Бюджетті бағдарламаларды бағалау рәсімдері
Мазмұны
Кіріспе 3
1. Қазақстан Республикасының бюджетін атқарудағы қаржылық процедуралар
жүйесі. Қазынашылықтағы ақпараттық технологиялар 4
1.1 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі 4
1.2. Бюджеттік атқарудағы қаржылық процедуралар 9
1.3 Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі Қазынашылық Комитетінің
атқаратын рөлі мен жалпы сипаттамасы 14
1.4. Бюджеттің атқару жүйесін автоматтандыру. Қазынашылықты жаңғырту
жобасы 23
1.5. Қазынашылық жүйесінің біріктірілген ақпараттық жүйесінің
сипаттамасымен мінездемесі 26
2 Бюджетті атқару ақпараттық жүйесін жобалау мен құру технологиясы 33
2.1. Бюджетті атқару ақпараттық жүйесін құрудың мақсаты 33
2.2. Бюджетті атқару ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар 34
2.2.1. АЖ құрылымына қойылатын талаптар 35
2.2.2. Ресурстарға қойылатын талаптар 36
2.2.3. Ақпараттық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар 37
2.2.4. Ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар 39
2.2.5. Техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар 40
2.2.6. Бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар 41
2.2.7. Математикалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар 42
2.3. Концептуалды схема 43
2.4. Тапсырма қойылымы 46
2.5. Ақпараттық база 47
2.6. Тапсырманың математикалық қамсыздандырудың сипаттамасы 50
2.7. Бағдарламалық қамтамасыз ету 51
2.8. Тапсырмалардың жиынтығының қызмет етуіндегі ақпараттық
технологиялардың сипаттамасы 53
Қолданылған әдебиеттер 54
Кіріспе
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының қаржы саласының даму
бағыттарының басты бағыттарының бірі болып жаңа ақпараттық жүйелерді ендіру
табылады. Бұл бағыттағы жаңа мүмкіндіктер еліміздің нарықтық қатынастарға
көшу кезеңінде, мемлекеттік қаржылар саласының түбегейлі өзгерістер мен
реформалардың жүргізуі нәтежиесінде пайда болды. Жаңа ақпараттық
технологиялардың даму нәтежиесінде мемлекеттік бюджет саласын басқа да
қаржы институттарымен және экономика секторларының арасында тығыз
байланыстар орнату мен ақпараттық интеграциялау үшін алуан мүмкіндіктер
пайда болды. Мемлекеттік қаржы саласын автоматтандыру – бұл жаңа нарықтық
қатынастардың талабына айналды.
Қазақстан Республикасының бюджет саласы мемлекетіміздің ең негізгі
қатынастар аясы, еліміздің экономикалық тұрақтылығының кепілі. Сол себептен
мемлекеттік бюджетті атқару процесінде мейілінше тиімді және жедел
технологиялардың қолдануы, еліміздің қаржы саласын дамытудың негізгі
құралдардың біріне айналды. Осы тұрғыда, бюджет жүйесінің жаңа халықаралық
төлем және есеп-айырсудың жаңа стандарттарына көшуі, Қазақстанға әлемдік
ғаламдану процесіне енуіне көптеген мүмкіндітер беретінін атап өткен жөн.

жүйесі. Қазынашылықтағы ақпараттық технологиялар
1.1 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
Әрбір ақпараттық жүйенің (АЖ) өзіндік пәндік облысы болады. Ол
ақпараттық объектілердің жиынтығынан құралатын, ақпараттық кеңістіктен
тұрады.
Бұл дипломдық жұмыста бюджеттік атқарылымның қаржылық
процедураларындағы ақпараттық технологиялар қаралатын болғандықтан, ең
алдыменен ҚР бюджет жүйесін сипаттап өткен өте орынды.
1991 ж. бастап ҚР өзінің тәуелсіздігіне қолы жетті. Мемлекетіміздің
алдында жаңа экономикалық жүйені қалыптастыру мәселесі тұрды. Осыған орай,
қазіргі экономикалық жүйенің негізін қалыптастыратын заңнамалық реформалар
жүзеге асырылды. Осының нәтижелерінің бірі болып, еліміздің негізгі
экономикалық-әлеуметтік қатынастарды реттейтін “Бюджет жүйесі туралы”
1.01.1999 ж. ҚР Заңы қабылданды.
Бұл заң әртүрлі деңгейдегі бюджеттердің қалыптасу процесінде пайда
болатын қаржылық қатынастарды реттейді. Сонымен қоса, республикалық және
жергілікті бюджеттердің әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және бақылау
тәртіптерін анықтайды.
Осы Заңда ҚР бюджет жүйесі туралы былай делінеді:
“Бюджет жүйесі – заңмен бекітілген аралық қарым–қатынасы бар,
экономикалық қатынастармен құқықтық нормаларға негізделген елдегі барлық
бюджеттердің жиынтығы.”
ҚР жиынтығында бюджет жүйесін құрайтын дербес республикалық бюджет
пен жергілікті бюджеттер қызмет етеді. Осыған орай осы бюджеттерге қатысты
анықтама беріп кетсек.
Республикалық бюджет – ҚР Конституциясы мен Заңнамалық актілермен
белгіленген функцияларды жүзеге асыру үшін ҚР Үкіметімен анықталатын,
республикалық бюджеттік програмаларды қаржыландыруға арналған және кірістер
мен дефицитті қаржыландыру (профицитті қолдану) мен бекітілетін
орталықтандырылған ақшалай қор.
Жергілікті бюджеттер немесе әкімшілік–территориалдық бірліктердің
бюджеттері – облыстық, аудандық (қалалардағы аудандардан басқа), қалалық
(аудандық маңызы бар қалалардан басқа) бюджеттер.
Жоғарыда аталған Заңға сәйкес ҚР бюджет жүйесі төмендегідей қағидаларға
негізделеді:
- Біртұтастық, бұл барлық бюджет түрлерінің ортақ құқықтық базамен
қамтамасыз етумен, бірыңғай бюджеттік сыныптамасын қолданумен,
мемлекеттік қаржылық статистикасының біртұтастығы, келісілген
бюджеттік процедураларды жүргізумен, барлық бюджеттердің қайта
бөлу қатынастары арқылы өзара іс – қимылымен сипатталады;
- Толықтылық, ҚР салық және бюджет заңдарында белгіленетін барлық
түсімдердің, соның ішінде мемлекеттік акциялар пакеті бар
акционерлік қоғамдардан және республикалық мемлекеттік
кәсіпорындардан алынатын түсімдердің толық тізбесінің және
шығыстардың бюджеттерге міндетті және толық көрсетілуімен
қамтамасыз етіледі.
- Бюджеттердің нақтылығына ҚР Президентінің Қазақстан халқына жыл
сайынғы жолдауына сейкес оларды ҚР әлеуметтік – экономикалық дамуы
индикативтік жоспарының, аумақтарды дамытудың экономикалық және
әлеуметтік бағдарламаларының өлшемдеріне сәйкес келтіру, сондай-ақ
ҚР Ұлттық қорының тұрақтандырушылық функциясын іске асыру арқылы
қол жеткізеді.
- Бюджеттердің жариялылығы бекітклген бюджеттер мен олардың
атқарылуы туралы есептердің жариялануы арқылы қамтамасыз етіледі.
- Бюджеттердің дербестігі әртүрлі деңгейдегі бюджеттердің арасында
кірістерді бөлудің тұрақты нормативтердің орнықтыру және бюджет
қаражатының жұмсалу бағыттарын белгілеу құқығы арқылы қамтамасыз
етіледі.
Қазіргі кезде әзірлеудің негізі болып ҚР Үкіметі бекіткен Қазақстан
Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуының индикативтік жоспары
және жергілікті өкілді органдар ҚР Президентінің Қазақстан халқына жыл
сайынғы жолдауына сәйкес бекітетін тиісті кезеңге арналған аймақтарды
дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламалары алдағы қаржы жылына
арналған бюджеттердің жобаларын әзірлеу және мемлекеттік бюджеттің болжамды
көрсеткіштерін ұзақ мерзімді жоспарлау үшін негіз болып табылады.
“Бюджет жүйесі” туралы Заңға сәйкес бюджеттің құрылымы келесідей
болуы тиіс:
1) Түсімдер:
- Кірістер
- алынған ресми трансферттер
- кредиттерді қайтару
2) Шығыстар:
- Шығындар
- кредиттер
3) Бюджет тапшылығы (профициті);
4) Бюджет тапшылығы (профицитін пайдалану) қаржыландыру.
Ал түсімдер өз кезегінде келесідейлерге бөлінеді:
- салалық түсімдер;
- салықтық емес түсімдер;
- капиталмен операциялардан түсімдер.
Жоғарыдағы негізгі 3 категорияға қосымша “алынған ресми трансферттер”
категориясымен толықтырылады.
Жаңа бюджет жүйесіне сәйкес бірыңғай бюджеттік сыныптама еңгізілді.
Бюджеттік сыныптаманың құрылымы төмендегідей:
1) кірістер сипаттамасы:
- санаты
- сыныбы
- ішкі сыныбы
- ерекшелігі
2) шығыстардың функционалдық сыныптамасы:
- функционалды топ
- ішкі функция
- мекеме
- бағдарлама
- ішкі бағдарлама
3) шығыстардың экономикалық сыныптамасы:
- категория
- сынып
- ішкі сынып
- ерекшелігі
4) шығыстардың ведомствалық сыныптамасы:
- мекеме
- бағдарлама
- ішкі бағдарлама.
“Бюджет туралы” Заңға сәйкес бюджет жобаларын қарастыру бюджет
коммисияларының негізгі қызметі. Ал бюджеттік коммисияны қалыптастыру
құзыры ҚР Президентіне және жергілікті атқару органдарына беріледі. Ал өз
кезегінде бюджет жобасын әзірлеу ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау
министрлігіне (ЭБЖМ) жүктеледі. ЭБЖМ бюджет жобаларын 3 жылға белгіленген
экономикалық - әлеуметтік дамудың индикативтік жоспарына және бюджеттік
бағдарламалардың өтілімдері негізінде жасалынады. Республикалық бюджет
туралы заң әрбір қаржылық жылдың 15 желтоқсанға дейінгі мерзімге дейін
қабылдануы тиіс. Әйтпесе, ҚР Президенті “алдағы қаржылық жылдың тоқсанына
республикалық қаржылық жоспары туралы” жарлық шығаруына құзырлы.
Тиісінше, “қаржылық жылға республикалық бюджет туралы” заң келесідей
мәліметтерді қамтуы керек:
- кірістердің, алынған ресми трансферттердің, республикалық бюджеттен
берілген кредиттерді қайтарудың, шығындардың, кредиттердің және бюджет
тапшылығының (профицитінің) көлемдерін;
- облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша, республикалық және
жергілікті бюджеттерге шикізат секторының ұйымдарынан түсетін
кірістердің көлемдерін;
- мемлекеттік акциялар пакеті бар акциялар акционерлік қоғамдардан және
республикалық мемлекеттік кәсіпорындардан алынатын түсімдердің толық
тізбесін;
- айлық жалақының, зейнетақы мен айлық есептік көрсеткіштің ең төменгі
мөлшерін;
- ҚР Үкіметі резервтерінің мөлшерін;
- ҚР мемлекеттік кепілдіктері бойынша міндеттемелерді орындау сомасын;
- Үкіметтік борыштың лимитін;
- ҚР тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік кепілдіктерін беру
лимитерін;
- Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша республикалық және
жергілікті бюджеттерден ҚР Ұлттық қорына берілетін ресми
трансферттердің сомасы;
- Республикалық бюджеттік бағдарламалардың функционалдық топтары,
әімшілері бойынша және ішкі бағдарламалар бойынша шекті шығыстардың
тізбесін;
- Республикалық ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму
бағдарламаларының тізбесін;
- Тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді
атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын республикалық және жергілікті
бюджеттік бағдарламалардың тізбесін;
- Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің
ағымдағы қаржы жылының басында қалыптасқан кредиторлық берешегінің өтеу
сомасын.
Республикның бюджеттік жүйесін реформалау соңғы 10 жылға келді.
1997 жылы мемлекеттік бағдарламалық міндеттерін орындау мен бюджеттің
барлық деңгейлерінің шығындарын байланыстыруға, халықаралық стандарттарға
сәйкес келетін, бюджетті атқарда мөлдірлікті қамтамасыз ететін жаңа
бюджеттік сыныптама енгізілді.
1998 жылы бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер жататын мемлекеттік
секторына функционалды талдау жасалынып, оларға құрылымдық өзгерістер
енгізілді. Олар мемлекеттік мекеме және кәсіпорын деп жіктелінді. Бұл
ұғымдар ҚР Азаматтық Кодекске енгізіліп, бюджеттен толық қаржыландырылатын
мемлекеттік мекеме дегенге анықтама берілді.
Бюджеттік процестің маңызды кезеңі болып мемлекеттік мекемелердің
құқықтық жағдайы, бюджеттік сала мен бәсекелестік секторды нақты жіктеу
және барлық бюджеттік мәмілелердің Қазынашылық органдарында міндетті
тіркелуі сияқты жаңғыртулар табылады.
Осы кезеңде барлық бюджеттен тыс қорлар таратылып, оның ақша қорлары
бюджетте жинақтандырылды.
Бюждеттік жүйе туралы Заңның өзгертулеріне сәйкес орталық пен
аймақтар арасында жаңа қатынастар қағидалары пайда болды:
– Барлық облыстар үшін республикалық және жергілікті бюджеттер
араларындағы бөлу нормативтерін анықтады;
– Бюжеттен қаржыландырылатын мемлекеттік қызметтерді жіктеу
жүргізілді;
– Бюджеттердің барлық деңгейлерінің арасындағы баланстылық
бюджеттік алымдар мен ресми трансферттер негізінде қалыатасты;
– Жергілікті атқарушы органдар үшін қарыз алу құқығы енгізілді.
Осы кезеңде бюджетте көрсетілген барлық льготтар мен жеңілдіктер
бойынша жүйеленіп, персофикацияланды, оның орнына адресті әлеуметтік көмек
енгізілді.
2000 жылдан бастап бюжеттік процесті мемлекеттік дамудың мақсаттарына
сай программалық негізге көшті. Бұл бағыт еліміздің әлеуметтік-экономикалық
даму приоритетерін айқындап, бюджеттік бағдарламаларды ағымдағы және даму
бағдарламалары болып жіктелді. Бюджеттік бағдарламалармен қоса мемлекеттік
инвестициялық өте маңызды орынға ие болды. Осы арқылы сыртқы бағалық
тітіркеністер мен жобаланған табыстарды ала алмауын реттейтін амортизатор
рөліне ие болды.
Сонымен қатар, бюджеттік процеске бюджеттік бағдарламаның паспорты
деген ұғымы енгізілді, бұл құжат арқылы тиісті бюджет бағдарламалары
әкімшілерінің қызметтерін бағалаудың негізіне айналды. Паспортар Үкіметпен
және жергілікті атқарушы органдармен бекітіледі.
Бұл құжат бюджет бағдарламасының құнын, нормативті-құқықтық базасын,
қаржыландыру көздерін, бағдарламаны жүзеге асырудың мақсатын, соңғы
нәтежиелерін және жауапты тұлғаларды анықтайды.
Бюджеттік ұйымдардың сметалары бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың
детальлді және жиынтық жоспарымен алмастырылған. Қаржыландыру жоспарлары
әкімшілердің міндеттемелері және төлемдері бойынша жүзеге асады. Бюджетті
әзірлеудің басты органы болып Бюджеттік комиссия табылады.
Бюджеттік процеске бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыруды бағалау
механизмі дамытылып келе жатыр. Бюждетті жоспарлау кезеңінің басында-ақ
тиісті орган бюджеттік өтініштерді Президент жолдуына, елдің даму
стратегиясына, елдің индикативтік жоспарына және даму бағдарламаларына
сәйкестігіне талдау жасап, оны приоритеттілікке деңгейлейді.
1.2. Бюджеттік атқарудағы қаржылық процедуралар
Бюджетті атқару жөніндегі қаржылық рәсімдер – мемлекеттік мекемелер
өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын және қолданылып жүрген заң актілеріне
сәйкес бекітілген республикалық және жергілікті бюджеттерді атқаруға
бағытталған іс әрекеттер.
Республикалық бюджетті атқаруды ҚР Үкіметі қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік мекемелер бағдарламаның әкімшілері бекіткен жоспарлар шегінде
және ҚР Қаржы Министрлігінің Қазынашылық Комитетінің берілетін
рұқсаттарының негізінде шығындарды жүргізеді.
Бюджетті атқару жөніндегі қаржылық рәсімдер сол сияқты бюджет жүйесі
туралы заңға сәйкес алдағы қаржы жылының 1-тоқсанына арналған
республикалық қаржы жоспарының және тиісті қаржы жылының 1-тоқсанына
арналған жергілікті бюджетті қаржыландыру жиынтық жоспарының атқарылуына
қолданылады.
Бюджеттік атқарудағы қаржылық процедуралардың заңнамалық негізі болып
ҚР Конституциясы, Бюджет туралы заң, Республикалық бюджет туралы заң,
мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің
атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық)
жөніндегі қаржының рәсімдерінің ережесі табылады.
Осы аталған нормативтік актілеріне сәйкес ҚР-да бюджеттік атқарылымда
келесідей қаржылық процедуралар тізбегін қалыптастырады:
I. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы ҚР Заңы
бекітілгеннен кейін бес жұмыс күнінің ішінде оның іске асырылуы туралы ҚР
Үкіметінің актісі қабылданады. ҚР үкіметінің актісі:
- Кірістердің, алынған ресми трансферттердің, республикалық бюджеттен
берілген несиелердің қайтарылуын, бюджеттің шығындарын, несиелерімен
тапшылығын (профицитін), республикалық бюджеттің тапшылығын
қаржыландыруды (профицитті пайдалануды);
- Функционалдық топтар, ішкі функциялар, республикалық бюджеттік
бағдарламалар, бағдарламалар және кіші бағдарламалар әкімшілері
бойынша республикалық бюджеттің шекті шығыстарының тізбесін;
- Республикалық инвестициялық жобалардың тізбесін;
- Мемлекеттік мекемелерге республикалық бюджет туралы заңды іске асыру
жөніндегі тапсырмаларды қамтиды.
II. Осы актінің негізінде бюджеттік бағдарламаның паспортын бекіту
және нақтылау рәсімдері жүзеге асырылады.
Бюджеттік бағдарламаның паспорты – ҚР Үкіметі немесе жергілікті
атқарушы орган бекітетін, бюджеттік бағдарламаның мақсаттарын, күтіліп
отырған нәтижелерін, жауапты атқарушыларын, орындалу мерзімдерін, ұлттық
валютадағы құнын қаржыландыру көздерін және басқа да сипаттамаларын
айқындайтын құжат.
Паспортты тиісті қаржы жылына арналған республикалық немесе жергілікті
бюджетте көзделген әрбір бюджеттік бағдарлама боыйнша жыл сайын бюджеттік
бағдарламаладың әкімшілері әзірлейді. Паспорттарды ҚР Үкіметі немесе
жергілікті атқарушы орган бюджеттердің жобаларын бюджеттік бағдарламалар
әкімшелерінің бюджеттік өтінімдерін әзірлеу сатысында әзірленген жобалардың
негізінде Үкімет немесе жергілікті атқарушы орган бекітеді. Паспорттар ҚР
Үкіметінің кесімі және жергілікті атқарушы органдардың кесімдері
қабылданғаннан кейін, бірақ қаржы жылының басталуынан кешіктірмей он жұмыс
күні ішінде бекітілуі тиіс.
III. Бюджетті атқару үшін қаржыландырудың мынадай жоспарлары
жасалынады:
- мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері және төлемдері бойынша
бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландырудың
жоспарлары;
- бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері және төлемдері
бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру
жоспарлары;
- қаржыландырудың жиынтық жоспары.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері және төлемдері
бойынша ведомствалық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру
жоспарлары қаржыландырудың тиісті жиынтық жоспарларын қалыптастыру үшін
экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасы
Үкіметінің тиісті жылға арналған бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын
бекіту туралы кесімі қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде бюджеттік
бағдарламалардың, кіші бағдарламалардың әкімшілері және бірыңғай бюджеттің
сыныптама, шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері
бөлінісінде республикалық бюджеттің шығыстарына арналған жылдық бюджеттік
тағайындаулардың жиынтығын бекітеді және ҚР Қаржы министрлігіне береді.
Қаржыландыру жиынтық жоспарының мынадай құрылымы бар:
- бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспары;
- кірістер;
- алынған ресми трансферттер;
- несиелерді қайтару;
- бастапқы қаржы жылына арналған бюджет қаражаттарының бос қалдықтарын
ескере отырып, бюджеттің тапшылығын қаржыландыру көздері;
- міндеттемелері және төлемдері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары;
- шығындар;
- несиелер;
- үкіметтік борышты өтеу немесе жергілікті атқарушы органның борышын
өтеу.
ҚР Қаржы министрлігі – бұл жоспарды ҚР Үкіметінің актісі қабылданғаннан
кейін екі аптаның ішінде қаржыландырудың жиынтық жоспарын әзірлейді және
бекітеді.
IV. Келесі сатыда ұлттық, шетел валюталарында және зат түріндегі
түсімдер бойынша бюджеттің атқарылу рәсімдері орындалады. Барлық аталған
түсімде бірыңғай бюджеттік сыныптамасының бекітілген кірістер сыныптамасы
кодтарына сәйкес Бірыңғай қазыналық шотына (бұдан әрі БҚШ) есептелінеді.
Қаржы министрлігі:
а) Күн сайын уақыттың нақты режимінде заңдарда белгіленген тәртіппен
Қазақстан банк аралық есеп айырысу орталығы (бұдан әрі ҚБЕО) арқылы екінші
деңгейдегі банктерден және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардан бюджетке түсетін түсімдер бойынша элекронды төлем
құжаттарын қабылдайды;
б) Күн сайын белгіленген тәртіппен кірістерді бөлудің нормативтері
бойынша республикалық бюджет пен облыстардың, Астана және Алматы қалалары
бюджеттерінің арасындағы бюджетке түсетін іс жүзіндегі түсімдерді бөлуді
жүргізеді.
Шетел валютасындағы бюджетке түсетін түсімдер ҚҰБ келісімі бойынша
Қаржы министрлігі анықтайтын тәртіппен Қаржы министрлігі-нің ҚҰБ шетел
валютасындағы кореспонденттік шоттарына есептелінеді. Зат түрінде бюджетке
түсетін түсімдер заң актілеріне сәйкес қазынашылық органдарында ашылған
бюджеттік шоттарда ақшалай нысанда көрсетіледі. Бюджетте зат түріндегі
түсімдерді көрсету үшін заңдарда бюджеттердің алдында тауар немесе зат
түріндегі міндеттемелерді орындайтын заңды және жеке тұлғалардың тізбесі
және бюджет алдындағы міндеттемелердің сомасы анықталады.
V. Бюджетті атқарудағы келесі процедуралар: рұқсат беру,
міндеттемелерді қабылдау, төлемдерді жүзеге асыру рәсімдері ағымдағы
сипатқа ие. Шығыстары бойынша бюджеттің атқарылуы ҚР Үкіметі және
жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджет туралы заңды іске
асыру туралы актілеріне және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті
бюджеттерді бекіту туралы шешімдерге, бекітілген бағдарламалардың
паспорттарына, ҚР бірыңғай бюджеттік сыныптамасына және қаржыландырудың
жиынтық жоспарына, сондай- ақ мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері және
төлемдері бойынша тиісті қаржыландыру жоспарларына және оларға
есептемелерге сәйкес жүзеге асырылады.
Алдыменен, Қаржы министрлігі және жергілікті уәкілетті орган кезеңдер
бойынша ағымдағы қаржы жылына бюджетке ақшалай түсімдердің күтіліп отырған
көлемін мына деректер негізінде айқындайды:
- ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің статистикалық деректері;
- ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен анықталған валюта айырбасының
рыноктық бағамы;
- капитал рыногында сатылатын мемлекеттік бағалы қағаздардың пайыздық
ставкасы;
- тиісті қаржы жылына арналған, бекітілген немесе нақтыланған бюджет;
- үкіметтік заемдар туралы келісімдер (негізгі үкіметтік борышты өтеу,
үкіметтік борышқа қызмет көрсету кестесі);
- жеке және заңды тұлғаларды бюджет қаражаты есебінен кредиттеу туралы
келісімдер (бюджет алдындағы борыштың негізгі сомасын өтеу, сыйақыларды
(мүдделерді) төлеу кестесі);
- мемлекеттік меншікті жекешелендіру кестелері туралы ақпарат;
- тиісті бюджеттердің ҚБШ-дағы қаражаттардың қалдығы;
- келесі айлардағы бюджетке түсетін түсімдердің ай сайынғы жоспары.
Бюджетке түсетін ақшалай түсімдердің күтіліп отырған көлемі Қаржы
министрлігі мен жергілікті уәкілетті орган рұқсаттар берудің жалпы сомасын
анықтау және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын жүргізу үшін
пайдаланылады.
Қаржы министрлігі және жергілікті уәкілетті органдар ағымдағы қаржы
жылының бірінші және соңғы айын қоспағанда, ай сайын ағымдағы айдың 10
күніне дейін, тиісті бюджеттерге ақшаның күтілетін түсу көлемін ескере
отырып, тиісті бюджеттердің бекітілген паспорттары және міндеттемелері
бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарлары болған кезде белгіленген нысан
бойынша тиісті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне рұқсаттар береді.
Осыдан кейін, Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қаржы министрлігі және
жергілікті уәкілетті орган оларға рұқсаттар бергеннен кейін 3 жұмыс күні
ішінде белгіленген нысан бойынша ведомствалық бағыныстағы мемлекеттік
мекемелерге рұқсаттар береді.
Мемлекеттік мекемелерге рұқсаттар бюджеттік бағдарламалардың
әкімшілерінің міндеттемелері бойынша қаржыландыру жоспарына, паспорттарына
сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің рұқсаттары шегінде беріледі
және қазынашылықтың аумақтық органдарына жеткізіледі.
Бекітілген паспорттарға сәйкес бюджет қаражаттарының пайдалануын
бақылау және бюджеттік бағдарламалардың міндеттемелері бойынша қаржыландыру
жоспарлардың және мемлекеттік мекемелерге берілген рұқсаттардың бекітілген
сомадан тыс міндеттемелерін қабылдауға жол бермеу мақсатында мемлекеттік
мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) берушілермен жасасқан
шарттарына (бұдан әрі – берушілер) қабылданған міндеттемелерді тіркеуді
жүргізеді.
Міндеттемелерді тіркеу рәсімі шығыстардың мынадай топтасуын көздейді:
1) өтеусіз негізде мемлекеттік мекеме мен жеке тұлғалардың –
бюджет қаражатын алушының арасындағы азаматтық құқықтардың
және міндеттемелердің туындауына әкеп соқтыратын шығыстар
түрлері;
2) стипендияларды, зейнетақыларды және жәрдемақыларды қоса
алғанда, оның қызметкерінен басқа, мемлекеттік мекеме мен
бюджет қаражатының алушыларының арасындағы шарт жасалмайтын
азаматтық құқықтар мен міндеттемелердің туындауына әкеп
соқтыратын шығыстардың түрлері.
VI. Бюджет қаражаттары есебінен төлемдер жүргізу рәсімдері. Бұл
рәсімдер Қазынашылық ақпараттық жүйесі негізінде екінші деңгейлі
коммерциялық банктер жүйесі арқылы жүргізіледі. Бұл жерде аралық функцияны
Қазақстан банк аралық есеп-айырсу орталығы атқарады.
VII. Республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі операциялардың
есептерін жасау. Бұл рәсімдерді жүзеге асыру бюджетті атқару ұйымдарының
жауапкершілігінде. Бұл мәліметтер бюджетті атқару бойынша бюджеттік
комиссияға ұсынылатын қорытынды есеп беруімен қатар жүреді.
VIII. Бюджетті бағдарламаларды бағалау рәсімдері. Бұл рәсімдерді Қаржы
министрлігі және басқада бюджеттік процеске қатысатын ұйымдар тараптарынан
жүргізілетін мақсаттылық пен жоспарға сай, әкімшілердің бюджет қаражаттарын
игеру дәрежесін тексеру мен бағалауды іске асырады.

атқаратын рөлі мен жалпы сипаттамасы
Бюджет жүйесі туралы заңға сәйкес республикалық бюджетті атқару
міндетін Қаржы министрлігі атқарады. Бұл міндет Қаржы министрлігі туралы
ережеде одан әрі айқындалған:
ҚР Қаржы министрлігі заңда көрсетілген шекте, мемлеекеттік бюджетті
атқару саласында салааралық үйлестру мен бақылау, банкрот рәсімдері мен
дәрменсіз борышқорларды соттан тыс жою рәсімдерін жүргізуді бақылау,
бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп аудиті жүйелерін реттеу қызметтеріне
басшылық етеді.
Министрліктің құрамында келесідей ведомстволар бар: Қазынашылық
Комитеті, Салық Комитеті, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитеті,
қаржылық бақылау Комитеті, дәрменсіз бороышқоршлармен жұмыс жасау комитеті.
Министрліктің толық әкімшілік құрылымы келесідей:
- мемлекеттік бюджетті атқаруды ұйымдастыру департаменті;
- мемлекеттік мекмелерді қаржыландыру департаменті;
- халықаралық қаржылық қатынастар департамерті;
- құқықтық қызмет департаменті;
- табыстар мен мәмілелер департаменті;
- мемлекеттік қарыз және несиелеу департаменті;
- бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті;
- жұмысты ұйымдастыру және қаржылық қамтамасыз ету депатаменті;
- құжатайналым және кадрлық жұмыс департаменті;
- ақпараттандыру департаменті;
- акциздерді реттеу департаменті.
Қазынашылық комитетінің жан-жақты сипаттамай тұрып, алдыменен бұл
жүйенің даму кезеңдерін сипаттап өткен өте орынды.
1991 ж. 16 желтоқсанынның жағдайына сәйкес ҚР-да Қазынашылық жүйесі
мүлдем болмады.
Тәуелсіздік алғаннан бері, нарықтық экономикалық қатынастарға көшу
кезеңінде ҚР-ның Үкіметі алдында бұрынғы экономикалық мәселелерді, әсіресе
мемлекеттік қаржылық реформалауды реформалау мәселелері тұрды. 1993 жылы
мемлекеттік ресурстарды тиімді басқару талаптарына жауап бермейтін,
бұрыннан мұра қалған қаржылық жүйені жаңғырту керек болатын. Бұл туралы сол
жылы Халықаралық Валюта Қорының миссиясы жасаған Қазақстан – Үкіметтің
Қазынашылық жүйесін қалыптастыру деген есебінде толық айқындалған. Осы
аталған есепте мемлекеттік бюджетті кассалық атқару мен ол бойынша есеп
беру қатынастары ҚР-ның Ұлттық банкісіне тым тәуелді болуына себеп болған,
мұраға қалған бұрынғы жүйенің әлсіздігін атап өтеді.
Аталған нарықтық экономиканың талаптарына сәйкес, ҚР-ның Президентінің
1994 жылының 27 қаңтарындағы № 1526 Жарлығы негізінде ҚР-ның Қаржы
министрлігінің Қазынашылық комитеті құрылады. Қазынашылық комитеті
республикалық бюджеттің кассалық атқарылуын және оның ақша қаражаттарын
басқару, ҚР-ның ішкі және сыртқы мемлекеттік борышына есеп жүргізу және ол
бойныша қызмет көрсетуді жүзеге асырады. Сонымен қоса, республикалық бюджет
пен мемлекеттік бюджеттен тыс қорлары араларындағы қаржылық қатынастарды
реттейді.
Қазынашылық комитеті республикалық бюджеттің атқарылуына қызмет
көрсету, мемлекеттік бюджеттің мекемелерге есеп айырсу мен кассалық қызмет
көрсету, мемлекеттік бюджет қаражаттарының мақсатты пайдалануына алдын-ала
және бақылау жасау жөніндегі салааралық үйлестіруді, сондай-ақ Қаржы
министрлігі құзыреті шегінде арнайы атқарушылық және бақылау, қадағалау
функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Қазынашылықтың Ережеге сәйкес негізгі міндеттері келесідей:
1) республикалық бюджеттің кассалық атқарылуын ұйымдастыруды және
бақылауды жақсарту;
2) мемлекеттік бюджетке есеп айырсу мен кассалық, оның ішінде ақылы
қызметтерді, депозиттік сомаларды сатудан және демеушілік пен
қайырымдылық көмек түрінде мемлекет және мемлекеттік мекемелер
алатын қаражаттар бойынша шоттарға қызмет көрсетуді жақсарту;
3) бюджет жүйесіндегі бухгалтерлік есеп пен есептілікті және
қазынашылық органдары жүйесіндегі ішкі аудитті дамытуға және
жетілдіруге қатысу;
4) өз құзыретінің шегінде республикалық және жергілікті бюджеттер
қаражаттарының ұтымды, мақсатты пайдалануын бақылауды қамтамасыз
ету;
5) Қазынашылықтың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің қалыпты жұмыс
істеуін қаматамасыз ету.
Қазынашылық комитеті заңдарда белгніленген тәртіппен мынадай
функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік бюджеттің атқарылуына қызмет көрсету;
2) кезекті қаржы жылына арналған бюджеттік тағайындауларға сәйкес
республикалық бюджеттің шығыстарын қаржыландыру;
3) республикалық бюджеттің қолма-қол ақша ағындарын болжау;
4) мемлекеттік мекемелердің кассалық шығыстарын, сондай-ақ ақылы
қызметтерді, сомалардан сатудан және демеушілік пен қайырымдылық
көмек түрінде мемлекет пен мемлекеттік мекемелер алатын қаражаттар
бойынша шоттарды есепке алуды қамтамасыз ету;
5) республикалық және жергілікті бюджеттер арасында мемлекеттік
салықтар мен төлемдерді бөлуді және оларды әртүрлі деңгейдегі
бюджеттерге есептеуді қамтамасыз етеді;
6) мемелекеттік мекемелерді тапсырмалары бойынша ұлттық және шетел
валютасымен ақша аударуды жүзеге асырады, мемлекеттік мекемелер
ұсынған төлем құжаттарына бақылау жасайды;
7) мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік сыртқы заемдар мен мемлекеттік
емес сыртқы заемдарды өтеген кезде ақша аударуды және оған қызмет
көрсетуді жүзеге асырады;
8) екінші деңгейдегі банктер және банктік қызметтердің тиісті түрлерін
көрсетуге арналған лицензиясы бар Ұйымдар арқылы мемлекеттік
мекемелерді қолма-қол ақшамен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
9) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы бухгалтерлік есеп пен
есептілікті жүргізудің және жүзеге асырудың тәртібін әзірлейді,
сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігіне жергілікті бюджеттердің кассалық атқарылуы
туралы ақпарат тапсырады;
10) бағдарламалардың республикалық бюджеттік мекемелеріне-әкімшілеріне
бағдарламалар, кіші бағдарламалар және ерекшеліктер бойынша бөлінген
лимиттер мен жүргізілген касссалық шығыстар туралы ай сайын ақпарат
беріп отырады;
11) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде шетелдік валютадағы
Қазынашылықтың тиісті банктік шоттары арқылы мемлекеттік
мекемелердің валюталық операцияларын жүргізіде және есепке алады,
оларды жүргізген кезде заңдардың сақталуы жөнінде тексерулер
ұйымдастырады;
12) бюджет жүйесінде бухгалтерлік есепті және қазынашылық органдарында
ішкі аудитті жүргізудің тәртібін әзірлейді және бекітеді;
13) халықаралық шарттар, келісім-шарттар және келісімдер жобаларын
даярлауға қатысады;
14) Қазынашылықтың құзыретіне қатысты мәселелер бойынша есептеме
жасаудың тәртібін белгілейді;
15) Қазынашылықтың шоттарындағы ағымдағы қалдықтарды банктік салымдарға
және бағалы қағаздарға орналастыру жолымен кіріс алу мақсатында
басқарады;
16) Бюджеттік ақша есебінен мемлекеттік мекемелермен жасалған азаматтық-
құқықтық мәмілелерді тіркеуді жүзеге асырады;
17) Құнды металдар рыногының жай-күйіне талдау жасайды, құнды
металдармен және асыл тастармен ішкі және сыртқы рыноктарда
операциялар жасайды;
18) республикалық бюджеттің және өз құзыретінің шегінде жергілікті
бюджеттер қаражаттарының мақсатты пайдаланылуын алдын-ала және
ағымдағы бақылауды жүзеге асырады;
19) республикалық және жергілікті бюджеттерді пайдаланудың нәтижелері
туралы ақпаратты дайындауға қатысады;
20) республикалық және жергілікті бюджеттердің кіріс және шығыс
шоттарының жай-күйі туралы күн сайынғы ақпаратты жасайды;
21) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы оперативтік, айлық,
тоқсандық және жылдық есептемені даярлайды;
22) қаржы тәртібін сақтауға бағытталған мемлекеттік қаржының тиімді және
мақсатты пайдаланылуына арналған ұсыныстарды даярлайды;
23) аумақтық Қазынашылық органдарының жұмыс тәжірибесін талдап,
жинақтайды және оны жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді,
олардың қызметін тексереді, анықталған кемшіліктер мен тәртіп
бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдайды;
24) шетел қазынашылықтары қызметінің ұйымдастырылу тәжірибесін
зерделейді және оны практикалық пайдалану жөнінде ұсыныстар
әзірлейді;
25) қазынашылық және оның аумақтық органдары қызметкерлерінің
біліктілігін арттыруды ұйымдастыруға қатысады;
26) өзіне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де
функцияларды жүзеге асырады;
27) республикалық және жергілікті бюджеттердің кіріс және шығыс

28) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы оперативтік, айлық,

29) қаржы тәртібін сақтауға бағытталған мемлекеттік қаржының тиімді және

30) аумақтық Қазынашылық органдарының жұмыс тәжірибесін талдап,

31) шетел қазынашылықтары қызметінің ұйымдастырылу тәжірибесін

32) қазынашылық және оның аумақтық органдары қызметкерлерінің

33) өзіне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де
функцияларды жүзеге асырады.
1995 жылға дейін ҚР-ның бюджетін кассалық атқару қызметін Ұлттық банк
бөлімдері атқаратын болатын. Бұл жағдай көптеген қиындықтар мен күрделі
қатынастар тізбегін тудыратын. Сол себептен, Ұлттық банктің жергілікті
бөлімдері Қазынашылыққа беріліп, осы бөлімдердің негізінде ҚР-ның
Президентінің жарлығымен Бюджеттік банк құрылады. Бұл банктің негізгі
міндеті – бюджеттің кассалық атқарылуын қамтамасыз ету еді.
1996 жылы ең күрделі мәселе - Бірыңғай Қазынашылық шотын ашу туралы
сұрақтың басы шешілді. Бірыңғай Қазынашылық шот (БҚШ) Ұлттық банктің есеп
айырсу жүйесіне ендіріліп, барлық бюджеттік төлемдер мен кірістердің бәрі
осы шотта жүргізілді. Бұл қадам арқылы бюджеттің атқарылуын қатаң қадағалау
мен ақша қаражаттарын тиімді басқару мүмкін болады. Барлық есеп жүйесі БҚШ-
нан күнделікті қорытынды алып, ҚР Үкіметі мен басқару органдары жедел және
нақты ақпарат алып отырады. Осы таңда, БҚШ-ы бойынша операциялар жүргізуді
қамтамасыз ету үшін арнайы техникалық-ақпараттық жабдықтау жүзеге
асырылуда. БҚШ-ы жүйесі арқылы барлық бюджеттік операцияларды
орталықтандыру жүзеге асырылады (сурет 1).
1998 жылы ҚР-ның Үкіметінің қауылсымен Бюджеттік банк өз қызметін
тоқтатып, оның барлық терроториялды бөлімдерінің құзырлары мен міндеттері
Қазынашылықтың бөлімдеріне берілді. Осы кезден бастап бюджеттің кассалық
орындалуы толығымен Қазынашылықтың құзыретіне көшті (сурет 2).
1999 жылы Қазынашылық комитеті өз өз басқармасын Ақмола қаласына
көшірді. Барлық жұмыс барысы жаңа астанада орталықтандырылды.
Cурет 1. Бірыңғай қазынашылық шоттың құрылымы
Cурет 2. ҚР-ның Қазынашылық жүйесінің құрылымы
... ... ... ..
... ... ... .
Қазіргі кезде Қазынашылықтың жұмысы толығымен автоматтандырылып, жаңа
ақпараттық жүйені бюджеттік атқарылу саласына ендірілді. Осы ақпараттық
жүйе көмегімен күнделікті, циклды қаржылық процедуралар жүйелендіріліп,
бюджет қаражаттары мақсатқа сай емес жұмсалуы еселі түрде төмендеді.
Мысалға, бұрынғы қаржы министрі Есенбаевтың Парламент мәжілісіне берген
есебінде жаңа қазынашылық жүйесін ендіру арқылы бюджет қаражаттарының
мақсатсыз жұмсалуы 1999 жылы 2,7 млрд. теңге болса, ал 2000 жылы 1,34 млрд.
теңгеге дейін азайды. Сонымен қоса, Қазынашылық комитеті бюджет атқару
барысында күн сайын 25000-нан астам төлем операцияларын өңдеп, тіркеп
қызмет жасайды. Бұл көрсеткіштер жаңа қазынашылық жүйесінің өте жоғарғы
тиімділігін көрсетеді (сурет 3).
Сурет 3. Қазынашылық жұмысының экономикалық тиімділігі
Қазіргі кездегі Қазынашылық комитетінде 150-ге жуық қызметкерлер жұмыс
істейді (сурет 4). Жақында бұл комитеттің құрылғанына 10 жылдығы болды. Өз
жұмысын өте жоғарғы деңгейде атқарып, халықаралық қаржы ұйымдары
тараптарынан жақсы бағалар алды. Қазынашылық комитетінің қызметінің сипаты
қазіргі заман талаптарына қатаң жауап береді. Әсіресе, жаңа ақпараттарық
жүйені халықаралық презентацияда көрсеткенде 17 әлем елдері Қазақстаннан
үлгі алуға өз дайындылығын білдірді. Қазынашылық комитеті халықаралық
қатынастарда мемлекетіміздің атынан көптеген жемісті еңбек етеді. Бұл
әсіресе Халықаралық Даму банкімен бірге қаржыландырылған Қазынашылықтың
жаңғырту проектінің жүзеге асуы жүзінде көрініс тапты. Осы жобаның
негізінде Халықаралық Даму банкісінен 15 млн. АҚШ доллары көлемінде несие
алынды.
Cурет 4. Қазынашылық комитетінің әкімшілік құрылымы
Жоғарыда аталған кезеңдерді нақты процестер бойынша дамуы келесідей
этаптардан тұрады:
I-кезең. ҚР-ның Қазынашылық жүйесінің құрылуы:
1. Бюджеттік реформа.
2. Қазынашылық жүйесінің құрылуы.
3. ҚР-ның Ұлттық банкінде Бірыңғай Қазынашылық шотының және
жергілікті Қазынашылық органдарының корреспонденттік шоттарының
ашылыуы.
4. Халықаралық стандарттарға сай бюджеттік сыныптаманы әзірлеу
және оны ендіру.
5. Қаржылық жоспар және қазынашылық қаржылық рұқсат беру жүйесі.
6. Мемлекеттік мекемелер мен жабдықтаушылар арасындағы мәмілелерді
тіркеу.
II-кезең. Қазынашылық жүйесінің дамуы:
1. Бюджеттік реформа.
2. Автоматтандыпылған қазынашылық жүйесін әзірлеу.
3. Біріктірілген қазынашылықтың ақпараттық жүйесінің жобасын
орнату мен сынау.
4. Біріктірілген қазынашылықтың ақпараттық жүйесінің дайын
бағдарламасын орнату мен сынау.
III-кезең. Қазынашылық жүйесінің одан әрі дамуы:
Бюджетті атқару прцесін:
- бюджетті жоспарлау процедураларымен,
- мемлекеттік сатып алу процедураларымен,
- салықтық әкімшілік ету прцедураларының автоматтандырылған ақпараттық
жүйелерімен біріктіру.
1.4. Бюджеттің атқару жүйесін автоматтандыру. Қазынашылықты жаңғырту жобасы
Қаржылық тәртіптілік, атқарушы үкімет үшін де, заң шығарушы билік
үшін де бюджеттік жүйенің толық жариялығынсыз тәуелсіз мемлекеттің дамуы
мүмкін емес. ҚР Үкіметі бірнеше жыл ішінде мемлекеттік ресурстарды басқару
жүйесін реформалауды жүргізді. Бұл реформалардағы басты орын Қазынашылық
жүйесіне берілді. Қазынашылықты құру бюджет ақша құралдарын қолданудың
тиімді жолдарының барын көрсетті. Бірақ қазынашылықтың басты мақсаты –
бюджет ақша құралдарын мақсатсыз қолдануын болдырмау. Сол себепті,
бюджеттік операцияларды қадағалау, тексеру мүмкіндіктерді арттыратын
технологияларды қолдану – бұл заман талабы. Өйткені, Ақпараттық
технологиялар жүйеге келесідей артықшылықтар береді:
- Ақпаратты сақтау көлемін ұлғайтады. Мысалға, Oracle мәліметтер
базасын қолдану арқылы 512 Петабайт ақпарат сақтауға балады (1 ПБ = 2100000
байт);
- Ақпаратты өндеу жылдамдығын қарқандатады. Мысалға, Oracle сервер
машинасы секундына 1012 операция өндейді;
- Лезде есеп беру мүмкіндігін арттырады. Мысалға, Қазынашылық комитетте
ең күрделі есеп алудың минималды уақыты 2 минут;
- Ақпаратты қорғау мүмкіндігін жоғарылатады. Мысалға, Қазынашылықта
“өкілеттік” жүйесі қалыптасқан;
- географиялық қашықтық ұғымын жояды. Қазынашылық органдары бүкіл
Қазақстан территориясында нақты режимде ақпарат алмасады. (Спутник жүйесі
бойынша ақпарат алмасу жылдамдығы 1 ГБсек)
- және т. б.
Бюджетті атқару процедураларын автоматтандыру – ҚР-ның экономикалық
реформаларының маңызды сатысы. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, Үкімет
жүйесінде ақпараттық технологияларды қарқынды қолдану – ҒТП-ның ажырамас
бөлігі, даму тенденциясы. Осы процестің айқын көрінісі – дамыған елдердің
“Электронды үкімет” жобасын әзірлеуі. Бұл болашақтағы билік институттары
мен қоғам арасындағы комуникативтік арна ретінде жүзеге аспақ. Мысалға, АҚШ-
та бұл жоба билік, қаржы, құқық, экономика, нарық салаларын біріктірілген
автоматтандырылған жүйе жобасы әзерленуде. Осы мақсатта 2003 жылы федералды
бюджеттен 48 миллард АҚШ доллары бөлінді. Жобаны басқаратын АҚШ Президенті
аппараттының өкілі – Марк Формен.
Электронды үкімет – ақпаратты өндеу, жіберу, тарату электронды
құралдарына негізделген мемлекеттік басқарудың жүйесі.
Қазіргі таңдағы қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесі –
бұрынғы КСРО аумағындағы мемлекеттер ішіндегі ең дамыған өз санатында тең
келетіні жоқ жүйе. Осы ақпараттық жүйені құру процессі – қазынашылықты
жаңғырту жобасы деп аталады. Бұл жобаның әзірленуіне Халықаралық Даму
банкісі (ХДБ), Hewlett Packard, Oracle сияқты халықаралық ақпараттық
коммерциялық ұйымдары үлес қосты. Жобаны қаржыландыру үшін ХДБ ҚР-не 15,8
млн АҚШ доллар көлемінде қарыз берді. Бұл ҚЖЖ жүзеге асыру үшін № 4077–KZ
қарыз туралы келісімнің негізінде жүрді. Бұл келісім 1996 жылғы 7
желтоқсанындағы ҚР заңымен бекітті. Осы келісімді жүзеге асыру үшін Hewlett
Packard, Oracle корпорацияларымен керекті техникалық бағдарламалық жабдықты
сатып алу туралы мәміле жасалынды.
Осы мақсатта 1999 жылы 19 мамырда “Hewlett Packard” корпорациясымен
Қаржы министрлігі арасында компьютерлерді сатып алу туралы MFHP 990324
мәмілеге қол қояды. ҚР жобаны іске асыруды тездету үшін өз тарапынан тиісті
заңнамалық негізді қалыптастырып, бюджеттен 5,9 млн. АҚШ доллары көлемінде
қаржыландыруды бекітті. Бұл мақсатта, ҚР-ның үкіметі 1998 жылы 16 қазанында
№1059 қаулысы қабылданды. Қаулыға қосымша қаржыландыру жоспарының жобасы
келтіріледі (кесте 1).
Кесте 1. ҚЖЖ қаржыландыру жоспары
ХДБ қарызынан ҚР Үкіметінің
қаржыландыру (АҚШтарапынан
РеКатегория доллары) қаржыландыру
ті (АҚШ доллары)
1 Жабдықтар сатып алу 11400000 -
2 Консультациялық қызмет көрсету 2500000 -
мен оқыту
3 Қызметкерлерді ұсатуға, оқытуға - 5900000
және жабдықты сатып алуға,
жеткізуге, орнатуға кететін
шығындар
4 Жобаны дайындауға авансты өтеу 1000000 -
Бөлінбеген қаражаттар
5 900000 -
Барлығы 15800000 5900000
ҚЖЖЖ жүзеге асыру кезеңдері:
-функционалдық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz