Тың және тыңайған жерлерді игерудің этнодемографиялық құрылымға әсері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе 2
1. Тың және тыңайған жерлерді игеру 3
2. Тың эпопеясының көлеңкелі тұстары 6
3. Тың және тыңайған жерлерді игерудің этнодемографиялық құрылымға әсері
11
Қорытынды 19
Қолданылған әдебиеттер тізімі 21

Кіріспе

Ерте заманнан-ақ осынау ұлан-ғайыр даланы мекендеген көшпелі халыққа
көршілерінің көзқарасы ерекше болды. Кішкене ғана хандық билеп отырған кең
даланы еш қиындықсыз басып алмақ болған олардың тұмсығы талай рет тасқа
тиді. Халқымыз қанша ержүрек болғанымен, күшті күштілігін істеді...
Ғасырлар бойы еркіндік үшін күресіп келе жатқан қазақ халқынан Ресей
патшалығы да, Кеңес Одағы да сескенді. Алғашында басыбайлықтан босаған орыс
шаруаларын көшіріп әкеліп, шұрайлы жерлерін тартып алмақ болды. Ал кейіннен
біржолата елдігінен айыру үшін басқа да көптеген халықтарды қоныстандыру
әрекетін жүргізді. Тың игеру, алып өнеркәсіп орындарын салу, тағы басқа
себептерді сылтауратты, орыс, шешен, украин, корей, неміс сияқты әр ұлт
өкілдерін зорлықпен жер аударды. Сол ұлттардың жалпы саны жүзден асады.
Бірақ Кеңес Одағының қазақ халқының арасына іріткі салу ниеті іске аспады.
Туған жерінен айырылып, мүсәпір күйге түскен ағайындарға әрқашан
қонақжайлылығымен ерекшеленетін халқымыз туысқандық қолын созды. Оларға
баспана салуға көмектесіп, бір үзім нанды бөлісіп жеді. Осындай қиын
кезеңде бөтенсітпей, қарсы алған қазақ халқына олардың алғысы шексіз еді.

1. Тың және тыңайған жерлерді игеру

50-ші жылдардың басында бүкіл ел бойынша ауыл шаруашылық өнімдерін
дайындаудың дәрежесі біршама төмендеді. Ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау
бағасының арзан болуы өнімді көп өндіруге ынталандырмады, колхоздардың
шығынын әрдайым өтей бермеді. Ауыл шаруашылық өндірісінің артта қалуының
бір себебі партия органдарының басшылығындағы елеулі кемшіліктердің салдары
еді. Ауыл шаруашылығын дамытудың мүмкіндіктері жете пайдаланылмады. Дәнді
дақылдардың шығымдылығы төмендеп кетті. Тіпті ауа райы қолайлы болған
жылдардың өзінде республика небәрі 100-150 млн. пұт (шамамен 1,6-2,4 млн
тонна) ғана тауарлы астық өндірді. Ал республикада, әсіресе, оның солтүстік
және солтүстік-батыс облыстарында пайдаланылмай келген, егіске жарамды ұлан-
ғайыр құнарлы жерлер бос жатты.
Қазақстан ауыл шаруашылығының мұндай жағдайы осы аса маңызды сала
бойынша бүкіл елдегі істің жағдайын бейнеледі. Бұл жөнінде КОКП Орталық
Комитетiнің 1953 жылғы қыркүйекте өткен пленумында барынша айқын айтылды.
Ірі-ірі әлеуметтік-экономикалық шаралар белгіленді. Бұлардың ішіндегі ең
маңыздылары - ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің егіншілік пен мал
шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттыруға материалдық ынталылығы принципін
қалпына келтіру, колхоздарды, МТС-тер мен совхоздарды ауыл шаруашылығының
білікті маман, механизатор кадрлармен нығайту, барлық ауыл шаруашылық
процестерін механикаландыру дәрежесін көтеру, ауыл шаруашылығына жұмсалатын
күрделі қаржыны көбейту, ауыл шаруашылық өндірісін жоспарлауда колхоздар
мен совхоздардың құқықтары мен ынта-ықыласын арттыру. Ауыл шаруашылық
өнімдерін дайындау және оны сатып алу бағалары қайта қаралып, едәуір
көтерілді. Осы тұста көптеген қала тұрғындары, әсіресе бұрынғы ауыл
шаруашылық қызметкерлері, әр түрлі себептермен өнеркәсіпке, транспортқа,
құрылысқа жұмысқа ауысқан мамандар мен механизаторлар селоға оралуға тілек
білдірді. 1953 жылдың аяғында өнеркәсіп пен халық шаруашылығының басқа да
салаларынан 2536 механизатор-тракторшылар мен комбайншылар, 4905 маман-
агрономдар, инженерлер, зоотехниктер, мал дәрігерлері және басқалар
республиканың МТС-тері мен МЖС-теріне жұмысқа ауысты. Сонымен бірге РСФСР-
ден Қазақстанға бірнеше жүздеген инженерлер мен техниктер келді. Өнеркәсіп
орындарының ұжымдары ауыл шаруашылық техникасын шығаруды ұлғайтты. 1953
жылдың аяғында республиканың 1096 кәсіпорыны мен мекемесі 928 колхозды, 185
МТС пен МЖС-ті қамқорлыққа алды.
1954 жылы КОКП Орталық Комитеті ақпан-наурыз Пленумында елімізде азық-
түлік мәселесін шешу үшін шығыс аудандарда тың және тыңайған жерлерді игеру
мәселесі қойылды. Оны игеруге Қазақстан кеңінен қатыстырылды. Мұнда қысқа
мерзімде тың жерлерді игеру есебінен егіс көлемі 35 млн. гектарға дейін
жеткізіліп, солтүстік аудандарда жүздеген жаңа поселкелер, совхоз
орталықтары салынды. Тың өңіріне жүздеген мың қоныстанушылар келіп, оларды
қарсы алу, орналастыруға байланысты республика партия және кеңес
органдарының күрделі де ауыр міндеттерді шешуіне тура келді.
Қазақстанға Ресей мен Украина, Белоруссиядан және басқа да одақтас
республикалардан тыңды жаппай игерудің бірінші кезеңінде 1954-1956 жж.
640 мың адам келді, бұлардың ішінде 391,5 мың ауыл шаруашылық
механизаторлары, 50 мың құрылысшы, 3 мың денсаулық сақтау қызметкерлері,
1,5 мыңдай мұғалім, 1 мыңнан астам сауда қызметкерлері және басқалар бар
еді. Бұлардан басқа республикалардан механизация училищелерін бітіріп
келген 66,7 мың адам және Қазақстанның училищелерінен келген 19,8 мың
адамға республика совхоздарында жұмыс істеуге жолдама берілді.
Республиканың жаңа совхоздарына жоғары және орта білімі бар 2088 адам
директор, бас агроном, бухгалтер, инженер-техник, құрылысшы сияқты
жұмыстарға жіберілді.
50-ші жылдардың аяғына қарай Қазақстанның ауыл шаруашылығының
материалдық-техникалық базасы едәуір нығайды. Совхоздар мен колхоздар 169
мың трактор, 98 мың комбайн, 73 мың жүк машинасын және басқа да көптеген
ауыл шаруашылық техникасын алды.
1954-1960 жылдары республикада тың игеру есебінен астық өндірудің жалпы
көлемі 106 млн. тоннаға жетті, осы жылдар ішінде астықтың жылдық орташа
өнімі - 1949-1953 жылдардың көрсеткішімен салыстырғанда шамамен 3,8 еседей
артты. Қазақстан бұл жылдардың ішінде мемлекетке 63,4 млн. тонна астық
тапсырды.
Тың игеру Қазақстанды тауарлы астық өндіруде Одақ бойынша алдыңғы
қатарға шығарды. Соның нәтижесінде республика әрбір тұрғынға шаққанда екі
мың кило астық өндіретін дәрежеге жетті. Тың игеру барысында Қазақстанда
көптеген жаңа қалалар бой көтерді. Өнеркәсіп орындары көптеп салынды. Жаңа
темір жол, тас жол желілері тартылды. Тың игеру республиканың экономикалық
күш-қуатын бұрын-соңды болып көрмеген дәрежеге ілгерілетті.

2. Тың эпопеясының көлеңкелі тұстары

Биыл Тың игерудің басталғанына жарты ғасырдан асты. Тың қилы-қилы
тағдырлар туралы эпопея. Қазақстанның Халық жазушысы, Парламент Мәжілісінің
депутаты Шерхан МҰРТАЗА осы мәселеге қатысты өз пікірін ортаға салады. -
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осыдан бір ай бұрын Қазақстан халықтары
ассамблеясының Х сессиясында сөйлеген сөзінде ақпан айында Тың игерудің 50
жылдығы мерекеленетінін жариялады. Президентіміз атап өткендей, бұдан жарты
ғасыр бұрын тыңның игерілуі Қазақстанда ауыл шаруашылығы өндірісін
дамытудағы серпінді ұмтылыс болды. Ол рас. Қаншама жаңа қоныстар бой
көтерді. Еліміз мол астық өндіретін өңірге айналды. Жолдар салынды. Көлік
қатынасы пен байланыс жүйесі жасалынды. Біртұтас экономикалық-әлеуметтік
құрылым түзілді. Халықтың әл-ауқаты артты. Бүгіндері Қазақстан әлемдік
экспортқа мұнайын ғана емес, астығын да шығарып отырған болса, оның негізі
сонау тың игеру жылдарында қаланған. Қазіргі елордамыз - Астана қаласының
да сол тың игеру кіндігі болған жерде сән-салтанатпен бой түзеп тұрғанының
өзі, бір мәртебе.
Тың және тыңайған жерлердің 50 жылдық мерекесі биыл Қазақстандағы
Ресей жылымен тұспа-тұс тойланатын болып отыр. Ресей үлкен көрші. Оның
қазіргі басшыларының ниеті түзу. Бұрын аға деуші едік. Енді терезесі тең
әріптеспіз. Құдай осылай көрші етіп жаратты. Көршіңмен қақтығыспай-
соқтығыспай тату-тәтті тұрған жақсы. Мерекеде Ресейден де қонақтар келетіні
анық. Талай тыңгерлердің марапатталатыны, кеше ғана шыққан үр жаңа Тыңға –
50 жыл медалі үлестірілетіні даусыз. Құтты болсын, дейміз.
Елбасымыз сол Қазақстан халықтары ассамблеясының сессиясында тың игеру
жылдарында экологиялық және экономикалық сипаттағы қателіктер де аз болған
жоқ, ұлттық мәселелерде бірқатар асыра сілтеулерге жол берілді, деп
жасырмай атап өтті. Мен де бүгін мәселенің осы жағын айтсам деймін. 50
жылдық мереке кезінде тың туралы талай мадақ сөздер айтылар. Жақсымызды
ешкім тартып алмайды. Дегенмен, бұл науқанның болашаққа сабақ болатын кей
тұстарын, кеткен кемшіліктерді де бүгіп қалуға болмайды. Айту абзал.
Мына қызықты қараңыз. Тыңның игерілуі, тың эпопеясы тақырыбында
қаншама кинофильмдер түсірілді. Кітаптар, публицистикалық мақалалар, ғылыми
еңбектер жазылды. Бірақ солардың барлығы қазір қарасаң жоқ. Ешкімнің есінде
қалмады. Өйткені, ол халықтың миына сіңімсіз, жүрегіне қонымсыздау болды.
Халық оны толығымен қабылдамады. Шын көңілмен қабылдамаған нәрсе - баянсыз.

Тың игерудің өзіне әр қырынан келуге болады. Мен көзіммен көргенімді
айтайын. Тың игерудің өзі 1954 жылдың қысында басталды. Никита Хрущевтің
дәурені жүріп тұрған кез. Бұл соның көтерген мәселесі. Қазақстанда, Сібірде
тың жер көп, соны игеру керек деген бастаманы сол қозғады.
Әлі қар жауып, боран соғып тұрған кезде Ресей, Украина, Белоруссиядан
тыңгерлер ағылып келіп жатты. Ол жөнінде шыққан ән де бар. Келуін келді.
Тыңды игере бастады. Өмірі түрен тимеген ту жердің тас-талқаны шығып
қопарылды.
Тыңның басталуы дұрыс қой. Халыққа астық керек, нан керек. Бірақ тың
жерлер - Арқа жері шын мәнінде ғасырлар бойы дәстүрлі мал өсіріліп келген
өңір еді. Бұл жерде егін көп салынбаған. Өзен бойларында Балқаштың
жанындағы Тоқырауын бойында тары егілді. Көбіне, тұрғылықты халық мал
шаруашылығымен айналысты.
Тың игеру дұрыс шығар, ал бірақ жаппай қопарып тастау деген қисынсыз.
Баспасөзде шамамен 20-25 миллион гектардай тың жер жыртылды деп жазылып
жүр. Шындығында 30 миллион гектардай жер.
Ол кезде қазақ ауылдары көп. Тыңгерлер ағылып, жөңкіліп состав-
составпен келіп жатты. Жаңа совхоздар шаруашылықтар құрыла бастады. Соның
арқасында ежелгі тұрғындар - қазақтар азшылыққа айналды. Өз атамекенінде 27
пайыздай ғана болып қалды. Ал кей жерлерде одан да азайды. Әсіресе,
Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Қостанай, Ақмола өңірлерінде қазақтар
азшылыққа ұшырады. Қазақ мектептері ондап-жүздеп жабылды. Сөйтіп, соның
салдарынан біз қазақтың әуелі тілінен, әдет-ғұрпынан, салт-дәстүрінен
айырыла бастадық. Ұлт ретінде бет-бейнемізді жоғалта бастадық. Тың көтеру
саясаты бізге осындай жаңалықтар да алып келді.
Кеңес көсемдері аласапыран қылып, Қазақстанды тіптен бөлшектеу
дәрежесіне жеткізбек те болды.
Солтүстік облыстардан Тың өлкесі дегенді құрды. Кейіннен бес облыс
қосылған Тың өлкесі туралы Горбачев та айтты. Ресейге қосып жіберу, немесе
бөлек автономия жасау әрекетін жасағандар болды. Бірақ, әйтеуір Алла жар
болғанда әрекеттері іске аспай қалды.
Осы Ақмола облысының Ерейментау өңірін неміс автономиясы жасамақ
болғандар шықты. Жергілікті халықтың наразылығы арқасында ол ойлары іске
аспай қалды.
Күні кешеге дейін Ачкасов, Супрунюк дегендер жерімізге көз алартты.
Орыстың көпшілігі әулие тұтатын жазушы Солженицын Қазақстан Ресейдің бір
бөлігі деп аузына келгенін айтты. Қызметтен кетер алдында Горбачев те
соған бейімделді. Солтүстіктегі бес облысты Ресейге қосып алғысы келді.
Тың игеру кезінде біздің талай-талай ата-бабаларымыздың мазарларына
дейін қопарылып кетті. Сүйегін қорлады. Жердің құнарлы қабаты желге ұшты.
Жыртылған жерлер біраз уақыт өткен соң егін егуге жарамсыз болып қалды.
Бұрынғы малға жайлы, шұрайлы қоныстың берекесі кетті. Ел әбден әбігерге
салынды. Табиғатқа зор қиянат келді. Халық психологиялық жағынан бұзылды.
Ұлттық салт-санамыздан, әдептілігімізден айырылып қалдық. Ішімпаздық деген
жайлады. Қазір үлкен кеселден енді-енді жазылып келе жатқан жан сияқтымыз.
Тың қазақтарға не берді дегенге келсек. Жаңа үйлер салынды. Ескі
қыстақтар жаңарды. Орысша оқыдық. Бірақ қазақ мектептері жабылды.
Осындай-осындай жағдайлар өтті. Тың көтерудің 50 жылдығы деп
мерекелегелі жатырмыз. Берекесін берсін! Бірақ әлгіндей нәрселерді де
ұмытпауымыз керек.
Біздің қазіргі саясатымыз ел арасындағы тыныштық. Ақылмен, сабырмен
елімізде тыныштық сақтау. Осының бәрі біздің халқымыздың игілігіне
болашағына үлкен сабақ, тіреу ғой деп ойлаймын.
Енді-енді бір кездегі сол тың жерлерге оңтүстік жақтан, шетелден келіп
қоныстанып жатқан ағайындарымыз бар. Оралмандарымыз келіп орталарымызға
орналасып жатыр. Мен осыдан үлкен үміт күтемін.
Біз Тыңның 50 жылдығын тойладық. Бірақ әлгіндей зардаптарды еске
алмасақ, шындықты айтпасақ обал болады. Оны айту керек. Тың игеруге қатысты
асыра сілтеудің зардабын әлі күнге дейін сезіп келе жатырмыз. Бір ғана
жағы, халқымыз азшылыққа айналған кезінде өзінің ана тілінен жеру басталған
еді, соның тақсіреті әлі күнге тарамай отыр. Отар ұлттың именшектігі,
намыссыздығы санамызды билеп алған екен. Бері қарауымыз тым ұзаққа созылып
кетті. Ана тілін аяқасты ететін ұрпақ қатары көбеймесе, азаяр емес. Қазақ
ұлтының басына үлкен зардап түскенін осының өзінен-ақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1939-1959 жылдар)
Кеңестік дәуірдегі жоспарлы көші-қон
Тың игерудің салдары
Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы
КЕҢЕСТІК ДӘУІРДЕГІ ЖОСПАРЛЫ МИГРАЦИЯЛАР
Тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны
ТЫҢ ИГЕРУ САЯСАТЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЫ
Қазақстан ауыл-село тұрғындарының этнодемографиялық және әлеуметтік дамуы (1939 – 1979 жылдар)
ҚАЗАҚСТАНДА ТҰРАТЫН ӨЗГЕ ҰЛТТАР МЕН ЭТНОСТЫҚ ТОПТАР
Халықтарды Қазақстанға күштеп қоныс аудару
Пәндер