Өтініш қабылдау кезеңі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 11
1 Ұйымдастырылған үлгілердің талдануы студенттік қауымның түзілуі 15
1.1 Орталықтандырылған үлгі 15
1.2 Бөлшектенген үлгі 18
1.3 Қазақстандағы студенттер қауымын қалыпастырудың жаңа үлгісі 19
1.4 Жаңа үлгіні мөлшерлік-құқықтық қамтамасыз ету 22
2 Екінші кезең технологиясының мәселесін орнату (қалыптастыру) ҚР 2000
жылы ЖОО-дағы студент қауымын түзудің жаңа үлгісін енгізу. 23
2.1 Мәселенің қойылымы 23
2.3 Базалық ЖОО-ның программистерінің автоматталған жұмыс орнына қойылатын
талаптар 39
3 Негізгі бөлім 41
3.1 Идеология, әдістер, жағдайлар 41
3.2 Ақпараттық құрылым 52
3.3 Алгоритмдер сипаттамасы 60
3.3.1 Тармақтық ЖОО-ның программистінің АЖО 60
3.3.2 Базалық ЖОО-ның программистінің АЖО 65
4 Телекоммуникациондық қамтамасыз ету 70
4.1 Техникалық шешім 70
4.2 Іnternet торабының поштасымен байланыс 72
4.3 Іnternet торабымен байланыс 72
5 Жобаның тиімділігін бағалау. 73
5.1 Программалық кешен алгоритмін өңдегендегі шығынды есептеу 73
5.2 Программалық кешенді тексеру және жазуға кеткен шығынды есептеу. 74
5.4 Техникалық құралдарының кешені шығындарының есебі 76
5.5 Программалық кешенді енгізудегі шығынның есебі 78
5.6 Программалық кешенді енгізгеннен кейінгі шығынның есебі 79
Апталық жұмыс құны адам басына 10000 теңге. 79
5.7. Шығындарды үнемдеуді есептеу 80
5.8. Программалық кешеннің өзін-өзі ақтау мерзімі 80
5.9 Жылдық экономикалық тиімділігі 81
6 Еңбек қорғау 82
6.1 Қауіпті және қатерлі факторларды талдау 82
6.2 Өндірістік санитарияға қойылатын талаптар 82
6.3 Техника қауіпсіздігі 83
6.4 Өрт қауіпсіздігі 84
Қорытынды 85
Әдебиеттер тізімі 86

АҢДАТПА

Өзекті сөздер: ТЕСТ СЫНАҒЫ, ТЕСТ ТАПСЫРМАСЫ, ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ БАНКІ, ӨТІНІШ
ҚАҒАЗЫ, ЖАУАП ПАРАҒЫ, АППЕЛЯЦИЯ ПАРАҒЫ, БАЗАЛЫҚ ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫ, ТАРМАҚТЫҚ
ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫ, ӨТІНІШТЕР ЖУРНАЛЫ, ЕМТИХАН ҚОРЫТЫНДЫСЫ, КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯ,
КОРПОРАТИВТІК ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ ЖҮЙЕСІ, Х-25 ПРОТОКОЛЫ.

Диплом жобасында Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындарының студенттер
қауымын қалыптастырудың екінші кезеңі программамен қамтамасыз етудің обьектілі
бағытталған әдістемесі қарастырылған. Бірінші тарауда студенттер қауымын
қалыптастырудың қолданылып жүрген модельдері берілген. Екінші тарауда диплом
талапкеріне қойылған тапсырма талқыланған. Үшінші тарауда қойылған тапсырманың
техникалық және алгоритмдік шешімдері көрсетілген. Жұмыс Borland Delphі 5.0
программалу ортасында орындалған. Мәліметтер базасын жүргізу мақсатында
ІnterBase 5.0 мәліметтер базасын басқару жүйесі қолданылған.

Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындарының студенттер қауымын
қалыптастыруға арналған программалық жабдықтаманы жасауң тақырыбына арналған
диплом жобасы Білім беру және тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық
орталығында орындалады.
Дипломдық жоба

Өзг. Бет № құжат Қолы Күні
Литер Бет Беттер
Аңдатпа
Жетекшісі Какенова Д
Ө.С.
Н.бақылаушӘмірғалиев
ы Е.Н.
Рецензент Данаев Н. Т.

АннотациЯ

Ключевые слова: ТЕСТИРОВАНИЕ, ТЕСТОВЫЕ ЗАДАНИЯ, БАНК ТЕСТОВЫХ ЗАДАНИЙ, БЛАНК
ЗАЯВЛЕНИЯ, ЛИСТ ОТВЕТА, ЛИСТ АПЕЛЛЯЦИИ, БАЗОВЫЙ ВУЗ, ЛИНЕЙНЫЙ ВУЗ, ЖУРНАЛ
ЗАЯВЛЕНИЙ, ЭКЗАМЕНАЦИОННАЯ ВЕДОМОСТЬ, КОНКУРСНАЯ КОМИССИЯ, КОРПОРАТИВНАЯ
ТЕЛЕКОММУНИКАЦИОННАЯ СЕТЬ, ПРОТОКОЛ Х-25.

В дипломном проекте рассматривается обьектно-ориентированная методология
разработки програмного обеспечения второго этапа формирования студенческого
контингента ВУЗов Республики Казахстан. В главе 1 рассматриваются существующие
модели формирования студенческого контингента. В главе 2 анализируется постановка
задачи. В главе 3 описываются технические и алгоритмические решения поставленной
задачи. Проект реализован в среде программирования Borland Delphі 5.0. Для
поддержания Базы данных использовано СУБД ІnterBase 5.0.

Дипломный проект на тему Разработка программного обеспечения для поддержки
формирования студенческого контингента ВУЗов Республики Казахстан выполнена в
Национальном центре государственных стандартов образования и тестирования
(НЦГСОТ).

Дипломдық жоба Бет

Өзг. Бет № құжат Қолы Күні

ANNOTATІON

Keywords: TESTІNG, TEST DEFІNІTІONS, BANK of the TEST DEFІNІTІONS, APPLІCATІON
FORM, PAGE of the ANSWER, PAGE of the APPEAL, BASE HІGH SCHOOL, LІNEAR HІGH
SCHOOL, LOG FІLE of the APPLІCATІONS, EXAMІNATІON LІST, COMPETІTІVE COMMІSSІON6
CORPORATE TELECOMMUNІCATІON NETWORK, PROTOCOL X-25.

Іn the degree project are consіdered the object-orіented metholody of
software engіneerіng of the second stage of creatіon of a studen’s quota of hіgh
SCHOOLS of Republіc of Kazakhstan. Іn the Chapter 1 the exіstіng models of
creatіon of a students quota are consіdered. . Іn the Chapter 2 productіon of
the task іs parsed. Іn the Chapter 3 the technіcal and alorіthmіc solutіons of
the set task are descrіbed. The project іs realіzed іn a programmіng envіronment
Borland Delphі 5.0. For maіntaіnіng the Database іs used by a DBMS ІnterBase
5.0.
Дипломдық жоба Бет

Өзг. Бет № құжат Қолы Күні

Кіріспе

Қазіргі уақытта Қазақстанның нарықтық экономикаға және ашық
демократиялық қоғамға өтуіне, оның әлемдік ақпараттық бірлестікке қосылуына
байланысты елімізде күрделі өзгерістер болып жатыр. Бұл ауыспалылықтар
Қазақстанның білім жүйесіне маңызды өзгертулер енгізді. Осы өзгерістердің
қатарындағы ең маңыздылары келесілер:
– Еліміздегі инфляцияның әсерінен болған күрделі экономикалық жағдайға,
өнімділік деңгейі мен халықтың негізгі салмағының кірісінің төмендеуіне
қарамастан Қазақстанда кадрларды жалпы және арнайы даярлауға тұрақты
әлеуметтік сұраныс бар. Бұған дәлел болатын іс (ЖОО) жоғарғы оқу орнына
түсуші талапкерлердің жоғарғы конкурсы, олардың көбісі Қазақстан үшін
дәстүрлі ақысыз білім алумен қатар, мамандарды ақылы даярлаудан да
өтеді. Ақылы білім алу 200-ден 1500 дейін АҚШ долларымен есептелінеді.
Бірақ бұл жағдай нарықтық экономика шарттарындағы жақсы мамандықты
болашаққа үміті бар талапкерлерді қорқытпайды.
– Қазіргі Қазақстанға тән қасиеті-жоғарғы мектептегі білімнің
университеттік түрге ауысуына тенденция. Осы кезде Қазақстандағы ертедегі
жеткілікті бір жақты мамандандырылған көптеген ЖОО университет болып
өзгертілген. Оларда гуманитарлық пәндерді, қазіргі экономика негіздерін
және шет тілдерін оқып білуіне түпкілікті кеңейтілген.
– Дәл осындай тенденция орташа білім беру жүйесінде де көптеген лицей,
колледж, сабақтары шет тілдерде жүретін мектептердің ашылуынан байқалады.
– Қазақстанның біршама университет, институт, колледждері мемлекетке
тәуелді емес, олар өздерінің оқу бағдарламасын өздері құрастырады. Бұл
бағдарламаларда ақпараттану, телекоммуникация және жаңа ақпараттық
технологияларды оқып білуге көп көңіл бөлінген.
Жоғарыда айтылғанның тиянақты білімінде ең актуальді мәселе –
еліміздегі ЖОО-да жас мамандарды даярлау сапасы болып табылады. Бұл
мәселенің шешілуінің маңызды деңгейі талапкерлердің жоғарғы мектепте білім
беру бағдарламасын қабылдауға даярлығына орта мектепте алған білім
деңгейіне тәуелді. Қазіргі уақытта ЖОО-на дарынды да дайын жастарды
қабылдау өте күрделі болып кетті, себебі жоғарғы білімнің жеке секторының
өркендеуіне мемлекеттік ЖОО-на ақылы түрде білім алудың енгізілуі
талапкердің білім деңгейіне қойылатын талаптарын біршама төмендетті.
ЖОО-дағы оқуға қабылдау емтихандары әлеуметтік жоспардағы шиеленіскен
топ. Мұнда үш жақтың айлалары қиылысады: сұраныс беретін – мемлекет, бір
жағынан министрлік пен ЖОО – орындаушы ретінде, екінші жағынан мектеп
мұғалімі, талапкерлер және олардың ата-анасы – тұтынушы ретінде.
Қазақстанда тәжірибедегі оқуға түсу емтихандарының бірлестігі
студенттік қауымның түзілуіне мемлекеттік бақылау жүргізілмеуімен
мінездемеленеді.
Емтихандық процесті (үрдісті) қоғамдық және мемлекеттік бақылаудау
толығымен оңашалау, ЖОО-дағы бір мамандықтың өзіне әр түрлі шарттар қойылуы
зиянкестікке, парақорлыққа, тамыр-таныстыққа әкеліп, қатысушы жастардың
және қоғамның ЖОО-ның қабылдау комиссиясына сенімсіздігін тудырады.
Білім басқармасының облыстық, аудандық, мектептік басшылықтары ЖОО-
нан емтихан нәтижесі туралы ақпарат алмайды, бұл білім сферасында
басқарудың жоқтығын және мектеп-ЖОО деген тізбектің дұрыс жұмыс
атқармайтынын көрсетеді.
Жыл сайын түсу емтихандарында болатын осылар және басқа да негативті
құбылыстар жастарды ЖОО-на қабылдауда өте маңызды өзгертулерді талап ете
бастады.
Осы негативті құбылыстарды болдырмас үшін студенттік контингенттің
түзілуінің жаңа моделіне ауысуды, талапкерлердің білім деңгейін әділ
бағалауды, бұл үрдістің қоғамда ашық түрде жүргізілуін елбасымыз Н.Ә.
Назарбаев Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы АМУ, Л. Гумилев
атындағы Еуразия университетінде және білім жүйесінің қызметкерлері алдында
сөйлеген сөзінде бірнеше рет қайталап айтты.
Президент пен Қазақстан Республикасының Үкіметінің тапсыруына сәйкес
1999ж. Қазақстанда студенттер қауымын түзілуінің жаңа формасы туындады. Бұл
модельді енгізудің бастапқы деңгейін де бірдей талаптар мен білімді бағалау
критериясымен кешендік тест – мемлекеттік грант пен кредитті жеңіп алу үшін
таласқан талапкерлер арасында болып өтті.
Екінші ретте (2000 ж.) ЖОО-на түсушілердің барлығы жаппай тест
тапсырды (әскерилерден басқа).
Білім туралы Қазақстан Республикасының жаңа заңы, Қазақстан
Республикасының Үкіметінің 1999 ж. 24 сәуірдегі №464-қаулысы, Қазақстан
Республикасындағы ЖОО студенттер қауымын түзудің жаңа модельі туралы
қаулысы, 19992000 оқу жылына мамандарды даярлауға сұраныстары қабылдаудың
жаңа модельіне ауысудың заңдық негізі болып табылды.
Бұл жұмыста 2000 жылғы мемлекеттік кешендік тестілеудің екінші деңгейін
бағдарламалық жанамалау қарастырылған.

Біздің педагогикалық өндірісіміз ешқашан технологиялық
логика бойынша құрастырылмаған, ол имандық уағыз логикасы
бойынша құрастырылған. Бұл тәрбие мен оқыту аумағында ерекше
байқалады. Дәл осы себепті бізде өндірістің барлық маңызды
бөлімдері болмайды:
– технологиялық үрдіс;
– операцияның тіркелуі;
– құрама жұмыс;
– кондуктор мен құралдарды пайдалану;
– қалыпқа келтіру;
– бақылау;
– қатынас құру
Макаренко А.С.

1 Ұйымдастырылған үлгілердің талдануы студенттік қауымның түзілуі

Әлемдік білім жүйесінде студенттік контингенттің түзілуінің бірнеше
үлгілері танымал:
– орталықтандырылған;
– бөлшектенген;
– жоғарыдағы үлгілердің элементтерінен тұратын аралық;

1.1 Орталықтандырылған үлгі

Студенттер қауымын түзілуін (СҚТ) толық мемлекеттік бақылаудан
өткізеді. Осы мақсатпен арнайы мемлекеттік орындар іріктеп алу сынақтарын
жүргізіп және студентттік контингентті түзеді. Көрсетілген үлгінің
қасиеттері:
– Интеллектуальды потенциал мен еңбек ресурстарын түзудегі мемлекет
мүддесін қорғау;
– ЖОО-на түсушілердің барлығына бірдей талап қою;
– Мемлекеттік бақылау бірлестігінің мәселесін және мектептегі әртүрлі
деңгейдегі білім беру үрістерін басқару мәселелерін шешудегі жүйелік
амалдың мүмкіншілігі.
Мұндай үлгінің негізгі тапшылығы ЖОО-ның студенттік контингентін өзі
түзе алмауында.
Ұлыбританияда мектептегі 12-жылдық жоғарғы деңгейлік циклді
аяқтаудағы емтихан мен ЖОО-на түсу емтиханын біріктіру әдісін қолданылады.
Бұл емтихандарды өткізу үшін Ұлыбританияда алты Тәуелсіз Емтихандық Топ
(ТЕТ) құрылған. Англияда төртеу (MEG, NEAB, SEG және ULEAC), Уэльста біреу
(WJEC) және Солтүстік Ирландияда біреу (CCEA). Осы алты топ Бірлескен
Кеңесті құрайды. Ол 1985ж. үйлестіруші орын ретінде құрылды. Мектептің
барлық түлектері тәуелсіз комиссияға емтихан тапсыруы тиіс. Осы
комиссиялардың арқасында мемлекет мектептегі білім беру стандарттарының
орындалуын бақылайды. Емтихан тапсырмас бұрын әр түлектің өзінің өтінішін
және таңдау себебі жазылған резюмесін елінің алты университетіне жіберуіне
құқығы бар. Болашақ студенттің өтініші мен резюмесін университет
қарастырып, студентке қандай пәндерден емтихан тапсыратынын, қанша балл
жинау керектегін хабарлайды. Ары қарай талапкер екі университетті таңдап,
оларға өзінің мектеп бітіру кезіндегі тапсырған емтихан нәтижесін жібереді.
Конкурстан соң талапкер тек бір университетті таңдайды. Осындай
жолмен талапкердің ЖОО таңдау ойы және әр ЖОО-ның өзінің контингенттін
түзудегі талаптары да саналады.
Мұнда жоғары мектепте білім алуды жалғастыру үшін жастарды іріктеп
алу механизмін қаржылау тәжірибесі қызық. Мемлекет емтихан тапсыру ақысын
төлейді, бірақ қаржы ТЕТ-тың біреуі таңдаған мектепке бөлінеді және оған
емтихандық құжаттарды дайындауға және емтихан нәтижесін талдауға сұраныс
береді. Емтихан нәтижесі бойынша кез-келген апелляция ақылы. Егер апелляция
қанағаттандырылса, онда ақша мектепке қайтарылады, егер
қанағаттандырылмаса, онда ТЕТ ол ақшаны қосымша жұмыс атқарғанда үшін өзіне
қалдырады.
Түркияда қатысушыларды іріктейтін орталық құрылған. Оның атқаратын
қызметі мектептегі бітіру емтиханы мен ЖОО-на түсу емтиханын талдау және
сол елдің нақты ЖОО-на қабылдануын атқарады. Мектеп пен ЖОО-ның құқығы
жастарды оқыту. Осы сұлба бойынша мектептегі бітіру емтиханын
тапсырушылардың барлығы орталықтандырылған тестілеуден өтеді және осылай
мемлекет барлық мектептердегі білім беру сапасын тексереді. Мұндай әдістің
жақсы жағы негізгі ұстаным өзгермейді: мұғалім оқытады, ал сапа бағасын
мемлекет қояды. Баллдың нақты санын жинаған барлық түлектерге тағы бір
тереңдетілген ЖОО-на түсу үшін емтихан тапсыру мүмкіншілігіне құқық
беріледі. Осы емтиханнан өткендерді Мемлекеттік орталық іріктей отырып
өздерінің өтініштеріне сәйкес ЖОО-на қабылдайды. ЖОО өзінің контингентін
түзуде қатыспайды. Емтихан және апелляцияның ақысын талапкер өз қалтасынан
төлейді.
Өзбекстанда мектеп бітірушілер емтиханын өздері қабылдайды. Білімін
жалғастырғысы келетін жастар Мемлекеттік тестілеу орталығының (МТО)
тәуелсіз комиссиясына емтихан тапсырады. Емтиханды жақсы тапсырғандарды
өтініштеріне сәйкес және жинаған баллдарына ЖОО-на қабылдауды жүргізеді.
Мемлекет бүкіл емтихан үрдісін бюджет есебінен өткізеді.
Студенттік контингенттің түзілуін демократты түрде қалыптастыру
Израильде таңдап алынған. Оның ерекшеліктері:
– Интелектуальды потенциалды қалыптастыруды
мемлекеттік бақылауды орнатудың өлшемін қабылдау;
– ЖОО-ның өз контингентін құрудағы мүмкіншіліктері.
– Мемлекетік орындарда іріктеп алу сынақтарын
орталықтандыру. Психометрикалық тестілеу талапкердің өз қалтасынан
төленеді.

1.2 Бөлшектенген үлгі

Бұл берілген үлгіге ЖОО-на қабылдау функияларының барлығы тән.
Мұндағы ең басты ерекшелік өзінің контингентін түзуге ЖОО толығымен
жауапты.
Бөлшектенген үлгі жетіспеушіліктері мыналар:
– Мемлекеттік интеллектуальді потенциалды
қалыптастырудағы орталық орындар жағынан бақылау жоқтығы.
– Мектептегі білім беру үрдісін басқару және мемлекеттік
бақылау мәселесін жүйелік шешудің мүмкін еместігі.
Бұл үлгі бойынша студенттік контингентті түзу үрдісі әр түрлі болады.
Германия мен Францияда ЖОО-дары өздерінің контингентін мектеп аттестатына
қарап түзеді. Оқуға түсу емтихандары болмайды. Тек ерекше мамандықтарға
тапсырғанда, мысалы медициналық, қосымша негізгі пән бойынша емтихан
қабылданады.
Мұндай әдіс мектеп мұғалімдерінен ерекше жауапкершілікті талап етеді.
Қазіргі уақытта Германияда жоғары білімділер саны көбейіп кеткендіктен ЖОО-
на түсу үшін қосымша емтихандар қабылдау туралы мәселе қаралып жатыр,
себебі жастарды жақсылап даярлау керек.
Қазақстан, Қырғызстан және ТМД-ның кейбір елдерінде ЖОО-на түсу
емтихандарын жеке жүргізеді.
Мектеп – соңғы бітіру емтиханын өздігімен өткізеді. ЖОО-дары оқуға
қабылдауды ұйымдастырып, емтихан қабылдайды.
Бұл үшін келесі қасиеттер тән:
– Білім министрлігі орталық орындаушы орын ретінде білім аймағында әр
мемлекеттік ЖОО-на әр нақты мамандық бойынша қабылдау жоспарын жібереді.
Барлық ЖОО-дары үшін қабылдаудың типтік жағдайын жалпы басып (шығарып)
және жалпы бақылау жүргізеді.
– Кешендік тестілеу мектеп бағдарламасы бойынша өткізіледі.
– әр ЖОО өзінің студенттік контингентін түзуді жеке жүргізеді.
Бұл үлгінің негізгі жетіспеушіліктері келесідей:
– талапкерлерді жинақтау географиясы ЖОО территориальді орналасқан облыс
жастарымен шектеледі. Оқуды бітірген соң жас мамандар өздерінің туған
жерлерінде қалып жұмыс істеулері ықтимал, сол себебті еңбек нарығында
толысу жүруі мүмкін. Осы көзқарас жағынан мемлекетке зиян келеді. Ал бір
жағынан қарасақ барлық ата-аналар баласының басқа қалаға барып оқуға
түсуіне немесе түспеуіне дейін 2 ай бойы комиссия нәтижесін күтіп жатуына
қаражат беруге келіспейді.
– Оқуға түсу емтихандары жылдың тек бір мезгілінде болады. Бұл кезде
қалаларда жастар көбейіп, қылмыстық жағдайлардың көбеюі мүмкін.
– Жалпы білім беруші мектептер, аудандық, қалалық, облыстық басқару
басшылығы мен білім департаменті өздерінің тәрбиелеген талапкерлері
туралы ЖОО-нан сәйкес ақпаратты алмайды. Мұндай байланыстың болмауы
бүкіл беру сферасында оқу-тәрбиелік жұмыстарға зиянын тигізеді.
Ресейде ЖОО-на түсуге сатылап ауысу жолы бойынша орталықтандырылған
тестілеу енгізіле бастады. Қазір емтихан мәселесін шешумен айналысатын 46
аймақтық орталықтар құрылған.
Талапкерлердің тәуелсіз комиссиямен келіспеген жағдайында жолының
қабылдау комиссиясына дәстүрлі жолмен емтихан тапсыруына құқығы бар және де
ЖОО-на да Федеральді тестілеу орталығы берген сертификат бойынша немесе
өздері емтихан өткізіп қабылдауына болады.

1.3 Қазақстандағы студенттер қауымын қалыпастырудың жаңа үлгісі

1999 жылы Қазақстанда ЖОО-ның студенттер қауымын түзуінің жаңа түрі
енгізілді. Үлгі 1999-2000 жылдарда енгізудің екі кезеңін қарастырады.
Бірінші кезеңде (1999ж) - жаңа ұстанымдағы мемлекет сүранысы шекарасында
оқығысы келген студенттерді қабылдау, екінші кезеңде (2000ж) - елдегі
барлық ЖОО-на меншік түріне қарамастан қабылдау.
Қазақстан Республикасының студент қауымын түзуінің жаңа үлгісін
бірінші кезеңінің мәні оқуға түсу емтиханын ЖОО-на тәуелсіз орынның
қабылдауында және бүкіл ел бойынша әр мамандыққа мемлекеттік білім гранты
мен кредитін алушыларды конкурс бойынша іріктеуде болды. Жаңа үлгіге көшу
негізінде келесідей мақсаттарға жетуді көздегеннен туындады:
– Емтихандық материал мен талапкер білімінің бағасын
анықтау талаптарының бірдей болуы;
– Барлық бұқара топтарға мемлекеттік жоғары білімді алу
үшін тең мүмкіншілік берілуі;
– Бүкіл емтихандық үрдістің әділ және шынайы
жүргізілуі;
– Жақсы дайындалған жастарды іріктеп алу;
– Білім беру нарығында бәсекелес ортаны тудыру;
– 1999 жылдан бастап студенттерді қабылдаудың жаңа
үлгісіне ауысу республикамызда оқу орнын нақты қабылдау жоспарын берік
қаржыландыру емес, білім гранты мен кредитінің иегерін жеке түрде
қаржыландыру бюджет саясаты пайда болды. ЖОО-ы жинақтаған грант пен кредит
иегерлерінің санына қарай ЖОО-н қаржыландырудың көлемі анықталады.
Қазақстанның мемлекеттік ЖОО-ның күндізгі бөліміне мемлекет бюджет есебінен
оқуға тапсыруын үш қадаммен өлшенеді.
Біріншіден ЖОО-на тәуелсіз орын - Республикалық тестілеу орталығы
мектеп бағдарламасы бойынша төрт пәннен кешендік тест өткізілді. Бүл пәндер
Білім және Ғылым министрлігі мамандықтарына сай қабылданады. Тесттен өткен
талапкерлердің қолына мемлекеттік сертификат тапсырды.
Екінші кезеңде Ғылым және Жоғары Білім министрлігінің комиссиясы
мемлекеттік сертификат иегерлерін жинаған баллдарына қарай конкурс
негізінде мемлекеттік білім грантын немесе кредитін алуға құқық берді.
Үшінші кезең - ЖОО-ның қабылдау комиссиясы мемлекеттік грант пент
кредит иегерлерін өтініштеріне сәйкес ЖОО-на студент қатарына қабылдайды.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, орта мектепті немесе
колледжді бітірген кез-келген талапкер мемлекеттік немесе мемлекеттік емес
ЖОО-да жоғары білім алуына құқығы бар. Мемлекеттік ЖОО-да талапкер мемлекет
сұранысы есебінде де (ақысыз) немесе ақылы түрде де білім ала алады.
Мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ЖОО-на талапкер бірден құжат тапсыруына
құқылы. Ары қарай емтиханды ойдағыдай тапсырып, таңдап алған ЖОО-ның
студенті болып қабылданады.
Мемлекеттік сұраныс бойынша оқуға түсу үшін талапкер
орталықтандырылған кешендік тестілеуден өтіп, пәндер бойынша жинаған
баллдары көрсетілген сертификат алуы керек. Білім және Ғылым Министрлігі
қабылдаған баллды жинаған талапкерлер Білім гранты мен кредитті жеңіп алу
конкурсына қатысады. Бұл конкурсты Республикалық конкурстық комиссия
өткізеді. Мемлекеттік білім грантын немесе кредитіне ие деген куәлікті
алған соң өзі қалаған ЖОО-на құжат тапсырады. Конкурс нәтижесінде куәлік
ала алмаған талапкер қосымша емтихан тапсырмай-ақ мемлекеттік ЖОО-на бірден
ақылы бөліміне студент болып қабылданады.
Жаңа үлгі бойынша грант иегері деген куәлікке кешендік тестілеуден
және конкурстан өтпей-ақ ие бола алатындар: Алтын белгі иегері және
республикалық, халықаралық олимпиада жүлдегерлері.

1.4 Жаңа үлгіні мөлшерлік-құқықтық қамтамасыз ету

ЖОО студенттер қауымын түзу үрдісін реттеу, талапкерге бірдей
талаптар қою, жастарға тең құқық беру мақсатында ҚР-ның Үкіметі 1999 жылы
24 сәуірде №464 ҚР-ның ЖОО-да студенттер қауымын түзудегі жаңа үлгісі
туралың қаулы қабылданды. Осы қаулыны дамыту мақсатында Үкімет 1999 жылы 2
маусымда №698 1999-2000 оқу жылына жоғары білімді мамандықтарды дайындауға
мемлекеттік сұраныстарды бекіту туралың қаулы және де ҚР Білім және Ғылым
Министірлігінің бұйрықтар дестесі шығарылды:
– 1999жылы 24 мамырда №220 Жаңа үлгі бойынша ЖОО
-на студентерді қабылдауды өткізетін Базалық ЖОО-дары туралы;
– 1999 жылы 2 маусымда №228 Аумақтық комиссияның
түзілуі туралы және аумақтык комиссия туралы жағдай бекітілдің;
– 1999 жылы 4 маусымда №223 1999 жылғы Қазақстан
Республикасының мемлекеттік ЖОО-на қабылдаудың типтік ережелерін бекіту
туралың;
– 1999 жылы 4 маусым №234 Ауыл мектептерін бітірген
азаматтарды ЖОО-на қабылдау үшін квота туралың;
– 1999 жылы 17 маусым №251 1999-2000 жылға тілдік
бөлім және мамандықтар бойынша жоғары білімді мамандарды дайындауға
мемлекеттік сұранысын бөлуң.

2 Екінші кезең технологиясының мәселесін орнату (қалыптастыру) ҚР 2000
жылы ЖОО-дағы студент қауымын түзудің жаңа үлгісін енгізу.

2.1 Мәселенің қойылымы

Спецификация 1. [Жалпы жағдайы]

1.1 Қазақстан Республикасының ЖОО-ның студент қауымының түзілу
үрдісінің қатысушылары:
– ҚР-ң, ЖОО-ң студент қауымының, түзілуінің жаңа
үлгісіне ауысуының, Республикалық комиссиясы;
– ҚР-ның Білім және Ғылым Министрлігінің ректорлар
кеңесі;
– Республикалық конкурстық комиссия;
– ҚР-ң Білім және Ғылым Министрлігінің жоғарғы білім
департаменті;
– Білім беру және тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық
орталығы;
– ЖОО-ның қорлары;
– ҚР ЖОО-ның талапкерлерін тестілеуден өткізетін
ұйымның аймақтық комиссиясы;
– Тармақтық ЖОО (Жабық ЖОО-ның қорлары).

1.2 Білім және Ғылым Министрлігінің жоғары білім департаменті:
– ҚР ЖОО-ға қабылдаудың типтік ережелерін қабылдайды;
– мемлекеттік сұранысы әр мамандық бойынша бөлу
(Грант және кредит);
– ауылдық квота, бөлінген мамандықтарды анықтайды;
– бекітеді:
– ҚР ЖОО-ның анықтамасы (мемлекеттік және мемлекеттік емес)
– ҚР ЖОО-ның тізімі;
– Тармақтық ЖОО-ның тізімі;
– ҚР-нің мектеп анықтамасының облыстық және аудандық бойынша;
– тестілеу кезеңін өткізу және тест нәтижесін таңдау үшін
өкілдер мен БҒМ программисттерін ұсынады;
– тест өтініштерін қабылдауды өткізу және дайындау
барысын бақылау;

1.3 Білім беру және тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық
орталығы өндейді:
– ҚР ЖОО-ның студент қауымының (екінші кезеңдегі
жаңа үлгісінің)технологиясын;
– студент қауымының түзілуінің жаңа үлгісінің екінші
кезеңін өткізуді программалық қамтамасыз ету;
– арнайы өтініш құжаты, жауаптар парағы, апелляцияға
өтініш құжаты бір уақытта қызметті атқарады:
– Заң күші бар құжат;
– Арнайы оптикалық сканер көмегімен оқылатын
ақпаратты техникалық тасушы қызметін.
– ҚР-ның ЖОО-ның студент қауымының түзілу үрдісінде
қолданылатын енгізу және шығару құжаттары;
- ҚР-ның ЖОО-ның студент қауымының түзілу үрдісінің
қатысушыларына нұсқау.
1.4 ҚР-ның ректорлар кеңесі, ҚР-ның Білім және Ғылым Министрлігі 1.3.
бөлімшесінде аталған технологиялар мен құжаттарды мақұлдайды.
1.5 Республикалық конкурстык комиссия емтиханнан өткен талапкерлерге
мемлекеттік білім гранты және кредитін беру туралы шешім қабылдайды.
1.6 Базалық ЖОО-да ЖОО-ның студент қауымының түзілуі негізгі
кезеңдері жаңа үлгі бойынша қамтамасыз етіледі:
– талапкер өтінішін қабылдау;
– талапкерлерді тестілеу;
– тестілеу қорытындысын талдау;
– Мемлекеттік білім гранты және кредит иегерлерінің
куәліктерін тапсыру.
ҚР-ның мемлекеттік аттестациядан өткен басқа ЖОО-лары Базалық ЖОО-
нан кейінгі талапкерлердің құжаттарын қабылдайтын және сертификаттарын
тапсыратын Тармақтық ЖОО-ны болып бекітіледі.

2 Спецификация [Программалық қамтамасыз ету]

2.1 Жаңа үлгінің екінші кезеңін өткізу үшін ББТМСҰО ПҚЕ пакетін
шығарады. Ол мынадан турады:
– Тармақтық, Базалық ЖОО-на және ББТМСҰО -қа
Арналған өтінішті қабылдау кезеңін ПҚЕ.
– Базалық ЖОО-на арналған тестілеу кезеңін ПҚЕ.
– Республикалық конкурс комиссиясының мемлекеттік
грант пен кредитті бөлгендегі жұмысын ПҚЕ.
– Базалық ЖОО-ның ББТМСҰО -қа және керісінше
телекоммуникациялық торап бойынша деректерін беруге арналған ПҚЕ.
– Барлық ЖОО-нан алуға, өтініш қабылдау кезеңін ПҚЕ.
2.2 ББТМСҰО -тың шығарылған программалық өнімдері қолданады:
– ҚР-ның мектептерінің анықтамасы;
– ҚР-ның ЖОО-дарының анықтамасы;
– ҚР-ның ЖОО-дарында дайындалатын мамандықтар
анықтамасы.
2.3 ББТМСҰО -тың программалық қосымшасында автоматталған әдістер
қолданылуы мүмкін:
– РТО кодтарын бөлу;
– емтиханға жіберетін Құжатты дайындау және басу;
– өтініштерді қабылдау барысының Статистикалық
деректерін тапсыру;
– жауап Парақтарының идентификациясы.
– кешендік тесттің нәтижесі көрсетілген емтихандық
тізімді дайындау және басу;
– Апелляция хаттамасын дайындау және басу;
– Республикалық конкурстық комиссия үшін сондай
емтихандық тізімді дайындау және басу.
2.4 Дерек қорларында сақталған деректерді жаңа әдістер (бойынша)
арқылы қорғау.

3 Спецификация. [Техникалық қамтамасыз ету]

3.1 Өтініщтерді қабылдау кезеңінде әр Тармақтық ЖОО (Базалық та)
мынадай есептеу техникасы жабдықтарымен қамтамасыз етілуі керек:
– ДЭЕМ Pentіum ІV, 1500-2000 Мгц, RАМ 256 және Мb
көп, НDD 20 және Gb көп;
– ZІР-драйвер;
– минутына 6-10 парақ шығара алатын лазерлік принтер.
3.2 Базалық ЖОО мынадай құралдармен жабдықталынады (жоғарыдағыдан
басқа):
– ДЭЕМ Pentіum ІV, 1500-2000 Мгц, RAM 512, HDD 20 және одан жоғары;
– минутына 6-10 парақ шығара алатын лазерлік принтер.
– Арнайы қүжаттарды оқуға арналған арнайы оптикалық
маркерлік сканер;
3.3 Білім беру және тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық
орталығы жабдықталады:
– EіconCard программалық - аспап маршрутизаторымен;
– MS Exchange Server программалық қамтамасыз етумен;
– Пошта серверімен (Pentіum IV, 2000, ОЖҚ 512 Мб);
– Компьютер, сканер, принтер және басқа да техникамен.

4 Спецификация [Телекоммуникациондық қамтамасыз ету]

4.1 Барлық Базалық ЖОО-дары ББТМСҰО орталығымен Жұлдыз сұлбасы
бойынша бір телекоммуникациондық бірлескен торапқа біріктіріледі.
Деректерді беру хаттамасы ретінде Х-25 хаттамасы қолданылады. ББТМСҰО -тың
пошталық серверінде әр Базалық ЖОО-ны үшін пошталық ұяшық бөлінеді. Ақпарат
ағынының қозғалысының сұлбасы 1- суретінде корсетілген.
4.2 Өтініш қабылдау кезеңінде өтініш қабылдаудың статистикалық барысы
әр Базалық ЖОО-нан ББТМСҰО -тың пошталық серверіне түсіп отырады.
4.3 Базалық ЖОО-на ББТМСҰО -нан бүкіл Республика бойынша өтініш
қабылдаудың статистикалық деректері жіберіліп тұрады.
4.4 Тестілеу кезеңі мен тест нәтижесін талдау ақпараттары күн сайын
ББТМСҰО -қа барлық Базалық ЖОО-нан түседі
4.5 Республикалық контингенттік комиссия шешімі Базалық ЖОО-ны
телекоммуникалдық торап бойынша жеткізіледі.
4.6 ҚР ЖОО-на қабылданған бірінші курс студенттерінің тізімі ББТМСҰО
-қа телекоммуникалдық торап бойынша жіберіледі.

5 Спецификация. [Тестілеуде өтініштерді қабылдауды дайындау кезеңі]

Тестілеуде өтініштерді қабылдауды дайындау кезеңінде мыныдай шаралар
жүргізіледі.
5.1 БҒМ әр аймақтағы Базалық ЖОО–нын және өтініштерді қабылдай алатын
Базалық ЖОО-ның артына бекітілген Тармақтық ЖОО-ның тізімін анықтайды.
5.2 ББТМСҰО ЖОО-ның студенттік қауымын түзу:
– Тармақтық ЖОО-ның техникалық хатшысы үшін;
– Тармақтық ЖОО-ның жауапты хатшысы үшін;
– Базалық ЖОО-ның жауапты хатшысы үшін;
– Апелляциондық комиссиясы үшін;
– Аудитория кезекшілері үшін;
– БҒМ өкілі үшін;
– Тармақтық ЖОО-ның программисттеріне арналған;
– Базалық ЖОО-ның программисттеріне арналған нұсқаулар;
– БҒМ программисттеріне арналған нұсқаулар.
5.3 ДВО БҒМ және ББТМСҰО ҚР-ның Базалық ЖОО-нан ақпаратты жинайды:
– аудиторлық қор, олардың корпус бойынша орналасу
жоспары, корпустық территориальді мекен-жайының жоспары туралы;
– қажетті есептеу техникасының болуы;
– арнайы оптикалық маркерлік сканердің болуы;
– ZІP–драйвердің болуы;
– Аудитория және коридорға кезекшілер құрамы туралы ақпарат.
5.4 ҚР-ның БҒМ үкімімен ЖОО-ның талапкерлерін тестілеуден өткізуді
ұйымдастыруға Аймақтық комиссия құру;
5.5 Базалық Қорлық және Сызықтық ЖОО-да талапкерлердің тестке
өтіштерін қабылдау техникалық хатшылық құрылады және ББТМҰО БҚ-мен жұмыс
істеу үшін программисттер алынады.
5.6 Тармақтық ЖОО-на талапкерлерден өтініш қабылдау үшн техникалық
хатшыға және программистке бір жұмыс орны беріледі.
5.7 Базалық ЖОО-на техникалық хатшыға жұмыс орындары және
программистке екі орын беріледі:
– Программисттің тікелей Базалық ЖОО-на өтініш
тапсырған талапкерлерге қызмет көрсету орны;
– Өтініш қабылдау кезеңінде Базалық ЖОО-на бекітілген
Тармақтық ЖОО-на тапсырған талапкерлердің өтінішін тіркеу орны.(Кешендік
тест жүрген уақтта Базалық ЖОО-ның программисттінің орнын ҚР БҒМ
программисті басады).
5.8 Базалық ЖОО-ның жауапты хатшысы БҒМ өкілдерімен бірге тестілеуді
ұйымдастыру және өткізу туралы семинар жүргізу. Дәрісті ББТМСҰО жүргізеді.
5.9 Базалық ЖОО-ның жауапты хатшысы осы семинарды Тармақтық ЖОО-ның
жауапты хатшысына өткізеді.
10. ББТМСҰО ҚР ЖОО-ның студент қауымын түзудің
барлық кезеңдеріне ББТМСҰО қосымшасымен жұмыс істеу үшін Базалық ЖОО-ның
программистін оқытады.

11. Тармақтық ЖОО-ның программисттерін оқыту әр
аумақ территориясында Базалық ЖОО-ның программисттерінің басшылығымен
жүзеге асады.
5.12 Базалық ЖОО-дары мен оған бекітілген Тармақтық ЖОО-ның өтініш
қабылдау және тестілеуді өткізу кезеңіне дайындығын тексеру мақсатында
аумақтарға инспекционды сапар шегу:
– аудиторлық қорды тексеру;
– техникалық хатшылардың жұмыс орнын тексеру және
қажетті оргтехникамен қамтамасыз ету;
– программисттің жұмыс орнын тексеру және есептеу
техникаларын түгендеу;
– телекоммуникация байланысының бар болуын тексеру;
– техникалық хатшылар мен программисттердің білімілігін
тексеру;
– өтінішті қабылдауды ұйымдстыру үшін қажетті
анықтамалар мен методикалық материалдарды түгендеу;
– өтініш бланкасын жеткілікті санын тексеру.
Инспекция сапарды ҚР ДВО БҒМ және ББТМСҰО жүргізеді.

Спецификация 6. [Өтініш қабылдау кезеңі]

6.1 Барлық ЖОО-да өтініш қабылдау жүзеге асады (Тармақтық және
Базалық). Әрбір ЖОО-да қабылдау комиссиясы жұмыс істейді. Базалық ЖОО-да
сонымен аймақтық комиссия жұмыс істейді.
6.2 Базалық және Тармақтық ЖОО-ның Қабылдау комиссиясының жауапты
хатшылары мөлшерлік құжатқа және Базалық, Тармақтық ЖОО-ның қабылдау
комиссиясының жауапты хатшысына арналған нұсқауға бағына отырып жұмыс
істейді.
6.3 Базалық ЖОО-ның қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы дербес
мыналар үшін:
– өтініш қабылдауды ұйымдастыру;
– талапкерлердің жеңілдікті растайтын құжаттың
жасандылығын тексеру;
– өтініш Бланкасының сақталуын;
– сертификатты тапсыру және сақтау;
– Тармақтық ЖОО-да куәлікті сақтау және тарату;
– өтініш қабылдауға қажетті анықтамалық - методикалық
материалдармен қамтамасыз ету;
– өтініш қабылдау үшін Тармақтық және Базалық ЖОО
дағы компьютерлерге қосымша программаны дәл уақытында орналастыру.
6.4 Базалық ЖОО-ның жауапты хатшысы мынадай қызметтер атқарады:
– Әр күндегі Өтініш Бланкасын күнде сканермен, ЖОО
ның Дерек қорына енгізу;
– күнделікті жіберу тізіміне және емтиханға жіберу
құжатына қол қою;
– тіркеу журналын, РТО кодын тапсыруды(Форма-F-04),
– Базалық ЖОО-ның өтініш Журналын(Форма F-08-Л)
және Базалық ЖОО-ның өтініш Жинақ Журналын (Форма F-08-Б) жабуды
ұйымдастыру;
– ББТМСҰО -қа телекомуникациондық торап арқылы
қабылдау барысы туралы статистикалық деректерді беруді ұйымдастыру;
– ББТМСҰО -тан телекоммуникациондық торап арқылы
Тармақтық ЖОО-на республика масштабы бойынша өтініш қабылдау барысы туралы
статистикалық деректерді жіберуді ұйымдастыру;
6.5 Әр техникалық хатшы оған берілген бір немесе бірнеше міндеттерді
атқарады:
Техникалық хатшы:
– Кешендік тестілеуге қатысқысы келген талапкерлерден
құжат қабылдайды;
– Жеңілдікке бақталасушы талапкерлердің құжаттарын
Жауапты хатшыға апарып береді;
– Жіберу тізімі (Форма F-07) мен емтиханға жіберу
Құжатын (Форма F-06) Жауапты хатшыға қол қоюға апарып береді;
– Емтихан жіберу құжатын таратады(Форма F-06);
– Өтініш Бланкасы қателіктер хаттамасында (Форма F-05)
көрсетілген қателікерді жөндеуге қажетті шараларды жасайды.
6.6 Талапкер тестілеуге өтініш бергенде арнайы тесттік Бланканы
толтырады, ол оптикалық маркерлік сканермен оқылады.
Қабылданған өтініш бланкалары және құжаттар техникалық хатшы
сейфінде сақталынады.
6.7 Әр талапкердің жеке дара РТО-коды болады, ол өтініш Бланкасын,
Жауаптар парағын апелляцияға, өтініш Бланкасын идентификациялау үшін керек.
РТО кодтарының тізімі ББТМСҰО программасымен автоматты түрде түзіледі.
6.8 Өтініш Бланкасын сканерлеу және талапкерлер туралы деректер
банкын құру реті:
– өтініш Бланкасын сканерлеу Базалық ЖОО-да
орындалады;
– Әр Тармақтық ЖОО-на түскен өтініш бланкасы күн
сайын Базалық ЖОО-на сканерлеуге және Дерекқор түзуге жеткізіліп отырады.
Өтініш Бланкалары мен сканерленген өтініш бланкалары Zіp дискетасына
жазылып қайтарылады.
6.9 Тармақтық ЖОО-ның программисті Тармақтық ЖОО-ның дерекқорына
деректі дискетада жазып енгізеді. Дискетада мыналар болады:
– ЖОО-ның кодымен, Техникалық хатшы кодымен, ағын
кодымен, корпус, аудитория кодымен, сканерлеу күнімен толықтырылған Өтініш
Бланкасының файлы;
– талапкерге Жіберу құжатын беруге арналған Жіберу
тізімі;
– Жіберу құжаты файлы;
– Өтініш Бланкасындағы қателер хаттамасы файлы.
– Тармақтық ЖОО-ның программисті жіберу
Тізімін(Форма F-07), емтиханға Жіберу құжатын(Форма F-06) және Өтініш
Бланкасының(Форма F-05) қателер хаттамасын баспаға жібереді.
6.10 Өтініштерді қабылдау аяқталған соң тіркеу жуналы жабылып,
Тармақтық ЖОО-ның РТО-кодтары (Форма F-04) тапсырылады. Журналға Тармақтық
ЖОО-ның қабылдау комиссиясының мүшелері қол қояды.
6.11 Өтініш Бланктерін сканерлеудің соңғы күнінен соң, ертесіне
Базалық ЖОО-ның (Форма F-08-Б) өтініштердің Жинақ журналы қалыптастырылып,
баспаға беріледі. Журналға Аумақтық комиссия мүшелері қол қояды және
Базалық ЖОО-ны мөр басады.
Сонымен қатар Тармақтық ЖОО-ның өтініш журналы қалыптастырылып, сол
ЖОО-на басылады. Оған комиссия мүшелері қол қойып, ЖОО-на өз мөрін басады.
6.12 Базалық ЖОО-на талапкерлердің аудитория бойынша тізімі (Форма F-
26) құрылады.

Спецификация 7. [Тест өткізуге дайындалу]

7.1 Базалық ЖОО-ры тест өткізу үшін мынадай дайындық жүргізеді:
– аудиторлық қорды;
– аудиторияға кезекшілерді.
7.2 Барлық ЖОО-ны үшін ББТМСҰО әр ағынға аудиторияға бөліп емтихандық
материал дайындайды:
– Жауаптар парағы;
– Сұрақ кітапшасы;
– Жауаптар парағының көшірмесі.
7.3 БҒМ өкілінің Базалық ЖОО-на келіп тексереді:
– аудиторлық қордың дайындығын;
– аудиторлық кезекшілердің құрамын;
– программисттің жұмыс орнын;
– Базалық ЖОО-ның әр ағынының өтініш жинақ
журналын (Форма F-08-Б);
– Сызықтық ЖОО-ның өтініш журналын (Форма F-08-Л);
– тіркеу Журналы мен РТО кодтарын тапсыру журналы (Форма F-04);
7.4 БҒМ өкілі Тармақтық және Базалық ЖОО-ның Жауапты хатшысына
сертификатты қабылдау-тарату акті бойынша Сертификат Бланктерін тапсыруды
ұйымастырады.
7.5 БҒМ программисті:
– программисттің жұмыс орнын тексереді;
– Базалық ЖОО-ның программистінен талапкер дерек
қорын қабылдайды және тексереді;
– тестілеу кезеңінің арнайы ПҚЕ құрастырады.

Спецификация 8. [Тестілеу кезеңі]

8.1 Тестілеу кезеңін ұйымдастыру және нәтижелерді өңдеу БҒМ өкілінің
басшылығыен және Аумақтық комиссияның қатысуымен жүзеге асады. Тест
нәтижесін өңдеуді БҒМ программисті жүргізеді.
8.2 БҒМ өкілі емтихан күні:
– аудиторияға кезекшілерді бөледі;
– ҰҚК қызvеткерлерінен жіберу туралы үкім шығарады;
– емтихандық материалды қабылдау-тарату Акті бойынша
аудитория кезекшілеріне емтихандық материалды таратады (Форма F-29);
– емтихан барысын бақылайды;
– ережені бұзу кезінде жылдам шешім қабылдайды.
8.3 Тест аяқталған соң БҒМ өкілі Аумақтық комиссия мүшесімен бірігіп
емтихандық материалдарды қабылдау-тарату Акті бойынша аудитория
кезекшілерінен емтихандық материалды қабылдап алады:
– Жауаптар парағы;
– Сұрақ-кітапша;
– Талапкерлердің аудитория бойынша тізімі (Форма F-29);
– Талапкердің өз еркімен варианттын ауыстырған Акті (Форма F-27);
8.4 Емтихандық материалды қабылдаған соң БҒМ өкілі Аумақтық комиссия
мүшесі, ҰҚК өкілімен бірігіп дұрыс жауаптар кодын сәйкес жасырын сөзді
енгізу жолымен ашады. Дұрыс жауаптар коды Базалық ЖОО-ның Жауапты
хатшысына тақтаға ілуге беріледі.

Спецификация 9. [Жауаптар парағын сканерлеу]

9.1 Жауаптар парағын сканерлеу парақтағы боялған дөңгелектерді
қатесіз есептеу мақсатында екі рет жүргізіледі.
9.2 Жауаптар парағының идентификациясы автоматты түрде орындалуы
керек. Идентифицирленбеген жауаптар парағын қолжазба арқылы идентификация
жүргізу үшін БҒМ өкілі мен Аумақтық комиссия мүшесі Жауаптар парағының
идентификация хаттамасында енгізеді. Хаттамаға Аумақтық комиссия мен өкілі
қоя қояды.
9.3 Сканерлеу үрдісі мен қолжазбалық идентификация үрдісі параллель
(бірдей, бір уақытта) жүргізілді.
9.4 Жауаптар парағын сканерлеу үрдісінен соң БҒМ программисті
Дерекқорға Жауаптар парағы идентификация (Форма F-12) хаттамасын енгізеді.

Спецификация 10. [Тестілеу нәтижесін өңдеу және емтихандық тізімді
тарату]

10.1 БҒМ өкілінің талабы бойынша БҒМ программисті тестілеу нәтижесін
өңдеу үрдісін бастайды.
10.2 Кешендік тестілеудің нәтижесі көрсетілген Емтихандық тізім (Форма
F-13) екі данамен таратылады (1-сі қабылдау комиссиясына, 2-сі ортақ).
Барлық емтихандық тізімге Аумақтық комиссия мүшелері қол қояды.

Спецификация 11. [Апелляция]

11.1 Апелляцияға өтініш арнайы оптикалық маркерлік сканер көмегімен
оқылатын арнайы Бланкпен беріледі.
11.2 Апелляция комиссиясының шешімі сол Бланкте тіркеледі.
11.3 БҒМ өкілінің талабы бойынша БҒМ программисті апелляцияға өтініш
Бланкасын оқып, апелляция нәтижесін қоғамға мәлім етеді, апелляцияны есепке
ала отырып кешендік тестілеудің нәтижесінің емтихандық тізімін басып
шығарады (Форма F-13). Емтихандық тізімге Аумақтық комиссия мүшесі қол
қояды.
11.4 Апелляцияны есепке алған кешендік тестілеу нәтижесінің тізімі
файл түрінде ББТМСҰО -қа телекоммуникациялық торап арқылы жіберіледі.

Спецификация 12. [Сертификатты басу]

12.1 Апелляция аяқталған соң БҒМ программисті апелляция есепке
алынған кешендік тестілеудің емтихандық тізімінің файлын(Форма F-13) және
әр Тармақтық ЖОО-ны үшін сертификат басып шығару файлын қалыптастырады.
12.2 Сертификаттарды Тармақтық ЖОО-ның программисті басады. Дайын
болған сертификаттар Базалық ЖОО-на қолдарды қою және мөр басу үшін
жіберіледі.
12.3 Сертификаттарды тарату Тармақтық ЖОО-на Сертификаттар тапсыру
журналына(Форма F-17) талапкерлерден қол қойғызып алған соң беріледі.
Талапкер жинаған баллдар мен Сертификат номері салыстырылған соң,
Сертификат тарату тізіміне(Форма F-17) БҒМ өкілі мен Тармақтық ЖОО-ның
қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы қол қояды.

Спецификация 13. [Республикалық конкурстық комиссияның жұмыс нәтижесі
мен дайындығы]

13.1 ББТМСҰО -қа барлық Базалық ЖОО-нан тестілеу нәтижесі
телекоммуникация торабы бойынша беріледі.
13.2 ББТМСҰО Республикалық конкурстық комиссияның атқаратын жұмысы
үшін мамандықтар мен тілдік бөлімдерге бөлінген тестілеу нәтижесінің
жинақталған тізімін дайындайды.
13.3 Республикалық конкурстық комиссияның грант пен кредитті беру
шешімі туралы деректер ББТМСҰО дереққорына жіберіледі.
13.4 Білім гранты мен кредитының иегерлерінің тізімі ашық баспаға
және Базалық ЖОО-на берілуі үшін қалыптастырылады.
13.5 ББТМСҰО мемлекеттік білім гранты мен кредитының иегерлерінің
куәліктерін басып таратуда жүзеге асырады.
13.6 Мемлекеттік Білім гранты мен кредитының иесі деген куәліктер
Базалық және Тармақтық ЖОО-да талапкерлерге тапсырылады.

Спецификация 14. [ЖОО-на алуға өтініш қабылдау]

14.1 ББТМСҰО ЖОО-рын өтніш қабылдаудың арнайы ПҚ етеді.
14.2 ЖОО-на алынуы аяқталған соң 1-курс студенттерінің тізімі
шығарылады.
14.3 1-курсқа қабылданған студенттер тізімі ББТМСҰО-қа Базалық ЖОО-
на арқылы телекоммуникациондық торап бойынша жіберіледі.

Спецификация 15. [Енгізу және шығару құжаттары]

15.1 Енгізу және шығару құжаттарының қатары А қосымшасында
келтірілген.

2.2 Тармақтық ЖОО-ның программистінің автоматталған жұмыс орнына
қойылатын талаптар

Тармақтық ЖОО-ның программистінің автоматталған жұмыс орны деген
қосымшасы келесі қызметтерді орындауы тиіс:
– Тармақтық ЖОО-ны бойынша ПҚЕ-ні жөнге келтіру;
– РТО кодтары тіркелген журналды тапсыру;
– Базалық ЖОО-нан сканерленген өтініштерді қабылдау;
– Жіберу құжатын тапсыру, оның тізімін және қателер
хаттамасын тапсыру;
– Тармақтық ЖОО-дағы өтініш қабылдау туралы
статистикалық деректерді тарату;
– Республика масштабындағы Базалық ЖОО-нан
статистикалық деректер қабылдау және басып шығару;
– Тармақтық ЖОО-ның өтініш журналын тарату;
– Тізімді тарату:
– Алтын белгің иегерлерінің;
– Республикалық және халықаралық олимпиада жүлдегерлерінің;
– орындаушы конкурстарының жеңімпаздарының;
– спорт шеберлерінің;
– спорттан Қазақстан Республикасының құрамасының мүшелері;
– жетімдер;
– мүгедектер;
– оқу озаттарының;
– ауыл квотасы бойынша жеңілдікке ие болушы бақталастар;
– 1-ші шығармашылық емтиханды тапсырғандар;
– 2-ші шығармашылық емтиханды тапсырғандар;
– Сертификаттарды басып шығару.

2.3 Базалық ЖОО-ның программистерінің автоматталған жұмыс орнына қойылатын
талаптар

Бұл қосымша мынадай қызметтер атқаруы керек:
– Базалық ЖОО-ның спецификасы бойынша ПҚЕ –ді
жөнге келтіру.
– Базалық ЖОО-ның дерекқорын инициализациялау;
– Тармақтық ЖОО-ның өтініш Бланкаларын сканерлеу;
– Сканерленген өтініштерді Базалық ЖОО-нан
Тармақтық ЖОО-на жіберу;
– ББТМСҰО -тан Республика масштабынан
статистикалық деректерді қабылдау;
– Базалық ЖОО-ның статистикалық деректерін есептеу;
– Статистикалық деректерді ББТМСҰО -қа Базалық
ЖОО арқылы жіберу;
– Республика масштабындағы Тармақтық ЖОО-на
статистикалық деректерді беру;
– ББТМСҰО -тан Республикалық конкурстық комиссия
шешімін қабылдау;
– Республикалық конкурстық комиссия шешімін
Тармақтық ЖОО-на беру;
– Өтініш жинақ журналын тапсыру;
– Талапкердің аудитория бойынша тізімін тарату;
– Грант пен кредит иегерлерінің тізімін өңдеу.

3 Негізгі бөлім

3.1 Идеология, әдістер, жағдайлар

Қазақстан Республикасының ЖОО студенттік қауымының түзілуінің
технологиясының 2.0. Баламасын жасағандағы мақсаттар:
– Тестілеу және грант пен кредитті бергенге дейінгі
уақытты қысқарту (бір аптаға дейін);
– тестілеуді ұйымдастырушы және өткізушілердің
арасында міндеттерді нақты бөліп беру;
– тестілеуді ұйымдастырушы және өткізушілердің өткізетін
әр операциясын автоматты құжаттау;
– опткалық сканерді кеңінен пайдаланып қол еңбегін
азайту;
– өтініш Бланкасын және жауаптар парағының, олардың
құрылымы мен қайталанатын реквизиттерді алып тастау жолымен сенімділігін
арттыру;
– өтініш қабылдау барысы туралы статистикалық
деректермен қамтамасыз ету:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық
Жалпыға бірдей қызмет көрсету жүйелерін модельдеу
Сотқа дейінгі тергеудің мерзімі
Арнаулы салық режимдері туралы
Арнаулы салық режимдерін қолданатын тұлғалар
Отбасына психологиялық кеңес берудің негізгі кезеңдері
Кедендік Жүк декларациясы кедендік ресімдеуде қолданылатын негізгі құжат
Арнаулы салық режимдерін қолдану ерекшеліктері
Халықаралық инвестициялық жылжымайтын мүлік есептілігінің стандарты
Қылмыстық процесс ұғымы мен міндеттері
Пәндер