Мәліметтер қорының құрылымы


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті
Физика-математика факультеті
Информатика және есептеуіш техника кафедрасы
050602 - «Информатика» мамандығының
4 курс студенті
Абдуллаева Ляззат Альмурзақызының
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: «Сайлау бөлімшесіндегі дауысты есептеу жүйесінің клиент-серверлік қосымшасын құру»
Ғылыми жетекші:
Информатика және ЕТ кафедрасының оқытушысы Нурманова А. А.
Ақтөбе - 2010
1
МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР . . .
1. 1 Мәліметтер қоры . . .
1. 2 Мәліметтер қорының құрылымы . . .
1. 3
2 Клиент-серверлік технологияның типтік шешімі. . 29
2. 1 "Файл-сервер" және "клиент-сервер" архитектуралары9
2. 2 Мәліметтер қорымен жұмыс жасауға арналған қосымшалар құру . . . 12
2. 2. 1 Borland Database Engine (BDE) ядросы15
2. 2. 2 Borland SQL Links for Windows пакеті18
2. 2. 3 SQL-ды қолдану22
2. 3 Клиент-сервер жүйелерін құру ерекшеліктері22
2. 3. 1 Тиiмдiлiк/үйлесiмдiлік23
2. 3. 2 Мәлiметтердiң тасымалдануы24
2. 4 InterBase локальды серверінің қолданылуы27
2. 4. 1 InterBase локальды сервері28
КІРІСПЕ
Көп қолданушылар мәліметтер қоры үшін клиент - серверлік мәліметтер қорын қолданылыды. Клиент қосымшасының қызметі серверге сұранысты жібереді. Серверден алынған сұраныс нәтижесін қолданушыға қажет формада бейнелейді. Қолданушының қосымшасын жүзеге асырады. Мәліметтер қоры серверінің қызметі сұраныстарды қабылдайды, өңдейді, орындайды, нәтижесін клиент қосымшасына жібереді Мәліметтер қорының компоненттерін баптайды, жаңа мәліметтер қорын құрады. Қолданушының әртүрлі ену құқығын шектей алады және тағы басқа әрекеттерді орындай алады. Ақпараттық технология қоғамның еңбек салаларында үлкен рөл атқарады, үлкен ақпараттар жиынын автоматты түрде өңдеудің маңызды құралы болып табылады. Соның ішінде МҚ және оны БЖ құрудың маңызды орыны бар. Мәліметтер қоры мәліметтермен жұмыс істеуді жеңілдетеді, әрі ыңғайлы және тез меңгеріледі.
Дипломдық жұмысымның тақырыбы «Сайлау бөлімшесіндегі дауысты есептеу жүйесінің » клиент-серверлік қосымшасын құру.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - «Сайлау бөлімшесіндегі дауысты есептеу жүйесінің » клиент-серверлік қосымшасының негізгі құру мүмкіндіктерін меңгерту, яғни құрылған клиент-серверлік қосымша бойынша ақпараттарды енгізу, жою, өзгерту, жаңарту және сұрыптау түрлерінің алгортимін жүргізу.
Дипломдық жұмыстың құрылымы негізінен үш тараудан тұрады:
- Мәліметтер қорының модельдері, архитектурасы, құрылымы және ортасының негізгі түсініктер туралы жазылды.
- Клиент-серверлік технологияның архитектурасы, құрылымы туралы теориялық материалдар тереңдете меңгеріледі;
- «Сайлау бөлімшесіндегі дауысты есептеу жүйесінің » клиент-серверлік қосымшасын құру.
МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ
Мәліметтер қоры, архитектурасы, модельдері
Мәліметтер қоры - (біз реляциялық мәліметтер қоры туралы айтамыз) бұл кестелер жиыны деп айтуға болады, сонымен қатар мәліметтер қорына процедуралар және басқа да объектілер кіретінін көреміз. Мәліметтер қоры дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Ең алғаш мәліметтер қоры ұғымы жаңадан қалыптасқан кезде онда шындығында мәліметтер сақталатын. Бірақ қазіргі кездегі көптеген мәліметтер қоры басқару жүйелері өздерінің құрылымдарында тек мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушымен және басқа да ақпараттық - программалық кешендермен қарым - қатынасының әдістерін де қамтиды. Сондықтан біз қазіргі заманғы мәліметтер қорында тек мәліметтер ғана емес, ақпараттар да сақтай аламыз.
Кестені қарапайым екі өлшемді кесте ретінде қарауға болады. Кестенің аты болады - ол идентификатор, сол арқылы онымен байланыс орнатамыз.
Бағандар әр-түрлі мінездемелерге сәйкес келеді және әрбір алаң сақталатын мәннің типімен және атымен сипатталады. Алаң аты - ол идентификатор және ол әр түрлі программаларда манипуляция жасау үшін қолданылады. Мұның аты латын әріптерімен жазылады да, алаң типі алаңда сақталатын мәннің типімен сәйкес келеді және ол әріптер, сандар, булевті мәндер, үлкен тексттер, суреттер т. б. болуы мүмкін.
Кестенің әрбір жолы бір объектіге сәйкес келеді және оны біз жазба деп айтамыз.
Кестені құрғанда ақпарат қарама-қайшылыққа ұшырамас үшін кілт алаңын кіргіземіз. Ол алаңның уникальдылығын қамтамасыз етеді және кілт алаңы бірнешеу болуы мүмкін.
Алаң мәндерін қолданушы енгізеді, ол мәліметтер қорында сақталады және мұндай алаңдардан басқа есептеуші алаңдарды да енгізуге болады. Мұндай алаңдарға қолданушы мән енгізе алмайды, ал оның мәні басқа алаңдардың көмегімен есептеледі.
Қолданушы кестемен жұмыс істегенде көрсеткіш жазба бойымен сырғып отырған секілді әсер береді. Әрбір уақыт кезінде бір жазбамен жұмыс істеледі. Жазбалар белгілі бір ретпен орналасуы да мүмкін. Бірақ ол қолданушыға бергенде реттелуі керек. Реттеу үшін индекс түсінігі енеді. Индекс қолданушыға қандай ретпен орналасу керектігін көрсетеді Ол қолданушы мен кесте арасындағы делдал ретінде болады. Көрсеткіш индекспен сырғып отырады, ал индекс белгілі бір жазбаны көрсетеді. Қолданушы үшін кесте реттелген болып көрінеді, сонымен қатар ол индексті өзгерту арқылы қарап отырған жазбалардың ретін өзгертуге болады, мұнан индекстер өзгереді яғни жазбаларға сілтеме реті өзгереді.
Индекстер 1-ші ретті немесе 2-ші ретті болуы мүмкін. Мысалы 1-ші ретті индекстерге мәліметтер қорының кілт ретінде құрылған алаң болуы мүмкін. Ал 2-ші ретті кілттер басқа алаңдардан құруға болады, я болмаса онымен артынан жұмыс істеу барысында құрып алуға болады. Егер бірнеше алаң индекстелген болса онда реттеу алғашқы құрылған индекс алаңынан басталады.
Мәліметтер қоры көптеген кестелерден тұруы мүмкін. Қолданбалы программалар бөлек кестелермен жұмыс жасамайды. Олар кестелер жиынтығымен жұмыс жасайды. Көбінде бір кесте ең басты кесте болады да, ал қалғандары бағынышты болады. Басты және көмекші кестелер кілт арқылы байланысуы мүмкін. Кілт ретінде екі кестеде де бар бірдей алаң болады.
Мәліметтер қорын құру қағидалары
Көп мәліметтер жұмыс жасау қажеттілігі пайда болғанда әрқашанда мәліметтер қорын пайдаланды.
Мәліметтер қоры - бұл ең алдымен кестелер жиынтығы, алайда, біз соңынан мәліметтер қорына сондай - ақ процедуралармен бірқатар басқа объектілер жатуы мүмкін екенін көреміз. Таблицаны көптеген объектілердің сипаттамалары бар кәдімгі екі өлшемді таблица түрінде көруге болады. Таблицаның идентификатор аты болады. Кесте бағандары объектілердің қандайда бір сипаттамаларына - алаңдарға сәйкес. Әрбір алаң сақталатын мәліметтердің атымен және түрімен сипатталады. Алаң аты - бұл мәліметтермен пайдалану үшін, әртүрлі программаларда қолданылатын идентификатор. Ол кез келген идентификатор сияқты латын әріптерімен жазылады, бір сөзден тұрады және т. б. Алаң түрі алаңда сақталатын мәліметтердің түрін сипаттайды. Бұл жолдар, сандар, үлкен мәтіндер (мысалы, қызметкерлердің мінездемелері), суреттер (қызметкерлердің суреттері) және т. с. с. болуы мүмкін. Кестенің әрбір жолы объектілердің біреуіне сәйкес келеді. Ол жазба деп аталады және осы объектіні сипаттайтын барлық алаңдардың мазмұнын құрайды. Мәліметтер қорының кестелерін құрған кезде ақпараттың қарама - қайшылықсыздығын қамтамасыз ету маңызды. Әдетте бұл негізгі алаңдарды енгізумен жасалады. Негізгі болып бір немесе бірнеше алаң болуы мүмкін. Кестемен жұмыс кезінде пайдаланушы немесе программа жазбалар үстінен курсормен жылжып отыратын сияқты. Әрбір уақыт сәтінде ағымдағы жазба бар, содан жұмыс жүргізіледі. Мәліметтер қорының кестелерінде жазбалар қандай да бір тәртіпсіз, оларды енгізу (жаңа қызметкерлердің пайда болуы) ретіне қарай орналасуы мүмкін. Бірақ кесте мәліметтері пайдаланушыға ұсынылған кезде реттелуі керек. Пайдаланушы оларды алфавиттік тәртіпке, немесе бөлімдер бойынша реттелген, немесе туған жылының өсуіне қарай және т. б. қарауы мүмкін. Мәліметтерді реттеу үшін индекс түсінігі қолданылады. Индекс кестені қандай реттілікте қараған жөн екенін көрсетеді. Ол пайдаланушы мен кесте арасында делдал болып табылады.
Мәліметтер қоры әдетте бір емес, көптеген кестелерден тұрады. Мысалы, кейбір ұйым туралы мәліметтер қорында әрбір бөлімшенің сипаттамасы бар кесте бар. Dep атты осындай таблицаның мысалы келесі кестеде көрсетілген. Осы кестенің алаң аттары Dep және Proisv.
Dep бөлімшелері туралы мәліметтер кестесінің мысалы:
Бөлек және кестелер әрине пайдалы, бірақ одан да көп ақпаратты кестелер жиынтығынан алуға болады. Мысалы, өндірістік цехтерде жұмыс жасайтын, қызметкерлердің жалпы саны пайдаланушыға білу қажет болады. Бірақ жоғарыда көрсетілген кестелердің біреуіде бұл сұраққа жауап бермейді, себебі Pers кестесінде бөлімшелердің түрлері жайлы мағлұматтар, Dep кестесінде қызметкерлер жайлы мағлұматтар жоқ. Осындай сұраныстарға жауап алу үшін байланысқан кестелердің жиынтығын қарастыру қажет.
Байланысқан кестелерде әдетте бір кесте басты болады, ал басқасы немесе бірнеше басқа кестелер - көмекші кестелер болады. Басты және көмекші кестелер бір - бірімен кілт арқылы байланысады. Кілт ретінде екі кестеде де болатын алаң шыға алады. Мысалы, жоғарыда келтірілген кестелерде басты болып Dep кестесі, көмекші болып Pers кестесі бола алады, ал олар болса екі кестеде де бар Dep алаңы бойынша байланысады. Курсор басты кестенің индексі үстінен жүреді. Осылайша біздің мысалда егер басты кестенің Dep алаңындағы ағымдағы жазбада «бухгалтерия» деп жазылған болса, онда көмекші Pers кестесінде бухгалтерия қызметкерлерінің барлық жазбалары шығады.
Қарапайым мәліметтер қорының құрылымы
Базаға ешқандай мәліметтер енгізілмеген жағдайда да мәліметтерқоры болып қала береді. Өйткені ондай мәліметтер болмаған күннің өзінде де, қандай да бір ақпарат бар - бұл мәліметтер қорының құрылымы. Ол мәліметтерді енгізудің және сақтаудың әдістерін анықтап береді. Мәліметтер қоры көптеген объектілерден тұрады, бірақ солардың ең негізгісі кесте болып табылады. Ең қарапайым мәліметтер қоры бір ғана кестеден тұрады. Сәйкесінше, ең қарапайым мәліметтер қорының құрылымы сол кестенің құрылымымен анықталады.
Мәліметтер қорлары мен қосымшалар
Мәліметтер қоры мен қосымшалардың өзара орналасуларына байланысты келесі мәліметтер қорларын бөліп көрсетуге болады:
- Локальды мәліметтер қорлары;
- Жойылған мәліметтер қорлары.
Локальды мәліметтер қорларымен операциялар жасау үшін локальды қосымшалар, ал жойылған мәліметтер қорларымен операциялар жасау үшін клиент - серверлік қосымшалар дайындалады.
Мәліметтер қорының орналасуы көптеген жағдайда осы қорда бар мәліметтерді өңдейтін қосымшалардың дайындалуына әсер етеді. Осылайша, келесі қосымшалар түрлерін бөліп көрсетуге болады:
- Локальды мәліметтер қорын пайдаланатын қосымшаларды бір деңгейлі (бір буынды) қосымшалар деп атайды. Себебі, қосымша мен мәліметтер қоры біртұтас файлдық жүйені құрайды;
- Жойылған мәліметтер қорын пайдаланатын қосымшаларды екі деңгейлі (екі буынды) және көп деңгейлі (көп буынды) қосымшалар деп бөледі. Екі деңгейлі қосымшаларда клиенттік және серверлік бөлшектер бар;
- Көп деңгейлі (әдетте үш деңгейлі) қосымшалар клиенттік және серверлік бөлшектер мен қоса қосымша бөлшектерге ие. Мысалға үш деңгейлі қосымшаларда клиенттік бөлшек, қосымшалар сервері мен мәліметтер қорының сервері бар.
Бір және екі деңгейлі Delphi қосымшалары келесі механизмдерді қолдана отырып локальды және жойылған мәліметтер қорына қол жеткізе алады:
- BDE (Borland Database Engine - Borland фирмасының мәліметтер қорының процессоры) мәліметтер қорымен әрекеттесу үшін AP1 дамыған интерфейсін ұсынады.
- ADO (Active X Date Objects - Active X мәліметтерінің объектілері) OLE DB (Objects Linking and Embedding DateBase - мәліметтер қорының объектілерін байланыстыру мен ендіру) көмегімен ақпаратқа қол жеткізуді жүзеге асырады;
- dbExpress драйверлер жинағы көмегімен мәліметтер қорындағы ақпараттарға тез қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
- Interbase тікелей Interbase мәліметтер қорына қол жеткізуді іске асырады.
Мәліметтер қорындағы ақпараттарға қол жеткізу технологиясының вариантын таңдау өңделген қосымшаны жан - жаққа тарату дайындығының ыңғайлығын ескере отырып, сондай - ақ жады ресурстарының қосымша шығындарын ескере отырып анықталады. Мысалы BDE үшін инсталляция дискдегі сыртқы жадының шамамен 15 Мб - тын және мәліметтер қорында пайдаланатын псевдонимдерді қалпына келтіруін талап етеді.
Үш деңгейлі Delphi 7 қосымшаларын DataSnap механизмі көмегімен құрастыруға болады. Мәліметтер қорының үш деңгейлі қосымшаларын құрастыру кезінде пайдаланатын компоненттер DataSnap пен DataAccess беттерінде орналасқан.
1. 1 Мәліметтер қоры
Мәліметтер қоры бұл ақпараттарды сақтау үшін арналған ұйымдастырылған құрылым. Алғашқы кезде, яғни, мәліметтер қоры түсінігі қалыптаса бастаған жылдары, бұл қорда тек қана мәліметтер сақталып жүрді. Бірақ бүгінгі күнгі мәліметтер қорын басқару жүйелері (МҚБЖ) өз құрылымында тек қана мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар тұтынушылармен немесе басқа да программалық-ақпараттық кешендермен қарым-қатынас жүзеге асырылатын әдістерді (яғни, программалық код) де орналастыруға мүмкіндік береді. Осылайша біз қазіргі заманғы мәліметтер қорында тек қана мәліметтер ғана емес, сонымен бірге ақпарат та сақталатындығын айта аламыз. Мәліметтер қоры түсінігімен мәліметтер қорын басқару жүйесі түсінігі тығыз байланысты. Бұл жаңа қордың құрылымын құру, оны мәліметтермен толтыру, мәліметтерді редактрлеу мен ақпараттарды визуалдау үшін арналған программалық жабдықтар кешені. Қордың ақпаратын визуалдау деп берілген критерийлерге байланысты көріністегі мәліметтерді іріктеуді, оларды тәртіптеуді, толықтыру және шығару құрылғысына беру немесе байланыс каналдары бойынша жіберуді түсінуге болады.
Әлемде көптеген мәліметтер қорын басқару жүйелері бар. Олардың әр түрлі объектілермен әр түрлі жұмыс істеу мүмкіндігі мен пайдаланушыларға әр түрлі функциялар мен жабдықтар ұсынатындағына қарамастан МҚБЖ-нің көбі ортақ негізгі түсініктердің тұрақты кешеніне негізделеді. Бұл бізге бір жүйені қарастырып, оның түсініктерін, әдістерін және тәсілдерін МҚБЖ-нің барлық классына жалпылауға мүмкіндік береді.
- Мәліметтер қоры дегеніміз - бұл алдымен кестелер жиынтығы. Мәліметтер қорына процедуралар және объектілер кіреді.
- Кестені қандай да бір жиын атрибуттары бар екі өлшемді кесте ретінде елестетуге болады. Кестенің аты идентификатор болады, ол арқылы оған сілтеме жүреді. Кестенің бағандары сол немесе басқа объектілердің характеристикаларына сәйкес келеді, яғни өрістерге сәйкес келеді. Әрбір өріс сақталған мәліметтердің аты мен типі арқылы сипатталады. Өрістің аты - идентификатор. Ол әр түрлі программадағы мәліметтерді манипуляциялау үшін қолданылады. Өрістің аты латын әрпімен жазылады. Өрістің типі мәліметтер өрісінде сақталғандардың типін сипаттайды. Ол жол, сан, үлкен тексттер, әр түрлі кескіндер болуы мүмкін.
- Әрбір кестенің жолы берілген кестеде сипатталған объектілердің біреуіне сәйкес келеді, оны жазба деп атайды және оның құрамына берілген объектіні сипаттайтын барлық өрістердің мәні кіреді. Мәліметтер қорын құрған кезде информациялардың қарама - қайшылықсыз болуын қамтамасыз ету маңызды. Әдетте бұл әрбір жазбаның қайталанбауын қамтамасыз ететін кілттік өрісті енгізумен іске асады. Кілттік өріс бір немесе бірнеше болуы мүмкін. Өрістердің мәнін қолданушы өзі енгізеді және ол мәліметтер қорында сақталады. Бұл өрістерден басқа кейбір жүйелерде есептелінетін өрістерді енгізуге болады. Мұндай өрістердің мәнін қолданушы енгізбейді, ол автоматты түрде басқа жазба өрістерінің мәні негізінде есептелінеді.
- Кестемен жұмыс кезінде қолданушы немесе программа курсормен жазбалардың бойымен жылжитын сияқты. Әрбір уақыт мезгілінде ағымдағы жазба бар және онымен жұмыс жасалады. Мәліметтер қорын құратын және оларға сұрауды өңдейтін мәліметтер қорын басқару жүйесі МҚБЖ. Дербес МҚБЖ бір компьютерде орындалатын жеке мәліметтер қорын құруды қамтамасыз етеді. Жеке МҚБЖ - Paradox, dBase, Access, FoxPro.
- Мәліметтер қоры - қоғамның қандай да бір саласындағы немесе оның бөліміндегі нақты объектілер туралы мәліметтер жиынтығы.
- Комплекстік мәліметтер қорын бірнеше әдістермен құруға болады:
- Программалаудың алгоритмдік тілдері - Паскаль, Бейсик.
- Программалау ортасының көмегімен - Visual Basic, Delphi.
- Мәліметтер қорын басқару жүйесі деп аталатын арнайы программалық жабдық көмегімен - Access, FoxPro.
1. 2 Мәліметтер қорының құрылымы
Мәліметтер қорына ешқандай мәліметтер енгізілмеген жағдайда да ол мәліметтер қоры болып қала береді. Өйткені онда мәліметтер болмаған күннің өзінде де, қандай да бір ақпарат бар - бұл мәліметтер қорының құрылымы. Ол мәліметтерді енгізудің және сақтаудың әдістерін анықтап береді. Мәліметтер қоры көптеген объектілерден тұрады, бірақ солардың ең негізгісі кесте болып табылады. Ең қарапайым мәліметтер қоры бір ғана кестеден тұрады. Сәйкесінше, ең қарапайым мәліметтер қорының құрылымы сол кестенің құрылымымен анықталады.
Біз білеміз, екі өлшемді кестенің құрылымы жолдар мен бағандардан тұрады. Олардың аналогы ретінде қарапайым мәліметтер қорында өрістер мен жазбаларды аламыз. Өрістердің құрамы мен қасиеттерін өзгерту арқылы, мәліметтер қорының құрылымын өзгертеміз.
Мәліметтердің типтері және моделдері
Қорда сақталған мәліметтер анықталған логикалық құрылымда болады, басқаша айтқанда мәліметтер қорын басқару жүйелерін (МҚБЖ) қолдайтын кейбір мәліметтердің берілуінің моделі (мәліметтердің моделі) сипатталады. Классикалық түрге келесі мәліметтер моделі жатады:
• иерархиялық,
• желілік,
• реляциялық.
Мұнымен қатар, соңғы жылдары келесі мәліметтер модельдері пайда болды және практикаға белсенді түрде ене бастады:
• постреляциялық
• көпөлшемді
• объектіге-бағытталған.
Басқа мәліметтер моделіне негізделген, белгілі моделдерді кеңейтетін барлық мүмкін болатын жүйелер жасалынуда. Бұлардың қатарына объектілі-реляциялық, дедуктивті-объектілі-бағытталған, семантикалық, концептуальдық және бағытталған моделдерді жатқызуға болады. Бұл модельдердің кейбірі мәліметтер қорын, білім қорын және программалау тілдерін интеграциялау үшін қызмет етеді.
Кейбір МҚБЖ бір уақытта бірнеше моделдерді қолдай алады. Мысалы, ИНТЕРБАЗА жүйесінде қосымшалар үшін мәліметтерді манипуляциялауға желілік тіл қолданылады, ал пайдаланушы интерфейсінде SQL және QBE тілдері қолданылады.
Иерархиялық модель
Иерархиялық модельде мәліметтер арасындағы байланысты реттелген граф (немесе тармақ) көмегімен сипаттауға болады. Иерархиялық моделде мәліметтердің арасындағы байланыс төмендегі суретте көрсетілген.
2. 1 Иерархиялық моделдегі байланыс
Қандай да бір программалау тілінде иерархиялық МҚ-ның құрылымын сипаттауға мәліметттердің «тармақ» типі қолданылады.
Мәліметтердің «тармақ» типі ПЛ/1 және Си программалау тілдеріндегі «құрылым»-ға, және Паскаль тіліндегі «жазу»-ға ұқсас. «Тармақ» типі құрама болып табылады.
«Тармақ» типі өзіне ішкі типтерді (ішкі тармақты) қамтиды, оладың өздері де өз кезегінде «тармақ» типті болып табылады. Әрбір «тармақ» типтері «түбірлік» типтен және реттелген бағыныңқы (бос болуы да мүмкін) типтерден тұрады. «Тармақ» типіне кіретін элементарлық типтердің әрқайсысы қарапайым немесе құрама «жазу» типі болып табылады. Қарапайым жазу типі бір ғана типтен, ал құрама «жазу» типі қандай да бір типтердің жиынтығынан тұруы мүмкін.
Түбірлік тип дегеніміз ішкі типтері бар және өзі ішкі тип болып табылмайтын тип. Бағыныңқы тип (ішкі тип) аталық рольді атқаратын типке қатысты ұрпақ болып табылады. Бір типтің ұрпақтары бір-біріне қатысты егіздер болып есептеледі. Жалпы алғанда, «тармақ» типі иерархиялық ұйымдастырылған «жазу» типін береді.
Иерархиялық мәліметтер қоры «жазу» типті экземплярдан тұратын «тармақ» типті мәліметтердің экземплярының реттелген жиыны болып табылады. Типтердің арасындағы туыстық қатынас жазулардың арасындағы қатынасқа ауысады. Жазулар өрісі мәліметтер қорының негізгі мазмұнын құрайтын сандық немесе символдық мәндерді сақтайды. Иерархиялық мәліметтер қорындағы барлық элементтерді тексеру әдетте жоғарыдан төмен немесе солдан оңға қарай жүргізіледі.
Иерархиялық мәліметтер қорында келтірілген терминологиядан басқа да терминология қолданылуы мүмкін. Мысалы, IMS жүйесінде «жазу» ұғымын «сегмент», «МҚ-ның жазуы» ұғымын «тармақ» типінің бір экземплярына қатысты барлық жазулар жиынтығын түсінеміз.
Компьютер жадында иерархиялық мәліметтердің физикалық орналасуын ұйымдастыру үшін төмендегідей әдістер тобы қолданылады:
• жадының тізбектеле үлестірілуі бойынша сызықтық тізіммен берілуі (адрестік арифметика, сол тізімдік құрылым),
• байланысқан сызықтық тізіммен берілуі (көрсеткіштер мен анықтамалықтарды пайдаланатын әдіс) .
Иерархиялық ұйымдастырылған мәліметтерді манипуляциялаудың негізгі операциялары:
• МҚ-ның көрсетілген экземплярын іздеу;
• бір тармақтан басқа тармаққа көшу;
• тармақ ішінде бір жазудан басқа жазуға ауысу;
• көрсетілген орынға жаңа жазуды қою;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz