Заттардың типтерін анықтау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 102 бет
Таңдаулыға:   

АҢДАТПА

Дипломдық жобада қарасты рылатын жүйені, қазіргі кезде барлық орта және шағын кәсіпорындарға пайдалануға болады.

Тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды қадаммен өсіп бара жатқандығына байланысты, сатып алушыға пәтерлер туралы ақпаратты тез іздеу, шағын кәсіпорындарда проблемасы туады. Осы жүйені енгізу ақпараттың сапасын және оның беру жылдамдығын тездеп, жүйе өзін аз уақытта ақтайтыны сөзсіз.

Бұл дипломдық жобада жүйені енгізудің экономикалық тиімділік және еңбек қорғау талаптарына байланысты барлық мәселелер қарасты рылған.

АННОТАЦИЯ

Разработанная в данном дипломном проекте система, подходит для решения ряда проблем в малых и средних предприятиях.

В связи с стремительным ростом строительства жилых домов. Предоставляется широкий ассортимент в выборе жилья, которое требует цивилизованного решения проблемы. С предоставлением информации клиентам требуется автоматизировать работу предприятий. Внедрение этой системы позволит намного улучшить качество, и скорость обработки информации.

В данном дипломном проекте рассчитана экономическая эффективность внедрения системы, а также рассмотрены требования, предъявляемые к обеспечению безопасности труда и соответствию рабочих мест, санитарным нормам и требованиям.

ANNOTATION

The system developed in the given degree project, approaches for the decision of some problems in the small and average enterprises.

In connection with prompt growth of building construction. The wide assortment in a choice of habitation which demands the civilized decision of a problem is given. With granting the information clients need to automate work of the enterprises. Introduction of this system will allow to improve much more quality, and speed of processing of the information.

In the given degree project economic efficiency of introduction of system is designed, and also the requirements showed to a safety of work and conformity of workplaces, to sanitary norms and requirements are considered.

МАЗМҰНЫ

Тапсырма 2

Мазмұны 7

Кіріспе 10

1 Талаптарды анықтау 11

1. 1 Жобалаудың тағайындалуы 11

1. 2 Сенімділікке талаптар 11

1. 2. 1 Тиімділік 11

1. 2. 2 Сенімділік 11

1. 2. 3 Сынаулық 12

1. 3 Функционалдық сипаттамаларына талаптар 12

1. 3. 1 Орындалатын функциялардың құрамына талаптар 12

1. 3. 2 Кіріс мәліметтер ұйымдастыруына талаптар 12

1. 3. 3 Шығыс мәліметтер ұйымдастыруына талаптар 14

1. 4 Пайдалану шарттары 14

1. 5 Ақпараттық және программалық сәйкестілік 14

1. 6 Бағдарламалық құжаттарға талаптар 14

1. 7 Бақылау мен қабылдау тәртібі 14

1. 8 Жетілдірудің этаптары мен кезеңдері 15

2 Дерек қорын жобалау 16

2. 1 Заттық аймақтың анализі 16

2. 2 Жобалау әдісі 17

2. 3 Деректер үлгісі 19

2. 3. 1 Иерархиялық деректер үлгісі 19

2. 3. 2 Желілік деректер үлгісі 20

2. 3. 3 Реляциялық деректер үлгісі 22

2. 3. 4 Қатынастардың қалыптылығы 22

2. 3. 5 «Зат- байланыс» диаграммасы 23

2. 4 ДҚ-ның концептуалдық, логикалық және физикалық жобалауы 25

2. 4. 1 ДҚ-ның концептуалдық жоба 25

2. 4. 2 Деректер қорының логикалық үлгісін жобалау 27

2. 4. 3 Деректер қорының физикалық үлгісін жобалау 29

3 Жобалау 31

3. 1 Жобаны құру 31

3. 2 Қолдану варианттар диаграммасын құру 31

3. 2. 1 Қолдану варианттарды анықтау 32

3. 3 Кластар диаграммасын құру 34

3. 4 Тізбек диаграммасын модельдеу 37

3. 5 Кооперативті диаграммалар 40

3. 6 Тізбектік және кооперативті диаграммаларды салыстыру 40

3. 7 Қызмет диаграммасы 41

4 Программалық іске асыруды сипаттау 42

4. 1 Операциялық жүйені таңдауды негіздеу 42

4. 2 Программалау тілін таңдауды негіздеу 42

4. 3 Программа сипаты 43

4. 3. 1 Менюда жұмыс істеу 43

4. 3. 2 Жаңа деректерді енгізу 46

4. 4 Жүйелік программистке нұсқау 47

4. 5 Операторға нұсқау 47

5 Программалық қолданбаның экономикалық тиімділікті есептеу 49

5. 1 Жалақыға кететін шығынды анықтау 41

5. 1. 2 Салықтарды есептеу 51

5. 1. 2. 1 Әлеуметтік салықты есептеу 51

5. 1. 2. 2 Табыстан алынатын салықты(подоходный налог) есептеу 53

5. 1. 2. 3 Пенсиондық алымдар 54

5. 1. 3 Материалдарға жұмсалатын шығындар 54

5. 1. 4 Ғылыми зерттеу жұмыстарына қажет арнайы аппараттарға кететін шығындар 54

5. 1. 5 Басқа шығындар 55

5. 2 Программалық қамтаманы енгізудің тиімділігін есептеу 56

5. 2. 1Енгізуге дейін шығынды есептеу 56

5. 2. 2 Жүйені енгізуден кейін шығынды есептеу 56

5. 2. 3 Расчет затрат на написание и отладку программы 57

5. 2. 3 Енгізуден кейін экономикалық шығындарды есептеу 57

5. 2. 3. 1 Енгізуден кейін шығын экономиясы 57

5. 2. 3. 2 Жүйенің өтеу мерзімі 57

5. 2. 3. 3 Жылдық экономикалық эффект 58

6 Еңбекті қорғау 59

6. 1 Қауіпті және зиянды өңдірістік факторларды талдау 59

6. 2 Қорғаныс шаралары 60

6. 2. 1 Өндірістік санитария 60

6. 2. 2 Микроклимат 62

6. 2. 3 Электромагниттік өрістер 62

6. 3 Өрт қауіпсіздігі 63

6. 3. 1 Өрт қауіпсіздігіне нормалар 64

6. 4 Шуылды төмендететін құрылғылар 64

6. 5 Жұмыс орнының жарықталуы 64

6. 5. 1 Жұмыс орнының табиғи жарықтануына нормалар 65

6. 5. 2 Жұмыс орнының табиғи жарықталуын есептеу 65

6. 6 Электр қауіпсіздігі 67

6. 6. 1 Электр қауіпсіздік техникасы 67

6. 7 Жерлеуіш контурының жалпы кедергісін анықтау 67

6. 8 Бөлме-жайды желдетуді есептеу 69

Қорытынды 71

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 72

Қосымша А 73

Қосымша Б 76

Қосымша В 81

Қосымша Г 117

КІРІСПЕ

Тұрғын үйлерге сұрыныстың өсуіне байланысты, сатып алушыға, сатушыға, пәтерлерді жалға берушіге пәтер туралы ақпаратты тез іздеу, шағын кәсіпорындарда проблемасы туады.

Программалық-ақпараттық жүйе, клиенттің мәліметтер жиынтығына сүйеніп, серверлік продукт болу керек. Бұл файл-серверлік және клиент-серверлік ортада жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Комплекс жылжымайтын мүлік агенттігікте, мүлікпен жұмыс істейтін агенттерге қолдануға бағдарланған.

Енгізілетін мәліметтер алғашқы документтер түрінде берілу керек, оларды жүйеге қолмен енгізеді және де ол мәліметтер таблицасы түрінде болады.

Қолданушылар заттық аймақты жақсы білу керек және ОС Windows ортасында жеке компьютермен орташа жұмыс істей алу керек.

Программаны орнатқан кезде комплексті қабылдайды және тестейді. Программаның дұрыс жұмыс істеуін, оны орнатқан кезде техникалық және программалық құралдарды қалпына келтіреді. Сонымен қатар керекті өзгертулер және қосымшалар, жүйенің эксплуатация кезінде айқындалады және енгізіледі.

Бұл программа әр талғамға байланысты сәйкес автоматты түрде сататын, сатып алатын, жалға бертін, жалға алынатын пәтерлердің тізімінен өзіне ұнаған пәтерді алу үшін арналған. Программа пәтерлердің, клиенттің қызметкердің деректерін негізгі ДҚ-дан алады.

1 Талаптарды анықтау

1. 1 Жобалаудың тағайындалуы

Тұрғын үйлерге сұрыныстың өсуіне байланысты, сатып алушыға, сатушыға, пәтерлерді жалға берушіге пәтер туралы ақпаратты тез іздеу, шағын кәсіпорындарда проблемасы туады. Келесі жағдайларда есеп жасалады:

  1. іздеу нәтижелерін отчет түрінде көрсету;
  2. пәтерлер туралы архивті құрастыру;
  3. клиенттер туралы архивті құрастыру;
  4. керекті информацияны клиенттке жеткізу;

Пәтерлер туралы архив - пәтерлер туралы барлық мәліметтер (бөлмелер саны, бөлменің қабаты, есіктері, күйі, жоспарлауы (планировка), ауданы, дәретханасы, байланыс түрі, теледидар, адресі (көшесі), тұратын бағасы) керекті информацияны клиентке отчет (есеп беру) түрінде болады.

1. 2 Сенімділікке талаптар

1. 2. 1 Тиімділік

Интерактивті режимде тиімді жұмыс істеу үшін келесі шарттар орындалу керек:

  • сұранысқа жауап 1-2 секундта қайтарылу керек;
  • ақпарат енгізуді минимизациялау;
  • қолданушыға ағымды процесстер мен жұмыстың жасалу қадамдары туралы динамикалық түрде ақпарат беруімен максималды автоматизациялау;
  • қолдану процессінде пайда болатын қателер туралы ақпаратпен жұмысты қадағалау.

1. 2. 2 Сенімділік

Программалық-ақпараттық жүйе, клиенттің мәліметтер жиынтығына сүйеніп, серверлік продукт болу керек. Бұл файл-серверлік және клиент-серверлік ортада жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Клиенттің түсінікті графикалық интерфейс және контексті-тәуелді сыбыр программаларды қолданушыларға, арнайы ақпараттық технологиялық білімге ие болмаған, бейімделуге мүмкіндік береді.

Комплекс жылжымайтын мүлік агенттігікте, мүлікпен жұмыс істейтін агенттерге қолдануға бағдарланған.

Комплекстің тұрақты жұмыс істеуіне қамтамасыз ету үшін:

  • енгізілген мәліметтерге мүмкін мағына диапазонында тексеріс жасау;
  • кестелер жиынтығының структурасына өзгеріс жасауға тексеріс жасау керек;
  • компьютердің жұмысында сбой болғанда, ақпараттың қалпына келуін қамтамасыз ету;
  • программаның жұмысын қате пайда болған кезде тоқтатпау - қате пайда болғанда, мәліметтерді дұрыс қайта еңгізу сұранысы шығу керек.

1. 3. 3 Сынаулық

Жүйе әр бір қолдану вариантында сынақтан өту керек. Сонымен бірге әр бір вариантында әр түрлі кіріс ақпарат жиынтығы сынақтан өтеді.

Жүйе жұмыс қабілеттілікке тез тексерілетін, және де арнайы тесттер программаның дұрыс жұмыс белгіленген результатарымен болу керек.

1. 3 Функционалдық сипаттамаларына талаптар

1. 3. 1 Орындалатын функциялардың құрамына талаптар

Комплекста бір пәтерлер подсистемасы бар. Ол келесі функцияларды орындайды: пәтерлер туралы мәліметтерді енгізу, жою және оларға коррекция жасау, және де арендаға берілген пәтерлердің уақытың белгілеу.

1. 3. 2 Кіріс мәліметтер ұйымдастыруына талаптар

Енгізілетін мәліметтер алғашқы документтер түрінде берілу керек, оларды жүйеге қолмен енгізеді және де ол мәліметтер таблицасы түрінде болады. Осы документтер келесі ақпаратқа ие болу керек:

а) Пәтерді арендаға беру:

  1. Бөлмелер саны;
  2. Пәтердің қалпы;
  3. Байланыс түрі;
  4. Теледидар;
  5. Бағасы;
  6. Төлеу түрі;
  7. Тұрған көшесі;
  8. Клиенттің аты,
  9. Клиенттің телефоны;
  10. Үй түрі;

б) Пәтерді арендаға алу:

  1. Бөлмелер саны;
  2. Пәтердің қалпы;
  3. Байланыс түрі;
  4. Теледидар;
  5. Бағасы;
  6. Төлеу түрі;
  7. Тұрған көшесі;
  8. Клиенттің аты,
  9. Клиенттің телефоны;
  10. Үй түрі;

в) Пәтерді сату:

  1. Бөлмелер саны
  2. Пәтердің қабаты
  3. Пәтердің жоспарлауы
  4. Пәтердің қалпы
  5. Есіктері
  6. Бағасы
  7. Төлеу түрі
  8. Орналасқан ауданы
  9. Клиенттің аты
  10. Клиенттің телефоны
  11. Үй түрі
  12. Интерьері

г) Пәтерді сатып алу:

  1. Бөлмелер саны
  2. Пәтердің қабаты
  3. Пәтердің жоспарлауы
  4. Пәтердің қалпы
  5. Есіктері
  6. Бағасы
  7. Орналасқан ауданы
  8. Клиенттің аты
  9. Клиенттің телефоны
  10. Үй түрі

1. 3. 3 Шығыс мәліметтер ұйымдастыруына талаптар

Шығарылатын мәліметтер, алғашқы документтердің электронды версиялары, мәліметтер таблицасы түрінде болу керек. Пәтерлер подсистемасы үшін кестелері ретінде ұсынылу керек.

1. 4 Пайдалану шарттары

Осы программалық өнімнің ойдағыдай пайдалану үшін - Windows 2000/XP және оданда жоғары операциялық жүйесі, жедел жады 128 Мбайт жоғары, принтер болу керек. Қолданушылар заттық аймақты жақсы білу керек және ОС Windows ортасында жеке компьютермен орташа жұмыс істей алу керек.

1. 5 Ақпараттық және программалық сәйкестілік

Комплекс шарттарға байланысты құрылу керек. Программаның барлық блоктары минимальды өзгерістермен басқа блоктарда келесіде жеңіл ауыстырылатын болу керек.

Шығарылатын және аралық файлдар ретінде, басқа прогараммалық өнімдермен қолдануға мүмкіндігі бар, стандарттын деректер қойманың кестелері қолдану керек.

1. 6 Бағдарламалық құжаттарға талаптар

Қарастырып отырған программалық өнім келесі құжаттармен қоса жіберіледі:

а) техникалық тапсырма;

б) техникалық жоба;

в) программа тексі;

г) программаның баяндауы;

д) қолданушы басшылығы (руководство пользователя) .

1. 7 Бақылау мен қабылдау тәртібі

Программаны орнатқан кезде комплексті қабылдайды және тестейді. Программаның дұрыс жұмыс істеуін, оны орнатқан кезде техникалық және программалық құралдарды қалпына келтіреді. Сонымен қатар керекті өзгертулер және қосымшалар, жүйенің эксплуатация кезінде айқындалады және енгізіледі.

1. 8 Жетілдірудің этаптары мен кезеңдері

Жетілдірудің негізгі этаптары 1. 1 кестеде келтірілген

Кесте 1. 1- Жетілдірудің этаптары мен кезеңдері: Кесте 1. 1- Жетілдірудің этаптары мен кезеңдері
Кесте 1. 1- Жетілдірудің этаптары мен кезеңдері: Этаптың мазмұны
Жобалық құжат
Жетілдіру мерзімі
Кесте 1. 1- Жетілдірудің этаптары мен кезеңдері: Талаптардың анықталуы
Техникалық тапсырма
05. 03. 2006ж.
Кесте 1. 1- Жетілдірудің этаптары мен кезеңдері: Алгоритмдерді анықтау
Техникалық жоба
27. 03. 2006ж.
Кесте 1. 1- Жетілдірудің этаптары мен кезеңдері: Анализ және жобалау
Диаграммалар
06. 04. 2006ж.
Кесте 1. 1- Жетілдірудің этаптары мен кезеңдері: Тестілеу, түзету және реализациялау
Тестердің нәтижесі, бағдарламаның тексті
27. 04. 2006ж.
Кесте 1. 1- Жетілдірудің этаптары мен кезеңдері: Бағдарламаның бейнелуі
Қолданушының нұсқауы
10. 05. 2006ж.

2 Дерек қорын жобалау

Әр қолданбалы программа шын өмірдің бөлігінің бейнесі болады, сондықтан ол сол әлемнің деректер ретінде формальданған бейнелеуі болады. Үлкен мәліметтер массивтерді, әдетте программаның орындалу кодынан бөлек, орналастырылады және деректер қоры ретінде ұйымдастырылады. 60-жылдардан бастап деректермен жұмыс істеу үшін арнайы деректер қорлармен басқару жүйелері деп аталатын (ДҚБЖ) программалық комплекстерді қолдана бастады. ДҚБЖ келесілерге жауап береді:

  • деректердің және олардың бейнелеулердің физикалық орналасуы;
  • деректерді іздеу;
  • деректер қорын актуальды күйде ұстау;
  • бұрыс жаңартудан және санкциялданбаған қатынаудан деректерді қорғау;
  • бір уақытта бірнеше қолданушылардан келетін сұраныстарды қызметтеу;

«Клиент-сервер» архитектурасында ДҚБЖ қолданушылардың сұраныстарын желі арқылы қабылдайды және нәтижесін желі арқылы қайтарады. Мұндай ДҚБЖ деректер қорының сервері деп аталады.

2. 1 Заттық аймақтың анализі

Оптималдық есеп келесі параметрлермен анықталады:

  • бөлмелер саны. Бөлмелер қандай да бір пәтерде болады. Бір пәтерде бірнеше бөлмелер болу мүмкін. Кез-келген сандар болады. Мысалы: «2» немесе «5».
  • пәтердің қабаты. Кез-келген сандар болады. Мысалы: «2/5» немесе «3/9».
  • планировкасы. Әр пәтердің өзіне сай планировкасы болады. Планировка мәні кез-келген символдық ақпарат болады. Мысалы: «обычная», «улучшенная».
  • күйі. Кез-келген символдық ақпарат. Мысалы: после ремонта, косметический, без ремонта.
  • дәретханасы. Кез-келген символдық ақпарат, мысалы «раздельный» немесе «совместный».
  • байлансы түрі. Байланыс түрінде кез-келген символдық ақпарат болады. Мысалы: «нет», «блокиратор», «самостоятельный».
  • теледидар. Жалға беретін пәтерде теледидар болуы мүмкін, яғни ол қандай да бір түрде болады. Ол кез-келген символдар жиынын құрады. Мысалы, «нет», «импортный» және т. б.
  • есіктері. Пәтердегі есіктердің түрін туралы ақпарат. Ол да кез-келген символдар жиынынан құралады.
  • бағасы. Әр пәтердің, сатуға, сатып алуға, жалға беру немесе жалға алуға бағасын көрсетеді. Кез келген сандар жиынынан құралады.
  • төлеу түрі. Төлеу түрін анықтайды.
  • ауданы. Сатуға, сатып алуға, жалға беруге немесе жалға алынған пәтерлердің мөлшерін көрсетеді.
  • көшесі. Пәтердің орналасқан көшесін көрсетеді. Кез-келген символдық ақпарат.
  • клиенттің аты. Кез-келген символдар жиыннан тұрады.
  • клиенттің телефоны. Кез-келген сандардан құралады.
  • желание. Бұл агенттікке келген клиенттің «сату», «сатып алу», «жалға беру», «жалға алу» талғамын көрсетеді.

Бұл дипломдық жоба есептің мәнісі - клиенттің талағмы бойынша тез пәтерді табу. Және де қандай да бір варианттың тиімділігін экономикалық есептеуіне негізделіп, дәлелдеу.

Әр пәтерде бірнеше бөлмелер болады. Пәтердің қабаты, планировкасы, күйі, дәретханасы, байланыс түрі, есіктері, адресі бар. Ал әр клиенттің өз аты, телефоны, талғамы болады. Әр қызметкердің өз ID_номері болады. Пәтерлер әр клиентке тез табылады, ол үшін тез іздеуді қолданамыз.

Деректер қорын жобалау үшін, алғашынан мәліметтерді сақтауының сенімділігін және олармен оңай жұмыс істеуін кепіл беретін әдіс керек. Мұндай әдісті деректер үлгісі деп атайды және оның керектігін келесі мысалмен көрсетейік. Мысалы, бізде бір кесте бар, осы кестеде бірнеше жазба бар. Қандайда бір себептен жазбаның бір атрибутын жою керек болды. Бірақ онымен бірге басқа ақпарат та жойылады. Бұл жағдайда пайда болатын оқиға- жою аномалиясы деп аталады. Ескі деректерді жоюы, оның күмәнсіз деректерді жоюға да әкеледі. Сондай- ақ қосу аномалиясы да бар.

Деректер үлгісі мәліметтердің тәуелсіздігін қамтамасыз ету керек.

2. 2 Жобалау әдісі

Әдіс- бұл жетілдірілетін бағдарламалық жүйенің әр түрлі жақтарын анықталған құралдармен бейнелейтін үлгілерді құрудың тізбектелген процесс. Әдістер бірнеше себеппен маңызды:

  • олар күрделі бағдарламалық жүйелерді құру процесін реттейді;
  • олардың көмегімен менеджерлер жетілдіру процесс кезінде жылжу дәрежесін және қауіп- қатерін бағалауға мүмкіндік береді.

Әдетте жобалау әдістері үш негізгі топқа бөлінеді:

  • жоғарыдан төменге жобалау әдісі;
  • деректер ағымы әдісі;
  • объектілі- бағытталған жобалау.

Құрылымдық жобалау үшін алгоритмдік декомпозиция тән. Бағдарламалардың көбісі осы әдіске сәйкес жазылғанын айтылғаны жөн. Бірақ құрылымдық әдіс абстракцияларды белгілеуді және мәліметтерге қатынау шектеуді қамтамасыз ете алмайды, сонымен бірге параллелизмді ұйымдастыру үшін керек құралдарды бере алмайды. Құрылымдық әдіс өте күрделі жүйелерді құруды қамтамасыз ете алмайды және ол объектілі және объектілі- бағытталған бағдарламалық тілдерде тиімді емес.

Деректер ағымы әдісінде бағдарламалық жүйе кіру ағымдарын шығу ағымдарына өзгертуші ретінде қарастырылады. Деректер ағымы әдісі бірнеше күрделі есептерді шығаруда пайданылды, мысалы, жүйенің кіру және шығу ағымдардың арасында тура байланысы бар және тез әрекетті талап етпейтін ақпараттық қамтама жүйелерде қолданылды. Жобаланатын автоматтандырылған жүйелерге қойылатын негізгі талаптардың бірі бұл қоюларды есепке алуды автоматтандырудың жылдамдығын үлкейту және әр түрлі құжаттарды және тауарларды жасауға кететін уақыт шығынын азайту болып саналады. Бұл әдісті автоматтандырылған жүйелерді жобалауда пайдалану тиімді емес.

Объектілі- бағытталған жобалау (object-oriented design, OOD) - бұл әдістің негізінде, бағдарламалық жүйені, әр объектті иерархия құрайтын қандайда бір класстың экземпляры ретінде қарастырып, осы объектілер бір- бірімен байланысатын жиыны ретінде қарастырылуы керек. Объектілі- бағытталған әдіс жоғары дәрежелі тілдердің жаңа топологиясын бейнелейді. Жобалау үшін жоғарыда айтылған жобалау әдісі пайдаланылған, үлгіде төрт негізгі элемент болу керек:

  • абстрагирлеу;
  • инкапсуляция;
  • модульдік;
  • иерархия.

Абстрагирлеу- жобаланатын объектіні басқа объектілерден өзгешелететін сипаттамаларды белгілеуге мүмкіндік береді.

Инкапсуляция- объектінің құрылымы мен тәртібін анықтайтын элементтерін бір- бірінен бөліктеу процесі. Ол абстракцияның шарттық міндеттемелерді олардың реализациядан оңашалауға мүмкіндік береді.

Модульдік- ішкі, бірақ әлсіз өзара байланысқан модульдерге бөлінген жүйенің қасиеті.

Иерархия- абстракцияларды реттеу, яғни оларды дәреже бойынша жатқызу.

Абстракция мен инкапсуляция бірін- бірі толықтырады. Абстракциялау объектінің тәртібін сырттан бақылауға бағытталған, ал инкапсуляция әр түрлі абстракциялардың арасында нақты шектеулерді анықтайды, яғни объектінің тәртібіне ішінен бақылау.

Жобалаудың бұл элементтерін пайдалану кез келген жобаланатын жүйенің өнімділігін үлкейтуге мүмкіндік береді.

2. 3 Деректер үлгісі

ДҚ-ның құрылымы, оның негізіне салынған деректер үлгісімен анықталады. ДҚ-ның әр түрлі үлгілері бар, мысалы: графтық үлгісі, желілік үлгі және т. б. Қазіргі кезде ең тараған реляциялық деректер үлгісі болып келеді. Реляциялық әдісте мәліметтер екі өлшемдік кестелер ретінде бейнеленеді.

2. 3. 1 Иерархиялық деректер үлгісі

Иерархиялық үлгі объектілердің иерархия принципі бойынша құралады, яғни объектінің бір типі басты болады, ал басқалары- төменде жатқандары бағыныштылары болады. «бір көпке» байланысы орнатылады, яғни қандай да бір басты типі үшін объектінің бірнеше бағынышты типтері бар. Бағынышты типтердің өздерінде бағынышты типтері болу мүмкін. Иерархиядағы ең жоғарғы түйіні (атрибуттардың жиыны) түбірлі деп аталады. Деректер ағаш ретінде иерархия сияқты болады. Бұл деректер үлгісі өрістер жиыны ретінде болатын сегментте негізделеді, ал бұл өрістер осы сегментті сипаттайды. Сегменттер типтер бойынша бөлінеді, ал әр тип берілген ұзындығымен және деректер өрістеріне бөлінумен сипатталады. Көршілес деңгейде орналасқан екі байланысқан сегмент қорытындылық (жоғарғы деңгейдегі) және туылған (төменгі деіңгейлі) деп аталады. Иерархиялық құрылымда қорытындылық сегменті жоқ, басты немесе түбірлі деп аталатын сегмент бар. Бұл сегментте әдетте иерархияның екінші немесе одан да төменгі деңгейлердегі сегменттерде ашылатын қасиеті бар объектінің идентификаторы болады.

Физикалық деңгейде бұл үлгіні жетілдіру үшін тізбекті, индексті- тізбекті, тура, индексті- тура қатынаудың бұл иерархиялық әдістермен сегменттерді орналастыратын есте сақтау құрылғыларда деректерді орнату бірнеше стандартты әдістері пайдаланады. Сегменттерді орнату әдістеріне сәйкес оларға қатынау тәртібі орнатылады. Сегменттерге орнатылған қатынау тәртібі сұраныс тілдің процедіурлығын жалпылайды және қолданушыдан иерархиялық жазба ағашының бұтақтары арқылы өтетін деректерге қатынау жолдарын білуін талап етеді. Бұл үлгінің кемшіліктің бірі болып саналады.

Физикалық деңгейде деректердің көптілігін талап ететін «көп көпке» реализацияның қиындығы ДҚ- ның үлкеюіне әкеледі.

Басқа кемшіліктер ретінде келесілерді айтуға болады:

  • жою операциясына үлкен дұрыстығын талап етеді, өйткені қорытынды сегменттің жоюы тудырған сегменттерді де жоюға әкеледі.
  • тудырған сегментіне қатынау тек қорытынды сегмент арқылы ғана жүреді, ал ол ДҚ- ға сұранысқа жауап қайтару уақытын үлкейтеді.

2. 3. 2 Желілік деректер үлгісі

Желі «қатарынан басты және бағынышты тип» принципі бойынша құралады, яғни кез келген деректер типі қатарынан бірнеше бағынышты типті тудыра алады және бірнеше басты типтер үшін бағынышты болуы мүмкін.

Желілік деректер үлгісі- иерархиядан жалпылаған құрылым. Желінің түйіндері ретінде жазбаның бөлек экземплярлары болады. Жазбаның түйіндері ДҚ- ға қатынаудың бірлігі болады. Бөлек түйінде бірнеше басты түйіндері сияқты бірнеше бағынышты түйіндері бар болғандықтан, бұл құрылым «көп көпке» қатынастың тура бейнелуін қамтамасыз етеді. Жазба- түйіндері арасындағы байланыс үшін екі экземплярды байланыстыру үшін барлық экземплярлар тізбекте болатын байланыстырушы жазба бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Теңдеулер бойынша есептер шығару
Оқушылардың биологияны оқуға қызығушылығын арттыру жолдары
Темпераменттің психологиялық сипаттамасы
Ормандар типологиясы
ОРМАНДАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ
Адам экологиясы – экология ғылымының бір тармағы
«Ландшафттану және физикалық географиялық аудандастыру»
Топырақ жамылғысы. Топырақтың ауданы экономикалық қызметке байланысты деградацияға ұшырауын қарастыру
Темпераменттің төрт типінің сипаттамасы
Сандық талдау әдісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz