Мәліметтер бастауымен біріктіру объектілері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Ақпаратты басқару компюьтерлерді қолданудың негізгі сферасы болып табылады және де, болашақта үлкен роль атқарады. Мәліметтер қорын басқару жүйесі компьютерлік техниканың даму жолдарына байланысты жетілдендіріліп тұрды, пайдаланушының қойған барлық күрделі деңгейдегі талаптарын орындауға бейімделді, сондай-ақ глобальды желі бойында орналасқан және де телекоммуникациялық жүйелерді пайдаланатын компоненттердің бір-бірімен байланыс жасауын қамтамасыз етті.

Қазіргі қоғамның талаптарына сәйкес жаңа техналогиялардың даму барысында жұмыс орнын автоматтандыру негізгі мәселелердің бірі. Өнеркәсіптерде, мемлекеттік және жеке шаруашылық мекемелерде, оқу орындарында және басқа да салаларда ақпараттандыру жүйесін кеңейту және жұмыс орнын автоматтандыру мәселелері алға қойылып отыр. Автоматтандырылған жұмыс орны деп мамандардың жұмыс орнында орналасқан және олардың жұмыстарын автоматтандыру үшін қолданылатын профессиональды-бағытталған кішігірім есептеу жүйесін айтуға болады.

Жұмыс орнын автоматтандыру үшін көптеген автоматтандырылған бағдарламалық жүйелер мен құрылғылар қолданылады, олардың ішінде бухгалтерлік есептеулер жүйесі, электронды деканат, оқу жүктемесін есептеу, қызметкерлер, студенттер туралы электронды мәліметтер қоры және тағы да басқалар бар. Ал қоймада жұмыс істейтін жұмысшылар тауарлар туралы мәліметтерді, яғни тауарлардың кірісі мен шығысы, қалдығы және пайда және т. с. с білу үшін осы бағдарламаны қолданса, керек мәліметтер алдында дайын тұрады. Осыған байланысты қойма қызметкерлерінің жұмысын жеңілдету мақсатымен «Қойма меңгерушісінің автоматтандырылған жұмыс орны» бағдарламасы құрылды. Бұл бағдарлама бойынша жоғарыда айтылған деректердің бәрін тез арада компьютер экранында көруге болады.

Дипломдық жұмыс «Қойма меңгерушісінің автоматтандырылған жұмыс орны» бағдарламалық өнімі Delphi 6 интегралдық ортасында жазылды және мәліметтер қорын басқару жүйесін ретінде Microsoft Access қолданылды.

Мәліметтер қорын басқару жүйесі Microsoft Access ақпаратты сақтау және өңдеу үшін қолданылады. Қолдану шеңбері әртүрлі: жұмыс тобы деңгейі жүйесінен бастап үлкен өндіріс деңгейіндегі жүйеге дейін. Мәліметтер қорын басқару жүйесі Microsoft Access реляциялық мәліметтер қоры болып саналады және де оны пайдалану жаңадан бастаған пайдалушыға да, сондай-ақ маманға да қолайлы.

Қазіргі кезде Delphi корпоративтік қолдану үшін қолданылатын мәліметтер қоры қосымшасын құруда бірден-бір кеңінен таратылған құрылғы болып есептелінеді. Бұл тіл визуалды бағдарламалау ортасы, бағдарламалауға тиімді және қолайлы. Оның көмегімен әртүрлі клиенттік орындарға арналған тиімді (өнімділігі жоғарғы және салыстырмалы көп емес сиымдылығы) бағдарламалық өнімдер құруға болады.

Дипломдық жұмыстың бірінші тарауында электронды-есептеуіш машинасында автоматтандырылған жұмыс орнын қолдану мақсаты мен дамуының келешегі туралы жазылды.

Екінші тарау мәліметтер қорын басқару жүйесі Microsoft Access және Delphi бағдарламалау ортасы туралы мағлұмат беруге арналған.

Үшінші тарауда есептің қойылымы, бағдарламаны жазу жолдары және пайдаланушыға арналған нұсқау көрсетілген.

I ТАРАУ. АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҰМЫС ОРНЫ

  1. Жұмыс орнын автоматтандыру принциптері мен оған

қойылатын талаптар

Автоматтандырылған жұмыс орнының қызмет көрсетуі деп, компьютерде, ақпаратты өңдеуде адам мен машина құрылғысы арасындағы функция мен жүктелімнің дұрыс бөліну шартына байланысты нақты қорытындыны шығарып беруін айтуға болады. Сонда ғана автоматтандырылған жұмыс орыны басқарудың тиімділігін және еңбектің өнімділігін артыратын құрал ғана емес, сондай-ақ мамандардың қолайлы жұмыс жасауына мүмкіндік жасайды.

Әр түрлі басқару объектісінде, олардың атқаратын қызметіне сәйкестендірілген, автоматтандырылған жұмыс орны болуы керек. Бірақ та автоматтандырылған жұмыс орнын құру принципі ортақ болуы қажет. Жұмыс орынын автоматтандыру жалпы мынадай принциптерге сүйенуі қажет:

  • жүйелілік;
  • икемділік ;
  • орнықтылық;
  • тиімділік.

Жүйелік принципі - құрылымы белгіленген міндетіне сәйкес анықталатын жүйе ретінде қарастырылуы тиіс.

Икемділік принципі - қандайда бір модуль арқылы құрылатын жүйе ішінде барлық жүйелерді қайта құру және олардың элементтерін бір үлгіге салу мүмкіншілігі.

Орнықтылық принципі - жұмыс орынын автоматтандыру жүйесі мүмкін болатын ішкі және сыртқы әсер ететін себептерге байланыссыз негізгі қызметтерді орындау керек.

Тиімділік принципі - жүйені жасауға және оны пайдалануға кеткен шығынға қатысты жұмыс орынын автоматтандыру жоғарыда келтірілген принциптерін іске асуын интегралды түрде қарастыру.

Жұмыс орынын автоматтандыруға қойылатын талаптар төмендегідей:

  • мамандардың ақпараттық және есептеу талабын уақытында қанағаттандыру;
  • автоматтандыру уақытты ұту қажеттілігінен туындайтындықтан қолданушының сұранысына аз уақыт ішінде жауап беру;
  • пайдаланушының дайындалу деңгейіне және оның профессионалдық сұранысына байланысты келтіру(адаптация) ;
  • автоматтандырылған жұмыс орынының функцияларын үйренудің қарапайымдылығы, сенімділігі;
  • пайдаланушыға байланыс бойынша шыдамдылықты қамтамасыз ету;
  • пайдаланушының тез үйренуінің маңыздылығы;
  • есептеуіш желі құрамында жұмыс істеуінің маңыздылығы.

1. 2 Автоматтандырылған жұмыс орнының құрамы

Компьютерлердің құнының арзан болуы, сенімді, пайдаланудың қарапыйымдылығы арқасында, бұрын есептеуіш машиналардың қымбаттылығы, қызмет көрсетуі мен байланыс орнатуының күрделілігінен қолданылмаған, адамзаттың қызмет істеу саласында ЭЕМ-нің қолдану аймағы кеңейді.

Бұл аймаққа әсіресе кішігірім мекемелердің қызметі жатады, онда дербес компьютердің қолданылуы ақпаратты өңдеумен айналысатын мамандардың жұмыстарының өнімділігін арттырды. Қазіргі кезде әртүрлі мамандықтардағы ой және басқару еңбектерінің қарқынын күшейту үшін дербес электронды есептеуіш машинаны қолдану негізінде автоматтандырылған жұмыс орны жасалып және кеңінен таратылуда.

  • Микропроцессор дербес ЭЕМ-нің негізгі құрылғысы болады, ол бағдарламадағы әртүрлі операцияларды орындауды қамтамасыз етеді. Микропроцессорлар бір-бірінен өзгешелігі олардың типтеріне және оның қарапайым амалдарды орындайтын жұмыс жылдамдығының көрсеткіші тактылық жиілігінде жатыр. Тактылық жиілігі неғұрлым көп болса, соғұрлым процессор өнімділігі жоғары болады.
  • Дербес ЭЕМ-нің өнімділігі сондай-ақ жадының мөлшеріне де байланысты. Жады негізгі және сыртқы болып бөлінеді. Негізгі жады тұрақты (ROM) және оперативті немесе жедел (RAM) болып бөлінеді. Жедел жадыда динамикалық бағдарлама ақпараты мен өңделетін мәліметтер сақталады. Компьютер сөнген кезде ондағы мәлімет жоғалады. Тұрақты жады көлемі жедел жадыдан анағұрлым аз болады. Онда өзгертілмейтін мәлімет сақталынады, оны тек оқуға болады (тек қана арнайы құрылғы (программатор) арқылы өзгертуге болады) .
  • Сыртқы жадының да түрлері көп. Иілгіш дискідегі жинақтауыштар. Көлемі аз болғанына қарамастан, бағасы арзан болғандықтан көп қолданылады. Қатты дискідегі жинақтауыштар (винчестер) . Көлемі үлкен, мәліметтер алмасу жылдамдығы жоғары және ақпаратты сақтау сенімді. Жылдан жылға бағасы төмендеп, ал көлемі, жылдамдығы және сенімділігі артып келеді. CD ROM компакт дискілері. Қазіргі кезде компакт дискі қатты дискімен бірдей жылдамдықта жұмыс атқара алады. Онда өте сапалы фото суреттер, фильмдер мен бейнеклиптержазылып таратылады. Flash Drive. Қазіргі кезде бағасының қымбаттылығына қарамастан көп қолданылады. Көлемі иілгіш дискілерден жоғары, мәліметті сақтау сенімдірек. Дисплей - ақпаратты бейнелейтін негізгі құрылғы. Негізінен экран мөлшері мен ең жоғарғы сыйымдылығы арқылы сипатталады. Олар жоғарғы болған сайын, экранда көп ақпарат орналастыруға болады. Клавиатура - ақпаратты енгізетін негізгі құрылғы. Сондай-ақ пайдаланушының жұмысын жеңілдететін құрылғылар тышқан графиктік тетігі, сканер және т. б. енгізу құрылғылары қолданылады. Баспа құрылғысы - ақпаратты қағазға басып шығару үшін қолданылады. Оларға принтер, плоттер жатады. Дербес ЭЕМ-нің барлық құрылғылары жүйелік магистраль арқылы байланысады.

Дербес ЭЕМ-ді ең тиімді қолдану дегеніміз белгілі бір мамандарға (басшыларға, бухгалтерлерге, экономисттерге және т. б. ) арналған автоматтандырылған жұмыс орнын құру болады, себебі бұл үлгі адам мен машина арасындағы психологиялық баръерді алып тастайды.

1. 1-суретте автоматтандырылған жұмыс орнының жалпы схемасы көрсетілген.

Жалпы бағдарламалық жасақ есептеу техникаларының қызмет жасауын, жаңа бағдарламаларды құруды және іске қосуды қамтамасыз етеді. Оған операциялық жүйелер, бағдарламалау жүйелері және қызмет көрсету бағдарламалары жатады.

Автоматтандырылған жұмыс орнының мамандандырылған бағыты бағдарламалық жасақтың функциональдық бөлігімен анықталады. Мұнда бағыт белгілі маманға ғана арналады, анықталған пәндік аймақта есептің шешілуін қамтамасыз етеді.

Функциональдық бағдарламалық жасақты құрған кезде «адам-машина» байланысын ұйымдастыратын сұраққа көп көңіл бөлінеді. Егер қолданушы пайдалы, керек іспен айналысып жатса, онда оған ЭЕМ -де жұмыс істеу қызықты болады. Кері жағдайда оны келеңсіз жағдайларға ұшыратуы мүмкін, барлық бағдарламалық жасақтарға немесе ЭЕМ-де жұмыс істеушілерге жаман әсерде қалуы мүмкін.

Осы сұқбатты ұйымдастырғандардың көзқарасы бойынша сұқбаттық жүйенің талдауы көрсеткендей, оларды (пайдаланушы мен машина арасындағы байланысу принципі бойынша) :

  • жүйелер командалық тілмен
  • «объектілер ғаламындағы адам»
  • «мәзір» үлгісіндегі сұқбат

түрінде бөлуге болады.

Қолданбалы жүйелерде командалық тілді қолдану бұл кіші және микро-ЭЕМ үшін командалар интерпретаторын тұрғызу ойын жылжыту. Оның негізгі артықшылығы - құруы мен іске қосуының қарапайымдылығы, ал кемшілігі - олардың артықшылықтарын жалғастыру: командалар мен олардың параметрлерін сақтау қажеттілігі, қате енгізуді қайталау, әртүрлі деңгейдегі командалардың енушілігінің шектелуі және т. б. . Сонымен командалық тілмен жүйелерде қолданушы өзара әрекеттесетін тілдерді үйренуі қажет.

«Объектілер ғаламындағы адам» сырттай қарама-қарсы жағдай - командалар болмайды және адам жұмыс барысында өз объектілері бойынша курсорды басқару батырмаларымен, арнайы көрсеткіш құрылғыларымен («тышқан»), батырмалардың функциональдық комбинасиясымен қозғалады.

«Мәзір» үлгісіндегі сұқбат «мәзір» пайдаланушыға балама әрекеттер жиынын береді, ол одан керегін таңдайды.

Қазіргі кезде соңғы екі қасиеттен тұратын пайдаланушы интерфейсі кеңінен қолданылады. Онда экранның жұмыс аумағы үш бөлікке бөлінеді. Біріншісі (негізінен жоғарғы жағында орналасады) мәзір жолы деп аталады. Оның көмегімен пайдаланушы бағдарлама «қаңқасын» құрайтын, әртүрлі мәзірлерді әрекеттестіруі мүмкін, оның көмегімен басқа объектілерге (оның ішінде басқаратын) ену жүргізіледі. Екінші бөлігі (негізіне төменгі жағында орналасады немесе кішігірім бағдарламаларда болмауы да мүмкін) қалып-күй жолы деп аталады. Оның көмегімен жиі қолданылатын объектілер тез шақырылуы немесе қандай да бір екпінді ақпараттар бейнеленуі мүмкін. Үшінші бөлігі ең үлкен-жұмыс аумағы деп аталады. Онда мәзір немесе қалып-күй жолынан шақырылатын барлық объектілер бейнеленеді. Мұндай адам мен машина арасындағы сұқбатты ұйымдастыру үлгісі анағұрлым қолайлырақ (осы күнге шейін бұдан артық ештеңе ойланып табылған жоқ) және оны барлық қазіргі бағдарламалар қолданады. Кез келген жағдайда ол IBM фирмасының CUA(Common User Access) стандартына сәйкес болуы қажет.

Енді автоматтандырылған жұмыс орнын өңдеуінің екі жолын қарастырамыз. Бірінші жол - функциональдық ең әлпеттес функцияларды автоматтандыруды білдіреді.

Функциональдық бағдарламалық жасақтың қолданудың нақты шартына қалай бейімделетінін қарастырамыз. Іскер ақпараттарды өңдеумен және басқарма шешімін қабылдаумен байланысты болатын, әртүрлі мамандықтар үшін автоматтандырылған жұмыс орнында негізгі болатын бағдарламалық құрылғыларды белгілеп қоямыз.

Бірінші техникалық қызметші еңбегін автоматтандыру үшін бағдарламалық құрылғылар пайда болды, бұл олардың атқаратын функцияларының формаларының көптігін ескерген шығар. Оның ең әлпеттес мысалы ретінде мәтіндік редакторлар (процессорлар) болады. Олар жылдам ақпараттарды енгізуге, оны өңдеуге, қатесін өзі іздеп тауып жөндеуге, мәтінді қағазға басуды дайындауда көмектесуге рұқсат етеді. Мәтіндік редакторларды қолдану машинисткалардың еңбегінің өнімділігін анағұрлым арттыруға мүмкіндік жасайды.

Мамандар әртүрлі құжаттарды дайындау үшін талап бойынша қойылатын мәлімдеуді табу мақсатында үлкен көлемдегі мәліметтермен жұмыс істейді. Осы жұмысты жеңілдету үшін мәліметтер қорын басқару жүйесі (DBASE, ORACLE, MS ACCESS6 INTERBASE және т. б. ) құрылды. Олар үлкен көлемдегі ақпараттарды сақтайды, және де ең негізгісі тез арада керекті мәліметті тауып береді. Мысалы картотекамен жұмыс кезінде қажетті ақпаратты табу үшін, әсіресе қажетті бір белгісі бойынша сұрыпталмаған болса, мәліметтердің үлкен архиві жұмысын тұрақты тоқтату керек. Мәліметтер қорын басқару жүйесі бұл жұмысты бірнеше секунд ішінде орындайды.

Мамандардың көп бөлігі, көп жағдайларда экономикалық ақпараттар кесте құжаты түрінде көрсетілетіндіктен, әртүрлі кестелерді өңдеумен айналысады. Іріформатты электрондық кестелер осындай құжаттарды құруға көмектеседі. Олар өте қолайлы, алғашқы мәндері өзгерген бойда барлық қорытынды және аралық мәндерін қайта есептеп шығарады. Сондықтан олар, мысалы пайда табу және тауарларын өткізу көлемдерін болжауда, кеңінен қолданылады.

Мекемелерде ұйымның бақылауға және қызметін үйлестіруге арналған автоматтандырылған жұмыс орнының бағдарламалық құралдары жеткілікті үлкен әйгілілікпен пайдаланылады, онда барлық басқару қызметі, әрқайсысының басталу, аяқталу мерзімі және жауапты орындаушылары бар, процестердің жиынтығы сияқты жазылады. Сондай-ақ әрбір жұмысшының қызметі басқаларымен байланысады, осылайша жұмыстың жоспар-графигі жасалынады. Пакет автоматты түрде мезгілі жеткен кезде орындаушыларға тапсырмаларды қалыптастыра алады, жұмыс аяқтауы мезгілі туралы есіне түсіреді және қызметкерлердің орындаушылық қызметі туралы мәліметтерді жинастырады.

Оперативті мәлімет алмасу мекеме қызметінде маңызды роль атқарады. Осыған байланысты «электронды пошта» түріндегі бағдарламалық құрылғы кеңінен таратыла бастады. Олардың көмегімен құжаттарды мекеме ішінде таратуға мүмкіндік бар, әртүрлі жұмыс орнынан хабарлауды алуға және өңдеуге, сондай-ақ бір біріне бірталай арақашықтықта орналасқан мамандар мәжілісін өткізуге болады. Мәлімет алмасу мәселесі автоматтандырылған жұмыс орнының қызметі есептеуіш желісі құрамында ұйымдастырумен тікелей байланысты.

Қазіргі кезде интеграцияланған пакеттер деп аталатынды жасауға тенденция байқалады, оларға мәтіндік редактор, кестелер, графиктік редакторлар кіреді. Бірдей операцияларды (мәліметтерді құру және өңдеу) орындау үшін қолданылатын әртүрлі көп мөлшердегі бағдарламалардың барлығы үш әртүрлі негізгі ақпарат түрін:

  • сандық
  • мәтіндік
  • графиктік

қолданады.

Ақпаратты сақтау үшін қөбінесе мәліметтер қорын басқару жүйесі қолданылады, олар барлық мәлімет түрін бір бүтінге біріктіре алады. Қазір ақпараттың басқа екі түрі: дыбыстық және бейнеақпараттық, екпінді дамып келеді. Олардың өздерінің редакторлары бар, бірақта болашақта олар көптеген мәліметтер қорының ажырамас бөлігі болады.

Бірақ қазіргі функциональдық бағдарламалық жасақтар әртүрлі мамандықтар қызметкерлерінің қойған барлық талаптарына жауап береді дегенмен, сонда да әрқашанда бірдеңе жетіспейді. Сондықтан мұндай бағдарламалық жасақтың пайдасы оларды толықтыруға және өзгертуге мүмкіндік болатындығы. Ал автоматтандырылған жұмыс орнында жаңа бағдарламалық жасақтың жасалуы екі бағытта басқарылады:

  • жаңа мамандық үшін жаңа бағдарламалық жасақтың жасалуы
  • бар мамандықтар үшін бағдарламалық жасақтарды мамандандыру

Қазіргі кезде кәсіпшілік мағынадағы автоматтандырылған жұмыс орнына көшу тенденциясы байқалады. Олар төмендегідей өрнектеледі:

  • шешілуші мақсаттардың есебі
  • басқа қызметкерлермен байланысу
  • кәсіпшілік әдеттер мен бейімділіктердің есебі
  • тек қана функциональдық бағдарламалық жасақты жасап қоймай, сондай-ақ арнайы техникалық құрғыларды («тышқан», желі, телефон номерлерін автоматты түрде теру және т. б. ) жасау.

Мұндай автоматтандырылған жұмыс орнымен мамандарды жабдықтау мекемелік қызметкерлердің еңбек өнімділігі жоғарылатуға әкеледі, олардың санын қысқартады және сонымен бірге нәтижелі жоспарлау мен басқаруға қажетті экономикалық ақпаратты өңдеу жылдамдығын мен оның анықтығын соған жүктейді.

2 ТАРАУ. БАҒДАРЛАМА ҚҰРУҒА ҚОЛДАНЫЛҒАН ИНСТРУМЕНТАЛЬДЫ ҚҰРЫЛЫМДАР

2. 1 Microsoft Access-те мәліметтер қорын жобалау

Microsoft Access реляциондық мәліметтерді басқаратын көпфункциялы жүйе болып саналады.

Ең алдымен мәліметтер қорымен тиімді жұмыс істейтін және қажетті информацияны тез алуға мүмкіндік жасайтын жазба форматын дұрыс таңдау керек және құрылымын ойластыру керек.

Бағдарлама үш негізгі режимде жұмыс істейді:

  • конструктор режимі, мұнда мәліметтер қоры объектілері құрылады және өзгертіледі, күшейтіледі. жүргізу режимі, мұнда мәліметтер қорын ашпай, кейбір амалдарды орындауға болады. орындау режимі, мұнда мәліметтер қоры объектілерінің терезесі көрсетіледі.

(Бұл режимнің аты пайдаланушы қандай объектімен жұмыс істеп жатқанына байланысты әртүрлі болады. Кестемен жұмыс кезінде кесте-режимі, үлгімен жұмыс кезінде үлгі режимі, т. с. с аталады) .,

Содан кейін мәліметтер қорын құруға кірісу керек. Ол үшін Microsoft Access -ті жүктейміз.

Экранда пайда болған панельде “ Новая база данных ” командасын екпінді қылып, ОК батырмасын басамыз (2. 1-сурет) .

Қорытындысында 2. 2-суреттегі сұқбаттық терезе ашылады. Мұнда жана файл аты, қандай сыртқы жадта және қандай бумада сақталатыны анықталады. Егер файл аты көрсетілмесе онда жаңа мәліметтер қорына db1 аты беріледі, егер ондай ат болса онда db2 , әрі қарай db3 деп ат тағайындалады, кеңеймесі автоматты түрде mdb болады.

2. 1-сурет. MS Access панелі

2. 2-сурет. Жаңа МҚ файлы панелі

Создать ” батырмасын басқаннан жаңа мәліметтер қоры құрылады, экранда онын объектілерін орналастыратын бос терезе пайда болады (2. 3-сурет) . Мәліметтер қоры терезесіне басқа Windows қосымшасы терезесіне қолданылатын операциялар, көлемін өзгерту және т. с. с істеуге болады.

Мәліметтер қоры категориясы бойынша сұрыпталған және терезенің әр түрлі қосымшада орналасқан объектілер жиыны болуы мүмкін. Access бір қосымшадан екіншесіне өтпей-ақ мәліметтер қоры құрамын қарауға болады.

  • Кестелер - реляциондық мәліметтер қорындағы барлық ақпарат кесте түрінде сақталады. Кестенің әрбір жолы жазба, ал бағаны өрісті білдіреді. Жазба бір объектінің бір текті мәліметін білдіреді.
  • Сұраулар - ақпараттық функциялар шеңбері үлкен. Ең алдымен критерийі бойынша мәлімттер таңдап алуға болады. Сұраулар арқасында кез-келген уақытта мәліметтер қорынан қажетті ақпаратты тандап алуға болады.
  • Үлгілер - толтыруды қажт ететін бланк немесе мәлімет жиынына қойылатын масканы білдіреді. Үлгі-бланк квалификациясы жоғары емес персоналға информацияны енгізуге мүмкіндік жасайды, яғни қорды толтыру процесін женілдетуді қамтамасыз етеді. Үлгі-маска көмегімен қормен хабарласатын пайдаланушыға қажетті информация көлемін шектеуге болады.
  • Есеп беру - кестеден және сұраудан, қарауға ынғайлы түрде, қорытынды мәліметтерді көрсету үшін қолданылады. MS Access-те есеп беруді орындайтын әр түрлі амалдар бар.
  • Макростар - мәліметтер қоры құрамына оны толтыру, информацияны таңдау және т. б. автоматтандыратын макростарды қосуға болады.

2. 2 Кестені жобалау

Мәліметтер қорының негізгі обьектісі кесте болады. Кесте негізінде форма, сұрау және есеп беру құрылады. Мәліметтер қорына бірнеше кесте кіруі мүмкін. Мәліметтер қоры құрылған соң “ Создать ” командасы көмегімен экранда “ Новая таблица ” терезесі пайда болады (2. 4-сурет) .

2. 3-сурет. МҚ терезесі

2. 4-сурет. Кесте құру әдісін таңдау терезесі

Бұл сұқбаттық терезесіндегі тізімнен кесте құру түрін тандау крек.

  • Режим таблицы- кесте режимінде кесте құру;
  • Конструктор- кесте конструкторы көмегімен кесте құру;
  • Мастер таблиц- кесте мастері көмегімен кесте құру;
  • Импорт таблиц- сыртқы файлдан немесе басқа мәліметтер қорынан мәліметтерді импорттау жолымен кесте құру;
  • Связь с таблицами- сыртқы файл немесе басқа мәліметтер қоры кестелерімен қосылуы.

Конструктор ”-ды таңдап, ОК батырмасын басамыз.

Ашылған терезеде кесте өрісі мен олардың сипаттамалары (қасиеттері) көрсетіледі (2. 5-сурет) . Төменгі жағында жобалаудың әрбір кезеңінде болатын әрекеттер жөнінде анықтама ақпараттары көрінеді.

Спецификаның әр жолында жазбаның бір өрісінің сипаттамасы анықталады. “ Имя поля ” бағанында өріс аты беріледі. Ол 64 символдан тұрады, бірақ ., !, <, > белгілері болмауы керек. Кестеде бірдей аты бар екі өріс болмайды.

Өріс аттарын “ имя поля ” бағанына енгізу керек. Одан кейін жазбадағы әрбір өрістің мәліметтік типін көрсету керек. Мәліметтік типі өрісте сақталатын ақпарат түрін анықтайды. Ол “ тип данных ” бағанында таңдалады. MS Ассеss бағдарламасындағы анықталатын өрістердің мәліметтік типтері төмендегі кестеде көрсетіледі:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрылыс заттар сататын дүкеннің деректер қорын құру
Геоботаниканың негізгі зерттеу объектілері
Түрік қағанаты туралы қысқаша шолу
УСҚ мен кедендік қоймада сақтау
Ақпарат көзі
Туристік қызметтің теориялық аспектілері
Кафедраның тәрбие жұмысына бағытталған мобильді қосымшаның сервері
Франчайзинг
Меншіктің құқықтық
«Саяхат» туристік компания қызметінің деректер қорын жобалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz