Дербес компьютердің ішкі құрылғылары
М а з м ұ н ы
Кіріспе 3
Қысқартылған сөздер 5
І-тарау. Есептеуіш техниканың сипаттамалары 6
1.1. Есептеуіш техниканың аппараттық жабдықтар сипаттамалары 6
1.2. Есептеуіш техниканың программалық жабдықтар сипаттамалары 19
1.3. Есептің қойылымы 25
ІІ-тарау. Қолданбалы программалық интерфейстерді құру 27
2.1. Кодтау әдістері мен алгоритмдері 27
2.2. Кодтау программасының сипаттамасы 29
2.3. Қолданбалы программалық интерфейс 31
Қорытынды 43
Әдебиеттер 44
Кіріспе
Жаңа ақпараттық технологиялардың өндіріске ендірілуі және барлық
машиналар мен құрылғылардың электронды автоматтандырылуы, қазіргі
мамандардан микропроцессорлық тәсілдер мен жүйелерді, компьютерлік
техниканы жақсы меңгеруді қатаң талап етеді.
Қазіргі таңда ғылым жаңалықтарын енгізу кезеңінде, өндірістің басты
тармақтарында жаңа технолгияларды қолдану білу мәселесі, мамандарды жоғарғы
оқу орындарында сапалы дайындау мәселесімен тікелей байланысты.
Ал бұл жағдай оқу процессінде оқытудың тиімді тәсілдерін іздеу
қажаеттілігін айқындатады. Нәтижеде ғылым жетістіктері, өндірістік практика
және білім беру жүйесі аралықтарын қысқартады. Қорыта айтқанда, оқытудағы
мақсатта өзгереді. Бүгінгі күнде кәсіптік мамандар білімдірін өз бетінше
толықтырып, шығармашылық ізденулері қажет.
Білім берудегі туындайтын жаңа еесптер қазігі заман техникалық
базасын, яғни оқу процессінде компьютерлерді, компьютерлік технологияларды
кең қолдануды талап етеді.
Оқу процессін компьютерлеу үш фактормен анықталады:
• есептеуіш техниканың болуын;
• программалық қамтамасыздарды өндіру мен жіктеу;
• оқытушылардың есептеуіш техникаларды әдістемелі сауатты
пайдалана білуі.
Есептеуіш техникаларды оқу процессінде пайдалану бірінші Винницск
электронды приборлар техникумында болды [7].
Электронды есептеуіш машиналарды игеру бастамасы 1977-1978 жылдар
аралыға тиісті. Сол жылдары ЭЕМ болып Электроника-1004 қызмет жасады.
Электроника-1004 студенттердің үлгерімі, сабаққа қатысу нәтижелерін
статистикалық өңдеді. Алынған мәліметтер оқу процессі жайлы жедел ақпарат
болды.
1980-1981 жылдырда студенттер ЭЕМ өздерінің шығармашылық (курстық,
дипломдық жұмыстар) есептерін пайдалана бастады. Бұл аралықта педагогикалық
ұжымға мына мәселер қойылды:
• есетеуіш техниканы ендіруге оқытушылардың психологикалық дайындығы;
• ЭЕМ қолданатын инженерлік есептулердің әдістемесін жарату
қажеттілігі;
• сабақтарды өту әдістемесін қайта қарау;
• есептеуіш техникада ақпараттық -әдістемелік мен программалық
қамтамасыздандырудың болмауы.
1980-81 жылдары Интегральды микросхемалар элементерін еесптеу
программалар пакеті оқу процессіне енгізілді.. Выполненная учащимися двух
учебных групп расчетная часть курсового проекта показала высокую
эффективность применения техники в курсовом проектировании.
1983-84 жылдары ЭЕМ Радиоқабылдайтын құрылғылар пәні бойынша
функциональды түйіндерді, экономикалық және күрделі есептеулерде қолданыла
бастады.
Программалау - шығармашылықтың өте қызық бір түрі. Қажетті ғылыми-
техникалық шығармышылқты ұйымдастыру кезеңі – программалау бойынша үйірме.
Ақпаратты өңдеу процессін автоматизациялау, есептеуіш техниканы
тиімді пайдаланудағы бір сала.
Дипломдық жұмыста қолданбалы программалық интерфейстерді құру
есептері қарастырылған. Информатика, Компьютерлік жүйелерде ақпаратты
қорғау, Программалау, Жүйелі программалау және т.б. пәндерден болатын
практикалық, лаборатоиялық сабақтарда сандарды, символдарды кодтау
есептері көп қарастырылады. Осы жағдайға байланысты бүтін сандарды кодтау
алгоритмі мен программасын құру дипломдық жұмыстың мақсаты болып
есептелінеді.
Қысқартылған сөздер
БҚ – Бағдарламалармен қамтамасыздандыру
АЖ – Ақпараттық жүйелер
ДҚ – Деректер қоры
МБ – Мәліметтер базасы
МҚБЖ – Мәліметтер қорын басқару жүйесі
ОЖ – Операциялық жүйе
МҚ – Мәліметтер қоры
ДК – Дербес компьютер
ЭЕМ – электронды есептеуіш машина
ЕТ –есептеуіш техника
СЖ – санау жүйесі
І-тарау. Есептеуіш техниканың сипаттамалары
1.1. Есептеуіш техниканың аппараттық жабдықтар сипаттамалары
Дербес компьютер дегенде, біз әдетте IBM PC типтес компьютерді еске
аламыз. Дәл америка IBM компаниясы 1981 жылдың тамыз айында өзінің ең
алғашқы компьютерді шығарғаны жайлы хабарлады, ол компьютердің аты Personal
Computer немесе жай ғана PC.
Бірақ IBM PC алдында әр түрлі фирмалар компьютерді шығарды, бұл
компьютерлерді де персональды деп атаға болады. Электроникадан өте алшақ
Coca-Cola фирмасының өзі персональды компьтерінің меншікті моделін шығаруға
тырысқан. Компьютерлердің бір-біріне сәйкес еместігі, талапқа сай
жетілдірілген жан-жақты қолданылатын бағдарламаларды шығарудың негізгі
кедергісі болған.
IBM стол компьтерлері нарыққа шыққанда, персональ компьютерлер
шығарушылар арасындакеліспеушілік туындай бастады. Кішкентай персональды
комьютер IBM PC 8088 процессоры Intel фирмасындағы көп күткен стандарт
болып шықты. Бұны аса қуанышпен көпшілік бағдарламалаушылар мен фирмалар –
қолтаңбалы бағдарламалық қамтамасыздандыруды шығарушылар қолдады.
Өйткені көп күткен мықты фирмалардың компьютері пайда болды. Енді осы
компьютерге арнап талапқа сай жетілдірілген және жан-жақты бағдарламаларды
жасап, көп тиражбен пайдалы сатуға болады. IBM PC тек қана персонал
компьютерлердің тұрақты және кең нарығын емес, ол бағдарламалық қамтамасыз
ететін қолтаңбалы үлкен нарығын шығарды. Осы нарықта бір жарым он жылдықта
біраз венчур фирмалары байып кетті.
Мысалы, компьютер IBM PC ең басынан DOS диск операциясы жүйесінің
басқаруында жұмыс істеді. Бұны IBM үшін шығарған, кішкентай, сол кезде
ешкімге танылмаған Microsoft фирмасы. Бүгінде Microsoft – бағдарламалық
қамтамасыз ету индустриясының флагманы, дүние жүзінің ең бай фирмасының
бірі. MS-DOS және Windows компьютерлерді қолданатын операциялық құралдар
және әр түрлі қолтаңбалы пакеттер. Microsoft негізін қалаушы және басшысы
Билл Гейтс, өзінің жастығына қарамастан ең бай адамдардың бірі.
Әрине персоналды IBM PC дұрыс жолға апаратын бірінші қадам болды.
Кейіннен IBM персонал компьютерлерінің біраз модельдерін шығарды: XT, AT,
PS2 және PS1, әр түрлі процессорларда Intel 80286,80386, 80486, Pentum.
Осы компьютерлер DOS, Windows'9x, OS2 операциялық жүйелер басқаруында
жұмыс жасауға арналған.
IBM-сәйкестік компьютерлерінің процессорларының негізгі жеткізшісі
болып INTEL фирмасы табылады. Соңғы уақытта басқа біраз фирмалар, AMD,
CYREX персонал, INTEL фирмасының процессорларымен толығымен сәйкестенген
процессорлар шығара бастады.
AMD арзандау, сапасы қалыспайтын, кейде артығырақпрцессорлар шығарды
(мысалы, К6 сериалы процессорлар). Персонал компьютерлер шығаратын
фирмалардың біразы INTEL фирмасының процессорынан AMD фирмасының
процессорларына ауысты.
Қазіргі компьютерлердің аппараттық құралдары:
Жүйелi блок − арифметикалық және логикалық операцияларды орындауға арналған
арифметикалық-логикалық құрылғы.
Пернелер тақтасы − компьютерге информация енгiзу құрылғысы.
IBM PC тәрiздес компьютерлердiң пернелер тақтасы стандартты пернелер
жиынтығынан тұрады.
Монитор − информацияны экранда бейнелеуге арналған құрылғы.
Компьютер төмендегi қосымша құрылғылармен жабдықталуы мүмкiн:
Принтер − мәтiндiк және графикалық информацияны қағазға басу құрылғысы.
Маус − информацияны енгiзудi жеңiлдететiн құрал.
Модем (факс-модем) − телефон желiсi арқылы басқа ДК-лермен информация
алмастыруға арналған құрылғы.
Сканер − графикалық немесе мәтiндiк информацияларды ДК-ге еңгiзуге
арналған құрылғы.
Плоттер − графикалық немесе мәтiндiк информацияларды үлкен көлемдi
қағаздарға шығаруға арналған құрылғы.
CD ROM − лазерлiк дискiлерге арналған дискжетек.
Стриммер − деректердi магниттiк таспаларда сақтау құрылғысы.
Дыбыстық карта − дыбысты өндеуге арналған тақша (плата).
Желiлiк адаптер − компьютердi жергiлiктi желiде қолдануға мүмкiндiк бередi.
Компьютер бұлардан да басқа қосымша құрылғылармен жабдықталуы мүмкiн.
Мәліметтерді автоматты түрде өндеуге арналған құрылғылардың жиынтығын
есептеу техникасы деп атайды. Өзара карым-қатынаста болатын кұрылғылар мен
программалар жиынтығын есептеу жүйесі деп атайды. Есептеу жүйесінің негізгі
құрылғысы компьютер болып табылады.
Компьютерлер қолданылуына қарай мынандай топтарға бөлінеді: үлкен ЭЕМ
(электрондық есептеу машинасы), мини-ЭЕМ, микро-ЭЕМ және дербес
компьютерлер.
1999 жылдан бастап дербес компьютерлер үшін халықаралық стандарт —
РС99 спецификациясы жұмыс істейді. Жаңа стандарт бойынша дербес
компьютерлерді келесідей топтарға бөледі:
• бұқаралык дербес компьютер (Consummer РС);
• іс дербес компьютері (Оffice РС);
• ықшам компьютер (Мobil РС);
• жұмыс бекеті (Workstation РС);
• ойын ДК (Enteraiment РС).
Қазіргі кездегі колданыстағы компьютерлердің көпшілігі бұқаралық
дербес компьютерлер тобына жатады. Іс дербес компьютерлерінің графиктік
бейнелеу құралдарына қойылатын талаптар шағын болады. Ықшам компьютерлердің
кұрамында байланыс кұралдары болуы міндетті түрде талап етіледі. Жұмыс
бекетіне жататын компьютерлердің мәліметтерді сақтау құрылғыларына жоғары
талаптар қойылады. Компьютерлерді өлшемдері бойынша үстелдік (desktor),
ықшам (notebook), қалталық (palmtop) деп бөлуге болады.
Үйлесімділігі бойынша жүйелеу. Әлемде компьютерлердің көптеген
түрлері мен типтері бар. Олар түрлі фирмаларда жасалып, түрлі бөлшектерден
жинақталып, әр түрлі программалармен жұмыс атқарады. Мұндай жағдайда
компьютерлердің үйлесімділігі ең басты мәселе болып табылады. Сан алуан
компьютерлерге арналған кұралдардың өзара ауыспалылығы, программалардың бір
компьютерден екіншісіне тасымалдану қабілеттілігі, әр типтес
компьютерлердің ортақ мәліметтермен бірігіп жұмыс атқару мүмкіндіктері
олардың үйлесімділігіне тікелей байланысты.
Аппараттық үйлесімділік. Аппараттық үйлесімділігі бойынша
компьютерлер аппараттық платформаларға бөлінеді. Дербес компьютерлер
саласында кең тараған екі негізгі аппараттық платформа бар: ІВМ РС және
Арріе Масhintosh. Бұлардан басқа кейбір жеке алған региондар мен салаларда
ғана қолданыс тапқан аппараттық платформалар да бар. Компьютерлердің бір
аппараттық платформаға жатуы олардың үйлесімділігін күшейтеді.
Аппараттық үйлесімділіктен басқа операциялық жүйе деңгейіндегі
үйлесімділік, программалық үйлесімділік, мәліметтер деңгейіндегі
үйлесімділіктер де бар.
Есептеу жүйесінің құрамы
Есептеу жүйесінің құрамын оның конфигурациясы деп атайды. Есептеу
жүйесінің аппараттық және программалық кұралдары әрқайсысы өз алдына жеке
қарастырылатындықтан, сәйкесінше есептеу жүйесінің аппараттық
конфигурациясы мен программалық конфигурациясы да жеке жеке қарастырылады.
Аппараттық жасақтамаға есептеу техникасының аппараттық
конфигурациясын құрайтын құрылғылары жатады. Қазіргі заманғы компьютерлер
мен есептеу кешендері блокгы-модульді құрылымнан тұрады, яғни олар нақты
бір жұмыс түрін атқаруға ыңғайландырылып дайын түйіндер мен блоктардан
жиыстырылатындай аппараттық конфигурациядан тұрады.
Орталық процессорға қатысты алғанда құрылғылар ішкі және сыртқы
болып екіге бөлінеді. Енгізу-шығару құрылғыларының көбі және ақпаратты ұзақ
уакыт сақтауға арналған құрылғылар сыртқы құрылғыларға жатады.
Жеке түйіндер мен блоктар арасындағы үндестік аппараттың интерфейс
деп аталатын аппараттық-логикалық құрылғылардың көмегімен орындалады.
Есептеу техникасындағы аппараттық интерфейс стандарттары хаттама деп
аталады.
Программалық жасақтама. Программа деп реттелген командалар тізбегін
айтады. Кез-келген компьютерлік программаның негізгі аткаратын қызметі —
аппараттық кұралдарды басқару. Аппараттық және программалық жасақтама үнемі
өзара тығыз байланыста болады.
Программалық жасақтама бірнеше сатылардан тұрады: негізгі, жүйелік,
қызметтік және колданбалы.
Негізгі программалық жасақтама аппараттық құралдармен өзара
байланыста болады.
Жүйелік программалар компьютерлік жүйенің аппараттық жасақтамасымен,
программалық жасақтамасымен өзара қарым-қатынасын камтамасыз етеді. Нақты
бір құрылғымен байланысты жүзеге асыратын программа драйвер деп аталады.
Жүйелік сатыға енетін программалардың екінші бір тобы қолданушымен өзара
қарым-қатынасты орнатады. Мұндай программалық кұралдар қолданушы
интерфейсін қамтамасыз ету құралдары деп аталады.
Қызметтік программалық жасақтама. Ол негізгі сатыдағы
программалармен де, жүйелік сатыдағы программалармен де тығыз байланыста
болады. Қызметтік программалар компьютерлік жүйені тексеру, баптау және
жөндеу жұмыстарын автоматтандырады. Сонымен қатар олар жүйелік
программалардың қызметін жақсарту мен кеңейту үшін қолданылады.
Қолданбалы программалық жасақтама. Қолданбалы программалардың
көмегімен өндірістік, шығармашылық, оқыту және т.б. мақсатта нақты жұмыстар
атқарылады.
Қолданбалы программалық құралдарға мәтіндік редакторлар, мәтіндік
процессорлар, графиктік редакторлар, электрондық кестелер, мәліметтер
базасын басқару жүйелері, автоматтандырылған жобалау жүйелері, баспахана
жүйелері, Web-редакторлар, броузерлер және т.б. жатады.
Дербес компьютердің негізгі құрылғылары
Дербес компьютердің құрамына кіретін жабдықтарды қажетіне қарай
өзгертіп отырады. Оның құрамына кіретін құрылғыларды компьютердің
конфигурациясы деп атайды. Компьютерді сатып алғанда оның құрамына енетін
жабдықтарды негізгі конфигурация деп атайды. Негізгі конфигурация үнемі
өзгеріп отырады. Қазіргі кезде келесі төрт құрылғы негізгі конфигурация
ретінде қарастырылады:
• жүйелік блок;
• дисплей немесе монитор;
• пернетақта;
• тышқан.
Жүйелік блок
Компьютердің ең негізгі кұрылғысы — жүйелік блок. Ол тік қораптың
ішіне салынған. Оның ішінде дербес компьютердің негізгі түйіндері
орналасқан. Жүйелік блоктың құрамына процессор, жедел жад (RАМ), тұрақты
есте сақтау құрылғысы, қоректендіру блогы, енгізу-шығару порттары және
ақпарат тасуыштар енеді.
Жүйелік блоктың ішінде жатқан құрылғылар ішкі құрылғылар, ал сыртына
қосылатын құрылғылар сыртқы құрылғылар деп аталады.
Монитор
Монитор — мәліметтердің бейнесін шығаруға арналған кұрылғы.
Компьютерден кез-келген мәліметті монитордың экранына шығаруға болады.
Монитор негізгі шығару құрылғыларының бірі болып табылады. Оның негізгі
тұтыну параметрлері: экранның мөлшері, экран қалқасының қадымы, бейнені
жаңартудың максималдық жиілігі, қорғау класы.
Экранның мөлшері оның диагоналінің өлшемімен анықталады. Өлшеу
бірлігі ретінде дюйм кабыдданған. Экранның стандартты мөлшерлері: 14", 15",
17", 19", 20", 21". Қазіргі кезде мөлшерлері 15, 17 дюйм болатын мониторлар
кеңінен тараған. Ал графиктік кескіндермен жұмыс істеу үшін 19-21 дюймді
мониторларды пайдаланған тиімді.
Кейбір мониторлар бейненің айқындылығын күшейтетін тік сымдардан
тұратын қалқамен жабдықталған. Осы тік сымдар арасындағы қадым (экран
қалқасының қадымы) неғұрлым кішкене болған сайын, алынатын бейне соғұрлым
анық болады. Қалқа қадымы миллиметрмен өлшенеді. Қазіргі кездегі ен көп
тараған мониторлардың қалқа қадымы 0,25 - 0,27 мм.
Пернетақта
Пернетақта — дербес компьютерді басқаратын пернелік құрылғы. Ол
алфавиттік-цифрлық мәліметтерді енгізуге арналған. Монитор мен
пернетақтаның бірігіп кызмет аткаруын қолданушы интерфейсі деп атайды.
Пернетақта дербес компьютердің стандартты құрылғыларының қатарына
жатады.
Пернетақтаның құрылысы. Стандартты пернетақта жүзден аса пернелерден
тұрады. Олар бірнеше функционалдық топтарға бөлінген.
Алфавиттік-цифрлык пернелер тобы символдардан тұратын акпаратты
енгізуге арналған.
Функционал пернелер тобына пернетақтаның жоғарғы бөлігінде
орналаскан он екі перне кіреді (Ғ1-Ғ12). Бұндағы әрбір перне кандай да бір
функционалдык қызмет атқарады.
Қызметтік пернелер алфавиттік-цифрлық пернелер тобының маңайында
орналасқан. Төменде пернелер тізімі мен олардың атқаратын қызметі
сипатталған:
• Еnter пернесінің көмегімен команда, мәтіннің азат жолы енгізіледі;
• Аlt және Сtrl пернелері басқа пернелермен бірігіп командалар түзеді;
• Таb пернесі мәтінді терген кезде табуляция позициясын енгізу үшін
колданылады;
• Еsс пернесі соңғы орындалған команданы қайтару үшін колданылады;
• Рrint Screen — ағымдағы экранның күйін баспаға жіберуге немесе оны
алмасу буфері деп аталатын жедел жадтың арнаулы аймағына сақтауға
арналған;
• Shift пернесі жоғарғы регистрдегі символдар мен бас әріптерді енгізу
үшін, сонымен катар басқа пернелермен бірігіп кейбір командалардың
орнына қолданылады;
• Ноmе — меңзерді жолдың басына алып келеді;
• End — меңзерді жолдың аяғына апарады;
• Delete — мәтіндік меңзердің оң жағындағы символды өшіруге арналған
перне, сонымен қатар қаптамаларды, құжаттарды, экран объектілерін жою
үшін де қолданылады;
• Раgе uр және Раgе Down — бір бет жоғары немесе бір бет төмен жылжу;
• Сарs lock пернесі бас әріптер режімін қосады немесе ағытады;
• Num Lock пернесі қосымша цифрлық пернетақтаны қосады немесе ағытады.
Тышқан
Тышқан - графиктік меңзермен басқарылатын құрылғы. Екі немесе үш
батырмасы бар жазыңқы қорапша тәріздес. Тышқанның жазық беттегі козғалысы
экрандағы тышқан нұсқағышы деп аталатын графиктік объектінің қозғалысымен
байланыстырылған. Компьютерді басқару үшін тышқанды жазық бетте жылжытады
және оның он немесе сол жақ батырмаларын қысқа уақытқа басып отырады.
Осылайша басуды шерту деп атайды.
Монитор мен тышқан бірігіп колданушы интерфейсінін жаңа түрі —
графиктік ттерфейсті құрайды. Тышқанның көмегімен объектілердің қасиеттері
өзгертіліп, басқару элементтері әрекетке келтіріледі.
Дербес компьютердің ішкі құрылғылары
Аналық тақша
Аналық тақша дербес компьютердің негізгі тақшасы
болып табылады. Онда келесі құрылғылар орналасады:
• процессор;
• шина;
• жедел жад;
• тұрақты жад;
• слоттар (қосымша құрылғыларды қосуға арналған қосқыш
тарақшалары).
Процессор
Процессор — көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және
компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өңдеу жұмыстарын орындайтын
электрондық микросхема. Қазіргі компьютерлерде бір немесе бірнеше
процессорлар жұмыс істейді.
Процессор тікелей компьютердің класын анықтайды. Егер екі
процессордың командалар жүйесі бірдей болатын болса, оңда олар программалық
деңгейде толығымен үйлесімді болады. Бұл бір процессор үшін жазылған
программа екіншісі үшін де орындалатынын білдіреді.
Шектелген үйлесімділікке ие болған процессорлар тобын процессорлар
топтамасы деп атайды. Мысалы, барлық Іntel Pentium процессорлары х86
топтамасына жатады. Бұлардың негізін қалаушы 16-разрядты Іntel - 8086
процессоры болып табылады. ІВМ РС компьютерінің ең алғашқы моделі осы
процессордың негізінде құрастырылған. Кейінірек Іntel 80286, Іntel 80386,
Іntel 80486, Іntel Pentium 60,66,75,90,100,133; Іntel Pentium ММХ, Іntel
Pentium Рrо, Іntel Pentium II, Іntel Сеleron, Іntel Pentium III
процессорлары шығарыла бастады. Бұрын дербес компьютерлер үшін процессорлар
шығаратын тек Іntel фирмасы болса, кейінірек АВМ, Сугіх фирмалары да
процессор шығарумен айналыса бастады.
Процессордың бір-бірінен өзгешелігі олардың типтері (модельдеріне)
мен ырғақтық жиіліктерінде. Ырғақтық жиілік — олардың жұмыс жылдамдығының
көрсеткіші. Ол мегагерцпен өлшенеді. Мысалы, Іntel Pentium типтегі
процессорлар 75, 90, 100, 120, 133, 150, 166, 200 және 233 МГц жиілікпен
жұмыс істейді.
Шина
Процессор компьютердің басқа құрылғыларымен, соның ішінде ең алдымен
жедел жадпен шина деп аталатын өткізгіштер тобы арқылы байланысқан.
Шиналардың негізгі үш түрі бар: мәліметтер шинасы, адрестік шина және
командалық шина.
Компъютердің жады
Компьютердін жады — оның құрамына міндетті түрде енетін
элементтердің бірі. Ол бірнеше түрге бөлінеді және бір-бірінен өлшеміне,
ақпаратты сақтау мерзіміне және т.б. параметрлеріне қарай ажыратылады.
Жадтың көлемі байтпен өлшенеді. Бір байт сегіз биттен тұрады. Бит
деп 0 мен 1 мәндерінің біреуін ғана қабылдай алатын ақпарат өлшемінің ең
кіші бірлігін айтады. Сонымен 1 байт көлемдегі жадқа бір символ сақтауға
болады. Қазіргі кездегі компьютерлердің жадының көлемі миллиондаған байтқа
жетеді, сондықтан оны килобайт, мегабайт, гигабайт арқылы қысқаша
өрнектеген ыңғайлы:
• 1Гбайт=1024Мбайт
• 1Мбайт=1024Кбайт
• 1 Кбайт = 1024 байт.
Жедел жад (ОЗУ) немесе жедел есте сақтау құрылғысы ақпараттың кез-
келген бөлігіне лезде қатынауды камтамасыз етеді. Бірақ компьютерді өшірген
кезде жедел жадтағы барлық ақпарат бірден жойылады. Дербес компьютерлердің
жедел жадының өлшемі жылдан жылға өсіп келеді. Pentium типтес
компьютерлердің жедел жадынын көлемі 8 Мбайттан 256 Мбайтқа жетеді. ОЗУ-дың
құрылысы оны үнемі ұлғайтып отыратындай етіп жасалынған. Компьютердің жедел
жадының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы артады.
Тұрақты жад (ПЗУ) — стандартты программаларды, өзгермейтін
мәліметтерді және жүйелік ақпаратты (ВІОS, таңба генераторларының кестесін
және т.б.) энергиядан тәуелсіз сақтауға арналған жад. Компьютер жұмысы
кезінде бұл жадтан мәліметтерді тек оқуға болады, ал оған ақпарат жазу
арнаулы құралдар (программалауыштар) арқылы жүргізіледі. Жадтың өзгермейтін
түрін құрады. Мұнда компьютер құрылғыларын басқаруға арналған жүйелік
программалар орнатылған. Компьютерді іске қосқаннан кейін жабдықтарды
біртіндей тестілеу процесі басталады. Процессор мен бейнеадаптерді тестілеу
процесі аяқталған соң мониторға диагностикалық хабарлама шығарылады. Содан
соң компьютердін бастапқы жүктелу процесін басқаратын программа орындалады.
Қатқыл диск
Қатқыл диск үлкен көлемдегі мәліметтер мен программаларды ұзақ
уақытқа сактауға арналған негізгі құрылғы. Шындығына келгенде ол бір диск
емес бірнеше дискілердің жинағынан тұрады. Қатқыл дискінің негізгі
параметрлеріне оның сыйымдылығы мен жұмыс өнімділігі жатады. Қазіргі кезде
қатқыл дискінін көлемі 40 Гбайтқа жетгі және ол одан әрі ұлғайтылуда.
Иілгіш дискілерге арналган дискжетек
Иілгіш дискілер бір компьютерден екінші компьютерге ақпарат
алмастыру үшін, әзір жұмысқа қажет емес ақпаратты сақтап қою үшін қажет.
Иілгіш магниттік дискілер (дискет) арнаулы дискжетек деп аталатын тасуышқа
салынады. Дискжетек жүйелік блокта орналасқан.
Қазіргі дербес компьютерлерде 3,5 дюймдік дискеттер колданылады.
Оған 1,44 байт көлеміндегі ақпарат жазылады.
Жинақы-дискіге арналган дискжетек
1994-1995 жылдары аралығында дербес компьютерлердің құрамына кіретін
диаметрі 5,25 дюймдік дискілерге арналған дискжетек алып тасталынып, оның
орнына өлшемдері тура осындай болатын СО-RОМ тасуыштарын енгізді. СО-RОМ
(Compact Disk Read-Memory) сөзінің қазақша аудармасы жинақы-дискіге
негізделген тұрақты есте сақтау кұрылғысы. Кәдімгі жинақы-диск көлемі 650
Мбайтқа жуық мәліметті сақтай алады. Мәліметтер көлемінің үлкен болуы
мультимедиялық ақпараттарға (графиктік, музыка, бейне) тән, сондықтан СО-
RОМ дискжетегін мультимедия аппараттық құралдар қатарына жаткызады.
Лазерлік дискіде таратылатын программаларды мультимедиялық басылымдар деп
атайды.
Бейнекарта
Монитормен бірігіп бейнекарта дербес компьютердің ішкі бейнежүйесін
кұрайды. Бейнені даярлаумен тығыз байланысты амалдардың барлығын бейнекарта
(бейнеадаптер) деп аталатын басқару блогы атқарады.
Қазіргі кезде кең тараған бейнеадаптер SVGA. Ол 16,7 миллион
түстерді экранға шығарып беруді қамтамасыз етеді. Экранның шешуі
бейнекартаның негізгі параметрлері болып табылады. Әр монитор үшін өзіне
сәйкес тиімді экран шешуі анықталған. Мысалы, өлшемі 14 дюйм болатын
монитордың экран шешуі 640x480, ал 19 дюймдік экрандар ушін 1280x1024 шешу
пайдаланылады. Мәтіндік кұжаттармен жұмыс істеу үшін 640x480 шешулі
мониторлар жеткілікті. Көптеген қолданбалы программалармен жұмыс жасау үшін
шешуі 1024x768 болатын мониторлар қажет болады.
Дербес компьютердін сыртқы құрылғылары
Компьютердің сыртқы құрылғылары оның жүйелік блогына қосылып,
көмекші қызмет атқарады. Сыртқы құрылғыларды келесідей төрт топқа бөлуге
болады:
• мәліметтерді енгізу кұрылғылары;
• мәліметгерді баспаға шығару құрылғылары;
• мәліметтерді сақтау құрылғылары;
• мәліметтермен алмасу кұрылғылары.
Енгізу қурылгылары
Мәліметгерді енгізудің ең негізгі құрылғысы пернетақта болып
табылады. Одан басқа да енгізу құрылғыларына тышқан, джойстик, трекбол және
т.б. жатады. Джойстик - компьютерлік ойындарда колданылатын қолмен
басқарылатын құрылғы. Трекболдың тышқаннан айырмашылығы оның қорапқа
орнатылған кішкене шары алақанмен козғалысқа келтіріледі және ол жазық
бетті қажет етпейді, сондықтан ол ықшам компьютерлерде қолданылады.
Графиктік мәліметтерді енгізуге арналган құрылгылар
Графиктік мәліметтерді енгізу үшін сканерлер, графиктік планшеттер
(дигитайзерлер) және цифрлы фотокамералар колданылады. Сканерлердің
көмегімен символдардан тұратын мәліметтерді де енгізуге болады. Бұл
жағдайда берілген материал графиктік түрде енгізіледі, сонан соң арнаулы
программалық құралдардың көмегімен өңделеді. Сканерлер парақ бетіндегі
мәліметтерді оқып, оны компьютерге енгізеді.
Мәліметтерді баспаға шығару құрылғылары
Мәліметтерді баспаға шығару үшін мониторға қосымша принтер деп
аталатын баспаға шығару кұралы қолданылады. Принтердің көмегімен экрандағы
құжаттың көшірмесін қағазға басып шығара аламыз. Принтерлерді жұмыс істеу
принциптеріне қарай матрицалық, лазерлік, сия бүркіш және термографиктік
деп бөледі.
Мәліметтерді сақтау құрылғылары
Магниттік дискілер мен лазерлік дискілерге косымша мәліметтерді
сақтаудың сыртқы құрылғыларына стримерлер, ZІР-тасуыштар және НіҒD-
тасуыштары жатады.
Стримерлер — мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған
құрылғылар. Стримерлерге арналған магниттік таспалардың (картридж) көлемі
жүздеген мегабайтқа жетеді.
ZІР - тасуыштарды мәліметтерді сақтаудың сыртқы құрылғыларын жасауға
негізделген Lomega компаниясы шығарады. Бұл құрылғы өлшемдері стандарттық
иілгіш дискіден сәл ғана үлкен және сыйымдылығы 100-ден 250 Мбайт болатын
дискілермен жұмыс жасайды. ZІР -тасуыштардың негізгі кемшілігі олардың 3,5
дюймдік иілгіш дискілермен үйлесімсіздігінде.
Sony компаниясы жасап шығарған НіҒD құрылғысы кәдімгі стандарттық
иілгіш дискілермен үйлесімді болып келеді. Олар сыйымдылығы 200 Мбайт
болатын арнайы тасуыштармен де, кәдімгі иілгіш дискілермен де жұмыс істеуге
бейімделген.
Мәліметтермен алмасу құрылгысы
Модемдер (Модулятор + ДЕМодулятор) алыс қашықтықтағы компьютерлер
арасында байланыс арналары бойынша мәліметтер алмасу үшін қолданылатын
құрылғы. Мұндағы байланыс арналары деп кабельдік, радиожиіліктік және
сымдық байланыстарды түсінеміз. Байланыс арналарының типіне қарай қабылдау-
жіберу құрылғыларын радиомодемдер, кабельдік модемдер және т.б. деп бөледі.
Компьютерден модемдерге түскен сандық мәліметтер модуляциялық жолмен
түрленіп (фазасы, амплитудасы, жиілігі бойынша), телефон желісіне
бағытталады.
1.2. Есептеуіш техниканың программалық жабдықтар сипаттамалары
Прогаммалық қамтамасыздандыру (ПҚ) деп компьютерде информацияны
автоматты түрде өңдеуге мүмкiндiк тудыратын программалар жиынтығын айтады.
Кезкелген программа өзiнiң мiндетiне және атқаратын қызметiне қарай:
жүйелiк (жалпы) және қолданбалы (арнайы) ПҚ деп екiге бөлiнедi.
Жүйелiк ПҚ - компьютер қызметiн және жаңа программалар құру үрдiсiн
автоматтандыруды қамтамасыз етедi. Оларға мыналар жатады:
– операциялық жүйелер және пайдаланушы интерфейсi;
– программалау жүйелерi;
– техниканы баптау программалары.
Операциялық жүйе (ОЖ) – программалардың ұйымдастырылған жиынтығы, оның
басты мақсаты – компьютер қызметiн басқару болып табылады. Программалық
қамтамасыздандырудың бұл бөлiгi компьютер қызметiн әмбебап құралдармен,
атап айтқанда: информацияны енгiзу, сақтау және құжаттау құралдарымен
қамтамасыз етедi.
Программалау жүйелерi (ПЖ) – ПҚ бiр бөлiгi болып табылады, олардың
көмегiмен түрлi программалар жасалады. Программалау жүйелерiнiң мiндетi –
программалау тiлдерiнде жазылған мәтiндердi құру үрдiсiн жеңiлдету, және
оларды компьютер көмегiмен орындалатын программаларға түрлендiру.
Программалау жүйелерi, түрлi программалау тiлдерi трансляторларынан
(компиляторлар немесе интерпретаторлар) тұрады.
Компьютердiң, дискiлердiң және т.б. құрылғылардың жұмыс iстеу қабiлетiн
бақылау, диагностика жасау және қалпына келтiру құралдары техникалық және
сервистiк программалар болып табылады.
Қолданбалы ПҚ пайдаланушылар iс-әрекетiнiң нәтижесiнен тұрады. Мұндағы
негiзгi ұғым, қолданбалы программалар пакетi болып табылады. Қолданбалы
программалар пакетi (ҚПП) – белгiлi бiр тақырып немесе пән бойынша нақты
мiндеттi орындауға арналған программалардың жиынтығы. ҚПП мынадай типтерден
тұрады:
– жалпылай мiндеттi;
– әдiстiк-бағытталған;
– проблемалық-бағытталған.
Жалпылай мiндеттi ҚПП пайдаланушының ауқымды мiндеттерiн
автоматтандыруға бағытталған болады, оған мыналар жатады:
– мәтiндiк процессорлар (Мысалы, Microsoft (MS) Word);
– кестелiк процессорлар (MS Excel);
– деректер базасын басқару жүйелерi (MS Access);
– динамикалық презентациялау жүйелерi (MS PowerPoint);
– графикалық процессорлар (Corel Draw);
– баспалық жүйелер (PageMaker, Quark XPress);
– бiрiктiрiлген жүйелер (М8 Works);
– жобалауды автоматтандыру жүйелерi (CASE-технологиясы);
– эксперттiк жүйелер, шешiм қабылдауды құптау жүйелерi және т.б.
Әдiстiк-бағытталған ҚПП негiзi экономика-математикалық әдiстердi жүзеге
асыру болып табылады, атап айтқанда:
– математикалық программалау (сызықтық, динамикалық, статистикалық
және т.б.);
– желiлiк жоспарлау және басқару;
– жалпылай қызмет атқару теориясы;
– математикалық статистика.
Проблемалық-бағытталған ҚПП нақты пән саласында белгiлi бiр мәселелердi
шешуге бағытталады. Ол қолданбалы программалар пакетiнiң үлкен тобы болып
табылады. Оларға мыналарды жатқызуға болады: банктiк пакеттер, бухгалтерлiк
есептер пакетi, қаржы менеджментi, құқұқтық анықтамалық жүйелер және т.б.
Қолданбалы программалық қамтамасыздандыруға, пайдаланушының қолайлы
жұмыс ортасын ұйымдастыруға және оған көмекшi қызмет атқаруға (мысалы,
ақпараттық менеджерлер, аудармашылар және т.б.) арналған сервистiк
программалық құралдар жатады.
Пайдаланушы интерфейсi (User Interface) аппараттық және программалық
құралдармен қамтамасыз етiледi. Интерфейстiң аппараттық бөлiгi экранмен,
перне тақта және мауспен берiледi. Ал программалық бөлiм көбiне графикалық
кескiн түрiнде анықталады (Graphical User Interface — GUI). Сәйкесiнше GUI
мынадай принциптерге негiзделедi:
– пайдаланушының жалпы интерфейсiнiң болуы;
– биттiк карталардың болуы; жоғары сыйымдылық; дисплейдiң түрлi-
түстiлiгi;
– What You See Is What You Get (не көрсем соның барлығы менде бар);
– тiкелей айла-амал (манипуляция).
Пайдаланушының жалпы интерфейсi. Ол мыналарды анықтайды, яғни:
компьютерге командалар берудiң стандартты тәсiлiн, құрылымы бiрдей
қосымшалар мен саймандарды (контекстiк меню, көмек жүйелерi және т.б.). Бұл
стандарт программалық құралдармен қамтамасыз ететiн жетекшi фирмалармен,
яғни Apple, Microsoft және IBM ескерiлген.
Биттiк карталардың болуы, жоғары сыйымдылық, түрлi-түстi дисплей.
Экранда кескiнделген әрбiр нысана, iшкi және сыртқы бейнеден тұрады. Iшкi
бейне (объектiң жаны деп те атауға болады) әлемнiң кейбiр моделiнен, ал
сыртқы бейне (көрiнетiн денесi) экранға шығарылатын пикселдерден тұрады.
Мұндай пассивтi кескiндi растрлық және биттiк карта деп те атайды.
Мамандардың айтуынша, графикалық нысананы сапалы кескiндеу үшiн 16,7 млн.
шамалас түрлi түстер қолданылады. Мұндай жағдайда, әрбiр пиксель 24 биттiк
форматта (3 байт) (224=16,7 млн) кескiнделуi қажет. Түстердiң мұндай саны
жұқа, әрең көрiнетiн түстердi кескiндеу үшiн қажет.
Егер кескiн 256-ға дейiнгi түстер мен көлеңкелерден тұратын болса, бiр
пикселдi сақтау үшiн 8 бит (1 байт, 28=256) жеткiлiктi. Дәл осылайша, 65,5
мың түстен тұратын бiр пиксель кескiнiнiң түсiн сақтау үшiн, 16 бит (2
байта, 2Ш=65,5 тыс.) қажет болады.
Кезкелген дербес компьютер үшiн мүмкiн түстер мен кескiн бейнелерiнiң
саны, монитор экраны мен видеоадаптердiң оперативтi жадының көлемi мен
өзара байланыстағы шамалар болып табылады. Мысалы, кескiндi өңдеу үшiн,
оның әрбiр пикселi 2 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz