Ақпараттық технологияның құрылымы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

І Бөлім. Ақпараттандырудың теориялық негізі . . . 6

1. 1. Ақпараттандыру түсінігі мен маңызы . . . 6

1. 2. Дамыған елдердегі ақпараттандыру . . . 13

1. 3. Мемлекеттік органдардағы ақпараттандырудың қажеттілігі мен ролі . . . 20

ІІ Бөлім. Орал қалалық әкімдігіне ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттама . . . 33

2. 1. Орал қалалық әкімдіктің құрылымы мен қызметтері . . . 33

2. 2. Қалалық әкімдік бөлімдерінің ақпараттық - технологиялық жабдықталуы . . . 37

ІІІ Бөлім. Мемлекеттік органдарды ақпараттандырудың қазіргі жай-күйін талдау . . . 39

3. 1. Қазақстандағы мемлекеттік органдарды ақпараттандырудың қазіргі жағдайы . . . 39

3. 2. Ақпараттандыруды жүзеге асыру жолдары . . . 48

Қорытынды және ұсыныстар . . . 54

Қолданылған әдебиеттер . . . 56

КІРІСПЕ

Бізді қоршаған дүниеде айналатын ақпараттар ағымы үлкен. Уақыт шеңберінде олар ұлғаюға бет алды. Сондықтан қандай да болмасын ұйымда, мейлі ол үлкен не кішкентай болсын тиімді жұмысты қамтамасыз ететін мәліметтерді басқаруды ұйымдастыру мәселесі туындайды. Кейбір ұйымдар сол үшін папкасы бар шкафтарды қолданады, бірақ көпшілігі компьютерленген әдісті қалайды. Көпөлшемді мәліметтерді сақтайтын, құрылымын жасайтын және жүйелейтін деректер базасы. Бүгінгі кезеңде деректер базасыз көптеген қаржылық, өндірістік, сауда және тағы басқа ұйымдардың жұмысын елестету мүмкін емес. Мәліметтер базасы болмаған жағдайда, олар ақпараттар көшкініне “батып” кетер еді.

Планетамыздағы дамыған елдер индустриалды дәуірден постиндустриалдыға, өркениетті ақпараттық дәуірге өтуде. Туып келе жатқан ақпараттық қатынастар планетадағы бар елдерге оның экономикаcының дамуы мен сипатының деңгейіне қарамай - ақ әсер етуде. Қазіргі уақытта дамыған елдерде кешенді сапалар тез қалыптасуда. Әдетте, олар өндіріс сферасына ақпараттық технологияның енуімен, жоғарғы тиімділікті компьютер жүйесін өңдеумен байланыстырылады. Алыс қашықтарға телекоммуникациялық, космостық, оптиковолокникалық байланыстар жүйесі арқылы ақпараттық қорларды тасымалдайды.

2005 жылы «Электронды үкімет» құру шаралары интернет арқылы ақпараттандыру ісін толық аяқтап, 2006 жылдан бастап интерактивті кезеңді іске асыруға бағытталған еді. Заңда веб - порталға барлық электрондық қызмет көрсетулері мен электрондық ақпараттық ресурстарына қол жеткізудің шоғырлы түйісін беретін ақпараттық жүйе деген түсініктеме айтылған.

Мемлекет басшысы 2006 жылдың он сегізінші қаңтарында Парламент

палатысының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде еліміздің алдында тұрған бірнеше басымдықты ерекше атап көрсетті. Солардың біреуі, дәлірек айтқанда, Қазақстанның жедел экономикалық дамуы үшін серпінді секірістерді қамтамасыз ету мәселесіне тікелей қатысты. Бұл мемлекеттің әлемнің бәсекеге барынша қабілеті 50 елінің қатарына қосылуын көздейтін стратегиялық мақсат. Қазіргі заманның талаптарына сай жаңа технологияларсыз міндеттер шешілмейді. Технология елімізде бұрын - соңды болмаған мүлде жаңа салаларға тартылуға тиіс. Ол үшін, бірінші кезекте, қай саланың бәсекеге қабілетті бола алатынын анықтау үшін технологиялық аудит жүргізіледі. Сонымен бірге, ұлттық технологияны дамыта отырып, оларды шетелге шығару, шетелдік техниканың болашақ мүмкіндіктерін зерттеу тәрізді, қызметтер де біздің ұйымның алдында тұрған міндеттердің санаттарына жатады.

Дипломдық жұмыстың тақырыбы Қазақстан Президентінің қолға алып отырған өзекті мәселелерінің бірі. Сондықтан да, дипломдық жұмысымның негізгі мақсаты қоғамның ақпараттануына шолу жасай отырып, соның ішінде мемлекеттік органдарды ақпараттандырудың қазіргі жағдайын талдау болып табылады. Осы қойылған мақсатқа байланысты келесідей міндеттер қойылды және шешілді:

- ақпараттанудың түсінігі мен мәнін ашу;

- дамыған елдердегі ақпараттануды талдау;

- мемлекеттік органдарды ақпараттандырудың қажеттілігі мен жобаларына шолу жасау;

- мемлекеттік органдардағы ақпараттанудың қазіргі жағдайын талдау;

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттерден, қосымшалардан тұрады.

Алғашқы бөлімінде дамыған елдердің ақпараттануын және мемлекеттік органдарды ақпараттандырудың қажеттілігі мен ролі, ұйымдастыру проблемелары қарастырылды.

Екінші бөлімінде Орал қалалық әкімдікке ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттама жасалды.

Үшінші бөлімінде Қазақстан Республикасының аймақтары бойынша шолу жасалып, мемлекеттік органдарды ақпараттандырудың қазіргі жағдайына талдау жасалды.

І Бөлім. Ақпараттандырудың теориялық негізі.

  1. Ақпаратттандыру түсінігі мен маңызы.

Ақпараттық технология түсінігі информатиканың даму кезінде ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында пайда болды. Ақпараттық технологияның ерекшелігі сол, оның өнімі мен пәні ақпарат, ал еңбек құралы - есептеуіш техника мен байланыстың құралдары болып табылады. Ақпараттық технология ақпаратты өндіру туралы ғылым ретінде ақпарат басқа материалды ресурстармен қатар толықтай шынайы өндірістік ресурс ретінде қарастырылғаннан кейін пайда болды. Және де ақпараттың және оның жоғарғы деңгейін - білімді өндіру жаңа өндірістік технологияның жасалуы мен модификациясына шешуші ықпал жасайды.

Қарапайым ақпараттық технологияның пайда болуын жазбашылықтың басталуына жатқызуға болады. Ақпараттық технологияның дамуына қуатты терпіліс берген ақпаратты шығаруға мүмкіндік беретін және қазіргі кезде де маңызды орын алатын қағаз ақпараттық технология эрасын ашқан кітап жазбасы болып табылады.

Ақпаратты беру мен алмастыру қажеттілігін адамзат өзінің дамуының алдыңғы кезеңінде-ақ сезінеді. Егер ақпараттың берілуін жылдамдату үшін алдымен ошақ, қағаз тасушылар, кейін почта, семаформдік телеграф және т. б. қолданылған болса, кейін электрлік телеграф пен телефонның шығарылуымен ақпаратты берудің мүмкіндіктері мүлдем өзгерді. Радио мен телевиденияның, кейін компьютерлік байланыс пен есептеуіш желінің сандық жүйесін ойлап шығару, 1978 жылы алғашқы дербес компьютердің жасалуы және оның өте жылдам таралуы, ақпаратты жинау, өзгерту, және берудің құрал-саймандық әдісі ретінде дамуы жаңа автоматтандырылған ақпараттық технологияның адамзат қызметтерінің барлық аумағына енуіне мүмкіндік берді.

Автоматтандырылған ақпараттық технологияның негізін келесі технологияның жетістіктері құрайды:

  • Машинналық тасымалдауларда ақпараттың үлкен көлемін жинақтау

әдістерінің жасалуы;

  • Жер шарының кез-келген нүктесінде ақпаратты қабылдауға, қолдануға және беруге мүмкіндік беретін радио және телевизиалық байланыс, телекс, телефакс, байланыстың сандық жүйелері, компьютерлік желілер, ғарыштық байланыс сияқты байланыстың әртүрлі тәсілдерінің жасалуы;
  • Нақты алгоритм бойынша ақпаратты өңдеуге және бейнелеуге, білімді жинауға және генерациялауға мүмкіндік беретін, әсіресе дербес компьютердің жасалынуы.

Автоматтандырылған ақпараттық технологиялар барлық ақпараттық операциялардың автоматтандырылу деңгейін көтеруге, сәйкесінше қоғамның ғылыми-техникалық үрдісін жылдамдатуға бағытталған.

Ақпараттық технология техникалық, программалық, ақпараттық, әдістемелік және ұйымдық қамтамасыз етуге байланысты негізделеді.

Техникалық қамтамасыздандыру - бұл дербес компьютер, оргтехника, байланыс линиялары, желілердің құралы. Техникалық жабдықтауға ақпараттық технологияның түрі ақпараттың жиналуына, өңделуіне және берілуіне ықпал етеді. Есептеуіш техниканың дамуы бір орында тұрмайды. Қуаттырақ бола түскен дербес компьютерлер біруақытта қымбаттырақ емес және сәйкесінше қолданушылардың кең ауқымы үшін мүмкіндікті болды. Компьютерлер ішкі құрылымындағы коммуникациялық мүмкіндіктермен, жылдамдатылған модельдермен, жадының үлкен көмегімен, сканерлермен, жазба мәтінді және дыбысты айыру құрылғыларымен жабдықталады.

Тікелей техникалық және ақпараттық қамтамасыздандыруға тәуелді программалық қамтамасыздандыру компьютерлермен интерфейс, өңдеу, сараптау, сақтау қызметін жүзеге асырады.

Ақпараттық қамтамасыздандыру компьютерлік өңдеу үшін нақты формаға келтірілген мәліметтер жиынтығы.

Ұйымдық және әдістемелік қамтамасыздандыру қорытындыны алу үшін компьютерді және программалық қамтамасыздандыруды функцияландыруға бағытталған іс-шара кешенін білдіреді.

Ақпараттық технологияның негізгі қасиеттері болып табылады:

  • Мақсатқа сәйкестілік;
  • Компоненттері мен құрылымының болуы;
  • Сыртқы ортамен өзара байланыстылығы;
  • Тұтастық;
  • Уақытпен дамуы.

1. Мақсатқа сәйкестілік - ақпараттық жүзеге асырудың басты мақсаты базада қазіргі заманғы ЭЕМ, ақпаратты үлестірмелі өңдеу, үлестірмелі мәліметтер базасы, әртүрлі ақпараттық есептеуіш желілерді (АЕЖ) ақпараттың өңделуі мен айналымын қамтамасыз ету жолын қолдана отырып өнімділіктің тиімділігін көтеруден тұрады.

2. Компоненттері мен құрылымы :

- функционалды компоненттері - бұл ақпараттың өңделуі мен айналу процесінің нақты құрылымы;

- ақпараттық техниканың құрылымы:

сурет1. 1- Ақпараттық технологияның құрылымы.

Ақпараттық технологияның құрылымы - екі үлкен топқа : тіреуіш технология және білім базасына біріккен, оның компоненттерінің өзара байланысын білдіретін ішкі ұйым.

Пәндік аумақтың модельдері - қолданушылар кәсіпорын мамандары мен құрушыларының арасындағы өзара түсіністікті қамтамасыз етуші жазбалар жиынтығы.

Тіреуіш технология - соның ішінде ақпараттың қайта өңделуі және сақталудың бағыныңқы жүйелері жүзеге асатын жүйелілік құрал-саймандық программалық қамтамасыздандырудың, автоматтизациясының ақпараттық әдістерінің жиынтығы.

Білім базасы ЭЕМ жадысында сақталатын білімдердің жиынтығын білдіреді. Білім базасын интенсионалды ( «жалпы» туралы білім) және экстенсионалды ( «нақты» туралы білім) деп бөлуге болады. Интенсионалды базада қабықшалар, ал экстенсионалдыда жадысы бар қабықшалар сақталынады. Басқа сөзбен айтқанда білім базасы пәндік аймақтың берілуін білдіреді. Ол өзіне мәліметтер базасын құрайды.

Жүйелілік және құрал-саймандық әдістер -

  1. аппараттық әдістер;
  2. жүйелік ПҚ (ОЖ, МББЖ) ;
  3. құрал-саймандық ПҚ (алгоритмдік тілдер, программалау жүйелері, спецификациялау тілдері, программалау технологиясы) ;
  4. ақпараттың қайта өңделуі мен сақталыну түйінінің комплектациясы.

Технологиялық берілулердің қорытындысы ақпараттық-технологиялық процестер жүйесінде жүзеге асатын жиынтық болып табылады.

3. Сыртқы ортамен өзара байланысы - ақпараттық технологияның басқару обьектілерінмен, өзара әсерлесуші кәсіпорындар және жүйелермен, ғылыммен, автоматизациялаудың программалық және техникалық әдістерінің өндірісімен өзара әсерлесуі.

4. Тұтастық - ақпараттық технологияның компоненттерінің ешқайсысына тән емес мәселелерді шешуге қабілетті тұтас жүйе болып табылады.

  1. Уақытпен дамуы- ақпараттық технологияның дамуының, оның модификациясының, құрылымының өзгерісінің, жаңа компоненттердің қосылуының динамикасын қамтамасыз етілуі.

Ақпарат терминдерінің өзі латынның information сөзінен шыққан, түсіндіру, хабардар болу, баяндау деген мағынаны білдіреді. Бөлек мәліметтерді және хабарларды өңдейді, қайта құрайды, жүйелендіреді, сұрыптайды және жаңа ақпаратты немесе жаңа білімді алады.

Кең ауқымды мағынада ақпарат - беру, қайта құру, сақтау обьектілері болып табылатын және мәселені шешуге көмектесетін хабарлар, білім, хабарлама болып табылады.

Материалды дүниеде ақпараттың алмасуы, оның берілуі үшін ақпаратты тасымалдаушы, таратушы, байланыс каналы, қабылдағыш және ақпаратты қабылдағыш болуы керек. Беру ортасы ақпарат көзі мен алушысын ақпараттық жүйеге біріктіреді.

қабылдағыш

сурет 1. 2 - Ақпараттық жүйе.

Ақпарат түрлер бойынша классификацияланады. Ғылым ақпараты - ойлау және қоғам, табиғаттың обьективті заңдылықтарын толық бейнелейтін ақпарат.

Ұйымдық басқару жүйелерінде адамдар басқаруымен байланысты экономикалық ақпарат, техникалық обьектілерді басқаруымен байланысты техникалық деп бөледі.

Экономикалық ақпарат өндіріс, материалды игілік және қызметтердің қолданылу, айналу жәнеүлестірілу процестерін көрсетеді. Экономикалық ақпарат көп бөлігі қоғамдық өндіріспен байланысты болуымен оны жиі өндірістік ақпарат деп атайды.

Экономикалық ақпарат үлкен көлеммен, көпретті қолданылумен, жаңару және қайта құралумен, қорытынды ақпараттың көп түрін алу үшін логикалық операциялардың үлкен санымен және салыстырмалы күрделі емес математикалық есептесулермен сипатталынады.

Экономикалық ақпараттың құрылымдық бірлігі көрсеткіш болып табылады. Көрсеткіш экономикалық обьектінің реттеуші параметрін білдіреді және реквизиттер жиынтығынан тұрады. Реквизит - бұл обьектінің немесе процестің нақты қасиетін бейнелейтін көрсеткіштің логикалық бөлінбейтін элемент. Әрбір көрсеткіш бір реквизит - негізден және бір немесе бірнеше реквизиттер - белгілерден тұрады. Реквизит - белгі көрсеткіштің мағыналық мәнін білдіреді және оның атауын анықтайды. Реквизит - негіз көрсеткіштің сандық мәнін білдіреді.

Ақпаратты өңдеу саласындағы қоғамдық қарым-қатынастың түрленуі-бірнеше ақпараттық революцияға алып келеді. Мұндай түрлену адам қоғамының жаңа сапасына ие болады.

Алғашқы революция жазумен байланысты болады, ол сапалы және санды көшуге алып келеді және ұрпақтан-ұрпаққа білімді беру мүмкіндігі пайда болады.

Екінші революция (XVIғ ортасында) кітап басуға байланысты болды, яғни индустриалды қоғам, иәдениет іс-әрекетті ұйымдастыру болып күрт өзгерді.

Үшінші революция (XIXғ аяғы) электрлік, яғни кез-келген көлемде ақпаратты толтыра және оперативті беруге мүмкіндік беретін телеграф, телефон, радио пайда болды.

Төртінші революция (XXғ 70ж) микропроцессорлық технологияның шығуымен және дербес компьютердің пайда болуымен байланысты.

Микропроцессор мен интегралды схемаларда компьютерлер, компьютерлік желілер, мәліметтер беру жүйесі құрылды.

Соңғы ақпараттық революция ақпараттық индустрияға келді, ол жаңа білімді енгізу үшін техникалық құрылғыларды, әдістерді, технологияларды өндірумен байланысты.

Ең негізгі ақпараттық индустрия ақпараттық технологиялардың барлық түрлері болды, оның негізгісі телекоммуникация.

Қазіргі заманғы ақпараттық технология компьютерлік техника мен байланыс орталығы аймағында жетістіктерге жетті.

Ақпараттық технология - объектінің, процесс пен құбылыстың жа, дайы туралы жаңа сапалы ақпаратты алу үшін мәліметтерді беруге және өңдеуге, жинау тәсілдері мен құрылғы жиынтығын қолданатын процесс.

Телекоммуникация - компьютерлік желілер мен қазіргі заманғы техникалық құрылғылар байланысы базасында мәліметтерді қашықтан тыс беру.

Алғашқы ақпараттық қоғам - ақпаратты өндірумен, сақтаумен, қайта жасаумен және жүргізумен көптеген жұмыс жасайтын қоғам.

Қоғамды ақпараттандыру - ақпараттық талапты қанағаттандыру үшін және ақпараттық ресурстарды қалыптастыру мен қолдану негізінде азаматтық құқығын, мемлекеттік үкімет органдарын, жергілікті өзін - өзі басқару органдарын, мекемелер, қоғамдық біріктірулерді жүргізуге жағдай жасайтын әлеуметтік экономикалық және ғылыми - техникалық процесс.

Ақпараттандырудың даму тарихы АҚШ-та 60 жылдарда, Жапонияда 70 жылдарда, Батыс Европада 70 жылдардың аяғында басталды.

Қоғамды ақпараттандыру - қазіргі әлеуметтік прогресстің заңдылықтарының бірі. Бұл термин кеңінен қолданылды. Қоғамды компьютерлендіру терминімен тығыз байланысты, бірақ сырттай ұқсас болғанымен, олар мағыналары жа, ынан ерекшелінеді.

Қоғамды компьютерлендіру дегеннен қоғамды ақпараттандыру кеңінен түсінікті және ауқымды. Қоғамды ақпараттандыру тек қана техникалық құрылғы деп түсіну емес, ол әлеуметтік техникалық прогесстің мәні мен мақсаты деп түсіну керек.

Компьютерлер қоғамды ақпараттандырудың базалық техникалық құраушы процессі болып табылады.

1. 2. Дамыған елдердегі ақпараттану.

Қазіргі уақытты әлемнің барлық елдері ақпараттандыру процесін белгілі дәрежеде іске асырып отыр. Қазақстанда қоғамды ақпараттандыру процесі жалпы білім беру жүйесін ақпаратандырудың программасы пайда бола бастады.

Оның мақсаты:

1) Жастарды ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындау.

2) Ақпаратық және телекамуникациялық техналогияны енгізу негізінде білім беру жүйесін реформалау.

3) Қазақстандағы білім беру жүйесін әлемдік білім беру кестесіне кірістіру.

Соңғы 20 жыл ішінде ақпараттың процестер ұғымы әртурлі ғылыми және әлеуметік құбылыстарды алпаттауда қолданыла бастады.

Мысалы: «Экономикалық ақпарат, » «Ақпараттық бизнес», «Ақпараттық құқық», «Ақпараттық қорғау» және т. б. ұғымдардың пайда болуы.

Ақпараттық төнкеріс xx-ғ ортасынан бастап айқындала бастады.

Сондықтан адамдардың күнделікті пайда болып жатқан жаңа ақпараты толық игеруге мүмкіндігі болмады.

Мысалы адамзат жинақтаған білім мөлшері 1900ж бері әр 50 жыл сайын еселене бастады. 1950 жылға қарай еселену әр 10 жыл сайын болып жатты. 1970жылға қарай 5 жыл сайын, ал 1990 ж бастап жыл сайын. Соңғы жылдары желіде жарық көрген құжаттар саны 2000ж басында 850 мил-ға жетті. Ал 2010 ж қарай ақпараттық кеңістіктің 10 мил-рд құжатқа дейін өседі деп күтуде болатын.

АҚШ-та ішкі жалпы өнім өсімінің 30% дәл осы ақпараттық технология есебінен мүмкүн болғаны белгілі. Бұл елде ақпараттық техналогияларды сатудың жалпы төлемі жылына 600 млрд доллорды құрайды. Сату денгейі бойынша бұл сала қазірдің өзінде авиация, автомобиль өндіріс салаларын басып озып, Американың экономикасы шын мәніндегі локомотивіне айналды.

Ғалымдардың ойынша ақпарат қоғамдық өндірістің жаңа қызметтік категориясы ретіне оның ерекше және маңызды компоненті болып табылады.

Қазіргі уақытта әлемдегі көптеген елдер жаңа әлеуметтік-экономикалық формаға, ұлттық ақпараттық инфрақұрылымның жиынын көрсетететін ауқымды ақпараттық қоғамға көшуде. Ол үшін әлемдік ақпараттық кеңістіктегі ақпараттық инфрақұрылым мен интеграциясын жедел дамытуға бағытталған елдердіңің концепциялары мен бағдарламаларын, берілген процестің сатыларын қарастыруға көшу қажет болып табылады. Сонымен бірге әрбір елдің арасында ақпараттандырудың негізгі моделдерінің айырмашылығы болады. Бұл үшін ақпараттық қоғамды қалыптастырудың макроэкономикалық саясаты мен мемлекет концепциялары қызмет етеді. Осындай фактілерге сүйене келіп ақпараттық қоғамның екі негізгі моделдерін ерекшелеп көрсетуге болады, олар: батыс пен шығыс елдері. Батыс елдеріне американдық жолдан Европа ерекшеленеді, ал шығыс елдерінде Қытай (КНР) ерекше орын алады.
АҚШ ақпараттық қоғамның дамуына бағытталған электрондық үкіметті құрудың алдыңғыларының бірі болып табылады. АКТ аймағында АҚШ үкіметі стратегияларының жалпы пинуипін талдауға мүмкіндік берді:

  • Азаматтар үшін мемлекеттік органдармен өзара қарым қатынас жасауға үлкен қолайлы жағдай туғызу;
  • Экономиканы электрондауда өзін лидерлердің ролінде қабылдайды;
  • Азаматтар жағынан өзінің қызметі үшін бақылауды күшейту бойынша ұлттық инциативтік рамкада өзінің жұмысын ұйымдастырады.

Қазіргі уақытта АҚШ федералды үкіметі келесілерге ерекше көңіл бөліп отыр:

  1. Мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін тауарлар мен қызметтерді жеткізуде электрондық сауда сайыстарын, мемлекеттік мекемелер мен министерсвалардың арасындағы электрондық саудаға;
  2. Үкіметтік және әкімшіліктік ақпаратқа тұрғындардың қатынауына;
  3. Смарт-картты қолдануға, соның ішінде Федералдық үкіметке;
  4. Әртүрлі жағдайдағы шешімдерді, Веб-сайт арқылы арнайы құжаттарды алуға, салықтарды төлеуге, тұрғындардың мемлекеттік аппарат туралы статистикалық ақпаратты көрсетуге және т. б;
  5. Медицина да және денсаулық сақтау органдарда АКТ-ны қолдануға.

АҚШ президенті мен федералды жетекшілер тұрғындар үшін екі жүйемен қамтамасыз етіп отыр. Олар: Comlink және Open Meeting. Бұл жүйелерді 3 мың адам қабылдап, 1200 ұсыныс жасап отыр және сонымен қатар бұл жүйелер мемлекеттің тұрғын халыққа қатынауын және мемлекеттік құжаттармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды тарату мен дамыту саласында мемлекеттік саясатты жүргізу мен қалыптастыру бойынша Жапон мемлекетінің үлкен тәжірибесі бар. Жапон үкіметі 2001 жылдың наурызында «Электрондық Жапония» деп аталатын болашағы бар ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың кешенді бағдарламасын дамытып және енгізуді бекіткен болатын. Олар ол кезде 2001-2005 жылдарға есептеген болатын. Дегенменде, бұл бағдарлама өте жедел дамыды. Содан соң бұл жапондық бағдарламаға 2003 жылдың сәуірінде «Электрондық үкімет» (e-Government ) енгізілді. Жапондық мамандар «электрондық үкімет» ұлттық бағдарламасына әр түрлі жүйелерді жасап және енгізуді жеделдетті. «Электрондық үкімет» барлық мемлекеттік заңдар мен өкімет орындаушыларын қамтитын жаңа ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар негізінде жүргізетін электрондық құжатайналымның ақпараттық-компьютерлік жүйелер кешенін көрсетеді. 2003 жылдан бастап Жапонияда жеке мекемелер электрондық сертификаттың нормативтік-құқықтық базасын салынған «Цифрлық қолтаңба туралы заң" негізінде жұмыс жасай бастады. Эксперттер бойынша жапон нарығында электрондық сертификат қызметі 2003 жылдың соңында 100 млрд-қа жеткен. Ал қазіргі уақытта «Үлкен жетілік» лидерлерінің ішінде отыр.

Түркия еліне келетін болсақ, түрік экономикасының даму бағыттарының бірі болып табылатын телекоммуникациялық сектор болып табылады. 90 жылдардың өзінде телефондық байланыс қызметі мен ұялы байланыстың бірнеше операторларымен жұмыс жасайтын компаниялар болатын. Сонымен қатар сол уақытта 4 жеке компания ұялы байланыс қызметімен айналысқсан. Олар: «Тюрксел», «Телсим», «Ариа» және «Айсел» болатын.

2000-2001 жылдардан бастап электрондық саудалар мен электрондық банктік қызметтер техникалық базада дами бастады. Бірақта басқа мемлекеттермен салыстырғанда Түркия елінде көпке дейін электрондық қолтаңба мен қауіпсіздік сертификаты заңдық күшіне енгізіліп болмады.

Ресей жағдайында электрондық үкімет деп, ең алдымен мемлекеттің салық жинау, министрлік пен мекемелер, комиссиялар мен комитеттерді тиімді бақылау механизмі алдымен мемлекеттің салық жинау, министрлік пен мекемелер, комиссиялар мен комитеттерді тиімді бақылау механизмі болып отыр. Федералды «2002-2010 электронды Ресей» мақсатты бағдарламасында осы құрылым атап көрсетілген. Коммуникацияның жеңілдеуінен басқа, ең алдымен үкімет қызметін бұқаралық бағалау көрсеткіштерін енгізуге байланысты азаматтардың үкімет үстінен бақылауының күшеюі батыстық тәсіл болып табылады.

Сингапур демократиялық қоғам болмаса да е-government жүйесін тиімді пайдалануда жетекші орынды иеленіп келеді. Мемлекеттің әлеуметтік және технологиялық даму деңгейі арасындағы қарама-қайшылық мысалдары әлем бойынша өте көп. Сингапур, Малайзия, Сауд Арабиясы Корольдігі, Дубай князьдігі және Біріккен Араб Әмірліктерінде ІТ даму деңгейін Ресейдегі «Электронды Ресей» жобасының 2010 жылдағы жоспары бойынша жүзеге асқанымен салыстырғанның өзінде қаншалықты қуатты болып отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Технологияның мәндік сипаты
Ақпараттық технологиялар кезеңі
Информатиканың теориялық негіздері
Информатикада ақпараттық технология мазмұндық желісін оқыту әдістемелері
Ақпараттық технологиялардың анықтамалары
Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қазіргі жағдайы
Педагогикалық технологияның құрылымы
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың негізгі сипаттамаларын талдау
География сабағында ақпараттық технологияны пайдалану.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық шарттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz