Орынбор экспедициясы және Орынбор қаласы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Алматы энергетика және байланыс институты

Электроэнергетика факультеті

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

Қазақстан тарихы

Бақжанат. БЭК-06-07

Тақырыбы: «ХVІІІ ғ. басындағы Ресейдің сыртқы саясатындағы Қазақстан»

(Семестрлік жұмыс №2)

Ғылыми жетекшісі:

Жұмағұлов М.

Алматы 2007

Жоспар

Кіріспе бөлім3

Негізгі бөлім:4

Ресей-қазақ қатынастары4

Патша өкіметінің Ертіс өңірінде бекіністер орнатуымен Қазақстандағы әскери-отаршылдық әрекеттерінің басталуы8

Орынбор экспедициясы және Орынбор қаласы10

Қорытынды14

Қолданылған әдебиеттер16

Кіріспе бөлім

Қазақ халқының тарихындағы жете зерттелмеген тарихи кезеңдердің бірі -ХҮІІІ ғасырдың басы - халқымыздың азаматтық тарихындағы қыры мен сыры көп аса бір ауыр кезең. «Қазақтардың тарихи өміріндегі аса бір маңызды тұс, - егер Левшиннің және Орта Азия тарихын зерттеуге көп еңбек сіңірген ұстазымыз В. В. Бартольдтің жол-жөнекей айтқандарын есепке алмасақ - мүлдем зерттелмеген деуге болады» - деп жазады тарихшы М. Тынышбайұлы «Ақтабан шұбырынды» мақаласында осы кезең туралы. Бұл кезде тұтас бір халықтың тағдыры таразыға салынып, талқыға түскен еді. Ол тау халықтарының тарланбозы Имам Шәміл айтқандай «Үлкен халықтарға үлкен ынсап керек екен. Кіші халықтарға үлкен қанжар керек екен» дегендей заман болатын. Ежелден көрші жатқан қазақ пен жоңғар арасындағы қақтығыстың ішкі басты себебі екі көрші мемлекет Ресей мен Қытайдың, қазақ пен жоңғардың ешқайсысын да күшейткісі келмегендіктен ылғи екеуін бір-біріне айдап салу керек еді. Осындай сын сағаттарда жеке адамдардың рөлі артып, дала демократиясының негізгі иелері - хандар, сұлтандар, батырлар атқа мінуге мәжбүр болады. Сөйтіп Шыңғыс тұқымының ұрпақтары тақ үстінде емес, ат үстінде ұрыс аландарында сынға түседі.

Патша өкіметі Қазақ жері арқылы Орта Азия территориясына ілгерілей жылжуды Қытай, Үнді, Парсы елдерімен және бұрыннан Ресей империясының геостратегиялық аймағына кіретін басқа да Азия мемлекеттерімен сауда-қатынас жолдарына саяси-әкімшілік тұрғыдан бақылауды күшейтуге ұмтылған. Патша өкіметі өзінің Орталық Азиядағы саяси ықпалын кеңейту жоспарын іске асыра отырып жалпыевропалық істерге әсер етудің басты құралы - оңтүстік-шығыс аймақтағы империяның қуаттылығын барынша нығайтуды көздейді.

Негізгі бөлім:

Ресей патшалығы қазақ жеріне біршама ерте уақыттан көз алартқан. «Ресейдің Орталық Азиямен нақты қарым-қатынасының басталған кезеңі белгісіз . . . Алайда орыстардың Солтүстік Азияны жаулауы ХҮІ ғасырдан бастау алады. Осы мерзімнен бастап Ресей патшалығы мен Қазақ хандығының арасында саяси, мемлекетаралық байланыс орнатылады. Алайда патша үкіметінің осы өңірдегі түпкі мақсаты отарлау, қазақ жерін игеру, өзіне қосу еді. Бұл мақсатты олар сол алғашқы кезеңнен-ақ іске асыруға кірісті.

Ресейдің қазақ өлкесін отарлауы мен қоныстандыруын, негізінен, бірнеше кезеңге бөлуге болады.

  1. ХVІ ғасырдың аяғынан ХVІІІ ғасырдың басына дейінгі кезең. Бұл уақыт патша өкіметінің қазақ даласымен танысуымен, зерттеуімен, Қазақ хандығымен саяси-мәлімгерлік қатынас орнатуымен, қазақ өлкесі шекарасын қоршай әскери қоныстар, қамалдар мен қалалар салумен ерекшеленді.
  2. Қазақ елі Ресей империясы құрамына қосылған кезең (ХVІІІ ғасырдың 30-жылдары - ХІХ ғасырдың 60-шы жылдары) . Бұл - қазақ жерін жоспарлы отарлау, әскери қамалдар, өндіріс орындарын салу, әскери қоныстандыру кезеңі.
  3. ХІХ ғасырдың екінші жартысында ХХ ғасырдың басында (1917 жыл) дейінгі кезең. Патша үкіметінің орыс шаруаларын Қазақстанға топ-тобымен жоспарлы, жүйелі қоныстандыру, жергілікті халықты шет аймақтарға күшпен ығыстыру.

Ресей-қазақ қатынастары

І Петрдің шығыстық саясатының қазақтарға бағытталуының қалыптасуы уақыты жағынан орыс қоғамында Ресейдің халықаралық аренадағы тарихи рөлін қайтадан ой елегінен өткізумен және империялық доктринаның ресімделуімен тұтас келді. Оның дүние танымдық негізі еуропалық рационалисттік теориялар арсеналы алынған идеяларды және Мәскеу патшалығының дәстүріне сүйенген Ресей ресми топтарының ортағасырлық идеологиясының эклектикалық құрастырмасы болды.

Империялық санаға Византия мен Рим империясының «мұрагері» Ресейдің басқа халықтардың тағдырына «құдайлық» негізде де, «табиғи құқықпен» де билік ету құқығына сенімділік негіз болды. Ортағасырлық ресми доктринаға толық сәйкес алғанда, мемлекеттің күш-қуаты және билік етуші монархтың даңқы оған бағынышты аумақтың мөлшерімен және бодандардың санымен анықталады, ал соңғыларын алу ұрыс алаңындағы жеңістің не дипломатиялық күрестің күрестің күрделі айла-шарғыларының табиғи нәтижесі болып табылады. Осы түсінікті негізге алған І Петр Астраханда бірсыпыра уақыт болып, «бағы заманнан естіліп келген және сол кезде беймәлім деуге болатын қырғыз-қайсақ ордаларын» Ресей бодандығына келтіру туралы тілек білдіріп, осы жорықта тілмаш міндетін атқарған А. И. Тевкелевке «миллионға дейін жұмсалса да, аса көп шығындарға қарамастан . . . жан-тәнін салуды, түптеп келгенде, бір парақ қағазбен-ақ Ресей империясының қарамағында болуға міндеттенетін болсын» деп ұсынған болатын еді.

Сонымен бірге орыс-қазақ қатынастарының даму серпінділігінің жеделдеуі мен олардың мазмұнының тереңдеуі ол кезеңде Ресейдің стратегиялық мүдделерімен және сыртқы саясатының мақсаттарымен ғана анықталған жоқ, сонымен қатар бүкіл халықаралық қатынастар жүйесінің даму серпінділігімен, аймақаралық географиялық шекаралардың айқындығымен және тұтастығымен, Ресей державасының халықаралық беделі мен еуразиялық дүниедегі халықаралық ықпалының бір факторы ретіндегі оның әскери-саяси құдіреттілігімен, демек, Қазақстанның билеуші топтарындағы солтүстік көршісімен сауда-экономикалық, әскери-стратегиялық және саяси байланыстардың маңызын түсінумен, қазақ қоғамы саяси көшбасшыларының Ресеймен жақындасуының артуымен анықталды.

Қазақстанның көшпелі халқы мен орыс халқының өзара байланысының дамуында тарихи ұзақ уақыт бойы сауда-саттық маңызды орын алды. ХVІІ ғасырдың соңғы ширегі мен ХVІІІ ғасырдың алғашқы үштен бірінде қазақтардың жайық казактарымен, еділ қалмақтарымен және башқұрттармен өзара саяси қатынастарының шиеленісуі, сондай-ақ жоңғарлардың Орта жүз бен Ұлы жүз аумағына әскери басып кіруінің күрт жиілеп кетуі тікелей орыс-қазақ және қазақ даласы арқылы көктеп өтетін Ресей - Орта Азия саудасының дамуына елеулі кедергіге айналды.

ХVІІ ғасырдың аяғы - ХVІІІ ғасырдың басында Ресей мен қазақ жүздері арасындағы дипломатиялық қатынас жандандырыла түсті. Екі тараптың өкілетті өкілдері дүркін-дүркін келіссөздерінің аясындағы талқылау мәселелері: тұтқындар алмасу рәсімі, қазақтар мен Ресей бодандары - қалмақтар, орал және сібір қазақтары және башқұрттар арасындағы әскери жанжалдарды реттеу, сондай-ақ орыс көпестерінің Кіші жүз бен Орта жүздің қазақ халқымен сауда байланыстарын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау болды.

Әбілқайыр ханның 1715 жылғы башқұрттар жеріне жасаған әскери жорықтары мен башқұрттардың жақын жердегі Кіші жүз ауылдарына жауап ретінде басып кіруі қазақ билеушілерінің Қазан губерниясы мен Батыс Сібірдегі орыс шекаралық өкімет орындарымен саяси қарым-қатынастарының жаңғыртылуына тікелей себеп болды. Осыған байланысты 1715 жылдың күзінде «башқұрт және қырғыз-қазақ дауларын тыю және олардың тұтқындар алмасуы туралы» мәселені шешу мүдделерін көздеп, Әбілқайырдың жеке елшісі, Тайқоңыр Құлтабаев батыр Қазанға барып, онда жергілікті губернатор П. С. Салтыковпен келіссөз жүргізді. Келіссөз аяқталмай қалып, үш жыл өткен соң қазақ ханының өз бастамасымен қайта жалғастырылды.

Келесі жылдың қыркүйегінде Тобылға құрамында Бекболат Әшекеев пен Байдәулет Бөриев батырлар бар Қайып ханның елшілігі келді, оларға қазақтардың солтүстіктегі көшпелі көршілерімен шекаралық жанжалдарын реттеп, Сібір губернаторы М. П. Гагаринмен «мәңгілік бітім» жасау, Ресеймен Жоңғарияға қарсы әскери одақ құру туралы келісімге қол жеткізу және «оларға сауда-саттық жолымен Тобылға баруға мүмкіндік беру үшін» Ресейдің жақын жеріндегі рыноктарына қазақ малшыларының кедергісіз баруына кепілдік алу тапсырылған болатын.

Сібір астанасына жаңа қазақ елшілігінің жіберілуі фактісінің өзі мен Тәуке мирасқорының Ресей губернаторына жоңғар қонтайшысы Цеван-Рабтанға қарсы бірлескен соғыс қимылдары туралы ұсыныс жасауы көп жағынан И. Д. Бухгольцтың әскери отрядының Ертіс бойымен ілгерілеуінің нақты мән-жайларымен және оның Ямышев көлі ауданында ойрат әскерлерімен қақтығысуына байланысатын болатын. Қайып ханның айтуына қарағанда, «қонтайшының Ұ. М. И. -ға қарсыласатынын» орыс офицері Маркел Трубниковтан біліпті, ал оны полковник И. Д. Бухгольц 1716 жылғы 1 қаңтарда Ертіс өңірінен жоңғар ханының ордасына жіберген екен, бірақ Ямышев бекінісінен шыға бергенде ойраттар тұтқынға алған да, олардан шекаралық жоңғар қарауылдарына жақын жердегі Іле өзенінің жағасында қазақ жігіттерінің тобы тартып алыпты. Орта Ертіс алабындағы Ресей-Жоңғар әскери жанжалдары туралы өздерінің білетінін көзге растау үшін Бекболат Екешев пен Байдәулет Бөриев М. Трубниковты қазақ ханының ордасынан Тобылға апарған. М. Трубниковта өз кезегінде, губернатор М. П. Гагаринге «өзін бүкіл қазақ ордасының келісімімен жіберілгендігін, ал оған Ұ. М. И. адамдарымен тату болып, қалмақтармен бірлесіп соғысу керек екенін айтқандығын» мәлімдеген.

Қазақ елшілігінің Тобылға келуі және оның жоңғарларға қарсы Ресеймен әскери одақ жасасу туралы ұсынысы Сібір губернаторын 1716 жылғы 16 қазанда Қайып ханға Никита Белоусов бастаған арнаулы жауап елшілігін жіберіп, оған орыс шекаралық өкімет орындарының Орта және Кіші жүз қазақтарымен «тату тұруға» әзір екендігіне сендіруге және «бір кезде өзінің ұлы мәртебелі патшасы қонтайшыға әскер жіберуге құзыры түссе, осы келісімді ескеретінін және сонда оларға ведомость жіберетінін» хабарлауды тапсырады. Ресей елшілері Түркістанға аман-есен жетіп, бір жылдай уақыт бойы Қайып ханның жанында болады. Тобылға қайтып барғаннан кейін 1717 жылғы 26 қыркүйекте Н. Белоусов губернатор Гагаринге қазақ билеушісінің хатын береді, онда хан өзінің «қонтайшысымен соғысу» жөніндегі бұрынғы ниетін қуаттап, сол жылдың жазғы айларында башқұрттар айдап әкеткен көптеген жылқы табындарын қазақтарға қайтарып беру туралы өтініш жасаған еді. Алынған өтінішке қайтарған жауабында Гагарин ханға айдап әкетілген жылқыны табуға және Тобыл қаласында орыс-қазақ айырбас саудасын дамытуға қамқорлық жасауға тырысатынын хабарлады.

Алайда 1717 жылы күзде Әбілқайыр Қазан губерниясының ішкі уездеріне тағы да бір жорық жасады, содан кейін башқұрттар мен сібір казактары шекаралас қазақ ауылдарына жауап ретінде басып кірді. Осы негізде тұтқындар алмасу мен мал жағдайы, сондай-ақ Қазақстанның Ресеймен шекарасындағы әскери-саяси ахуалды ретке келтіру мәселесі қайтадан маңыз алды.

Аталған мәселелерді шешу үшін 1717 жылдың аяғында Қайып және Әбілқайыр хандарға Қазаннан Уфа дворяны Федор Жилин жіберілді, ал 1718 жылдың қаңтарында Тобылдан Түркістанға Борис Брянцев пен Яков Тариштин және тілмаш Қабай Мамеевтен құралған ресей елшілері аттанып, олар қырда 1718 жылдың жазына дейін болды. Ресей елшілерімен кездесулер барысында Әбілқайыр және Қайып хандар «ұлы патша ағзаммен», Ресейдің Қазан және Сібір губернияларындағы оның өкілетті өкілдерімен «мәңгі татулықта және одақтасып» тұруға, орыс көпестерімен сауда байланысын дамытуға және өз бодандарының көршілерінен малды «ұрлап әкетуіне» бірлесіп жол бермеуге мүдделі екендіктерін білдірді.

Патшалық шекаралық әкімшілікпен бейбіт келіссөздердің жаңғыртылуын Қайып пен Әбілхайыр хандар І Петрмен жоңғарларға қарсы әскери-саяси одақ жасау үшін пайдалануға тағы да әрекет жасады және сол мақсатты көздеп, еліне қайтқан ресей елшілерімен бірге Қазан мен Тобылға аталған мәселелерді талқылау үшін өздерінің жеке өкілетті өкілдерін қосып, оларға губернаторлар П. С. Салтыков пен М. П. Гагарин атына өздері хат жазып жіберді. Нақ сол жылдың 10 желтоқсанында қырдан орыс елшісі Федор Жилинді Қазанға жеткізген Тантай Арыстанов және Тоғұныр Құлтабаев батырлардың қазақ елшілігі Қазан губернаторымен жоңғар ханына қарсы ұрыс қимылдарын келісіп отырып жасау проблемасын талқылады.

Алайда Қайып пен Әбілқайырдың хаттарында айтылған бірлесіп жоңғарларға қарсы соғыс жорығын жасау туралы ұсынысты Ресейдің орталық үкіметі мақұлдамады.

Патша өкіметінің Ертіс өңірінде бекіністер орнатуымен Қазақстандағы әскери-отаршылдық әрекеттерінің басталуы

ХVІІІ ғасырдың басында патшалық өкімет орындары мен орыс көпестерінің шығыста қол жеткен шептерін нығайту жөніндегі әрекеттері жаңа күшпен жаңғыртылды, бұл ретте Тара қаласынан Ертіс өзенінің жоғары ағысына дейінгі орасан үлкен қашықтықтың бәрінді өзен бойындағы шеп алдыңғы қатарға шықты.

Шығыс жақтағы отарлау қозғалысының күшеюіне әр түрлі жағдайлар себепші болды. Ресейдің алған иеліктерді қолдан шығармау қажеттігі, Орталық Азия елдерімен өзара сауда байланыстарын орнату елдің табиғи ресурстар, әсіресе алтын жөніндегі өскелең талаптарымен ұштасып, Петербург сарайын стратегиялық маңызды бағытта орналасқан жерлерді иеленуге, ең болмағанда игеруге деген ниетке ынталандырды.

І Петрдің Бухгольцке арнаулы жарлығында былай деп нұсқау берілген: « . . . Тобылға бару және онда аталған губернатордан 1500 әскери адам алып, солармен Ямышев көліне беру . . . - қала жасап, аталған адамдармен жаңадан салынған бекініс пен оның маңайына орналастыратын жерге жету, мүмкін болған жерге қыстап шығатындай етіп орналастыру керек, сөйтіп сол адамдарды келесі көктемде жинап алып, Ямышевке, Еркетіге барасыңдар . . . сондай-ақ кейбір жерлерде, атап айтқанда өзендер маңында . . . бекіністер жасау керек . . . шведтер арасынан минералдарды білетін бірнеше адам табу керек». Түрлі редакцияларда талай рет жарияланған патша жарлығы мәтінінің бастапқы, негізгі нұсқасы осындай болған. Ертіс өңірінің шебі шын мәнінде сол бойынша жасала бастап, оны салу 1714 жылдан 1720 жылға дейін созылды.

Өлкені отарлау, оның қыруар байлықтарын игеру міндеттері, керуен саудасын жүргізу мен содан кейін оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жаңа аудандарды Ресейге бекітіп алу жаңа бекіністер мен тірек нүктелерін салған үстіне салып, көшпелі ортамен үнемі қатынас жасауды мейлінше керек етті. Бұл әскери-инженерлік құрылыстардың басты мақсаты оңтүстік-шығыс шекараны, демек, Ресей державасының сыртқы ықпал ету аймағын да кеңейту болып табылды.

М. Гагарин дала өңірінде жаңа әскери экспедицияларды бірінен кейіе бірін жабдықтап, аттандырып жатты. Ф. Матигоров Ямышевск бекінісін қалпына келтіріп, кеңейте түсті, ол Ертіс бойымен жаңа отрядтардың одан әрі жылжуы үшін тірек пунктке айналды.

1717 жылы жазда П. Северскийдің отряды - Железинск, В. Чередовтың отряды - Колбасин бекіністерін салды, олар көп кешікпей тұрғындардың жеткіліксіздігі салдарынан қаңырап қалды. Чередов одан әрі жүріп, жаңа бекініс - Семипалат бекінісін салатын жерді таңдап алды. 1720 жылы Лихарев Өскемен бекінісін салады. Нақ сол жылы Ресей тағы да бірнеше бекініс - Черноморецк, Черноярск, Верблюжеск, Осморыжск, Убинск, Семиярск форттарын салып, үш әскери-саяси шеп - Сібір, Ертіс және Колыван шептері үшін шептері үшін негіз қалады.

Абакан острогімен (1707), Бикатун бекінісімен (1709) қатар, жақсы машықтандырылған горнизондары, зеңбіректері көп, стратегиялық жағынан орналасқан жері қолайлы бұл бекіністер жергілікті тұрғындарды құнарсыз жерлерге ығыстырып, Обь-Ертіс өзендерінің аралығын Ресей иелігіне бекітуді, өзін казак қоныстары арқылы қауіпсіздендіріп, отарлау тірегіне айналдыруды қамтамасыз етті. Әлбетте, бұл орайда патша өкіметі «Қырғыз-қайсақ даласын» Ресейдің саяси мүдделері аясында ұстауға ұмтылып, қазақтардың Жоңғар хандығына бағынуына жол бермеуге зор мән берді.

Орынбор экспедициясы және Орынбор қаласы

ХҮІІІ ғасырдың 30-жылдарында Кіші жүз қазақтары Ресейге қосылғаннан кейін оның патшасы Анна Ивановна өзінің қол астына көшкен жаңа жерлерді игеру, халқын бағындыру үшін қасындағы кеңесшілерімен бірге дереу мемлекеттік шаралар жасауға кіріседі. Сондай шаралардың бірі ретінде 1734 жылы мамыр айының 18-күні арнаулы нұсқау шығарылып, экспедиция ұйымдастыру белгіленді. Аталмыш нұсқау жалпы 41 тармақтан тұрады. Соның 14-тармағында « . . . экспедиция құрамында жерді, өзен-суды қағазға жақсы түсіре алатын әскери маман болу керек, бұл жұмыстар жергілікті адамдарға сездіртпей, халықтың ашу-ызасын келтіріп алмай, өте сақ жасырын жүргізілуі тиіс», - делінген. Ал 34-тармағында «экспедиция мүшелерін қорғау үшін Жайық және Сакмар казактарынан арнаулы отряд құрып, экспедицияның жүретін жолдарын, бекіністер салуға қолайлы жерлерді белгілеп отыру» жүктелген. Нұсқауда сонымен қатар қазақ жері арқылы Орта Азия халықтарымен сауда қатынасын жасау көзделген. Сол мақсатпен де Ор өзенінің Арал теңізіне құяр сағасына да қала тұрғызып, теңіз арқылы сауда жолын жалғастыру мәселесі алға қойылды.

Жоспарланған экспедиция сол 1734 жылы ұйымдастырылды. Орыс тарихында бұл «белгісіз экспедиция» деп аталып, жасырын дайындалған болатын. Экспедиция бастығы И. К. Кириллов, оның көмекшісі Сыртқы істер коллегиясының тілмашы А. И. Тевкелев тағайындалды. Экспедиция құрамында әр түрлі мамандықтағы 200-дей адам болған. Олар патша нұсқауын басшылыққа алып, маусымның 15-күні Петербургтен шығып, 1735 жылы тамыздың 15-күні белгіленген жерге жетеді. Көп ұзамай Орынбор қаласының негізін қалау рәсімі болады. Оған Әбілқайыр ханның баласы Ералы, інісі Нияз және басқа да қазақ сұлтандары қатысқан. 1735-1740 жылдар арасында салынған Орынбор қаласы Кіші және Орта жүз қазақтарын отарлық-әкімшілік басқару саясатының орталығына айналды.

И. К. Кириллов басқарған Орынбор экспедициясының жүзеге асыра алмаған жұмысының бірі - Сырдың Аралға құятын сағасына портты қала сала алмауы еді. Бірақ Орынбор экспедициясы Ресей империясының отарлық саясатын Кіші жүз жерінде біртіндеп жүргізуіне жол ашып берген-ді.

1737 жылы сәуір айының 14-күні Орынбор экспедициясының бастығы И. К. Кириллов қайтыс болған соң, патша жарлығымен 1737 жылы мамыр айының 10-күні Орынбор экспедициясы Орынбор комиссиясы болып қайта құрылады, комиссия бастығына орыс ғалымы В. Н. Татищев тағайындалады.

В. Н. Татищевтің алдында қойылған негізгі міндет, И. К. Кирилловтың бастаған ісін жалғастыру. Жаңа бастық алдымен Орынбор арқылы керуен саудасын дамытуды қолға алып, 1738 жылы қаланың Жайық өзені жағасынан айырбас-сауда базарын салады. Кейіннен Татищев Ор жағасында салынған қаланың өте қолайлы екенін дәлелдеп, 1739 жылы қаланың орнын ауыстыру туралы патшаға ұсыныс жасайды. Бірақ патша оны қолдамайды.

Татищев Кіші жүз қазақтарын бағындыру ісін жалғастыруға міндетті-тін. Оны жүзеге асыру үшін 1738 жылы Орынбор қаласында съезд шақырылады, оның жұмысына қазақтың шонжарлары мен Әбілқайыр хан қатысады. Кіші жүз ханы Әбілқайырдың шақырылуының себебі, сол кезде жүріп жатқан башқұрт халқының көтерілісін Әбілқайыр қолдап кете ме деген қауіп бар тұғын. Осы съезде Әбілқайыр Ресей патшасына екінші рет ант береді. Орта жүзден антқа Сәмеке хан қол қояды. Орынбор съезіне Орта жүз сұлтандары Абылай мен Әбілмәмбет келмейді. Сөйтіп, Орынбор съезі арқылы Ресей патшасы өзінің шығыстағы саясатын нығайтып, Кіші жүз ханына деген сенімін арттырады. Ал Орта жүз сұлтандарының съезге келмеуі, олардың Ресейге деген көзқарасының басқаша екенін көрсеткен.

1739 жылы Орынбор комиссиясының бастығы болып князь В. А. Урусов тағайындалады. Патшаның мынадай жарлығы шығады: 1. Орынбор қаласын Красная гора елді мекеніне көшіріп, ал Ор өзені сағасының жанынан тұрғызылған қаланы Ор қамалы деп атау; 2. Жайық, Тобыл өзендерінің жағасынан жаңадан әскери бекіністер салу; 3. Жаңадан салынған Орынбор қаласына Қазан губерниясынан саудагерлер әкелу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта Азия аймағына жүргізген орыс саяхатшыларының зерттеулері
ХVІІІ ғ. басындағы Ресейдің сыртқы саясатындағы қазақстан
Батыс Қазақстан сарматтарының зерттелу тарихы
Қазақстанның Ресейге еркімен қосылуының алғашқы кезеңдегі шолып – барлау мақсатындағы зерттеулер(1731-1819)
Қазақстанның Ресейге қосылуының алғашқы кезеңдегі зерттеулері
Қазақстан территориясын табиғи. географиялық зерттеу
Отарлау саясаты кезіндегі ұлттық қозғалыс
Кирилов Әбілқайыр ханның кепілгер тұтқындары
Қазақстанды Ресейге қосып алудың басталуы. (ХҮІІІ ғ. 30-40 жж. )
Қазақ жері туралы ерте географиялық мәліметтер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz