Тәуелсіз Қазақстандағы археология кезеңі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе2

Ежелгі Қазақстан археологиясының алғашқы кезеңі: табыстары мен келеңсіз жақтары4

Қазақстан археологиясының кеңестік дәуірдегі өрлеуі8

Тәуелсіз Қазақстандағы археология кезеңі12

Қорытынды15

Қолданылған әдебиеттер:16

Кіріспе

Адамның өткен өмірін сол кездерден қалған белгі ғана айғақтай алады. Тұтас бір ұлттың, бүкіл халықтың еткен өмір жолы да солай. Оны тауып, аршып, тазалап, көздің қарашығындай сақтап, өз кәдесіне жарата, яғни болашақ үшін пайдалана білмесе, ондай ұлт басқа халықтардың құрамына сіңісіп, өзін-өзі тарих сахнасынан шығарып тастайды.

Еліміз үшін қажетті істе ұсақ-түйек деген әңгіме болмайды, Оның үстіне, бұл жердегі әңгіме тарихқа, тарих болғанда да, оның өте нәзік, осал тұстарына қатысты болғалы тұр.

Біз - тарихымызды жасап та, жазып та жатқан ұлтпыз, ал, тарих қойнауына қарай қол соза қалсаң, түркі жұртының ортақ тайқазанына қол саласың.

Кез келген ел дербес ел болса, кез келген мемлекет дара мемлекет болса, азаттықтағы, дербестіктегі мемлекет болса, оның сол мемлекеттігіне, елдігіне айғақ болатын үлкен бір қасиеті - ол елдің мәдени-рухани мұраларының болуы. Мәдени-рухани мұраларыныц жоқ болуы - ол елдің елдігіне күмән келтіреді. Ол - мемлекеттің мемлекеттігіне күмән келтіреді. Тіпті, одан да тереңірек барсақ, ол - елді тексіз етіп көрсетеді. Ал енді, мәдени-рухани мұрадан жұрдай, тексіз елдің ұрпағының санасы жасық болады, рухы төмен болады. Кеуде керіп ешкіммен өрелесе алмайды, өзі қатарлы мемлекеттердің азаматтарымен үзеңгі қағысып, терезесін теңестіре отыра алмайды. Тірі адамдарға мұның осындай үлкен әсер-ықпалы болатын бір жағдайы бар.

Біз азаттық алдық, дербес мемлекет болдық. Өзімізше ел болып, есімізді жиып, тірлік құрып жатырмыз. Мұндайда, мәдени-рухани мұрамыздың барын парықтап, қадыр-қасиетін анықтап, оның құнын, көркемдік тарихи бағасын анықтап алу - бір міндетіміз болса, екінші - бізге тиесілі асыл қазыналарымыздың қайда жатқанын зерделеп отыру да - үлкен бір міндет. Осы тұрғыдан келгенде, қазақ халқы дүние жүзіндегі рухани жағынан ең көп тоналған халықтардың санатына жатады.

Біздің бағымызға орай осы салада қазақ археологиясының тыңына соқа салған тұңғыш қазақ ғалым Ә. X. Марғұланның осы ғылым саласымен айналысуы біздің археологиялық табыстарымызды тамаша табыстарға жеткізді. Оның бүкіл саналы өмірі жан-жақты ізденуге бағышталып, ал археологиялық жәдігерлерді табуға арналды.

Біздің жұмысымыздың тақырыбы «Ежелгі Қазақстанның археологиясы: кезеңдері мен жетістіктері» деп аталады. Тақырып қызық та күрделі екендігіне дау жоқ.

Ежелгі Қазақстан археологиясын сонау ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінен бастап Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңін мен бірінші кезеңге жатқызар едім.

Ал екінші кезең кеңестік археология кезеңі.

Үшіншісі қазіргі тәуелсіздік алғаннан бергі кезең.

Ежелгі Қазақстан археологиясының алғашқы кезеңі: табыстары мен келеңсіз жақтары

Көне түркі руникалық жазбаларын көптеген зерттеушілер VІІ-ІХ ғ. ғ. жатқызып келді. Бұл турасында әртүрлі даулы пікірлер айтылды. Дегенмен, 80-ші жылдары Монғолиядан табылған тас ескерткіштер руна жазуларының бастапқы кезеңінің әріде жатқандығын дәлелдеп берді. Көне түркі жазба ескерткіштерінің ішіндегі неғұрлым ежелгілерінің бірі ретінде Бұғыты жазбасы (Бугутская надпись) аталып жүр. Бұл жәдігерлік VІ-ғасырдың соңғы ширегіне жатқызылады.

Жалпы көне түркі жазбаларының алғаш ашылуы ХҮІІІ ғасырдың 20-шы жылдарына дәл келеді. Тасқа қашалған мұралардың тұңғыш үлгілері Ф. И. Страленбергтің «Северная и восточная части Европы и Азии» атты еңбегінде жарыққа шықты. Ал 1721 жылы зерттеуші ғалым Д. Г. Мессершмидт Енисей өзенінің жағалауынан тасқа ойылып жазылған ескерткіш тапты. Біршама уақыттан кейін, нақтырақ айтсақ ХҮІІІ ғасырдың аяқ шенінде, ғалым Р. Паллас енисей руна жазбаларының бесеуін жария етті. 1889 жылы Көкшін-Орхон өзенінің жағасындағы Коше-Цайдам аңғарынан қытай әліпбиімен және руна жазуымен жазылған екі үлкен тас ескерткіш табылды.

1893 жылдың 15 желтоқсанында дат профессоры Вильгельм Томсен Орхон-енисей ескерткіштерінің құпиясын шешті. Ол тастағы белгілерді салыстыра отырып, дыбыстардың ыңғайына қарай белгілер алдыңғы және артқы қатардағы болып екі топқа бөлінетіндігін айқындайды. Бұл түркі тілінің құрылысына тән еді. Академиктер В. В. Бартольд пен А. Н. Самойлович бұл оқиғаны - XIX ғасырдың ең ұлы жаңалықтарының қатарына жатқызды.

1. Батыс Түрік кағанатына тиісті болған ескерткіштер. Бұлар негізінен Орхон ескерткіштері деп аталынады да, оған: 1) Орхон өзенінің бойынан табылған ескерткіштер, 2) Алтай тауының айналасынан табылған ескерткіштер енеді. Ғалымдарымыз бұл ескерткіштерді VІІ-VІІІ ғасырларда жазылған деп шамалайды. Тасқа жазылған сына жазулардың ішіңдегі ең үлкені де, тілдік материалдары жағынан құндысы да осы дәуірге сай келеді.

2. Қырғыз қағанатына тән енисей жазу ескерткіштері. Енисей жазу ескерткіштерінің қай кездерде жазылғандығы туралы түрлі пікір бар. Мысалы, бұл ескерткіш тілін С. Е. Малов V-VІ ғасырдағы түркілер тіліне, В. Томсен мен П. М. Мелорианскийлер VІ-VІІ ғасыр түркілер тіліне, В. В. Радлов VІ-VІІІ ғасыр түркілер тіліне тән деп көрсетеді. Ал А. Р. Қызласов бұл ескерткіштерді ІХ-Х ғасырда жазылған деген пікір айтады. Енисей жазу ескерткіштері орхон жазу ескерткіштеріндей көлемі өте үлкен емес. Олардың ең үлкені Уйбат өзенінін бойынан табылған. «Уйбат III» деп аталатын ескерткіш 478 таңбадан тұрады.

3. VІІІ-Х ғасырларда жазылып, Лена-Байкал өңірінен табылған ескерткіштер. Бұл ескерткіш Құрыхан тайпалар одағына тиісті.

4. Талас және Ферғанадан табылған руникалық ескерткіштер. Бұл оғыз ескерткіштері Батыс Түрік тайпаларының ұрпақтарына тән, VІ-VІІІ ғасыр араларында жазылған.

5. VІІІ ғасырдың екінші жартысы мен IX ғасырларда жазылған Монғолиядағы ұйғыр қағанатына тиісті болған Семиги және Қараболғасун ескерткіші.

6. Шығыс түркістандағы ұйғыр мемлекетіне (ІХ-Х) тән ескерткіштер мен туфан жазулары.

7. Хазар қағанаты мен Печенег тайпаларына тиісті Шығыс Европадан табылған ескерткіштер.

Міне көріп отырғанымыздай алғашқы кезеңде біршама жаңалықтар ашылған, бірақ солардың ең бастысы дат ғалымы Томсеннің түркі алфавитін қайта қалпына келтіруі екендігіне шәк жоқ.

Бірақ осы кезеңде біздің бабаларымыздың мұрасы ең көп тоналғанын айтпасқа амал жоқ.

Қазақ даласындағы үш мың жыл бойы тапжылмай жатқан ұлы қорғандар XVII-XVIII ғасырдан бастап Ресейдің көр қазушы дейтін арнайы жасақталған маман топтарының тонауына ұшырап, табылған мүраларымыздың көбісі балқытылып жіберді, біразы Pесейдің алтын қорына қосылды. Ал, кейбір ерекше көркем, тарихи құндылығы бар деген дүниелер, қазір Петербордың Эрмитажында тұр. Одан бергі де заттық айғақтарымыздың, әсіресе, қазақ, хандығы құрылғаннан кейінгі XVII-XVIII-XIX ғасырларда жасалған қару-жарақтарымыз, үй мүліктеріміз, тұрмыстың неше түрлі құрал-жабдықтарының ең бір тамаша үлгілері Петорбордың, Мәскеудің, Гамбург, Лейпцигтің мұражайларында, Францияның, Англияның, тіпті, Американың метрополиясына дейін жайылып кеткен жағдайы бар.

Бұндай жағдай тек біздің қазақ халқының басына ғана жазылмаған. Әлемдегі көне өркениет ордасының бірі Мысыр елінің ескерткіштері де осындай күй кешіп отыр. Сонау перғауындардың көптеген мұралары, тіпті өліктеріне дейін шетелдің алпауыт мемлекеттерінде жатқаны әлемге айғақ.

Бірақ осындай алғашқы әрекеттердің арқасында біздің бабаларымыздың мұрасының жұқанасы Томсеннің қолына тигенін әсте ұмытпағанымыз да жөн.

Бұл кезеңде барлық археологиялық мұраларымыз шетке тасылынып әкетілді.

1893 жылы академик Бартольд ортағасырлық Алматы қаласының орнын тапқан. Тіпті осы ғасырдың 20-сыншы жылдарының өзінде де осы қирандыларды көруге болатын. Осылардың ең үлкен қоныстары негізінен "Ботаника бағы" мен "Горный гигант" совхозының аумағында орналасқан. XI-XII ғасырларда бұл қоныстар орташа қалаларға айналды. "Горный гигант" совхозының тұрғын жайлар орналасқан көтеріңкі алаңы топырақпен айналдыра үйінді тәріздес етіп қоршалған, ол қала қабырғасы іспеттес болған. Бұрыштарында дөңгелек келген мұнаралар, ал орталық бөлігінде сондай қабырғамен қоршалған көлемі жарты гектарға жуықтайтын тағы бір алаң кіргізе салынған. Ертедегі Алматудың топографиясы, яғни жер жағдайы мен құрылымы ғылыми тұрғыдан жете зерттелмеген. Зерттеуші - Городецский қалалық құрылыстар қазіргі Абай даңғылының бойында болған деген болжам жасайды және бұл - қаланың шамалы ғана үлкен болігі. Сауда және керуен жолдарының қиылысқан тұсындағы үлкен сауда орталығы ретінде Алмату арабтарға, парсыларға белгілі болған.

Археологияның алғашқы кезеңінде, В. Томсен мен П. М. Мелорианский, Ш. Ш. Уәлиханов, С. Е. Малов, В. В. Радлов және әлемге әйгілі Бартольд осы түркі жәдігерлерін зерттеді. Осылайша археологиялық алғашқы табыстардың негізі қаланды. Бартольд, Радлов және Маловтар кеңестік дәуірдегі археология ғылымына да үлес қосты, бірақ олар еңбектерін сонау патшалы Ресей кезеңінде бастағандықтан мен оларды алғашқы кезеңге жатқызғаным түсінікті де ғой деп ойлаймын.

Қазақстан археологиясының кеңестік дәуірдегі өрлеуі

Сонау орыс археологиясының шоқжұлдыздарынан дәріс алған қазақтың ғұлама ғалымы Әлкей Марғұланның археологиямен айналысуы біздің халқымыздың бағы еді.

Көптеген жала-айыптаулар Ә. X. Марғұланның тұтастай археологиялық ізденістерге кетуінің себебі болды. Алайда тыныш, еркін жұмыс істеу мүмкіндігі алдамшы сағым ғана болды, 50-жылдардағы қуғын-сүргін кезінде Ә. X. Марғұлан жұмыссыз қалды.

1938 жылдың аяғында КСРО FA Президиумының шешімімен Ә. X. Марғұлан КСРО FA Қазақ филиалына жіберілді. Сол жылдардан бастап ол КСРО FA Қазақ филиалы (бөлімшесі) жүйесінде үздіксіз жұмыс істеді, кейінірек Қазақ КСР Ғылым академиясы құрылуына байланысты, 1941-1946 жылдары тарих секторының меңгерушісі, 1946 жылдан 1951 жылға дейін палеолит және археология секторын, 1958 - 1976 жылдар аралығында Қазақ КСР FA Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының этнография бөлімін басқарды.

1976 жылдан өмірінің соңына дейін этнография бөлімінің аға ғылыми қызметкері болды. Жан-жақты терең білім мен дарын, еңбекқорлық пен ізденгіштік оған қазақ халқының филологиясы мен этнографиясы, мәдениеті және өнер тарихы, аймақтың ру-тайпаларының тарихы, археология сынды Қазақстан ғылымының көптеген салаларында алғашқы ашушы, тұңғыш зерттеуші құқығына ие болуына жеткізді. 40-жылдар басында Ә. X. Марғұлан жазба ескерткіштерін және қазақ халқының фольклоры мен рухани мәдениетін зерттеумен қатар, Қазақстанда мекендеген ежелгі халықтардың (ру-тайпалардың) материалды мәдениетінің археологиялық ескерткіштерін іздеуді алғашқылардың бірі болып бастайды. Оның ынта-жігері мен ұсынысы бойынша қазақ даласының ең шалғай аудандарына бірнеше архологиялық және этнографиялық экспедициялар ұйымдастырылды. Ә. X. Марғұлан керуен жолдары мен қазақтардың көшінің ізімен мыңдаған шақырымдар жүріп өтті, ондаған археологиялық ескерткіштерді іздеп тапты, оларды жан-жақты зерттеп және жүйелі түрде суреттеді. Ол өзіне дейінгі Қазақстанды зерттеушілердің қазақ даласын меңіреу, тіршіліксіз бос жатқан, анда-санда көшпенділердің (номадтардың) көші өтетін шөлді қу дала деген тұжырымдарының жалған екендігін дәлелдеді. Шу мен Талас, Сырдария өзендері бойындағы Оңтүстік Қазақстандагы ежелгі қала мәдениетінің іздерін Ә. X. Марғұлан тауып және негіздеп зерттеді, Ол Отырар, Тараз, Сайрам, Сығанақ, Сарайшықта алдын ала археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Сонымен бір уақытта ол эпикалық жырлар мен аңыздарды, қазақ халқының ертегілерінің үлгілерін жинады. Осы зерттеулердің нәтижесінде 1950 ж. жарыққа шыққан "Ежелгі Қазақстандағы құрылыс өнері және қалалар тарихынан" атты монографиясында алғаш рет қалалық өркениеттің ірі орталықтары суреттеліп, оларға терең ғылыми негізделген талдау берілген.

Ә. X. Марғұлан алғаш рет Қазақстанда мәдени-шаруашылық іс-әрекетінің әр түрлі типтерінің өзара әрекеті барлығы мәселесін көтеріп, оларды жан-жақты зерттеу қажеттігін көрсетті, өйткені ол уақытта Қазақстан археологиялық тұрғыдан ғылым үшін қызығушылық тудырмайды деген пікір басым еді.

Соғыстан кейінгі жылдары академик Қ. И. Сәтбаевтың кеңесі бойынша Ә. X. Марғұлан өзінің зерттеу объектісі етіп Орталық Қазақстанды таңдайды. Көпжылдық зерттеулердің нәтижесінде ғалым Орталық Қазақстанда қола дәуіріндегі өркениеттің ірі ошағын және Бегазы-Дәндібай мәдениетін ашты. Үш онжылдық ағымында Ә. X. Марғұланның басшылығымен ежелгі көшпенділер және қола дәуіріндегі ру-тайпалар мәдениеті ескерткіштерінің археологиялық ізденістері жүргізілді. Бұл зерттеулер номадизм генезисі (шығу төркіні) негізгі кезеңдері, аймақтың ежелгі тұрғындарының мәдениеті және шаруашылығының эволюциялық процесі, этномәдени байланыстар рөлдері туралы кейбір теорияларды қайта қарауға септігін тигізді. Біздің уақытымызда осы зерттеулердің арқасында андроновтық этномәдени қауымның генетикалық тамыры сақ мәдени қауымы болғанын жалпы көпшілік мақұлдады. Орталық Қазақстан аумағын архологиялық зерттеулер нәтижелері негізгі іргелі монографияларда: "Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті" (Ә. X. Марғұлан басшылығымен және тікелей қатысуымен жазылған, 1967 жылы Ш. Ш. Уәлиханов атындағы сыйлыққа ие болды), "Орталық Қазақстандағы Беғазы-Дәндібай мәдениеті" және 5 томдық "Қазақ КСР тарихы" деген кітаптарда жинакталды.

Ә. X. Марғұлан көптомдық тарихтың белді авторларының бірі ретінде 1982 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығына ие болды.

Ә. X. Марғұланның "Орталық Қазақстандағы Бегазы-Дәндібай мәдениеті" монографиясының жарыққа шығуы республиканың ғылыми өмірінде резонанс тудырмады. Өркениетті әлемде бұл деңгейдегі ашу сенсация болар еді. Шын мәнінде, бұл еңбек ғылыми қауымдастық үшін, түрік дүниесі адамзат өркениеттерінің көне орталықтарының бірі ретінде, оның негізінде тау-кен ісі мен металлургия болғандығын паш етті.

Көп жылдар бойы Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясын және этнография бөлімін басқара отырып, Ә. X. Марғұлан Қазақстанда археология және этнография дамуына ықпал жасады. Ол қазақстандық этнографтардың, археологтардың, тарихшылардың бірнеше буындарын дайындады. Оның шәкірттері арасында белгілі археологтар және этнографтар бар, мысалы: ерте темір дәуірін зерттеушілер М. К. Қадырбаев пен А. М. Оразбаев, көне түрік дәуірін зерттеуші Ф. Арсланова, қыпшақ этникалық қауымын зерттеуші С. М. Ақынжанов, қазақтардың этникалық тарихын зерттеуші М. С. Мұқанов, қазақтардың отбасылық-некелік қатынастарын зерттеуші X. А. Арғынбаев және басқалар. Ә. X. Марғұлан бірнеше рет халықаралық форумдарға және конгрестерге қатысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан музейлерінің бүгіні мен ертеңі
Қазақстан жеріндегі мыс-тас дәуірінің зерттелу тарихы
ТҮРКІСТАН ҮЙІРМЕСІНІҢ АШЫЛУЫ ЖӘНЕ ЖЕТІСУДАҒЫ ЖҰМЫСТАРЫ
Этнография -этнология ғылымының дамуы
Тарихи жады негізінде мәдени сабақтастық және ұлттық-азаматтық бірегейлік
Қола дәуiрі ескерткіштері
Мұра-жайлардың жіктелуіне тоқталу, Қазақстандағы алғашқы мұражайларды анықтау
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Қарағанды облысындағы музей ісінің қалыптасуы
Шығыс Қазақстандағы қола дәуірінің тарихнамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz