Программалауды оқытудың әдістері мен тәсілдері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   
Дипломдық жұмыс

Visual Basic бойынша профильдік курс құру

Мазмұны

Мазмұны 2

Кіріспе 3

1 ТАРАУ. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК 9

1.1 Білім беру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары 9
1.2 Білім беру жүйесінің әдістеріне сипаттама 11
1.3 Білім беру жүйесіндегі оқытуды ұйымдастыру жолы 14
1.4 Білім беру жүйесіндегі оқулықтарға қойылатын талаптар 17

2 ТАРАУ. VISUAL BASIC ПРОГРАММАЛАУ ТІЛІ 21

2.1 Мектеп үшін информатика пәнінен оқыту курстары 21
2.2 Программалауды оқытудың әдістері мен тәсілдері 30
2.3 Basic, Visual Basic for Application программалау тілдерін оқыту
курсы 34

3 ТАРАУ. ОРТА МЕКТЕП ҮШІН ИНФОРМАТИКАДАН ҚОСЫМША КУРСЫН ҚҰРАСТЫРУ 47

3.1 Оқу процесінің құрамдас бөлігі – сабақ жоспарын ұйымдастыру 47
3.2 Информатика курсының тақырыптық сабақ жоспары 53

Қорытынды 61

Қолданылған әдебиеттер тізімі 65

Кіріспе

Қоғамның қарқынды ақпараттану дәуірінде адамның жан-жақты дамуы үшін
ақпаратты жинақтай білудің, болжамдар мен қорытындылар жасай білудің және
жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызды роль атқаратындығы
көпшілікке түсінікті болып келе жатыр. Осы орайда, ең алдымен,
Информатика пәнін оқытудың алатын орны ерекше. Соңғы он шақты жыл ішінде
информатика негіздері мен есептеу техникасы, программалау курстарын оқу
процесіне енгізудің алғашқы қадамдарынан бастап оқытуды ұйымдастырудың әр
түрлі мәселелеріне дейін шешілуде, оларға байланысты ғылыми-әдістемелік
тұжырымдар жасалуда.
Қоғам дамуының индустриялық кезеңінен қазіргі кезеңге өтуі оны өзіндік
даму заңдылықтары бар ақпараттық қоғамға айналдырып отыр.
Адамзат өркениеті дамуы тарихында ақпаратты өңдеу саласында орын
алған елеулі өзгерістер қоғамдық қатынастардың да өзгеруіне себепші
болады. Осындай өзгерістер қоғамның жаңа сападағы үлкен мүмкіндіктерге толы
кезеңдерін дүниеге келтірді.
Ғалымдар осы жаңа қоғамдағы ақпараттандыру процесі адамдарға
мәліметтердің сенімді көздерін ашып, оларды шаршататын біркелкі еңбек
түрлерінен босатып, өндірістік және әлеуметтік аймақтарда ақпараттарды
өңдеу ісін жоғары деңгейде автоматтандыруды қамтамасыз етеді деп санайды.
Бұдан былай қоғамды дамытудың қозғаушы күші материалдық өнім шығару емес,
ақпараттық өнім беретін өндіріс болуы тиіс. Енді материалдық өнім де
ақпараттың үлкен көлемін сақтайтын жаңа деңгейге көтеріліп, оның құнындағы
инновацияның, дизайнның және маркетинг істерінің үлесі арта түседі.
Ақпараттық қоғам – еңбек адамдарының басым бөлігі ақпаратты сақтау,
өңдеу және тарату істерімен, әсіресе, ақпараттың ең жоғарғы формасы болып
саналатын білім беру ісімен айналысатын қоғам.
Ақпараттық қоғамда тек өндіріс қана өзгеріп қоймай, өмірдің үрдісі
құндылықтары өзгеріске ұшырап, материалдық байлық жинайтын бұрынғы дағдыны
мәдени байлық жинауға деген талпыныс ығыстыра бастайды. Өмірдің өзі адамнан
шығармашылықты талап етіп, білімге деген сұраныс өсе бастайды.
Ақпараттық қоғамның материалдық және технологиялық базасы ақпараттық
және коммуникациялық технологияларға (АКТ) негізделген әр түрлі жүйелер
болып есептеледі.
Қазіргі әлемде өте үлкен ақпараттық әлеумет жинақталған, бірақ
адамдар өз мүмкіндіктерінің шектеулілігіне байланысты оларды толық
пайдалана алмайды. Осыған орай туындаған ақпараттық дағдарыс қоғамды осы
тұйықтан алып шығатын жолдар іздеуге мәжбүр етті. Әр түрлі мамандық
салаларында ақпарат өңдеу мен тасымалдаудың жаңа құралдарын, компьютерлерді
кеңінен пайдалану жаңа эвалюциялық процестің басы болып табылатын,
индустриялық даму кезеңін қамтитын ақпараттандыру ісінің басталғанын
білдіреді.
Қоғамды ақпараттандыру дегеніміз – әр түрлі ақпараттық қорларды
(ресурстарды) қалыптастыру мен пайдалану негізінде азаматтардың,
мемлекеттік өкімет органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының,
ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің құқықтарын жүзеге асырып, олардың
ақпараттық талаптарын қанағаттандыру үшін тиімді жағдай жасау жолында
ұйымдастырылған әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс.
Әрбір ел үшін оның индустриялық кезеңнен ақпараттық кезеңге өтуі сол
елдің ақпараттандыру деңгейімен анықталады. Міне, осы мәселелерді шешу
мақсатында жаңадан ақпараттық мәдениет термині енгізілді.
Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 24 ақпанында (№ 3 хаттама)
мақұлдаған Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін 2015 жылға дейін
дамыту тұжырымдамасының негізгі міндеттерінің бірі оқушылардың ақпараттық
дайындығын жетілдіру болып табылады.
Қазіргі кезде орта білім беру жүйесіндегі информатиканың рөлі бүгінгі
қоғамдағы ақпараттық мәдениеттің негізін құрайтын ақпараттық және
коммуникациялық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастырудағы
ақпараттық білімнің мәнімен анықталады.
Осыған орай жалпы информатиканы оқуда оқушылар ақпараттық
мәдениеттің негізі болып саналатын коммуникация мен түсініктердің және
ойлаудың математикалық негіздерін меңгереді.
Жалпы бастауыш сыныптан бастап информатиканы оқытудың негізгі мақсаты
балалардың операциялық (логикалық) ойлау қабілетін ерте бастан
қалыптастыру болып табылады. Өйткені психолог ғалымдардың анықтауы бойынша,
адамның жинақтаған білімінен гөрі, оның ойлау қабілетінің дамуы, талдау
жасай білуі, алынған ақпаратты жалпы тұрғыдан қарастыра отырып, соның
негізінде шешім қабылдауы өте маңызды рөл атқарады екен. Осы мақсаттан
барып мынадай міндеттер туындайды:
• Оқушылардың логикалық және алгоритмдік ойлау қабілет мен
шығармашылыққа бейімділігін дамыту;
• Компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру;
• Оқушылардың коммуникативтік (тілдік) ойлау қабілеті мен
шығармашылыққа бейімділігін дамыту;
• Оқушылардың әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін, ақпараттық
мәдениетін қалыптастыру және олардың өзін-өзі жетілдіре отырып қызмет
субъектісі деңгейіне көтерілуін қамтамасыз ету.
Информатика пәнінің мазмұны
Компьютер сыныбында тәртіп сақтау ережелері және техника қауіпсіздігі.
Ақпарат және оның түрлері. Ақпарат қасиеттері. Ақпарат көзі және
қабылдаушы. Ақпарат алмасу және ақпаратты алу арналары. Ақпаратты сақтау.
Ақпараттармен жұмыс жасау әрекеттері. Ақпаратты кодтау. Хабарламаның
ақпараттық көлемі. Екілік код. Ақпараттық модельдер. Графикалық
ақпараттарды өңдеу (графикалық редакторы).
Компьютермен алғаш танысу. Компьютер құрамы. Тышқанмен және
пернетақтамен жұмыс. Пернетақталық жаттығу. Компьютер жады. Компьютерлік
желілер. Ақпараттық қауіпсіздік.
Нысан, оның қасиеттері. Тізбектер. Тізбектегі әрекеттер реттілігі. Жиын
және оны топтау. Жиындарды салыстыру. Ішкі жиын.
Тұжырым (айтылым). Ақиқат, жалған және терістеу. Бұтақ. Графтар.
Комбинаторика. Координаттық жазықтық.
Алгоритм және оның түрлері. Сызықтық, тармақталу және циклдік
алгоритмдер. Қосымша программалау тілдері. Басқару элементтері. Мультимедия
құралдарын басқару.
Осы сала төңірегінде Білім беру саласындағы ақпараттық технологиялар,
Информатика пәнін оқытудағы инновациялық технологиялар, QBasic, Visual
Basic программалау тілдері, 12 жылдық білім беру барысында информатика
пәнін оқыту әдістемесі, Білім беру саласындағы ақпараттық мәдениет
негіздері тағы басқа да тақырыптар бойынша білім жетілдіру курстары
ұйымдастырылды. Алайда мектепте оқыту үшін программалаудың қандай да бір
жеке жүйесін таңдау осы жүйеге қатаң таптауырындар (стеореотиптер)
туғызатыны және оқушының бұған дейін Basic тіліне бауыр басып кеткені
сияқты басқа жүйеге де үйреніп кететіні айдан анық болады. Тығырықтан шығар
жол қайда?
Мұның шығар жолы – программалаудың қандай да бір жеке жүйесін оқытуда
емес, жалпы алғанда програмалау негіздерін меңгеруде және атап айтқанда,
қандай да бір программалау жүйесіндегі негізгі ұстанымдармен
(принциптермен) танысуда. Сондықтан да оқушыларды таныс алгоритмдік тілдің
көмегі арқылы программалаудың әдістерімен таныстырған дұрыс.
Мектепті ақпараттандыруға осылай мемлекет тарапынан үлкен экономикалық
қолдау көрсетіліп, оны оқыту, үйрету мәселесі бүкіл халықтық деңгейге
көтерілсе ғана біздің еліміз өндірістің жоғарғы психологиясын меңгерген
дүниежүзілік бәсекеге төтеп беретін, өндіріс өнімдерін өндіре алатын
алдыңғы қатарлы мемлекетке айналады. Ол дәрежеге жетуге қажетті білім
алуына бізідң жас ұрпақтың қабілетінің жететініне сенім мол.

1 ТАРАУ. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

1.1 Білім беру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары

Қазақстанның білім беру жүйесі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта
білім беру, орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру, жоғары және жоғары
оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру деңгейлерінен тұрады.
Орта білім беру елдің тұтас үздіксіз білім беру жүйесінің базалық буыны
ретінде жұмыс істейді. Балалардың орта білім алуға деген құқығы жалпы
білім беретін мектептердің желісімен қамтамасыз етіледі. Оқытудың ерекше
жағдайлары бойынша мектептер, мектеп-интернаттар, дарынды балаларға
арналған мектептер, даму және оқу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған
мектептер және т.с.с. болып бөлінеді.
Білім беру жүйесінің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние
жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін
бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше
дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке
тұлғаны қалыптастыру.
Білім беру жүйесінің міндеттері:
- азаматтыққа, адамның құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарауға,
елжандылыққа, өз Отанын сүюге тәрбиелеу;
- білім сапасын түпкілікті бағалаудың субъективтік факторларының
әсерін азайту;
- оқушылардың сапалы білім алуға, функционалдық сауаттылыққа, ал
мұғалімдердің біліктілігі мен педагогикалық шеберлігін ұдайы арттыруға
деген уәждемелерін арттыру;
- білім алушылардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігін
қамтамасыз ету үшін кәсіптік дағдылар алуына жағдай жасау;
- денсаулық сақтайтын және ақпараттық технологияларды енгізу;
- даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға жағдай жасау.
Информатика курсының алдына қойылған негізгі мақсаттар, әлемге деген
ақпараттық көзқарасқа, ақпараттық технологияны практикада қолдануға, басқа
пәндерді оқуға, білімді ары қарай жалғастыруға арналған ғылыми және
технологиялық білімнің жинақталуы мен дамуы болып табылады. Дәлірек
айтқанда:
• информатика облысындағы білімнің мазмұндылығын анықтайтын ядро, яғни
информатиканың негізгі ұғымдары мен тәсілдерін білу;
• информатика тілін меңгеру және оны ақпараттық модель құру үшін
қолдана білу;
• практикалық тапсырмаларды орындай алу үшін программалық жабдықтауды
жинақтау.
Орта білімді берудің басты мақсаты – жеке тұлғаның өзіне, қоғамға
қажетті қабілеттерін қалыптастырып, дамыту және өз бетімен білім алу, өзін-
өзі дамытуға жағдай жасау.
Бұдан, білім беруде информатика саласын мектепте оқытудың негізгі
төмендегідей мақсаттары туындайды:
- оқушыларға ақпаратты өңдеу, беру және қолдану процестері туралы
білімдерді меңгерту;
- оқушылардың оқу процесінде компьютерлік технологияны өзіндік даму мен
оны іске асыру құралы ретінде, кәсіптік қызметтерге пайдалану дағдыларын
қалыптастыру.
Информатиканы оқытудың дамытушылық мақсаты оқушының шығармашылық жеке
тұлғасын қалыптастыруға және ақыл-ойын, ойлау қабілетін, ынтасын дамытуға,
яғни оны қызмет субъектісі ретінде қалыптастыруға бағытталған.
Практикалық мақсаты оқушыларды практикалық қызметке, еңбекке, басқа
пәндерді оқыту процесінде практикалық есептер шешуге және оны ақпараттық
қоғамдық өмірге дайындауға бағытталған.
Тәрбиелік мақсаты оқушыны азаматтыққа, адамгершілік қасиетке және
жоғары саналылыққа баулуға бағытталған.
Ұсынылып отырған стандарттың мақсаттарынан негізгі және мамандыққа
баулу мектептерінде, сонымен бірге, сыныптар мен берілген пәннің бөлімдері
бойынша оқытудың мақсаттары айқындалады және нақтыланады.

1.2 Білім беру жүйесінің әдістеріне сипаттама

Әдіс – (metodos) грек сөзінен алынған – ол зерттеу немесе таным жолы
табиғат құбылысын және әлеуметтік өмірдің жағдайын құбылыстарды оқып білу
жолдарын методологиялық теория танымы мен шындықты бекітуді зерттейтін
тәсіл.
Информатиканы оқыту әдістемесі - әрбір сынып бойынша информатиканы оқып
үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешенінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Бұл әдістемелік оқу-әдістемелік кешендерді құрайтын басқа құралдарды
үйлесімді пайдалануды жүзеге асыру тұрғысынан мұғалімдерге нақты көмек
көрсетуді көздейді.
Әрбір сыныпқа арналған әдістемелікте сол сыныптағы информатикадан
берілетін білім мазмұны және оны оқып үйретудің өзіндік ерекшеліктері,
сондай-ақ сабақ барысында сол ерекшеліктерді жүзеге асыру жолдары
қарастырылады. Әдістемеде информатикадан білім мазмұнының сипаттамасы
беріледі. Оқулық пен оқу құралдарын сабақ барысында тиімді қолдану,
экономикалық білімді игерудегі білім, білік, дағдыны қалыптастыру, өзіндік
жұмыстарды орындау біліктілігін қалыптастыру, теориялық материалдарды
қайталауға берілген сұрақтарға тиімді жауап беру тәсілдерін көрсету жайында
әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар беріледі. Есептердің шығарылу үлгілері
ұсынылады.
Оқыту әдістерінің мәні және мазмұны.
Оқыту әдісінің мәндік ерекшелігі оның ішкі мазмұнында оқыту
әдістемесінің мазмұнын талдауда оқушыларға беру анықтамасын нақтылап алу
керек. Практикада мектептің танымдық оқу іс-әрекетін білім беру оқыту
процессінің негізгі бөлігін құрап, оқушылардың жеке дара психологиялық
жағдайда пәндік оқу ақпаратын сапада игеруін қарастырады. Оны еске сақтау,
айту, игеру, түрлі формада мұғалімнің танымды оқу іс-әрекетін ұйымдастыру
мен бақылау іске асырады.
Оқыту әдістері:
- Баяндау – мақсатқа байланысты бірнеше әңгіме түрлері: баяндап айту,
әңгімелеп баяндау, әңгімелеп бекіту. Баяндау қысқа 10 минут эмоцияналды
тұрғыда болу керек. Иллюстрация мен (көрнекілік) фактілер, жағдайлар
адамдар туралы уақыт пен кеңістікке байланысты болу керек.
- Әңгіме – мақсатталған сұрақтар арқылы оқушылардың білімдерін еске
түсіріп, қорытындылауға көмектеседі.
- Лекция – оқу материалының логикалық мазмұндалуы, ақпарат ағымының
көптігімен берілетін білімнің жүйелік ерекшелігімен айқындалады.
- Дискуссиялық оқыту – дискуссияның көмегімен оқушылар жаңа білімді
игеріп, өздерінің пікірін бекітіп, көзқарасын дәлелдеуге көмектеседі,
оқушылардың танымдылық қызметі артып қосымша оқуға дамытуға тәрбиелейді.
- Кітаппен жұмыс - әдістің сапасы, еркін жылдам оқып, ойдан өткізіп
түсіну, қарастырылған сұрақтарға әдебиет таңдай білу. Бұл жұмыста оқушылар
өзіндік бақылау білігін қалыптастырады.
- Демонстрация (көрсету) – оқушылардың сезіміне көрнекілікті,
құбылыстарды, процестерді, объектілерді олардың сапасына әсер етеді.
Объектіні дұрыс таңдап алу қажет.
- Иллюстрация – карта, диаграмма т. б.
- Бейне әдіс – табиғатты, әртүрлі бейне таспаны көрсету.
- Жаттығу – бірнеше қайталанатын іс-әрекет білік пен дағдыны игеруде
олардың сапасын көтеру мақсатында орындалады.
- Лабораториялық әдіс – алған білімін практикада қолдана алу (әртүрлі
приборлар мен зертханалық жұмыстар көрсету)
- Практикалық әдіс – бес кезеңге бөлінеді. Оқушылардың таным іс-
әрекеттерін тексеру үшін тәжірибе сабақтарында өткізіледі.
• мұғалімнің түсіндіру, жұмысты теориялық кезеңдермен үйрету;
• Көрсету (инструктаж);
• Жұмысты жасап көрсету (екі, үш оқушы жұмыс жасайды, қалғандары
бақылап мұғаліммен қатесін түзетеді);
• Жұмысты әркім өзі орындайды;
• Жұмыс тексеріліп бағаланады.

1.3 Білім беру жүйесіндегі оқытуды ұйымдастыру жолы

Қазіргі кезде жаңа информациялық технологиялар енгізу оқушылардың
мүмкіндіктері мен талаптарын компьютер арқылы жүзеге асыруды жылдамдатып
болашаққа қарай екпінді қадам жасатып отыр. Ол үшін бүгінгі күні сабақты
ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін жасау бағытында жақсы жұмыс істеу қажет,
олар оқушылардың білім деңгейін, шығармашылық қабілеттерін арттырып,
компьютерді де тез игеруге жағдай жасап отыр.
Өкінішке орай, біз әзірше компьютерлердің аздығынан, әртүрлі пән
мұғалімдерінің компьютерде жұмыс істеу білмейтіндігінен және оны үйренуге
қызықпайтынынан артта қалып жатырмыз. Мұғалімдерді оқыту жүйесінің жаңа
талаптарына сай қайта дайындықтан өткізу керек. Педагогтың тәжірбиесі мен
білімін компьютер мүмкіндіктерімен біріктіру – білім берудің қазіргі
кездегі жаңа деңгейіне көтерілудің басты мақсаты болуы тиіс.
Дамыта оқыта білу, дағдыны дамыту және бекіту, білім, білік, дағдыны
қалыптастыру, қайталау сабағы, жинақтау, қорыту сабағы, білімді тексеру
сабағы, модульдік оқыту, деңгейлеп саралап оқыту әдісі, педагогикалық
технология, дәстүрлі технология т. с.с.
Осыған орай сабаққа қойылатын талаптар үшке бөлінеді:
1. Дидактикалық талаптар
2. Психологиялық талаптар
3. Гигиеналық талаптар
Сабақты ұйымдастырудың әдіс-тәсілдер.
1. Қолданылған әдіс-тәсілдер қандай мөлшерде сабақтың мақсатына сәйкес.
2. Олар танымдық іс-әрекеттің қандай түрін қамтамасыз етті.
3. Оқушылардың оқу белсенділігін көтеруде қандай әдіс-тәсілдер
қолданылды.
4. Өзіндік жұмысы қалай жоспарланып өткізілді, оқушылардың өзіндік
танымдық дамуы қамтылды ма?
5. Пайдаланылған оқыту әдіс-тәсілдердің тиімділігі.
Сабақты өткізу әдістемесі:
Дәріс өткізу әдістемесі келесі түрде өткізілуі мүмкін. Дәріс материалын
Power Point презентациясы немесе мәтіндік ақпарат түрінде беріледі. Сонымен
қатар, материалдың құрамында кесте, диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар,
гиперсілтемелер, графиктер болады. Түсіндіру барысында оқытушы тақтаның
алдында тұрып жасырулы ақпаратты және объектерді көрсете алады және
өзгертеді. Дәрістің соңында қолданылған материалды есте сақтап, қажет
жағдайда қайталап қолдана алады.Сонымен қатар т.б. көптеген сабақтың
әдістемелерін қолдануға болады.
Практикалық сабақты өткізу әдістемесі келесі түрде болуы мүмкін.
Оқытушы алдын ала дайындаған дәрісті немесе алдыңғы өткен сабақты
қайталауға және оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бақылауға
бағытталған тапсырмаларды орындауға береді.
Мұғалім алдыңғы сабақта өтілген материалды ашып, өткен сабақты қайталай
алады. Мұндай әдістеме сабақта екпінді түрде өткізуге мүмкіндік береді.
Семинарды өткізу әдістемесі бағдарламалық-техникалық кешенді қолданып
келесі түрде жүргізуге болады. Семинар сабағы белгілі бір тақырып бойынша
әңгімелесу немесе дискуссия формасында өткізіледі. Оқытушы алдын ала
тақырыпты және қарастырылған сұрақтар бойынша презентациялық материалдар
дайындайды.
Слайдтарға талқылау қажет етілетін негізгі сұрақтарды және сабақта
белсенділік пен қызығушылықты тудыратын семинар тақырыбын түгелдей ашуға
қажет ақпараттық объектілерді кірістіреді. Сонымен қатар басқа да әдістерді
қолданады.
Консультация түрінде өткізу әдістемесі жеке және топқа өткізіледі.
Оларды ұйымдастыру үшін жаңа ақпараттық технологияның электрондық почта,
бейне және телеконференция, чат деген түрлері қолданылуы мүмкін. Оқытушы
оқушылардың қоятын кез-келген сұрағына жауап беруге дайын болуы қажет.
Сонымен, білім беру жүйесіндегі оқытуды ұйымдастыру үшін білім беретін
мекеме ең алдымен оқытуды ұйымдастырудың нақты жағдай үшін неғұрлым тиімді
үлгісін таңдап алу керек, таңдалған үлгіні оқытушы тиімді, әрі қызықты етіп
оқушылардың бар назарын өзіне аударта білу керек.

1.4 Білім беру жүйесіндегі оқулықтарға қойылатын талаптар

Қазіргі білім беру жүйесінде негізінен мұғалімдер нұсқау беру арқылы
оқытуды жиі қолдануда. Мұнда оқушылар өз беттерінше іздену арқылы әртүрлі
оқулықтармен жұмыс жасайды. Оқулықпен жұмыс, оқыту әдісінің
маңыздыларының бірі. Бұл әдістің басты жетістігі – оқушы ақпаратты
өзіне ыңғайлы уақытта және қолайлы қарқынмен қабылдайды. Оқыту
кітаптары оқытушы, дамытушы, тәрбиелеуші, оятушы, бақылау-түзетуші
функцияларды табысты орындайды. Арнайы ұйымдастырылған электронды
оқулықтарды қолдануда бақылау сұрақтардың шешілуі, түзетулер
қолданушыға тиімді. Бұл әдіс мақсаттың бірқатар мадификациясынан
тәуелді. Оқулықпен жұмыс – күрделі әрі қиын оқыту әдісі. Оқушылардың
көбісі оқулықты оқи отырып, мазмұнын түсінбейді. Сондықтан бұл
әдістің жалпы оқыту жүйесінде меншікті салмағын ұлғайту керек және
оқушыларды өздігінше оқулықпен жұмыс істеуге дайындау керек.
Қазірде 2002-2004 жылдарға арналған білім жүйесін ақпараттандырудың
Мемлекеттік бағдарламасының жобасы жүзеге асырылуда. Мұнда да оқушылар мен
мұғалімдер арасында, яғни оқу процесінде электрондық оқулықтар мен
программалық-әдістемелік құралдарды пайдалану ісі өзекті мәселеге айналып
отыр. Оған қоса, Қазақстанның бірыңғай ақпараттық білім беру ортасын жасау
бағдарламасы жасалып жатыр.
Бұл әдістің тиімділігі:
- Оқулықты еркін оқып, оны түсіне білу
- Оқытылатын материалда ең бастысын бөліп ала білу
- Қажет мағлұматтарды жазып ала білу
- Құрылымдық және логикалық схемаларды құра білу
- Қажетті оқулықтарды таңдай білу.
Оқулықпен жұмыс жасаудың екі түрі кеңінен тараған: сабақ
үстінде мұғалімнің басшылығымен және сабақта алған білімді өз
бетінше оқып бекіту. Оқушыларды оқулықпен жұмысқа дайындай отырып,
бұрын өтілген тақырып пен жаңа тақырып арасындағы байланысқа
мұғалім нұсқау береді. Егер оқулықпен жұмыс сабақ үстінде болса,
онда оқылатын материал бөліктерге бөлініп, бақыланады. Яғни, мәтін
бөлігі оқылып болған соң, қажетті іс-әрекет орындалады. Мысалға:
түсіну, есте сақтау және салыстыру.
Осының негізінде информатика оқулығына қойылатын талаптарды анықтауда
жалпы оқулыққа қойылатын талаптар негізге алынды.
Оқулыққа қойылатын дидактикалық талаптарды анықтап жүйелеуде оқулық
функциялары:
- білім мазмұнын тасымалдаушы;
- мазмұнды меңгеру процесін ұйымдастырушы;
- ақпараттық;
- трансформациялы;
- материалды бекітушілік;
- өзін-өзі бақылау;
- дамытушы-тәрбиелеуші басшылыққа алынып, негізінен ескеретін құжат
болды десек те болады.
Информатика пәні оқулығының маңызды ерекшелігі бұл өскелең өмір
талабына сәйкестігі болып табылады. Оқулыққа қойылатын талаптар жалпы
оқулықтарға қойылатын талаптар негізінде іріктеледі:
- ұлттық ғылым саясатына сәйкестігі;
- бағдарламаға сәйкестігі; мазмұнының ғылыми мәнділігі және
нақтылығы;
- әлеуметтік-мәдени құндылығы;
- ұсынылған материалдардың тарихилығы;
- оқушылардың физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерінің
ескерілуі;
- мазмұнының жүйелілігі; бірізділігі;
- сабақтастық принципінің сақталуы;
- еліміздің экономикалық даму ерекшеліктеріне сәйкестігі;
- мектептердің компьютермен жабдықталуының ескерілуі;
- компьютерлік оқытушы программалар пайдаланылуының ескерілуі;
- практикалық тапсырмалардың тақырыпқа сәйкестігі;
- мазмұнды ұсынуда дамытушылық принципінің ескерілуі;
- тапсырмалардың жүйелі түрде таңдап алынуы;
- оқытудың әр түрлі жаңа технологияларын пайдалануға ыңғайлылығы;
- оқушылардың жалпы оқу біліктерін және дағдыларын қалыптастыруға
мүмкіндік жасауы;
- деңгейлік тапсырмалардың болуы; т.с.с.
Осы талаптарды ескере отырып дайындалған оқулықтың сапасы жоғары болып,
оқушылардың білімін арттыруға көмектеседі. Сонымен қатар электрондық оқулық
арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып
көрсетуге болады. Электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде
оқушылар бұрын алынған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық
тапсырмалар орындайды.

2 ТАРАУ. VISUAL BASIC ПРОГРАММАЛАУ ТІЛІ

2.1 Мектеп үшін информатика пәнінен оқыту курстары

Қазіргі кезде информатика курстарын мектептерде оқытудың айтарлықтай
тәжірбиелері жинақталды. Атап айтқанда мектеп оқушыларын алгоритмдік және
компьютерлік сауаттылыққа үйрету әдістемесі жасалды. 1960-1970 жылдарда
жалпы білім беру саласында информатика және есептеуіш техникаларын оқытуды
мектеп бағдарламасына енгізуге мүмкіндік болмады. 80 жылдардың аяғына қарай
программалау элементтерін пайдаланып алгебра курсын мектеп оқушыларына
таныстыру әдістемесі, компьютерлік сауаттылықты қамтамасыз етудің
әдістемелік жүйесі жасалынды. Компьютерлік мәдениеттілікті қалыптастырудың
бір бағыты ЛОГО оқыту ортасының қазақ мектептері үшін қазақша варианты
жасалып, орта мектептерде оқытыла бастады. 90 жылдардың бас кезінде
оқытудың компьютерлік технологиясы жасалды.
Білім беру мәселесінде компьютерлік оқыту оқушыларды информатика және
есептеуіш техникалары негіздерімен таныстырумен ұштасады. Бұл компьютерді
қолдану жайында комплексті зерттеу жүргізуге және оны программалық,
техникалық, сондай-ақ оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етуде үлкен
роль атқарады. Компьютерлік оқытудың біртұтас әдістемелік жүйесін жасау –
оқу тәрбие процесін жетілдірудің көкейкесті мәселелердің бірі болып
табылады.
Информатика пәні – басқа пәндерден алған білімдерді пайдаланушы және
оны дамытушы пән. Демек, оқушылардың ғылыми дүние танымының,
көзқарастарының негізі олардың басқа пәндерден алған білімдерін жинақтау
нәтижесінде қалыптасуы керек. Бұл пәнаралық байланыс арқылы жүзеге асады.
Пәнаралық байланыс – күрделі педагогикалық проблемалардың бірі. Ол
педагогика, психология, әдістеме тұрғысынан жан-жақты зерттелген,
зерттелуде. Информатика сабағына интерактивтік әдісті қолданудан
оқушылардың білімі тиянақталады, білімі тереңдейді, өздігінен кітап оқуға
дағдыланады, өмірмен байланыстылығын, информатика пәнінің түрлі пәндермен
байланысты екендігіне көздері жетеді.
Мультимедиялық технологиялар мұғалімдерге қалыпты оқыту жүйесінің
бұрынғы тәсілдерінен бас тартып, еңбек етудің интелектуалдық түрлерін
пайдалануға мүмкіндік туғызып, оқу материалдарының басты көлемін бұрынғыша
беруді азайтып, жаңа тәсілдің жақсы жақтарын кеңінен қолдануға итермелейді.
Жаңа мультимедиялық технологияларға байланысты компьютерлік программаларды
да көрнекі материал ретінде қолданып, тесттер және бақылау жұмыстарын
өткізіп, шығармашылықты дамытатын есептер шығарып, қашықтан оқыту
сабақтарына қатысып, бұрынғы қалыптағы тәсілмен қоса компьютерде де жұмыс
істеуді қатар атқарып, әрбір балаға бағытталған ойын сабақтарын, т.с.с.
жасау мүмкін болып отыр.
Сондай-ақ, бір тақырыпқа баса назар аударту элементін пайдалану арқылы
оқу процесін сағат санын арттырмай-ақ оқытылатын мәліметтің үлкен көлемін
игеретіндей етіп ұйымдастыруға болады, ол үшін материалдарды бір жүйеге
келтіріп, жалпылап жіктеу және құрылымдау тәсілдерін пайдалану керек. Осы
тәсіл оқу процесін жеделдетіп, оқушылардың танымдық, қызығушылық
қасиеттерін екпінді түрде дамыта отырып, жеке тұлғаның толық қалыптасуына –
оқытудың жалпы тәсілдері мен түрлерін, яғни дидактикалық негіздерін
түрлендіруге мүмкіндік береді. Осындай мәселелер бір тақырыпқа баса назар
аударту элементін пайдаланудан басқа модульдік-дифференцирлік, яғни әркімді
деңгейіне қарай жетілдіру, жоба арқылы оқыту жолымен де шешіледі.
Оқытудың модульдік жүйесі – оқыту бағдарламасы бірнеше бөліктерге
бөлінетін технология болып табылады. модульдік оқыту тәсілінде пәннің
барлық материалын қарастырып, оның теориялық және практикалық тапсырмаларын
құрастырып, жеке тақырыптарға арналған әдістемелік материалдардың бірнеше
нұсқаларын жасап шығу керек. Оқушылардың білім деңгейін және олардың
өзіндік тапсырмаларын орындауын бағалау үшін рейтингілік жүйе элементтерін
пайдаланған абзал. Модульдер санын таңдау үшін бағдарламаны бірнеше жеке
тақырыптарға – мәліметтердің аяқталған толық блогына бөліп шығу керек, олар
бір-бірімен сабақтас болып, өте үлкен немесе өте шағын болмауы тиіс.
Оқытудың модульдік жүйесі әрбір оқушыны керекті материалдармен
қамтамасыз ететін мұғалімнің өте көп дайындалуын талап етеді, ал бұл оңай
іс емес.
Қалың көпшілікке, әсіресе алыстағы ауылдағыларға білім берудің ең
тиімді жолы болып табылатын қашықтан оқыту ісі алдыңғы қатарда тұруы тиіс.
Негізгі базалық білім беру аймағында қызмет көрсету жағынан да қашықтан
оқыту мүмкіндіктері өкімет тарапынан қолдау тауып жатқанын атап өткен артық
болмас. Оқу-әдістемелік кешендер жасау ісі баламалы оқыту тәсіліне айналып
келеді, мысалы, еліміздің әр түрлі аймақтарында оқу-әдістемелік құралдар
даярлаушы шығармашылық топтар құрылып жатыр.
Әйткенмен, қазіргі мамандар деңгейін көтеру, біліктілікті арттыру
жүйелері білім берудің өскелең талаптарына сай келмейді. Мысалы, ауылдық
жерлерде тұратын мектепке дейінгі мекемелерде істейтіндердің білімін
үздіксіз түрде көтеру мәселесі шешілмей отыр.
Оқушылардың білімге деген ынтасын, пәнге деген қызығушылығын
арттыратын, соның салдарынан білім деңгейін де көтеретін тағы бір тәсіл –
жобалар тәсілі болып табылады. Бұл тәсіл соңғы кездерде бүкіл әлемде кең
таралып келеді. Жоба ұғымы дидактикалық мақсатқа жету үшін бір идеяны,
белгілі бір бұйымды немесе өнімді жасауды, есеп шығаруды, схема құрастыруды
жүзеге асыратын, жұмыс нәтижесі практикалық бір жазба, схема немесе есеп
түрінде көрсетілетін жұмыс болуы керек. Жобалар тәсілі негізінде:
практикалық немесе теориялық бір мәселені бастан аяқ қарастырып шығатын
жобаның түпкі идеясын жүзеге асыру, бір нәтижеге қол жеткізу ісі жатады.
Осындай жұмысты орындау барысында балалар алған білімдерін толық
пайдаланып, өздері де жаңа бастама, идея берулері керек.
Пәндер арасындағы байланысты жүзеге асыруда оқушының пәнаралық
білімді игеруі екі түрлі жолмен өткізіледі. Біріншіден, оқушы пәнаралық
білімді мұғалімнің түсіндіруінен немесе басқа оқулықтан дайын түрде
қабылдайды. Екіншіден, оқушы пәнаралық байланыс мазмұнын шығармашылық
ізденіс үстінде игере алады. Онда ол бір жаңалық ашқандай болады. Алған
білімі есінде ұзақ сақталып, пән бойынша білім сапасы артады, дүние танымы
жан-жақты болады. Сондықтан оқыту барысында осы екінші жолдың үлесін
көбейтуге тырысамын. Ол үшін сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдерді, ұйымдастыру
түрлерін қолдануды талап етеді.
Ұйымдстырылған форма және оқыту құралдарын басқа пәндерді оқыту
барысында қолдануға болады. Жаңа командаларды оқыту кезінде оқытуды
ұйымдастырудың фронтальды түріне көп көңіл бөледі. Осы орайда плакаттар,
слайдтар, интерактивті тақталар, эпипроекторлар және т.б. қолданылады.
Оқытылған материалды бекіту группамен немесе индивидуалды түрде өтеді. Ал,
бақылау жұмыстарын оқушылар өз беттерімен орындайды.
Сондықтан да мен оқушылардың жеке – жеке қабілеттерімен санаса отырып
түсіндіруді жөн көремін. Әрбір баланың қабылдауы, есте сақтауы әртүрлі
деңгейде болғандықтан, жаңа замандағы жаңа технологияны пайдалануды жөн
көрем.
Деңгейлеп оқыту әдісі оқушылардың өз бетінше оқып үйренуін және дами
алатын субъект дәрежесіне дейін көтерілуін, яғни білім сапасын арттыруын
талап етеді. Сондықтанда мектепте программалау тілдерін және алгоритм
қасиеттерін оқушыларға үйрету барысында мен деңгейлеп оқыту әдісін таңдап
аламын.
Мұғалім ақпарат беруші ғана емес, ұйымдастырушы әрі кеңес беруші.
Деңгейлеп оқыту әдісі оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың
негізгі құралы болып саналады. Ол төмендегі талаптарға жауап береді.
• Оқытуды ұйымдастырудың барлық кезеңдерінде оқушылардың оқу ынтасын
ояту мен дамыту;
• Оқушыларды мақсат қою мен тапсырмалар орындау үшін жоспар құра білуге
дағдыландыру;
• Оқушылардың интеллектуалдық іскерлігін жетілдіру;
• Оқушылардың өзін-өзі бақылау мен түзету жұмыстары негізінде оқу
танымдық іс-әрекетін қалыптастыру.
Деңгейлеп оқыту әдісінің басты мақсаты:
- оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқуға деген қабілетін
қалыптастыру және өзіндік шығармашылық ізденісін дамыту.

Дамыта оқыту әдісі

Оқушының
Оқушының қызығуы қабілеті
Өзіндік
шығармашылық қызметі

Дамыта оқытуда оқушының өзіндік іс-әрекеті:
1. Тапсырманы орындауда ұтымды жолдарды қарастыру әрекеті.
2. Тапсырманы орындаудың жоспарын құру әрекеті.
3. Өткен тақырып пен жаңа тақырыпты салыстыру әрекеті.
4. Тексеру әрекеті.
5. Қатені түзету әрекеті.
6. Өзіндік тұжырым жасап, қорытындылау әрекеті.
Информатика сабағына қойылатын негізгі талап ғылыми негізде оқыту,
термин сөздермен, сандармен, алгоритмдер құру, программалар жазумен,
компьютерде жұмыс жүргізу, пән аралық байланыс жасау, өмірмен
байланыстыру, халық педагогикасын қолдану болатын болса, мен осы
жоғарыдағы талаптарды болашақта өз сабағымда басшылыққа аламын.
Менің тұжырымдамам бойынша информатика мазмұны мынадай екі үлкен
дидактикалық мәселені шешуге бағытталады: 1) компьютер – оқыту объектісі;
2) компьютер - әмбебап таным құралы. Оқушы таным субъектісі болған кезде
бұл екі мәселе бірін-бірі толықтыра отырып курстың негізгі мазмұнын
құрайды.
Информатиканың мазмұнын анықтауда оны іріктеудің дәстүрлі талаптармен
қоса компьютердің дидактикалық мүмкіндіктерін ескеру; оқытудың
педагогикалық технологиясының талаптарын ескеру және ұлттық, аймақтық
ерекшеліктерді ескеру талаптары да қамтылады.
Мазмұнға қойылатын процессуалдық талаптан шығатын шарттар оқытудың
компьютерлік технологиясын ендіруді қажет етсе, ол өз кезегінде деңгейлік
саралауға қажет есептер мен тапсырмалар жүйесін құрудың, оқытудың жаңа
моделімен жұмыс істеуді қажет етеді. Оқыту моделі оқушының жеке тұлғасын
дамытуға бағытталған, мақсат – мотив – қызмет – рефлекция – теориялық білім
өрнегімен анықталатын түрі таңдап алынады.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында информатиканың мазмұны мына
бағыттар бойынша өзгертіледі.
1. Теориялық информатика.
2. Ақпараттық технологиялар.
3. Әлеуметтік информатика.
Информатиканы оқытудың негізгі нысандарына ақпараттық жүйелер мен
олардың әдістері және ақпараттық құралдарды қолдану жатады. Информатиканың
базалық курсы төмендегідей 4 аспектіні қамтамасыз етеді:
- Әлеуметтік көзқарас. Ол ақпараттық технологиялардың жан-жақты
қолдануы мен біртұтас ақпараттық әлем бейнесін қалыптастырумен тығыз
байланысты.
- Алгоритмдік. Ол алгоритм туралы түсініктерді, олардың берілуі мен
орындалу тәсілдерін қалыптастыру және алгоритмдік ойлау қабілетін дамытумен
тығыз байланысты.
- Технологиялық. Ол компьютерді оқыту және дидактикалық құралы ретінде
қолдану түсініктерін меңгертумен, компьютерлік сауаттылықты және ақпараттық
мәдениетті қалыптастырумен тығыз байланысты.
- Зерттеушілік. Ол оқушылардың шығармашылық, өзіндік танымдық іс-
әрекетін қалыптастырумен байланысты.
Аталған аспектілер 12-жылдық оқытуға көшу барысында информатиканы
оқытудың бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.
Мен информатика пәнін оқытуда, оқытудың сапасын арттыруға қолданылатын
педагогикалық технологиялар түрлерін модуль ретінде бергенді дұрыс деп
ойлаймын. Бұл модульдің негізгі идеясы ақпараттық қоғам жағдайында
ақпараттық сауаттылығы дамыған, ақпараттық мәдениеті қалыптасқан жеке тұлға
ретінде жас ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған.
Информатика пәнінің даму болашағы мына көріністерге байланысты:
1. Пәннің жалпы білімділік, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, атап
айтқанда:
- оқушыларға формальдау, модельдеу және компьютерлік тәжірибе әдістерін
меңгерту;
- тиімді шешімдерді таңдай білуге бағытталған оперативті ойлау
қабілетін дамыту.
2. Информатиканың ғылыми пән ретінде қалыптасуы, атап айтқанда,
әлеуметтік, экономикалық құқықтық, биологиялық, қолданбалы информатика және
т. б.
Информатиканы оқыту бағыттары мен оқыту сапасын арттыруға қолданылатын
педагогикалық технологиялар арасындағы байланыстылықты сипаттайтын модуль.

2.2 Программалауды оқытудың әдістері мен тәсілдері

Программалау тілдері алғашқы компьютерлер шыққан кездерден бері
пайдаланылып келеді. Ақпараттық технологиялардың дамуы программа жазу
тәсілдерін де жетілдіре отырып, жаңа программалау тілдерінің пайда болуына
себебін тигізді. Бүгінгі күндерде олардың саны бірнеше жүздерге жетті.
Осындай көп түрлі программалар ішінен өз мақсатыңызға керектісін таңдап
алу, яғни сізге қандай тіл ыңғайлы болатынын анықтау да оңай шаруа емес.
Компьютерлік сауаттылықтың құрамды бөлігі болып – программалау табылады,
бұл жағдайда профессионалдық ұйғару мен тәжірибенің бірігуі емес, машиналық
орындаушыларды құрастыру және тармақталған жоспар әрекетінің құрылу
мәдениеті түсінігі жатады. Компьютерлік сауаттылық жабдықталуының
тапсырмасы ақпараттық мәдениеттің құрылуының тапсырмасына қатысты тәуелді
және көмекші сипаттамасы болады.
Программалау тілі дегеніміз – мәліметтермен жұмыс істеу кезінде
практикалық есептерді шығару алгоритмдерін құру үшін пайдаланылатын
белгілер мен ережелер жиыны. Барлық программалау тілдері жоғары және
төменгі деңгейдегі болып екіге бөлінеді. Төменгі деңгейдегі тілдер
процессордың орындауы үшін қолайлы да, адамдардың ұғуы үшін күрделірек
болып келеді. Сондықтан қолданбалы программалар жасау үшін командаларды
түсінікті (С, С++, Java, Visual Basic) болып келетін жоғары деңгей тілдері
жиі қолданылады. Осындай тілдерде жазылған программалар оларды аудару
кезінде процессордың орындауына даяр тұратын машиналық кодқа
түрлендіріледі. Әрбір қолданбалы программа нақты бір мәселелерді шешу үшін
қолданылады, олар сол жұмыс ортасының құрылымын, құрамын, тіпті сыртқы
түрін де қалыптастырады. Бірақ толып жатқан айырмашылықтарына қарамастан,
компьютерлік программалардың бәріне де ортақ қасиеттері көп. Олардың басым
көпшілігі компьютерге арналған арнайы нұсқаулар жиынынан тұрады. Соларды
атқара отырып, компьютер өзіне жүктелген жұмыстарды – есептеулер жасау,
музыка ойнату, бейне суреттер көрсету, т.с.с. әрекеттерді орындайды. Кез
келген программаны, егер ол орындалу жолымен тексерілмеген болса, оның
жазылу процесі аяқталған немесе оны дұрыс программа деп айтуға болмайды.
Программалаудың орындалу ретін оқыту өте маңызды. Мұғалім, оқушыларға
программалау тәжірибесін оқытуда жақсы нәтижені өз бетімен орындауға
үйреткенде ғана ала-алатынын білуі керек. Программалауда шығарылған есептің
саны маңызды емес, оқушының оны қаншалықты түсінгені маңыздырақ болып
табылады.
Программаның орындалу реті – оқушылардың білімін бақылаудағы өте тиімді
форма.
Программаның орындалуының тәрбиелік мағынасы, оқушыларды мұқияттылыққа
және ұқыптылыққа тәрбиелеуінде, сонымен қатар басталған затты ақырына дейін
жеткізе аяқтауға үйретеді.
Сондай-ақ, программалау тілін оқытудың негізгі мақсаты – программалау
тілін тереңдетіп оқыту арқылы оқушыларды олимпиадаға, жоғарғы оқу
орындарына осы мамандық негізінде түсуге дайындау.
Программалау аймағында қол жеткен көрнекті табыстардың бірі – жоғары
деңгейдегі тілдердің – алдымен Фортран, соңынан Кобол, Бейсик, Алгол,
Паскаль тілдерінің шығуы болды. Олардың барлығы да программалаудың
құрылымдық тәсілдерінің мысалы ретінде қарастырылады: программалық кодтар
айқындалған құрылымдардан (процедуралардан) тұрып, бір-бірімен тығыз
байланыста болатын жеке-жеке блоктарға бөлінетін еді. Негізінде бұлар жалпы
мақсатта қолданылатын тілдер болды және олар кез келген есептерді шығаруда
қолданыла беретін еді. Мысалы, Фортран, негізінен, ғылыми мәселелер шешуде
және инженерлік есептеулерде қолданылса, Кобол, Бейсик және Алгол тілдерін
әр түрлі бизнес программаларда – мекеме жұмысын автоматтандыруда,
бухгалтериялық есептерде, қоймалардағы тауарлар айналымын сипаттауда, т.б.
аймақтарда пайдалану қолайлы болып саналатын. Ал Паскаль тілі процедуралық
программалауға үйрену тілі ретінде пайдаланылады.
Шартты түрде қарайтын болсақ, программалау тілдеріне белгі қою немесе
белгілеу тілдерін де жатқызуға болады. Бұлар – мәтін ішіне енгізіліп
қойылатын, сол құжатты белгілі бір құрылғыға шығару немесе оның құрылымын
көрсету үшін пайдаланылатын симвлодар тізбегі немесе арнайы сөз тіркестері.
Олар форматталған (безендірілген) мәтінді шығаратын барлық орындарда
қолданыла береді. Қазіргі кездерде кең қолданылып жүрген жаңа мүмкіндіктері
бар объектіге бағытталған тілдер болып табылады, олар процедураларға
бағытталған программалаудан объектіге бағытталған программалауға (ОБП)
көшуге жол ашты. ОБП тілдері құрылымды программалаудың жақсы жақтарын жаңа
қуатты тұжырымдамалармен біріктіре отырып, белгілі бір мәселені құрама
бөліктерге бөле отырып, солардың әрқайсысын жеке-жеке өңдеу арқылы
программаларды тиімді түрде құруға мүмкіндік береді.
Алғашқы ОБП тілдерінің бірі Си тілі еді, осы тілде Windows жүйесі
жазылып шыққан болатын. Си тілінің өзі процедураға бағытталған тіл
болғанымен, оның негізінде қазір кең қолданысқа кірген, объектіге
бағытталған С++, Java, C# тілдері пайда болды. Объектіге бағытталған
қасиеттері бар тілдерге бұлардан өзге Simula, Smalltalk, Eiffel, Ada
тілдері де жатады. Жоғары оқу орындарында программалауды үйрену мақсатында
қолданылып келе жатқан Object Pascal тіліне негізделген Delphi, Visual
Basic программалау ортасының да жиі пайдаланылатынын атап өтуге болады.
Программалаудың ең қарапайым мысалы ретінде Office ортасындағы
программаларда пайдаланылып келе жатқан Visual Basic тілінде жазылған
макростарды айтуға болады. Программалардың стандартты әрекеттерін әрбір
тұтынушы өз макростарын енгізу арқылы толықтыра алады. Оны жасау үшін
макрокомандаларды жазу режимінде барлық керекті әрекеттерді бір рет орындап
шығу жеткілікті, соларды программа есте сақтап, кейіннен қайталап орындай
алады. Бұған қоса, макростарды біртіндеп қолдан жазып түзету мүмкіндігі де
бар және бұлар жұмысты тиімды басқаруға да қолайлы болып саналады.
Программалық жабдықтамалар жасаудың қазіргі технологиялары оларды жазуды
бірсыпыра оңайлату тәсілдерін ұсынып отыр. Жаңа қолданбалы программалардың
сыртқы түрін кодтарды жазбай-ақ, сурет арқылы қолмен жобалап шығуға да
болады. Арнайы құралдар көмегімен жасалатын программа интерфейсінің суретін
салып, мысалы, программа терезесінде болуы тиіс әр түрлі функционалдық
элементтердің (кнопки, переключатели, меню, выподающие списки және т.б.)
сыртқы бейнесін салып толықтыру мүмкіндігі енгізілген.

2.3 Basic, Visual Basic for Application программалау тілдерін оқыту
курсы

Қазіргі кезде жалпы білім беретін орта мектептерде Информатика мен
есептеуіш техника негіздері курсы 10-11 сыныптарда оқытылуда. Ал, лицей,
гимназия және жекеменшік мектептерде бұл курсты 2-ші, 5-ші, 7-ші сыныптарда
оқыту тәжірбиелері жүргізілуде. Жалпы, орта мектеп моделінің жаңаруы мен
базалық білім беру мазмұны құрылымының өзгеруіне байланысты информатика
курсын негізгі мектептің 7-9 сыныптарында және 10-11 сыныптарда мамандыққа
баулу курстары бойынша оқыту қажет болып отыр. Бұған қоса орта білім беру
жүйесін ақпараттандыру оқушылардың информатикадан алған білімдерін басқа
пәндерді үйренуге, компьютерді жан-жақты пайдалана білуге, үйретуге,
сөйтіп, информатиканы негізгі мектептен бастап оқытуды талап етіп отыр.
Информатика курсын 7 сыныптан бастап оқытуға жүргізілген тәжірибенің оң
нәтижесі де курсты негізгі мектепте оқытудың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың негіздері
Визуалды тілдерде графиканы программалау. Нұсқаулық
Информатиканы мектепте оқытудың жалпы мәселелері
Программалауды оқытудың замануи технологиялары
Қоғамды информатикаландыру және оның жалпы білім беру жүйесінде алатын орны мен ролі
Орта мектепте Паскаль программалау тілін оқытуды жетілдіру жолдары
Оқытудың интерактивті технологиялары
Delphi программалау тілін оқыту әдістемесі
Есептеу техникасы және дербес компьютер
Алгоритмдердің түрлері
Пәндер