Алашорда автономиясы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Қазақстан тарихы Кафедрасы
Р Е Ф Е Р А Т
Тақырыбы Алашорда автономиясы
Тексерген: _Адилова. Ф
Орындаған:_ Ахметов. С
Мамандығы: _ 050707
Тобы: ГИ-06-2к
Алматы 2006
Мазмұны
І . Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Алашорда автономиясы
- Алаш партиясы
- Алаш пен Алашорда азамат соғысы жылдарында
- Қосымша
- Алаш қозғалысына мүше болғандар мен ниеттестер тізімі
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Кеңестік билік тұсында ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ ұлттық қозғалысын еркін ғылыми талдауға алу мүмкін еместі. Оның мынадай негізгі себептері бар еді. Біріншіден, большевиктік идеалогия Ресей империясын, оның құрамындағы Қазақстанды, қоғамдық дағдарыстан жағымды өзгерістер жолына алып шыға алатын өзінен басқа әлеуметтік-саяси күш болған емес деген сенімде болды . Бұған қосымша, екіншіден, кеңестік тарихнама жалпы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихын зерттеу ісінде ұлыдержавалық ұстамда тұрды . Мәселен, 1944 жылы 10 сәуірде КОКП Орталық басшылығымен өткен тарихшылардың кеңесі Қазақ КСР тарихы (1943ж. басылым) бойынша қабылдаған тезистерінде «Кіші халықтар- ды үлкендерге қосып алу немесе осы мақсатта жүргізілген кез-келген жаулап алушылық объективті прогресшіл факті» деген мазмұндағы тұжырымдар жасады . Сондықтан да ендігі уақытта зерттеуші ғалымдар ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы ресейлік билікке қарсы бағытталған Кенесары Қасымұлы бастаған және басқа азаматтық қозғалыстарды Қазақстанды Ресейден бөліп әкетуді көздеген реакциялық «феодалдық - монархиялық» қозғалыстар ретінде байқауға тиіс болды .
Шамамен тура осындай баға ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде жүрген «Алаш қозалысына» да берді .
Алашорда автономиясы
Қазақтың буржуазиялық автономиясы: байлар мен феодалдық және буржуазияшыл ұлтшылдардың 1917 жылы 5-13 (18-26) декабрьде Орынборда өткен «бүкілқырғыздық» (бүкілқазақтық) 2-съезінде жарияланды .
Съезде құрылған Алаш «үкіметі» (басшылары Ә. Бөкейханов,
А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Е. Омаров, М. Шоқаев, Х. Ғаббасов, Х. Досмұхамедов, Ж . Досмұхамедов, М . Тынышбаев т. б. ) бай-феодалдар мен сол кездегі қалыптаса бастаған қазақ буржуазиясының таптық мүдделерін қорғады, қазақ халқын ревалюцияшыл Россиядан, орыс пролетариатынан бөліп әкетуді мақсат етті . Бұл үшін қарулы күштер құру туралы шешім қабылдады.
Алашорда «дербес автономия» дегенді жалау, етіп оны Қазақстанда Советтік өкіметіне қарсы күресудің басты құралына айналды. Буржуазияшыл ұлтшылдар өздерінің контрревалюция әрекеттерін бүркемелеу үшін «ұлттық» жалауды жамылды, ұлт мүддесін қорғағансыды, діни демагогияға сүйенді, сөйтіп қазақ еңбекшілерінің болшевиктік партияның бастауымен қоғамды социялистік жолмен қайта жолындағы ерлік күресінде кедергі жасады, адамды адамның қанауына негізделген қоғамдық тәртіпті мәңгі сақтауға тырысты. Алашордашылар Россиядағы негізгі контрревалюцияшыл күштер мен одақтасып, Совет өкіметіне қарсы қарулы күрес жүргізілді . Алашорда отядтары Дутовтың, Клачковтың, Аненковтың т. б. ақ гвардияшыл әскерлердің құрамына еніп, Қызыл Армияға қарсы соғысты қазақ еңбекшілерінің қалың ортасынан шыққан көптеген партия, совет қызметкерлері назаптап, айуандықпен өлтірді.
Азамат соғысының барысында Алашорданың кұштер толық талқандалады. 1920 жылы мартта Қырғыз ревкомы Алашорда «үкіметін» және оның барлық мекемелерін таратты.
Алашорда Омбыдағы және Самарадағы үкіметтерге, одан соң Уфа директориясына үміт артты, кейін осы үкіметтік құрылымды алмастырған Колчак диктатурасына Алаш автономиясын ресми тану жөнінде өтініштер жасап, Алаш автономиясына әр түрлі деңгейде көмек көрсетуді сұрады. Алайда бұл өтініштер ойдағыдай нәтиже бермеді. Кейінірек 1918 жылы қарашаның 4-інде, уақытша сібір үкметінің жарлығымен Алаш автономиясының үкметі - Алашорда таратылып, оның басқару оргондары тиісті қауылы шыққанға дейін өзін бүкілроссиялық басқарушы өкмет деп жариялаған Уақытша Сібір үкметіне бағындырылды. Алашорданың орыны Уақытша Сібір үкметінің Алаш автономиясын басқару жөніндегі бас өкілінің қызметі енгізілді. Сонымен қатар Уақытша Сібір үкметі Алаш автономиясын қазақтың - терреториялық мемлекеттігі деп танудан бас тартты. Қазақ халқы Россияның Сібір аймағындағы басқа халықтар сияқты, тек қана мәдени автономияға ие болуға құқұқты болды. Ал 14-ші қарашада Омбыда өзінің әскери дектатурасын орнатып, «Россия мемлекетінің жоғарғы билеушісі» деп жарияланған Кольчак қазақтың әлсіз автономия түріндегі болса да ұлттық мемлекеттігі жөніндегі үміті түбірімен жойылды. Бұл жағдай Алашорда жетекшілерін аса ауыр жағдайда қалдырып, кейін 1919 жылдың көктемінде, басқа факторлармен қатар оның ыдырай бастауына әкеп соқты.
Алашорда алғашында Омбыдағы Сібір уақытша үкметі мен Самарадағы Камучка арқа сүйей отырып, өз мүмкіндіктеріне орай бүкілқазақтық съездің шешімдеріне сәйкес Алаш автономиясын нығайтып, баяндай ету жолында: жер-жерлерде құлатылған совет үкметінің орнына Алаш автономиясын басқару оргондарын құру, автономия сан-салалы өмірін реттейтін заңдық құжаттар мен нұсқаулар жариялау, халықтық милиция түріндегі қарулы күштерді құруға кірісу, большевиктер басқарған саяси қарсыластары қудалау сияқты және т. б. бағыттарда белгілі шаралар жүйесін жүзеге асырды.
1918 жылы маусым айында Алашорда заңдық күші бар бірнеше қаулы - қаралар қабылдады.
Атап айтқанда, маусымның 24-інде Алашорда Алаш автономиясы территориясындағы совет үкметі шығарған барлық дектреттердің күшін жою туралы қаулы қабылдаса, сол күннің ертеңінде облыстар мен уездерде Алашорда кеңестерін құру жөніндегі шешім күшіне енгізілді. Маусымның 24-інде қабылданған тағы бір қаулыда Алашорданың жанында үш адамнан тұратын әскери кеңес құрылғандығы жарияланды. Әскери кеңеске - делінді қаулыда, «-жігіттерді большивиктермен күресу үшін шақыру міндеті жүктеледі».
Алашорда қабылданған алғашқы заңдық мәні бар құжаттардың бірі - 1918 жылы маусымның 24-інде Ә. Бөкейханов, М. Тынышбаев және Х. Ғаббасов қол қойған «Алаш автономиясының территориясында уқытша жер пайдалану тәртібі» деген қаулы болды. Онда Бүкілроссиялық құрылтай жиналысы жер туралы заң қабылданғанша Қазақстанда жерг деген жеке меншіктің жойылатындыңы жер мен су байлықтарының пайдалану Алашорданың рұқсатымен ғана болатындығы, қазақтар мен орыстар арасындағы жер дауын жергілікті өзін-өзі билейтін земстволық оргондар шешетіндігі айтылып, жер пайдалануға байланысты басқа мәселерді шешудің тәртібі көрсетілген.
Алашорданың ұлттық-мемлекеттік құрылыс саалсындағы қызметінің алғашқы қадамдарында халықтық милиция түріндегі Алаш автономиясының қарулы күштерінің және басқарушы үкметінің жергілікті оргондарының құру мәселелеріне үлкен мән берілді.
« Алаш» партиясы
Алаш партиясының тарихы немесе ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ ұлт-азаттық қозғалысына тән құжаттар жинағын жариялау ісі өткен ғасырдың 20-шы жылдары қолға алынды, сондай-ақ бұл әрекет кеңестік билік идеологтарының тапсырысы бойынша атқарылып, Алаш зиялыларының социалистік құрылысқа қарсы қызметін әшкерелеу тұрғысынан іке асырылуға тиіс болды . Міне, осы мақсатта құрастырылған алғашқы кітап БК(б) П Қазақ Өлкелік комитетінің Партия тарихы (истпарт) (Ресей Комунистік партиясы мен Қазақ ревалюция -сының тарихына қатысты материалдарды жинақтап, зерттеп, жариялаушы комиссия) бөлімінің меңгерушісі Н. И. Мартыненконың «Алаш-Орда» атты құжаттар жинағы еді . Жинаққа Алаш қозғалысы жөнінде біршама түсінік бере алатын құжаттар енді .
Алаш пен Алашорда азамат соғысы жылдарында
Орталық пен жергілікті жерлерде жұмысшы - шаруа советтердің үкмет билігін тартып алуы Қазан төңкерісінің алғашқы күндерінен бастап саясы биліктен айрылған таптарыдың қарулы қарсылығын туғызды. Іс жүзінде азамат соғысы дәл сол кезде басталған өкмет үшін күрестің жалғасы болып табылады, сондықтан да революция мен азамат соғысының арасына уақыт тұрғысынан айқын меже қою қиын.
Қазақстан жағдайында азамат соғысының алғашқы ошағы 1917 жылы қарашада Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынбор қаласында пайда болды. Совет өкметіне қарсы қарулы күрестің екінші оратлығы жетісуда құрылыды. 1917 жылғы 1-ші қарашада Верный қаалсында жетісу қазақ әскерінің басшылығы «әскери үкмет» дегенді құрып большивиктер бастаған жергілікті күштерге қарулы күрес жарияланды.
Орталықта жеңіске жеткен социолистік революциямен оның жергілікті жақтастарына қарсы үшінші қарулы орталық 1917 жылы қааршада Оралда дүниеге келді. Осында да құрылған «облыстық әскери үкмет» көп кешікпей жергілікті советті таратып бүкіл өкмет билігін өз қолына алды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz