағаттандыра отырып... Түркістанды Ресей федеративті демократиялы
республикасы құрамындағы территориялық автономия деп жариялайды, әрі
Түркістанның автономиялық үлгісін анықтауды Түркістандық Құрылтай
жиналысының құзырына қалдырады". Одан әрі тағы да былай делінген: "Съезд
Түркістанды мекендейтін ұлттық азшылық өкілдерінің құқықтары жан-жақты
қорғалатындығын салтанатты түрдс жариялайды" [12].
28-қарашада құрылып жатқан мемлекеттің аты жарияланды. Ол -"Түркистон
Мухторияти" (Түркістан автономиясы - С.Ш.) деп аталды [13]. Тарихта бұл
автономия құрылған қаласының атына сай "Қоқан автономиясы" атауын иеленді.
Большевиктер "Түркістан автономиясының" беделі мен шеңберін төмендету үшін
"Қоқан автономиясы" деп атады деген пікір орнығып келеді. Ал шын мәнінде,
64 күн өмірінде не офицері, не ақшасы, не әскері болма,ан үкімет билігі
Қоқан қаласының өзінде толық жүрмегендігі тарихи ақиқат. Тіпті, М.Шоқайдың
өзі бұл автономияның "Қоқан автономиясы" болғандығын мойындайды [14].
Сонымен қатар съезде, жалпытүркістандық Құрылтай жиналысы
шақырылғанға дейін өлкені басқару үшін барлық құқық Түркістан Уақытша
Кеңесі мен Түркістаи халық басқармасына берілетіндігі туралы қарар
қабылданды.
Түркістан Уақытша Кеңесінің саны бұрын Түркістан өлкесінен Бүкіл ресейлік
құрылтай жиналысындаа сайланған депутаттардың санымсн теңестіріліп, барлығы
32 адам белгіленді. Олар: Ферғана облысынан: И.Шагиахмстов, А.Кушбегаев,
Камалхадураев, Д.Қарабеков С.Юсупов және қалалардың халықтық басқармасынан
өкіл болып М.Бехбуди кірді [15].
Түркістанның Уақытша кеңесі мына құрамда Түркістандык Уақытша үкіметін
тағайындады [15, 16].
Съезде Түркістанның Уақытша кеңесінің құрамы қайта қаралып (27 қараша),
оның мүшслерінің саны алғашқы 32 адамнан 54 мүшеге дейін өсірілді. Оның
құрамына мусылмандар съезінде сайланғаи мүшелермен қатар тағы да -
қалалардың өзін-өзі басқару комитеттерінің 4 өкілі, еуропалықтардың түрліше
өлкелік қоғамдық ұйымдарының 18 мүшесі кіргізілді. Осылайша, Түркістан
Уақытша кеңесінің 33% құрамы еуропалық ұлттардың өкілдеріне берілді, ал
олар өлке халқының небары 2%-ін құрайтын еді [17]. Бұл кеңес - партия
тарихшыларының "ұлтшылдар" деп айыптауына келмейтін шешім болатын.
Автономияны құрушылар демократиялык сайлау жүйесін ұсынды. Олар
республиканың басқару органдарына өлке тұрғындарының ұлттық пропорциясын
сақтай отырып орын беруді көздеді. Бұл сол кезеңдегі ең дұрыс шешім
болатын.
Түркістан автономиясының жетекшілері казак әскерлерінің "оңтүстік-шығыс"
одағымен бірлесе әрекет жасауды көздеді. Олар осы арқылы қарулы казак атты
армиясының болуы мүмкін шабуылынан қорғанды және қару-жарақ алуға тырысты.
Казак қару-жарағы ұйымдастырылуға тиісті мұсылман-түркі атты әскерлері үшін
ауадай қажет болды. Сонымен қатар, казак атамандары "автономияның"
ағылшындармен байланыс орнатуына "көмектеспек" болады. Ал ағылшындар
бұларға әскери-эқономикалық көмек ұйымдастырмақ болады. Автономияшылдар
ағылшындарға айырбас ретінде мақта мен мал өнімдерін беріп, орнына қару мен
астық алуды жоспарлады, нан республиканың ашыққан халқына керек еді [18].
"Автономия идеясы түркі халықтарын мазалап келген аграрлық мәселемен
тығыз байланысты" деген Р.Пайстың пікірін,- "Түркістан үшін күрес - мақта
үшін күрес" болғанын сондықтан да орыс большевиктерінің автономияны
талқандауға бар күшін жұмсағанын да айта кеткен жөн.

1.2 Тәуелсіз Қазақстан құру

Әрбір түркі тектес азамат өз халқының шеңберінде калып қоймай, бүкіл
түркілердің тағдырына ой жүгіртіп, бірлігін нығайтса, Түркістан
төуелсіздігін алса деген идея1 Мұстафа Шокай өмірінің мақсатына айналады.
Түркі халыктарының мемлекеттерін бір тудың астына жинау идеясы бүгінгі
қалыптасқан саяси-әлеуметтік жағдайға келе қоймайды. Бірақ түркі
халықтарының рухани бірлігі, ортақ тарихы, тілі, діні күрделі ғылыми
зерттеулердің тақырыбы болып қала береді.
М. Қойгелдиев пен Т. Омарбеков Алаш қайраткерлерінің негізгі_
мақсаттары қазақ елін отарлық езгіден азат ету және қазақ қоғамын
ортағасырлық мешеуліктен өркениетті әлеуметтік-экономикалық, мәдени даму
жолына алып шығу болғандыктан, Алаш партиясын Ұлттық демократиялық
партия деп атады ... .

1.3 Түркістан халықтарының біртұтастық идеясы

Түркістан елі мен жері алғашқы дәріс алып, оқыған ордасы Ақмешіт пен
Ташкент қалалары Түркістан идеясының қалыптасуына үлкен әсер еткен. Себебі
XIX ғасырдың 30—40 жылдарындағы Кенесары Қасымұлының ұлт-азаттық
көтерілісі, 1856 жылғы Сырдағы Жанқожа Нүрмағанбеттің, 1868 жылғы Самарқан
мен Бұхара қалаларындағы, 1870 жылғы Маңғыстаудағы, 1871 жылғы Сырдағы
(Ишан Ешмұхамед баскарған), 1875-76 жылдары Қоқандағы революция деп
аталған көтерілістердің ұшқыны М. Шоқайдың елі мен жеріне деген
сүйіспеншілігін арттырмауы мүмкін емес. Әсіресе XIX ғасырдың аяғындағы 20
жыл Ресей отаршыларының Түркістанда жүргізген саясатына қарсы күресті үдете
түседі.
Осы рухта тәрбие алған Мұстафа Шоқайұлы Түркістанның тұтастық идеясын
бала шағынан бойына сіңірген.
Мұстафа Шоқайұлының Түркістанның бірлік идеясының шыңдалып,
кемелденген кезеңі XX ғасырдың басындағы Ресей империясындағы түрлі саяси-
әлеуметтік жағдайға толы 20 жыл. Осы жылдары М. Шоқай Петербург
университетінің заң факультетінің студенті Әлихан Бөкейханов және
Мұхаметжан Тынышбаевпен бірге Ресей Думасының жұмысына араласып,
Түркістанның азаттығы үшін күреске қатысады.
1)Мұстафа Шоқайдың Түркістанның біртұтастық идеясын жүзеге асыру
жолындағы іс қимылдары:
Түркістан автономиясын құру және автономия арқылы азаттыққа жету
мәселелерін белгілі грузин қайраткері Чхеидземен сұхбаттасқан (1917 июнь)
кезінде айтады. Ал 1917 жылы 10-желтоқсанда оны құрып та үлгереді.
2) Уақытша үкіметтің қасынан Түркістан істері жөніндегі комиссариат
құру. Бұл ұсынысын Керенский толық қолдайды.
3) Түркістандағы орыс әскерлерін татар-башқұрт әскерлерімен алмастыру.
Түркістандық жастарды әскер қатарына шақырып, өз армиясын құру.
5) Жұмысшы-солдат кеңестерінің қылмыстарын барынша әшкерелеу және оған
тыйым салу.

II. Алаш автономиясын құру

2.1 Алаш автономиясын құру туралы съездер

Тұңғыш жалпы қазақ съезін шақыру туралы шешім 1917 жылғы сөуір айында
өткен Торғай облыстық қазақ съезінде қабылданып, съезд оны даярлауды Ә.
Бөкейханов пен А. Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялыларынан құрылған
айрықша бюроға тапырады. Міне осы бюро облыстьқ қазақ съезінің аяқталуын
күтіп жүрген мезгілде Мәскеуде І-ІІ мамыр аралығында бірінші бүкіл ресейлік
мұсылмандар съезі өтіп, "оған өкіл ретінде қатынасқан бір топ қазақ
зиялылары жалпы қазақ съезін шақыру тұралы Қазақ газетінде өз
ұсыныстарын жариялайды. Арасында Көлбай Төгісов, Аққағаз Досжанқызы,
Ғұмар Қарашон бар бұл топ съезд 1 -10 тамыз аралығьнда Ташкенде өтсін және
оған әр облыстан бір өкілден келсін деді.

Бірінші жалпы қазақ съезін ұйымдастыру бюросы Қазақтың 1917 жылғы 11-
маусымдағы санында арнайы мәлімдеме жасап, съезд 1-тамызда Орынборда
ашылып, оған уез екі кісіден өкіл жіберсін деді. Бірақ, бұл аталған күн мен
өкілдер саны көп ұзамай тағы да өзгеріске ұшырайды. Шілде айының алғашқы
күндері Орыпбордағы Қазақ басқармасына Петроградтағы Шораи ислам төрағасы
А. Салихов пен сондағы қазақ өкілдері У. Танашев, Ж. Ақбасв және Ж.
Досмұхамедовтан жеделхат келіп, онда Учредительное собрание сайлоуы 1-7-
қыркүйекте болатын болды, депутаттар тізімі бір ай бұрын, яғни 17 тамызда
тапсырылмақ болды. Соның үшін жалпы қазақ сьезін 20-шілдеден соңға қалдыру
мүмкін емес, Қазанда ашылуға ұйғарылған жалпы мұсылман съезінің де күні
солай өзгерілді, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркістан және Алаш автономияларының мақсаты, мәні, күйреуі
Алаш қозғалысының соңғы түйіні – Мұстафа Шоқай
Әлімхан Ермековтың Қазақ жерлерін біріктірудегі рөлі
Қазақстанның өткені мен бүгіні (тарихи жағдайлар, наразылықтар)
ХХ ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясының қызметі тәуелсіздік тұрғысында
Большевиктік тәртіпке және қазақ зиялылары 1917-1920 жылдарындағы қызметіне жаңаша тарихи саяси көз жүгірту
Мұстафа Шоқай.Өмірі.Зерттелуі
Қазақ әскери революциялық комитеті және ұлт-зиялылары
Партия мүшелерінің әрекеті мен бағдарламасы
Қазақ баспасөзі – алаш зиялыларының большевизмге қарсы күресі тарихының дерек көзі
Пәндер