XIX ғасырдың басында Хиуа ханы
Жоспар
Кіріспе 2
БӨКЕЙ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ 3
Хандықтың құрылу себептері. 3
Әлеуметтік-экономикалық дамудары өзгерістер. 7
Саяси құрылысы. 13
Қорытынды 18
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 19
Кіріспе
Қазіргі кездегі Қазақстан БҰҰ-на мүше тәуелсіз мемлекет. Біздер осы
отарлықты бастарымыздан кешірмей өмір сүріп келеміз, яғни ол жөнінде тек
осындай кітаптар мен өнер туындыларынан ғана білеміз. Ал біздің
жұмысымыздың тақырыбы сол бодандықтың күшейе түскендігінің бір көрінісін
беретін Бөкей хандығының саяси-құқықтық тарихына арналып отыр. Ол кезеңдегі
саяси жүйені, оның тарихын оқып білу біздерге тек қана сол кезеңнен тағылым
беріп қана қоймай, сонымен қатар біздерді, бейбіт және тәуелсіз елдің
азаматтарын тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтауға тәрбиелейді. Осы
тұрғыдан да бұл қарастырып отырған тақырып өзектілігі айрықшалана түседі.
Біздің тақырыбымызға байланысты біз Бөкей хандығының саяси-құқықтық
тарихын зерттеуіміз қажет. Бұл тақырыпқа орай тарихи тұрғыдан жазылған
кітаптар, дереккөздер, мұрағаттық дерекнамалар жетерлік. Тіпті осыдан үш-
төрт жыл бұрын арнайы Букеевская орда атты кітап та жарық көрді. Ал бірақ
шынтуайтқа келгенде саяси-құқықтық тақырыбын зерттеген монография жоқ.
Тіпті біздер әлі де болса Бөкей ордасының пайда болуының қыр-сырын толық
біле алмай келеміз. Сол себепті де бұл тақырыпқа қалам тарту қызықты да
қиын екені анық.
БӨКЕЙ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ
Хандықтың құрылу себептері.
XVIII ғасырдың аяғында — XIX ғасырдың басында Кіші жүз қазақтарының
бірсыпырасы Орал мен Волга өзендері аралығының төменгі бойына көшіп, 1801
жылы ішкі, немесе Бөкей (алғашқы хан Бөкейдің атымен) хандығын құрды.
Бастапқыда Оралдың оң жағалауына бес мыңға жуық семья көшіп өтті. Бұдан
кейінгі жылдарда хандықтың халқы оның Орал сыртынан келуі есебінен көбейді.
Орынбор шекаралық комиссиясының есебі бойынша, 1828 жылы Бөкей хандығының
халқы 10235 үй болды. Түпнұсқаларға қарағанда 1845 жылы мұнда 30 мыңнан
астам үй, 1860 жылы оның халқы 26 209 үй болған. Ішкі орда қазақтары
өмірінің жекелеген жақтарын сипаттатан революцияға дейінгі тарихшылардың
көпшілігі оның пайда болуын Бөкей ханның жеке басымен, Кіші
жүзде болған өзара тартыстармен және бүліктермен байланыстырады.
Ішкі орданың (Бөкей хандығының) құрылу себептерін түсіндіруде
зерттеушілер арасында әртүрлі пікірлер бар. Кіші жүз қазақтарының азаттық
қозғалысының тарихы туралы арнаулы зерттеудің авторы А. Рязанов Ішкі
орданың пайда болуы жетіру және байұлы ру бірлестіктерінің өзара тартысының
нәтижесі болды деп есептеді. Байұлы ұрпағы қазақтарының біразы,— деп жазды
ол,— жетірулықтардан қысым көргеннен кейін Бөкей сұлтан бастап ішкі жаққа
көшіп кетті... сөйтіп осында Ішкі немесе Бөкей ордасын құрды. Алайда
кейінгі уақытта фактілер бұл болжамды дәлелдемеді. Оралдың оң жағалауына
өткен қазақтардың көпшілігі байұлы мен жетіруға жатты, рас бастапқы кезеңде
байұлы басымырақ болды. Қазақстан тарихын зерттеуші М. П. Вяткин Ішкі
орданың құрылуына шаруашылықтың құлдырауы, жердің тарлығы қатаң шаруашылық
дағдарысы және феодалдану процесінің терендеуі себепші болды деп топшылады.
Оның пікірінше, қазақтардың Оралдың оң жағалауына мәңгі бодандыққа өтуі
XVIII ғасырдың 50-ші жылдарында басталған процестің заңды қорытындысы
болды, яғни ол көшіп-қонатын жаңа жералу жолындағы ғасырдың жартысына
дерлік созылған күреспен байланысты болды.
В. Ф. Шахматов біршама басқа көзқарасты өрістетті: Волга мен Орал
аралығындағы хандықтың құрылуын ол бірінші кезекте, патша өкіметінің
отарлық саясатының нәтижесі деп қарастырды. Бөкей Ордасының құрылуы,— деп
жазды ол, — патша өкіметінің Қазақстандағы отарлық саясатының жалпы
бағыттарымен және XVIII ғасырдың аяғында — XIX ғасырдың басында қазақ
қоғамының феодалдануы салдарынан Кіші жүзді қамтыған шаруашылық-саяси
дағдарыспен тығыз байланысты. Әлбетте, патша үкіметінің отарлық саясаты
қазақ халқының қоғамдық және саяси өмірінде елеулі роль атқарды.
Қазақтардың Оралдың оң жағалауына қоныс аударуы патша өкіметі саясатының
бағытына қарама-қайшы келген жоқ, сондықтан да шекаралық өкімет орындары
тарапынан белгілі бір қолдау тапты. Алайда жаңа қазақ ордасы құрылуының
шешуші факторы болған бұл емес еді.
Қазақтардың Волга мен Орал өзендері аралығына өтуімен жайылым мәселесі
де шешілмеді, мұнда жер қатынастарының күрделілігі Кіші жүздегіден кем
болған жоқ. Топырақ-климат және басқа да табиғи-географиялық жағдайлары
жағынан Бөкей хандығының территориясы қоныстанушылар келген жақтың
территориясынан нашар болмаса, жақсы болған жоқ. Малшының өмір ағымында
айқындаушы маңыз алған жайылым жөніндегі мәселе қоныс аударудың сол бір
нақты жағ.дайларында бірінші кезекте тұрмады.
Таптық сараланудың күшеюі нәтижесінде көптеген көшпелі коллективтердің
бұрынғы көшіп-қонып жүрген жерлерінде қалуы мүмкін болмай қалғанын
хандықтың құрылуының нетізгі еебебі деп есептеу керек. Сырым Датов бастаған
көтеріліс тұншықтырылғаннан кейін Кіші жүз халқының бір бөлігінің Ішкі
жаққа қоныс аударуы осы күрестің басқа жағдайдағы және басқа дәрежедегі
өзіндік бір жалғасы болды.
XVIII ғасырдың аяғына таман хан өкіметіне қарсы жаппай қарулы қозғалыс
бәсеңдеді. Халық көтерілісінің қаруы қарсы бағытталған хандар, сұлтандар
мен оның төңірегіндегілер естерін жинап, өш алу әрекеттерін өрістете
бастады. Көтеріліске қатысушыларды және оған ниеттес рулық коллективтерді
қудалау кең көлем алды. Мұндай жағдайда ылғи осылай болатыны сияқты
феодалдық шонжарлар мен Россия әкімшілігі қазақ руларын бір-біріне айдап
салуға, олардың арасындағы алауыздықты дау-дамайлар мен қақтырыстардың
ошағына айналдыруға тырысты. Қөшпелілердің біршама тыныштығы мен үйреншікті
шаруашылық ырғағы бұзылды. Шаруашылық күйзелісінің, еңбекші бұқараның азап
шегуінің күшейгені соншалык, осы қиын кезеңде тірі қалу және өмір сүру
мәселелері олар үшін ең басты мәселеге айналды.
Граф. Потоцкий 1806 жылы ішкі істер министрі Кочубейге былай деп
жазды: Кіші жүз қазақтарының кедейлігі ерекше, мұнда бір қырсықтан тағы
біреуі туып отырады. Жақсы және тығыз текеметтен жасалуға тиісті киіз үй
мен кепене шоқпыты шыққан жүн маталармен ғана жабылған. Қырғыздардың
үстеріндегісі де сол шоқпыт. Шектен тыс мұқтаждық қазақтарды өз балаларын
шеп тұрғындары мен Хиуа феодалдарына сатуғa мәжбүр етті. А. Левшиннің
деректері бойынша, 1815 жылы Гурьев қаласының маңында бір айдың ішінде ғана
жүзге жуық қазақ балалары сатылған. Соның өзінде ер бала үшін 4 және 3,
қыз бала үшін 3 және 2 қаптан қара бидай ұнын төлеген.
Осындай жағдайда ауылдар жексұрын билеушілердің қол астынан неғұрлым
қауіпсіз жерлерге кетуге әзірленді. Мұның езі өмір қажеттілігінен туды.
Қайда бару керек? деген сұрақтың олар үшін практикалық мәні болды.
Кіші жүздің оңтүстігінде орналасқан Хиуа хандығы қазақтардың көшіп-
қонатын жерлерін зорлап тартып алу және ауылдарын тонау саясатын жүргізді.
Сол кезге тән жайлардың бірі мынадай. XIX ғасырдың басында Хиуа ханы
Сырдария өзені бойына көшіп-қонып жүрген бейбіт жатқан қазақ ауылдарына
кенеттен шабуыл жасады. 350 адам өлтіріліп, 1035 қыз бен әйел, 4173 түйе,
7085 жылқы, 113820 ірі қара мал, 45 645 қой айдап әкетілді. Оның үстіне,
зекетке деп жергілікті халықтан қосымша 17 573 қой және 2364 түйе жиналды.
Мыңдаған көшпелі қазақ семьяларының оңтүстікке қарай ұмтылмауының себебі
өзінен өзі түсінікті.
Бір ғана жол — бұрын қазақ феодалдары шекаралық өкімет орындарының
келісімімен негізінен қыс кезінде өзінің малымен бірнеше рет өткен бос
жатқан құмды жерге — Жайықтың оң жағалауына көшу ғана қалған еді. Бірақ бұл
рұқсат негізінен малы көптерге ғана берілетін.
Қазақтарды Волга мен Орал өзендерінің аралығында тұрақты қоныстандыру
жөніндегі мәселе бұл уақытқа дейін қойылмаған еді. Феодалдардың малын,
әсіресе қыс кезінде уақытша тебінге жаю туралы ғана сөз болатын. Өз
шаруашылықтарының мүддесін көздеген Нұралы ханның, оның туысқандары мен
ықпалды сұлтандардың көздегені де осы болатын. Еңбекші шаруалардың бір
бөлігі Оралдың оң жағалауына өткенде олар сұлтан шаруашылықтарында жұмыс
істеп жүргендіктен өтті. Қыстауға негізінен хан мен оның ағайындарының
жылқысы айдалатын. Шекаралық өкімет орындарына Нұралының бірнеше рет сөз
салуынан оның тек өз басының ғана мүдделерін көздегені көрінеді.
Орынбор шекаралық әкімшілігі патша өкіметінің Қазақстандағы саясатын
тікелей жүзеге асыра отырып, екі жақты позиция ұстады. Бір жағынан, ол
ішкі жақта пайда болған казак әскери поселкелері тұрғындарының шаруашылық
мүдделерін барынша жақтады. Екінші жағынан, отарлау ісін жүргізу үшін оған
қазақ шонжарларының ықпалды бөлігінің қызметі керек болды. Патша өкімет
орындары мен қазақ феодалдарының бірлесіп күш-жігер жұмсауы ғана патша
өкіметінің саясатын іс жүзіне асыруды қамтамасыз ете алатын еді. Осы
себептерден шекаралық өкімет орындары қазақ шонжарларының өз малдарын екі
өзен аралығындағы жерлерге өткізу жөніндегі өтінішін кейде қанағаттандыруға
мәжбүр болды.
XVIII ғасырдың аяғынан бастап қазақтардың Оралдың оң жағалауына, ішкі
жаққа өтуінің сипаты, көлемі мен себептері өзгерді. Бұл өтудің реттелуі
қиындай түсті, көп ретте стихиялы және жаппай сипатта өтті. Титықтаған
халықтың бір бөлігі ешқандай кедерпге қарамастан жаңа ауданды игеруге
кірісті. Егер бұрын хандар мен сұлтандар өздері бұрынғы жерлерінде қала
отырып, мал табындарын қыс кезінде ғана уақытша айдап өткізетін болса, енді
іс жүзінде бұл ауданды тұрақты қоныстану туралы мәселе қойылды. Мұндай
талап халық бұқарасының өзінен шықты. Қозғалыс күшінің елеулі болғаны
соншалық, патша үкіметі Қазақ даласындағы ықпалынан айрылуға тәуекел
етпейінше, енді олармен санаспасқа лажы қалмады.
Үкімет жаңа жағдайларда қазақ халкының талаптілектерін қолдау, ішкі
жаққа өтуіне рұқсат беру қажет деп тапты. Осы арқылы үкімет халықтың
сеніміне ие болмақ болды, мұның өзі патша үкіметі саясатын ойдағыдай
жүргізу үшін мейлінше маңызды еді. Территорияны бере отырып, үкімет Кіші
жүздегі енді отарлаушылыққа қарсы сипат ала бастаған тап күресінің
шиеленісуін белгілі бір дәрежеде бәсеңдетуге ниеттенді.
Патша үкіметі қоныстанудың шекаралық өкімет орындарының дегенін
сенімді түрде орындайтын жетекшінің басшылығымен ұйымшылдықпен іске
асырылуының қамын дер кезінде ойластырды. Мұндай адам сол тұста хан кеңесін
басқарған Бөкей сұлтан болып шықты. Орынбор өлкесі бастығының мінездемесі
бойынша ол мәртебелі монархтығына берілген адам болған еді.
Өз кезегінде билікке ұмтылған және Кіші жүзде оған жетем деген есебі
жоқ Бөкей сұлтан үкімет органдарының батыл қолдауын пайдаланып, Оралдың оң
жағалауына өту және осында өз хандығын құру ниетінде болды. Қоныс аудару
қозғалысын басқаруға жету үшін ол халық мүдделерін қорғаушы ролін шебер
атқарды. Астрахань казактар полкінің командирі полковник Попов арқылы Бөкей
Астрахань губернаторы Кноррингке оның Россия императорының алдына оған —
Бөкей сұлтанға — өзіне берілген қазақтармен мәңгі тұраққа Орал мен
Волга арасындағы территорияға көшуіне рұқсат етуі туралы өтініш қылуды
сұрады. 1801 жылғы 11 мартта I Павелдің указы шығып, онда былай делінді:
Кіші Орданың қырғыз-қайсак, хан кеңесінде председательдік етуші Бөкей
сұлтан Нұралы хан ұлын өзіме ризалықпен қабылдаймын, қай жерді қаласа,
сонда көшіп-қонуына рұқсат етемін, сондььқтан, менің ізгі еркімнің
белгісіне оған өзімнің портретім бейнеленген алтын медаль тағайындаймын.
Алғашқы қоныстанушылардың негізгі бұқарасында мал аз, киіз үй орнына
күркелері ғана болды. Бұлар кедей және аса кедей семьялар еді. Ішкі Орданы
құрған ұрпақтар осы өткен уақыттарында қайсақтардың ішіндегі ең кедейлері
болды,— деп жазды оларды көргендердің бірі.
Ауа көшкендер негізінен Сырым Датов қозғалысына тікелей қатысушылар
еді. Ішкі жаққа XIX ғасырдың орта шенінде оның руынан 15 мыңнан астам
адам өтті. Халықтың зор құрметіне ие болған және хан өкіметіне қарсы
күрестің белгілі ұйымдастырушысы және басшысы Сырым батырдың өзі, сондай-ақ
оның көптеген жақын серіктері, халықты Оралмен Волга өзендері аралығындағы
жерге көшуге белсене үгіттеушілер болды. Замандастарының жазғанындай, Бөкей
сұлтан ең алдымен Сырым Датов батырдың қолдауына сүйенді және онымен бірге
халықты көшіпқонуға келісуге ойыстыра бастады.
Әлеуметтік-экономикалық дамудары өзгерістер.
Оралдың оң жағалауына көшіп барған қазақ ауылдары мен руларының
шаруашылық құрылымы, тұрмыс салты, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары жағынан
өздерінің Кіші жүздегі тумаларынан ешбір айырмашылығы болмады. Олардың
көпшілігі көшпелі мал өсірушілер болып қала берді, құм ішіндегі аздаған
көгалды жерлерде ғана егіншілікпен айналысты. Орданың негізі қаланған
бастапқы кезеңде осылай болды. Алайда уақыт өтекеле жаңа жерде олардың
дәстүрлі тұрмыс ағымдары өзгеріп, Оралдың бергі бетіндегі қазақтардың
тұрмысынан елеулі айырмашылығы бола бастады.
Ішкі орда жанжағынан Астрахань, Саратов, Орынбор губернияларының
жерлерімен, Орал бойындағы бекінісі әскери: шеппен Каспийдің солтүстік
жағалауындағы балық кәсіпшілігі аймағымен шектесті. Ол территориясы
шығыстан батысқа қарай 350 шақырым және солтүстіктен оңтүстікке қарай 200
шақырым жерді алып жатқан ықшам әрі шағын хандық болды. Орданың құрылуының
басынан бастап жайылымдық жерлердің. шектеулі болуы бұл жерлерді кедістік
тұрғысынан игерудің дәстүрлі әдістерінің орнына интенсивті тұрғыда игеру
проблемасын алға қойды.
Патша үкіметі басқару мен отарлық қамқорлықтың пайдалылығы мәнінде
Ішкі орданы қазақ даласының үлгілі аймағына айналдырғысы келген еді.
Ішкі ордада жер қатынастары саласында жеке меншіктің феодалдық
институттарының нығаю процесі жүрді. Олар қотамда, бірден-бірге
экономиқалық мәнге және дербес праволық статусқа ие болды. Егер
Қазақстанның көшпелі аудандарында жерді тартып алу, әдетте, байлықты
өздерінің қолдарына шоғырландыру салдары ретінде жергілікті шонжарлардың
инициативасы бойынша жүрсе және егер жайылымға жекедара меншік осы
жайылымды іс жүзінде иемденумен сырттай ұштасып, коллективтіліктің сыртқы
белгілерін жоғалтпай, ауылдық көшпелі қауым шеңберінде одан әрі өмір сүрсе,
Ішкі ордада XIX ғасырдың екінші ширегінен бастап учаскелерді шонжарлар мен
ауқатты шаруалардың меншігіне беру жоғарыдан болған инициатива — хан
өкіметінің инициативасы бойынша жүзеге асырылды. Мұның өзі жаппай тараған
әрі ортақ құбылысқа айналды. 1830—1845 жылдардың ішінде Жәңгір хан жерді
жеке меншік иеленуге 1517 акті берді. Жер қатынастарының негізі болған
жерге жеке меншік жүйесі осылайша пайда болды, сөйтіп қазақ қоғамындағы
жерді пайдаланудың қауымдық рулық принципіне осылайша соққы берілді.
Көшпелілерге жер үлесін беру ерекше мұқият жүргізілді. Жердің
шекаралары көбіне сырғауылдармен, қадалармен белгіленіп, әсіресе
шаруалардың жер үлесіне келгенде арқанмен, қадамдап" өлшенді. Қарапайым мал
өсірушілер семьяларына мейлінше жұпыны жер учаскелері бөлінді. Қыстау, шөп
шабу мен тұрғын үй салу үшін көбіне ұзындығы бес және көлденеңі үш
шақырымға ал кейде одан да аз учаскелер бекітіліп берілді. Көптеген
шаруалардың жер үлестері осындай болды. Ханның туысқандары — сұлтандар,
билер, ру басылары, мырзалар мен малы көп байлар, суы мен құдықтары бар
бірнеше өңірге немесе ірі өңірге ие болды. Мысалы, Жәңгір ханның өзінің
жеке иелігінде 400 мың десятинаға жуық жері болды. Хан өзінің бауыры
Меңдікерей Бөкейхановқа 400 мың десятина жайылымдық жер бекітіп берді.
Балқы Құдайбергенов биге аумағы 300 мың десятина мекенді иеленуге грамота
берді.
Хандықтың бүкіл жерінің 85 проценті осындай 25—30 семьяның иелігінде
болды.
Ішкі ордада жер иелершің иерархиясы қалыптасты. Ханның өзі олардың ең
ірісі болды, бұл иерархияның ең төменгі сатысында өз жерінде отырған
шонжарларға толық дерлік тәуелді, қыстау үшін жұпыны жер үлесі бар шаруа
болды. Ең алдымен қыстауға және мал тебініне жарайтын жерлер, сондай-ақ
шабындық жерлер бөліске түсті. Қыстауларда көбінде жертөле және жартылай
жертөле болған тұрғын үйлер салынды. Ордада болған Т. Медведский былай деп
жазды: шабындық жерлер жөнінде қырғыздарда қауымдық иелік жок... әрбір
семья оларға біржолата бөлініп берілген туырлықтай шабындық жерді
пайдаланады. Сондықтан семьяға нашар немесе шұрайлы жер үлесі тиген екен,
ол осы жерде тұрақты қалады.
Біршама кең көлемді жазғы жайылымдар шағын учаскелерге бөлшектенбеді.
Олар ру коллективтерінің басшыларына, хан кеңесінің мүшелеріне, билерге
және жекелеген ірі байларға ірі-ірі аудандар түрінде бекітіліп берілді.
Шаруашылық тұрғысынан неғұрлым жарамсыз жайылымдар коллективтік түрде
пайдаланатын жерлер болып бөлінді.
Хан өкіметінің ең алдымен феодалдардың мүдделерін қамтамасыз етуге
бағытталған жаңа аграрлық саясаты көшпелі коллективтер ішінде де, түтас
қоғам көлемінде де әлеуметтік қатынастар мен жіктелу процесін тереңдетіп,
шиеленістіре түсті. Ақы төлеп немесе еңбекпен өтеп басқаның жерінде көшіп-
қонып жүретін жері жоқ семьялар мен ауылдар категориясы пайда болды.
Туырлықтай жерге ие болғанымен құдықтары мен су көздері жоқ, сондықтан бай
көрші ауылдарға бекітіліп берілген шаруа үйлері көбейді. Жер сауданың,
қиянат жасау мен даулы істердің объектісіне айналды. Бұл саясат ханнық
маңайындағылар мен жергілікті шонжарларға тиімді болды. Еңбекші халықтың
негізгі бұқарасы жердің тарлығы мен қанаудың қыспағында қалды. Жәңгір
ханның өзі айтқандай, 6—7 мың семьяның, яғни халықтың 13 бөлігіне жуығының
жері болмады, сондықтан да олардың көбі жерді көршілес орыс губернияларынан
және жер иелерінен — Каспий балық өнеркәсіп иелерінен арендаға алуға мәжбүр
болды.
Ішкі Орда үшін жартылай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz