Бүгінгі күнгі мәліметтер базасы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

1-БӨЛІМ. Кіріспе . . . 3

2-БӨЛІМ. ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАНЫ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҰМЫС ОРНЫ

2. 1 Автоматтандырылған жұмыс орны . . . 4

3-БӨЛІМ. Бағдарламалау ортасына сипаттама

3. 1. Объектілі - бағдарлы бағдарламалау негізі . . . 11

3. 2. Delphi бағдарламалау ортасы . . . 12

3. 3. Проект. Форма. Қасиеттер. Объект инспекторы терезесі . . . 13

3. 4. Оқиғалар. Программалык код терезесі . . . 15

3. 5. Delphi ортасының компоненттері . . . 17

3. 6. Проект құрылымы . . . 20

3. 7. InputBox функциясы. ShowMessage процедурасы.

Типті түрлендіру функциялары . . . 22

3. 8. Delphi-де мәліметтер базасын құру . . . 23

3. 9. Менюді ұйымдастыру. Негізгі және контекстік меню . . . 33

4-БӨЛІМ. Техника қауіпсіздігі

4. 1 Электр қауіпсіздігі . . . 35

4. 2 Өрт қауіпсіздігі . . . 36

4. 3 Шу деңгейлеріне және дірілдеуге талаптар . . . 37

4. 4 Шаң және зиянды химиялық заттар . . . 37

4. 5 Микроклимат . . . 38

4. 6 Желдету . . . 39

4. 7 Информацияны көрсету жүйелеріне эргономикалық талаптар . . 39

4. 8 Оператордың жұмыс орнын ұйымдастыру . . . 40

4. 9 Жұмыс орынының эргономикалық талаптары . . . 41

4. 10 Жұмыс орынның жарық болуы . . . 42

5-БӨЛІМ. Жобаның қойылымы . . . 44

5. 1 Есептің блок-схемасы . . . 45

5. 2 Формаларға сипаттама . . . 46

5. 3 Бағдарламашы инструкциясы . . . 50

5. 4 Қолданушы инструкциясы . . . 50

6-БӨЛІМ. Қортынды . . . 51

7-БӨЛІМ. Қолданылған әдебиеттер . . . 52

8-БӨЛІМ Қосымша . . . 53

Кіріспе

Қазақстан - 2030 бағдарламасына сәйкес қоғамның барлық салаларында ақпараттандыру үрдісі жүруде. Қазіргі кезде оқу жүйесін басқаруды автоматтандырудың әдістерін көлемді және қарқынды қолдану, жан-жақты оқу, тәжірибелік және теориялық мәселелерін зерттеуді, комплекстік ізденістерді жүргізуді талап етеді.

Оқу жүйесін басқаруда ақпаратты жергілікті өңдеу қарастырылады. Басқаруды іске асыру үшін дербес компьютер негізінде басқару мен әрбір аймақтық жұмыс орынын автоматтандыруды іске асыру керек. Жұмыс орынын автоматтандыру саласы мамандарының анықтамасы бойынша кіші кәсіптік-бағыттаушы есептеуіш техника деп, мамандардың жұмыс орынында орналасқан және олардың жұмыстарын автоматтандыруға арналған жабдықты айтады. Әрбір объектінің автоматтандырылған жұмыс орынын басқару бекітілген міндеттеріне сай қарастырылу керек. Дегенмен, автоматтандырылған жұмыс орынын жасаудың жалпы принциптері: жүйелілік, икемділік, орнықтылық, тиімділік - әрқашан орындалуы керек. Автоматтандырылған жұмыс орынының басқарылуы жүйелілік принципі құрылымы белгіленген міндетіне сәйкес анықталатын жүйе ретінде қарастырылуы керек.

Икемділік принципі қандай да бір модуль арқылы құрылатын жүйе ішіндегі барлық жүйелерді қайта құру және олардың элементтерін бір үлгіге салу мүмкіншілігін береді. Бұл жүйенің икемделушілігі - деп аталады.

Орнықтылық принципі автоматтандырылған жұмыс орынының жүйесі мүмкін болатын ішкі және сыртқы әсер ететін себептерге байланыссыз негізгі қызметтерді орындау керек, яғни бұл дегеніміз, кейбір бөліктеріндегі кемшіліктер оңай түзелетін, жүйенің жұмыс істеу қабілеті бұрынғы калпына тез келуі болып табылады. Тиімділік принципі жүйені жасаған және оны пайдалануға кеткен шығынға қатысты автоматтандырылған жұмыс орынының жоғарыда келтірілген принциптерін іске асыруды интегралды түрде қарастыру болып табылады.

2. Қалалық орталық ауруханасының автоматтандырылған жұмыс орны

2. 1 Автоматтандырылған жұмыс орны

Автоматтандырылған жұмыс орынының қалып күйін және даму көрінісін дербес компьютерде кең ауқымды түрде қарастырайық. Сонымен қатар, автоматтандырылған жұмыс орынының бағдарламалық камтамасыздандыруына және кейбір техникалық сұрақтарына тоқталайық.

Қазіргі уақытта әр түрлі мамандық саласында ойлауды және еңбекті басқаруды интенсифтендіру жасалып, дербес компьютер негізінде жұмыс істейтін автоматтандырылған жұмыс орыны кең ауқымда таралуда.

Оқу жүйесінде қызмет етушілердің және басқару қызметінің автоматтандырылған жұмыс орынының, негізгі құрамының элементерін, олардың дамуын және қолдануын қарастыруына тоқталайық.

Автоматтандырылған жұмыс орынының техникалық негізі болатын, дербес компьютердің жалпы схемасын орта мектептің окулықтарынанда кездестіруге болады.

3

7

1-сурет. Дербес компьютердің жалпы схемасы

1 - процессор; 2 - негізгі жады; 3 - сыртқы есте сақтау құрылғылары; 4 - дисплей; 5 - пернелік тақта; 6 - баспа құрылғысы; 7 - жүйелік магистраль.

Бағдарламалық қамтамасыздандыруды іске асырғанда, бағдарлама мен техника арасында карама-қайшылықтарды болдырмауды қарастыру керек. Нақты мамандардың (директорлар, оқу ісінің меңгерушілері және т. б. ) дербес компьютер негізінде жасалған автоматтандырылған жұмыс орынының ұйымдастырылған түрде қолдану нәтижесі адам мен машина арасындағы тосқауылды жояды.

Тәжірбиелерді, ғылыми ізденістерді талдау нәтижесінде автоматтан-дырылған жұмыс орынына қойылатын бірқатар талаптар анықталды.

Яғни,

  • Маманның ақпараттық және оның есептеушілік сұранысын жаңаша канағаттандыру;
  • Қолданушының сұранысына аз уақытта жауап беру;

-Автоматтандырылған жұмыс орынының жұмыс істеу тәсілдерін үйренудің қарапайымдылығы және қарым-қатынасы, сенімділігі, қарапайым жұмыс істеуі;

-Қолданушының тез үйрену мүмкіншілігі;

-Колданушыға қарағанда төзімділігі;

-Компьютер желісінің құрамында жұмыс істеу мүмкіншілігі.

Автоматтандырылған жұмыс орынының (АЖО) жалпы схемасын қарастырайық.

2-сурет. Автоматтандырылған жұмыс орынының схемасы

Жалпы бағдарламалық қамтамасыздандыру (БҚ) компьютер жұмысын басқаруды, жаңа бағдарламаларды қосу және өңдеуді қамтамасыз етеді. Бұған операциялық жүйе, бағдарламалық жүйе және әр түрлі қызмет атқаратын бағдарламалар кіреді.

Автоматтандырылған жұмыс орынының мамандық бағдары бағдарламалық қамтамасыздандырудың функционалды бөлігімен анықталады. Аймақтың анықталған пәндік есептерін шешу қамтамасыз етіледі. Функционалдық бағдарламалық қамтамасыздандыруда көбінесе "адам- машина" деген сұраққа көңіл бөлінеді.

Қолданушы компьютерде өзін-өзі керекті және пайдалы нақты жұмыс істеп жатырмын деп сезінсе, жұмыс істеу қызықты және тартымды болады.

Сұхбатты ұйымдастыру тұрғысынан қарастырайық. Қолданушы мен машина арасындағы сұхбатты жүйені талдау нәтижесінде, оларды мынандай түрлерге бөлуге болады:

-Жүйелер командалык, тіл;

  • "Адам объектілер әлемінде";
  • "Мәзір" түріндегі сұхбат.

Командалық тілді қолданбалы жүйеде қолдану, бұл командалар түсініктемесін компьютер үшін қолдану болып табылады. Мұның негізгі артықшылығы - қарапайым құрылымдығы және іске асырылуы, ал жетістігі- оның құндылығының жалғасы: командаларды және олардың параметрлерін есте сақтау керектігі. Сонымен қатар, жүйеде командалық тілмен бірге қатынас тілін білу керек.

"Адам объектілер әлемінде" командалар болмайды және жұмыс кезінде курсорды басқаратын перне көмегімен өзінің объектісіне арнайы көрсететін құрылғылармен (тышқан манипуляторы, қаламүш), яғни функционалдық пернелермен қозғалады. Мәзір түріндегі сұхбатта "мәзір" қолданушыға көптеген альтернативті әдістер көрсетіледі, соның ішінен қолданушы керектісін таңдайды.

Казіргі уақыта қолданушының интерфейісі кең ауқымды тарала бастады, осының ішінде жоғарыда айтылғанның екеуінің де қасиеттері бар. Мұнда барлық экран үш бөлікке бөлінеді (объектіге) . Бірінші бөлік (көбінесе, үстіңгі жақта орналаскан) - мәзір қатары деп аталады. Оның көмегімен қолданушы програманның "сүлбісін" құрастыратын, әртүрлі мәзірді қоса алады. Оның көмегімен басқа объектілерге өте алады. Екінші бөлік (төменгі жақта орналасқан, кіші бағдарламаларда мүлдем жоқ болады) - қалып-күй қатары деп аталады. Оның көмегімен жиі қолданатын объектіні тез шақырып алуға болады немесе ағымдағы ақпараты көрсетуге болады. Үшінші бөлік - ең үлкен бөлік жұмыс беті деп аталады, онда мәзір қатарынан немесе қалып-күй қатарынан шақырылған объектілердің барлығы көрсетіледі. Адам мен машина арасындағы сұхбатты ұйымдастырудың мұндай түрі өте қолайлы және оны қазіргі заманға сай бағдарламалар қолданады. Қандай жағдайда болмасын интерфейс қазіргі заман талабына сай болу керек.

Енді автоматтандырылған жұмыс орынын жасаудың екі түрін қарастырамыз. Бірінші, жиі кездесетін типтес функцияларды автоматтан-дырудың функционалды жолын қарастырайық.

Қолданудың нақты шарттарына функционалды бағдарламалық қамтамасыздандыру қалай қалыптасатынын қарастырайық. Әр түрлі мамандықтар үшін автоматтандырылған жұмыс орынының негізіндегі бағдарламалық әдістер, іс ақпаратын өңдеумен және басқарушының шешімін қабылдаумен байланысты.

Ең бірінші, техникалық қызметшілердің еңбегін автоматтандыру үшін бағдарламалық әдістер пайда болды. Мысалы, мәтіндік редакторлар. Олар ақпаратты тез енгізуге, өңдеуге, қателерді табуға, мәтінді баспаға шығаруға дайындайды. Мәтіндік редакторды пайдалану машинистің жұмыс өнімділігін артырады.

Әртүрлі құжаттар үшін керекті ақпаратты табу үшін, мамандарға үлкен көлемді мәліметтермен жұмыс істеуіне тура келеді. Осындай жұмыс түрін жеңілдету үшін мәліметтер базасын басқару жүйесі (МББЖ) жасалынған (МББЖ: MS Acsess, FoxPro және т. б. ) .

МББЖ үлкен көлемді ақпаратты сақтауға мүмкіндік береді, ең бастысы керекті мәліметтерді тез табады. Мысалы, карточкалар керекті белгісімен сүрыпталмаса, картотекалардан керекті ақпаратты алу үшін, үлкен мәліметтер архивтерінен іздеу керек. МББЖ мұндай тапсырмаларды санаулы уақытта орындайды.

Көптеген жағдайда ақпараттар кестелік құжаттар түрінде беріледі. Сондықтан, көптеген мамандықтар жүмысы кестені өңдеумен байланысты.

Үлкен форматты электронды кестелер ұқсас құжаттар жасауға көмектеседі. Олар өте қолайлы, мәліметтер өзгерген жағдайда барлық нәтиже және аралық мәліметтерін автоматты өзгертіліп есептелінеді.

Ұжымдағы болатын іс-әрекеттерді басқару және координациялауға арналған жұмыс орындарын автоматтандырудың программалық жабдықтары кеңінен қолданылады. Мұнда басқару қызметінде болатын процестердің барлығы жиынтық түрінде беріліп, әр қайсысының басталу, аяқталу күні және жауапты орындаушысы болады. Мұнда әр жұмысшының әрекеті басқа жүмысшылардың әрекеттерімен график-жоспар түрінде байланыстырылады. Уақыт келген кезде орындаушы тапсырмасын пакет автоматты түрде қүрастыруы мүмкін, сонымен катар, жұмыс аяқталу уақытын ескертіп және қызметкерлердің орындаушылық әрекеті жайында мәліметтерді жинақтайды.

Мекемелік қызметте бастықтардың 95% уақытын және мамандардың 53% уақытын алатын мәліметтер алмасу мәселесін шешу үшін "электрондық почта" сияқты программалық жабдықгар тарай бастады. Мұны қолдану мекеме ішінде құжаттарды тарату, жіберу, әр түрлі жүмыс орындарынан ақпараттарды қабылдап өңдеуге және бір-бірінен алшақ жатқан мамандар арасында жиналыс өткізуге мүмкіндік берді. Мәліметтерді беру мәселесі автоматтандырылған жұмыс орынының құрамындағы есептеу желісінің жүмысын ұйымдастырумен тығыз байланысты. Қазір, үлкен мекемелерде корпоративті желіні, радио толқынды желі, сондай-ақ, спутниктік желі көмегімен мәлімет алмасу жолдары қарастырылып, іске қосылуда.

Қазіргі уакытта текстік, кестелік, графикалық редакторлардың мүмкіндіктері бар интегралды пакеттерді жасау тенденциясы қарастырылуда.

Ақпаратты сақтау үшін, көбінесе барлық мәліметтер типін бір бүтін етіп біріктіретін МББЖ қолданылады.

Қазір ақпараттың басқа екі түрі қарқынды дамып келеді: дыбыстық және бейнеақпараттық. Олар үшін өзіндік редактор жасалған және бүл ақпарат түрлері көптеген мәліметтер қорының ажырамас бір бөлігі бола алады.

Қазіргі кезде функционалды программалық қамсыздандыру түрі түрлі кәсіптік жұмысшылардың барлық талаптарына сәйкес келеді. Осындай программалық қамсыздандырулар өзгерту және толықтыру мүмкіндігі болып табылады. Жұмыс орынын автоматтандырудың жаңа програмімалық жабдықтарын жасау екі бағытта жүргізіледі: жаңа кәсіп үшін жаңа программалық қамсыздандыру жасау және бар кәсіп үшін программалық қамсыздандыруды мамандандыру.

Қазірде кәсіби қызметке автоматтандырылған жұмыс орынын жасау тенденциясы қарастырылуда.

Ол мынандай түрде көрсетіледі:

-Шешілетін есепті тіркеу;

-Басқа қызметкерлермен байланыстыру;

-Кәсіби әдет және бейімдлікті тіркеу;

-Тек қана функционалдық бағдарламалық қамтамасыздандыру ғана емес және де арнайы техникалық құрылгыларды жасау (тышқан сілтемесі, желі, телефонды автоматты түрде теру және т. б. ) ;

Мамандарды мұндай автоматтандырылған жұмыс орынымен жабдықтау мекеме жұмыстарының еңбек өнімділігін және басқару мен жоспарлаудың тимділігі үшін ақпаратты өңдеудің жылдамдығын арттыруға мүмкіндік беретіндігі сөзсіз.

Бағдарламалық жабдықтар пакетін жасау, жасалған уақытты және кезеңдерін анықтайтын жоғарыдағы көрсетілген принциптер қазіргі кезде
оқу жүйесін басқаруды автоматтандырудың әдістерін зерттеу ізденістер нәтижелерінің бірі болып табылады.

Мақалада аталып отырған принциптермен талаптарға сай оку жүйесін басқаруда ақпаратты өңдеуді зерттеу төмендегі мәселелерді анықтады.

-Оқу жүйесін автоматтандыруды берілген техникалық тапсырмаға сәйкестендіру;

-Қолданушы мен дербес компьютер сұхбатын, кадрлардың жеке түрлерін сипаттайтын бағдарламамен жұмыс жасаудың қысқаша нұсқаларынан тұратын сценарийді құру;

-Компьютерлік бағдарламада бір кадрдан екінші кадрға өтуді графикалық түрде бейнелеу;

-Бағдарламалау процестерін іске асырудың негізгі талаптарын анықтау;

-Жасалынған бағдарламалық жабдықтарды басқа жүйеде және басқа жабдықтармен комплексті қолданудың нұсқаларын жасау.

ІІI-БӨЛІМ. БАҒДАРЛАМАЛАУ ОРТАСЫНА СИПАТТАМА

3. 1. Объектілі - бағдарлы бағдарламалау негізі

Жоғары деңгейлі программалау процедуралық, логикалық және объектілі - бағдарлы болып үш түрге бөлінеді. Соңғы кездерде Windows ортасында жарыққа шыққан және объектілі - бағдарлы бағдарламалау (ОББ) негізінде құрылған бағдарламалау тілдері - Object Pascal, Microsoft Visual Basic, Borland Delphi, Borland C++ for Windows.

ОББ тілінде бағдарламаның жұмысы оқиғалар тізбегінен және әртүрлі объектілердің осы оқиғаларға жауабынан тұрады. Олардың визуальды түрлері - Visual Basic тілі - Qbasic бағдарламалау тілі негізіңде, Delphi тілі - Объектілі Паскалъ (Object Pascal) тілі негізінде. Windows операциялық жүйесін басшылыққа алып құрылған (visual - көзбен көру, экрандық) . Олар әсіресе, Delphi бағдарламалау тілі - кез келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл.

Delphi-дің бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа шығып, кейінгі жылдары оның бірте-бірте кеңейтілген 2, 3, 4, 5, 6 -нұсқалары жарық көрді. 5, 6-нұсқалардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ деуге болады, екеуі де Windows 32 операциялық жүйесінің негізінде дайындалған. Delphi 6-да иитернет үшін қосымшаларды дайындау мүмкіндігі кеңейтілген және берілгендер қорымен жұмыс істеуде өзгешеліктер енгізілген.

Delphi-дің негізгі ерекшелігі - онда қосымша құруда компоненттік және объектілік тәсілдер пайдаланылады. Компоненттік тәсілдің мәнісі жеңіл: ол қосымша арнайы іс-әрекеттерді орындайтын компоненттерден жинақталады. Ол жеткіліксіз болса, объектіні өңдеуге арналған үстеме бағдарлама құрылады. Компоненттер визуальды компоненттер кітапханасында (VCL -Visual Component Library) жинақталған. Компоненттер панелінде түрлі кластарға тиісті стандартты компоненттер өте көп. Пайдаланушы жаңа компонент дайындап, оны осы панельге қосуына да болады.

Delphi-де бағдарлама дайындауға, бағдарлама мәзірін құруға, анимация, мультимедиа процестерін ұйымдастыруға, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік косымшаларды шақыруға, сондай-ақ олармсн жұмыс істеуге және тағы басқа іс-әрекеттерді орындауға болады. Көптеген операторлардың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты. Бірақ мұнда бағдарламалауды үйрену үшін объект, оқиға, касиет, әдіс, класс ұғымдарымен еркін танысып, компоненттерді пайдалану және әртүрлі командалардың жазылу түрлерін білу қажет.

3. 2. Delphi бағдарламалау ортасы

Жалпы Delphi бағдарламасын Windows арқылы іске қосу үшін келесі командалар орындалады: Іске қосу - Бағдарламалар - Borland Delphi 6 - Delphi 6. Төменде Delphi ортасының терезесі көрсетілген.

1-сурет. Delphi ортасының жалпы терезесі.

Delpli-дің негізгі терезесінің құрамына негізгі мәзір, аспаптар панелі және компонеттер палитрасы. Негізгі мәзір пункттеріне Dеlрһі-де жұмыс істеу командалары, аспаптар панеліне, мәзір пункттеріне енгізілген негізгі командаларды орындайтын түймелер орналастырылған.

Ортада бағдарлама құруға арналған модуль терезесі (бағдарламалық код терезесі) дс іске қосылады. Ол форма терезесінің астында орналасқандықтан, дұрыстап көрінбейді.

3. 3. Проект. Форма. Қасиеттер. Объект инспекторы терезесі

Delphi-де дайындалатын бағдарлама проект (жоба) деп аталады. Форма - бағдарламаны дайындау алдында ашылатын, бағдарламаның сұхбаттық терезесі. Delphi алғашқы рет іске қосылған кезде форма Form1 атауымен (тақырыбымен) көрінеді. Проект құру үшін формаға компоненттер палитрасында орналасқан түрлі компоненттер орнатылады. Кей жағдайларда экранда форма көрінбеуі мүмкін. Оны экранға шығару үшін View - Forms командасын беру жеткілікті.

Форманың және формаға енгізілетін компоненттердің әртүрлі қасиеттері бар. Қасиет (Сипаттама, параметр) - айнымалылардың ерекше бір түрі. Олар объектінің әртүрлі мүмкіндіктерін сипаттап, ағымдық күйін анықтайды. Мысалы, форма қасиеттерінің мәндері - форма тақырыбының мәтіні, өлшемі, экранда орналасуы, түсі. Delphi іске қосылған кезде форма қасиеттеріне алғашқы сәйкес мәндер меншіктеліп қойылады.

Бағдарлама құру - форманы не онда орнатылған компоненттің кейбір қасиеттерінің мәндерін өзгертуден басталады. Объект инспекторы (Object Inspector) терезесіне енгізілген қасиеттер тізімін шығару үшін объектіні таңдап алу керек. Инспектор терезесінің жоғары қатарына таңдалған объект (нысан) атауы да жазылып қойылады. Мысалы, Delphi іске қосылған кезде форманың ашылған қасиеттер терезесі 1-суретте көрсетілген. Терезенің екі қосымша беті бар: Properties (Қасиеттер) және Events (Оқиғалар) . Терезе ашылғанда екі бағанға енгізілген жазулардан құралады, оның Properties бөлімі ашылулы тұрады (1-сурет) . Біршші бағанда көрінетіндер - қасиет атаулары, екінші бағанға сәйкес жазылғандар - олардың мәндері.

Форманың кейбір қасиеттері:

Name (Атау) - формаға берілген атау. Ол Delphi объектілерінің негізгі қасиеттерінің бірі. Бағдарламаның жұмыс істеуі барысында Delphi объектіні осы атау бойынша ажыратып таниды. Delphi-дің формаға автоматты түрде алғашқы рет меншіктеген атауын (Form1) өзгертіп, басқа атау беруге де болады. Ол үшін қасиеттер терезесінен Name касиеті таңдалып, жаңа атау перне тақтадан теріледі.

Font (Шрифт) - формаға шығарылатын мәтін шрифтінің қасиеті. Оны таңдап, оң жағында көрінген көп нүкте ( . . . ) түймесін шерткен кезде Windows-тің сұхбаттық Шрифті тандау терезесі көрінеді. Терезеден, әдеттегідей қажетті шрифт типін, өлшемін таңдап (мысалы, Times New Roman, 10), OK батырмасын шерту керек.

Caption (Тақырып) - форма терезесінің тақырыбына енгізілетін мәтін. Алғашқы кезде касиеттер терезесінің Caption қасиетіне Ғоrm1 сөзі енгізіліп қойылады. Оның мәнін өзгерту Name қасиетіне мән меншіктеу сияқты.

Color (Түс) - форманың түсін орнату қасиеті. Ол таңдалған кезде оң жағында тілсызық түймесі көрінеді. Тілсызық түймесі - қасиет мәнінің бірнешеу екенінің белгісі. Тілсызық белгісін шерткен кезде мәндер (түстер) терезесі ашылады. Тізімде көрінген қалаған түс таңдалып сол форма сәйкес түске боялып қойылады.

Width (Ені), Height (Биіктігі) - пиксель өлшем бірлігімен берілген форманың ені мен биіктігін орнату қасиеттері (бұл мәндер форманы қолдан кеңейту не сығу кезінде де автоматты түрде орнатылып койылады) .

Экранда қасиеттер терезесі көрінбесе, оны шығару үшін View - Object Inspector командасын беру жеткілікті. Ол F11 батырмасымен басылған ксздс де көрінеді.

3. 4. Оқиғалар. Программалык код терезесі

Delphi-де бағдарламалар әртүрлі оқиғалар арқылы басқарылады. Оқиға - бағдарламаның жұмыс істеуі барысында объект жағдайының белгілі бір әрекетке жауабы ретінде өзгерілуі. Мысалы, пайдаланушы бағдарлама құру үшін алдымен формаға компонент орнатуы, форманы не формада орналастырылған компонентті тышқан арқылы шертуі мүмкін. Оның әр іс-әрекеті оқиға шақырады.

Delphi-де әр оқиғаға атау беріліп қойылған. Мысалы, компоненттер палитрасының Button түймесі арқылы формада орнатылған Button1 компонентін шерту Click (Шерту) оқиғасын шақырады.

Әр объектіге байланысты окиғалар көп. Мысалы, формаға байланысты оқиғалар саны - 35 (2-сурет) . Олар қасиеттер терезесінің Events қосымша бетіне енгізілген. Терезеде оқиға атауларының алдында On префиксі (қосымшасы) тіркестіріліп жазылған. Ол - атаудың оқиға екендігін білдіретін белгі.

Delphi ортасында жиі кездесетін оқиғалар:

OnClick - тышқанды бір рет басу;

OnKeyDown - перне тақта батырмасын басу; OnCreate - форманы екі рет шерту және т. б. 2-сурет. Форма оқиғалары.

Проект екі бөлімнен тұрады: автоматты түрде project1 атауы берілген проект файлы (негізгі модуль) және unit1, pas атауы берілген модуль. Олар жеке терезелерде орналасқан. Модульге оқиғаларға сәйкес іс-әрекеттерді орындайтын бағдарлама мәтіні (процедуралар) енгізіледі. Бағдарлама мәтінің бағдарламалық код деп, ол енгізілетін терезені бағдарламалық код терезесі деп атайды. Формадан код терезесіне өту және код терезесінен формаға өту үшін F12 батырмасын басу қажет.

Төмендегі суретте форманы екі рет шерткен кезде код терезесіне енгізілген процедура дайындамасы көрсетілген.

3-сурет. Бағдарламалық код терезесі.

Процедура дайындамасының жазылу түрі:

Procedure <атау> (Sender:TObject) ;

<сипаттау бөлімі>

begin

<процедура денесі>

end;

мұндағы Sender - құрылатын процедураның қай класқа тиістілігін анықтайтын параметр.

Терезенің сол бөлігіндегі - браузер терезесі. Онда код терезесінде барлық жарияланулардың құрылымын көріп шығуға болады.

3. 5. Delphi ортасының компоненттері

Delphi ортасының компоненттері бағдарлама орындалғандағы көріністің пішімін анықтайтын бөлек элементтері ретінде қолданылады. Сонымен қатар, Delphi ортасының көрінісіпен жұмыс атқармайтын, яғни визуальды емес көптеген маңызды компоненттері бар. Дәлірек айтсақ, компонент алдын-ала даярланған бағдарламаның үзіндісі, оны қажет болғанда құрылып жатқан бағдарламаға ендіруге болады деп түсіну керек.

Delphi ортасының құрамына бірнеше компоненттер кіреді. Соларды кейбір маңыздыларын қарастырайық.

4-сурет. STANDARD парағы.

STANDARD парағының кұрамына келесі компоненттер кіреді:

Frame - жиектері бар форма тәрізді аумақ, басқа компоненттердің контейнері ретінде қолданылады.

MainMenu - бағдарламаның негізгі меню жүесі. Компонент арқылы күрделі меню құрып, жұмыс атқаруға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәліліметтер базасын басқару жүйелері, оларды пайдаланушылар және пайдалану барысында атқарылатын жұмыстар туралы
Мәліметтер базасын басқару жүйесі
«Есік-терезе» құрылыс дүкені деректер қорын құру
Деректер қорын үйлестіру
Мәліметтер базасын басқару жүйелері
Мәліметтер визуализациясы және зерттеу қорытындылары
Мәліметтер базасының негізгі нысандары
Мәліметтер қоры
Мәліметтер базасы объектілері. Мәліметтер базасының объектілері
Мәліметтер базасына арналған SQL сұраныстарын әзірлеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz