Шыңғыс хан жасақтары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 2
1. Шыңғыс хан жасақтары 3
ҚОРЫТЫНДЫ 9
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР TI3IMІ 10

КІРІСПЕ

Қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасу, дербес мемлекет құру тарихында
Шыңғыс хан мен оның үрім-бұтағы билеген мемлекет үлкен рөл атқарған. Түркі-
монғолдар жауларын санмен емес, сапамен жеңді. Өйткені оларда мықты тәртіп,
ғажайып ұйымдастырушылық қасиет болды. Оған Шыңғыс ханның саяси қызметі мен
қолбасылық қабілетінің ерекше жоғарылығы қосылды. Ол орнатқан жүйе мен
тәртіп далалық өркениетті әрі қарай жетілдірді. Кейіннен бұл жүйе мен
тәртіп басқа халықтарда жалғасын тауып, атап айтқанда, қазақтарда XIX
ғасырға дейін, яғни олар өздерінің көшпендлік қалпын жоғалта бастаған кезге
дейін сақталды.
Монғол шапқыншылығынан кейін тұңғыш рет Шығыс Дешті-Қыпшақтың,
Түркістанның, Жетісудың түркі тайпалары бір мемлекетке
біріктіріліп, алдымен қазақ хандығының, кейіннен қазақ ұлтының шығуына,
яғни қалыптасуына жағдай жасалынды[1]. Сөйтіп Шыңғыс хан империясы
құрылғаннан кейін, көп ұзамай қазақ халқының этникалық территориясы
қалыптаса бастады. Қыпшақ сахарасының халықтары ертеректе мемлекет құрған
түркі текті арғын, найман, керей, жалайыр, маңғыт, онғұт т.б. тайпалармен
қосылып, көп этностық "қайнаған қазанда" екі жүз жыл ішінде қазақ этносы
болып қалыптасты[2]. XIV—XV ғасырларда түркі-монғол этносы бөлшектеніп,
бірнеше ұлттық мемлекеттер пайда болды. Мағжан ақын айтқандай, қазақтар
"қара шаңырақтың" иесі болып қалды.
Алтын Орданың құрамында болған ұлыс Ақ Орда, шын мәнінде, қазақ
мемлекеті болды. Өйткені негізін Жошы қалаған бұл ұлыс Сырдариядан Алтайға,
Оңтүстік Оралдан Жетісуға дейінгі қазіргі қазақ даласын алып жатты[3].
Екіншіден, бұл даланы ерте кезден-ақ түркі тілді тайпалар жайлады. Олар
монғол шапқыншылығынан кейін қосылған тайпаларды бойына сіңіріп, қазақтың
этникалық құрамын қалыптастырды.
Сондықтан Отанымыз тарихындағы осы бір кезеңді зерттеуге жаңаша
көзқарас туғызып, оған дейінгі қалыптасқан кері пікірлерден оны тазарту
керек. Ол үшін XII—XIII ғасырларда өмір сүрген түркі-монғол тайпаларының
саяси-әлеуметтік, экономикалық даму ерекшеліктерін, әдепті-құқықтық
жүйелерін оның негіздерімен тікелей байланыстыра отырьш зерттеу қажет. Бұл
сол дәуірдегі әлеуметтік-экономикалық қатынастарды, әскери-құқықтық жүйені
асыра дәріптеу емес, керісінше сол замандағы мемлекеттік құрылымға сай
тұрғандығын дәлелдеу. Сондықтан осы курстық жұмыста Шыңғыс хан негізін
қалаған және оның әулеті ұзақ уақыт билікті әрі қарай жалғастырған түркі-
монғол мемлекетін жан-жақты зерттеп, ғылми тұрғыдан өз көзқарасымызды
білдіре отырып оның шығарған Ұлы жасақтарын оқып білуді жөн көрдік.
1. Шыңғыс хан жасақтары

Біртұтас монгол мемлекетін құрғаннан кейін Шыңғыс хан екі нәрсеге
назар аударды: а) мемлекеттің ішкі құрылымын жетілдіру; ә) әскер құрылымы
мен соғыс жүргізу тәсілдерін жетілдіру.
Шыңғыс хан мемлекетінде хандық, билік, жарлық шығару және әскерді
басқару қүқықтарына ие болды. Хан өзге мемлекеттермен соғыс жүргізумен
қатар соғыс пен бейбітшілікті жариялап, бітімге келіп отырды. Ол негізінен
төмендегідей бес функцияны атқарды:
Хан мемлекет басшысы және жоғарғы бас қолбасшы ретінде астындағыларға
жеке билік жүргізді, оның негізгі қызметі мен міндеті елді сыртқы жаулардан
қорғау болды.
Хан бас қолбасшы ретінде соғыс ашу және бейбіт бітімге келуге құқылы
болды.
Мемлекеттің сыртқы саясатын жалғыз өзі белгіледі.
Жоғарғы сот қызметін де атқарып, бағыныштыларды өлтіруге не тірі
қалдыруға құқылы болды.
Мемлекеттегі тәртіп пен өмір сүріп отырған қоғамдық салт-дәстүрлерді
сақтау үшін қол астындағы барлық азаматтарға міндетті бұйрықтар мен заң
шығаруға құқылы болды.
Хандық, билік негізінен мұрагерлік жолмен жүзеге асып, хан өлсе орнына
баласы, ер жеткен баласы болмаса аға-інілерінің бірі отырды. Мүрагердің
таққа отыруы басқа ханзадалар мен ру-тайпа көсемдерінің жиналысы құрылтайда
сайланудан өтуге міндетті болды.
XII—ХШ ғасырлар, жалпы орта ғасырлар — қай жағынан жау келіп қалады
деп отырған жаугершілік заманы болды. Үнемі шапқыншылықтардан көз
ашпағаннан кейін, түркі-монғолдар ертедегі сак-скиф, ғұн, түркілер
заманындағы секілді "әскери-демократиялық қоғамда" өмір сүрді. Яғни ірі
әскери мәселелерге және жорықтар еркек кіндік түгел қатыстырылды. Дала
тұрғындары негізінен қарулы адамдар тобынан тұрды. Қару асынып жүру бейбіт
өмірде де дәстүрге айналды. Аңға шықсын немесе көңіл көтеруге жиналсын ер
азаматтар әрқашан садақ, жебе, қанжар асынып жүрді. Бірде-бір түркі-монғол
халық жиналған жерге қарусыз келмеді. Қарусыз келген адамға орын берілмеді
және ол сайлауға дауыс бере алмады. Шыңғыс хан империясы мен оның
әскерлерінің құрылуы бір-бірінен ажырағысыз процестер, өйткені әскер
мемлекет құру барысында қажеттілік үшін қалыптасса, мемлекет қалыптасқан
әскердің арқасында нығайып отырды. Шыңғыс хан мемлекеті көшпелі және
отырықшы қоғамның әрекеттестігі нәтижесінде ары қарай нығайды. Бұл жерде
әңгіме олар мемлекеттікті отырықшы халықтардан алды деген сөз емес,
керісінше түркі-монғолдар өздерінің өзіндік әскери саяси жүйесін құрды.
Көптеген зерттеушілер орта ғасырлардағы қоғамдық қатынастарды талдай
келе көшпелі хандарда нақты билік, тұрақты салық жүйесі болған емес деп
көрсеткілері келеді. Ал іс жүзінде еуропалық мемлекеттермен салыстырғанда
көшпелі қоғамның көптеген өзіндік ерекшеліктері болды. Еркін жүрген дала
халқының территориясы жаугершілік заманда үнемі өзгерістерге ұшырап отырды.
Хан билігінің қуаты мен мықтылығы беделі, заман мүддесіне сай болды.
Монғол ақсүйектерінің ішінен Шыңғыс ханның асыранды баласы Шигихутуг
оқу-білімге ерекше қабілеттілік көрсетті. Сондықтан хаған оны сот ісін
басқарушы етіп тағайындап, оған былайша кеңес берді: "Мен қазір барлық
халықтың үстінен қараған кезде, сен менің көзім мен құлағым бол. Саған
қарсы сөз айтуға ешкімнің құқы жоқ. Ұрылар мен өтірікшілерді соттап
жазалауды саған тапсырамын. Кінәсі барлардың барлығын халықтың атынан
жазала, кім өлім жазасына лайықты болса, өлімге кес. Шешіміңді басқалар
өзгертпеу үшін қара сиямен жазып отыр"[4]. Шыңғыс ханның бұл тағайындауы
дұрыс болып, Шигухутуг сот істерін дәл орындап, тіпті кейбір мәселелерде
үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтқанда, ол қорқып тұрып куә болған
адамдардың куәлігін қабылдамай тастап отырды.
Түркі-монғол тайпаларының ежелден келе жатқан заңдар жинағы, әдет-
ғұрыптары, салттары сұрыпталып, бір жүйеге келтіріліп, хатқа түсірілді. Ол
"Үлкен жасақ" деп аталып, екі бөлімнен тұрды:
1) Билік — Шыңғыс ханның ойлары мен берген бұйрықтары, қабылдаған
шешімдері т.б. нақты іс-әрекеті.
2) Жасақ — әскери және азаматтық заңдар мен оны орындамағандар үшін
қолданылатын жазалау түрлері.
Бұл заңдар Шыңғыс хан ұрпақтары үшін бұзылмайтын қағида болып табылды
және үнемі бұлжытпай орындалып отырды. Көптеген зерттеушілер бұл заңдар
1206 жылы өткен құрылтайда қабылданған деп есептейді әрі бұл жинақ түркі-
монғол тайпаларының болашақ даму процесінде үлкен тарихи рөл атқарған деп
көрсетеді. Атап айтқанда, И.Я.Коростовец: "Жинақта барлық дінге бірдей
көзқарас ұсталынды. Шіркеулерге, дін иелеріне, үлкендерге құрмет көрсету,
қайыршыларға қайырымдылық жасау жөнінде айтылады. Онда әр монғолдың
отбасылық және жеке өмірі тұтастай қамтылады. Жасақ заңы бойынша мынадай
қылмыс жасағандар өлім жазасына кесіледі: шайқас кезінде көре тұра көмек
бермеу, қолбасының келісімінсіз өз шебінен шегініп кету, қатардағы
жауынгерлердің өз қызметіне немқұрайды қарауы, қолға түскен құлдар мен
тұтқындарды иесіне қайтармау, кісі өлтіру, ұрлық істеу, жалған куәлік беру,
жала жабу, сатқындық жасау, кісіні жасырын аңду, дауласқан екі адамның
біріне әдейі көмек көрсету т.с.с", — деп баға береді[5].
Бұл заңдарды монғолдардың бұлжытпай орындайтындықтары жөнінде
батысеуропалық саяхатшылар таңдана жазады. Мысалы, П.Карпини: "Монғолдар
арасында дау, төбелес, кісі өлтіру сияқты оқиғалар болмайды. Өзара
келіспеушіліктері өте сирек. Әйелдері еш уақытта ерлеріне қарсы шықпайды.
Ұрлық жасау, кісі тонау сияқты оқиғалар монғолдар арасында еш уақытта
кездеспейді", — деп жазады[6]. Мұны хан ордасында болған қытай генералы Мэн-
хун де растайды. Ал араб тарихшысы Ибн Батута: "Монғолдар арасында ұрлыққа
қарсы заңның қаталдығынан ат ұрлығы мүлдем жоқ", — деп жазды[7]. 89, 489
Жасақ заңы билеушіден бастап қатардағы шаруаға дейін орындалуға
міндетті болып есептелінеді. Кейіннен көршілес отырықшы халықтар
бағындырылып, бірте-бірте жартылай отырықшы мемлекетке айналған кезде де
бұл заң сол күйі күшінде қалды.
Монғол билеушілері бағынған отырықшы елдердің ішкі істеріне көп
араласқан жоқ. Алдын ала сотталмай тұрып, бірде-бір адам өлім жазасына
кесілген емес. Салық жинау белгілі бір жүйе бойынша атқарылды. Мемлекеттік
қызметтерде, почта жүйесінде, әкімшілік істерде үнемі реформалар жасалынып,
жетілдіріліп отырды. Басып алынған кейбір аймақтарда сол жергілікті
халықтың өкілі басшылық қызметке тағайындалды. Мысалы, Солтүстік Қытай
бағындырылғаннан кейін монғолдар бұл өлкені жергілікті қытай чиновниктері
басқарған 10 провинцияға бөлді.
Шыңғыс хан әскери құрылымды жетілдіруге үнемі баса назар аударып
отырды. Ол өмір бойы үздіксіз жүргізген соғыстардан орасан зор әскери
тәжірибе жинақтаған талантты қолбасшы әрі ұйымдастырушы болды. Көршілес
дамыған елдердің соғыс өнерін, әсіресе ғылыми-техникалық жетістіктерін өз
әскери құрылымына тиімді түрде енгізді. Ең алдымен, өзінің жеке гвардиясын
құруға үлкен мән берді. Өзін қорғайтын жасақты кешіктер деп атады. Бұл
жөнінде Б.Я.Владимирцев мынадай мәліметтер келтіреді: "Шыңғыс хан, ең
алдымен, өте сенімді өз адамдарынан тұратын жеке гвардия кешік құруға үлкен
мән берді. Осыдан кейін осы тандамалы әскердің ішінен өзі тандап жүріп ең
тандаулыларына басшы қызметтер ұсынды. Қабілеттеріне қарай оларға әртүрлі
тапсырмалар беріп, қолбасшы ретінде өзі тәрбиелеп шығарды"[8].
Барлық гвардияшылар кешіктер ақсүйектер әулетінен шығуы тиіс болды.
"Көк тәңірі мені барлық халықтардың билеушісі етіп қойған кезде менің
тікелей күзетімдегі кешіктерге жүздіктерден бір, мындықтардан он адам алуға
бұйрық берді. Бұлар менің ерекше назарымда болатын адамдар. Ақсүйектердің
балаларының ішіндегі ең алғыр, мықты, ептілері болуы тиіс. Егер мыңбасылар
немесе жүзбасылар мұндай адамдарды жіберуге бөгет жасаса, дереу
жазаланады"[9].
Бұл аристократиялық жасақтың басқа әскери бөлімдерден көптеген
артықшылықтары болды. "Менің өз кешіктерім, — деген Шыңғыс хан, —
мыңбасылардан жоғары тұрады. Ал менің үй қызметіндегілер жүзбасылар мен
онбасылардан жоғары. Егер мыңбасы өзін күзеттегі кешікпен тең санап, оған
бағынбай, төбелесетін болса, дереу жазалануы тиіс"[10]. Кешіктердің
барлығын Шыңғыс хан өзі тікелей бақылап отырды. "Күзетті басқарушы менің
рұқсатымсыз өз бетімен ешкімді жазалауға құқы жоқ. Егер кешіктердің бірі
тәртіп бұзған жағдайда ол алдымен маған сол оқиға жөнінде алдын-ала
ескертуі қажет, содан соң кімнің басын алу, кімге дүре соғу сияқты жазалар
белгіленеді"[11].
Әскердің ішінен ерекше таңдап алынған Шыңғыс ханның өзін күзететін
"баһадүрлер мыңдығы" ерекше жағдайда болмаса, шайқасқа қатыстырылмады.
Үнемі бейбіт уақытта да тікелей хан күзетінде болды. Сөйтіп дала
ақсүйектерінен өзінің гвардиясын іріктеп алғаннан кейін Шыңғыс хан қалған
әскерге де тәртіп орнатты. Әскерге қызмет ету мен әскер басылардың
міндеттері заңдастырылды. Түркі-монғолдарда ерте заманнан келе жатқан әскер
басқарудың ондық жүйесі ондық, жүздік, мыңдық бар болатын.
Монгол армиясында қызметі жағынан қазіргі бас штабқа ұқсайтын "Юрт-жи"
деп аталатын мекеме болды. Оның негізгі міндеттері: соғыс және бейбіт
уақытта қарсылас жаққа барлау ұйымдастыру, жазғы жайлау мен қысқы қыстауды
анықтау, жорық кезінде әскердің жүріс-тұрысын қадағалап, жоғарғы қолбасылар
мен жауынгерлерге арналған арнайы лагерьлер ұйымдастыру, т.б. болды. Бұған
қосымша олар отырықшы халықтардың жерінен өткен кезде әскердің олардың
егінін таптамай, ауаша қоныстануын қамтамасыз етті.
Армияның тылындағы тәртіпті қамтамасыз ету үшін ерекше жасақ құрылып,
қазіргі ішкі істер әскерлерінің міндетін атқарды. Әскерде шаруашылық
мәселесімен айналысатын арнайы бөлімдер болды. Әскерді жасақтау кезінде
түріктердің аймақтық және рулық күрылымы басшылыққа алынды. Әрбір тайпа мен
рудың көшіп-қонатын жайлауы мен қыстауы белгіленді. Әрбір рудан ондық,
жүздік бөлімдер, ал ірі рулардан мындық бөлімдер жасақталды. Жорық кезінде
әрбір онбасы немесе жүзбасы өзінің қарауындағыларды жорыққа қажетті азық-
түлікпен, т.б. қажетті заттармен қамтамасыз етуге міндетті болды. Ал аймақ
билеушілері жорық алдында мыңбасылардың орынбасарларына айналып, тәртіптің
сақталуын қадағалады.
Әскер құру кезінде ұсақ рулар мен тайпалардың бірнешеулері
біріктіріліп отырды. Ал керісінше ірілері бірнеше топқа бөлінді. Ең ірі
әскери бөлім түмен — 10 мың адам өте сирек жағдайда ғана бір тайпадан
құралатын. Тайпаларды бөлу кей жағдайда олардың арасындағы ауызбіршілікті
жою үшін әдейі ұйымдастырылды. Шыңғыс хан соғыс даласында түскен олжаның
жауынгерлерге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-16 ғғ.)
Xvi ғасыдағы қазақ хандығының саяи әлеуметтік және экономикалық дамуы
Қазақ хандығының этномемлекеттік шекараларының өсуі
Ішкі Қазақ Ордасы (Бөкей Ордасы)
Қазақстан территориясындағы хандықтар
Қазақ халқының қалыптасуы
Қазақ хандығы
Қазақ хандығының мәдениеті
Қасым ханның тұсындағы Қазақ хандығы
Қазақ хандығы жөнінде
Пәндер