Тест бағдарламасының үлгісі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Инженерлі-техникалық институт
Кафедра Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету
Дипломдық жұмысқа
ТҮСІНДІРМЕ БЕТШЕ
Тақырыбы: «Компьютерлік графика» пәні бойынша зертханалық жүмыстар
Жұмыс құрамы: түсіндірме бөлім 77 бетте компакт-диск CD
Студент Жалғасова Жеміс Жалғасқызы
қолы Ф. А. . Т күні
Жетекші Сұлтанов Оржан Мұратұлы
қолы Ф. А. . Т. күні
Кафедра меңг. Багаришева Гульшара Ганиевна
қолы Ф. А. . Т күні
Бөлім бойынша кеңесшілер:
Технологиялық бөлім: Балтабекова Жаннат Талгатовна _
қолы Ф. А. . Т күні
Конструкторлық бөлім: Балтабекова Жаннат Талгатовна ___ ___
қолы Ф. А. . Т күні
Экономикалық бөлім: Кадырова Гульжиян Маратовна
қолы Ф. А. . Т күні
Еңбекті қорғау
және экологиялық бөлім Кенжетаев Гусман Жардемович
қолы Ф. А. Т. күні
Норма Бақылаушы Балтабекова Жаннат Талгатовна
қолы Ф. А. Т. күні
Ақтау-2008
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Инженерлі-техникалық институт
Кафедра Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету
Мамандық 050704 Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету
Дипломдық жұмыс орындалуына
ТАПСЫРМА
Студентке Жалғасова Жеміс Жалғасқызына
(фамилия, аты-тегі)
Жұмыс тақырыбы «Компьютерлік графика» пәні бойынша зертханалық жұмыстар
ЖОО бұйрығымен бекітілген № « » 200__г.
Аяқталған жобаны тапсыру мерзімі « » 200__г.
Жұмыстың бастапқы мәліметтері
1. «Компьютерлік графика» курсы бойынша зертханалық жұмыстар
2. MS Internet Explorer; Microsoft Notepad; Macromedia Flash MX 2004;
Camtasia Studio; Рекордер Xara 3D6 бағдарламалық жабдықтар
Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтар тізімі:
1. Теориялық материалдар орналастыру үшін Web - бетшелер жасақтау, оларды өзара байланыстыру.
2. Web -бетшелерде суреттерді, кестелерді орналастыру.
3. HTML, Delphi тілінде тестілік бағдарлама жасау.
4. Тестілік бағдарламаның жұмыс жасауға қабілеттілігін тексеру.
Графикалық материалдар тізімі(нақты көрсетілген сызбалармен) компакт-диск CD-R
Ұсынылған негізгі әдебиеттер
1. Ю. Гурский, Г. Корабельникова «Photoshop 7 трюки и эффекты» учебный курс, Питер - 2003г.
2. Кобурн Ф., Маккормик П. «Эффективная работа с CorelDraw» Издательство «Питер», 1998.
3. Абрамов С. А. Начало информатики. Москва, Наука, Гл. Ред. Физ. - мат. Лит., 1989. -256с
4. Тайц А., Тайц А. CorelDraw. Краткий курс. Издательство «Питер», 1999.
5. Г. Д. Фролов, Э. И. Кузнецов «Элементы информатики»
6. Е. К. Балапанов, Б. Бурибаев, Г. А. Мадьярова, Р. М. Дузбаева «Лабораторный практикум».
7. Под редакцией Ершова А. П., Монахова В. М. “Основы информатики и вычислительной техники” - М. “Просвещение”, 1992г.
8. Савельев А. Л. Сазонов Б. А. Лукьянов С. Э. “Персональный компьютер для всех” - М. “Высшая школа”, 1991г.
9. Фигурнов. В. Э. “IBM PC для пользователя” - М. “Финансы и статистика”, 1997г.
Аннотация
Дипломдық жұмыс «Компьютерлік графика» пәні бойынша зертханалық жұмыстарды өңдеуге арналған. Алты тараудан тұратын зертханалық жұмыстың мазмұны компьютерлік графиканың негізгі түсініктеріне және графикалық түрлеріне арналған. Әрбір тарауда теориялық материалдарды бекітуді қамтамасыз ететін бейне сабақтар және бақылау сұрақтары мен тапсырмалары өңделген. Барлық курс бойынша оқытылған білімді меңгеруде тиімді топтық бақылау үшін тестілік бағдарлама Borland Delphi және HTML гипермәтіндік белгісі тілінде өңделген және автономды жұмыс жасайтын бағдарлама түрінде берілген. Бейне сабақтар Camtasia Studio, Interwrite Workspace бағдарламасында жазылған. Әрбір бейне сабақтарды графикалық бағдарламаның негізгі жұмыс принципі және негізгі құралдары көрсетілген.
Өңделген бағдарламалық қамтамасыз ету қазіргі сәтте қарсылықсыз жұмыс жасайды және техникалық жоғарғы оқу орындарында «Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Ақпараттық жүйе» бағыты бойынша студенттерді дайындауда электронды оқыту басылымы ретінде пайдалануға ұсынылған. Сонымен бірге бұл бағдарламаны осы облыста өз білгенін кеңейту құралы ретінде пайдалануға болады.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе. 5
1. Теориялық бөлім . . . 8
1. 1. Оқытатын бағдарлама жасау жабдықтарын қадағалау және зертханалық жұмыстарға қойылатын талаптардың қалыптасуы. 8
1. 1. 1. Сызықтық мәтін негізіндегі жүйелер8
1. 1. 2. Мультимедиялық оқыту жүйесі 9
1. 1. 3. Гиретмәтін негізіндегі жүйелер. 9
1. 1. 3. 1. ОЖ Windows анықтамалық жүйесі9
1. 1. 3. 2. ГиперТәсіл пакеті10
1. 1. 4. Зертханалық жұмыстардың жасау ерекшеліктері . . . 11
2. Тәжірибелік бөлім14
2. 1. Тесттік бағдарламаны құру. . 14
2. 2. Тесттің қорытындысы. . 18
2. 3. Зертханалық жұмыстардың бағдарламалық платформасы. . 19
2. 3. 1. HTML гипермәтін белгісінің тілі. 19
2. 3. 2. MS Notepad (Блокнот) -пен жұмыс жасау. . 20
2. 3. 3. Camtasia Studio Max . . . 20
2. 3. 4. Interwrite Workspace . . . 22
2. 3. 5. AutoPlay Menu Builder . . . 28
2. 3. 6. Microsoft FrontPage 2003 мүмкіндіктері . . . 32
2. 4. Зертханалық жұмыстың құрылымы және оны бағдарламалық жабдықтау . . . 47
2. 5. Ақпараттық және бағдарламалық жабдыққа қойылатын талаптар . . . 48
3. Жобаның ұйымдық - экономикалық қалыптасуы . . . 49
4. Жобаның қауіпсіздігі және экологиялығы . . . 57
Қорытынды . . . 76
Әдебиеттер . . . 77
кіріспе
Соңғы онжылдықта орта және жоғары мектептерде оқытылатын оқыту материалдарының күрделілігі және көлемінің айтарлықтай ұлғаюы байқалды. Осымен қатар көптеген оқу орындарында жоғары маманданған оқытушылардың жетіспеушілігі орын алды. Көптеген қиыншылықтар әртүрлі оқу жүйелерінің таралу, дайындап шығару және оперативті дайындық кезінде жиі пайда болды. Көрсетілген факторлар түлектерді дайындау сапасында көрінеді. Осыған байланысты оқытудың прогрессивті әдістемелерін пайдалануға көп көңіл бөлінеді, соның ішінде есептеу техникасын пайдалану да көзделген.
Білім алуды жүргізуге арналған бағдарламалар зертханалық жұмыс атауын иемденді.
Зертханалық жұмыс - тапсырмалардың қалыптастыруын, оқытылатын объектілердің көрнекті компьютерлік үлгілерін және құбылыстарын, қажетті көмекке табылған шешімдерінің тексеруін және модельдеуін көрсететін бағдарлама. Бұл бағдарлама күрделі болып табылады.
Электрондық жұмыс - оқу бағдарламасының зертханалық және практикалық жұмыстардың, практикалық тапсырмалардың немесе жаттығулардың жүйелі ұйымшыл жүйелігі. Ол:
- Зертханалық және практикалық жұмыстардың, тапсырмалардың орындалу нұсқауларын;
- Бақылауға немесе өздік бақылауға арналған құралдарын
қамтамасыз етеді.
Зертханалық жұмыс өзінің анықтамасымен және қойылған мақсаттарымен білім алатын ортаның құрама бөлімі болып табылады.
Бағдарламалық қамтамасыз етудің функциясына қосылатын зертханалық жұмыстың машиналық графиканың құралдарында әртүрлі графикалардың, қисықтардың, беттердің және басқа абстрактілі математикалық объектілердің көзбен шолуларына арналған іскерлік және ғылыми графиктердің мүмкіншіліктері болуы тиіс. Бағдарламалық қамтамасыз етудің зертханалық жұмысында есептеу нәтижесін және орындалған тапсырмаларды бақылаудың айқын түрлерін ұсынуға арналған редакторлеу құралдары болуы керек.
Берілген зертханалық жұмыстың мақсаты болып табылады :
- талдаудың практикалық дағдыларын және пәндік облыстың үлгілерін тауып алу;
- графикалық бағдарламаның жұмысымен таныстыру;
- графикалық бағдарламаның мүмкіншіліктерін және құралдарын оқыту;
Зертханалық жұмыс студенттердің зертханалық жұмыстарының үш циклін, үлгілеушілердің айқын пәндік облысын, әрбір студентке ұсынылған тапсырмаларды жүйелі орындалуын болжайды.
Әрбір зертханалық жұмыс берілген тапсырманы оқытушының түсіндіруімен басталады. Түсіндіруден кейін тапсырманы студенттер өз бетімен орындайды. Әрбір зертханалық жұмыстың есептеу нәтижесі болуы керек.
Инженерлік білім алуда құрастырушылардың ең маңыздысы зертханалық жұмыс болып табылады. Әртүрлі пән бойынша зертханалық жұмыстарды орындауға кірісу үшін студент компьютерлік бағдарламаның жеткілікті санымен жұмыс істеуін үйренуі тиіс.
Стандартты бағдарламаны қолдануымен компьютерлік зертханалық жұмысты орындауға арналған әмбебап аспаптық жүйелерді құру зертханалық жұмыстардың орындалуымен әдістемелік нұсқауларды өңдеуші оқытушының еңбегін және студенттердің уақытын үнемдеуді, базалық іскерліктерді алуды және жетілдіру мүмкіншіліктерін пайдалануды жеңілдетеді.
Компьютерлік зертханалық жұмыстар пән бойынша электрондық оқулық кешеннің материалдарымен байланысты болуы керек.
Компьютерлік зертханалық жұмыстарды орындауда әдістемелік материалдарда мақсаттар, негізгі тапсырмалар және қойылған талапқа жету үшін студенттердің қажетті әрекерттерді орындау жүйелігі толық баяндалуы керек.
Алынған нәтижелерді талдауда және есептеу нәтижесін дайындаудағы орындалатын талаптарға студенттердің назарын аудару керек.
Компьютерлік зертханалық жұмыстардың әдістемесінде зертханалық жұмыстарды орындауда студенттердің даярлық нәтижесін бағалауға мүмкіндік беретін кіріс бақылаулар және қосымша дайындаудың кепілдемелері болуы керек. Жұмыстың орындалу нәтижесінде алынған білімдердің, іскерліктердің, дағдылардың қорытынды компьютерлік бақылаулары зертханалық жұмыстың міндетті элементі болып табылады.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты пайдаланушыны берілген пән бойынша мемлекеттік және орыс тілінде тек қана теориялық негіздермен таныстырып қана қоймай, жаттығулар орындап, қойылған сұрақтарға жауап беріп және пәннің берілген курсы бойынша тесттен өтіп, білім деңгейін тексеріп көру мүмкіндігін туғызатын «Компьютерлік графика» пәні бойынша зертханалық жұмыс жасау.
Зертханалық жұмыс ауқымды жүйеде пайдалану мүмкіндігі оны аса көп пайдаланушының қолдануына мүмкіндік береді және дистанционды білім беру жүйесі үшін технологиялық негіз ретінде қызмет етеді.
- 1. Теориялық бөлім1. 1. ОҚЫТАТЫН БАҒДАРЛАМА ЖАСАУ ЖАБДЫҚТАРЫН ҚАДАҒАЛАУ ЖӘНЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСҚА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Қазіргі уақытта магнитті ақпарат тасушыларда зертханалық жұмыстың барынша көп саны және оларды жасау жабдықтары жасалған. Оқыту материялдарының ұсынылу түрі бойынша оларды үш негізгі түрге бөліп қарастыруға болады - жай түрде, мультимедиялық және гипермәтіндік құжат түрінде.
- Сызықтық мәтін негізіндегі жүйелер
Қарапайым құжат түрінде, яғни сызықтық мәтін түрінде материалды айтқанда кейбір мәтіндік тақырыптарды және беттерді, сонымен бірге кейбір суреттерді қамтитын материалды елестетуге болады. Берілген мәтінмен білім алушыны таныстыру алдын-ала анықталған жағдайда, яғни ол өзгертуге болмайтындай етіп жүргізіледі. Өте жақсы жағдайда нақты жүйе кейін адымдап қайта оралады немесе оқуды ең басынан бастауды адымдайдытыру алдын-ала анықталған жағдайда, яғни ол өзгертуге болмайтындай етіп жүргізіледі. дік тақырыптарды және беттерді, сонымен бір.
Берілген нақты ұйымдастырылған жүйе әдетте қандай да тесттік бағдарламамен өлшенбейді, ал егер ондай болса, онда барлығы неге қабілетті, бұл- білім алушыға оқыған материал бойынша баға қою болып табылады, оқып үйренген емес, оқып берген еңбегі үшін қою.
Жоғарыда көрсеткендей нақты типтің жүйелері қаншама оқу тапсырмаларының жүзеге асырылуы үшін аз сәйкес келеді.
1. 1. 2. Мультимедиялық оқыту жүйесі
Мультимедиялы оқу жүйелері оқу материалының демонстрациясы мен теорияны біріктіруге рұқсат етеді. Сонымен қатар компьютерлік имитатор түріндегі практикалық сабақтарды, тестілеу жүйесін және барлық интерактивті компьютерлік оқулықтағы қосымша материалдарды біріктіруге рұқсат етеді. Мультимедиялы оқулық тек қана оқытушыны әрбір күндік функциядан тасымалдайды, ол сонымен қатар білім алушының пәнге деген қызығушылығын маңызды жоғарылатады және білімді жетілдіруді қамтамасыз етеді. Бірақ мультимедиялы жүйелер аппаратты қолдауды талап етеді. Жадында үлкен көлемді алып отырады, оларды қолданудың аймағын шектейді.
1. 1. 3. Гипермәтін негізіндегі жүйелер
Оқу жүйесінің үшінші түрі болып оқудың гипертекстік жүйесі табылады.
Гипертекст ішіне басқа мәліметтерге сілтеу енгізілген өзге түсті мәтіннен немесе суреттен тұрады. Мәліметтер ішіндегі парақтарда гипертекстік немесе жай, қарапайым сілтеулер асты сызылған сөздер арқылы немесе белгіленген сурет көмегімен іске қосылады. Сол сөзді немесе суретті тышқанмен шерткенде сонымен тығыз байланысты құжат пайда болады. Ол құжаттар мәліметтер ішіндегі басқа парақтарда орналасып бейнежазба, сурет немесе жазылған дыбыс күйінде болуы мүмкін.
Кейбір гипертекстік жүйелерді жасау құралдарын қарастырамыз.
1. 1. 3. 1. ОЖ Windows анықтамалық жүйесі
Тәсілдердің біреуі Windows анықтама жүйесі негізінде берілген құрылымды жасағанда құрылады. Бұл тәсіл бірнеше плюстерді қамтиды, оның бастысы- жүйе жаңалықтарын жүзеге асыру, яғни ол кілттік сөз бойынша іздеу жүйесін,
сөздіктердің автоматты шығарылуын және баспаға құжаттарды шығару мүмкіндігін көрсетеді. Анықтама жүйесінің файлдары графика және анимация сияқты форматталған мәтін түрінде құрылуы мүмкін. Мұндай файлдардың құрылуы арнайы бағдарламалық қамсыздандыруды талап етеді, оның көмегімен компиляция процесі жүргізіледі, анықтама файлдарының өзі өзгермейді, ол үшін компилятор қажет етіледі. Анықтама файлдары бағдарламалық элементтерді қамти алмайды, анықтама жүйелері де оны жасау үшін қандай да бір ішкі тілді қамтымайды. Бірақ оның орнын бір құрал алмастырады, оның көмегімен біз локальды компьютердің қатты дискісінде болатын орындалған файлдарды жібереміз.
Windows анықтама жүйесін қолданудың ең басты минусы оның модификациясының мүмкін еместігі және интерфейстің өзгеруінің мүмкін еместігі болып табылады. Оқулықты тексеру терезесі объектімен операциялық жүйеде құрылған болып табылады, оның навигационды механизмін өзгерту мүмкіндігі қойылмаған.
1. 1. 3. 2 ГиперТәсіл пакеті
Пакет ГиперТәсіл өңдеу жүйесі - электронды каталогтарды, CD-дискісінде жарнамалық басылымдар мен оқулықтарды, Internet-тегі публикация және көмек жүйесін, сонымен бірге басқада электронды оқулықтар және қосымшалардың мультимедиасын жасап шығаруға арналған құрал.
ГиперТәсіл мәтінді, гипермәтінді, анимацияны, бейне суреттерді, дыбыстарды толықтай біріктіре отырып, қазіргі кездегі стандартпен жауап беретін қосымшаның күрделі және әдемі мультимедиасын жасауға мүмкіндік береді.
Бұл пакеттің көмегімен кәсіптік мультимедиа өнімдері жасалған: "Ваша собака" дискісі, "Социальная компетентность" мультимедиялы оқулығы т. с. с., сонымен қатар ақпараттық жүйелер, электронды оқулықтардың көпшілігі, өнім каталогтары.
Пакеттің стандартты нұсқасы екі модульді құрайды - монтаждау столы, ол редакциялаудың элементінсіз болып келеді, тексеру бағдарламасына, қосымшаны тексеруге және жалпы дизайнға арналған.
Пакеттің кәсіптік нұсқасы келесі модулмен толықтырылған:
байланыс бойынша ассистент- берілген ереженің өңдеушісі бойынша автоматты түрде гипермәтіндік байланысты шығарады;
мәтін бойынша ассистент- үлкен мәтінмен гипертексті автоматты түрде ерекшелейді;
құрылым бойынша ассистент- өңделетін қосымшаның құрылымын тексеруге көмектеседі;
орналастыру бойынша ассистент- қосымшаның CD ROM мультимедиясының дистрибутын автоматты түрде шығарады.
Жоғарыда көрсетілгендей, берілген пакет мультимедия-қосымшаның жұмысына негізделген және оқу жүйесін құруға арналған арнайы құрал болып табылмайды. Мұнда оқу жүйесінің жұмысы кезінде қажетті кейбір мүмкіндіктер бар, мысалы: гипертекстпен байланысты автоматты түрде жоғарылату, құрылымды талдау мүмкіндігі. Бірақ ондай заттардың болмауы оқу жүйесінің сапалы жүруі үшін бұл жүйелерді жарамсыз етеді.
- Зертханалық жүмыстың жасау ерекшеліктері
Өздігінен оқулықсыз және оқу әдебиетсіз ешқандай күндізгі оқу да, сырттай оқу да мүмкін емес. Сол кезде оқулықтың болмауы электронды анықтамалар мен көлемді анықтамалық әдебиеттерді иемденетін компьютерлік жүйелер мен компьютерді үйрену кезінде кедергі келтіреді. Мұндағы сылтау дербес ЭЕМ-мен жұмыс жасаудың диалогтық формалары болып табылады. ЭЕМ жүйесінің ақпараттық мүмкіндігіне дербес компьютерлердің диалогтық мүмкіндігіне және электронды оқулықтарды қолдануға негізделген оқу жүйесі жаңа білім технологиясы үшін негіз болып есептеледі, оның ішінде дистанционды білім жүйесі үшін
технологиялық база негіз болып саналады. Электронды анықтамалармен, электронды энциклопедиялармен, электронды газеттермен және журналдармен электронды оқулықтар электронды оқыту құралының анықталған түрі болып табылады. Зертханалық жұмыстың негізі ретінде олар бір жағынан электронды кітапты, ал екінші жағынан диалогты оқу-бақылау бағдарламасын айтуға болады.
Көпшілік жағдайда электронды оқулықтар қағаз оқулықтарды алмастыра алмайды және алмауға тиіс, бірақ осы қағаз оқулықтарға компьютерлік және толықтырушылық қызмет атқаруға тиіс. Бұл жағдайда жаңа білім технологиялары оқулықтың дәстүрлі технологиясының онжылдығына жетуге өздерінің алдына мақсат қойды және жаңа ақпараттық технологиялардың барлық мүмкін пайдалануға мүмкіндіктерін береді. Тағы да үлкен қажеттіліктер өздігінен оқуға немесе сырттай оқуға есептелген білімді бақылаудың аппаратына және оқу материалының сапасына тығыз байлынысты.
Бақылау сұрақтары барлық негізгі тақырыптар және оқу курсының бөлімдері бойынша құрастырылуы тиіс. Бақылау сұрақтарының толықтай жинағы білікті білімнің бағасының сұрақтарын шешуге мүмкіндік береді.
Бұл сұрақтар эталонды жауабы бар немесе таңдаулы түрде құрастырылған әртүрлі тесттерді жасауға арналған ақпаратты-логикалық негізді қамтиды.
Оларды құру үшін оның ең қарапайымы эталонды жауапты тесттер болып табылады. Тесттің бұл түрі оқу материалдары бойынша дайындалады және альтернативті дұрыс емес жауапты дұрыс емес жауапты өңдеуді қажет етпейді.
Келесі мәселе болып қазіргі дербес ЭЕМ-де электронды оқулықтарды реализациялау үшін бағдарламалық қабықты жасау есептелінеді, ол тестпен, оқу материалымен жұмыстың диалогтық формасын және білімнің алынып тасталған тестілеріне арналған осы құралдарды қолдану және білімнің тесттік қорытындысын автоматтандырып өңдеуді жібереді.
Осы ақпараттық - логикалық тәсіл оқу материалы сияқты оқу жоспарымен, бағдарламасымен байланысты бақылау сұрақтарының жүйесі ретінде эффективті электронды оқыту басылымының және сапалы оқу жүйесін дамытуға адекватты тәсілді ұсынуға болады.
ЭЕМ жүйесінің ақпараттық мүмкіндігінің және дербес компьютерінің диалогтық мүмкіндігінің зертханалық жұмыстарды қолдануға негізделген оқу жүйелері жаңа білім технологиясы үшін негіз болып табылады, оның ішінде дистанционды білім жүйесі үшін технологиялық база болып саналады.
Барлық жоғарыда айтылғандарды келтіре отырып, мүмкіндіктің тізімін формалауға болады, олар электронды оқу жүйесінде болуға тиіс.
Қолданушылар үшін:
- әртүрлі деңгейде оқуды ұйымдастыру- бастапқы таныстықтан материалдық нақты жетілдіруге дейін;
- оқу мақсатынан шыға отырып, материалды ұсыну мүмкіндігі;
- тесттік тексеру қорытындысы бойынша материалдардың компановкасы;
Жұмысшылар үшін:
- енгізілген анықтаманы түзетуді тексеру;
- анықталмаған түсінік тізімін формалау;
- «адам-компьютер» қолайлы диалогын ұйымдастыру;
- қолданушы интерфейске эргономикалық қажеттілікті бақылау. 2. Тәжірибелік бөлім2. 1. Тесттік бағдарламаны құру әдісі
Тест бағдарламасы блокнотта HTML тілімен қатар Java Script тілі қолданды. Тесттік бағдарлама әрбір зертханалық жұмысқа сәйкес жасалынған, яғни 8 зертханалық жұмысқа 8 Тесттік бағдарлама жасалынды. Тестік бағдарлама 10 сұрақтардан 4 жауаптардан тұрады. Әр бір жауап үшін форма қолдандық, 4 жауап үшін 4 форма жасалынды. Дұрыс жауаптарды белгілегеннен соң Нәтижені көру батырмасын басу қажет. Қорытындыға тестінің қорытындысы көрсетіледі. Жауаптарға сәйкес бағдарлама бағалайды:
- 9-10 дұрыс жауап - (дәстүрлі) 5 (өте жақсы) ;
- дұрыс жауап - (дәстүрлі) 4 (жақсы бағасын) ;
- 5-6 дұрыс жауап - (дәстүрлі) 3 (қанағаттанарлық) ;
- 4 немесе одан төмен жауап болса, тест бағдарламасы «Қайтадан дайындалыңыз» деген хабарлама шығарады. Бағаңыз екі, деген ұсынысын келтіреді. Сұрақтарға жауап бергеннен кейін, қорытынды бағасын алғаннан кейін «Сұрақтарға өту» батырмасын басуымыз керек. Сұрақтарға қайтадан жауап беру үшін «Форманы тазалау» батырмасын басамыз.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz