Жергілікті есептеу торабтарын түрғызу негіздері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе3

1 Қазіргі бар автматтандырылған жүйлерді талдау, торабтардың негізі, тапсырманы қою6

1. 1 Қазіргі бар автматтандырылған жүйлерді талдау6

1. 2 Дипломдық жоба мәселесінің қойылымы12

1. 3 Дипломдық жобаның тапсырманың қойылымы. 13

2 Автоматтандырылған жүйені құру14

1. 2 Жергілікті есептеу торабтарын түрғызу негіздері14

2. 2 Қолданылатын құрал-сайманды таңдау25

2. 3 Сызба-құрылымның алгоритмің сипаттау27

2. 4. 1 “Бұтақ” тәрізді құрылымды жергілікті есептеу торабының математикалық үлгісі27

2. 4 Бас программаның алгоритмін сипаттау28

2 Басқару ішжүйесін “Бұтақ” тәрізді сызба-құрылымының ішжүйесін жасау және сипаттау28

2. 1 Тораб сызба-құрылымының синтездеудің автоматтандырылған жүйесінің құрылымы29

Негізгі меню30

2. 2 Мәліметтерді сипаттау. Кестелердің құрылымын анықтау32

2. 3 Бассқару ішжүйесін сипаттау34

2. 3. 1 Басқару ішжүйе жұмысының алгоритмін сипаттау34

2. 3. 2 Басқару ішжүйесінің программасын сипаттау35

2. 4 “Бұтақ” ішжүйесін сипаттау40

2. 4. 3 СД- алгоритм программаының сипаттау43

2. 2. 4 СД- алгоритм модификациясы (МСД-І) . 44

2. 4. 5 МСД алгоритмінің программасын сипаттау. 45

2. 4. 6 Прима алгоритмі46

Қорытынды56

Қолданылған әдебиеттер58

Аңдатпа

Бұл дипломдық жоба “Есептеу торабының сызба-құрылымын синтездейтін автоматтандырылған жүйесін” өңдеуге арналған (басқару ішжүйесі және бұтақ тәрізді құрылым синтезінің ішжүйесі) . Автоматтандырылған жүйенің жалпы құрылымы және оның жұмысының алгоритмі өңделген.

Дипломдық жобада “Бұтақ” тәрізді сызба-құрылымының математикалық үлгісі келтірілген бұтақ тәрізді құрылымды синтездеудің әдістері қарастырылған. Сонымен қатар бұл дипломдық жобада қазіргі бар автоматтандыорылған жүйелерге шолу жасалған және жергілікті есептеу торабтарын тұрғызудың негізі келтірілген.

Басқару ішжүйелерінің және “Бұтақ” тәрізді сызба-құрылым синтезі ішжүйелерінің программасы өңделген (CD-алгоритмі, Прима алгоритмі, MCD-І алгоритмі) . Жүйенің барлық алгоритмі, Vіsual Fox Pro ортасында іске асырылған.

Дипломдық жобада автоматтандырылған жүйені өңдеудің негіздеуі және өңделген ішжүйелерді енгізудің экономикалық тиімділігін есептеу келтірілген.

Еңбекті қорғауға арналған тарауда тұтынушылардың еңбегін қорғаудың сұрақтары және қорғаныс бойынша (ұйымдастыру-техникалық шаралар, қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі) негізгі шаралар қарастырылған.

Кіріспе

Қазіргі күнде әлемде 200 миллионнан астам компьютер бар және олардың 80 %-дан көбі әртүрлі, офистегі шағын жергілікті торабтардан бастап ауқымды Іnternet, FіdoNet, FREEnet және т. б. тәрізді ақпаратты-есептеу торабтарына біріктірілген.

Компьютерлерді торабтарға біріктірудің бүкіл-әлемдік тенденциясы, ақпараттық хабарларды беруді жылдамдату, тұтынушылар арасында жылдам ақпарат алмасу мүмкіндігі, жұмыс онында отырып хабарларды алу және беру (факстар, E-Maіl, электрондық конференциялар және т. б. ), жер шарының кез-келген нүктесінен кез-келген ақпаратты әп-сәтте алу мүмкіндігі және де әр түрлі программалармен қамтамасыздандырылған, әр түрлі өндіруші фирмалар компьютерлерінің арасында ақпарат алмасу сияқты бірқатар маңызды себептерге негізделген.

Есептеу торабтары көтеретін осындай үлкен мүмкіндіктер және ақпараттық кешендегі көтерулер сонымен қатар өндірістік үрдістің біршама жылдамдауы бізге оларды жоққа шығаруға, іс жүзінде қолданбауға мүмкіндік бермей отыр.

Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық талаптарға сай келетін және жаңа техникалық, программалық шешімдердің пайда болуына байланысты торабты біртіндеп арықарай дамыту мүмкіндігі бар. Қолда бар компьютерлер негізінде ақпараттық - есептеу торабтарын (АЕТ) ұйымдастыру қажеттілігі жиі-жиі туындап отырады.

Жергілікті есептеу торабтарын талдау және синтездеу өңдеу және ұйымдастыру сұрақтары бойынша біртұтас кешенді қазіргі заманғы компьютерлік технологиялар және телекоммуникация негізінде автоматтандырылған жүйені құру сондықтан өте маңызды болып тұр.

Осындай жүйелер уақыт және еңбек қорларының шығынын азайтуға мүмкіндік береді, адамды сан қилы операциялар мен есептерді орындаудан арылтады, еңбек өнімінің сапасын арттырады, қателесу мүмкіндігін төмендетеді.

Ақпараттық Дәуір көптеген мамандықтардың өз міндеттерін орындау әдістеріне біршама өзгерістер әкелді. Қазір техникалық білімі жоқ орта деңгейлі маман бұрынғы жоғары дәрежелі программист орындайтын жұмыстарды істей алады. Қызметкердің қолында бұрын ешқашан көрмеген соншама дәл және жедел ақпараттар бар.

Кәсіпорындардың ғылыми орталықтардың басқару жүйесін дамытудағы ең бір сипатты тенденциясы болып олардың орнына жергілікті есептеу торабтарының техникалық базасын қолдану болып табылады.

Жерілікті есептеу торабы (ЖЕТ) дегеніміз не?

Жергілікті есептеу торабы деп бірнеше жеке компьютерлі жұмыс орындарының (жұмыс бекеттерінің) мәліметтер берілісінің бір арнасына қосылуды атайды. Тораб - бұл әр түрлі талаптарға сәйкес өзгертуге болатын модулді, бейімделгіш коммутациялық (байланыстық) жүйе. Оның модулділігі жаңа құрауышты қосуды немесе барларының орын ауыстыруларын жеңілдетеді, ал бейімделгіштігі өзгерістер мен жетілдірулерді енгізуді оңтайлатады. Ең қарапайым торабы (ағылш. network) ең аз дегенде бір-бірімен кабель арқылы жалғанған екі компьютерден тұрады. Бұл оларға мәліметтерді бірге қолдануға мүмкіндік береді.

Барлық торабтар (қандай да күрделі болмасын) осы қарапайым қағидаға негізделген. Барлық компьютерлік торабтардың пайда болуы тәжірибелік қажеттіліктен туындаған - мәлеметтерді бірге қолдану мүмкіндігіне ие болу.

Жергілікті есептеу торабтарын жобалаудағы, тиімділеудегі ең маңызды сұрақ болып олардың құрылымдарын талдау және синтездеу болып табылады.

Бұл дипломдық жоба, жергілікті есептеу торабтарының құрылымын тиімділеуге арналған ішжүйені өңдеуге арналған. Бұл дипломдық жобада сонымен қатар еңбекті, тұтынушыларды қорғау сұрақтары және осы ішжүйені енгізудің экономикалық тиімділігі қарастырылады.

Жоғарыда айтылған ішжүйені өңдеуге арналған дипломдық жобаның бірінші тарауында қазіргі бар автоматтандырылған жүйелерге шолу және талдау жасалынған, торабтарды ұйымдастыру және тапсырманы қою сұрақтары қарастырылған.

Екінші тарау - “Басқару ішжүйесі және “Бұтақ” тәрізді ішжүйесін сипаттау және өңдеу” тұтынушылық интерфейсті, кестелер құрылымын сипаттауға, жүйенің тапсырмасын қоюды және оның программалық іске асырылуын сипаттауға арналған. Сонымен қатар бұл тарауда сызба-құрылым синтезінің математикалық үлгілері және жергілікті есептеу торабтарының құрылымын тиімділеу тапсырмасын шешу әдістері, әрбір мысалдарының шешімдері қарастырылған.

Үшінші тарауда жүйені енгізудегі экономикалық тиімділікті есептеу келтірілген.

Төртінші тарау тұтынушылар еңбегін қорғау бойынша кешенді шараларды қарастырады.

1 Қазіргі бар автматтандырылған жүйелерді талдау, торабтардың негізі, тапсырманы қою

1. 1 Қазіргі бар автматтандырылған жүйлерді талдау

Жаңа бұйымдарды өңдеушілердің еңбек өнімділігін өсіру, жобалау мерзімін қысқарту, жобаларды өңдеу сапасын жоғарлату - шешімі, қоғамның ғылымы-техникалық прогресін жеделдету деңгейін анықтайтын маңызды мәселелер. Автоматтандырылған жабалау жүйелерінің (АЖЖ - САПР) дамуы мықты ғылыми-техникалық базаға сүйенеді. Бұл - қазіргі заманғы есептеу техникалары, ақпаратты берудің және өңдеудің жаңа сандық әдістерін табу және тиімділеу. Автоматтандырылған жобалау жүйелері негізгі ғылымдардың жаңа жетістіктерінің негізінде жобалау әдістемесін қолдануға және жетілдіруге, күрделі жүйелер мен нысаналарды жобалаудың математикалық теориясын дамытуға мүмкіндік береді. қазіргі кезде негізінен текстік құжаттама техникалық сызбаларды түрлендіру, графикалық бейнелерді тұрғызу және т. б. сан қилы процедуралар мен операцияларды автоматтандыруды қамтамасыз ететін құралдар мен әдістер, жасалған және қолданыста жүр.

Ақпараттық жүйелерді үш классқа бөлуге болады: есепке алатын (бақылауш, болжауыш, анықтамалық) ; талдаулық (кенесші, болжауыш, диагностикалық) ; шешуші (басқарушы, жоспарлаушы) . Келтірілген классификациядан көріп отырғандай ақпараттық жүйелер келесі деңгейлерге бөлінеді: ақпараттың сапалы өзгеруін тудырмайтын (есепке алатын жүйелер) ; ақпаратты талдайтын (талдаушы жүйелер) ; шешім жасайтын (шешуші жүйелер) [1] .

Бұл класстардың арасында алдыңғы класс келесісіне бастапқы база болатындай айқын бір тәуелділік ба, ал әрбір келесісі алдыңғысының тапсырмасын шешуі мүмкін. Сонымен статстикалық жүйелер өз тапсырмаларынан бөлек анықтамалық функцияларды орындайды, ал бақылаушы жүйелер статистикалық және анықтамалық сипаттағы тапсырмаларды шешеді.

Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің келтірілген классификациясы олардың дамуының келешегін ашады. Қазіргі кезде автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің классификациясының негізіне ақпаратты машиналық өңдеудің ерекшеліктері сияқты белгі қойылуы мүмкін. Олардың ЭЕМ арқылы шешуінің, ақпараттық тапсырмаларды іске асыру тәсілдемесінің ерекшеліктерінде байқалатын нақты бір өзгешелігі бар. Осы белгілері бойынша ақпараттық тапсырмаларды үш топқа бөлуге болады. Есептік, талдаулық - статистикалық, ақпараттық - іздеу.

Автоматтандырылған талдаулық - статистикалық жүйелер статистикалық ақпараттарды жинау және өңдеу үшін арналған кіріс және шығыс ақпараттарының үлкен көлемімен және де осы жүйелер қолданатын программалардағы арифметикалық операциялармен салыстырғандағы логикалық операциялардың меншікті үлкен көлемімен сипатталады. Автоматтандырылған ақпараттық - іздеу жүйелері ішкі істер органдарының негізгі функцияларын орындау үшін қолданылады. Олардың ерекшелігі оперативті маңызы бар адамдар, фактілер және заттар туралы үлкен көлемді ақпаратты жинауда және үнемі түзетіп (дұрыстап) отыруды болып саналады. Сонымен қатар ақпараттық жұмыстың көлемін алғашқы рет енгізудің көп еңбектенуді талап ететінін айта кету керек. Сондай-ақ нысаналар ылғи қозғалыста болады, бұл осы нысаналарды сипаттайтын ақпаратты үнемі дұрыстап отыруды талап етеді.

Ақпараттық үрдіске жоғары өнімді техникалық құралдарды енгізу мүмкіндігі ашылып тұрған жағдайда ақпараттық жүйелердің тиімділігін, оларды автоматтандыру арқылы біршама көтеруге болады. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің өмірге келуі - ғылыми-техникалық төңкеріске негізделген, нысаналы үрдістін жемісі. Бұл жүйелер ақпаратты байланыстыра отырып басқару мәселесін кешенді түрде шешуге мүмкіндік береді.

Қ. И. Сәтбаев атынағы ҚазҰТУ-де бірнеше автоматтандырылған жүйелер бар. Олар оқу үрдісін ұйымдастыру, студенттер және оқытушылар құрамын есепке алу және бақылау, қызметкерлердің еңбекақысын есептеу және несиелік келісімдерді есепке алу және т. б. үшін күнделікті қолданылып отырады.

Алғашқы автоматтандырылған жүйелердің біреуі - бұл “Ақпараттану және есептеу техника” факультетінде жасалған “Әмбебап автоматтандырылған жұмыс орыны (АЖО) ”, “Деканат” жүйесі. Бұл жүйе ұзақ уақыт бойы біздің университеттің барлық факультеттерінде және басқа жоғарғы оқу орындарында қолданылды. Қазіргі кезде АЖО “Деканат” “Ақпараттану және ақпараттық технологиялар” институтының дирекциясында қолданады және бұл жүйені дерекқор басқару жүйесінен (ДҚБЖ) ауыстырып Delphі 6 программалау тілінде жобаланып бітті.

АЖО “Деканат” факултеттің студенттері, олардың үлгерімдері мен сабаққа қатысулары туралы мәлеметтерді сақтауға және өңдеуге және сонымен қатар еканаттағы кіретін, шығатын құжаттарды дайындауды және өңдеуді жеделдетуге, оны қазақ және орыс тілдерінде басып шығаруға арналған және тораб арқылы басқа факульдеттерге, бухгалтерге, тікелей байланыс құрып мәлеметтер ала алады.

Деканат жұмысшыларына олардың күнделікті жұмысына қолдану үшін ұсынылады. АЖО “Деканат” келесі ішжүйелерден тұрады: “Студенттер контингенті”, “Мәлеметтер базасымен жұмыс істеу”, “Бұйрықтар”, “Анықтама”, “Бланктер”, “Рейтинг”, “Қатысу”, “Үлгерім”, “Стипендия”.

“Контингент” ішжүйесі: студенттің оқу тоыбың, мекен жайын, үйінің телефоның жылдам іздеп тауып анықтауға; курс немесе факультет студенттерінің сандық және сапалық туралы ақпаратты беруге; берілген тапсырма бойынша ақпаратты таңдау (диспансерлік есепте турған, жатақханада немесе жеке патерлерде тұратын студенттер, жанұялы студент, жетім студенттер және т. б. ) ; факультет студенттерінің альфавиттік рет бойынша алу, студенттер тізімін 3-нк пішіні бойынша баспаға басып шығару және басқада жұмыстарды.

“Дерекқормен жұмыс істеу” ішжүйесі “Студенттердің жалпы мінездемелері”, “Оқу жоспары” және т. б. дерекқорын жүргізу үшін арналған.

“Студенттердің жалпы мінездемелері” дерекқоры көбінесе абитуренттің 22-і пішіндегі анкетасына сәйкес келетін негізгі деректерді құрайды. “Абитурент” АЖО қабылдау эмтихандары біткеннен кейін әр факультет бйынша бойынша бірінші курс студенттерінің тегінің, оқу тобытарының индексімен, сынақ кітабшасының нөмерлерімен және басқа сәйкес белгілермен файл құрастырылады. “Оқу жоспары” дерекқорын толтыру кезінде ол жерде пәннің төртарналы кода, лекциялар, тәжірибе және басқа сабақтын сағатының саны, сынақтарды және эмтихандарды семестрлер бойынша бөлу көрсетіледі.

“Бұйрықтар” ішжүйесі оқудан шығару, академиялық демалыс беру, студенттерді қайтадан қабылдау және т. б. университет бойынша бұйрықтар, келесі курсқа көшіру бұйрығы, университетті аяқтау туралы бұйрық, бұйрық жобаларын дайындау және баспаға басып шығаруға және де дерекқорына өзгертулер енгізу арқылы бұйрықтарды өңдеуге арналған. Бұйрық жобасын дайындау кезінде тегі, оқу тобының индексі, сынақ кітабшасының нөмері және т. б. сияқты студентер жайлы деректер енгзіледі.

“Анықтама” ішжүйесіне АЖО “Деканат” жайлы қысқаша ақпаратты кафедра оқытушылары жайлы деректерді (тегі, әкесінің аты, мекен жайы және т. б. ) алуға болады. Ректораттың деканаттардың және университеттің басқада бөлімінің телефон нөмерлері бар.

“Бланктер” ішжүйесі сынақ және емтихан ведмостарының, оқу тобының оқу паспортаның аттестациялық ведмостың, анықтамалардың оқу жұмысы жоспарының және басқада бланктерді баспаға басып шығаруға мүмкіндік береді. Сынақ және эмтихан ведмостарының оқу жосына сәйкес (бұл кезде семестрдің нөмері оқу жоспарының нөмері, этихан алушының тегі көрсетіледі) немесе жекелей пәндер бойынша (бұл кезде пәннің кодасы, эмтихан алушының тегі көрсетіледі) баспаға басып шығаруға болады.

“Рейтинг”іжүйесі аттестация жүргізілетін пәндердің атын, бақылау шараларын тізімін енгізуге, бақылау түрлеріне баллдарды бөлу және осы пәндер бойынша студенттер білімін бағалау үшін арналған пәндер бойынша студенттер білімін бағалау үшін арналған. Программа әр студенттін ағымдық үлгерімі туралы ақпаратты алуға жекелей оқу тобтардағы пәндер бойынша аттестациялау нәтижесі туралы есеп алуға мүмкіндік береді.

“Қатысу” ішжүйесі. Апта бойынша студенттердің қатысу жайлы ақпаратты енгізу, семестр бойында академиялық тобатардағы студенттердің апта бойында жіберген сабақтарының саның есептеп баспаға шығаруға арналған.

“Үлгерім” ішжүйесі эмтихандық, сессия нәтижесін дерекқорына енгізуді, тоб студенттердің бағасы бар ведмості, курс және оқу тобағы қарыз студенттердің тізімін беруді. Ағымағы сессия ағымдағы сессия нәтижелерін өңдеп және оны 2 пішіні бойынша баспаға шығаруды іске асырады. Эмтихандық сессия деректерін оқу тобтарының сынақ және эмтихан ведмостарының негізінде енгізуге немесе “Рейтинг” ішжүйесінің дерекқорынан алуға болады.

“Степендия” ішжүйесі студенттің үлгерімін, жанұялық жағдайын басқада себебтерді есепке алады, степендия тағайындауға, степендиялық қорды оқу тобтар ішінде, тобтар бойынша, курсы, факультеті бойынша бөледі, баспаға басып шығаруы және де студентті степендия тағайындау бойынша бұйрық жобасын дайындауға мүмкіндік береді.

Университет құрылымының өзгеруіне және құрылымдық бөлімдердің функциональдық міндеттерін қайта бөлуге байланысты оқу үрдісі мен байланысты кейбір жұмыстарды (оқу жылына, оқу жоспарларын және жұмыс жоспарын құру, сабақ кестесін құру, студенттер рейтингсін есептеу, аттестациялар нәтижесі тестілік рейтинг жүйесі бойынша эмтихандар жүргізу студенттік құрам бойынша бұйрықтар ды өңдеу) оқу әдістемелік департаменті атқарады. Сондықтан университеттің инженерлік компьютерлік орталығымен бірқатар автоматтандырылған жүйелер жасалған. Болашақта оларды “ҚазҰту әкімшілік” жүйесіне біріктіру жоспарланған және бұл жүйенің жұмыс істету үшін университет ішіндегі жергіліктіесептеу торабын қолдануын қарастырылған.

АЖО “Институт” осы институттін оқу тобтарындағы студенттердің тізімін қарау және түзету үшін арналған және де оқу тобтардың сынақ және эмтихан ведмостарын баспаға басып шығаруға арналған.

АЖО “Оқу жоспары” мамандықтардың оқу жоспарың қарауға, түзетуге, оқу жылға академиялық тобтардың оқу жоспарын және сабақ кестесін құруға арналған. Сонымен қатар осы программаның көмегімен оқыту пәндер бойынша оқытушылардың және кафедра бойынша жүктемелерді есептеу жүргізіледі.

Студенттер бөлімінде қолдану үшін студенттер құрамын және т. б. бұйрықтарды толтыру бойынша ішжүйе жасалып бітті.

Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-де “Жатақхана” автоматтандырылған жүйе жасалған және жұмыс істеп тұр. Ол жатақханада тұратын, тұрғысы келетін студенттерді, аспиранттарды, қызметкерлерді, және тұруға қажетті соманы уақытылы төлеуді есепке алып бақылап отыруға арналған, яғни жатақханалар бойынша барлық ақпараттарды есепке алу, бақылау және талдау жүргізіліп отырады. Сонымен автоматтандырылған жобалау әдістемесін жұмыс істетуге жетілдіруге, күрделі жүйелермен нысандарды жобалау жүйесін дамытуға мүмкіндік береді.

1. 2 Дипломдық жоба мәселесінің қойылымы

Жоғарыда қарастырылып өткен жоғары оқу орындарында автоматтандырылған жүйені енгізу шаралары өз алдына есептеу торапын енгізу мәселесін әкеліп отыр.

Кезінде барлық деректер туралы ақпараттар ауызша немесе қағаз арқылы тасымалданды. Тіпті бертін келе компьютерлердің пайда болуыда ақпараттарды қағаз арқылы, телефон арқылы, дискета немесе магниттік таспа арқылы тасымалдануына ғана мүмкіндік берді.

Есептеу торабына қосылмаған компьютерлердің мүмкіндіктері шектеулі, яғни мұндай жағдайда ақпарат алмасуды компьютер емес қолданушының өзі атқарды. Компьютерді торапқа қосу ақпарат алмасуды едәуір жылдамдтады және жеңілдетеді. Бұл жағдайда ол қолданушының тікелей көмегінсіз - ақ бір компьютерден екінші компьютерге тасымалдайды.

Компьютерді торапқа қосу көптеген артықшылықтар береді, атап айтсақ, олар аппараттық жабдықтарды бірлесіп пайдалану, программалық қорларды бірлесіп пайдалану, ақпараттарды сақтау, ақпараттарды қорғау және тағы басқалар.

Есептеу торапымен жұмыс кезінде компьютерлерді есептеу торабына қосу кезінде есептеу торабының құрылымына синтез жасау істері алға қойылды.

Міне менің дипломдық жобамда кең етек алған осы есептеу торабының құрылымына синтез жасау мәселелері қарастырылмақ.

Есептеу торабының құрылымына синтез жасау деп - жүйе құрылымына сәйкес келетін графтың төбелерінің санымен төбелер арасындағы байланыстар құрамын анықтау.

Айта кететін жай, ол есептеу торабының құрылымына синтез жасау жүйе құрастырудағы алғашқы саты болып табылады.

Есептеу тораптарының құрылымы әртүрлі болады және олардың әрқайсысы жүйе қызметінің өзіндік ерекшеліктерін бейнелейді.

Синтез-анықтылықты жоғарлату есебі ретінде анализ ұғымына қарсы мағына береді.

Жергіліікті есептеу тораптарын синтезтездеу мәселесінің принципиалды ерекшелігі берілген есепті шешу жолында әмбебап әдістемелердің болмауы.

Синтездеу, әдеттегідей көптеген варианттардан нақты бір қағида бойынша таңдалынған жүйенің көпреттік талдау арқылы іске асырылады.

Есептеу торабының құрылымына синтез жасау берілген граф жиынтығынан алдын - ала таңдалынған міндеттер мен мақсаттарға ең жақсы жағынан сәйкес келетін ішкі жиынды таңдау немесе бөліп қарау.

Сонымен есептеу торабының құрылымын синтездеу деп кең мағынада сәйкес өңдеулер нәтижесінде анықсыздықты (немесе әртүрлілікті) азайтуды айтамыз.

Жергілікті есептеу торабының құрылымын синтездеудің автоматандырылған жүйесі (“Сақина ішжүйесі”) атты дипломдық жоба тапсырмасын іске асыру үшін:

- Есептеу торабының құрылымын анықтау керек;

- Берілген тапсырма алгоритмін құрастыру;

- Алгоритмді іске асыратын программалау тілін таңдау;

- Программаны іске асырып, оның дұрыстығын мысалдар арқылы дәлелдеулер жүргізу;

- Жобаның экономикалық тұрғыдан тиімділігін анықтау;

- Еңбек қорғау мәселелерін қарастыру.

Осы қарастырылып өткен мәселелерге дипломдық жобада арнайы тараулар беріліп, жан-жақты қарастырылады.

1. 3 Дипломдық жобаның тапсырманың қойылымы.

Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-де “Жатақхана” автоматтандырылған жүйе жасалған және жұмыс істеп тұр. Ол жатақханада тұратын, тұрғысы келетін студенттерді, аспиранттарды, қызметкерлерді, және тұруға қажетті соманы уақытылы төлеуді есепке алып бақылап отыруға арналған, яғни жатақханалар бойынша барлық ақпараттарды есепке алу, бақылау және талдау жүргізіліп отырады.

Қазіргі кезде торабтың сызба-құрылымының синтезінің автоматтандырылған жүйесін жасаудың қажеттілігі туындап отыр. Бұл автоматтандырылған жүйе торабтың сызба-құрылымының құрылымын автоматты түрде тиімділей отырып техникалық университеттердің жоғарғы курс студенттердің курстық жобаларды жасауын оңайлататын еді. Сүйтіп осындай жүйені жасап енгізу арқасында студентер көп уақыт отырып қолмен есептейтің есептеулерден босар еді.

Осы мәселені шешу үшін Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дің АжАТИ-інің “Есептеу техника” кафедрасының алдына осындай автоматтандыру жүйені жасап шығару мақсаты қойылды. Бұл жұмысты орындау үшін файлдан алынған деректерді сақтау және орына келтіре отырып синтез әдістерін басқарудың жалпы (ортақ) жүйесін ойластырып және программалық түрде іске асыру керек, деректерді енгізіп және оны экранға немесе баспа құрылғысына шығару керек. Интерфейстің программалық қабиғын жасау керек және торабтардың сызба-құрылымдарын тиімділеудің алгоритмдерін программалық түрде іске асыру керек. Осы жасалатын автоматтандырылған жүйені экономикалық қажет тиімділігінесептеу керек және програманың өз күнцн қайтару уақытын есептеу керек. Сонымен қатар тұтынушылардың еңбегін қорғау бойынша стелетін шараларын көрсету керек.

2 Автоматтандырылған жүйені құру

1. 2 Жергілікті есептеу торабтарын түрғызу негіздері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұяшықты сызба құрылым
Шикізатты ұнтақтау қондырғысының автоматты басқару жүйесін жобалау
Бөлшек сауданы кредиттеу
Топырақ эрозиясы және оның түрлері
Топырақ эрозиясының түрлері. Оның зиян жақтары
Теміржол көлігінің Қазақстан экономикасындағы маңызы
Қала көшелерін өндеу
Сараптау жүйелерін тұрғызуға қатысатын мамандар
Қазақстан топырағының экологиялық мәселелері
Эрозия механизмі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz