Қазақстан азамат соғысы қарсаңында


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАРЫ

Кіріспе2

1. Қазақстан азамат соғысы қарсаңында4

2. Қазақстандағы азамат соғысы6

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі9

Кіріспе

Бірінші дүниежүзілік соғыс та қазақ халқына аса ауыр азап әкеледі. Өйткені, жергілікті халықтан жиналатын алым-салық үш-төрт есе өсті. Аса бағалы тағам бидайдың пұты қырық сомға дейін қымбаттады. Соғысып жатқан әскерді азық-түлікпен, жылы киіммен қамтамасыз ету мақсатымен қазақ елінен мыңдаған бас қой, ірі қара, таңдаулы ат алынды, аяқ киім жиналды, киіз үй әкетілді. Мұнша мал-мүлік езгімен жаншылған жергілікті халықтың өзіне де қажет етеді. Енді ол аз дегендей 1916 жылғы 25 маусымда патша бодан халықтары майдан мен ішкі аудандарға қара жұмысқа шақыру жөнінде жарлық шығарды. Орыстар өлімге ұшырағанда неге бұлар сыртта қалады деген пиғылмен мұсылман халықтарының 19 бен 31 аралығындағы жігіттерін майдан шебіндегі окоп пен траншеяларды қазуға және тылда жолдар салуға, басқа да қара жұмысқа жегуге ұйғарды. Майданға миллиондаған қазақ, өзбек, қырғыз т. б. ұлттардың жастарын қаруландырмай, соғыс әдістеріне үйретпей аттандыру, оларды тірідей өлімге айдаумен бірдей еді. Бұл отаршылдардың бодан халықтардың санын азайта берудегі айда-шарғысының бір шырғалаңы болатын. Оған қоса, Ресей өзіне қарсы соғысып жатқан Түркияға мұсылман халықтарын қарсы қойып, оларды өзара қырқыстыру қиямпырыстығын да ойластырды.

Патша жарлығына сай ең әуелі соғыс барысында қираған әскери бекіністер мен қорғаныс қамалдарын қалпына келтіруге 391065 жігіт жіберілуі тиіс болды. Бұған барлық жерде бұқара наразылық білдіріп, ереуілге шығады. Кісі жібермеу антына қол қояды. Ежелгі жаумен белдесуге шыққан елдің бірі Жетісу жұрты болды. Столыпин реформасының әлегінен ата-баба қонысынан айрылып, қанаты қайырылған Жетісу сол 1916 жылдың жаз айларында ұлт-азаттық қозғалыстың туын тікті. Олар қарсылық қозғалысына қол жинап жатқанда қазақтардың ата қонысына орналасқан қара шекпенді мұжықтарды отарлау әкімшілігі қаруландырып үлгерді. Теміржол торабы арқылы Жетісуға бүкіл Түркістан өлкесіне жазалаушылар қосыны келіп жетті. Ойдым-ойдым көтеріліске шыққан халықты патша жазалаушы қосындары қанға бөктірді. Көтерілісті бастаушылар Жәмеңке мен Ұзақ аяусыз жазаланды. Ал абақтыдан қашуға әрекет жасады айыбымен 59 адам атып өлтірілді. Қырғын хабарын естіген бес мың қарқаралықтар тамыздың ортасында жендеттермен шайқасып, жазаушылар қол астына қараған жәрмеңкені басып алады, бұл жерді қыркүйек бойына қолдарында ұстайды. Халық көтерілісін басу үшін патша әкімшілігі жеті атқыштар ротасын, бес қазақ жүздігін, үш ерікті әскери жасақ және 14 зеңбірек, тағы басқа қару-жарақ жөнелтеді. Сол қарулармен тек Қарқарада емес, бүкіл Жетісу облысында ойран салып, адамдарды қан жоса қылады. Тұрғылықты халықтың мал-мүлкін тағылықпен тартып алады. Қырып-жоюдан қашқан 300 мың адам Қытай жаққа жер ауып кетеді. Тек Албан руының он төрт болысындағы 12453 түтіннің 10163-і шекара асып кетуге мәжбүр болды. Жетісу көтерілісінің басшысы Бекболат Әшкейұлы Алматы жанында дарға асылды.

1. Қазақстан азамат соғысы қарсаңында

Жұмысшы-шаруалар Кеңестерінің орталық пен жер-жердегі өкіметті басып алуы алғашқы күндерден бастап-ақ құлатылған таптардың қарулы қарсылығын тудырды. Азамат соғысы өкімет үшін күрестің жалғасы болды, сол себепті де революция мен азамат соғысы арасында ешбір дәл шекара болған емес.

Қазақстандағы азамат соғысының алғашқы ошақтарының бірі 1917 ж. қарашасында Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда қалыптасты, мұнда Орынбор қазақтары әскерінің атаманы Дутов совет өкіметін құлатып, Кеңестердің Бүкіл ресейлік съезінің делегаты С. Цвиллинг бастаған революциялық комитетті тұтқынға алады. Кеңес өкіметімен күресудің Қарулы орталығы Жетісуда да болды, 1917 ж. І (13) қарашасында Жетісу казактары әскерінің әскери кеңесі Әскери үкімет дегенді ұйымдастырады. Верныйға (қазіргі Алматы) кеңес үкіметіне қарсы күресу мақсатымен ақгвардия офицерлері мен юнкерлер жиналады.

1917 ж. қарашасында революцияға қарсы ошақ Оралда құрылады. Осында құрылған облыстық әскери үкімет ұзамай жергілікті Кеңесті таратып, өкіметті басып алады. Осынау әскери үкіметтер Қазақстандағы революцияға қарсы ақгвардияшылар қозғалысының басты күші болады. Олар ақгвардияшыл офицерлерге, қазақ станицалары мен келімсектер селоларының бай-кулак элементтеріне сүйенді, олар және жергілікті кадет, эсерлер мен меньшевиктерден, Алаш, Шора-ислами партиялары басшыларынан, тағы басқа бірқатар партиялар мен саяси қозғалыстар тарапынан қолдау тапты.

Кеңес өкіметін құлату үшін ел ішіндегі ақгвардиялармен бірігіп алған империалистік мемлекеттердің белсенділік көрсетуіне орай, 1918 ж. Жазында азамат соғысы кең көлемде жайылып кетеді. Олардың ең басты пәрменді күші чехословак корпусы болады, ол революцияға дейін Австро-Венгрияның тұтқын солдаттары - чехтар мен словактар қатарынан құрылған еді. Осы корпустың бөлімдері революцияға қарсы ішкі күштермен қоян-қолтық бірлесіп, Ақмола, Петропавл, Атбасар, Қостанай қалаларын басып алады, 1918 ж. ІІ маусымында Семейдегі кеңес өкіметі құлатылады.

Сол жылдың жазында ақгвардияшылар Орал, Ақмола, Семей облыстарын, Торғай облысының көп жерін шеңгелдеп қамтып алады да, біртіндеп Семей облысы жағынан Жетісуға басып кіреді. Ақгвардияшылар басып алған аудандарда кеңес өкіметін қайта құру жөніндегі күрес негізінен партизандық харекет түрінде жүргізіледі. Жетісуда келімсек-шаруалар селоларының қомақты бір тобы, Черкасское селосын орталық жасап, қорғанысқа көшеді.

1918 ж. Жазында кеңес өкіметі тек Жетісу мен Сырдария облыстарының көпшілік бөлегінде, Торғай облысының түскей аудандарды мен Бөкей Ордасының болмашы бір пұшпағында ғана сақталып қалады.

2. Қазақстандағы азамат соғысы

Антанта елдері үкіметтерінің мегзеуімен, Чехославак корпусы көмектесіп, Самарада - эсер-ақгвардияшыл үкімет - Комуч - құрылтай жиналысының комитеті, Омбыда адмирал Колчак басқарған Сібірдің ақгвардияшыл уақытша үкіметі орнайды. 1918 ж. қаңтарында қуылған атаман Дутов, 1918 ж, 3 шілдесінде тағы да бүлік шығарып, Орынборды басып алады да, кеңестік Түркістанды Орталық Россиядан бөліп тастайды.

Азамат соғысы өршіп, етек алған, Қазақстан аудандарының көпшілігінде кеңес өкіметі құлатылған алмағайып жағдайда, Алаш Орла Орынбордағы Дутовпен одақтасып, Омбыдағы Сібір уақытша үкіметімен және Самарадағы Құрылтай жиналысының Комитетімен (Комуч) тіл табысып түсініп, Орал мен Сібір, Жетісу қазақтарымен байланысты күшейтіп, Кеңестерге қарсы тізе қосып күреспек болады. 1918 ж. Маусымында Алаш Орда үкіметі бірқатар жарлық шығарады, бұл жарлықтарға сәйкес алаш территориясында кеңес өкіметі шығарған күллі құжаттар, заң актілері түгелдей күшін жояды деп жарияланып, коммунистерді қуалау заңды деп табылды.

Алаш орданың басшысы Ә. Бөкейханов Ә, Ермеков, әскери бөлім меңгерушісі капитан Қ. Тоқтамысов үшеуі бірге 1918 ж. шілдесі мен тамызында Самар мен Омбыда Комуч пен Сібір уақытша үкіметтері әскери ведомстволары өкілдерімен кездесіп, Алаш Ордаға көмек беру және оның қарулы күштерін құру жөнінде келіссөздер жүргізді. Алаш Орда Батыс бөлімінің басшылары Х. мен Ж. Досмұхамедовтар Комуч арқылы Самарадан 600 винтовка мен пулемет алады және таяу уақытта 2000 адамнан қазақ отрядын ұйымдастыруға уәде береді, Торғай тобына 300 берданка мылтығы, 20 мың патрон, әскери киім-кешек бөлінді. Дутовтың көмегімен екі атты полк: біреуі - Қостанайда, екіншісі - Ырғызда құрыла бастады. 1918 ж. тамызында Семей қаласында құрамында 38 офицер мен 750 жауынгері бар Бірінші Алаш атты әскер полкі ұйымдастырылды. Ақгвардияшылардың көмегімен асығыс үйретілген алаш отрядтары көп ұзамай Қызыл Армияға қарсы күрес жүргізуге қатысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҚШ - тағы азаматтық соғыс
XX ғ. 20 -30 жж. Қазақстандағы демографиялық мәселелер
Қазақ КСР-інің құрылуы
МӘДЕНИ ҚҰРЫЛЫС
Фашистерден Отанды қорғау соғысының басталуы
Ресей империясы І Дүниежүзілік соғыс қарсаңында
Бақытжан Қаратаевтың қоғамдық - саяси қызметі
1917 жылғы ресейдегі ақпан – қазан ревалюциясы. Азамат соғысы
Қазақстандағы азамат соғысы және қазақ зиялыларының ұстанымы.
Жеңіске рух берген әндер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz