HTML тілінде WEB құжаттарын құру мүкіндіктері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Жаңа информациялық технологиялар, интернет жүйесі адам қызметінің барлық саласында: оқу, өндіріс, ауыл шаруашылығы, ғылыми зерттеу жұмыстары, медецина және күнделікті тұрмысқа көптеген өзгерістер енгізуде. Информация тасқынына ілесіп отыру және оны өңдеу өркениетті елдер деңгейіне көтерілуіміздің белгісі. Информация дамуы мен информациялық техниканың соңғы жетістіктері қуатты да шапшан жұмыс істейтін компьютерді өмірге алып келді, сонымен бірге мектептер компьютерлендіру үстінде.

Білім беру жүйесінде жасалып жатқан әрекеттерді іске асыру - барлық пәндерді оқыту әдістемесіне де жаңаша талаптар қоюда.

Келешек әр бір пән мұғалімі компьютердің мүмкіндіктерін жетік меңгеріп өз пәнінде, мектепте қолдана алуы тиіс.

Өйткені ХХ ғасыр Қазақстанды ақпараттандыру ғасыры болғандықтан БОЛОН процесінде білім санасын әлемдік деңгейге көтеру, білім беру жүйесін ақпараттандыру, мектеп - интернеттерді құру құрастырылды. Сондай - ақ, Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауында барлық білім беру мекеме қызметкерлері өз бетімен білім алу, толық қанды, сапалы және бәсекеге қабілетті білім беруге қол жеткізу үшін оқу процесіне электронды оқулықтар мен мультимедиялық бағдарламаларды тиімді енгізу, сонымен бірге халықтың кең жігінің компьютерлік сауаттылығын қамтамасыз ететін әлемдік білім беру ортасына интеграциялану үшін жан - жақты жағдайлар жасау бойынша масштапты жұмыс бастау қажеттілігі жөнінде, әрбір пән мұғалімінің компьютерлік білімі болып, сабақта электрондық оқулықтарды тиімді қолдана алуы тиіс деген болатын.

Бұл электронды оқулық бастауыш педагогтармен орта мектеп оқушыларына арналып, ақпараттық технологияның соңғы жетістіктерін кеңінен пайдалана отырып, өзіміздің төл тілімізде дайындалған.

І. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздік ережелері

1. 1 Еңбекті қорғаудың түсінігі және қағидалары

Қазақстан Республикасының Конституциясында адамдардың еңбегі мен денсаулығы мемлекетпен қорғалатыны, әрбір адамзаттың қауіпсіздік және тазалық талаптарына жауап беретін жағдайда еңбек ету құқығы жарияланған. Мемлекет бұл талаптарды, ең алдымен, еңбекті қорғау және оларды орындауға қадағалау жүргізу туралы нормалар жүйесі арқылы орындайды.

Еңбекті қорғауды кең және тар мағынада түсінуге болады. Кең мағынада еңбекті қорғау дегеніміз - бұл қызметкерлердің еңбек қызметі барысында оның өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі. Кең мағынада еңбекті қорғау құқықтық, медициналық, техникалық және экономикалық құрамдас бөліктерден тұрады. Бұл жерде ескеретін бір жайт, еңбекті қорғаудың кем дегенде бір құрамдас бөлігі бұзылса, онда бүкіл еңбекті қорғау бұзылды деп саналады.

Мысалы, еңбекті қорғаудың техникалық аспектісі машиналарды, жабдықтарды жасау, өндірістік ғимараттарды салу және т. б кезінде еңбекті қорғау ережелерінің сақталуы тиіс екендігін білдіреді. Егер жабдықтар, станоктар, машиналар және т. б оларда жұмыс істейтін адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті етіп жасалса, онда өндірістегі қайғылы оқиғалар, өндірістік жарақаттар орын алатыны сөзсіз. Немесе егер ластанумен байланысты жұмыстар өндірісінде жуыну, санитарлық - гигиеналық бөлмелер жабдықталмаса, ал ыстық цехтарда тиісті тұзды су болмаса немесе бөлмелер ластанған, қоқыстанған, газданған болса не оларда зиянды заттардың рұқсат етілген нормалары шамадан тыс асып кетсе - бұл еңбекті қорғаудың медициналық құрамдас бөлігінің бұзылғанын білдіреді, бұл дегеніміз бүкіл еңбекті қорғау бұзылған, яғни сол жерде жұмыс істейтін қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнген.

Дәл осындай жағдайда еңбекті қорғаудың экономикалық аспектісі бұзылған кезде де орын алады, яғни еңбекті қорғау қаржыландырылмаса және осының нәтижесінде қызметкерлер қорғау құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етілмесе, ескірген жабдықтар, машиналар ауыстырылмаса, бұд жағдайлар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті еңбек жағдайларын тудыратыны сөзсіз.

Кең мағынада еңбекті қорғау адам еңбек ететін кез келген жерде қажет. Еңбекті қорғау барлық меншік нысанындағы ұйымдардағы еңбекке, сонымен қатар, қызметкерлердің, жұмыс берушілердің, кооператив мүшелерінің, тәжірибеден өтіп жүрген студенттердің, соттың үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген азаматтардың еңбегіне таралады.

Тар мағынада еңбекті қорғау дегеніміз - бұл қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз еңбек жағдйаларын қамтамасыз етуі тиіс құралдар мен шаралардың жүйесі.

Бұл шаралар мен құралдар мыналарда көзделген:

- еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нұсқауларда;

- ауыр, зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін тұлғалар үшін жеңілдіктер мен өтемақылар туралы арнайы нормаларда;

- әйелдердің, кәмелетке толмағандардың және еңбекке қабілеті төмен тұлғалардың еңбегін қорғау жөніндегі нормаларда;

- өндірістегі қайғылы оқиғаларды тергеу және есепке алу ережелерінде;

- қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария жөніндегі ережелерде.

Еңбекті қорғау саласындағы ұлттық саясаттың негізгі қағидалары Қазақстан Республикасының «Еңбекті қорғау туралы» заңының 4 - бабында көзделген. Еңбекті қорғау саласындағы ұлттық саясат кәсіподақтар мен жұмыс берушілердің қатысуымен барлық деңгейдегі мемлекеттік билік және басқару органдарының қызметінің бірлесуін көздейді және келесі қағидаларға негізделеді:

- кәсіпорынның өндірістік қызметінің нәтижелеріне қарағанда қызметкердің өмірі мен денсаулығының үстемдігі;

- меншік иесінің немесе оның уәкілетті өкілінің толық жауапкершілігі;

- еңбекті қорғау міндеттерін осы мәселелерге қатысты мемлекеттік бағдарламалардың және еңбекті қорғау саласындағы қызметтің экономикалық және әлеуметтік саясаттың өзге де бағыттарымен үйлестірудің нәтижесінде кешенді түрде шешу;

- еңбекті қорғау саласында меншік нысанын және шаруашылық қызметіне қарамастан барлық кәсіпорындар үшін бірыңғай талаптарды белгілеу;

- кәсіпорындардағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік техника талаптарының орындалуына мемлекеттік қадағалау және бақылауды жүзеге асыру;

- еңбекті қорғауға қатыстыалдыңғы қатарлы ұлттық және шетелдік тәжірибені, ғылым, техника жетістіктерін кеңінен пайдалану;

- еңбекті қорғауды қаржыландыруға мемлекеттің қатысуы;

- қызметкерлерді арнайы киіммен және аяқ киіммен, жеке қорғану құралдарымен, емдеу - сауықтыру орындарындағы демалыспен және т. б қамтамасыз ету;

- өндірісте қайғылы оқиғалардан жәбір шеккен немесе кәсіптік аурумен науқастанған қызметкерлердің мүдделерін әлеуметтік қорғау;

- жоғары және орта арнайы оқу мекемелерінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша мамандарды дайындау;

- қызметкерлердің, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың және жекеленген тұлғалардың өкілдік ұйымдарының еңбекті қорғауды қаматамасыз етуге бағытталағн қызметіне жан - жақты қолдау көрсету;

- еңбекті қорғау мәселелерін шешудегі халықаралық одақтастық.

1. 2 Қызметкерлер мен жұмыс берушілердің еңбекті қорғауға қатысты құқұқтары мен міндеттері және олардың кепілдіктері

Әрбір азамат еңбекті қорғау құқығына, яғни қауіпсіздік пен еңбек тазалығы талаптарына жауап беретін еңбек жағдайлары құқығына ие. Бұл Қазақстан Республикасының Конституциясында және Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» заңында белгіленген негізгі құқықтардың бірі.

Еңбекті қорғауға құқық дегеніміз бұл:

- зиянды және қауіпті өндірістік факторлардан қорғаулы тиіс қауіпсіз жұмыс орны, мұндай факторлар өндірістік жарақатқа, кәсіптік ауруға немесе жұмысқа қабілеттің төмендеуіне әкелмеуі тиіс;

- қайғылы оқиғалар мен кәсіптік ауруларды міндетті түрде тергеу және мұндай жағдайларда әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету;

- ұжымдық және жеке қорғану құралдарымен тегін қамтамасыз ету;

- жұмыстың және еңбек тәсілдерінің қауіпсіз әдістеріне үйрету;

- өзінің жұмыс орнындағы еңбекті қорғау жағдайы туралы, денсаулыққа келуі мүмкін зақымдарға қатысты тәуекелдер туралы және оларды қорғау жөнінде қабылданған шаралар туралы шынайы ақпарат алу;

- өзінің өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнген жағдайда осы қауіпті жойғанға дейін жұмысты орындаудан бас тарту;

- кәсіпорындарды жобалау, салу және қолданысқа беру кезінде еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету,

- еңбекті қорғау бойынша мамандарды дайындау;

- еңбекті қорғауды қаржыландыру.

Қауіпсіз жұмыс орнына құқық кәсіпорындардағы, әрбір жұмыс орнындағы еңбек жағдайлары еңбекті қорғауға қатысты стандарттарға, ережелерге және нормаларға сәйкес болуы тиіс екендігін білдіреді. Жұмыс орны өндірістік жарақатқа, кәсіптік ауруға немесе еңбекке қабілеттің төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін қауіпті, зиянды өндірістік факторлардың әсерінен қорғалуы тиіс. Еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету, еңбекті қорғаудың жағдайына бақылауды ұйымдастыру және еңбек ұжымын осы бақылаудың нәтижелері туралы уақтылы хабарланыдырып отыру міндеті жұмыс берушіге жүктеледі.

Еңбекті қорғау талаптарын сақтаған жағдайда өндірістегі қайғылы оқиғалар, жарақат алу, кәсіптік аурумен ауыру төтенше жағдайлар болып табылады. Алайда, егер мұндай жағдайлар орын алса, қызметкерлер өздерінің тікелей басшыларын немесе басшылықты кез келген қайғылы оқиға, кәсіптік аурудың белгілері туралы, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін кез келген жағдайлар туралы жедел түрде хабарландыруға міндетті.

1. 3 Техника қауіпсіздік ережелері және есептеу техника кабинетіне қойылатын талаптар

Есептеуіш техникасы кабинетінде (компьютерлік сыныпта ) жұмыс істеу кезінде белгілі бір ережелерді сақтаған өте маңызды. Сол ережелерді тізіп шығайық. Әрбір оқушы оларды жаттап, мұқият орындауы керек.

Есептеуіш техника кабинетінде тәртіп сақтау ережелері:

1 Есептеу техникасы кабинетінде кірерде оқушылар бірін-бірі итермелемеуі керек. Стол бетінде ештеңеге тиіспей, асықпай өз жұмыс орнына отыру керек.

2 Есептеу техникасы кабинетіне сыртқы киіммен және ауысымды аяқкиімсіз кіруге болмайды.

3 Есептеу техникасы кабинетінде мұғалімнің бақылауынсыз кіруге болмайды.

4 Есептеу техникасы кабинетінде:

1) қосылушы сымдардың айырғыштарын қозғауға;

2) желілік сымдарға қол тигізуге;

3) монитордың артқы жағы мен экранға қол тигізуге

4) кернеу сөніп тұрған жағдайда пернетақтамен жұмыс істеуге

5) компьютерде ылғалды киіммен және сулы қолмен жұмыс істеуге

6) компьютерде құрамдық тетіктерінің үстіне заттарды қоюға болмайды

Оқушының міндеттері:

Компьютерде жұмысты бастар алдында:

1) компьютерде көзге көрінерлік ақаулықтардың жоқ екеніне көз жеткізуге, ондай болған жағдайда бұл жөнінде мұғалімге хабарлауға және өзі жөндемеуге

2) машиналық уақытты есептеу журналында жұмыстың басталған күні мен уақытын, аты-жөні мен сынып атауын және де жұмысты бастар алдында байқаған ақаулықтарды жазуға,

3) жұмысқа мұғалімнің нұсқауымен ғана кірісуге міндетті.

Қауіпсіздік техникасының ережелері:

  1. Жалпы қауіпсіздік талаптар
  2. ДК-де жұмысты бастау алдында
  3. Жұмыс істеу кезінде
  4. Апат жағдайларында
  5. Жұмысты аяқтағанда

Жалпы қауіпсіздік талаптары:

  1. Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штекерге тиісуге тиым салынады.
  2. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге, сыныпта жүруге және сыныптан шығуға болмайды.
  3. ДК-де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.
  4. Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тиым салынады.
  5. Үстелге, ДК-дің жанына сумка, портфель, кітап қоюға болмайды.

ДК-де жұмысты бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары:

  1. ДК электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.
  2. Сымдардың бос салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.
  3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.

ДК-де жұмыс істеу кезінде қойылатын қауіпсіздік талаптары:

  1. ЭЕМ-да жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60-70 см) сақтау керек. Мүмкін қашықтық - 50см.
  2. Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруыныңқажеті жоқ.
  3. Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді демалдыратын бірнеше жаттығу орындау керек.
  4. Пайдаланушы электр тогымен зақымдағанда алғашқы алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.

Апат жағдайларында қауіпсіздік талаптары:

  1. ДК-де жұмыс істеу барысында түтін немесе әдеттен тыс дыбыстар пайда болғанда жұмысты тоқтатып, ЭЕМ-ді өшіріп оқытушыға хабарлау керек.
  2. Қажет болса, өртті сөндіруге көмектесу керек.
  3. Есептеуіш техника кабинетінде өртті сумен өшіруге болмайды. Мұнда құмды немесе көбікті өрт сөндіргішті пайдалану керек.
  4. Егер зақымданған адам электр тогының әсерінде болса, оны жалаңаш қолмен ұстауға болмайды. Зақымданушыны электр тогын өткізбейтін материалды пайдаланып ток көзінен босату керек.

ДК-де жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары:

  1. ЭЕМ-ді белгілі тәртіп бойынша өшіру керек.
  2. Жұмыс орнын ретке келтіру керек.
  3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.

Көз талғанда жасайтын жаттығулар

1-жаттығу

  • көздеріңнің бұлшық етін қатайтып, бірнеше секунд жұмыңдар
  • көздеріңнің бұлшық етін босаңсытып, ашыңдар
  • Бұл кезде бірқалыпты дем алып, 4-5 рет қайталаймыз.

2-жаттығу

  • кеңсірікке қарап тұрып, 3 рет терең дем алыңдар. Көздеріңді талдырмаңдар
  • алысқа қадалып қараңдар.

3-жаттығу

  • бастарында бұрмай, оңға қарап, көз тікке нүктені белгілендер
  • алысқа қадалып қараңдар.

4-жаттығу

  • бастарында бұрмай, солға қарап, көз тікке нүктені белгілендер
  • алысқа қадалып қараңдар.

5-жаттығу

  • бастарында көтермей, жоғары қарап, көздерің түскен нүктені белгілендер
  • алысқа қадалып қараңдар.

6-жаттығу

  • бастарында бұрмай, төмен қарап, көздерің түскен нүктені белгілендер
  • алысқа қадалып қараңдар.

7-жаттығу

  • көздеріңді 20-30 секунд бойы жиі-жиі жыпылықтатыңдар.

Алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері:

Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:

  1. Токты ажырату (тарату тақтасындағы тумблерді өшіру) ;
  2. Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату;
  3. Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек көрсету;
  4. Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен)

Күйгенде көмек көрсету:

  1. Ауруды сездірмейтін және тыныштандыратын дәрілер беру (аналгин, валерьянка) ;
  2. Күйген жеріне май жағу (винилин) ;
  3. Жарақаттанған жерге микробтар түспеуі үшін алдын ала целлофанмен орап, суық судың астына ұстау;
  4. Дәрігер шақыру.

Талып қалғанда көмек көрсету:

  1. Зақымданған адамды басын бұрып жазық жерге шалқасынан жатқызу;
  2. Дәрігер шақыру.

Демі тоқтағанда көмек көрсету:

  1. Зақымданған адамды тілінің аузындағы қалпын тексеру керек, егер ары кетіп қалған болса, қолымен орнына келтіру;
  2. Дәрігер шақыру.
  3. Демі қалпына келгенше немесе дәрігерлер келіп жеткенше қолдан дем алдыру (ауыздан-ауызға) керек.

Санитарлық-гигиеналық талаптар:

  1. Есептеуіш техника (ЕТ) кабинеті бөлмелерінің санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес табиғи және жасанды жарық көздері болуы тиіс.
  2. Негізгі табиғи жарық көздері сол жақтан түсуі керек. Терезелер бөлменің солтүстік немесе солтұстік-шығыс жағындағы қабырғаларда орналасқаны дұрыс. Негізгі табиғи жарық сәулелерін дербес компьютерде отырған адамның алдынан немесе артынан түсіруге болмайды. Кабинет бөлмесінің ұзындығы 6м-ден асып, жарық екі жақтан түсірілетні болған жағдайда, оң жақта еденнен 2, 2м-ден кем болмайтын биіктікте қосымша жарық беретін құрылғы болуы тиіс.
  3. ЕТ кабинетінің жарық беру қонырғылары ретінде ДЭЕМ орналасқан жұмыс үстелдерінің екі жағында түзу қатар бойына ара қашықтықтары бірдей болып орналасқан люминесценттіжарық шамдары пайдаланылуы тиіс, олар бөлме төбесіне қондырылады немесе ілініп қойылады. Жарық шамдары мен терезеден түскен сәулелер ДЭЕМ экрандарынан шағылыспауы керек.
  4. Оқушылар отырған үстел беттерінің жасанды жарық көздерінен сәулеленуі 300-500 лк аймағында болуы тиіс. Жарық шамдары сәулелерді біркелкі шашырататын арматуралармен жабдықталуы керек.
  5. Жарық көздері ретінде ең тиімді болып саналатын және спектрлік құрамы да ойдағыдай деп есептелетін, қуаты 40 Вт, 58 ВТ люминесцентті немесе энергияны тиімді пайдаланатын ЛБ, ЛХБ типтес шамдарды пайдалану ұсынылады.
  6. ДЭЕМ-дер орналастырылған оқу бөлмелері үшін іске қосылуы реттелетін жоғары жиілікті аппараттары бар ЛП036 сериясындағы шамдарды пайдалану керек. Мұнан өзге «қиғаш жарық» (косо свет) модификация-сындағы жарық шамдарын пайдалануға болады.
  7. ДЭЕМ-дер орналасқан бөлмелердің ауасын органикалық негіздегі антропогенді заттармен және көміртегі диоксидімен ластамас үшін барлық климаттағы аймақтарда тиімді ылғалдық-температуралық режимді қамтамасыз ететін кірмелі-шықпалы вентиляция қою ұсынылады.
  8. Кірмелі-шықпалы вентиляция болмаған жағдайда ауаны тазарту ісін тұрмыстық кондиционерлер көмегімен ұйымдастыруға болады. Кондиционерлер мүмкіндігін есептеуді вентиляцияның жұмыс өнімділігін, компьютерлерден шамадан тыс бөлінетін жылу көлемін, ондағы адамдар санын, күннің радиациясын және жасанды жарық көздерін есепке алу жолымен вентиляция жөніндегі инженер жүргізеді
  9. ЕТ кабинеті салқын және ыстық суы бар қол жуғышпен жабдықталуы тиіс.
  10. Кабинеттің электрмен жабдықталуы ГОСТ 28139-89 талаптарына және электр қондырғыларын орнату ережелеріне сәйкес атқарылуы керек.
  11. Мұғалім мен оқушылар үстелдеріне электр кернеуін жалғау тұрақты түрде және көзге көрінбейтіндей етіп жасалуы тиіс.
  12. Электр беру тақтасы мен оны қорғаныс мақсатында өшіру құрылғысы мұғалімге электрмен қоректендіру жүйесін бірден өшіру мүмкіндігін беруі қажет. Олар сынып тақтасының оң және сол жақтарында орналасуы тиіс.
  13. ЕТ кабинетінің өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ол екі көмірқышқылды өртсөндіргішпен (ОУ-2 типтес) жабдықталуы қажет.
  14. Қабырғалар мен тақталарды бояу ақшыл реңді бояулар пайдаланылуы керек (р=0, 5-0, 6) . Бояулар құрамы ауаға әк тозаңын шығармайтындай болуы тиіс.
  15. Кабинеттегі заттардың, сынып тақтасының, жұмыс үстелдерінің беткейлері жылтыр емес, біркелкі жағымды түсте болғаны дұрыс.
  16. Еден беткейлері де тайғанамайтын тегіз, тазалауға, ылғалмен сүртуге ыңғайлы, антистатикалық қасиеттері бар болуы керек.
  17. ДЭЕМ-дер мен бейне дисплейлік терминалдар орналастырылған бөлмелердің ауасындағы зиянды химиялық заттар мөлшері олардың атмосфералық ауадағы орташа тәуліктік концентрациясынан аспауы тиіс.
  18. ДЭЕМ-дер мен бейне дисплейлік терминалдар тұрған бөлмелердің ішкі интерьерін безендіруде ауаға зиянды химиялық заттар тозаңдарын бөліп шығаратын синтетикалық материалдар пайдалануға рұқсат етілмейді. Ондайларға ағаш жаңқаларынан шыққан тақталар, қабатталған қағаз пластик, жуылатын түсқағаздар (обои), оралмалы синтетикалық қабыршақтар т. б. жатады.
  19. ДЭЕМ-дер мен бейне дисплейлік терминалдар орналастырылған барлық бөлмелердегі шу деңгейі 50 дБ-дан аспауы тиіс.

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1 «Паскаль тілінің электронды есептер жиынтығы» электронды оқулығының мақсаты мен маңыздылығы

Бұл электронды оқулықтың басты бағыты Турбо Паскаль тілін меңгеруді қызықты әрі ыңғайлы түрге келтіру, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.

Паскаль тілінің бірінші версиясы Швецария ғалымы профессор Никлау Вирт тарапынан (1968ж) жаратылған. Тіл өз атауын француз математигі және философы Блез Паскальдың (1623-1662) құрметіне алған.

Қазіргі кезде Паскаль тілінің кеңейтілген ондаған диалектісі (версиялары) бар, оның ішінде IBM PC-ге үйлесімді дербес компьютерлер жұмыс істей алатын Турбо Паскаль диалектісінің нұсқалары да жеткілікті.

1992 ж. Borland International фирмасы Паскаль тіліне негізделген екі пакет жасап шығарды: Borland Pascal 7. 0 және Turbo Pascal 7. 0. Бірінші бағдарлама пакеті үш режимде жұмыс істей алады: Ms Dos операциялық жүйсінің әдеттегі қорғаныс режимінде және Windows жүйесінде. Ол үшін қатты дисктен 30 мБайт және оперативтік жадтан 2 мБайт мөлшерде орын қажет.

1981 жылы Паскаль тілі Халықаралық стандартты қабылдады. IBM PC типіндегі дербес компьютерлерде Borland корпорациясы профессор Андерс Хейзбург - Турбо Паскаль басшылығмен жасалынған компилятор кеңінен қолданылды.

Турбо Паскаль тілінің маңызды жетістігі компилятор көлемінің аздығы, стандартты Паскальға сәйкес жоғары дәрежесі, бағдарламаны өте аз компиляциялау, компиляторды интерактивті экрандық редактормен бірлестіру, ағымдағы бағдарламалар деңгейінде қателер жөнінде алдын ала ескерту, бағдарлама аясындағы ауқымды кітапхана және бағдарламалау жүйесін оңайтылатын пайдалы кеңейтулер жатады.

Паскаль тілі оқып үйреуге жеңіл, түрлі салалық информациямен жұмыс істеуде нәтижелі болғандықтан, дүние жүзінде көп тараған тілдердің бірі. Оның ыңғайлылығы:

  • Тіл алгоритм құрылымын сақтап құрылған.

Мұнда бағдарламаны бірте-бірте дамыту арқылы жинақты түрде құруға болады. Ол бағдарламалау тәсілін үйрену үшін де қажет;

  • Тілге дамытылған берілгендер типтері енгізілген.

Олар өңделген берілгендер элементтердің толық сәйкестендіріп сипаттау және жаңа берілгендер типтерін енгізуге мүмкіндік береді;

  • Мұнда кішігірім жеңіл бастамалар мен бірге күрделі құрылымды бағдарламаларды да құруға болады;
  • Тіл синтаксисі қиын емес, нұсқаулардың (операторлардың) саны мүмкіндігінше азайтылған т. б.

2. 2. Borland Delphі программасы туралы қысқаша түсініктеме

Wіndows терезесі арқылы Borland Delphі-ді іске қосу командасы:

Пуск - Программа - Borland Delphі 7 → Delphі 7

3 2

(1-сурет)

Borland Delphі ортасы

Мұндағы:

1 - Borland Delphі дің негізгі терезесі;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
РНР фреймворк тұжырымдамасы
Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Кинофото құжаттары және дыбыс жазбалары
Қазіргі WEB технологиялар
Компьютерлік телекоммуникациялық техниканың және технологияның рөлі
HTML тілінің негізгі тегтерінің кестесі
Интернеттің іздеу технологиялары
HTML туралы жалпы түсiнiк
Html-құжатының жалпы құрылымы
Java туралы жалпы түсiнiк
HTML - құжаттарды жасақтау және өңдеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz