Батыр ағаның хатқа түскен мұралары
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Өр тұлғалы хас батыр 3
Адамгершілік қағидалары 5
Батыр ағаның хатқа түскен мұралары 7
Ұлағатты ұстаз 13
Жазушы Бауыржан 15
Қорытынды 17
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 18
Кіріспе
Аты мен хаты бүкіл дүние жүзіне аңыз боп тараған қазақ елінің ақиық
қыраны Бауыржан Момышұлының дүниеден өткеніне де біраз жыл болып барады.
Қырықтың қырқасына шығуға жақындаған кезде жазған бір өлеңінде ол:
Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде, -
Деп жылар сорлы қазақ мен өлгенде.
Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді,
Тарихтың түкпірінен сөз келгенде, -
деп толғаныпты. "Салмақтайтын саналы ер табылса, Атаусыз неге қалсын
менің атым!" деген сенімді оймен түйінделетін шумақтары да бар. Осының бәрі
расқа айналып отыр. Тарихтың түкпірінен сөз келгенде, Абай мен Ахмет,
Мұхтар мен Қаныш секілді алыптар қатарында Бауыржан Момышұлының аты аталуы
тиіс. Батыр ретінде де, ақын-жазушы, әскери қолбасшы һәм шешен де көсем
дана ретінде де. Ой-толғаныстарының орасан жаңашылдығымен ол да ұлттық
құбылысқа айналып кеткен Ренессанстық тұлға еді десек, ақиқатты айтқан
боламыз. Себебі, Бауыржан Момышұлы қазақ рухының ұзақ-ұзақ теперіштерден
кейін қанды майдан даласында қайта тепсініп көрінген сесті де адуын
сілкініс-бұлқынысы іспетті.
Мен осы қысқа жұмысымда оның ғажайып оқиғаларға толы ерлік өмірбаяны
мен азаматтық келбетін сомдау мақсатын алдыма қойып отырған жоқпын. Оған
шама-шарқым жетпес те еді. Бірақ ол туралы замандастарының жазғандары мен
өзінің шығармаларындағы ой-толғаныстары Батырдың тұлғасын әр қырынан
түсінуге мүмкіндік береді деп білемін.
Бұл кісінің бойында қазақтың әйгілі үш биінің даналығы бас қосқандай
сезіліп тұратын. Сірә, өмір тәжірибесінен алған дәрістерінің молдығы ма
екен, бұрынғының сұңғыла би-шешендеріндей терең философиялық ойлар толғап
кеткенде, соншама энциклопедиялық ұланғайыр білімі кім-кімді де еріксіз
баурап әкететін.
Өр тұлғалы хас батыр
Ал ол 1910 жылы 24 желтоқсанда қазіргі Жамбыл облысына қарасты Жуалы
ауданы Көлбастау ауылындағы Мыңбұлақ шатқалында дүниеге келіпті. Әуелінде
ауыл молдасынан оқып, арабша хат таниды. Сосын Бурное станциясындағы
Евгеньевка селолық орыс мектебінен бастауыш білім алып шығады. Бұдан әрі
Аса кентіндегі, Шымкент қаласындағы интернаттарда тәрбиеленіп, 1928 жылы
жетіжылдықты бітіреді. Одан кейін ауылда екі жыл мұғалім, үш жылдай
аудандық атқару комитетінің хатшысы, аудандық милиция бастығы болған.
М. Момышұлы 1931 жылы Шымкент қаласында банк қызметкері боп істегенін
көп адам біле бермейді. 1932 жылы әскер қатарына алынады да, сонда жүргенде
кіші командирлер курсын тәмәмдап, елге оралған соң, аға экономист ретінде
банк қызметін атқарады. Ленинград Қаржы Академиясы жанындағы бір жылдық
курсты үздік бітірген ол 1936 жылдың наурызына дейін банктің экономист-
консультанты болып істейді.
1936 жылы наурызда Бауыржан Момышұлын Қазақ Республикасының Әскери
Комиссариаты шақырып, шұғыл Ташкентке жөнелтеді де, мұнда ол жаңадан
жасақталған полктың взводын басқаруға бұйрық алады. Осы қызметте бес жылын
өткізген Баукең 1940 жылы аға лейтенант шенінде әскери қызметін одан әрі
жалғастыруға Украинаның Житомир қаласына келіп, 406-полк штабы бастығының
бірінші орынбасарлығына тағайындалады. Сосын тағы да Қазақ Әскери
Комиссариатына оралып, 1941 ж. қаңтарда аға нұсқаушы міндетін атқаруға
кіріседі.
Ал Ұлы Отан соғысының алғашқы күнінен бастап-ақ, генерал-майор Иван
Васильевич Панфиловтың шақыруымен 316-ат-қыштар двизиясын жасақтауға
белсене қатысады, батальон басқарады. Ол нақ осы дивизиямен бірге Москва
түбіндегі шайқастарда көзге түсіп, ерлігі елге кең тарағаны мәлім. Бес рет
жау қоршауында қалып, неміс-фашист басқыншыларына қарсы табан тірескен ұрыс
жүргізе отырып, дұшпан шебін аман-есен бұзып шыққан бұл ержүрек батальонды
генерал Панфилов ендігі жерде дивизия командирінің резерві етіп ұстауға
ұйғарады. Аты аңызға айналған генерал Панфилов ерлікпен қаза тапқан соң,
316-ат-қыштар дивизиясы Совет Одағының Батыры генерал-майор И.В. Панфилов
атындағы 8-гвардиялық дивизия атағын алады. Туған дивизиясында Баукең 1973-
полкты басқарады. 1944 ж. қазанда К.Е. Ворошилов атындағы Жоғары әскери
Академияның жанындағы Білім жетілдіру курсын полковник дәрежесінде бітірген
ол майданға оралып, Курляндияда ұрыс жүргізіп жатқан 9-гвардиялық
дивизияның командованиесін қабылдап алады.
Соғыс біткесін гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы К. Е. Ворошилов
атындағы 1-дәрежелі Суворов орденді Жоғары әскери Академияның толық курсын
үздік бітіреді.
Совет Армиясы қатарында қала отырып, ол қазіргі Тверь, бұрынғы Калинин
қаласындағы әскери Академияда профессор дәрежесінде тактикадан сабақ берді.
Сол жылдары жоғары командование атына айтылған сын үшін әділетсіз қуғын-
сүргінге үшырау әдетке айнала бастаған-ды. Генералитеттің бір бөлегі
тарапынан жасалған қысым-қыспақ нәтижесі оның Краснояр өлкесіндегі дивизия
командирінің орынбасары болып тағайындалуынан тайға таңба басқандай
көрінеді.
Үнемі қаңқу-саңку, өсек-аяң, жолсыз жазғыру төзгісіз жағдайға
ұрындырғаны соншалық, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының қайсыбір
офицерлердің, генералдар мен маршалдардың дәрменсіздігі туралы, Армиядағы
кемшіліктер туралы және әскери шовинизм хақында өз пікірін көпшілік алдында
ашық та батыл айтуға, ал бұл әрекеті 1956 жылы оның "денсаулық жағдайына
байланысты" деген желеумен запасқа кетуіне мәжбүр етті.
Адамгершілік қағидалары
Оның қандай адамгершіл өмірлік принциптерді идеал тұтқанын: "Намысты
нанға сатпа", "Тексізден тезек артық, Арсыздан айуан артық", "Ар өмірден
қымбат, масқаралық пен абыройсыздық өлімнен жаман", "Адамның
адамгершілігіне мақтаныш сезімі тірек болады", "Именіп жүріп көрген
игіліктен қарсыласып жүріп көрген бейнет артық", "Арпалысып жүріп алған
абырой — өмірдің ең шырын рақаты", "Өмір үшін өлгенше күрес", "Ел үшін
аянба — ерлігіңе сын, жұрт үшін аянба - жігіттігіңе сын", "Өтіріктің балын
жұтып тірі жүргенше, Шындықтың уын ішіп өлген артық" ... деген төлтума
даналық пікір-пайымдарынан парықтауға болады. Батыр әсіресе парыз сезімі
туралы көбірек көкейкесті сыр шертетін. Өйткені ол парыз сезімін жеке
бастың, ұлттың, Отанның мақтанышы деп ұғатын-ды. "Мен, — дейтін Баукең, —
өмір бойы парыз сезіміне бой алдырып, жалғыз соған ғана бағынып келдім.
Халық менен парызымды өтеуді талап етпесе де, мен тек қана өз халқыма
берешек екенмін. Мойнымда өтелмеген парызым баршылық болып шықты. Бұл
парызсыз мен өзімді адаммын деп айта алмас едім... ".
Ол өз өмірінің әр сағаты нәтижесін күнде қорытындылап отыруға құштар
еді. Оның осы тұрғыдағы көзқарасы данышпан Абайдың: "Егер де есті
кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәрте, болмаса жұмасында
бір, ең болмаса айында бір өзіңнен өзіңнен есеп ал. Сол өзіңнен есеп
алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге... не дүниеге жарамды
күніңді өзің өкінбестей қылықпен өткізіпсің? Жоқ, болмаса, не қылып
өткізгенінді өзің де білмей қалыппысың?" — деген даналығымен үндесіп,
үйлесіп жататын.
Ол өз халқын шексіз сүйді, халық үлы болды, Отанын туған үйім, Армияны
өз отбасым деп атайтын. Отбасында кішінің үлкенді ізеттеуін талап етті,
өзара қамқор көңіл үстемдігін аңсады. Әскердегі тұрақты қалыптан ауытқу
нышандарын алдымен сезінгендердің бірі еді, әйтпесе, былай деп өкінішті сыр
шертпеген болар еді: "1932 ж. қарашада мені армия қатарына шақырды, мен
солдат болдым. Солдат әскердегі ең төменгі дәрежеде екенін әркім біледі. Ол
кезде бізді "қызыләскер жолдас түгенше" деп атайтын. Мен "жолдас
қызыләскер" болып жүргенімде командалық құрам арасынан солдаттың жер-
жебіріне жететін бірде-бір есерсоқты да, дөрекіні де кездестірген емеспін".
Аты аңызға айналып кетсе де, ол кісінің ұстанған адамгершілік
қағидаларына үңілген сайын үлкен кішіпейілдігін тану қиын емес.
Мәселен:
Арыстан емен ақырған,
Данышпан емен ақылдан.
Қара қазақ ұлымын,
— Жалпақ жатқан елдегі
Бұқараның бірімін, — депті.
Немесе:
Мен істедім дегенше,
Мың істеді десеңші...
Ежелден ер тілегі — ел тілегі...
Қандай биік лауазымды ұлықтардың алдында асқақ тұлғасын аласартпай
өткен Баукең тек туған халқына ғана ардагер басын қара жерге жеткенше игені
күмәнсіз.
Батыр ағаның хатқа түскен мұралары
Ол солдат туралы жазғанда, сол кездегі елдің қарапайым азаматтарын көз
алдына ұстай отырып толғанған сияқты: "Солдат болу, әскери адам болу оңай
емес. Себебі, біріншіден, қызмет бойынша солдаттың ешқандай демократиялық
құқығы жоқ, иә, мен мұны "қызмет бойынша" деп отырмын, әлбетте, сайлау
жүйесінде еместігі түсінікті ғой. Қатарда тұрғанда қимыл еркіндігі, жеке
өмір, өзін билеп-төстеу құқығы болмайды.
... Адам қара жердің қойнына кіргенше қоғамдық тәрбиені қажет етеді.
Ересекке тәрбие керегі жоқ деп есептейтіндер қателеседі. Солдат — ересек
адам, бірақ қоғамдық жағдайы оны төменгі дәрежеге қояды, ал армиядағы бұл
ахуал ол турасында балғын бозбаладан бетер қамқор қарым-қатынас пен аялы
көзқарасты талап етеді. Солдат жаны — қатып қалған тас емес, ол да ет пен
сүйектен жаратылған адам, сондықтан адамзатқа тән нәрсенің бәрі оған тән.
Мен майдандағы қазақ-жауынгерлердің ана тілі, туған әдебиет, ұлттық музыка
арсеналынан ең қарапайым рухани азық түрлерін ала алмай отырғанын қылмыс
деп есептеймін... Ұлттық мақтаныш дегеніміз не? Ұлттық мақтаныш — жеке адам
мен ұлт үшін бұзылмас заң әрі қасиетті сезім. Кімде-кім өз ұлтын
құрметтемесе және оны мақтан тұтпаса, ол адам — сөзсіз арамза, қаңғыбас.
Әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі
мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе
білуге тиіс... Екі түрлі ұғым бар: ұлттық рух — бұл тамаша қасиет,
ұлтшылдық — бұл ұлттың ішіндегі жеке адам бойындағы кесел. Осы мәселелердің
сыр-сипатын ашып алған абзал. Кейбіреулер ұлттық рух пен ұлттық
патриотизмді ұлтшылдықпен оп-оңай шатастырып жүр. Ұлттық рух пен
ұлтшылдықтың айырмашылығын ажыратып көре білмек керек. Ұлттық рухқа тамаша
қасиеттер тән, өз ұлтын тану тән, сондықтан біз бұл әдемі сипаттарды дамыта
беруіміз керек. Ұлттық рух бойына сіңген адам Отан алдындағы, өз жұрты мен
бауырлас халықтар алдындағы борыш-парызын терең де биік деңгейде түсінеді".
1986 жылы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасы күндерінде де және одан кейін
де қазақ жастары Батырдың осы сөздерін көбірек еске алды деп ойлаймын. Егер
сол уақытта көзі тірі болғанда, ақиқаттың айбалтасымен өтіріктің тамырын
қиюдан танбаған және: "Шындық бізді біріктірді, шындық бізге ақ жол ашты,
шындық біз үшін құдіретті күш... Ұрыс даласында шындық үшін шайқасып, сол
үшін өмір сүрдік жөне жан қидық", — деп ағынан жарылған аруақты ер "Қазақ
ұлтшылдығы" деп тұтас бір халыққа жабылған жалаға күндей күркіреп қарсы
тұрары анық еді. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, ол кісі
бәріне шыдаса да, жалғандық пен әділетсіздікке төзбейтін-ді.
Ол ата-бабалардың ерлік рухына баулуда халықтың басынан өткен
жауынгерлік жолдары мен ұлттық дәстүрлердің маңызы аса зор екеніне ерте-ақ
көз жеткізген-ді. Қазақ ССР Халық Комиссарлары Советінің Төрағасы Н,
Ондасыновқа 1943 жылы 18 наурызда жолдаған хатында өз қолжазбасының
жазылмаған тарауларының бірін жоспарында "Жігітті жауынгерлік қасиеттерге
тәрбиелейтін қазақтың игі дәстүрлері" деп атағанын айтады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz