Бөкей хан өзінің баласы


Жоспар
Кіріспе2
1-тарау. Бөкей хандығы - хандық билік жүйесін жою жолындағы көпір3
1. 1 Хандықтың құрылу себептері3
1. 2 Әлеуметтік-экономикалық дамудағы өзгерістер4
2-тарау. Бөкей хандығының саяси-құқықтық жағдайы8
2. 1 Саяси құрылысы8
Қорытынды11
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі12
Кіріспе
Қазіргі кездегі Қазақстан БҰҰ-на мүше тәуелсіз мемлекет. Біздер осы отарлықты бастарымыздан кешірмей өмір сүріп келеміз, яғни ол жөнінде тек осындай кітаптар мен өнер туындыларынан ғана білеміз. Ал біздің курстық жұмысымыздың тақырыбы сол бодандықтың күшейе түскендігінің бір көрінісін беретін Бөкей хандығының саяси-құқықтық тарихына арналып отыр. Ол кезеңдегі саяси жүйені, оның тарихын оқып білу біздерге тек қана сол кезеңнен тағылым беріп қана қоймай, сонымен қатар біздерді, бейбіт және тәуелсіз елдің азаматтарын тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтауға тәрбиелейді. Осы тұрғыдан да бұл қарастырып отырған тақырып өзектілігі айрықшалана түседі.
Біздің тақырыбымызға байланысты біз Бөкей хандығының саяси-құқықтық тарихын зерттеуіміз қажет. Бұл тақырыпқа орай тарихи тұрғыдан жазылған кітаптар, дереккөздер, мұрағаттық дерекнамалар жетерлік. Тіпті осыдан үш-төрт жыл бұрын арнайы «Букеевская орда» атты кітап та жарық көрді. Ал бірақ шынтуайтқа келгенде саяси-құқықтық тақырыбын зерттеген монография жоқ. Тіпті біздер әлі де болса Бөкей ордасының пайда болуының қыр-сырын толық біле алмай келеміз. Сол себепті де бұл тақырыпқа қалам тарту қызықты да қиын екені анық.
1-тарау. Бөкей хандығы - хандық билік жүйесін жою жолындағы көпір
1. 1 Хандықтың құрылу себептері
XVIII ғасырдың аяғында - XIX ғасырдың басында Кіші жүз қазақтарының бірсыпырасы Орал мен Волга өзендері аралығының төменгі бойына көшіп, 1801 жылы ішкі, немесе Бөкей (алғашқы хан Бөкейдің атымен) хандығын құрды. Бастапқыда Оралдың оң жағалауына бес мыңға жуық отбасы көшіп өтті. Бұдан кейінгі жылдарда хандықтың халқы оның Орал сыртынан келуі есебінен көбейді. Орынбор шекаралық комиссиясының есебі бойынша, 1828 жылы Бөкей хандығының халқы 10235 үй болды. Түпнұсқаларға қарағанда 1845 жылы мұнда 30 мыңнан астам үй, 1860 жылы оның халқы 26209 үй болған. Ішкі орда қазақтары өмірінің жекелеген жақтарын сипаттаған революцияға дейінгі тарихшылардың көпшілігі оның «пайда болуын Бөкей ханның жеке басымен, Кіші жүзде болған өзара тартыстармен және «бүліктермен» байланыстырады1.
Ішкі орданың (Бөкей хандығының) құрылу себептерін түсіндіруде зерттеушілер арасында әртүрлі пікірлер бар. Кіші жүз қазақтарының азаттық қозғалысының тарихы туралы арнаулы зерттеудің авторы А. Рязанов Ішкі орданың пайда болуы жетіру және байұлы ру бірлестіктерінің өзара тартысының нәтижесі болды деп есептеді. «Байұлы ұрпағы қазақтарының біразы, - деп жазды ол, - жетірулықтардан қысым көргеннен кейін Бөкей сұлтан бастап «ішкі» жаққа көшіп кетті . . . сөйтіп осында Ішкі немесе Бөкей ордасын құрды»2. Алайда кейінгі уақытта фактілер бұл болжамды дәлелдемеді. Оралдың оң жағалауына өткен қазақтардың көпшілігі байұлы мен жетіруға жатты, рас бастапқы кезеңде байұлы басымырақ болды. Қазақстан тарихын зерттеуші М. П. Вяткин Ішкі орданың құрылуына шаруашылықтың құлдырауы, жердің тарлығы қатаң шаруашылық дағдарысы және феодалдану процесінің терендеуі себепші болды деп топшылады3. Оның пікірінше, қазақтардың Оралдың оң жағалауына «мәңгі бодандыққа» өтуі XVIII ғасырдың 50-ші жылдарында басталған процестің заңды қорытындысы болды, яғни ол көшіп-қонатын жаңа жералу жолындағы ғасырдың жартысына дерлік созылған күреспен байланысты болды.
В. Ф. Шахматов біршама басқа көзқарасты өрістетті: Волга мен Орал аралығындағы хандықтың құрылуын ол бірінші кезекте, патша өкіметінің отарлық саясатының нәтижесі деп қарастырды. «Бөкей Ордасының құрылуы, - деп жазды ол, - патша өкіметінің Қазақстандағы отарлық саясатының жалпы бағыттарымен және XVIII ғасырдың аяғында - XIX ғасырдың басында қазақ қоғамының феодалдануы салдарынан Кіші жүзді қамтыған шаруашылық-саяси дағдарыспен тығыз байланысты»4. Әлбетте, патша үкіметінің отарлық саясаты қазақ халқының қоғамдық және саяси өмірінде елеулі роль атқарды. Қазақтардың Оралдың оң жағалауына қоныс аударуы патша өкіметі саясатының бағытына қарама-қайшы келген жоқ, сондықтан да шекаралық өкімет орындары тарапынан белгілі бір қолдау тапты. Алайда жаңа қазақ ордасы құрылуының шешуші факторы болған бұл емес еді.
Қазақтардың Волга мен Орал өзендері аралығына өтуімен жайылым мәселесі де шешілмеді, мұнда жер қатынастарының күрделілігі Кіші жүздегіден кем болған жоқ. Топырақ-климат және басқа да табиғи-географиялық жағдайлары жағынан Бөкей хандығының территориясы қоныстанушылар келген жақтың территориясынан нашар болмаса, жақсы болған жоқ. Малшының өмір ағымында айқындаушы маңыз алған жайылым жөніндегі мәселе қоныс аударудың сол бір нақты жағ. дайларында бірінші кезекте тұрмады.
Таптық сараланудың күшеюі нәтижесінде көптеген көшпелі коллективтердің бұрынғы көшіп-қонып жүрген жерлерінде қалуы мүмкін болмай қалғанын хандықтың құрылуының нетізгі себебі деп есептеу керек. Сырым Датов бастаған көтеріліс тұншықтырылғаннан кейін Кіші жүз халқының бір бөлігінің Ішкі жаққа қоныс аударуы осы күрестің басқа жағдайдағы және басқа дәрежедегі өзіндік бір жалғасы болды5.
XVIII ғасырдың аяғына таман хан өкіметіне қарсы жаппай қарулы қозғалыс бәсеңдеді. Халық көтерілісінің қаруы қарсы бағытталған хандар, сұлтандар мен оның төңірегіндегілер естерін жинап, өш алу әрекеттерін өрістете бастады. Көтеріліске қатысушыларды және оған ниеттес рулық коллективтерді қудалау кең көлем алды. Мұндай жағдайда ылғи осылай болатыны сияқты феодалдық шонжарлар мен Ресей әкімшілігі қазақ руларын бір-біріне айдап салуға, олардың арасындағы алауыздықты дау-дамайлар мен қақтырыстардың ошағына айналдыруға тырысты. Көшпелілердің біршама тыныштығы мен үйреншікті шаруашылық ырғағы бұзылды. Шаруашылық күйзелісінің, еңбекші бұқараның азап шегуінің күшейгені соншалық осы қиын кезеңде «тірі қалу» және «өмір сүру» мәселелері олар үшін ең басты мәселеге айналды.
Граф Потоцкий 1806 жылы ішкі істер министрі Кочубейге былай деп жазды: Кіші жүз қазақтарының кедейлігі «ерекше, мұнда бір қырсықтан тағы біреуі туып отырады. Жақсы және тығыз текеметтен жасалуға тиісті киіз үй мен кепене шоқпыты шыққан жүн маталармен ғана жабылған. Қырғыздардың үстеріндегісі де сол шоқпыт»6. Шектен тыс мұқтаждық қазақтарды өз балаларын шеп тұрғындары мен Хиуа феодалдарына сатуғa мәжбүр етті. А. Левшиннің деректері бойынша, 1815 жылы Гурьев қаласының маңында бір айдың ішінде ғана жүзге жуық қазақ балалары сатылған. Соның өзінде «ер бала үшін 4 және 3, қыз бала үшін 3 және 2 қаптан қара бидай ұнын төлеген»7.
1. 2 Әлеуметтік-экономикалық дамудағы өзгерістер
Оралдың оң жағалауына көшіп барған қазақ ауылдары мен руларының шаруашылық құрылымы, тұрмыс салты, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары жағынан өздерінің Кіші жүздегі тумаларынан ешбір айырмашылығы болмады. Олардың көпшілігі көшпелі мал өсірушілер болып қала берді, құм ішіндегі аздаған көгалды жерлерде ғана егіншілікпен айналысты. Орданың негізі қаланған бастапқы кезеңде осылай болды. Алайда уақыт өте келе жаңа жерде олардың дәстүрлі тұрмыс ағымдары өзгеріп, Оралдың бергі бетіндегі қазақтардың тұрмысынан елеулі айырмашылығы бола бастады.
Ішкі орда жан-жағынан Астрахань, Саратов, Орынбор губернияларының жерлерімен, Орал бойындағы бекінісі әскери: шеппен Каспийдің солтүстік жағалауындағы балық кәсіпшілігі аймағымен шектесті. Ол территориясы шығыстан батысқа қарай 350 шақырым және солтүстіктен оңтүстікке қарай 200 шақырым жерді алып жатқан ықшам әрі шағын хандық болды. Орданың құрылуының басынан бастап жайылымдық жерлердің шектеулі болуы, бұл жерлерді кеңістік тұрғысынан игерудің дәстүрлі әдістерінің орнына интенсивті тұрғыда игеру проблемасын алға қойды.
Патша үкіметі басқару мен отарлық қамқорлықтың пайдалылығы мәнінде Ішкі орданы қазақ даласының «үлгілі» аймағына айналдырғысы келген еді.
Ішкі ордада жер қатынастары саласында жеке меншіктің феодалдық институттарының нығаю процесі жүрді. Олар қотамда, бірден-бірге экономикалық мәнге және дербес праволық статусқа ие болды. Егер Қазақстанның көшпелі аудандарында жерді тартып алу, әдетте, байлықты өздерінің қолдарына шоғырландыру салдары ретінде жергілікті шонжарлардың инициативасы бойынша жүрсе және егер жайылымға жекедара меншік осы жайылымды іс жүзінде иемденумен сырттай ұштасып, коллективтіліктің сыртқы белгілерін жоғалтпай, ауылдық көшпелі қауым шеңберінде одан әрі өмір сүрсе, Ішкі ордада XIX ғасырдың екінші ширегінен бастап учаскелерді шонжарлар мен ауқатты шаруалардың меншігіне беру жоғарыдан болған инициатива - хан өкіметінің инициативасы бойынша жүзеге асырылды. Мұның өзі жаппай тараған әрі ортақ құбылысқа айналды. 1830-1845 жылдардың ішінде Жәңгір хан жерді жеке меншік иеленуге 1517 акті берді. Жер қатынастарының негізі болған жерге жеке меншік жүйесі осылайша пайда болды, сөйтіп қазақ қоғамындағы жерді пайдаланудың «қауымдық рулық» принципіне осылайша соққы берілді.
Көшпелілерге жер үлесін беру ерекше мұқият жүргізілді. Жердің шекаралары көбіне сырғауылдармен, қадалармен белгіленіп, әсіресе шаруалардың жер үлесіне келгенде арқанмен, қадамдап" өлшенді. Қарапайым мал өсірушілер семьяларына мейлінше жұпыны жер учаскелері бөлінді. Қыстау, шөп шабу мен тұрғын үй салу үшін көбіне ұзындығы бес және көлденеңі үш шақырымға, ал кейде одан да аз учаскелер бекітіліп берілді. Көптеген шаруалардың жер үлестері осындай болды. Ханның туысқандары - сұлтандар, билер, ру басылары, мырзалар мен малы көп байлар, суы мен құдықтары бар бірнеше өңірге немесе ірі өңірге ие болды. Мысалы, Жәңгір ханның өзінің жеке иелігінде 400 мың десятинаға жуық жері болды. Хан өзінің бауыры Меңдікерей Бөкейхановқа 400 мың десятина жайылымдық жер бекітіп берді. Балқы Құдайбергенов биге аумағы 300 мың десятина мекенді иеленуге грамота берді.
Хандықтың бүкіл жерінің 85 проценті осындай 25-30 семьяның иелігінде болды.
Ішкі ордада жер иелерінің иерархиясы қалыптасты. Ханның өзі олардың ең ірісі болды, бұл иерархияның ең төменгі сатысында өз жерінде отырған шонжарларға толық дерлік тәуелді, қыстау үшін жұпыны жер үлесі бар шаруа болды. Ең алдымен қыстауға және мал тебініне жарайтын жерлер, сондай-ақ шабындық жерлер бөліске түсті. Қыстауларда көбінде жертөле және жартылай жертөле болған тұрғын үйлер салынды. Ордада болған Т. Медведский былай деп жазды: «шабындық жерлер жөнінде қырғыздарда қауымдық иелік жок . . . әрбір семья оларға біржолата бөлініп берілген туырлықтай шабындық жерді пайдаланады. Сондықтан семьяға нашар немесе шұрайлы жер үлесі тиген екен, ол осы жерде тұрақты қалады»8.
Біршама кең көлемді жазғы жайылымдар шағын учаскелерге бөлшектенбеді. Олар ру коллективтерінің басшыларына, хан кеңесінің мүшелеріне, билерге және жекелеген ірі байларға ірі-ірі аудандар түрінде бекітіліп берілді. Шаруашылық тұрғысынан неғұрлым жарамсыз жайылымдар коллективтік түрде пайдаланатын жерлер болып бөлінді.
Хан өкіметінің ең алдымен феодалдардың мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған жаңа аграрлық саясаты көшпелі коллективтер ішінде де, тұтас қоғам көлемінде де әлеуметтік қатынастар мен жіктелу процесін тереңдетіп, шиеленістіре түсті. Ақы төлеп немесе еңбекпен өтеп басқаның жерінде көшіп-қонып жүретін жері жоқ семьялар мен ауылдар категориясы пайда болды. Туырлықтай жерге ие болғанымен құдықтары мен су көздері жоқ, сондықтан бай көрші ауылдарға «бекітіліп берілген» шаруа үйлері көбейді. Жер сауданың, қиянат жасау мен даулы істердің объектісіне айналды. Бұл саясат ханнық маңайындағылар мен жергілікті шонжарларға тиімді болды. Еңбекші халықтың негізгі бұқарасы жердің тарлығы мен қанаудың қыспағында қалды. Жәңгір ханның өзі айтқандай, 6-7 мың семьяның, яғни халықтың 1/3 бөлігіне жуығының жері болмады, сондықтан да олардың көбі жерді көршілес орыс губернияларынан және жер иелерінен - Каспий балық өнеркәсіп иелерінен арендаға алуға мәжбүр болды.
Ішкі Орда үшін жартылай көшпелі коллективтерге рыноктық қатынастардың тереңдей енуі, олардың ықпалымен шаруашылық укладының бағыты мен әлеуметтік құрылғанын өзгеруі тән сипат болды.
Ордада сауданың дамуына үш фактор: а) ауылдардың шаруашылық жағынан нығаюы мен товар-ақша қатынастарының тарауы; б) ханның көтермелеу саясаты; в) орыс саудагерлері және басқа саудагерлер үшін Ішкі орданың географиялық жағынан ыңғайлы орналасуы, сондай-ақ, олар үшін Ордадағы сауда операцияларының мейлінше тиімділігі себепші болды. Жәңгір хан шеттен әкелінетін товарлар үшін баж салымы аз сауда белгілеп, оларға арнап Орданың әр жерінен маусымдық жәрмеңкелер мен сауда пункттерін құрып қана қоймай, сонымен бірге шет жұрттық көпестердің мүдделерін қамтамасыз етуге өзінің капиталымен де қатысты. Атап айтқанда, оның өзі жасаған сауда ережелерінде былай деп белгіленді: «Сауда жүргізушілердің капиталын қамтамасыз ету үшін ол (хан) мынаған міндеттенеді: көпестің ханға бағынышты ордалықпен алдын ала келісімі бойынша, егер ордалықтың қолма-қол беретін малы не ақшасы болмаса, көпеске өз кепілдігімен қолхат береді. Егер қырғыз берешегін төлеуге мерзімді уақытта келмей қалса, сөзбұйдаға салмай ханның өзі төлейді».
Өкімет орындарының көтермелеу саясаты, қырда сауда жүргізудің ыңғайлы әрі тиімді болуы товары бар көптеген адамдарды Ордаға тартты. Хан ордасы жанындағы көктемгі жәрмеңкенің бір өзіне ғана 1846 жылы сырттан 1183 саудагер келді, ал олардың арасында II және III гильдиядағы 87 көпес болды. Келесі, 1847 жылы олардың саны 1500 адамға жетті. Бұл жәрмеңкенің ұланғайыр болғаны соншалық, оның территориясында саудагерлер салған 300-ге жуық тұрақты дүкен жұмыс істеді.
Өзен шебі бойында, Глининск форпостының маңында, Жайық шебі бойында - Кулагин қамалынан Гурьевке дейін, Каспий теңізі жағалауы бойында және Эльтон өзені маңында көлемді сауда операциялары жүргізілді. Қазақ қоныстарының ішінде де сауда пункттері қалыптасты. Мәселен, Ұялы мекенінде шеттен келген сауда адамдары жаз кезінде 75 мыңдай, Шапшағы мекенінде 50 мыңға тарта қой сатып алып жүрді. Халық Орынбор және Саратов губернияларының жәрмеңкелеріне ірі қара мал, қой, түйе, үйір-үйір жылқы айдап әкеліп, мал шаруашылығы өнімін сататын болды.
Ішкі орда Россия үшін мал және мал шаруашылығы шикізатын көптеп жеткізушіге айналды. Мануфактура департаментінің журнал жазбаларына сәйкес 1827 жылы Ішкі ордадан 400 мыңға жуық қой, 3 мың жылқы және жалпы сомасы 2925 мың сомның әр түрлі мал шаруашылығы өнімдері әкелінді.
Сауданың барынша дамуы мен көшпелі ауылдарда товар-ақша қатынастарының жедел енуі, эквивалентті емес айырбас және саудагерлердың товарларды жергілікті халыққа мал алатын болып борышқа сатуының өзіндік формалары бұқараны қанаудың және борыштық қатынастардың күшеюіне, жоғары процентпен қарызға ақша беру институтының өріс алуына әкеліп соқтырды. 1829 жылғы хабарламалардың бірінде былай делінген: шеттен келген көптеген көпестер мен олардың адамдары товарларын «ауыл-ауылдың бәріне апарып қара малды қойға айырбастайды, бірақ көбіне борышқа береді, осыдан барып қырғыздар көп борышқа батады». Хан ордасындағы жәрмеңкеде әрбір дүкен ұстаушының қолында жүздеген борышты адамдардың аттары жазылған борыш кітабы болды.
Еңбекші бұқараны қанаудың күшеюі және жартылай көшпелі коллективтерге товар-ақша қатынастарының жедел енуі қоғамның әлеуметтік-экономиқалық құрылымын өзгертіп, әлеуметтік қайшылықтарды шиеленістірді және қауымдық-рулық ұйым қалдықтарының күйреуіне себепші болды.
1824 жылы хан тағына отырған Бөкейдің баласы Жәңгір патша әкімшілігінің толық қолдауына сүйене отырып, халықтың қоғамдық өмірі мен тұрмысының жекелеген жақтарын, сондай-ақ жергілікті басқарудың дәстүрлі жүйесін пәрменді түрде қайта құра бастады. Ол көшпелілердің отырықшылануын, олардың хуторлар салуын, қырда пішен шабу мен ағаш өсіру ісін, малдың жергілікті тұқымын жақсартуын және ауыл шаруашылығы құрал-саймандарын алдыруын, мектептер, училищелер, мешіттер ашуын және ауылдарда молдалар санының артуын, сауданы және басқарудың бюрократиялық формасына көшуді көтермеледі. Ол патша өкімет орындары мен жергілікті қазақ шонжарларының мүдделерін жаңа әдістермен ұштастыруға күш салды.
1827 жылы Жәңгір хан Нарын құмындағы Жасқұс мекенінде тұрақты Хан ордасы құрылатынын және Орданы осы орталықтан басқарғысы келетінін жариялады. Он жылдан кейін онда 40, ал 1846 жылға таман 89 ағаш үй салынды. 1841 жылы хан Торғын өзенінде жазғы орда салдырды. Бес жыл өткен соң онда 9 ағаш үй болды. Ханның үлгісімен, сондай-ақ оның нұсқауы бойынша сұлтандар, билер мен старшиндер үй салдыра бастады; шаруалардың кейбір топтары да жертөлелер салып алды. 40-жылдардың аяғына таман Орданың түрлі жерлерінде халықтың үштен екі бөлігінің қысқы тұрғын үйлері болды".
Патшаның өзінің нұсқауы бойынша қазыналық заводтардан 1829 жылы Ордаға 20 айғыр бөлінді. Жәңгір хан Кавказдан осынша асыл тұқымды жылқы алдырды. 15 жыл өткен соң жергілікті жылқының жақсартылған тұқымының саны 30 мыңға жетті. Олар Дон және Жайық казак әскерлеріне беріліп тұрды.
Медресе мен ауылдық бастауыш мектептердің салынуы, балаларды оқуға Астраханға, Саратовқа және Қазанға, Ішкі Ордадан келетін балалар үшін 10 орын арнайы ашылған Орынбордағы Неплюев кадет корпусына жіберу Жәңгір саясатының бір бөлігі болды. 1841 жылғы 10 апрельде ру билеушісі Шүке Нұралиевке жолдаған хатында ол былай деп жазды: «Ғылым қазірдің өзінде зор пайда келтіріп отырса, біздің немерелеріміз онсыз жақсы өмір сүре алмайды, сауатсыздарды, орысша білмейтіндерді ру бастығына және басқа лауазымдарға қоймайтын болады, осыны туыстарыңыз бен достарыңыздың бәріне, қажет деген адамдарыңыздың бәріне ұғындыруға ыждаһаттаныңыз». 1841 жылғы 6 декабрьде Хан ордасында жыл сайын 30-40 шәкірт қабылдайтын «орыс-қырғыз училищесі» ашылды. Бірқатар ретте орыс тілін оқытатын бастауыш мұсылман мектептері ірі-ірі ру коллективтерінің бәрінде құрылды. Мұның өзі заман талабы болды да, нақты таптық мүдделерді көздеді.
2-тарау. Бөкей хандығының саяси-құқықтық жағдайы
2. 1 Саяси құрылысы
Орынбор әскери губернаторы Волконский «сұлтандардың үлкені, ізгі парасатты, тәжірибелі және жоғары мәртебелі монархтарына берілген» адам деп сипаттаған Бөкей сұлтан 1812 жылғы 7 июльде салтанатты жағдайда, Орынбор әкімшілігінің жоғары шенділерінің және қырдың көптеген шонжарларының қатысуымен Орал қаласы маңында ресми түрде Бөкей ордасының ханы болып көтерілді. Оның бұған дейін болып келген іс жүзіндегі дәрежесі юридикалық тұрғыдан рәсімделді. 1815 жылы қайтыс болған Бөкей хан өзінің баласы Жәңгірге өсиет етті, ал оның кәмелетке толуына дейін Орданы уақытша басқаруды туған інісі Шығай сұлтанға тапсырды. 1823 жылғы 22 июньде патша Жәңгірді Ішкі орданың ханы деп тану жөніндегі грамотаға қол қойды, ал 1824 жылғы 26 июньде патша өкімет орындарының бақылауымен ежелгі салтанат рәсімін сақтай отырып ол хан деп сарияланды. Ол 20 жылдан астам билік құрды.
Бөкей ордасы патша үкіметіне тәуелді еді және оның бақылауында болды. Ішкі саясаттың негізгі мәселелерін хан Орынбор әкімшілігімен бірлесіп, талдап шешті. Ханның мұрагерлік эилігін, бір жағынан, ру билеушілері мен билер, екінші жағынан, патша үкіметінің қарулы отряды қолдады. Хан ішкі басқару істерінде едәуір еркіндік пен инициативаға ие болды. Финанс-салық саясаты, жер пайдалану тәртібін белгілеу, территориялық-рулық басқару мен халықты шаруашылық жағынан орналастыру мәселелері ханның билігінде болды.
Ішкі орданың саяси тарихында XIX ғасырдың екінші ширегінен басталатын кезең байқарлықтай көзге түседі. Басқарудың сұлтандар мен байлар жүйесі тұсында хан өкіметі әлсіз болып, дамымай қалған еді және көбінде жергілікті сұлтан-бай топтарының қолдауына қараған болатын. Енді бұл жүйе отарлық бағынудың жаңа міндеттеріне және билеп-төстеушілердің финанс-салық саясатына сай келмейтін болды да, Жәнгірдің тұсында басқарудың бюрократиялық формасымен алмастырылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz