Қашықтан оқыту теориясы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. И. Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті

Ақпараттану және ақпараттық технологиялар институты

Ақпараттану кафедрасы

:
ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛДІАқпараттану кафедрасыныңмеңгерушісі т. ғ. д., профессорМ. Қ. Шуақаев“”2002ж.:

ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛДІ

Ақпараттану кафедрасының

меңгерушісі т. ғ. д., профессор

М. Қ. Шуақаев

“”2002ж.

Дипломдық жобаның

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАСЫ

Тақырыбы: Қашықтан оқыту теориясы.

Консультанттар:Экономикалық бөлімнен э. ғ. к., доцентМ. О. Дүйсемалиева“”2002ж.Программалық қамтамасыз етуден доцентР. К. Ускенбаева“”2002ж.Стандарттаудан доцентЕ. Н. Әмірғалиев“”2002ж.Рецензент т. ғ. к., доцентР. Б. Әшімова“”2002ж.:

Консультанттар:

Экономикалық бөлімнен э. ғ. к., доцент

М. О. Дүйсемалиева

“”2002ж.

Программалық қамтамасыз етуден доцент

Р. К. Ускенбаева

“”2002ж.

Стандарттаудан доцент

Е. Н. Әмірғалиев

“”2002ж.

Рецензент т. ғ. к., доцент

Р. Б. Әшімова

“”2002ж.

Жетекші,т. ғ. д., профессорМ. К. ШуақаевСтудентМ. Ж. ЖақияМамандығы 3704ПОС-97-1к тобы:

Жетекші,

т. ғ. д., профессор

М. К. Шуақаев

Студент

М. Ж. Жақия

Мамандығы 3704

ПОС-97-1к тобы

Алматы 2002

АҢДАТПА

Бұл дипломдық жұмыста қашықтан оқыту теориясының негіздері, оған нақты мысалдар, оның түрлері, экономикалық негіздеуі келтірілген, негізгі ұғымдар мен мәлеметтер берілген. Олардың алатын орны мен атқаратын қызметі, ерекшеліктері қарастырылған. Сондай-ақ оларлың топологиялық түрлері, ақпаратты өткізу орталары мен ақпаратты кодтау мәселелері баяндалған. Әсіресе, қашықтан оқыту түрлеріне, олардың бір-бірінен айырмашылығына, әрқайсысының атқаратын қызметіне, құрылымына және оларды адрестеу принциптеріне көп мән берілген. Қашықтан оқыту теориясындағы сценарийдің негізгі үш түрі - "Вариант", "Топ", "Деңгей" мұқият қарастырылған. Алмасуды басқару әдістері берілген. Стандартты сценарийлер оларды тиімді пайдалану, стандартты программалық жабдықтар қарастырылған.

АННОТАЦИЯ

В данной дипломной работе рассмотрены все вопросы, касающиеся теории дистанционного обучения, приведены конкретные примеры, экономическое обоснование введения практики дистанционного обучения, рассмотрены его виды, основные понятия. Рассмотрены роль введения дистанционного обучения, функции которые оно выполняет, его особенности. Особенное внимание уделено конкретным видам дистанционного обучения, их различиям, функциям каждого из них. Это касается основных трех видов сценариев дистанционного обучения - "Вариант", "Группа" и "Уровень". А также даны сведения о различии между ними, средах передачи информации и кодирование информации. Уделено большое внимание разработке эффективного программного обеспечения.

THE SUMMARY

In this diplom work choosen an important problem as a distance education and was researched most of questions fbout the theory of the distance education. Almost there are concrete examples, economic fundamentation of entering the practice of the distance education, was researched it's different kinds, important rules and explainations. Also was researched the role of entering the distance education, functions, which it does, it's differentials. The most important attention was in the concrete kinds of the distance education, for thier differents, of functions of each of them. This is about three basic kinds of the distance education - types, such as "Various", "Group" and "Level". Also was represented information about them, their differentials, encoding the information. There was a big attention for creating the most effective programs and software.

Қашықтан оқыту теориясы

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ8

ТАРАУ 1 ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ10

1. 1. Үзіліссіз кәсіби білім беру жүйесіндегі қашықтан оқыту10

1. 2 Қашықтан оқыту жүйесіндегі оқу орындары11

1. 3 Қашықтан оқытудың негізгі ерекшеліктері13

1. 4 Қашықтан оқыту жүйесіндегі мүмкіндіктер15

ТАРАУ 2 ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ17

2. 1 Қашықтан оқыту технологиясының мәні мен түсінігі17

ТАРАУ 3 ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ26

3. 1 Қашықтан оқытуды ұйымдастыру варианттарын талдау26

3. 2 Москва мемлекеттік экономика, статистика және ақпараттану университетінің қашықтан оқыту институтының оқытуы26

3. 3 "ЛИНК" Халықаралық Менеджмент Институты29

3. 4 Европалық корреспонденттік оқыту мектебі (ЕКОМ) 30

3. 5 "Кеннеди Вестерн" қашықтан оқыту америка университетінің Ресейдегі Орталығы31

ТАРАУ 4 ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНЕ АРНАЛҒАН ТЕСТТІК ТАПСЫРМАЛАР ПАКЕТІН ҚҰРАСТЫРУ33

4. 1 Жалпы жағдайлар33

4. 2 Жүйенің құрылымы мен оны жасау принциптері34

4. 3 Тест, тест-кадр, тесттік тапсырма, ақпараттық кадр, тіркеме кадрлар35

4. 3. 1 Сценарий бойынша аттестация мен оқыту36

4. 3. 2 Тесттік тапсырмалар пакетінің құрылымы мен топ-сценарий40

4. 3. 3 Білімді тестілеу жүйесі үшін тестілеу тапсырмаларының пакетін құру үрдісі40

4. 4. 5 Жүйеге қосуға арналған файлдар пакеті41

4. 5 Білімді тестілеу жүйесіндегі аттестациялау мен оқыту үшін тест-кадрлар құру42

4. 5. 1 (. TST) тест-кадрлы файлдардың құрылымы42

4. 5. 2 Тест-кадрлы файлдардың бас тақырыптық бөлігі42

4. 5. 3 Ақпараттық кадрлар мен тесттік тапсырмалар құру43

4. 5. 4 Жабық форманың тесттік тапсырмалары44

4. 5. 5 Ашық формадағы тесттік тапсырмалар47

4. 5. 6 Сәйкестікке тесттік тапсырма53

4. 5. 7 Дұрыс тізбек орнатудың тесттік тапсырмасы55

4. 5. 1 Ақпараттық кадрлар56

4. 6. 1 Тесттік тапсырмаларда арнаулы символдарды пайдалану62

4. 7 Жүйеде аттестация мен оқыту үшін сценарий құру62

4. 7. 1 (. SCN) сценарийінің сипатталуымен файлдың құрылымы62

4. 7. 2 Сценариийдің сипатталуымен файлдың бас тақырыбы63

4. 7. 3 Сценариийдің сипатталуымен файлдың орнатылатын бөлімі63

4. 7. 4 Оқыту немесе тестілеу процедурасын баптау64

4. 7. 5 Әртүрлі типтегі сценарийлер құру65

ТАРАУ 5 ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАНЫ ЕНГІЗУДІІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІНЕ БАҒА БЕРУ70

5. 1 Қашықтан оқыту үшін құрылған программалық қамсыздандырудың технико-экономикалық негізі70

5. 2 ПҚ енгізудегі экономикалық тиімділікті есептеу70

5. 2. 2 Бағдарламаны енгізуге дейінгі шығындарды есептеу76

5. 2. 3 Программаны енгізгеннен кейінгі шығындарды есептеу76

ҚОРЫТЫНДЫ79

ҚОСЫМША В АРНАЙЫ СИМВОЛДАР КЕСТЕСІ127

Грек алфавиті127

КІРІСПЕ

Қашықтан оқытудың құрылуы мен дамуының тарихи-педагогикалық талдау мәселесі бүгінгі күнде әлемде ара қашықтан оқыту жүйесін іске асыру тәжірибесінің (ҚОЖ) жинақталғанын көрсетті. Білім берудің дәстүрлі емес формасына көшудің әлемдік тенденциясы толығымен жаңа технологиямен дайындық жүргізетін ЖОО-лардың санының өсуінен көрініс табады [1] . Егер 1980 жылы олардың саны 187 болса, онда 1995-жылдары 700-ге жуық болды.

ҚО ұлттық білім беру жүйесінің шегінде ғана емес, барлық жоғарғы білім программасының төрттен бір бөлігін құрайтын бизнес аймағын даярлауда ерекше бағыты бар жеке коммерциялық компанияларда да дамып келеді. Жеке корпоративтік білім беру мысалы, ІBM, General Motors, Ford сияқты және басқа да желілер құрылған. Осы білім беру жүйелерінің көпшілігі күрделілігі сияқты мөлшеріне қарай университеттерде құрылған жүйелерді басы озады. Бүгінгі күнде көптеген компаниялар өзінің құрылымындағы білім беру бөлімшелерінің статусын қайта қарастырып жатыр. Кәсіпорынның жетекшілері инвестицияны ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы инвестициялармен теңдей қарастырады[ 4] .

ҚО-ның Ресейде даму үрдісі 90-жылдардың басында басталды. РФ территориясындағы ҚО орталықтары мен бөлімдерінің, білім беру мекемелерінің саны 1997-жылдың басында автордың санауы бойынша жүзден аса болды және жылдам өсуін жалғастыруда.

ҚО-ның Ресейде даму үрдісі Ресей үшін дәстүрлі себептермен-жақсы материалдық қамтамасыз етудің жоқтығы, компьютерлік техниканың қымбаттығы, байланыстың шектеулі мүмкіндіктері мен оқытушылардың төмен дәрежеде материалдық ынталандырылғанымен шектеліп отыр. Сонда да, Москва энергетикалық институтында (ТУ) радио жүйесі кафедрасында Рязанский институтының радио инженерлер (Рязань қаласы) мен Марийский политехникалық институтының (Йошкар-Ола қаласы) студенттері қашықтан табысты оқытылды. Москва мемлекеттік авиация технологиялық университетінде (МӘТИ) Ресейдің шалғай аудандарында тұратын мектеп оқушыларын университетке түсу үшін талапкерлерді қашықтан даярлау жүргізіледі. Москва мемлекеттік индустрия университетінде ҚО Ресей ІІМ қылмыстық-атқару жүйесінің әріптестері мен түзету колоннасындағы сотталғандарды оқыту үшін тәжірибеде пайдаланылады. Тәжірибелік ҚО Москва мемлекеттік электроника және математика университетінде классикалық мысал болды [5] . ҚО технологиясы М. И. Ломоносов атындағы ММУ-де, Москва мемлекеттік әуе институтында (МӘИ), Москва мемлекеттік электронды машина жасау институтында (МЭМИ), Москва мемлекеттік экономика, ақпараттану және статистика университетінде (МЭАС), Челябинск мемлекеттік техникалық университетінде, Самара мемлекеттік әуе университетінде, Томск мемлекеттік басқару жүйесі мен радиоэлектроника академиясында, Уральск мемлекеттік техникалық университетінде және басқа да ЖОО-да енгізілді.

ТАРАУ 1 ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Үзіліссіз кәсіби білім беру жүйесіндегі қашықтан оқыту

ҚО-ның құрылуы мен дамуының тарихи-педагогикалық талдау мәселесі бүгінгі күнде әлемде ара қашықтан оқыту жүйесін іске асыру тәжірибесінің (ҚОЖ) жинақталғанын көрсетті. Білім берудің дәстүрлі емес формасына көшудің әлемдік тенденциясы толығымен жаңа технологиямен дайындық жүргізетін ЖОО-лардың санының өсуінен көрініс табады [1] . Егер 1980 жылы олардың саны 187 болса, онда 1995-жылдары 700-ге жуық болды.

АҚШ-та ҚО жүйесімен 1 миллионға жуық адам оқиды. 40 инженерлік консорциумды көрсететін Ұлттық Технологиялық Университеті 90-жылдардың басында магистр дәрежесінде қашықп оқыту әдісінің көмегімен 1100-ден аса студенттерді даярлауды қамтамасыз етті. Университеттердің жартысынан көбінде ересектерді оқытуда АО технологиясы пайдаланылады. АО үшін теледидар кеңінен пайдаланылады. Ересектерді оқыту программасы ғылым, бизнес және басқару курстарын қамтиды.

20 жылдан аса уақыт Ұлттық Университет АО (UNED) -ны Испанияда жасады. Ол өзіне елдің ішінде 58 және шет елдерде 9 оқу орталығын біріктірді. Ересектер үшін сырттай жоғары білім беруді ұйымдастыру мақсатында 1998 жылы құрылған. Ол білім беру министрлігінің бөлімшесінің бірі болып табылады және тікелей жоғары білім беру жөніндегі мемлекеттік хатшыға бағынышты. Оның құрылымында білім дәрежесін жетілдіру жүйесі, жеке жағдайда, орта мектептердің оқытушылары бар.

Франциядағы ҚО ұлттық орталығы әлемдегі 120 елде қашықтан оқытуда 35000 пайдаланушыны қамтамасыз етеді.

ГФР-дің Хаген қаласындағы (1976 жылы құрылған) ашық университет сырттай білім алу мен білімді жетілдіруге мүмкіндік береді. Университет диплом береді және ғылым докторын қоса алғанда әртүрлі дәреже тағайындайды. Тюбинген қаласындағы ҚО институты оқыту үшін радио мен теледидарды пайдаланатын программа құрды. 2500 оқу курсын дайындауда 5000 оқытушы қатысады. Швециядағы Балтық Университеті балтық аймағындағы елуден аса университеттердің күшін біріктіреді. ҚО технологиясы бойынша Уасалы, Лунда, Гетеборг, Умео және Линчепинг қалаларындағы университеттерде білім алуға болады. барлық оқу ғимараттары оқытушылардың консультациялары мен арнайы құрастырулар негізінде университеттен тыс орындалады. Емтихан тапсыру үрдісі тікелей ЖОО-да жүзеге асырылады [2, 3] .

70-жылдардан Финляндияда 10 университеттің жанында ҚО Орталықтары, сонымен қатар студенттер саны 30 000 адам болатын 20-дан аса жаздық университеттер құрыла бастады.

Турцияда 1974-жылдан алыс аудандардың тұрғындарына білім алуға көмек беру мақсатымен ашық университет жұмыс істейді. Тыңдаушылар университеттен қажетті оқу материалдарының пакетін алады және қосымша олар үшін оқу радио және телепрограммалар өткізіледі, жазғы курстар ұйымдастырылады, оларда кешке және демалыс күндері де оқу мүмкіндігі ұйымдастырылған. Осындай оқытумен 120 000-нан аса тыңдаушылар қамтылған.

ҚО-ға ұқсас білім беретін мекемелер Австралияда жұмыс істейді және Швейцарияда тұрғызылу стадиясында орналасқан[2] . Европадағы Андорра сияқты кішкентай елде ҚО жүйесін құру программасы бар.

ҚО әлемнің басқа аймақтарында да дамып жатыр. ҚО дамыған мегауниверситтетің мысалы ретінде, Қытай телеуниверситетін (Қытай), Индира Ганди атындағы Ұлттық ашық университетті (Үндістан), Пайнам Ноор университетін (Иран), Корей Ұлттық ашық университетін (Корея), Оңтүстік ашық университетін, Сукотай Тампариат ашық университетін (Таиланд) келтіруге болады [64] .

Японияда 80-жылдардың басынан "Университет эфирде" жұмыс жасайды. Бұл бюджетте орналасқан және сауаттандыру министрлігінің қатал бақылауындағы, бірнеше гуманитарлық және ғылыми-жаратылыстану профиліне ие болған мемлекеттік мекеме. Белгілі уақыттарда теледидар мен радио арқылы лекция аударылады. Әрбір таңдалған пән бойынша оқушылар аптасына сағаттық лекцияны екі рет тыңдауы тиіс. Әрбір префектурада құрылған арнаулы оқу орталықтарында консультациялар беріледі. Тыңдаушылардың негізгі бөлігі бес жыл оқытылады және емтиханды табысты аяқтаған соң бакалавр дипломын алады. Ашық университеттің сынақ бірліктері басқа университтердің сынақ бірліктерімен тең болады[2] .

Тұрғындарының білім деңгейі төмендеу және білім үрдісінің техникалық жабдықталуы жеткіліксіз Таяу Шығыс пен Орталық Африка сияқты елдерде ҚО-ның дамуы басқа аймақтардағы ҚО-ның дамуына қарағанда артта қалып келе жатқаны назар аудартады.

1. 2 Қашықтан оқыту жүйесіндегі оқу орындары

ҚО ұлттық білім беру жүйесінің шегінде ғана емес, барлық жоғарғы білім программасының төрттен бір бөлігін құрайтын бизнес аймағын даярлауда ерекше бағыты бар жеке коммерциялық компанияларда да дамып келеді. Жеке корпоративтік білім беру мысалы, ІBM, General Motors, Ford сияқты және басқа да желілер құрылған. Осы білім беру жүйелерінің көпшілігі күрделілігі сияқты мөлшеріне қарай университеттерде құрылған жүйелерді басы озады. Бүгінгі күнде көптеген компаниялар өзінің құрылымындағы білім беру бөлімшелерінің статусын қайта қарастырып жатыр. Кәсіпорынның жетекшілері инвестицияны ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы инвестициялармен теңдей қарастырады[ 4] .

ҚО-ның Ресейде даму үрдісі 90-жылдардың басында басталды. РФ территориясындағы ҚО орталықтары мен бөлімдерінің, білім беру мекемелерінің саны 1997-жылдың басында автордың санауы бойынша жүзден аса болды және жылдам өсуін жалғастыруда.

ҚО-ның Ресейде даму үрдісі Ресей үшін дәстүрлі себептермен-жақсы материалдық қамтамасыз етудің жоқтығы, компьютерлік техниканың қымбаттығы, байланыстың шектеулі мүмкіндіктері мен оқытушылардың төмен дәрежеде материалдық ынталандырылғанымен шектеліп отыр. Сонда да, Москва энергетикалық институтында (ТУ) радио жүйесі кафедрасында Рязань институтының радио инженерлер (Рязань қаласы) мен Марийский политехникалық институтының (Йошкар-Ола қаласы) студенттері қашықтан табысты оқытылды. Москва мемлекеттік авиация технологиялық университетінде (МӘТИ) Ресейдің шалғай аудандарында тұратын мектеп оқушыларын университетке түсу үшін талапкерлерді қашықтан даярлау жүргізіледі. Москва мемлекеттік индустрия университетінде ҚО Ресей ІІМ қылмыстық-атқару жүйесінің әріптестері мен түзету колоннасындағы сотталғандарды оқыту үшін тәжірибеде пайдаланылады. Тәжірибелік ҚО Москва мемлекеттік электроника және математика университетінде классикалық мысал болды [5] . ҚО технологиясы М. И. Ломоносов атындағы ММУ-де, Москва мемлекеттік әуе институтында (МӘИ), Москва мемлекеттік электронды машина жасау институтында (МЭМИ), Москва мемлекеттік экономика, ақпараттану және статистика университетінде (МЭАС), Челябинск мемлекеттік техникалық университетінде, Самара мемлекеттік әуе университетінде, Томск мемлекеттік басқару жүйесі мен радиоэлектроника академиясында, Уральск мемлекеттік техникалық университетінде және басқа да ЖОО-да енгізілді.

Америкалық білім беру қызметін ресей нарығында алға жылжытуда BMІ(Busіness Manager Іnternatіonal) -Сан-Франциско қаласында, Калифорния штатында (АҚШ) штаб-квартирасы бар арнаулы америка консалтингті компаниясы үлкен үлес қосып отыр. Компанияның іс-әрекетінің негізгі бағыты, жалпы білім беру және балалар мен ересектер үшін бизнес-білім беру. Осы барлық білім беру қызметі ҚО технологиясын пайдалану арқылы мүмкін болады.

Британ білім беру қызметі бірнеше жылдан бері ресей білім беру нарығында Ашық Британ Университеті-ҚО Халықаралық орталығы (қазір Халықаралық Менеджмент институты) "ЛИНК" серіктестігі алға жылжып келеді[6] .

Жақында ұйымдастырылған Ресей-финдік және Ресей-неміс телеакдемиясы қазіргі замандағы компьютерлік және телекоммуникациялық құрал-жабдықтар деңгейіне ие бола отырып, ресейдің білім беру нарығына енгізіліп жатыр.

СДО педагогикалық қамтамасыз ету бойынша Ресей білім беру академиясында (РБА) үлкен жұмыс жүргізілуде. Ресей білім беру академиясында жалпы және орта білім беру институтының ҚО зертханасында Е. С. Полаттың жетекшілігімен ҚО үшін теориялық негіздер мен тәжірибелік крустар құрылды, ҚО-ның эвристикалық мәселесін А. И. Хуторский зерттеген, ҚО РБА Университетінің оқу үрдісіне енгізілген.

Білім беру үрдісіне ҚО технологиясын енгізуді "ТАНТАЛ" мемлекеттік емес білім беру мекемесі, қазіргі замандағы гуманитарлық университетте, Ресей кеден академиясында табысты енгізіліп жатыр.

Ресейде корпоративті оқыту құрылып және екпінді дамып жатыр. Бұл тенденция банк жүйесінде, РБА "ГАЗПРОМ", Орталық банкте, Санэпидем қызметінде және басқаларда көрінеді. Өзінің техникалық және дидактикалық мүмкіндіктеріне қарай бұл жүйелерді салыстыруға болады және ЖОО-дағы ҚО жүйесінен асып түседі.

Осылайша, Ресейде әлеуметтік-экономикалық жағдайдың құлдырауына қарамастан ҚО жоғарғы мектептердегі сияқты, корпоративті туындап және интенсивті дамып жатыр.

Білім беруді алу формасын талдау қашықтан оқыту (ҚО) білім беру үрдісінде дәстүрлі және спецификалық әдістер, компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқыту құралдары мен формасы пайдаланылатын (сонымен қатар күндізгі, сырттай, күндізгі-сырттай және экстернат) білім беруді алу формасы болып табылады. ҚО кезінде білім беру үрдісінің негізіне өзіне қолайлы жерде оқи алатын, өзімен бірге арнаулы оқу құралдары мен оқытушылар мен басқа да адамдармен телефон, факс, электронды және жай почта арқылы байланыс жасау мүмкіндігі бар, жеке сабақ кестесі бойынша оқушының мақсатты бағытталған және бақыланған өз бетінше жұмысы жатады.

1. 3 Қашықтан оқытудың негізгі ерекшеліктері

ҚО-ның отандық және шет елдік тәжірибесіне талдау жасау ҚО-ға тән ерекшеліктерді атап көрсетуге мүмкіндік берді. Олардың ішінде:

  1. "Иілгіштік". Оқитындар өзіне ыңғайлы жерде, қолайлы уақытта және екпінді жұмыс жасайды. Әркім пәннің курсын меңгеру мен таңдаған пән бойынша қажетті білім ала алады.
  2. "Модульдік". ҚО программасының негізіне модульдік принцип жатады. Оқушы меңгерген әрбір жеке пән (оқу курсы) белгілі пәндік аймақтың мазмұны бойынша теңбе-тең. Бұл тәуелсіз оқу курстарының жиынынан жеке және топтық қажеттіліктерге жауап беретін оқу жоспарын құруға мүмкіндік береді.
  3. "Параллельдік". Оқу негізгі кәсіби іс-әрекет оқумен бірге, басқаша айтқанда "өндірістен қол үзбей" өткізілуі мүмкін.
  4. "Алыстан әрекет жасау". Оқушының орналасқан жерден білім беру мекемесіне дейінгі (байланыстың сапалы жұмысы кезінде) ара қашықтығы тиімді білім беру үрдісі үшін кедергі болмайды.
  5. "Асинхрондылық". Оқу үрдісінде оқушы мен оқытушы әрбір сабақ кестесі үшін ыңғайлы жұмыс істейді.
  6. "Қамту". Бұл ерекшелікті кейде "жаппай" деп айтады. Оқытушылардың саны сынды параметр емес.
  7. "Тиімділік". Бұл ҚО-ның экономикалық тиімділігімен түсіндіріледі.
  8. "Оқытушы". Оқытушының жаңа ролі мен функциясы жөнінде сөз болады.
  9. "Оқушы". Оқушыға қойылатын талап дәстүрліден ерекше болады.
  10. "ЖАТ" (жаңа ақпараттық технология) . ҚОЖ-да ақпараттық технологияның барлық түрі пайдаланылады, бірақ ерекше жаңа ақпараттық технологиялар компьютерлер, компьютерлік желілер мен мультимедиа жүйелері және т. б құралдар болып табылады.
  11. "Әлеуметтік". ҚО белгілі дәрежеде тұрғылықты жері мен материалдық жағдайына тәуелсіз білім алудың тең мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік салмақты түсіреді.
  12. "Интернационалдық". ҚО білім беру қызметіндегі импорт пен экспорттың қолайлы мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Саналған ерекшеліктер білім алудың басқа формаларының алдында оның артықшылығын көрсетеді. Бірақ оқытушы мен оқушыға бір уақытта жағдайды жеңілдетпей, керісінше еңбек шығынын өсіре отырып, белгілі спецификалық талаптар қоятындығын анықтайды.

ҚО-ға ғылыми-педагогикалық қоғамдастықтың қатынасын ММУ-дің социология факультетінің жүргізген МЭАС-та ұйымдастырылған ҚО бойынша конференцияға қатысушылардың ішіндегі әлеуметтік сұрау нәтижелерінен байқауға болады. Сарапшылар орта есеппен 4. 45 бес баллдық шкала бойынша ҚО-ның перспективтігіне баға берді. Сарапшылардың бағасы бойынша ҚО-ның айналымына ең көп қолдау көрсететін жоо жетекшілері (ректорат, оқу кеңесі) -(орташа балл 4. 24) болды, олардан кейін студенттер (орташа балл 3. 78), содан кейін оқытушылар (орташа балл 3. 67) (сурет 1. 1) .

Сурет 1. 1 Педагогикалық тәжірибеге қашықтан оқытуды енгізудің жинақылығы туралы сарапшылардың пікірі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық технологиялардың анықтамасы
Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық университеті
Мемлекеттік тілде іс-қағаздарды қашықтан оқыту технологиясы
Оқыту технологиясының сәйкестендіру қағидалары
Виртуалды білім берудің педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері
Шетел тілін қашықтықтан оқыту технологиясы
Электрондық оқулықтардың маңыздылығы
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану
Білім беру жүйесіндегі жаңаша бағыттардың теориялық негізі
Сабақты өткізу әдістемесі оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz