Отаршыл үкіметтің тұсында қазақтың ана тілінде жарық көрген басылымдар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе 2
Негізгі бөлім 6
1.Қазақтың ортасын қақ жарып шыққан, құдіреті де, дарыны да биік мәртебелі
зиялылар 6
Дүние кілті – орыс тілін үйренуде.(Абай) 6
Отаршыл үкіметтің тұсында қазақтың ана тілінде жарық көрген басылымдар 8
Бізде бірлік болып, іс қыла білетін шебер табылса, алаштың баласы бақыт
жолына түсті. (А.Байтұрсынов) 10
Атамекеніңді орыс тепкісінен құтқарып, азат тәуелсіз Түркістан құру
жолындағы күреске жатпай-тұрмай дайындал! (С.Сәдуақасов) 11
Жасасын Алаш, жасасын!!!(С.Торайғыров) 11
Қорытынды 13
Әдебиеттер тізімі 16

Кіріспе

Ұ лт-азаттық көтеріліс...
Елінің намысын жыртып, елдігін, жерін қорғап,басын өлімге байлаған
бүкіл халықтың көтерілісін тарихшылар ұлт-азаттық көтеріліс деген атпен
сипаттап жүр ғой.
Дұрыс сипат.
Әлем тарихына көз жүгіртсек отаршыларға,басқыншыларға қарсы әрқилы ұлт-
азаттық көтерілістердің аз болмағанын көреміз. Азаттығы үшін күресіп жүріп
жойылып кеткен халықтар да жоқ емес.
Бостандық күресі жолында тартқан азабы басынан асқан халықтар да
баршылық. Солардың бірі-қазақ халқы.
Ұлт-азаттық көтеріліс - әділетсіздікке, басқыншылыққа, қанау, тонау,
алдау, елді ішінен іріту сияқты арам әрекеттерге қарсы халықтың қарулы
күресі.
Бүкіл халықты осындай қандыбалақ жолға түсуге мәжбүр ететін
басқыншылық, отарлау деген ұғымдардың түп тамыры бір болғанымен, түрі
де, сипаты да, қатері де неше алуан келетіні белгілі.
Өз елін өзі тонаған имансыз авторитарлық билік жүргізуші ханға,
патшаға, шахқа, императорға қарсы шыққан көтеріліс те бар. Бірақ, бұндай
көтерілістен ұлт-азаттық күресінің саспа жағынан да зор ерекшелігі болады.
Халықтың жерін басып кірген отарлаушы ата жауына қарсы көтеріліс –
ерен құбылыс,иманды күрес.
Иә, жеке адамның намысына тиіп, құқын аяқ астына басу – зор
әділетсіздік екені сөзсіз шындық. Ал, бүкіл халықтың келешегін аяқ асты
етіп, ұлттың намысына тию, бұл - әділетсіздіктің ең зоры,сорақысы.Бұл –
жыртқыштықтың кешіруге болмайтын түрі.
Сол себепті де, ұлт-азаттық көтерілісі адамзат тарихындағы ең
әділетті қимыл десек дұрыс болар еді.
Қандайда болмасын халықтың көтерілісі артында қалған ұрпақтарына
ұран болатын ерліктің сипаты екені де шындық қой.
Дегенмен, көтерілістің сол кездегі елге, оның бесіктегі баласына,
еңкейген кәрісіне, ес тұтар үлкеніне, қару ұстар жігітіне қиямет өмір
болары да белгілі.
Апатты селдей заман өтіп кеткеннен кейін, ондай кезең туралы сөз
қозғау тілге жеңіл, көңілге ерен сезім өрбітеді.
Бірақ, сол күнді бастан кешірген елге, әрбір жеке адамға, мысалы,
1916 жылдың ауыртпалығы, тозақтай өмір болғанын айтып жатудың өзі артық
болар еді. Алла басқа салмасын! дейтін өмір тақ осындай-ақ болатын шығар!
Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі – нағыз елдігі мен
ерлігі, қияметі мен қиындығы мол, басқа амалдың жолы да, жөні де, барар
жері де, басар тауы да қалмаған соң, тәуекелге бел байлап, лап ете түскен
құдіреті де, күйініштілігі де мол тірлік еді.
Мың өліп, мың тірілген деген аталы сөзде қанша ерен ерлік,
қасірет пен қайғы жатыр!?
Сорқы, өктем отарлаушы күштің салмағы жаны әбден батып, қабырғасы
қайысқан қазақ халқының 1916 жылғы көтерілісі әділет, шынайы ерлік күрес
болды.
Оның тарихи рөлі, көз ұшы биікте, шыңырау тереңде жатыр.
Сонау XVIII ғасырдың басындағы ел аузында аңыз боп, Ақтабан
шұбырынды заманы аталған, Жоңғар басқыншыларына қарсы ұзаққа созылған ұлт-
азаттық күресінен кейінгі кезеңде, қазақтың қазақ болып, ру-руға бөлінбей,
келешек ұрпақтың қамын жеп, елдігін паш еткен ерен күресі осы көтеріліс
еді.
Ең алдымен, әділеттік үшін және пікір дұрыс қабылдануы үшін,
талассыз, айтылып жүрген тиянақты бір тұжырымды тағы да қайталап, баса атап
өтсек әділеттік болар еді.
Ол – мынау:
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс бір өңірде болған (регионалдық)
ереуіл емес, қазақтың кең байтақ жерін түгел қамтыған, бүкілұлттық
көтеріліс болды.
Сол себепті, қазақ халқының тағдыры мен тарихында бұл көтерілістің жөні
де, жолы да, маңызы да ерекше-ақ.
Бұл – қазақ халқының ғұлама перзенті Мұхтар Әуезов айтқанындай
қазақтың бесігіндегі баласының көзіне де елестегендей халық елдігін жойып
бара жатқан қаралы кезеңнің туындысы еді.
Иә, 1916 жылғы көтерілістің ел өміріндегі орны ерекше-ақ!
Дегенмен, басы оңайшылықпен қосыла қоймайтын, қарыны тойса болды
желігіп, жіктеле кететін қазағымыз көп жылдар бойы Ресей үкіметінің неше
алуан қулыққа толы отаршыл саясатына қарсы ел боп бас қосып қимылдай алмай
келді ғой.
Бұл отаршыларға жеңіл жол ашты, араны кең патша үкіметі бүкіл қазақтың
сахарасына тізесін жылдан-жылға батыра түсті.
Бір тайпа ел білімнен, мәдениеттен, өскелең техника мен ғылымнан
қағылып, тағыға айнала бастады.
Фридрих Энгельс: Пендені мал сияқты халге түсірсе, оларда не
көтеріліске шығудан, яки шын мағынасында айуанға айнала бастаудан басқа еш
нәрсе қалмайды - деген екен[1].
Патша үкіметінің сиқырлы бөлшекте де билігіңді жүргіз деп аталған
отарлау саясатының салдарынан, қазақ сияқты бұратана атанған қырғыз,
өзбек, сақа, башқұр сияқты елдердің бәрі күзде қурай бастаған шөптің
басындай бозарып, егемендігінен жұрдай болып, құруға айналған заман туған
еді[2]. Құрығын алысқа серпіген отарлау саясаты Ұлы даланың бірлігін
ыдыратып, қалың елді сүліктей сора түсті.
Иә, бөлінгенді бөрі талайды деген осы да! Жылдан жылға ел азды.
Бірлігі тозды.
Абайдың:
Бірің, қазақ, бірің дос,
Көрмесең істің бәрі бос-
деп, жалынды ой шашуының төркіні, осындай, тарихи құбылыстың төрінде
жатыр. Немесе:
Жүректе қайрат болмаса,
Ұйықтаған ойды кім түртпек!-
деп, бекер күйінді ғой дейсіз бе!?
Тек, 1916 жылы ғана титығына әбден жеткен халықтың басы қосылып,
досына да, дұшпанына да елдігін танытарлықтай бір жеңнен қол, бір жағадан
бас шығарып, ерен ерліктің жолына түскен еді.
Академик М.Қозыбаевтың: 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс қазақ
сахарасының топырағынан туған ұлттық-революция... Ол халқымыздың XX
ғасырдағы қуанышы мен трагедиясының қайнар басы болатын,- деген тұжырымы
дөп айтылған, әділ пікір. Бұл – нағыз шындық, ғұлама ғылыми пікір
екендігіне күмән жоқ.
Керегесіз үй болмайды, басшысыз ел болмайды – дейді қазақ.

Негізгі бөлім

1.Қазақтың ортасын қақ жарып шыққан, құдіреті де, дарыны да биік мәртебелі
зиялылар

XIX ғасырдың соңында, әсіресе XX ғасырдың басында, дарыны да биік бір
топ мәртебелі зиялылар дүниеге келді.
Олар елінің, жерінің отаршыларға жем болып жатқанына күйінді,
тебіренді. Халықтың мұндай күйге ұшырағаны отарлау саясатының қатыгез де
терең жоспарының салдары екенін түсініп, күрес жолына түсті. Көп жылдар
бойы үздіксіз жүзеге асырылып келе жатқан отарлау саясатының салдарынан
қазақ білімнен, техникадан тыс қалды. Араб хатымен сауатын ашқан зиялы
қауымның ықпалы жылдан жылға төмендеп, жоғалуға айналды. Өйткені, Ресейде
қоғамдық тіршіліктен арабша жазуы аласталған еді.
Бұл да қазақты орыстандыруың тиімді бір шарасы еді.
Сол себепті, латын жазуын негізінде жасалған әрпі жоқ халық өз-өзінен
сауатсыз, қараңғы ел болып шыға келді.
Осындай, халқының білімі, ой-өрісі ойсыраған заманда, кейбір халық
зиялыларының қазақ тіліне кириллица негізінде латын алфавитін енгізу
туралы мәселе көтергендері де болды. Мысалы, 1882 жылы Қазан қаласында
Молда Нияз деген кісі қазақ тілінің латын әрпі негізінде жазуын енгізу
туралы нақтылы ұсыныс енгізіп, әріп түзеп, оны көптің назарына ұсынған
екен. Бір қызығы – осы күні біз пайдаланып жүрген кириллица сол Нияз
молданың ұсынысымен үндес келеді.

Дүние кілті – орыс тілін үйренуде.(Абай)

Зиялылыардың негізгі тобы орыс тілін үйреніп, орыс мәдениетіне,
білімге жақын болмай, артта қалып қойған қазақтың қолы білім мен техникаға
жете алмайды, келешегінің жолын таба алмайды деп жер салды.
Бұл қозғалыстың алғашқы туын көтеруші ұлы Абай еді.
Ол:
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба - дей келе Абай, білім де
мәдениет те бұл күнде орыстың қолында деген пікірді ортаға салғаны белгілі.
Абай:
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз.
Білгендердің сөзіне,
Махаббатпен ерсеңіз - деп, елді надандықтан безіп,
білімге ұмтылуға, зиялылардың өсиетіне құлақ асуға шақырады.
XIX ғасырдың бас кезіндегі халық қамын ойлаушылардың үлкен тобы
негізінен орыс мектебінен өткен, әлем цивилизациясының шырынынан нәр алған
азаматтар еді.
Бұл топ қазақ халқы сияқты езілген елге ұлттық қасиетін, дінін, тілін
сақтап қалу үшін білім мен техниканы игеру жеткіліксіз, ол үшін үкімет
жүргізіп отырған отарлау саясатын терең түсініп, ақыл таразысына салып,
күрес ашқанда ғана келешегі бар ел қатарына қосыла аламыз деген
прогресстік насихат жүргізген еді.
Олар тілінің ұшымен елім деп өтірік лепірген отарлаушы үкіметтің
қолшоқпары, жемқор, сырты жылтыр, іші бос адамдарды ажырата білу керек деп
жар салды. Осынау елі үшін қауіпке басын байлаған ғұлама қимылдың басы-
қасында алғашқылардың бірі болып Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов,
Әлихан Бөкейханов, Мұхаметжан Тынышбаев, Мұстафа Шоқай, Тоқаш Бокин,
Мариям Сайдалина, Бақытжан Қаратаев сияқты қайраткерлердің шоқ жұлдызы
тұрғаны белгілі.
Бұлардың бәрі дерлік ғұлама Абайдың құдіретті ықпалын көрген, халқының
сөзін сөйлей білетін азаматтар еді.
Олар тек ұран тастап қойған жоқ. Бірлігінен, жерінен айрылған, халықтың
сана – сезімін оятудың нақты шараларын жүзеге асыруға тырысты.
Осы ауыр азапқа толы міндетті мойнына жүктеген халық зиялылары қалың
елдің арасында ағарту жұмысын жүргізіп, білімді насихаттау басты міндет деп
білді. Тек сонда ғана қазақ халқының басын қосатын, алдында тұрған ауыр
міндетті атқара алатын жігерлі ұл-қыздардың саны еселеп көбейеді деп
түсіндірді.
Бұл - әділ түсінік еді.

Отаршыл үкіметтің тұсында қазақтың ана тілінде жарық көрген басылымдар

Қазақтың сол кездегі интеллигенттері патша үкіметінің Дала уәлаятының
газеті, Түркістан уәлаятының газеті сияқты ресми басылымдардың беттерін
осы мақсатқа пайдалануға тырысып бақты. Өйткені, олардың қолында басқа
мүмкіндік жоқ еді.
Бірақ, бұл басылымдар отарлаушы үкіметтің тікелей қолында тұрған,
ежелгі халықты алдап, арбауға бағышталынған еді. Сол себепті, аталмыш
газеттер зиялы жандардың көңілінен шыға қоймады.
Енді, олар өз бетімен ана тілінде жаңа басылымдар шығаруға тырысты.
1907 жылы Серке газеті араб әрпімен дүниеге келді. Газетке Шәймерден
Қойшығұлов, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Моңғолиядағы алғашқы қазақ журналдары
Қарқаралы петициясы және қазақ қауымы
Қазақстан азаматтық қарсыластық жылдарында - Қазан төңкерiсiнiң Қазақстанның қоғамдық саяси өмiрiне әсерi
Қазақ баспасөзі – алаш зиялыларының большевизмге қарсы күресі тарихының дерек көзі
XX ғасырдың 20-30- жылдарындағы қазақ тіліндегі мерзімді баспасөзі: шығу тарихы мен деректік маңызы
Алаш партиясының бағдарламасындағы ерекше мәселелер жайында
Қазақ баспасөзінің пайда болу тарихы
Қазақстан баспасөзі
Қазақ кітап басу ісіндегі алғашқы кітап шығарушылар тәжірибесі
Қазақстанның XX ғасыр басындағы оқу ағарту ісі
Пәндер