КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҰЙЫМДЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕМЕН ҚАМСЫЗДАНДЫРУ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Механика-математика факультеті

Ақпараттық жүйелер кафедрасы

Бітіру жұмысы

Коммерциялық ұйымның ақпараттық жүйесін құру және жобалау

Орындаған 4 курс студенті
Сабазова А.Б.
(қолы)

Ғылыми жетекші
Дүйсебекова К.С
(қолы, күні)

Нормабақылаушы ____________________ Жұманбаева А.М
(қолы,күні)

Кафедра меңгерушісінің ______________________ Төкеев У.А.
рұқсатымен қорғауға жіберілді (қолы, күні)

Алматы 2010

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҰЙЫМ 6
1.1Коммерциялық ұйым
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Коммерциялық ұйымның қазіргі
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
.9
1.3 Қазақстан Республикасының коммерциялық
ұйымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҰЙЫМДЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕМЕН
ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.1 Ақпараттық жүйемен қамтамасыз етудің маңызы мен
мағынасы ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.2 Ақпараттық қызмет
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.3 Комплексті ақпараттық жүйені
құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ...20
2.4 АЛСИ ұйымының ақпараттық жүйесін
жобалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
3 АЛСИ КОММЕРЦИЯЫЛЫҚ КӘСІПОРЫНЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚАМСЫЗДАНУЫНЫҢ
АНАЛИЗІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ..41
3.1 Зерттеу объектісінің жалпы мінездемесі ... ... ... ... ... ... 41
3.2 Техникалық және экономикалық
көрсеткіштер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44
3.4 Программалық өнімнің диалогтарының графын жүзеге асыру ... ... ... .
44
4 АВТОМАТТАНДЫРЫЛАТЫН МӘСЕЛЕЛЕР КЕШЕНІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚАМСЫЗДАНДЫРЫЛУЫН
ЖОБАЛАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... . 4.1 Мәліметтер қорының ақпараттық логикалық
моделі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
4.2 Жүйені өңдеуді қолдайтын аспаптық
құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4.3 Программалық өнімнің диалогтарының графын жүзеге
асыру ... ... ... ... ... ... ... .. ...
5 АҚПАРАТТЫҚ ЖАБДЫҚТАУ. МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫН ҚҰРУ 50
6 DELPHI 7 ортасында коммерциялық ұйымның ақпараттық жүйесінің
программасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... . 59
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 60

КІРІСПЕ

Әлемдік ақпараттық жүйе интерназионализациялау процесінің
белсенділігіне қолайлы жағдайлар туғызды, ол елдердің дамуына әсер етуші
факторлар мен жағдайлардың түбегейлі өзгеруіне алып келеді және осы
мемлекеттердің ұлттық үлесінің қысқарып, ұлтаралық үлестің өсуіне алып
келеді.
Технология деңгейінің тез өсуі мен жаңа қаржылық орталықтардың
қалыптасуы кезінде интернационализациялау процесі трансұлттық компаниялар
деңгейімен ғана шектелініп қоймай, мыңдаған ұсақ және орта кәсіпорындарды
да қамтиды. Оларға тән қасиеттердің бірі ақпараттық интернационализацияның
әртараптандыру нысандары болып табылады. Олардың ішінде қазіргі кезеңде ең
маңыздылысы коммерциялық кәсіпорындар.
Халықаралық біріккен кәсіпкерліктің дамуының кең тәжірибесі оның
бейімділік қабілетінің жоғарлығын, біріккен компаниялардың икемділігі,
экономикалық прогрестің жаңа жетістіктерін қолдануда білімділігін, олардың
әлемдік нарық өзгерістеріне өз тактикасы мен стратегиясын тез бағыттай алу
қабілеттілігін көрсетеді.
Қазақстанда тұрақтылықтың негізгі нақты шамалардың бірі болып әлемдік
ғылым мен техника – жетістіктеріне қол жеткізу, өндірісті ұйымдастыру мен
басқару тәжірибесін үйрету қойылған.
Қазіргі кезеңдегі біздің еліміздің даму кезеңі барлық қоғамдық
өрісінде динамикалық және сандық өзгерістермен ерекшелінеді. Жаңарту және
демократия процесттері барлық саяси, экономикалық және әлеуметтік
институттарды қозғайды.
Коммерциялық кәсіпорын Қазақстан сыртқы экономикалық қызметінің жаңа
механизмінің дамуы мен қалыптасуында үлкен рөл атқарады және бірқатар
мәселелерді шешеді: біріншіден, батыс технологиясы мен техникасын өндіріс
процесі кезінде біріктіреді және экономикаға шетел қаржыларын таратады;
екіншіден, өндірісті ұйымдастыру мен басқаруда ТҰҚ тәжірибелерін
пайдаланады; үшіншіден, табыстың нақты валюта көзі рөлін атқарады;
төртіншіден, сыртқы нарыққа ену мәселелерін шешеді; бесіншіден, тұрғындарды
жұмысбастылықпен қамтамасыз ету мәселелерін шешеді. Осыған байланысты
біріккен кәсіпкерлік даму процесін және республикадағы экономикалық
механизмдерін зерреу өте маңызды мәселе болып табылады.
Дипломдық жұмыстың басты мақсаты - Қазақстан Республикасының
халықаралық байланыстың жаңа түрі ретінде халықаралық еңбек бөлінісі
кезінде коммерциялық кәсіпкерліктің ақпараттық жүйесінің тетіктерін,
сипатын, түрі мен артықшылықтарын зерттеу, түрі мен айырмашылықтарын
зерттеу, оның транзиттік экономика жүйесіндегі әлеуметтік мүмкін боларлық
жолдарын анықтау.
Ұсынылып отырған дипломдық жұмыста коммерциялық компанияның
ақпараттық жүйесін енгізген кездегі шығындардың азаюына жол ашу және еңбек
өнімділігінің өсуі, сонымен қатар экономикалық жұмыстың жақсаруына қол
жеткізгенін көрсетеді.
Менің таңдаған тақырыбым бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі болып
келеді. Жақсы ақпараттық жүйемен қамтамасыз ету, бұл тек табыс көзі ғана
емес, ол компанияның бәсекеге қабілеттігін, сонымен қатар үлкен
бәсекелестікті туғызады.
Ақпараттық жүйемен басқаруды қамтамасыз ету – ол компаниямен басқару
және басқаратын процеспен толық ақпарат байланысы болып табылады. Сонымен
қатар ол тек толық ақпараттық байланыс болып қана қоймай, басқару
функцияларын түгелдей қамтып, соның ішінде бөлек функционалдық жұмыстарды
мысалы, болжау және жоспарлау, анализдеу және есепке алуды да қарастырады.
Мұндай ақпараттық байланыс функционалды басқарудың еркше кезеңдерін
қарастыруға мүмкіндік береді. Сол уақытта оның жалпы қасиеттері түбегейлі
зерттеуге жол ашады.
Ақпараттық жүйе, онымен қамтамасыз ету заманауи талаптардың бірі
болып отыр. Комерциялық кәсіпорындарда ақпараттық жүйені құру, жобалау,
өндіру және өңдеу басты мәселе.
Комерциялық компанияның өзара ақпарат алмасуы электронды есептуеіш
техникасымен және басқа да техникалық құрылғылармен орындалады. Осындай
автаматтандырылған жүйені қолдану, компанияның жетілуіне сөзсіз ең жақсы
жол болады.
Бұл дипломдық жұмыстың методологиялық және теориялық негізі отандық
және шетел ақпараттық ілім өнімдерінің ғылыми еңбектері бойынша
конференция деректері болып табылады.
1КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҰЙЫМ
1.1 Коммерциялық ұйым түсінігі
Коммерциялық кәсіпорындарды және фирмаларды өндірушілер мен
тұтынушылармен экономикалық өзара байланыстарының мінездемесі бойынша
бірнеше түрге бөлуге болады.
Коммерциялық ұйымдар, тауарларды өндірушілердің қатарына  кіретін,
тауарды өткізу және сатып алушы қызметтерін атқаратын. Жекешелендіру
процесі нәтижесінде Қазақстанның сыртқы және ішкі экономикасында қызмет
ететін фирмалар. Әдетте олар кәсіпорынның бөлімшелері болып келеді. 
Олардың қызметі басшылық ұйымдардың бағынышында  болады. Кей жағдайларда
бұндай ұйымдарға табыстық және шығындық  есептерін жүргізуге дербестік
беріледі, бірақ жалпы кәсіпорынның нәтижесінің балансында көрініс табады.
Оларды дербес заңды тұлға ретінде қарастыруға болмайды, сонымен қатар олар
делдалдар да бола алмайды. Ұйымдармен сатып алу мен сату келісім-шарттары
заңды түрде жасалмайды, бірақ бақылаушы кәсіпорын тарапынан бағынышты
түрінде жүргізіледі. Қызметтерінің нәтижелеріне ұйымдарды құрған
кәсіпорындар өз капиталдарымен жауап береді. Жиі олар сатып алу немесе сату
құрылымдық бөлімдермен аталады, бірақ кей кезде құрған кәсіпорынның
аталуынан элементтері бар арнайы аттарға ие болады. Бұларға мысалы қайта
қалпына келген тоқыма және тігін кәсіпорындарын жатқызуға болады, өйткені
олар өз меншігінен мамандырылған дүкендер құрады. 
Еншілес сатып және сатып алатын коммерциялық фирмалар. Өндірістік
кәсіпорындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құрылғанымен, бірақ
кейбір қаржылық және құқықтық тәуелсіз болады. Заң жүзінде жеке
экономикалық бірлік болып, бірақ фирманың пакетіне ие басқа кәсіпорындар
арқылы басқарылатын фирмалар. Еншілес фирмалардың артықшылығы – еншілес
фирмалардың қызметі ірі кәсіпорындарға міндеттер қою арқылы жүргізіледі.
Алайда егер еншілес фирмалар дағдарысқа ұшырасқан жағдайда, бұл фирманы
құрған өндірістік кәсіпорын да шығынға ұшырайды.    
  Өкінішке орай 90-жылдары бұндай фирмалар ТМД – нің территориясында тек
қылмыстық істерін немесе ақшалай іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін
құрылатын. 1997 жылдары заңды түрде шаралар қолданып, еншілес фирмаларды
реттеуге кірісті.
Бірнеше аналық өндірістік кәсіпорындары бар еншілес коммерциялық
фирмалар.  Бұндай фирмалар бірнеше ірі кәсіпорындарының ортақ келісім
жүргізу арқылы құрылады және олардың қызметі екі аналық фирмалардың
шарттары бойынша атқарылады. Мысалы, бірнеше өндірістік кәсіпорындар ортақ
өнімдерін өндіру үшін арнайы еншілес өндіріс орындарын құрып, өз тарапынан
қаржыландырады.  Әдетте еншілес фирмалар мен оны құрған кәсіпорындар
арасында кооперативтік келісім шарттар құрылады, бір ұтымды жағдайы басқа
еншілес фирмаларға қарағанда бұндай фирмалардың қаржылық және басқарушылық
дербестігі айтарлықтай жоғары болады.  Кооперативтік келісім шарттар
құрылған жағдайда ірі акциялық пакет иегерлеріне  еншілес фирмаларды
басқару процестерінде артықшылықтар беріледі. Бұндай акционерлер квоталық
үлесін қоса алады және тауар өндірушілер арасында бәсекелесті тудыра алады.
Табыс пен шығынның бөлінуі акциялық пакет қаржыларына пропорционалды
бөлінуі мүмкін немесе еншілес фирмаларда аналық кәсіпорындардың арнайы
бөлімшелері құрылып, осы бөлімшелер арқылы табыстың аналық кәсіпорындарына
пропорционалды бөлінуі жүзеге асырылады. Әрбір бөлім өзінің келісім
шарттарын ұстануы мүмкін, бірақ принциптерінің төңірегінде кепілдіктер бере
алады. Мұндайда еншілес фирмаларға кәсіпорындар делдалдар болса, ал
кәсіпорындардың бөлімдері – дара делдалдар сияқты өздерінің есеп-шарттары
мен кепілдіктерін ұсыныла алады. Көрсетілген мысал тұрғысынан шет елдеріне
өз өнімдерін өткізу үшін жиі қолданылады. Бұл жағдайда аналық
кәсіпорындарының бірі шет елден алынады, бірақ қаржылық жағдайында бірдей
кірістер сақталады.  Бұндай фирмалар 90-жылдың соңына дейін сақталып
келген, бірақ жылдар өте олардың аналық кәсіпорындарын аралас қоғамдық
акционерлер басқан, өйткені олар нарықта беделді имиджге ие болған.
Тәуелсіз коммерциялық фирмалар, тұтынушылардың сұранысы бойынша жұмыс
істейтін. Көрсетілген фирмалар қаржылық мөлшері, қызметкерлер саны,
тауарлардың номенклатурасы және аумақ масштабы, нарықты қамтыған аумағы
бойынша әр түрлі болады. Бұндай фирмаларға жанұялық қаржының көмегімен
құрылған кішігірім фирмалар; заңды тұлғалардың келісім-шарттары бойынша
құрылған коммерциялық фирмалар; ірі фирмалар, яғни қаржыландыру тұрғыдан
ірі банктердің, шетелдік инвестициялардың, компаниялардың, фондтардың
кірісі бойынша құрылған фирмалар мысал бола алады. Ірі акционерлер фирманы
басқара отырып, фирманың  болашақ коммерциялық саясатын анықтайды. Ұсақ,
орташа фирмалар қаржылық жағдайында өздерінің тұтынушыларына тікелей
тәуелді болады. Нарықта тауарларын өткізу арқылы олар өздеріне жабдықтаушы
мен тұтынушыларын таңдай алады немесе олардың аралық байланысы ретінде
қызмет атқара алады. Ұсақ фирмаларға қаржылар салуға қолайсыз, өйткені
нарықта ұсақ фирмаларға бейімделу жеңілдікке соқпайды.  Ұсақ  фирмалардың
қайтарымсыз шығындарын пайда алмай жабуға мүмкіндіктері жетпейді, бірақ
ұсақ фирмалар нарықтың кей секторларында  жылдамырақ бейімделгіш болады
және серіктестерімен жасалған келісім – шарттарының орындалуын бақылауға
мүмкіндіктері бар. 
Орталық және ірі фирмалар белгілі бір тауарларды нарықта сатуға
бейімделген. Олар нарықты зерттеуге, жарнамалық кампанияларға, техникалық
жабдықтауға қаражаттарды салады, әрине бұл әрекетті ұсақ фирмалар жүзеге
асыра алмайды. Ірі фирмалар нарықта серіктестіктерін, келісім-шарттарын
өздеріне тікелей пайда көру үшін мүдікпей таңдай алады. Тәуелсіз
коммерциялық фирмалар нарықта тәуелсіз делдалдар қызметін атқара алады,
өйткені тұтынушылар тарапынан сұраныс көлемін, таңдауын қаржылық тұрғыдан
жайғастыруға болады. Сонымен қатар тұтынушылар коммерциялық фирмалардың
нарықтық процестерін таңдауы бойынша  қаржыландыра алады. Нарықты зерттей
келе кей тауарларға сұраныстың көтерілгенің байқаса, коммерциялық фирмалар
нарықтың анықталған сегмент көмегімен белгіленген тауарға бейімделе
келеді.  Ал егерде коммерциялық фирма ірі фирмалар қатарына жатса, онда
фирма анықталған тауарға қызығушылығын байқата отырып, жарнамалық
кампанияларды алдын ала қаржыландыра, тауарға бағытталған шығындарды жабуға
кредит бөлуге, тауарды өндіруге және нарықта орнықтыруға алдын ала
қаржыландыра алады. Бұдан байқайтынымыз, коммерциялық фирмалар ірі  болған
сайын нарықта орнығу мүмкіншілігі жоғарлайды. Сонымен қатар сұраныстың
көлеміне тікелей әсер ете алады, нарықта қажетті тауарларды сатуға үлкен
мүмкіншіліктері болады.Өкінішке орай, еліміздің ішкі нарығында ірі фирмалар
тек бір жақты жұмыс істеуге бейімделген, яғни сұранысты ынталандыру
шектелген. Тек нарықта өндірістік кәсіпорындарын қаржыландыру үшін
акционерлік қоғамдар бейімделген.
2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҰЙЫМДЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕМЕН ҚАМСЫЗДАНДЫРУ
2.1 Ақпараттық жүйемен қамтамасыз етудің маңызы және мағынасы
Қоғамның қазіргі кездегі дамуының ең басты белгісі-бұл өндірістің,
тұтынудың және адам әрекетінің барлық салаларында ақпарат жинаудың артуы
болып табылады.Адамның бар өмірі-қалай да болсын-ақпарат алу, жинау және
өңдеу мен байланысты. Адам не істесе де кітап оқығанда, теледидар
қарағанда, сөйлескенде ол әрқашан үздіксіз ақпарат алады және оны өңдейді.
Біз өмір сүріп отырған ғасырға автомобиль, электр, атом
энергиясы, авиация, космонавтика, электрондық техника сияқты ғылымның,
техниканың және жаңа технологиялардың бұрын болмаған жылдамдықпен дамуы
тән. Мысалы, кітап басып шығаруды ойлап тапқаннан радиоқабылдағышқа дейін
440 жылға жуық, ал радио мен теледидар арасында 30 жылдай уақыт өткен. Ал
алғашқы транзистор мен интрегралдық схеманың арасындағы уақыт не бары 5 жыл
болды.
ХVII ғасырдан бастап ғылыми ақпарат жинау саласында ақпарат көлемі,
шамамен әрбір 10-15 жыл сайын екі есе көбейіп отырды. Сондықтан адамзаттың
тіршілік әрекетінің кез келген саласындағы ақпараттың тасқынды ағыны оның
ең маңызды проблемаларының бірі болып табылады.
Мысалы, есеп бойынша қазіргі кезде әр маман өз қызметі саласындағы барлық
жаңалықты қадағалап біліп отыруы үшін жұмыс уақытының 80 %-не дейін жұмсауы
керек.
Ақпарат ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада
пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс,
бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы
басқа ұғымдармен тығыз байланысты. Көп адам бұл жайлы Білім дәуірі немесе
білім қоғамы тудырғын Ақпарат дәуірі туралы айта бастады; ақпараттық қоғам
ақпараттық технологиялар, тіпті информатика, ақпарат ғылымы және компьютер
ғылымы назарға көп түсуде.
Ақпарат – қарастылатын жүйе қалпы. Хабар – заттанған ақпарат. Ақпарат
жіберушіден қабылдаушыға бағытталған хабардың сапасы болып табылады. Осылай
қарастырылған ақпарат мағынасы ұқыпты болуы шарт емес. Ол ақиқат немесе
жалған, тіпті сүюдің даусы болуы мүмкін. Тіпті үзілісті шудың байланыс
арнасын толтыруы, түсініспеушілік әкелу мүмкіндігі осы мағынасы бойынша
ақпарат болып есептеледі. Дегенмен, жалпы айтсақ, ақпарат мөлшері көбейген
сайын хабар дәлірек болады. Бұл модель белгілі жіберуші және кем дегенде
бір қабылдаушы бар деп есептейді. Осы модельдың көптеген толықтырмаларында
жіберуші мен кем дегенде бір қабылдаушының ортақ тілі барын жорамалдайды.
Ақпараттың өзгеше маңызды анықтамасы оны қабылдаушы түсінетіндей
жіберушіден шыққан хабар деп анықтайды. Бірақ, белгілi жіберуші болуын
талап ететін “ақпарат - хат” моделі ақпараттың қоршаған ортадан, байқау,
өлшеу, т.б. арқылы, алынатын нәрсе болуы мүмкіндігіне мән бермейді. Ақпарат
ұғым ретінде контекстіне байланысты көптеген мағына білдіреді, дегенмен ол
әдетте мағына, білім, тапсырма, байланыс, бейнелеу, сезіну дегендермен
тығыз байланысты. Қысқа қайырғанда, қабылданған және түснікті хабар. Дерек
хақында айтылса, ақпарат деп әлдебір түйін жасауға болатындай ақиқаттар
жиынтығын қарастыруға болады. Оқу, тәжірибе немесе тапсырмалар арқылы
ақпарат алынатындықтан оның т.б. түсініктемелері болуы мүмкін. Қалай
болғанда да ақпарат деректерді өңдеу, реттеу және оларды қабылдаушыға жаңа
білім болатындай ұйымдастыру нәтижесі болып табылады. Байланыс теориясы
нәтижесінің (шығыстың) анықсыздығының сандық өлшемі болып табылады.
Мысалға, “мыңдаған биттерден тұратын ақпарат” деп айта аламыз. Байланыс
теориясында жиі Клод Шеннонның есімімен байланысты ақпарат энтропиясы деген
ұғым пайдаланылады. Ақпараттың келесі бір түрі Фишер (R.A. Fisher) енгізген
ұғым – Фишер ақпараты бұл статистиканы бағалау теориясында және жалпы
ғылымдарда пайдаланылады. Байқалмайтын параметр (unobserved) жайлы хабардың
алып жүретін ақпарат мөлшері Фишер ақпараты болып табылады. Оны жүйені
сипаттайтын ықтималдық функциясы ілімінен есептеп шығуға болады. Мысалы,
қалыпты (normal) ықтималдық функциясы бойынша Фишер ақпараты заң variance
керісі болып табылады. Ықтималдық заңы туралы ілімсіз Фишер ақпараты
қалыпты (normal) ықтималдықпен тарайтын деректің екінші моментіне керісінен
есептеуге болады. Тіпті ақпарат пен деректер бір-бірімен алмастырылып жиі
қолданылатынына қарамастан олар екі түрлі ұғым. Деректер байланысы жоқ
ақпараттар жинағы болып табылады және сәйкесінше өңделмейінше пайдасыз
болап табылады. Өңделу барысында өзара жетерліктей байланыс табылса, және
олардың маңызы бар болса ғана ол ақпарат санатына ауысады. Сондықтан жәй
деректер түрлі мақсаттарға пайдаланылуы мүмкін. Яғни деректер әлдебір
ақпарат қамтымайынша жарамсыз болады.
Ақпараттық жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды жəне біртұтас
құрылымдарының бірі.
Ақпараттық жүйенің мақсаты: елдің ақпараттануының дамуына көмектесу.
Бұл комерциялық компанияда ақпараттық жүйе электронды есептеуіш
техникасы негізінде қалыптасуда. Сол себепті қол жеткен нәтижелерге қажетті
баға беріп, орындалған жұмыстарды анықтап және осы шараларға экономикалық
нәтиже шығаруды мақсат ету болады.
Әр түрлі ақпараттық – техникалық жаңалықтарды техниканың қысқару және
жаңаруы деп түсінеміз. Дәл осылай телефон, радио, теледидар, арнайы
компьютер мен жергілікті желілердің пайда болуы ақпараттық жүйемен
басқаруға мүмкіндік береді. Ақыр аяғында компанияның ақпараттық жүйесінің
рөлі тұрақты болады. Содан әлеуметтік – экономикалық жағдай өзгерісте
болады. Ғылыми техникалық революция өнімді процеске жаңа информациялар
қосты. Ақпараттық технология жаңа техникалық жұмыстың дамуы және сапалы
мамандардың көбеюіне жол ашады.
Компания ақпараттық жүйемен толықтай дұрыс қатамасызданса келесідей
жақсы нәтижелерге жетуі мүмкін:
1) Шоттың төмендеуінен шығындардың азаюының мүмкіндігі
• еңбек ақы төлеу қоры
• коммуналдық қызметтер
• бағдарламалық қамтамасыз етудің құны
• пошта шығындары
• келісім – шарттың дайындалу шығындары
• өнімнің қайта қарастырылуының шығындары
2) Болашақтағы шығындардың жойылу мүмкіндігі
• болашақтағы қызметкерлер санының азаюы
• құжаттарды өңдеуге қойылатын талаптардың азаюы
• қызмет көрсету құнының төмендеуі
3) Заттық емес пайданың мүмкіндігі
• ақпарат сапасының жақсаруы
• өндірістің жоғарылауы
• қызмет корсетудің жақсаруымен тездетілуі
• жаңа өндіріс қуаттылығы
• сенімді шешім
• бақылаудың, тексерістің жақсарылуы
• мерзімі өткен төлемдердің азаюы
• бағдарламалық қамтамасыздандыруды толық қолдану
Қазіргі таңда ақпарат ұғымы кең және көп таралған. Ақпарат термині
латынның information – түсіндіру, баяндау деген сөзінен шыққан.
Ақпарат жіберу және қабыдау процесі төменде (сурет 1 ) келтірілген.
Бұл бір бағыттағы ақпарат жіберудің қарапайым схемасы

1 – сурет. Ақпарат жіберу және қабылдау процесі
Тіпті бір бағытта ақпаратты жіберу кезінде делдалдардың жиыны арқылы
жүруі да мүмкін. Соның салдарынан ақпарат жіберу кезінде үзіліс және
бұрмалау туындайды. Сонымен қатар ақпарат қай адреске тәуелді екеніне де
байлансты. Мысалы, ақпаратты жоғарыға жіберу кезінде оның жалпылауы болады
немесе төменге жіберу кезінде, керісінше ақпарат айқындалады. Мұндай
жағдайда ең бастысы максималды ақпарат жіберу жылдамдығы алға шығады.

2.2 Ақпараттық қызмет технологиясы

Жаңа заман талабында менеджментті ақпараттандыру көбінесе есептеуіш
техникасымен жүргізіледі. Ол - көп аспектілі процесс:
• лайықты технико – технологияны құру (жана ақпараттық
технологияны және заманауи электрон – есептеуіш
коммуникациялық жабдықтарды қолдану арқылы)
• өндіріс ұйымын және ақпараттық есептеуіш қызметтердің тарату
сфералары
• ақпараттық қызмет ету механизмін жасау және басқару
процестерінің әсерлі жүйесін жасау
• прогрестік формаларды енгізу және қанау; басқару процесінде
ақпараттық қызметтердің әдістері жіне құралдары, сонымен қатар
олардың орындалуына заттық – техникалық, ұйымдық -экономикалық
және әлеуметтік шарттарды енгізу
ЭЕМ – ді дұрыс қолдану келесі шарттардан тәуелді:
• есептеуіш машиналарды өзін жасаудан
• олар үшін программалық қамтамасыз ету
• қолдану ортасының дайын болуы
Электорнды техникамен жабдықтау кезінде басқару және қаптама
шығындарын қысқартады:
• жобалы – конструкторлық жұмыстың нәтижесін жоғарылатады
• ішкі компаниялық жобалауды нәтижелі қамсыздандырады
• секретарь – машинистердің жұмысын, іс жүргізушіге ауыстырады
• бухгалтерлік қаржылық жұмыстардың тағайындалуын жеңілдетеді
Компанияның ішкі ақпараттық жүйесінде келесідей есептеуіш техникалары
қолданылады:
• үлкен және арнайы ЭЕМ
• микропроцессорлар
• электронды машиналар, микроЭЕМ орнатылған терминалды құрылғылар
• текстік ақпараттарды өңдейтін атоматтандырылған құрылғылар
2.3 Комплексті ақпараттық жүйені құру

Компания өскен сайын күрделі қиыншылықтарға кез болады:
• басқарудың ескі әдісі көп ақаулар туғызады
• басқару үшін үлкен көлемдегі мамандарды талап етеді
• шешімдерді дайындай көп уақыт алады, мүмкін шешім болмайды, не
кешігу туындайды
• ақыр аяғында жұмыс өнімділігі төмендейді
Комплексті ақпараттық жүйені құру барысында техникалық, әкімшілік және
ұжымдық жұмыстарды шешу керек. Ақылдасып жасалған жұмыс қана жетістіктерге
жетеді. Ол үшін:
- болашақ жұмыстың жобалануын және зерттелуін жасау. Дәлірек
айтқанда толық анализ және болашақтағы моделін құру керек.
- құрастырушы маман жүйенің жобасын жасау керек. Енгізу кезінде
потенциялды қателерді шығаруы керек.
- енгізу екі үлкен бөлімнен тұрады: ұйымның әкімшілігін дайындау
және жүйенің жұмыс орнына қосылуы.

2.4 АЛСИ ұйымының ақпараттық жүйесін жобалау

Ақпараттық жүйенің шешілуі тиіс нақты тапсырмалары жүйенің арналған
қолданбалы саласына тәуелді болады. Ақпараттық қосымшаларын пайдалану
шеңберлері сан алуан: банк ісі, сақтандыру, медицина, көлік, білім беру
және т.б. Бүгінгі күні ақпараттық жүйелерді пайдаланбай қызмет ететін
іскерлік белсенділік саласын табу қиын. Басқа жағынан, мысалға, банктік
ақпараттық жүйелері шешетін нақты міндеттері медициналық ақпараттық
жүйелерінде шешілуі тиіс міндеттерінен ерекшеленетінін анық.
Бірақ, қолданбалы саланың ерекшелігіне тәуелді болмайтын міндеттердің
кейбір санын бөлуге болады. Әрине, осындай міндеттер алдыңғы бөлімдерде
қарастырылған, ақпараттық жүйелердің жалпы белгілерімен байланысты.
Бастапқы кезекте, ұзақ уақыт бойы жиналып, оның жоғалып кетуі орны
толтырылмас болып келетін ақпарат анағұрлым маңызды құрамдас болып
табылатыны даусыз пікір болып көрінеді.
Әрине, ақпараттың сенімділік деңгейі мен сақтау ұзақтығы көбінесе,
корпорацияның ақпараттық жүйеге қоятын нақты талаптарымен анықталады.
Мысалға, көз алдымызға жылдам айналымы бар кішігірім сауда компаниясын
елестетуге болады. Оның ақпараттық қойма жүйесінде қоймада бар тауарлар
туралы және тұтынушылардың қанағаттандырылмаған сұраулары туралы ақпаратты
қолдағаны жеткілікті. Бірақ, нәтижесінде компанияның құрылу кезеңінен
бастап қойманың толық жұмыс тарихы талап етілмейтінін кім біледі.
Ақпараттық жүйелердің көпшілігі, соның ішінде Bank CenterCredit
ақпараттық жүйесі де, орындауы тиіс келесі тапсырма – бұл әртүрлі
құрылымдары бар деректерін сақтау болып табылады. Деректердің біртекті
файлдарымен жұмыс істейтін азды-көп дамыған ақпараттық жүйені елестету
қиын. Оның үстіне, ақпараттық жүйеге қойылатын ақылға қонымды талап – оның
дами алуы. Жаңа қызметтер пайда бола алады, оларды орындау үшін жаңа
құрылымы бар қосымша деректері талап етіледі. Бұл кезде ертеректе
жинақталған барлық ақпарат сақталынған түрінде қалуы тиіс. Осы тапсырманы
сыртқы жадтағы әрқайсысы тіркелген құрылымы бар деректерін сақтайтын
бірнеше файлдарын пайдалану арқылы теориялық түрде шешуге болады. Файлдарды
басқарудың қолданылатын жүйесін ұйымдастыру әдісіне тәуелді осы құрылым
файлды жазу құрылымы болуы мүмкін (мысалға, DEC VMS файлдық жүйелерінде
сияқты) немесе арнайы осы ақпараттық жүйе үшін жазылған бөлек кітапхана
қызметімен қолдана алады.
Осындай тәсілді пайдалану кезінде ақпараттық жүйе деректерді сақтауды
ұйымдастыру бөлшектерімен қайта жүктеледі. Пайдаланушылық интерфейс
деңгейінің қызметін орындаған кезінде ақпараттық жүйенің өзіне берілген
критерий бойынша файлдардан ақпаратты өңдеуіне тура келеді. Файлдарды
басқарудың кейбір жүйелері жазбаларды қарапайым критерийлер бойынша,
мысалға, жазба кілтінің берілген мәні бойынша таңдау мүмкіндігін береді.
Бірақ, біріншіден, таңдаудың осындай мүмкіндіктері әрдайым шектелген болып
келеді және таңдаудың жоқ дегенде бір бөлігін ақпараттық жүйенің өзінің
кодына үлкен ықтималдықпен шығаруына тура келеді. Екіншіден, әртүрлі
құрылымдағы деректердің бірнеше файлдарының болуы ақпараттық жүйенің кейбір
қызметтерін орындаған кезінде бірнеше файлдардан келісілген (берілген
критерий бойынша) ақпаратты таңдау қажет етілетінін анық емес көздейді.
Осындай мүмкіндіктерді файлдық жүйелері ешуақытта қолдамайды.
Топтық немесе корпоративтік ақпараттық жүйелері туралы айтатын болсақ,
онда олардың бар болуы жүйенің бірнеше жұмыс орындарынан жұмыс істеу
мүмкіндігін көздейді. Түпкілікті қолданушылардың кейбіреулері деректер
қорының құрамын өзгертеді (деректерді енгізеді, жаңартады, жояды). Өзгелері
деректер қорынан таңдаумен байланысты операцияларын орындайды. Үшіншілері
екеуін де жасайды. Бұл жерде барлық мәселе -осындай ұжымдық жұмыс келісімді
жасаулы тиіс және әрекеттердің келісімділігі автоматты түрде қамтамасыз
етілгеніне талап етіледі.
Қызметтердің келісімділігі дегеніміз - есептемелерді қалыптастыратын
оператор ол бастаған, бірақ өзге оператор қалыптастырып бітпеген деректерін
қолдана алмайтындығы айтылады. Деректерді қалыптастыратын оператор өзге
оператор пайдаланатын есептемені қалыптастыра бастаған, бірақ аяқтамаған
деректердің операцияларын орындай алмайды. Деректерді жаңартуға немесе
жоюға ниет еткен оператор өзге оператор ертеректе бастаған, бірақ әлі
аяқтамаған деректерге ұқсас операция біткеніне дейін операцияны орындай
алмайды. Қызметтердің келісілгендігін қолдау кезінде ақпараттық жүйеден
алынатын барлық нәтижелер деректер қорының келісілген жағдайына сәйкес
келетін болады, яғни шынайы және қарама-қарсы болмайды.

3 АЛСИ КӘСІПОРЫНЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚАМСЫЗДАНУЫНЫҢ АНАЛИЗІ
3.1 Зерттеу объектісінің жалпы мінездемесі
Коммерциялық ұйымның ақпараттық жүйесін жобалау, әзірлеу, енгізу және
қолдау.
• Ақпараттық технологияларға байланысты бекітілген әдістемелерді оқу
үдерісіне енгізу.
• Ұйымның бөлімшелеріне жаңа ақпараттық технологиялар мен ғылыми және
әкімшілік қызметтегі мүмкіндіктерді меңгеруде көмек көрсету.
• Коммерциялық ұйымда программалық құралдарды қолдану жөнінен жалпы
стандарттарды әзірлеу.
Даму Стратегиясын жүзеге асыру жоспарына сәйкес бөлімнің даму
стратегиясы:
• Ұйымның имидждік қызметі мен халықаралық тұғырын заманауи сыртқы
қолдау жүйесін қалыптастыру
o сатып алушылар бойынша мәліметтер базасын құру;
o ақпараттық құрылғылар сайтының ашылуы;
o қызметін қамтамасыз ету;
o ұйымның интернет-сайтын жетілдіру.
o республика бойынша жұмыс істеу үшін on-лайн тәртібіндегі АЛСИ
Интернет-парағын құру.
• Ұйымның бөлімдерін, мамандықтарын, бағдарламаларын халықаралық
стандарттау, сертификациялау, аккредитациялау
o ағылшын тіліндегі веб-сайт;
o ұйымның веб-сайтында халықаралық оқу (жұмыс) ғылыми зерттеулер
мүмкіндігі туралы жаңартылған мәліметтер базасын құру және
қолдау.
• Қызмет көрсету мен электронды және қашықтықтан жұмыс істеу
құралдарының жүйелік дамуы
o Интернеттегі ұйымның өкілеттілігін жүзеге асыру;
o Ұйымның ақпараттық портал жүйесін үш тілде толтыру жүйесін
жасау;
o электрондық және интерактивті жұмыс істеу порталын құру
(Интранет) және оның негізгі ақпараттық порталына кіруінің
қамтамасыз етілуі;
o Ұйымда ақпараттық жүйесінің біріккен шағын жүйелерін құру:
электрондық ақпарат беру, электрондық менеджмент, электрондық
қызметтер және проактивті менеджмент.
  Программалық құралдарды әзірлеу бөлімі 4 сектордан (бөлімшеден)
тұрады:
• Web-сайтты әзірлеу секторы
• 1С-Бухгалтерия секторы
• Қызмет көрсету секторы
• Интранет секторы
Программалық құралдарды әзірлеу бөлімінде әзірленген әртүрлі үдерістерді
(үрдістерді, процестерді) автоматтандыратын ондаған программалық өнімдер
АЛСИ ұйымында ойдағыдай пайдаланылып келеді. Қазіргі кезде
программалаушылар жаңа программалық өнімдерді әзірлеу және қолда бар
әзірлемелерді енгізу, дамыту және жетілдіру бағытында жұмыстар жүргізуде.
Компанияның әрбір қызметкерлері үшін жеке жұмыс орнын ұйымдастыру:
• Ақпарат жіберу желісін және IP телефония желісін үйлестіру;
• Корпоративтік электрондық поштаны ұйымдастыру;
• Microsoft корпорциясының бағдарламалық қамтамасыз етуін жаңартудың
біртұтас жүйесін ұйымдастыру;
• Орталықтандырылған антивирус жүйесін қолдап отыру және жаңартып
отыру
• Microsoft интеллектуалды каталогтар қызметін ұйымдастыру;
• Файл сақтау қоймасын ұйымдастыру;
• Хостинг қызметтері;
• Компанияның бүкіл IT инфрақұрылымына әкімшілік ету қызметтері;
• Есеп беруді қалыптастыруға және ұсынуға байланысты қызметтер;
• Компанияның IT инфрақұрылымын Интернет желісіне қосуға байланысты
қызметтер;
АЛСИ компаниясы ақпараттық технологиялар нарығындағы ең ірі
қазақстандық компания болып табылады, инновациялық шешімдерді, алдыңғы
қатарлы технологияларды, үдемелі маркетингтік саясатты қолдану мен бизнес-
процестерді тиімді оңтайландыру арқылы шығаратын өнімі мен көрсетілетін
қызметтерінің сапасын үнемі жақсартып отырады. Тұтынушылардың талаптары мен
қалауларын ескере отырып, компания қазіргі заманғы және алдыңғы қатарлы
технологияларды ендіру қажеттілігін өзекті мәселеге айналдырады.
Бүгінгі таңда компания қазақстандық компаниялар арасында табысты
сатылып келе жатқан өнімнің кең ауқымына ие болып отыр. АЛСИ компаниясы
бизнес-процестерді үнемі жақсарту, нәтижелілігі мен тиімділігін көтеру,
тұтынушылардың қанағаттандырылу деңгейін көтеру мақсаттарында ИСО 9001
стандартының талаптарына сәйкес Сапа Менеджменті Жүйесін (СМЖ) енгізіп, оны
ұстанып келеді. Компанияның ХС ИСО 9001 стандартының талаптарына сай болуы
СМЖ сертификаттау органдарымен - Moody International ЖШС және
Казэкспоаудит ЖШС тараптарынан берілген сәйкестік сертификаттарымен
расталады.
АЛСИ кәсіпорынының әкімшілік құрылымы

Бүгінгі күнде Қазақстанның 15 қаласында компанияның өкілдіктері бар,
жақын және алыс шет елдердегі 40-тан астам компаниямен серіктестік қарым-
қатынастары орнатылған. 2008ж. АЛСИ компаниясының сату үлесі: корп.
сегмент 45%, мемл. сегмент: 28%, бөлшек сауда 10%, аймақтар 17%,
компанияның 2008ж. табысы $ 80 mln. құрады.
Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін, ақпараттандыру аясы
мен байланыс саласында мемлекеттік реттеуді іске асыратын орталық атқарушы
орган болып табылады. Агенттіктің облыстарда, Астана және Алматы
қалаларында заңды тұлғалар болып табылатын аумақтық органдары бар.
Агенттіктің негізгі міндеттері:
1) байланыс саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, мемлекеттік
бақылау, байланыс саласында қызмет көрсететін немесе оны пайдаланатын
тұлғалардың қызметін үйлестіру және реттеу;
2) ақпараттандыру мен электрондық үкімет саласында мемлекеттік саясатты
жүзеге асыру және қызметін мемлекеттік реттеу;
3) пошталық байланыс саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, пошта
операторларының қызметін мемлекеттік бақылау, үйлестіру және реттеу.
Интернет торабында Пластикалық карталар бойынша төлемдерді
авторластыру мен өңдеу орталығы (EPAY):
Ұсынылатын банктік қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында
инновациялар ендіру саласындағы озат болып табылатын Казкоммерцбанк 2000
жылдан бастап Интернет-саудагерлермен (виртуалды дүкендермен) электрондық
коммерция саласында, оларға тауарлар қызметтерді төлеу үшін төлемдік
карталарды қабылдауға мүмкіндік бере отырып, табысты ынтымақтасып келеді
және әлі де Қазақстандағы осы іспеттес қызметті ұсынатын жалғыз банк болып
отыр.
Казкоммерцбанк Visa International, EuroPay (MasterCardEurocard),
DinersClub халықаралық төлемдік жүйелердің толық құқықты қатысушысы болып
табылады және процессингтің барлық түрлеріне берілетін сол төлемдік
жүйелердің сәйкесінше лицензияларын иеленеді.
Орталық арқылы осы төлемдік жүйелердің кредиттік карталарының барлық
түрлерімен, сондай-ақ Казкоммерцбанкпен шығарылған дебеттік (электрондық)
карталармен де төлем жасауға болады.
АЛСИ компаниясы – қазақстандық нарықтың компьютерлік және ақпараттық
технологиялар саласындағы танымал көшбасшылардың бірі деген беделге лайық:
• 161жылдан астам Ақпараттық технологиялар нарығында
• Әлемдік стардарттар бойынша қызмет көрсету
• Жоғары технологиялық, жоғары сапалы жабдық жеткізу
• Жыл сайын республикалық мақсаттағы он шақты ірі жобаларды жүзеге
асыру
• Астана мен Атыраудағы филиалдар, Қазақстан бойынша ірі аймақтық
желі, Гонконгтегі сауда офисі
• 500 – ден астам жоғарғы білікті мамандар
АЛСИ компаниясының қызметінің негізгі бағыттары:
• әлемдік өндірушілердің комьютерлік жабдығын және бағдарламалық
жасақтасын дистрибуциялау
• жүйелік интеграция, оған келесілер кіреді;
o ақпараттық технологиялар индустриясының қазіргі заманғы
шешімдері: қарапайым үнемді шешімдерден күрделі жоғарғы
технологиялық жобаларға дейін;
o жобаның өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде кез келген
күрделіліктегі жобаларды қамтамасыз ету: кеңес беру, жобаны
әзірлеу, ендіру, техникалық қолдау және сервистік қызмет
көрсету
• АЛСИ компьютерлерін жасап шығару
• көп процессорлы серверлерді және кез келген конфигурациядағы
графикалық станцияларды жеткізу
• түпнұсқалық шалғай және проекциялық жабдық, телекоммуникациялық
және желілік техниканы, шығындық материалдарды жеткізу
• оқу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАР МЕН МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мәліліметтер базасын басқару жүйелері, оларды пайдаланушылар және пайдалану барысында атқарылатын жұмыстар туралы
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар
Жобаны басқару. Құрылыс фирмасын басқару тиімділігін арттыру құралы ретінде мәселелері және оны шешу жолдары
Мамандар бөлімінің басқару жұмыстарының қызметі
Кәсіпорынның ақпараттық жүйесін құру
Басқарудағы персонал еңбегі туралы
Қайырымдылық ұйымдары үшін ақпараттық жүйені әзірлеу қажеттілігінің негіздемесі
Мәліметтер базасын басқару жүйесі
Салық комитетiнiң жеке тұлғалардан түсетiн кiрiсi жөнiнде ақпарат жинауға арналған автоматтандырылған жұмыс орнын жасау
Пәндер