Мәліметтер базасының теориясы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе3

1 Автоматтандыру мәселесіне аналитикалық шолу5

1. 1 Автоматтандыру мәселесінің теоретикалық негіздері5

1. 2 Қазіргі кездегі МББЖ теориясы9

1. 2. 1 Мәліметтер базасының теориясы9

1. 2. 2 МББЖ архитектурасы11

1. 2. 3 Мәліметтер базасы теориясының негізгі түсініктері14

1. 2. 4 Мәліметтер базасын жобалау негіздері21

1. 3 Қызметкерлермен жұмысты автоматтандыру25

1. 3. 1 Қызметкерлермен жұмысты автоматтандыру мәселелері25

1. 3. 2 Кадрлық ақпаратты көкейкесті қалыпта ұстау26

2 Реляционды МББЖ Microsoft Access28

2. 1 Microsoft Access-ті қолданудың ерекшеліктері28

2. 2 Мәліметтер құрылымын анықтау мен енгізу29

2. 3 Мәліметтерді өңдеу және басқару31

2. 4 Microsoft Access-тің қосымша мүмкіндіктері. 32

2. 5 Microsoft Access-ті қолдану ерекшеліктері33

3 Жобалық бөлім36

3. 1 Зерттеу объектінің сипаттамасы36

3. 2 Мәселенің қойылымы38

3. 3 Мәселені шешу алгоритмі39

3. 4 Бағдарламаны сипаттау42

3. 5 Мәліметтерді өңдеудің нәтижелері46

3. 6 Мәліметтер өңдеу жүйесінің экономикалық тиімділігі46

Қорытынды48

Қолданылған әдебиеттер тізімі50

Кіріспе

Экономикадағы нарықтық қатынастарға өту мен ғылыми техникалық прогресс Қазақстан қоғамының әлеуметтік-экономикалық өмірінің барлық сфераларына ақпараттандыру облысындағы соңғы жетістіктерінің енгізілуін елеулі жеделдетті. Қазақстанның экономикада, әлеуметтік салада жоғары нәтижеге жетуі және әлемдік экономикалық жүйеде тең құқықты әріптес орнына ие болуы қазіргі кездегі ақпараттық технологиялардың адам қызметінің барлық аспекттерінде қолданылу масштабна, сонымен қатар осы технологиялар қоғамдық еңбектің тиімділігін көтеруде қандай рөл атқаратынына байланысты.

Соңғы жылдары отандық ғылымымыз ақпараттандырудың теоретикалық негіздерін тұрғызуында елеулі үлесін қосты. Ол информациологияның тууына себеп болды. Информациология ғылымы құбылыстарды зерттеудегі ғылыми бағыттарының анализі мен синтез нәтижесі және бірдей ақпараттық негізде болатын үрдістердің нәтижесі болып табылады. Ақпарат энегиямен, массамен, кеңістікпен және уақытпен қатар тұтынылатын пән ретінде ғана зерттелінбей, сонымен қатар қазіргі кезде адамзат өмірінің барлық сфераларында тапшы және көкейкесті болып келеді[1] .

Экономикалық үрдістерді басқару облысында ақпарат ең алдымен құн/өндіріс қатынасын төмендету арқылы жұмысшылар еңбегінің өндірістігін арттыру, сонымен қатар басқарушылық қызметпен айналысатын мамандардың біліктілігі мен кәсіпкерлік сауаттылықты жоғарылатуды білдіреді.

ЭЕМ мен дамыған коммуникация құралдары негізінде экономикада жаңа ақпараттық технологияларды қолдану сферасы өте кең және жұмыс бойынша хат алмасуды қамтамасыз етуден бастап жүйелік анализ бен күрделі есептерде шешім қабылдауға дейін әртүрлі аспекттері кіреді. Персоналды компьютерлер, лазерлі оптикалық техника, бұқаралық ақпарат құралдары кәсіпорындарға, фирмаларға, ұйымдарға, олардың еңбек ұжымдары мен жеке мамандарға өздерінің кәсіптік, білімдік, мәдениет жағынан және тұрмыс қызығушылықтарын іске асару үшін керекті кезде толық көлемде барлық керекті ақпаратты ұсынады.

Ақпараттық үрдістер ақпаратты еңбек, материалдық, қаржылық құралдарды үнемдейтін өте маңызды, құнды және қымбат ресурстарға жатқызуға мүмкіндік береді.

Қазақстанда тауарлы және қаржылық нарықтардың ұмтылысты дамуы қоғам өмірінің барлық сфераларында ақпараттандыру үрдістерінің қарқынды өсуіне түрткі болды. Ақпараттандырудың рөлін бағалауға және шаруашылық-өндірістік, басқарушылық қызметтерге, қолданушылардың әртүрлі категорияларына ақпараттық қызмет етуге деген көзқарастар өзгерді. Біздің қоғамымыз ашық болды. Сол себептен қолданушының сенімді, жаңа, толық, қол жетерлік мәліметтерге деген қажеттілігі өсті. Ақпарат экономика және өндіріс субьектілері қызметтерінің барлық жақтарын қамтиды.

Басқару мақсаттары үшін ақпараттың жоғары қажеттілігі мен ақпараттық үрдістердің ауқымды дамуы оның инфрақұрылымының компоненттерін жасауын бірінші орынға қойды. Ақпараттық инфрақұрылым есептеуіш техникасын, коммуникация құралдарын, әдістік және бағдарламалық қамтамасыз етуді, технологияларды, қосымша қызмет түрлерін қамтиды. Ғылыми-техникалық, саясаттық, экономикалық және басқа да ақпараттүрлер көлемінің өсуі басқаруда ақпараттық технологиялардың кең қолдану қажеттілігін тудырады. Әртүрлі сипаттағы автоматтандырылған жүйелерді тұрғызуда да қажеттілік сәйкесінше өседі.

Автоматтандырылған жүйелер мен технологиялардың тиімділік критерийлерін қалыптастыруда өзгерістер орын алды. Егер де бұрын әкімшілік-топтық жүйе жағдайында негізгі қысым машиналық ақпаратты өңдеудегі шығындарды анықтауға жасалса, онда бүгінгі таңда ең алдымен тез шешім қабылдау, нақты үрдістерге аналитикалық мәліметтердің баламалылық дәрежесі, экономикалық-математикалық әдістер мен модельдерді нақты қаржылық, өндірістік жағдайларда анализ жасау үшін мүмкіндігін қолдану көкейкесті болып табылады[2] .

Қоғамдық-экономикалық өмірдің барлық сфераларында ақпараттандыру мәселелерінің көкейкестілігі айқын болып тұр. Тиімді компьютерлік бағдарламалар мен технологияларды құруға, қолдануға деген сұраныс қазіргі кезде өте жоғары. Нарық еркіндігін тәртіпке келтіру қажеттілігі кәсіпкерлік субъекттері үшін өте маңызды. Бұл жадай үшін де компьютерлік технология өте керек. Себебі ол ақпаратты жинау, өңдеу, өткізу құралдарын қолдану арқылы басқарушылық қызметтегі автоматизация үрдісін ұйымдастыруды қайта құруды ғана емес, сонымен қатар осы қызметті өткізудің жаңа нысандарын таратуды тудырады.

1 Автоматтандыру мәселесіне аналитикалық шолу

1. 1 Автоматтандыру мәселесінің теоретикалық негіздері

Мәліметтерді өңдейтін қолданбалы жүйелерді тұрғызу үшін бұл жерде ең тиімді құрал болып жоғары деңгейдегі әмбебап алгоритмдік тілдер емес, мәліметтерді басқару жүйесін құру үшін мамандырылған тілдер табылатындығын ЭЕМ-ді қолдану тәжірибесі көрсетеді. Қалыпты жағдайда бұндай құралдар мәліметтер базасын басқару жүйесі (МББЖ) құрамына кіреді. МББЖ қолданушыларға мәліметтерді тікелей басқаруға, ал бағдарламалаушыларға тез олардың өңделген кәміл бағдарламалық құралдарын әзірлеуге мүмкіндік береді. Дайын қолданбалы пакеттердің сипаттамалары МББЖ-де мәліметтерді ұйымдастырумен және қолданылатын транслятор типімен анықталынады.

Мәліметтер арасында байланыстарды ұйымдастыру реляционды, иерархиялық және желілік модельдерді қолдану арқылы олардың орнатылуын қажет етеді.

Реляционды модель кесте түріндегі мәліметтердің ең қарапайым және ең бастапқы нысаны болып табылады. Реляционды модельдің артықшылығы болып оның қолдауының құралды қаражаттары салыстырмалы қарапайымдылығы табылады. Ал кемшілігіне мәліметтер құрылымының қатаң болуы мен оның жұмысының жылдамдығы мәліметтер базасының көлеміне тәуелділігі жатады.

Иерархиялық пен желілік модельдер жалпы бір белгісі бар мәліметтер арасындағы байланыстардың болуын көрсетеді. Иерархиялық модельде бұндай байланыстар ағаш-граф түрінде бейнеленуі мүмкін. Бұл жерде үлкен биіктерден кішілерге деген тек біржақты байланыстар мүмкін.

Бұл кемшілік желілік модельде жоқ, себебі бұл модельде кем дегенде „бәрінің бәрімен” байланысы мүмкін. Иерархиялық және желілік модельдерді қолдану мәліметтер базасындағы ақпаратқа деген қол жетуді жеделдетеді. Мәліметтердің әрбір элементі құрамында басқа элементтерге сілтеменің қажет болғандықтан ол ЭЕМ-нің негізгі және дисктік зердесінің елеулі ресурстарын қажет етеді. Әрине, негізгі зерденің жетіспеушілігі мәліметтерді өңдеу жылдамдығын төмендетеді. Сонымен қатар, бұндай модельдерге МББЖ-ны өткізу қиындығы тән.

Желілік модельді персоналды компьютер үшін МББЖ құру талпыныстары белгілі болғанымен қазіргі кезде реляционды жүйелер олардың техникалық мүмкіндіктеріне сәйкестірек болып келеді және қолданушылардың көбісін толық қанағаттандырады. МББЖ-ң жылдамдылық сипаттамасы ақпаратқа жылдамдытылған қол жетудің арнайы құралдары арқылы жүзеге асырылады. Ол мәліметтер базасын индекстеу.

МББЖ пакетінің толық вариантында келесі құрамдастар бар:

  • мәліметтерді клавиатурамен тікелей басқаруға мүмкіндік беретін қолданушы ортасы ;
  • бағдарламаны тез құруға және дұрыстауға мүмкіндік беретін интерпретатор сияқты іске асырылған мәліметтерді өңдеу үшін қолданбалы жүйелерді бағдарламалау үшін алгоритмдік тіл ;
  • дайын бағдарламаға тәуелсіз EXE-файл түріндегі дайн коммерциялық өнім түріне келтіру үшін компілятор ;
  • кертартпалық операцияларды тез бағдарламалайтын бағдарлама-утилиттер (есептер, экрандар, меню және басқа да қосымшалар генераторы) .

МББЖ бағдарламалау тілінің болуы белгілі бір тапсырмалар мен белгілі бір қолданушыға бағытталған мәліметтерді өңдейтін күрделі жүйелерді құруға мүмкіндік береді. Тілі ғана бар және қолданушы сипати жоқ МББЖ-лер бар. Олар тек бағдарламалаушыларға ғана арналған, яғни компиляторлық тұрпаттағы жүйелер. Оларды компиляторлар деп атайды.

Бағдарламалық өнімдер нарығында реляционды МББЖ тобі кең ұсынылған. Мысалы, Paradox, R:base, Clarion, бірақ dBASE отбасы нарықта басымырақ орын алады. dBASE - 80 жылдардың басында Ashton- Tate фирмасы ұсынған dBASEII МББЖ-сі бас тама болван МББЖ сияқты. Осы жүйе және оның кезекті версиялары өте популярды болғандықтан Ashton- Tate идеологиясы мен тілін пайдаланған бірнеше қолданушы-фирмалар пайда болды. МББЖ dBASEII-ден басқа бұл отбасына келесідей МББЖ-лер кіреді: FoxBASE, Clipper, Quick Silver, DBXL, Dbfast.

Қазіргі кезде МББЖ-лер арасында ең белгілісі dBASE, одан басқа FoxBASE, Clipper, Paradox, R:base, FoxPro, SQL, Oracle, Access және тағы басқалары бар.

МББЖ мәліметтер базасымен әртүрлі режимде жұмысты ұсынады:

  • тармақталынатын менюді қолдану арқылы„ассистент” режиміқолданушының арнайы дайындығын талап етпейтін жұмыстың ең қарапайым, оңай әдісі;
  • МББЖ тілінің командалар жүйесі мен қолданушы диалогын ұсынатынкомандалық режимқолданушыға осы тілдің білу ін талап етюді;
  • МББЖ тілін қолданатын және әртүрлі күрделілік деңгейінде, ыңғайлы жасалған, тапсырманы орындау үшін барлық функцияларды орындауға мүмкіндік беретінбағдарламалық режим. Бұл тіл дер ыңғайлы „достық” қолданушылық інтерфейсі бар бағдарламалар құруға көмектеседі.

МББЖ-сін таңдау көптеген факторларға байланысты, бірақ негізгі фактор ол мәліметтердің құрылған моделімен жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады. Сол себептен ең маңызды сипаттамалар болып МББЖ-гі модельді типі (реляционды, иерархиялық, желілік) табылады. Иерархиялық және желілік модельдермен жұмыс істейтін жүйелер бар, бірақ персоналды ЭЕМ үшін МББЖ-ң көбісі реляционды модельмен жұмыс істейді. Оларға FoxBASE, FoxPro, Paradox, R:base, Clipper, Access жатады. Персоналды ЭЕМ үшін реляционды МББЖ-сі ол орындай алатын реляционды операциялар түрлеріне ажыратылады. Атап кеткен МББЖ-лер күрделі емес мәліметтер құрылымы бар үлкен емес оқшауланған жүйелерді құру үшін тиімді. Оның мәліметтерінің көлемі салыстырмалы үлкен емес (10-40 Мбайт) және күрделі емес сұрау салулары болу керек.

МББЖ-ні бағдарламалық өнім ретінде баға, орындайтын функциялар жиынтығы және жадыда сақтау көлемі сипаттайды. әрбір МББЖ үшін техникалық құжаттамада талап етілетін операциялық орта, техникалық құралдардың минималды және ұсынылатын конфигурациясын көрсетеді.

Қолданушы-экономисттің МББЖ-сін таңдау кезінде, біріншіден, жүйені меңгеру қиындықтары, оның енгізу мен қолданудың оңайлылығы, беріген МББЖ ортасында жұмыс істеу күрделілігі, техникалық құжаттаманың сапасы мен жөнелту деңгейін қарастыру керек.

Қолданушылық интерфейс қолданушының МББЖ-мен жұмыс істеуінің қолайлығын анықтайды. Тармақталынған иерархиялық менюдің көптеген әзіржауаптардың және әртүрлі көмектердің бар болуынан қолданушы жұмыс үрдісі кезінде туындайтын адекватті жағдайлардың іс-әрекеттерін таңдауда оңай бағдарланады.

МБ-сының жұмыс істеу үшін МББЖ-сі ғана сатып алынбайды, сонымен қатар қосымша, оның айналасындағы әртүрлі бағдарламалық құралдар (қолданушыны үйрету бағдарламалары, анықтамалық жүйелер, зақымданған МБ-сын қалпына келтіру бағдарламалары) қосылып алынады. Осындай аспаптық бағдарламанық құралдардың көптігі қолданушының өнімділігін арттырады, оның уақытын үнемдейді, қолданбалы есептерді өңдеу және шығару мерзімдерін қысқартады. Берілген жұмыстың қажеттіліктеріне сәйкес бағдарламаны таңдау мүмкіндігі пайда болып, есептеуіш ресурстардың ең рационалды қолданылуы қаматмасыз етіледі[3] .

Соңғы жылдардағы техникалық және бағдарламалық жетістіктерге байланысты ақпараттық құралдардың сыйымдылығы мен қуаттылығының тез өсуінен, коммуникацияның дамуынан, массалық жадыда сақтаудың жаңа түрлерінің пайда болуынан, қолданушылардың ақпараттық қажеттіліктерінің өсуінен МБ-сының мүмкіндіктер спектрі жетілдірілуде.

МБ-сы және онымен байланысты технологиялар жаңа жүйелерді құруда кілтті рөл атқарады. Индустрияның ақпаратты сыйымды салалары және барлық бізнес түрлерінің тиімділігін көтеру үшін МБ-сы негізінде технологиялардың дамуын бірінші орынға қойылатын факторлар болып табылады. Осыған байланысты оған қоса МБ-сын ұйымдастыру мен МББЖ-сін құруда жаңа тәсілдер қажет етіледі.

Кез-келген МББЖ-ң басты функциясы - бөлінетін ақпаратпен біріккен жұмыстың көптеген көрсеткіштерінің үйлестірілуі.

Өсіп келе жатқан ақпараттық қажеттіліктер МББЖ технологияларда бар шектеулерді анық көрсетуде. МБ-сымен байланысты қосымшаларды өңдеу құралдарының, сонымен қатар МБ-сына қол жеткізу құралдарының және, сәйкесінше, интерфейстердің ұмтылысты дамуы алдын ала жобаланған жүйелердің модарнизация немесе жұмыс істеп тұрған жүйелерді жаңа платформаларға, аспаптарға және методологиясына ауысу проблемасын тудырады.

Біздің республикада ақпараттық жүйелердің көбісі персоналды компъютерлерде жұмыс істейтін қарапайым МББЖ-ді пайдаланады. Бұндай жүйелер ұйымның бастапқы қажеттіліктерін қанағаттандырады, бірақ олар перспективті емес. Кәсіптік МББЖ мен олардың негізінде іске асырылатын „клиент-сервер” архитектура жүйелеріне жеке тоқталып кетейік.

Кәсіптік МББЖ-лері күрдерірек операциялардың орындалуын қамтамасыз етеді. Оларға Oracle, SyBase, Informix, Ingres, Progress жатады. Оларға „клиент-сервер” технологиясын қолдап, жүйе қолданушылардың жұмыс орны болуынан ПК паркін тиімдірек қолдануға мүмкіндік береді. Осылайша, үш бағытты ұтыс болады:

  • біріншіден, сервердің қуатты процессоры тиімдірек жұмыс істейді;
  • екіншіден, желі керек емес жүктемеден босатылады;
  • үшіншіден, қолданушылардың жұмыс рындарында жоғарғы өнімді компъютерлерге деген қажеттілік жоқ болады.

Жүйе архитектурасын қысқарту кезінде компъютерлерді өнімдірек компъютерлерге ауыстыру жолымен ақпараттық жүйенің есептеуіш қуатын өсіруін оңайлату маңызды факторлардың бірі болып табылады. Қолданушыда мынадай таңдау пайда болады: жабдықтарды жаңғырту және желіні құрылымдау арқылы немесе мәліметтерді сақтауды оңтайландыру арқылы, немесе компъютердең өнімділігін өсіру арқылы немесе жоғарыда атап кеткен әдістердің ұштастырылуы арқылы жүйенің өнімділігін арттыру.

Қазіргі кездегі МББЖ-ң кемшіліктерінің арасынан операциялық жүйенің функцияларынан қосарлануы мен нақта бір әзірлемеде оның барлық мүмкіндіктерін толық көлемде қолданылуының мүмкін еместігін бөлек айтып кету керек.

1. 2 Қазіргі кездегі МББЖ теориясы

1. 2. 1 Мәліметтер базасының теориясы

Көлемі үздіксіз өсіп келе жатқан ақпаратты ортақтастырудың қолайлы әдістерін іздеуге бағытталған белсенді әрекет 60-шы жылдардың басында арнайы бағдарламалық кешендерді құруға әкелді. Оларды „Мәліметтер базаларын басқару жүйелері”(МББЖ) деп атады. [«мәліметтер базасы жүйелеріне кіріспе» оқу құралы] . Мәліметтер базаларын ұйымдастыру үшін файлдық жүйелерді қолдану ең бірінші тәжірибе болды. Файлдық жүйелер үлкен ақпарат көлемін өңдеуде бірталай проблемаларға тап болып, мәліметтер база теориясының дамуының негізгі бағыттарын анықтады. Файлдармен басқару жүйесі төмендегі тізімдегі қажеттіліктерді қанағаттандырмады:

  • файлдар жиынтықтарының логикалық ұйғарылуы;
  • мәліметтерді манипуляция тілімен қамтамасыз ету;
  • әртүрлі мәжбүрлі жұмыс тоқтауларынан кейін ақпараттың қалпына келуі;
  • бірнеше қолданушылардың параллельді жұмыс істеуі.

Егер де қолданбалы ақпараттық жүйе жоғарыда айтып кеткен қажеттіліктерді қанағаттындыратын мәліметтерді басқару жүйесіне сүйенсе, онда бұндай жүйе мәліметтер базасын басқару жүйесі деп санауға болады. МББЖ-нің негізгі ерекшелігі болып мәліметтерді енгізу және сақтау үшін процедуралардың бар болуы ғана емес, сонымен қатар олардың құрылымдарын сипаттау табылады. Сақталынған мәліметтердің сипаттамаларымен қамтамасыз етілген және МББЖ басқаруындағы файлдарды мәліметтер банктері, содан кейін „Мәліметтер базасы”(МБ) деп атап кетті. МББЖ-мен жұмысты ұйымдастырудың үлгілік сызбасын қарастырайық (сур. 1) .

Терминалдар және басқа ЭЕМ-дер

Сур. 1 МББЖ-ні қолданған кездегі бағдарламалар мен мәліметтердің байланысы

1. 2. 2 МББЖ архитектурасы

МББЖ төмендегі түсініктер туралы білмейтін қолданушылар үшін мәліметтерге деген қол жетерлікті қамтамасыз етуі қажет:

  • жадыда мәліметтердің және олардың сипаттамаларының физикалық орналасуы;
  • сұралатын мәліметтерді іздеу механизмдері;
  • көп қолданушылардың бір уақытта бірдей мәліметтерге сұрау жасаған кезде туатын проблемалар;
  • дұрыс емес жаңартулардан және рұқсат етілмеген әрекеттерден мәліметтерді сақтауды қамтамасыз ету әдістері;
  • мәліметтер базасын көкейкесті қалыпта ұстау.

МББЖ-нің функцияларын орындау кезінде мәліметтердің әртүрлі сипаттамалары қолданылады. Бұл сипаттамаларды жобалау бір адамға(топқа) тапсырылады, ол-Мәліметтер Базасының Администраторы (МБА) [„Мәліметтер базаларын және білім базаларын басқару жүйелері” оқу құралы] .

МБА мәліметтер базасы туралы жалпы түсініктер мен өзінің мәліметтер жайындағы түсініктерін қоса қортындылап, құрылатын мәліметтер базасының формальды емес жалпы сипаттамасын жасау керек. Бұл сипаттама бәріне түсінікті табиғи тілі, математикалық формулаларды, кестелерді, графиктерді және т. б. құралдарды қолдану арқылы мәліметтер базасын жобалауды мәліметтердің инфологиялық моделі деп атайды (сур. 2) .

Бұл адамдарға бағытталған модель мәліметтерді сақтаудың физикалық параметрлерінен толық тәуелсіз. Бұл орта болып ЭЕМ-нен басқа адамның жадысы бола алады. Сол себептени нфологиялық модель шынайы өмірдегі құбылыстар өзгерістерді қажет етпейінше өзгермеуі тиіс.

Пән облысы

(МБ-да көрініс табатын шынайы өмір бөлігі)

Сур. 2 Мәліметтер деңгейлерінің модельдері.

Сур. 2 көрсетілген басқа модель дер компьютерге бағытталған. Олардың көмегімен МББЖ бағдарламалар мен қолданушыларға сақталынатын мәліметтерге тек аттарынан ғана қол жетерлікке мүмкіндік береді. Коректі мәліметтер МББЖ сыртқы еске сақтау құрылғыларында мәліметтердің физикалық моделі бойынша ізделінеді.

Көрсетілген қол жетерлік нақты МББЖ көмегімен іске асатындықтан, модельдер осы МББЖ-нің мәліметтерді сипаттау тілімен сипатталуы тиіс. Мәліметтердің инфологиялық моделі бойынша МБА жасайтын бұндай сипаттау мәліметтердің даталогиялық моделі деп аталады.

Үш деңгейлі архітектура (инфологиялық, даталогиялық және физикалық деңгейлер) сақталынатын мәліметтерді оларды қолданатанб ағдарламаларға тәуелсіздігін қамтамасыз етюді. Керек кезде МБА сақталынатын мәліметтерді басқа апарат тасығыштарға көшіре алады және мәліметтердің физикалық моделі өзгертіп қана олардың физикалық құрылымын қайта ұйымдастыра алады. МБА жүйеге егер керек болса даталогиялық модельді толықтырып жаңа қолданушылардың кез-келген Санин енгізе алады. Физикалық және даталогиялық модельдердегі өзгерістерді бұрынғы қолданушылар байқамайды. Яғни, мәліметтердің тәуелсіздігі бұрынғы қосымшаларды бұзбай-ақ мәліметтер базасы жүйесінің дамуына мүмкіндікті қамтамасыз етеді

1. 2. 3 Мәліметтер базасы теориясының негізгі түсініктері

Экономиканың дамуымен коммерциялық және әкімшілік тапсырмаларды шешу үшін керекті өзара байланысты мәліметтердің көлемі өседі. өзара байланысқан мәліметтерді ақпараттық жүйе деп атайды. Бұндай жүйе, ең алдымен, адам еңбегін жеңілдету үшін жасалған, бірақ ол үшін бұл жүйе шынайы өмірдің өте күрделі моделіне жақсы сәйкес болуы керек [«Мәліметтерді басқару жүйесінің негіздері» оқу құралы] .

Ақпараттық жүйенің түйіні болып оның ішінде сақталынатын мәліметтер табылады. Кез-келген кәсіпорында әртүрлі бөлімдердің мәліметтері қиылысады, яғни бірнеше бөлімдермен қолданылады немесе жалпы болып табылады. Мысалы, басқару мақсатында бүкіл кәсіпорын бойынша ақпарат керек. Ақпараттық жүйеде сақталынатын мәліметтер жеңіл қол жеткізетін түрде болады. Қазіргі кезде мәліметтерді өңдейтін ЭЕМ-ді, күрделі құрылғыларды және бағдарламамен қамтамасыз етуді пайдаланатын жүйелер жұмыс істейді[3] .

Ақпараттық жүйелердің құрылуы мәліметтер база теориясының түсініктеріне негізделеді.

Пән облысы

Берілген зерттеу үшін қызығушылығын білдіретін нақты жүйенің бөлігі пән облысы деп аталады.

Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді жобалағанда пән облысы бірнеше деңгейдегі мәліметтер модельдерімен көрсетіледі. Қолданылатын деңгейлердің саны жүйенің күрделілігіне байланысты, бірақ барлық жағдайда да физикалық және логикалық деңгейлер бар. Пән облысы әртүрлі мекеемлердің түріне жатады(мысалы, банк, университет, шағын кәсіпорын немесе зауыт) .

Толық пән облысы(кәсіпорын) мен осы пән облысының ұйымдастырушылық бірлігін ажырата білу керек. Ұйымдастырушылық бірлік, өз кезегінде, өзінің пән облысын(бөлімдер) ұсынуы мүмкін.

Пән облысын сипаттау үшін керек ақпарат нақты модельге тәуелді және оған персонал, жалақа, тауарлар, шоттар, есеп берулер туралы мәліметтер кіреді, яғни адамдар, пәндер, құбылыстар және түсініктер туралы мағлуматтар.

Объект

Объект деп ол туралы ақпаратты сақтайтын ақпараттық жүйе элементін айтамыз. Мәліметтер базасының реляционды теориясында объектті мән деп атаймыз.

Объект нақты (мысалы, адам, зат) және абстрактілі (мысалы, құбылыс, студенттер оқитын пән, тұтынушы шоты) болуы мүмкін. Әрбір объектте ақпараттық жүйеде еске сақталынатын белгілі бір қасиеттер жиынтығы бар. Мәліметтерді өңдегенде біртекті объекттер жиынтығы жиі кездеседі, мысалы қызметкерлер, олардың әрбіреуі үшін бір қасиеттері туралы ақпаратты жазу.

Объекттер класы

Бірдей қасиеттер жиынтықтары бар объекттер жиынтығын объекттер класы деп атайды. Осылайша, бір класс объекттері үшін қасиеттер жиынтықтары бірдей болады, бірақ әрбір объект үшін осы қасиеттердің мәндері әртүрлі болуы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім базасының архитектурасы
Жасанды интелект
Мәліметтер базасының құрылымы
ДЕРЕКТЕР ҚОРЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ
Деректер базасын басқару жүйесінің теориясы
Мәліметтер базасын құру алгоритімі
Физикалық мәліметтер қорын жобалаудың негізгі тұжырымдары
Банктердің активі мен пассивінің несиелік тәуекеліннің мәліметтер базасын құру ( ұйымдастыру )
Ломбардта заттарды кепілге салу
Мәліметтер қорларын пайдаланатын ақпараттық жүйелер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz