Қолданылатын Windows операциялық жүйесінің қысқаша сипатамасы


АСТАНА ҚАЛАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
(Министерстованың атауы)
Астана қаласы Экономика - заң колледжі
(оқу орынның атауы)
«Бекітемін»
ОЖ-ың директордың орынбасары
(қолы)
«»2010 ж.
№ дипломдық жобаға
ТАПСЫРМА
“Бағдарламаны қамтамасыз ету ЕТ және ЕЖ” 473000 мамандығы бойынша
Студент Мурзабаев Мухамедали ПР-4К тобы
Дипломдық жобаның тақырыбы: «Қазақша электронды оқулықтар сайты»
Берілген мәліметтер:
Мазмұны және жоба көлемі
Дипломдық жоба түсініктеме хаттан тұрады, бағдарламалық өнімнен және графикалық документтерден түзіледі.
Түсініктеме хат
(А4 форматтағы көлемі 50-60 парақ)
Титулдық парақ
Дипломдық жобаға тапсырма
Мазмұны
Кіріспе
Таңдалған тақырып маңыздылығы. Қойылған тапсырманың әдістемелік, құралдық және техникалық мүмкіндіктері. Дипломдық жобадағы бөлімдерге қысқаша сипаттама
1. Қойылымдық бөлім
1. 1 Есеп қойылымының тұжырымдамасы
1. 2 Кіріс және шығыс ақпаратының сипаттамалары
1. 3 Қосымша интерфейсіне қойылатын талаптар
2. Жобалық бөлім
2. 1 Ақпараттық қор сипаттамасы
2. 2 Электрондық оқулық алгоритімін сипаттау
2. 3 Жобаланатын оқулықтың құрылымы
2. 4 Тұтынушы интерфейсін ұйымдастыру
3. Дипломдық жобаны жүзеге асырудың инструменталдық құралдары
3. 1 Қолданылатын Windows операциялық жүйесінің қысқаша сипатамасы
3. 2 HTML тілінің қысқаша сипаттамасы
Тапсырманы ұйымдастыру. Жоба тапсырмасын жүзеге асыру үшін бірнеше бөлімшелерге бөлінеді:
4 Эксплуатация
4. 1 Аппараттық қамсыздандыруға қойылатын талаптар
4. 2 Тұтынушыға арналған нұсқау
4. 3 Бағдарламаушыға арналған нұсқау
5 Экономикалық бөлім
5. 1 Бағдарламаны өңдеу және енгізу үшін жұмсалған еңбек ресурсын есептеу
5. 2 Техникалық қамсыздандыруға жұмсалған еңбек ресурсын есептеу
6 Техникалық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау бойынша жүргізілетін іс-шаралар
7 Қорытынды
8 Қолданылған әдебиеттер тізімі
9 Қосымша
Негізгі модулдердің жазбасы
Ұсынылатын әдебиеттер
- Потопахин В. В. Освой на примерах. - СПб. : БХВ-Петербург, 2005. -240 с. : ил. Абрамов С. Ф., Гнездилова Г. Г., Капустин Е. Н., Селюн М. И. «Задачи по программированию-М: Наука, 1988».
- Вирт Н. «Алгоритмы + структуры данных = программы - М: МИР, 1985»
- Джонстон Г. «Учитесь программировать - М: Финансы и Статистика 1989»
- Будилов_Основы программирования для Интернет».
Тапсырмаға енгізілген өзгерістер
Дипломдық жобанның орындалу графигі
Мысалға орындалу көлемі (пайыздарда)
21%
17%
20%
25%
18%
Жоба бойынша консультациясы
Тапсырманың берген уақыты Жобаның аяқтаған мерзімі
Жобаның қорғалған мерзімі
(тегі, инициалар)
Тапсырма комиссиямен қарастырылды
Протокол № ___ «» 200__ ж. және бұйрықпен бекітілген
Колледжбен № ___ «___» 200___ ж.
Басқарма комиссиясы
(тегі, инициалдар)
Тапсырманы атқаруға қабыл алды
Мазмұны
1. 1 Есеп қойылымының тұжырымдамасы
1. 2 Кіріс және шығыс ақпаратының сипаттамалары
1. 3 Қосымша интерфейсіне қойылатын талаптар
1. 4 HTML тілі туралы жалпы түсінік
2. 1 Ақпараттық қор сипаттамасы
2. 2 Электрондық оқулық алгоритімін сипаттау
2. 3 Жобаланатын оқулықтың құрылымы
2. 4 Тұтынушы интерфейсін ұйымдастыру
3. 1 Қолданылатын Windows ОЖ-ның қысқаша сипатамасы
3. 2 Object Pascal және Delphi орталарындағы бағдарламалау тілінің қысқаша сипаттамасы
4. 1 Аппараттық қамсыздандыруға қойылатын талаптар
4. 2 Тұтынушыға арналған нұсқау
4. 3 Бағдарламаушыға арналған нұсқау
Кіріспе
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр - білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.
Информатика пәнінің орта білім беру жүйесіндегі ролі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.
Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, Web-дизайн, жүйелік программалушы, администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Аталған мамандықтарды қалай дайындап, оларға қандай программалық құралдарды үйрету арқылы жетілдіруге болатыны әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Мектеп бітірушілер компьютерлік сауатылықты меңгеріп шығады, бірақ келешекте олар программист, инженер, жүйе администраторы болуы міндетті емес. Дегенмен кез-келген шығармашылық мамандық сізден қазіргі заманға сәйкес компьютерлік технологияларды меңгеруге талап етеді. Шығармашылық жұмыстын қортындысы әр қашан жаңа білім, жаңа ақпарат, ал осы ақпаратты таратудың ең жеңіл әдісі - Интернетте жариялау.
Интеренетте материалды жариялау тиімді болу үшін ол Web-дизайн ережелеріне сәйкес болу керек. Демек, Web-дизайн негіздерін білу кез келген мамандықта қажет болады, өткені Web-бет дизайны - бұл ақпараттық дизайн.
Бұл жұмыс өзінің сайтын дайындауды үйренем деушілерге арналған.
Жұмыс екі бөлімнен тұрады, біріншісі теориялық: мәтінді форматтау, графиканы қолдану, тізім жасау, кесте құру. Ал екіншісі болса практикалық, бұл бөлімде біз дайын бір сайт жасап шығамыз.
қОЙЫЛЫМДЫҚ бӨлім
1. 1. Есеп қойылымының тұжырымдамасы
Дипломдық жобаның тапсырмасы HTML тілінен электронды оқулықты құру болып табылады. Онда HTML тіліне қатысты барлық деректерді енгізу қажет болды.
Электронды оқулық құрамының ең негізі болып табылатыны мәліметтер жиынтығы.
Бағдарламалық өніммен шектеусіз қолданушылар саны қолданыла алады.
1. 2 Кіріс және шығыс ақпаратының сипаттамалары
Бағдарламадағы құжаттар негізгі екі түрге бөлінеді. Олар кіріс және шығыс деп аталады. Кіріс құжаттар дегеніміз кеңейтілуі әртүрлі болатын, яғни бағдарламаға кіретін құжаттарды айтады, ал шығыс дегеніміз бағдарламадан шығатын құжаттарды айтуға болады. Көрсетілген өнімде кіріс ақпараттар құрамына суреттер, кестелер, сызбалар кіреді, ал шығыс ақпараттарға оқулық негізін құрайтын мәлімет беттері болып табылады.
1. 3 Қосымша интерфейсіне қойылатын талаптар
Бағдарламаның экрандық интерфейсі қолданушы жұмысының ыңғайлылығын көп мәнде анықтайды және еңбек тиімділігіне әсер ететін ең маңызды факторларының бірі болып табылады. Барлық қажетті функцияларды орындайтын, жоғарғы жылдамдыққа ие бағдарламалар, алайда қолданушы жұмысына қолайсыз болатын интерфейс себебінен жұмысқа жарамсыз болуы мүмкін.
Бұл электрондық оқулық бағдарламасы қолданушыға ыңғайлы және қолайлы болып келеді. Барлық жазулардың шрифті мен түсін қабылдап, қолданғанға ыңғайлы болып келеді. Формадағы түстер көзді ауыртпайды.
1. 4 HTML тілі туралы жалпы түсінік
1992 жылы Тим Бернерс-Ли бүкіл әлемдік ақпараттық желіні құрды.
World Wide Web және жай ғана Web- оның мақсаты интернетте желілік компьютерлік технология көмегімен ақпаратты тарату болды.
Web- құрушы осы технологияны жетілдіре отырып Gopher идеясын өркендетіп, толықтырды. Гипертекстік концепцияларын және Тет Нельсонның жұмысын негіздей отырып Web графиканы қосып және ең негізгісі гипертекстік сілтемені қосты. Web үш жаңа технологияны қолдады:
- HTML - (гипертекстік белгілеу тілі) . Web парақтарын жазу үшін қызмет жасайды.
- HTTP - (гипертекстті беру үшін немесе тапсыру протокол) . Осы беттерді қайта қарау үшін қолданылады.
- Web-браузер - деректерді алу үшін қолданылатын клиент-бағдарлама. Олардың интерпретациясының нәтижесінің бейнесі.
Қазіргі кезде HTML көмегімен кез-келген адамның текстік редакторы және Интернетке қосылған болса, онда қызықтыратын Web-парақтарын құрып ақпаратты басқа электрондық құрылғылар жасай алмайтындай етіп көрсете алады. Ақпаратты көрсету бұл желіде дәстүрлі компьютер экраны емес журнал парақтарын елестетін болғандықтан Web- ті парақтардан құрылады деп атайды. HTML күрделі SGML тілінен туды. Әдетте, Web - парақтарын құру үшін SGML қолданылады., бірақ барлық браузерлер Web-парақтарымен жұмыс істей алмайды. HTML білі бұл гипертекстті белгілеу тілі. Бұл дегенін Web-парақтарды тек Web-браузер деп атайтын арнайы бағдарлама көмегімен көре алады. HTML дамуының басты кезеңінде типтік компьютерлік қиын мәселенің қаупі пайда болуы туды.
HTML тілі тегтардың негізінде құрылады. Тегтар - бұл парақта текстті, суретті қалай орналастыру керек екендігін көрсетеді, сонымен қатар басқа парақтарға көшу үшін сілтемелерді ұйымдастыруды браузерге нұсқайтын командаларды ендіреді. Браузер тегті текстпен шатастырмас үшін, < > үшбұрышты жақшалармен қоршалады.
Ереже бойынша тегтардың көбісі қос-қостан қолданылады, яғни алдымен ашылған тег - ол браузерге келесі текстпен не істеу керек екендігін түсіндіреді, ал жабылған тег - бірінші тегтің қолдану аймағын көрсетеді.
Ашылған тег пен жабылған тег айырмашылығы «/» сызықшасында. Мысалы, ашылған тег - <i>, жабылған тег - </i>.
Тегтар регистірі сезімтал емес болып келеді. Мысалы, <title>, <Title>, <TITLE> тегтары браузер үшін бірдей болып келеді.
HTML құжаты <html> және </html> тегтарымен шектеледі, яғни браузерге парақ қай жерден басталғаны мен аяқталғанын көрсетеді.
Құжат денесі <body> және </body> тегтарында баяндалады, яғни браузер терезесінде қолданушы алдына не шығатыны қажет екенін анықтайды.
Тақырыпшада парақ бетінің аты жазылады. Ол 64 символдан аспауы керек. <title> және </title> тегтарының ішінде көрсетіледі.
Мысалы:
<HTML> <HEAD>
<Title> Парақ атауы </Title> </HEAD>
<body> текст немесе суретті орналасады.
</body> </HTML>
Жоғарыда көрсетілген мәтін текстік редақторда жазылып, . HTML немесе . HTM кеңейтілуінде сақталады.
Дипломдық жобамда қолданылған фреймдар бір бірінің қасында орналасқан браузер терезесін бір бірінен ажыратады. Әр бір терезе бөлек Web- парақ орналасады. Фреймдар арқылы Web-парақ екі аймаққа бөлінеді, олар сайт бойынша новигация және континентті құрайды. Фреймдар құрылымы арқылы, басқа фреймда сілтеме арқылы бір фрейм ішіндегі құжатты ашады.
Фреймсіз версткаларға бір парақтың ішіндегі мазмұнды және новигацияны қажет етеді.
Фреймдар ақпараттық браузер терезесінде керек орында орналасуын ұсынады.
Web-парақтарының қосылуы тек бір терезеде жүзегеасырылады, ал қалған парақтар сол қалпында қалады.
Фрейм браузер терезесінде төртбұрышты орынды алатын аймақты айтады. Фреймдар алқылы Web-парақтарын тігінен немесе көлденең орналастыруға болады. Интернетке түрлі қызметтердің жиынтығы әсер етеді. Солардың бірі ең көп тараған қызметтер қатарына Web (World Wide Web(бүкіләлемдік өрмекші) ) енеді. Web - тораптардағы құжаттардың негізгі форматы HTML болып табылады. HTML (Hyper Text Maker Language) ағылшын тілінен аударғанда мына мағынаны білдіреді: гипермәтінді белгілеу тілі.
Гипермәтін - бұл қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне екпінді элемент орналасқан мәтін түрі.
HTML құжаттарды көру үшін браузерларды қолданамыз. Браузер-программалардың саны өте көп, мысалы көп таралғандар Netscape Communicator, Microsoft Internet Explorer, Opera.
HTML тiлiнде колданылатын командаларды “тег” деп айтамыз. HTML тiліндегi тегтер екi топқа бөлiнедi: жұпты, жұпсыз.
Жұпты тегтер дегенiмiз, бiр тег ашылса, келесi тег оны жабады. Мысалы,
<html> тегтiң жұмысын ашады да келесi </html> тегi оны жабады. <title> ашылуы, </title> жабылуы.
Жұпсыз тегтер дегенiмiз, тег ашылады да қолданыла бередi. Мысалы, <IMG> т. с. с.
Көрсетілген мысалдарды компьютерде көрү үшін мәтінді Блокнот программасына теріп, оны htm түрінде сақтаңыз. Файлды браузерде ашыңыз.
Құжаттың структурасы
HTML құжаттың негізгі структурасы төмендегідей:
<HTML>
<HEAD>
<TITLE>
…
</title>
</head>
<BODY>
…
</body>
</html>
HTML-тег атрибуттар тізімінен тұрады. Тег тексті үшбұрышты жақша ішінде жазылады. Мысалы:
<FONT face=аrial>Менің бірінші бетім</font> - бұл жерде <FONT> - тег, face - атрибут, arial - атрибуттың мәні.
Кез келген HTML құжат <HTML> тегімен басталып, </html> тегімен аяқталу керек. Бұл тегтер браузерға HTML құжатын көрсетеді. Құжат болса қарапайым ASCII кодындағы мәтіндік файл. <HTML>, </html> тегтер болмаса браузер программалары құжатты танымай қалуы мүмкін.
<HTML>, </html> тегтерінің ортасына құжат денесі келеді. Құжат екі бөлімнен тұрады: тақырып бөлімі <HEAD> тегімен басталынатын және <BODY> тегімен басталынатын негізгі бөлімнен.
Тақырып бөлімі міндетті емес, бірақ ол жерде браузерге қажетті көп ақпарат болуы мүмкін.
<TITLE>, </title> тегтерінің арасында құжаттың аты жазылады, сол сөз терезенің тақырып жолына шығады.
Мысалы:
<TITLE>Моя первая страница</title>
<HEAD> бөліміне тағы <META> тегтерді қолдануға болады, олар сайтты интернет желісінде тез табылу үшін пайдалынады.
<meta name="Language" content=" kz"> - сайт тілі
<meta name="Autor" content="Molutjan Arziev"> - сайт авторы
<meta name="Keywords" content="информатика, школа, учитель, компьютер, уйгур, поурочный план, математика"> - іздеу қызметіне арналған сөздер
<meta name="Generator" content="блокнот"> - қай программада жасалынды
<BODY> тегімен Web-беттің негізгі бөлімі басталады. Бұл бөлімге мәтін, графика, кесте, аудио және видео ақпараттар енгізіледі.
2. жобалық бөлім
2. 1 Ақпараттық қор сипаттамасы
Қандай да бір жүйені бастаудың алдында ең біріншіден бағдарламалық құрал жобаланатын кешенге енгізілетін операциялар құрамын анықтап алу керек. Бағдарламалық кешеннің функционалдық мүмкіндіктері жұмыс процессінде пайда болған, белгілі бір есепті шешуге бағытталуы керек.
HTML тілінен электронды оқулығы қолданушы жұмысын тиімді, әрі жылдам орындау үшін арналған. Сондықтан да бағдарламалық кешеннің құрамы қажетті ақпарат жиынтығынан тұруға, кез келген бөлімге тез қатынауды орныдау керек.
2. 2 Электрондық оқулық алгоритмін сипаттау
Ұсынылған бағдарламалық өнімді іске қосқан кезде қолданушы алдына бірінші электронды оқулықтың жүктелу терезесі шығады. Бұл терезеде бағдарлама жүктелу процесінен өтеді. Бұл терезеден кейін қолданушы алдына басты терезе шығады. Мұнда бағдарламаның негізгі және қосымша бөлімдері сипатталған. Қолданушыға қажетті бөлімді таңдау ұсынылады. 3. 2. 1. сурет
- сурет
2. 3 Жобаланатын оқулықтың құрылымы
Жобаланатын оқулық тақырыптардан және бағыныңқы тақырыптардан, жаттығулардан, сөздіктен және тесттен құралады. Қолданушы әр дәрісті оқыған кезде, келесі тақырып мазмұнына көше алады, алдыңғы тақырып мазмұмнына көше алады және тақырыптың, бағыныңқы тақырыптар тізіміне көше алады. Тәжірибелік жұмыстарды қарастырғанда, ең алдымен тізімі, кейінен мазмұны қарастырылады.
\
2. 4 Тұтынушы интерфейсін ұйымдастыру
Бағдарламаны құрған кезде қолданушыға ыңғайлы болу үшін жазылып жатқан модульге сәйкес формаға керекті компоненттерді қою арқылы интерфейсті ұйымдастыру ең негізгі мәселелердің бірі болып табылады. HTML тілінен электронды оқулық тоғыз формадан тұрады.
Жүктелу терезесінен кейін, яғни бағдарлама жүктелгеннен кейін, FMenu формасы шығады. Мұнда бағдарламаның негізгі бөлімдері көрсетіледі. 2. 4. 1. - суретінде көрсетілген.
2. 4. 1 - сурет
3. Дипломдық жобаны жүзеге асырудың ҚҰРАЛ ЖАБДЫҚТАРЫ
3. 1 Қолданылатын Windows операциялық жүйесінің қысқаша сипаттамасы
Windows XP - бұл графикалық операциялық жүйелерінің соңғы нұсқалары болып табылады. Олар IBM PC компьютерлері мен олармен сыйыстырылған компьютерлерде қолдануы үшін 1985 жылдың қараша айында ұсынылып, 1999 жылға дейін дамыды.
Windows-тің қолданушылар үшін, және MS DOS ортасымен салыстырса бағдарламашылар үшін өте маңызды артықшылықтары бар. Бағдарламаны құрушының мақсаты қолданушыға қалауын беретіндіктен, қолданушылар мен бағдарламаны құрушылар пайдасы өте ұқсас болып келеді.
Бір бағдарлама басталып, екіншісі аяқталғандықтан жады фрагменттеледі. Сондықтан операциялық жүйе жадының басқаруынсыз көпміндеттілікті жүзеге асырылмайды. Жүйе бос кеңістікті біріктіре алуы қажет. Ол үшін жүйе блок жадысында бағдарламаларды және мәліметтерді араластыруы керек.
Windows - бұл графикалық интерфейс, ол Windows үшін қолайлы және қабылдауға жеңіл интерфейс қана қолданбай, сонымен қатар қолданушыға ақпаратты жоғары сапалы етіп көрсете алады.
Қолданушы интерфейсінің үйлесуі - өнімнің тағы бір ерекшеленетін сипаты. Windows үшін бір бағдарламаны үйренген адам, экранның барлық элементтері, командалары және жұмыс мақсаттары ұқсас болғандықтан басқа бағдарламаларды да оңай үйрене алады.
Windows үшін жазылған бағдарламаларда ақпаратты бейнелеу құрылғысының аппараттық бөліміне тура қатынауға болмайды. Мұның орнына Windows ақпаратты бейнелеу құрылғысына абстракциялайды.
Windows үшін жазылған бағдарламалар әртүрлі типтегі дисплей немесе әртүрлі типтегі принтермен жұмыс істей алады. Бағдарламада жүйелік құрылғының типін көрсету қажет емес.
Windows XP операциялық жүйесімен жұмыс әрі оңай, әрі тез. Ол Майкрософт корпорациясымен шыққан Windows - тың ең соңғы нұсқасы болып табылады.
Windows XP Professional бағдарламалардың фондық күйде жұмыс істеу мүмкіндігін береді. Жалпы қорғаныс жаңарғанына, қолданушы Интернет шолуын әдуір қауіпсыіздікпен қолдана алады. Желіде басқа да қолданушылармен арласа отырып, өз деректерінің құпиялығын сақталуы жайында уайымдамауға да болады. Операциялық жүйенің жылдамдығы, бірнеше бағдарламаны бір уақытта іске қосып, бағдарламалардың максималды жылдамдықпен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Windows XP Professional бірге компьютердің жылдам және тиімді жұмыс істеуі . Сонымен қатар басқа бағдарламалармен сыйымдылығы да ұсынылады. Қолданушы машиналарының 99%-ында негізгі операциялық жүйе болып Windows орнатылған. Сондықтан да досының немесе өзінің үйіне барсаң да еш қиындықсыз бірнеше суреттерді, мәтіндік файлдарды флеш- жинақтаушы көмегімен өзіңізге ала аласыз.
Таралу - ол қандай да бір операциялық жүйені қолдануда ең негізгі рөль атқаратын негізгі параметр болып табылады. Осы жоспарда Windows бұрынан бері өзінің қарсыластарын озып кеткенін ескеру қажет. Басында Windows коммерциялық операциялық жүйе ретінде қарсатырылған. “Коммерция” сөзі кез- келген құрылғыладың және бағдарламалардың операциялық жүйелерін, сондай-ақ кепілдеме және өңдеушілердің жалғаспалы сервисін жетілдіреді. Барлық осы мінездемелер әлем бойынша қолданушыларды қанағаттандырады (яғни мұның құрамына - қарапайымдылық, ыңғайлылық, сапа кіреді) . Нәтиже - барлық талаптарға жауап беретін операциялық жүйенің кеңінен таралуы болып табылады. Сонымен қоса, таралуының деңгейіне операциялық жүйенің қолдануының қарапайымдылығы әсер етеді. Операциялық жүйе қолдану ортасында кең таралу үшін қарапайым және түсінікті болуы қажет. Windows операциялық жүйесі бұл талаптардың барлығын қанағаттандырады.
Операциялық жүйе тұрақтылығы жалпылай алғанда Windows жұмысының тұрақтылығын қолайлы және тиімді деп айтуға болады. Бірақ “қолайлы” сөзі көптеген нәрселермен сүйемелдену қажет:
- Операциялық жүйе тұрақтылығы оның сапалы және сауатты баптауынана кейін ғана тұрақты болады.
- Windows тұрақтылығы көбінесе өнім нұсқасынан және сервис-пактардің барлығының орнатылуынан тәуелді болады, бірақ оларсыз операциялық жүйе жұмысында ақаулар жиі кездеседі.
- Windows ХР тұрақтылығы қолданушымен операциялық жүйеде орнатылған өзінің қосымшаларына тәуелді болады: олар жұмыста тұрақты болған сайын және Windows бағдарламалық қаптамасымен біріккен сайын, негізгі операциялық жүйе жұмысында аз ақаулар болады.
- Windows жұмысының тұрақтылығына жұмыс істеп жатқан операциялық жүйемен бірге қолданылатын “темір” де өз әсерін тигізеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz