Кітапхана жүйесінде қолданылатын форматтар



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ 5
1 КІТАПХАНАНЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ПРОЦЕССІ 7
1.1 Кітапханалық–библиографиялық процесстерді автоматтандыру жүйесін
жобалау 7
1.2 Кітапхананы автоматтандыру жүйесін жобалау түрлері 10
1.3 Кітапхана кәсібінде Интернетті пайдалану 11
1.4 Құжаттарды өңдеудің қазіргі кездегі қолданылатын әдістері 13
1.5 Кітапханада қолданылатын негізгі құрылғылар 15
2 МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫН БАСҚАРУ ҚОСЫМШАСЫН ҚҰРУ ОРТАСЫ DELPHI
19
2.1 DELPHI –дің басқа аналогтық программалық өнімдермен
салыстырғандағы артықшылықтар 19
2.2 Delphi. Өнімнің негізгі сипаттамалары 19
2.3 Delphi-де қосымша құру 25
2.4 Формалар, модульдер 26
2.5 Жаңа объектілерді қосу 27
2.6 Стандартты компоненттер 27
2.7 Delphi-дегі есеп беруді құрудың негізгі принциптері 29
Мәліметтер қоры туралы ұғым 29
2.9 Мәліметтер қорын басқару жүйесінің архитектурасы 31
2.10 SQL тілі 33
2.11 Database Desctop қосымшасы 38
3 кітапхана жүйесін құру ортасы 40
3.1 Мәліметтер қорының классификациясы 40
3.2 МҚБЖ функциясы, мәлiметтер қорының басқару жүйесi 42
3.3 Сұранысты ұйымдастыру әдiстерi және түрлерi 44
3.4 Бағдарламалық өнімді сипаттау 45
ҚОРЫТЫНДЫ 49
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІ ТІЗІМДЕРІ 50
ҚОСЫМША 52

КІРІСПЕ

Кітапхананы автоматизациялау қазіргі заман кітапханасының
практикасында елеулі орын алады. Ол көптеген мамандар мен оқырмандардың
қызығушылығын туғызып отыр.
Қазіргі кітапханалар ақпарат сақтау қоймалары емес, олар мемлекет пен
қоғамның өркендеу дәрежесінің көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Себебі
кітапхана адам білімінің қайнар көзі ғана, ол ғылыми техникалық және
әлеуметтік прогресс элементтерінің бірі. Мамандардың айтуы бойынша
кітапхананы ақпараттандыру ісі мемлекетіміздің және біздің қоғамымыздың
ақпараттандыру саласындағы проблемаға айналып отыр.
Көрініп отырғандай кітапхананы автоматизациялау бұл жағдайдың
актуализациясына көмектеседі. Осыған орай кітапхана жұмысы жүйесі
автоматизациялауды өңдеу принциптерін құру және эффективті функциялау
мемлекет пен қоғамның қатысына тәулді маңызды мақсаттың бірі. Өзіміздің
елде және басқа елдердегі кітапхана жүйесін автоматтандыруды жобалау және
эксплутациялау тәжербиесіне қарамастан, бізде әдейі осы түрдегі ақпараттық
жүйені құратын, дайындалған мамандардың жоқтын қасы. Бұл мақсаттың негізгі
аспекттері болып максимальды технологиялық және программалық – ақпараттық
қамсыздандыруды біріктіріп өңдеу және қолдану.
Қоғамымыздың ғылыми техникалық прогресінің негізгі бағыты болып -
өндірістер, кәсіпорындар, тағы басқа әртүрлі ауданда технологиялық
процестерді автоматизациялау жұмыстарын комплексті жүргізу.
Айтылған проблемалардың барлығы көптеген білім, техника, өндірістік
және шаруашылық кәсіптер, тағы басқа салаларына байланысты. Негізінен осы
салаларда бірнеше ондаған жылдар бойы автоматизацияланған басқару жүйесін
(АСУ) белгілі процесстер бойынша эффективті қолданып келді.
Автоматтандырылған басқару жүйесінің негізгі құрылу принциптері мен
функциялары кітапхана ісінде де сөзсіз пайдалану, кітапханалық –
библиографиялық кәсіпте автоматизация әдістері мен құралдарын пайдалану –
кітапхана ісінің негізгі, маңызды факторы кітапханаға жаңа ақпараттық
технология (ЖАТ) енгізу.
Кітапханалық – библиографиялық автоматтандыру процесстерінің
сәтсіздікке ұшырауы көбіне кітапхана басқарушыларының осы салада қажетті
білімдерінің болмауында, көптеген кітапхана мамандары өзінің кәсібіне ЖАТ –
ны қалай және қандай түрін қолдану керек деген сұрақтарына жауап іздеуде.
Бұл проблемаға оқу әдістемесі шығарылды. Онда кітапхана
автоматизациясы әртүрлі техникалық құралдармен қамтамасыз ету, тиімді
қолдану, біріншіден оқырмандарға қызмет ету және осымен қатар кітапхана
жұмысшыларының қауіпсіздігін ұйымдастыру сұрақтары көрсетілді. Бірақ айтып
кететін жағдай – бұларды шешу тек бар рессурстаремн программалық –
техникалық құралдармен емес, кітапхана жұмысшыларының және олардың
квалификацияларына байланысты. Қазіргі заманғы кітапхана ұйымдастыру
жоспарының біріншісіне айналып отыр, осыған орай кітапхана жұмысшылары
релевантты, ақпаратты қолдану мен табуы қажет. Бұл керекті білім алуды
қазіргі және болашақ мамандарға да талап етіледі.
Менің дипломдық жұмысымда технологиялық процесстерді кітапхана
оқырмандарына қолдану мақсатында қазіргі заманғы технологиялық құралдарды
дамыту, оқып үйренуге негізделген.

1. КІТАПХАНАНЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ПРОЦЕССІ

1. КІТАПХАНАЛЫҚ – БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ПРОЦЕССТЕРДІ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІН
ЖОБАЛАУ

Қазіргі заман кітапханасы – ақпараттық, мәдени ағарту, кей кезде
ғылыми – зерттеу, әлеуметік ақпарат институты, мәдениет, білім кәсіптерінің
осы бағыттағы мақсаттағы мекемесі. Ол көптеген ұқсас процестер мен
тармақтардың ішкі және сыртқы байланыстар иемденген өте күрделі құрылым.
Кітапхана қолданушылары – кітапхана кәсібіндегі негізгі обьект. Ал ол
ақпараттық жүйеге қатысты немесе ақпаратты қолданушыға керекті субьект
қолданушы ұғымы оқырман түсінігін беред, МБА абоненті -
қатысушылар, яғни ақпараттық орталықтармен кітапхана ресурстарын
қолданушылар немесе мекемелер.
Кітапхана құрылымы түсінігі олардың функциялармен өкілеттіліктері
бөлінген бір бірімен қатысты бөлімдердің жиынтығы. Құрылым кітапхана
типінен, олардың мақсатынан, кітап фондының үлкендігінен, оқырмандарға
қызмет ету сипаттамасы мен көлеміне байланысты. Демек кітапхананы
функцианалдау ішкі микро ортаға (бөлме, материалдық – техникалық база,
жұмысшылар, фонд және тағы басқалар) ғана емес сыртқы макро ортаға да
(оқырмандар, басқа кітапханалар мен ақпараттық орталықтар, жоғарыдағы
администрация, жеке адамдар мен ұйымдар және тағы басқалар) байланысты.
Бұндай әдіс – амалдарға байланысты кітапхана – бұл өзінің құрамында
көптеген элементтер бар, мысалы: жоспарлы шара комплекстер жиынтығы,
материалды – техникалық, ақпараттық және адам ресурстар қолданушыларды
керекті ақпаратпен қамтамасыз ететін бір жерде жиналған жүйесі бар ішкі
және сыртқы байланыстарды иемденген күрделі механизм, яғни жүйе. Бұл
жағдаймен келісе отырып кітапхана күрделі обьект болып табылады, бірақ
кейбір мамандар, - кітаппханалар жеке зерттеу обьектісі болып табылмайды,
кітап, кітапхана және оқырман арасындағы комплексті құрады, - деп қате
ойлайды. Бұндай амал қазіргі кітапхана ісімен оны автоматтандыру
процесстерінің дамыту талаптарына сәйкес келмейді.
Кітапхананы автоматтандыру (бұл жағдайда компьютерлік және
телекомуникациялық технологиялар) тек уақыт ағымы емес. Бұл жағдайда
автоматтандыру екі анықтауыш иемденеді: қажеттілік және практикалық
қолдану.
Бұл кәсіпті жобалауда ішкі ортамен қатар сыртқы орта обьектілері де
қарастырылады. Кітапханалық макроортасы болып: оқырмандар мен олардың
сұраныстары; ақпараттарды тасымалдаушылармен (ақпарат туралы ақпарат)
ақпараттық ағымдар; кітапхананы басқарудың ішкі органдары. Жұмысты дұрыс
ұйымдастырудың маңызды жағы болып – жұмысшының рациональды жұмыс істеуіне
және пайдаланушыларды қанағаттандыру үшін кітапхананы төрт жүйеге бөлу Ю.Н.
Столяров профессоры ұсынған құрылымдық – функцияналдық сызбасы алынды. Ол 1
– суретте көрсетілген.

1 – сурет. Кітапхана құрылымы схемасы.
Осыдан кейін элементтерін: оқырман - қолданушы контингенті,
ктапханашы - кітапхана персоналына және фондты - кітапхана
персоналына және фондты - кітапхана фондына ауыстырады.
Бұдан басқа варианттары бар. Мысалы кітапхана бес – элементтік, одан
басқа алты – элементтік жүйесі бар. Бесінші элемент болып (Н.И. Тюлин және
тағы басқа) анықтамалық – іздеу аппаратты қарастырылады, ал алтыншы элемент
болып (Н.С. Карташов) ұсынған кітапханалық білім. Бірнеше авторлар соңғы
элементтердің орнына бесінші элементті немесе оның алдындағыларды қосады.
Я.Л. Шрайберг бесінші элементті құрылым ұсынды. Оның төртінші
элементі – ақпараттық компоненті, оған анықтамалық іздеу аппараты,
ақпараттық жүйе және кітапхана фондының компьютерлік түрдегі мәліметтер
базасы. Ал бесінші элемент – инфрақұрылым, органдар мен басқару
аппараттары, бөлме, кітап қоймалары, компьютерлер, байланыс жүйесі,
автомобильдер, тағы басқа техникалық, технологиялық, офистік және көмекші
құралдары, қолданушыға қызмет етуге арналған тағы басқа құрылғылар.
Негізгі функцияны ескере отырып – ақпарат қолданушының сұраныстарын
қамтамасыз ету үшін – кітапхананың негізгі үш элементтен құрылған (ақпарат,
кітапхана, қолданушы) техникалық құралдармен автоматтандырылған ізденіс
жүйесі ретінде қарастыруға болады. Құрылымдық сызбасы 2 – суретте
көрсетілген.

2 – сурет. Ізденіс құрылымы.
Барлық айтылған элементтерде кітапхананың материалды – техникалық
базасымен байланыстары көрінген. Негізгі бөлімі кітапхананы автоматтандыру
жүйесі мен құралдарына негізделген.

1.2 КІТАПХАНАНЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІН ЖОБАЛАУ ТҮРЛЕРІ

Кітапханалық – библиографиялық автоматизацияны жүргізу үшін оған
зерттеу жүргізу барысында арнайы типтік құжат жүргізу қажет. Бұл құжатта
негізгі жүргізу керек шараларды бекітеміз: кітапхананы зерттеу, арнайы жоба
өңдеу, жүйеге мамандандырылған эксплутация жүргізу. Бұл жұмыста
ұйымдастырылған жобалау арқылы жүргізуге болады.
Обьектті жобалау – оның модельдерін жүргізу процессі. Жобалау кезінде
мәліметтер ретінде текстік, графикалық және тағы басқа түрде жазылады.
Мұндай жоба тек кітапхана жұмысшыларына ғана емес, оны қаржыландыратын
адамдарға да қажет.
Жобалаудың бірнеше түрі бар: негізгі жұмыстарды жобалау, диаграмма
көмегімен жоспарлау, календарлық және жоспарлау.
Бірінші әдіс. Негізгі жұмыстарды жоспарлау. Негізгі істелу керек
процедуралар мен кәсіптің түрлері көрсетілген, мақсаттарға жету мерзімдерін
бекітеді. Бұл әдіс мысалы: № 1 – ші кестеде көрсетілген.
Мерзімі Процедуралар Процедура реализациясы
Ақпан Компьютерлерді алу және Жұмыс орындары мен кабельдік
құру қосылыстарды дайындау.
Жұмысшыларды ПК – да жұмыс
істеуге үйрету.
Наурыз ПО АИБС – ны алу Жұмысшыларды ПО – да жұмыс
істеуге үйрету
Сәуір АИБС – мен жұмыс Автоматтандырылған
процесстеді мамандандырылған
эксплутация.

Екінші әдіс. Календарлық жоспарлау – бірінші әдіске ұқсас, бірақ
кәсіп түрлерінің орнына мерзім және период тізімі көрсетіледі.
Үшінші әдіс. Желілік жоспарлау – жобаның бітуіне қажетті жұмыс
этаптары мен олардың арасындағы ішкі байланыс. Бұл әдіс жобаның өңделуіне
керекті білім мен уақытты талап етеді. Негізгі фактордың бірі болып жер
жүзіндегі барлық ақпараттық ағым болып табылады. Күнсайын актуальды болып:
1. керекті ақпаратты жылдам және бір уақытта алу;
2. қолданушылар қажет етпейтін ақпарат ағымынан сақтану.
Бұл процесстерді кітапхана автоматизация құрылғылары иемденеді.
Кітапхана кооперациясын басқару децентрализация жағдайы кітапхана
процесстерін, административті – басқарушылық, мәдениет – күнделікті және
тағы басқа кәсіптерді шешу үшін қажет.
Автоматтандырылған кітапханалық жүйе - адам - машиналық жүйе болып
табылады. Мына жағдайларды ескерген жөн: ең жақсы құрылған программалық
және аппараттық қамсыздандыру жоспарланып отырған шаралардың технологиялық
өңдеуден өткізбей автоматтандыру мүмкін емес.

1.3 КІТАПХАНА КӘСІБІНДЕ ИНТЕРНЕТТІ ПАЙДАЛАНУ

Кітапхана жүйесінде қолданылатын форматтар. Дүние жүзінде кітапхана
процесстерін автоматтандыру проблемасын өте ертеден айналысады.
1965 жылы АҚШ кітапхана конгресімен ЭВМ – де форматтарға бөлінген
библиографиялық мәліметтерді жазу жобаланғаны белгілі. Әрбір жазу
библиографиялық құжаттарға тиесілі сәйкес келеді.
Бұл формат MARC – атын иемденеді. Ол машина оқитын каталог
түсінігін береді. Бұл формат кітапхана және библиографиялық МҚ – ғы негізгі
құрылған электрондық каталог болады.
XX – ғасырдың 70 – ші жылдарының соңында АҚШ, ҰлыБритания, Францияда,
Канадада және Жапонияда кітапхана жұмыстары компьютерлер енгізу концепциясы
енгізілді. Бұл елдерде өздерінің MARC секілді форматтары құрылды. Қазірде
осыған ұқсас форматтарды Еуропаның кітапхана жүйесінде шамамен 70%
қолданылады.
1980 жылы автоматтандырылған кітапхана жүйесінде планетадағы басқа
елдермен қарым – қатынас жасайтын универсалды формат шығарылды.
Ол UNIMARC - деп аталды. Библиографиялық мәліметтерді автоматты
түрде өңдеу үшін шығарылған халықаралық формат.
Бұл формат мәліметтердің ішкі жүйесіндегі формат болып табылады және
мәліметтердің айырбасталуын қамтамасыз етеді. Бұл форматқа MARC – секілді
коммуникативті форматтардың барлығы да конверттеледі.
Еуропа елдерінің көбісі UNIMARC форматына библиографиялық
ақпараттарды алуға болатын коммунативті формат ретінде қарайды, ол
америкалық контингентте, басқа дүние бөліктерінде ішкі жүйелік және
коммуникативті формат USMARC форматты өріс алған.
Осыдан кейін кітапханалардың дамуына байланысты кітапханада
процедуралар мен процесстерге жеке автоматтандыру сипаттамасы аяқ алды.
Мир сериялы есептеу машинасының шығуымен ТМД елдерінде
автоматтандырылған жұмыс орны термині пайда болды. Автоматтандырылған
жұмыс орындарын (АЖО) математиктер мен инженерлер иемденді. Бұл терминге
сәйкес келетін 70 – жылдары шетелдерде work station термині пайда болды.
Осыдан кейін кітапхана жұмысшыларының ЭЕМ – мен қамсыздандырылған жұмыс
орындары кітапхананың АЖО – сы деп атады. Көбіне олар кітапхана жұмысының
орындалатын функцияларына байланысты аталады, мысалы: комплектеуші АЖО
немесе өңдеуші АЖО және тағы басқа.

1.4 ҚҰЖАТТАРДЫ ӨҢДЕУДІҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІСТЕРІ

Қазіргі заманда құжаттарды өңдеу және сұраныс беру әдістеріне мысал
ретінде осыған ұқсас функцияларды орындайтын ИНФОМАГ қызметі ұйымын
қарастырайық.
1993 жылы ИНФОМАГ қызметі құрылған болатын. Ол журнал тақырыптарын,
ғылыми ақпараттарды, сонымен қатар мәтінмен толтырылған ғылыми
бюллетеньдердің таратушы болады. Мәліметтер қоймасында өзіне қызықты
тақырыптарды, мақала және ғылыми – техникалық журналдарды оқитын
оқырмандарды қанағаттандырады. Бұл қызмет өзінің материалдарын серверге
енгізеді. Одан басқа ол сұранысы көп материалдарды электрондық почта арқылы
жібереді. Қолданушылар үшін ИНФОМАГ қызметі жіберетін материалдардың
барлығы ақысыз. ИНФОМАГ қызметі Білім Министрлігінің қолдауын алған
бірден бір қызмет.
Қызметтің жіберетін материалдары WWW серверінде және электрондық
почтаның серверлерінен табуға болады. ИНФОМАГ өзінің қолданушыларына 200
– ге жуық әртүрлі материалдарды ұсынады. Бұлар 150 – ге жуық орысша және
шетелдік ғылыми – техникалық журналдар, 7 – толық мәтіндік ғылыми
бюллетеньдер, кітапханаға түскен кітаптар тізімі және тағы басқа
материалдар, берілетін мәтіндердің тақырыбы, көбінесе жаратылыстану
ғылымдары мен гуманитарлық материалдар.
ИНФОМАГ өзінің материалдарымен қолданушылардың екі категориясын
қамтамасыз етеді.
1. ТСР ІР протоколы бойынша Интернетке қосылған, олар серверден
оқып және материалдары көшіруге мүмкіндіктері бар.
2. Негізгі қолданушылар категориясы тек электрондық почта, бұлар
үшін ИНФОМАГ жіберетін материалдарын ұсынады. Олардың әр
қайсысы осы немесе бөтен материалдары алдын ала жазылу арқылы
ала алады.
ИНФОМАГ - ауыл тұрғындарына да белгілі. Онда негізгі қолданушылар –
ауыл ғалымы немесе оқытушы, ақпараттық орталықтар мен ірі оқу орындары мен
институттар.
Бұл қызметтің негізгі материалдарын алудың үш көзі бар:
1. Журнал редакциялары.
2. ВИНИТИ және БЕН.
3. Интернет.
Көп редакциялар Интернетке қосылмаған және электрондық почтаға
өздерінің жарнамаларын бере алмайды. Сондықтан тақырыптар редакциядан
алынады, содан соң оны өңдеу керек. Ал ол өте қиынға соқтырады, себебі
журнал редакциялары өздерінің мәліметтерін стандартқа сәйкес емес форматпен
жазады. Форматтар нөмірден – нөмірге өткен кезде өзгеруі мүмкін.
Басты проблема журнал тақырыбы библиографиялық форматтарының әр түрлі
жазылуы. Бұл кезде бір журнал нөмірінен көлем бірлігіне көшу, екінші
мақаланың библиографиялық жазылуына өту. Бұл қызмет өзінің ИНФОМАГ ішкі
стандартын шығарады.
Интернетте қолданылатын библиографиялық ақпараттың үш негізгі типін
айтып кетуге болады:
1. Журналдар тақырыбы.
2. Абстрактты журналдар мақаласы.
3. Журналдардың, газеттердің және кітаптардың толық мәтіндік
электрондық версиялары.
Журнал тақырыптары Интернетке көптеген қызметтер енгізеді. Мысалға
Elsevier және Springer Verlag қызметтерін айтуға болады. Мұндай қызметтер
қолданушыларға ақысыз Интернет арқылы қызықты, керекті журналдардың
барлығын дерлік алуға болады.
ИНФОМАГ қызметі параметрлері бойынша айтылған қызметтерге
жақынырақ, тек басқа қызметтерден таратылатын материалдар саны сәл азырақ.
Үшінші типтегі қызметтер салыстырғанда аз санды және абстрактты
мақалалардың таратылуымен және ақылы түрде қағаз көшірмелерін шығарумен
айналысады.
Бұл жерде тағы Libweb желісі туралы айтып кеткен жөн. Libweb желісі
UNIMARC халықаралық форматы мен RUSMARC форматын қолдануға жоспарланған.
Бұл желі Интернет арқылы Books in Print электронды каталогы арқылы
қамтамасыз етуі қажет.
Соңынан бұндай электрондық (цифрлық, вертуальдық, гибритты және т.б.)
кітапханаларды функцияналдау мынадай проблемалардың шешілуін қажет етеді:
авторлық құқық, көшірмеге құқық, МҚ құқықтық қорғау және тағы басқа. Мұндай
кітапханалардың негізгі сервисі болып мәліметтерді жариялау, іздеу және
шығару табылады. Бұл кітапханалардың коммуникациялық негізі – Интернет.
Қашық библиографиялық МҚ – на өту үшін on – лайн режиміндегі HTTP
және Z 3950 протоколын пайдаланамыз. Осындай кітапхана мен оқырмандардың
қатынасы мәліметтерді беру протоколдарының стандартизациясын, интерфейсті
технологияларды және тағы басқа программалық – техникалық және
ұйымдастырулық сұрақтарды қажет етеді.

1.5 КІТАПХАНАДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ҚҰРЫЛҒЫЛАР

Кітапханада қолданылатын құралдарға мыналар жатады:
1. Автоматтандырылған телефондық, телеграфтық байланыс,
фототелеграф.
2. Диспетчердің және деректордың оперативтік байланысы.
3. Радиофикация, үнжазба және т.б.
Кәсіпорындарда телефондық станцияны пайдалану жоғарыда айтылып кетті.
Айта кететін жай, соңғы кезде офистік радио телефондық жүйенің пайда болуы.
Олар базалық блоктың ретранстрляторлардың (32 радио зонаға дейін)
абоненттің тұрақты байланысын қамтамасыз етеді, кәсіпорын территориясында
базалық блоктан бір километрге дейін, яғни абоненттің максималдық қатынасы
екі километр зонадағы радиотелефондарының саны отыз алтыға дейін,
радиоканал саны – қырық құрайық.
Диспетчерлік байланысты кітапханада қолдану фондынан кітаптарды алу,
кафедраға беру, құжаттарға сұраныс енгізу, басқармалық талаптарына
мерзімінде және сапалы кітарханалық процесстерді басқару үшін және тағы
басқа үшін бір жақты немесе екі жақты қатты сөйлеу байланыстары, телефон
байланысы, пневно – почта, факс, ЭЕМ және басқа оргтехника құралдары
қолданылады. Айтылып кеткен құралдардың негізгі түрлері басқаруды
циркулярлы байланысын иемденген.
Радиофикация, үн күшейткіш және үн жазу құрылғылары, біріншіден
кітапхана жұмысшыларына және оқырмандарға әртүрлі жағдайларда жарияларды.
Мысалы: көрмелер немесе мәдени шаралар, төтенше жағдайлар және тағы басқа.
Екіншіден, үн – бейне шығару жүйелері және үн – бейне жазу
кітапханаларда кеңінен қолданылады. Аудио визуальды материалдардың
көшірмесін алу, кітапханадағы оқырманды қызықтыратын мәліметтер үйге де
беріледі.
Үшіншіден, бұл құрылғылар мәдени шараларды және оқу сабақтарын
жүргізгенде қолданылады. Мысалы концерттерді сүйемелдеу үшін. Сонымен қатар
орындауларды жазу үшін қажет.
Төртіншіден, кітапханада магнитті және сол сияқты тасымалдаушылармен
жұмыс істеу үшін, мысалы: CD ROM – дағы әртүрлі ақпараттар.
Үн күшейткіш аппаратурасына күшейткіш құрылғылары, үн колонкалары,
микрофондар, сөзбен музыка тасымалдаушылар жатады.
Үн шығару және жазу аппаратурасына теледидарлар, бейне магнитафондар
және бейне плейерлер жатады. Аппаратураны таңдау әртүрлі факторға
байланысты: бөлме көлемі, оқырмандар саны, күнделікті және соңғы сұраныстар
және тағы басқалар.
Кітапханалық фондтарда лакундарды тиімді толтыру, қаржылық шығымды
үнемдеу, сақтау көлемін көбейту қазіргі замандағы ақпарат тасымалдаушыларды
қолдану жағдайында мүмкін. Сақтау ауданының жетіспеушілік проблемасы өте
қолайсыз болып табылады. Себебі, көптеген басылымдардың шығару қағаздарының
нашар болуы (әсіресе газеттер), интенсивті қолдану кезінде одан да бетер
нашарлайды.
Ақпаратты қазіргі замандағы тасымалдаушыларға көшіру оның сақталуын
және тез арада табылуын қамтамасыз етеді.
Компактты лазерлік дискілер (Compact disc – Read Only Memory, CD ROM)
бастапқы кезде жоғарғы сапалы үн тыңдармандарына жасалған. 1985 жылы
мәліметтер қоймасы бар CD ROM пайда болды. Олар компьютерлік құрылғылар
нарығында етек жайып, көптеген кітапхана фондын толтыруда. Кейбір
кітапханада CD ROM саны жүздеген, ал кейбіреулерінде - 1100 – ден астам.
Өзінің кіші көлемінің, үлкен сыйымдылығының сенімділігі мен көп
жылдамдығыныңарқасында ішкі есте сақтау құрылғысы ретінде табысты
пайдалынады.
Компьютерде CD ROM құрылғысының болуы дискілерді қолдануға, музыка
тыңдауға, әртүрлі МҚ – мен және мультимидиялық энциклопедиялармен жұмыс
жасауға, тілдер үйренуге және тағы басқа мүмкіндіктер береді.
CD ROM технологиясы үлкен массивті мәтіндік, графикалық, аудио және
видио ақпараттарды сақтауға және шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар
олар үнемі өңдеп отыруды қажет етпейді. Олар: интерактивті анықтама
бөлімдері, энциклопедиялар мен жолсілтеушілер, күнделікті және тағы басқа
жүйелерді үйрететіндер. Кітапханада олар толық мәтіндік түрде, мәнжазбалық,
библиографиялық және анықтамалық мәліметтер қоры түрінде қолдануға қолдау
алды.
Қарапайым компакт дискілер құрылғылар иілгіш дискілер дисководына
ұқсамайды, себебі бұл дискілерге ақпаратты жазуға мүмкін емес.
Тасымалдаудың жай жылдамдығы дискінің өзіндегі мәліметтердің дұрыс
ұйымдастырылуын қажет етпейді, олай болмаған жағдайда мәліметтерді
тасымалдаудағы кідіру 0,75 сикундіне дейін жетеді. Айтып кететін жағдай
компакт дискілер 150 мың мәтіндік бет сиғызады. Мысалы ол жеті құран
кітабына эквивалентті.
Басында компакт дискілер тек қана музыка тыңдармандарына арналып
шығарылған болатын. Ең бірінші 1982 жылы Бетховеннің тоғызыншы симфониясын
сиғызу керек болды. Оның жүру ақысы 73 минут, сондықтан бұл диск 74 минутқа
арналды (74 минут, 33 секунд), бұл 640 Мбайт құрайды. Осылай Қызыл кітап
атты стандарт дискілер пайда болды. Берілген специфика минимальды тәртіппен
сапалы үн жазуын регламенттеді. Мысалы аудио компакт дискілерінің мынадай
сипаттамалары бар: олардың көлемі, мәліметтерді кодтау әдісі және бірдей
спиральды жолақ қолдану.

2 МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫН БАСҚАРУ ҚОСЫМШАСЫН ҚҰРУ ОРТАСЫ DELPHI

DELPHI – бұл Borland International-дың қосымшаларды тез құруға
арналған жеткілікті жаңа өнімі. Қосымшалармен мәліметтер қорымен “клиент-
сервер “ архитектурасында, InternetIntranet, сонымен қатар локальді
машиналар және “ файл-серверлік “ архитектурасында жұмыс істейді.
DELPHI тілі объектілі – бағытталған Object Pascal тілінің жалғасы.
DELPHI-ге InterBase локальді SQL сервері, есеп беру генераторлары,
визуальді компоненттің және информациялық жүйені немесе Windows ортасының
қарапайым программаларын проффессиональді өндеуде өзінді сенімді сезіну
үшін арналған тағы басқа құрылғылар жатады.

2.1 DELPHI –ДІҢ БАСҚА АНАЛОГТЫҚ ПРОГРАММАЛЫҚ ӨНІМДЕРМЕН
САЛЫСТЫРҒАНДАҒЫ АРТЫҚШЫЛЫҚТАР

■ қосымшаны өндеу жылдамдығы;
■ Жасалған қосымшаның өнімділігінің жоғарылығы;
■ Жасалған қосымшаның компьютер ресурстарына төмен қажеттіліктерін
талап етуі;
■ Delphi ортасына жаңа компоненттер мен құрылғыларды қосу арқылы
қосымшаның жұмысын арттыру;
■ Delphi-дің жеке құралдарымен жаңа компонент пен инструмент құрудың
мүмкіншілігі;

2.2 DELPHI. ӨНІМНІҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ

Delphi – бұл бірнеше маңызды технологиялардың комбинациясы:
■ машина кодына аударатын жоғары өнімді компилятор;
■ объекті-бағытталған модель компонент;
■ программалық прототиптерден визуальді ( сонымен қатар жылдам )
қосымшаларды құру;
■ мәліметтер қорын құру үшін арналған масштабталатын құралдар;
Delphi ортасы көп терезелі жүйе тәрізді .Оны жүктеу үшін:
ПускпрограммыBorland delphiDelphi.
командасын қолданамыз. Жүктелгеннен кейін экранда 4 терезе пайда
болады.
Сурет 2.1 Негізгі терезе
Бұл Delphi ортасының негізгі терезесі болып бірінші жолда мәзір
орналасқан болып және саймандар тақтасы бар: Стандарт, Вид, Откладка,
Палитра пользователя, панель компонентов, рабочая область

Сурет 2.2 Баптау терезесі
1.Негізгі терезе(Project1)
2.Обьектілер инспекторының терезесі . (Object inspector)
3.Форма конструкторының терезесі(form1)
4.Кодтар редакторының терезесі(Unit1.pas)

Сурет 2.3 Объектілер ағашы
Бұл терезе объекттер ағашы. Бұл терезеде формадағы барлық
компоненттердін дізімі тұрады. + немесе - белгісі бұл компоненттін ішкі
класында екінші компоненттің бар екендігін білдіреді. Егерде компоненттін
аты ерекшеленген болса онда бұл компонент формада екпінді болғанын
анықтайды.

Сурет 2.4 Форма мысалы
Терезесі форма конструкторының терезесі болып бұл терезеге негізгі
конпоненттер орналасады.
Бұл терезе объекттер инспекторы болып, мұнда объекттің негізгі
параметрлері енгізіледі. Уақиғалар тізімі жазылады. Мұны Viewobgect
inspector немесе F1клавиші арқылы экранға шығамыз . Obgect inspector
терезесі екі жапсырмада тұрады.
Propertits ( қасиет )
Events (жағдай)
1-тапсырма компоненттер түр элементтен тұрады.
2- тапсырма көрсетілген жағдай туындалған
орындалатын процедурадан тұрады.

Сурет 2.5 Программа коды терезесі

Терезесі кодтар редакторының терезесі болып табылады. Бұл терезеде
формаға қойылған компоненттердің тізімі, компоненттердің уақиғалар тізімі
және сол уақиға сәйкес командалар жазылады.
Бір проектімен жұмыс қажеттілігіне қарай экранда басқа да терезелер
тұруы мүмкін. Жұмыс жасау барысында негізгі терезеден басқа терезелерді
алып тастауға, орын ауыстыруға болады .Көп терезелі болғанмен Delphi-де тек
қана бір уақытта жасауға болады.
Delphi-де құрылғының қосымша проекті түрінде жиналған бірнеше
элементтерден тұрады. Олар
1. Проект коды (DPR кеңейтілген мен берген формада сақталады)
2. Форма сипаттамасы (DFM)
3. Форма модулі (PAS)
4. Модулдер (PAS)
5. Объектілер параметрі (ОРТ)
6. Ресурстар сипаттамасы
Копилтильда таңбасымен өзгеріс енгізеді. Ең қарапайым проектінің өзі
көп формадан тұрады. Сондықтан кез-келген проект құру барысында оның
барлық элементін сақтайтын каталог ашқан дұрыс.
Негізгі программа төмендегідей құрылымда болады:
Program project1;
Uses Forms,
Unit1 in ‘Unit1. pas’{Form1},
Unit2 in ‘Unit2 . pas’{Form2};
{$R*.RES}
begin
Application. Initialize;
Application. Create Form(TForm1,Form1);
Application.CreateForm(TForm2,Form2 );
Application.Run;
End.
Проекті аты проекті файлының атымен сәйкес келеді және дискіге сақталу
барысында да ресурстар файлымен проектілер параметрлері файлы да осы атпен
аталады. Проект файлының атын өзгерткенде автоматты түрде осы файл аттары
өзгереді. Проектіні құру проект файлын компиляциялау барысында орындалады
және қосымшаның ехе файл проект атымен аталады.
Проект файлын қарауға және өңдеуге болады. Ол ұшін Progectview Sourec
(проект) (просмотр источника) командасы арқылы ашылады. Формаларды қарау
үшін view\Forms...shift+F12. формалар сипаты сақталған файлда форманың өзі
мен оның сипаттамасы беріледі. Форма модулінің файлында форма класының
сипаты беріледі. Ол форманы қолданғанда автоматты түрде ашады. Қажетті
модульді ашу үшін view-Units... немесе ctrl+F12 модульдер файлында кез келген
формамен байланыспаған модульдер сақталады. Олар объект pascal тілінде
жазылады. Оларды қолдану үшін Uses бөлігінде атты көрсету қажет. Ресурстар
файлының проект аты беріледі. Проектіні сақтағанда автоматты түрде
құрылады. Delphi5-тен ресурстар файлымен жұмыс жасауға арналған графиктік
редактор қарастырылған. Бұл Tools\ image Editor3.0 командасы арқылы
алынады. Ресурстар:
• Компаненттер пиктограммасы (.DCR)
• Расторлық бейнелер (.BMP)
• Қосымшалар пиктограммалары (.ICD)
• Курсорлар (.CUR)
Проект параметрлер файлында параметрлер мен олардың мәндері текстік
редактордың әр түрлі жолында орналастырылады.
Проектіні компиляциялау барысында орындалуға дайын файл немесе
динамикалық кітапхана (Д44) құрылады. Компиляциялау процесі
Progect\complieпроект аты ctrlF9 командалары арқылы орындалады және
мынандай жағдайлар атқарылады. Соңғы рет компиляцияланғаннан кейін мәні
өзгерген модульдердің файлдары компиляцияланады. Нәтижесінде әрқайсысы үшін
DCU кеңеймесімен анықталған модулге өзгеріс енгізілген болса, онда осы
модулге пайдаланылатын модулге қайта компеляцияланады. Барлық модульдер
компиляцияланғаннан кейін проект файлы компиляцияанады да қосымша
орындалуға дайын файл құрылады. Проектіні Delphi немесе Windows жүйесінде
жүктейді. Delphi ортасында проектіні жүктеу үшін Run Run немесе F9 тетігі
басылады. Егер қосымша жұмыс жасамай қалса, Delphi ортасында Run Program
Reset немесе Crtl+F12 командалары арқылы тоқтатылады.

2.3 DELPHI-ДЕ ҚОСЫМША ҚҰРУ

Delphi- де 2 этаптан тұрады. 1) Қосымшаның интерфейсін құру. Қосымша
интерфейсін компоненттер құрайды. Компаненттер визуалды (көрнекті ) және
визуалды емес (жүйелік ) болып бөлінеді. Визуалды компонеттерге, түймешелер
, тізімдер , ажыратқыштар форма тб жатады. Визуалды емес компоненттерге
қосымша әрекеттерді орындайтын компоненттер жатады. 2. қосымша
функционалдығы анықтау. Интерфейсі құрылғаннан кейін мұнда қойылған
компоненттердің әрқайсысның қолдануының әрекетіне қарай (түймешені
таңдау, тышқанның оң жақ , сол жақ тетігімен сілтеу) атқаруға тиісті
функцияларының жағдаиын анықтау болып табылады.
Events ( жағдайлары )
Көрнекті компоненттер жеткілікті мөлшердегі әртүрлі жағдайларды
корыта алады. Ең көп пайдаланылатын жағдайлар тобына төмендегілерді атауға
болады.
• Баскарушы элемент таңдау.
• Тышқан сілтегішінің орнын ауыстыру.
• Клавиатурадан клавиш басылғанын анықтау.
• Обьектілерді drag-and-top әдісімен көшірілгені.
On click- тышқанның сол жақ тетігінің бір рет басылғанын күтіп
тұрады. Onmouse Down- тышқан батырмасының басылуын анықтайды. Onmouse Sellp-
тышқан түймесінің жіберілгенін анықтайды. On Dblclick- тышқанның
сілтегішінің компонент облысында тұрып 2 мәрте басылуын анықтайды. Көрнекті
компанент үстіне тышқан сілтегіші жүріп өткенде үзіліссіз түрде On mous
Move жағдайы генерацияланып отырады. Жағдайларды қорыту кезінде Sender
параметрі тышқан сілтегішінің қайсы басқарушы элеенттің үстінде тұрғанын,
ал Integer типті х, у параетрлері курсордың координатын анықтайды. Shift
параетрі Alt, Ctrl, Shift клавиштерінің және тышқанның барлық түйелерінің
жағдайын анықтайды.
Клавиатурамен жұмыс кезінде OnKey Press және OnKey Down жағдайлары
ренерацияланады, ал клавиш жіберілгенде OnKeyUp жағдайы генерацияланады.

2.4 ФОРМАЛАР, МОДУЛЬДЕР

Формалар – бұл объектілер, оған қосымшаның қолданушы интерфейсін
құруға арналған басқа объектілерді орнатуға болады.
Модульдер кодтан тұрады, ол қосымшаның функционалдануын, формаларға
және олардың компоненттеріне арналған оқиғалардың өнделуін жүзеге асырады.
Форма туралы мәлімет .dfm және .pas деген файлдардың екі типінде
сақталады. Файылдың бірінші типі –екілік- форманың және оның қасиеттерінің
бейнесін сақтайды, екінші тип оқиғалардың өнделуін функционалдануын және
компоненттердің тұрысын баяндайды. Екі файл да автоматты түрде Delphi-ге
синхронизацияланады, сондықтан да егер проектіге жаңа форма қосатын болсақ,
онда автоматты түрде онымен байланысты .pas файлы құрылады да, оның аты
пректіге қосылады.

2.5 ЖАҢА ОБЪЕКТІЛЕРДІ ҚОСУ

Delphi- бұл алдымен қолдануға негізделетін программалау ортасы.
Сондықтан да компоненттер палитрасына жаңа компоненттерді қосуға болады.
Жаңа компоненттерді енгізу келесі үш қадамнан тұрады.
• іс жүзінде бар компонент типінен иелік
• жаңа өріс, қасиет және әдістерді анықтау
• компонентті регистрациялау
Осының бәрі Install Components менюі арқылы жүзеге асады.
Төменде Delphi-дің құрама бөліктері көрсетілген:
Формалар дизайнері (Form Designer)
Негізгі текст редакторының терезесі (Editor Window)
Компоненттер палитрасы (Component Palette)
Объектілер инспекторы (Object Inspector)
Анықтама (справочник) (On-line help)

2.6 СТАНДАРТТЫ КОМПОНЕНТТЕР

Компоненттер палитрасының 1-ші бетінде қолдануда маңыздылығы үлкен 14
объект орналасқан. Батырмаларсыз, терезелерсіз, тізімсіз т.с.с. ұзақ жұмыс
жасау көбінің қолынан келе бермейді. Бұл объектілердің бәрі тышқан мен
терезе сияқты Window-тың бөліктері. Әрбір беттегі компоненттердің жиынтығы
мен реті конфигурарлы, яғни бар компоненттерге даңа компоненттерді қосуға ,
олардың реті мен санын өзгертуге болады.

Сурет 1.6 Компоненттер палитрасы
Программада қолданылған Delphi-дің компоненттері төменде
коментарийлермен берілген:
MainMenu- прграммаға негізгі менюді қосу үшін қолданылады. Бұл
компонент визуальді емес, яғни формада көрініп тұрса да, программаның
орындалу кезінде көрінбейді.
PopupMenu- жылжымалы менюді құру үшін қолданылады.Бұл тип тышқанның
сол жақ батырмасын басқанда пайда болады.
Label- экранда текстің бейнеленуі үшін қолданылады. Егер объектілер
инспекторында font қасиетінде екі рет сырт еткізсе, онда таңбаның түсін
және шрифтін өзгертуге болады.
Edit- енгізуге арналған Windows-тың стандартты элементі. Ол текстің
қысқаша фрагментін бейнелеу үшін қолданылады және қолданушыға
программанының орындалу кезінде текстті енгізуге мүмкіндік береді.
Bitbtn- суреті бар батырманы құру үшін арналған. Жүйеде дайые
шаблондар жиынтығы бар. Kind қасиетінде батырманың редакциялары беріледі.
Кейбір стандартты әрекеттер қосымша программалаусыз реализациялауға болады.
Kind қасиетінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кітапхананы автоматтандыру процессі
Библиографиялық қызметтің процестері
Delphi ортасында
Электронды оқулықтардың форматтары
Microsoft Visio векторлақ графикалық бағдарламала
Android ОЖ
Автоматтандырылған ақпараттық ресурс орталығы
Растрлік графика форматтары
Векторлық графика компьютерлік графиканың әртүрлілігі
Delphi ортасында кітапхана жұмысына МБ құру
Пәндер