Электрондық оқу басылымының оқыту элементтеріне қойылатын талаптар


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І-бөлім. Электрондық оқулықтың оқу үрдісіндегі маңызы
1. 1. Қазақстан Республикасындағы электрондық оқу басылымының қазіргі жағдайы . . . 4
1. 2. Электрондық оқу басылым жөніндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты . . . 6
1. 3. Электронды оқулықтың тиімділігі . . . 14
ІІ-бөлім. Электрондық оқу басылымды дайындауда қолданылатын программалық
қамту
2. 1. Электрондық оқу басылымын жасау үшін қолданылатын
программалық қамту түрлері . . . 17
2. 2. HTML тілі және FrontРage қосымшасының электрондық оқулық дайындауындағы тиімділігі . . . 23
2. 3. Электрондық оқулық дайындауға қолданылатын FrontРage
қосымшасының негізгі компоненттері мен формалары . . . 43
ІІІ-бөлім. Электронды оқулықты «Желілік технологияны жүргізу» курсы
бойынша өңдеу
3. 1. «Желілік технологияны жүргізу» курсы бойынша электрондық
оқулыққа кіріспе . . . 49
3. 2. Желілік технологияның теориясы мен тәжiрибесiнің байланысы . . . 50
3. 3. Электрондық оқулық құрылымындағы білімді тексеру блогы . . . 53
ІV-бөлім. Еңбек қорғау бөлімі
4. 1. Еңбек қорғау заңдары . . . 55
4. 2. ДЭЕМ-ді қолданудағы еңбекті қорғау туралы кейбір мәліметтер . . . 55
4. 3. Компьютермен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы . . . 55
4. 4. Жұмыс орнына қойылатын эргономикалық талаптар . . . 57
4. 5. Денсаулық бұзылуының белгілері . . . 58
V-бөлім. Экономикалық бөлім
5. 1. Жұмыстың қысқаша сипаттамасы және оның тағайындалуы . . . 60
5. 2. Бағдарламаның өнімді құрудағы шығындарды анықтау . . . 60
Қорытынды . . . 67
Қолданылған әдебиеттер . . . 68
Қосымша (компакт дискіде)
Кіріспе
ХХ ғасырдың соңы адамзаттың индустриялық эрадан информациялық эраға өтуімен ерекшеленеді. Осыған байланысты информацияны ала білу, оны өңдеу және күнделікті істе пайдалану өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады.
Жаңа техникалық пән -«Желілік технологияны жүргізу» - XX-шы ғасырдың iрi жетiстiктерiнiң бiрi болып табылады. Қазіргі кезде Интернетте байланыстардың барлық белгілі желілері қолданылады: төмен жылдамдығы телефоннан, жоғарғы жылдамдығы спутниктік арналарға дейін.
Бұл курс техникалық бағыттағы, соның ішінде «Есептеу техникаларымен автоматталған жүйелерді бағдарламамен қамтамасыз ету » мамандығында оқитын студенттерге арналады және оқу жоспарында маңызды орын алады. «Желілік технологияны жүргізу» курсы желіні құрудың теориялық негізін және ақпараттық жүйелердегі ақпараттарды өңдеу жүйесін практикалық программалауды оқыту болып табылады.
«Желілік технологияны жүргізу» пәні желілік компьютерлік технологиялар саласында терең теориялық білім және практикалық тәжірибені қамтамасыз ету мақсатын алға қояды.
Электрондық оқулықты өңдеу үшін оқу пособиясы «Желілік технологияны жүргізу» бойынша бар материалдарды қолдандым.
І-бөлім. Электрондық оқулықтың оқу үрдісіндегі маңызы
1. 1. Қазақстан Республикасындағы элетрондық оқу басылымының қазіргі жағдайы
« Электронды оқулық -үлкен ғылыми және әдістемелік деңгейде жасалған негізгі электронды оқу басылым, түгелдей арнайы мемлекеттік білім стандартымен құрастырылған тәртібі және дидактикалық бірліктер стандарты мен программа анықтамасымен бағытталған»
Әр электронды оқу басылым тағайындауы білім стандартына сәйкес келу керек. Электронды басылым әр түрлі электронды сақтаушыда жасалуы мүмкін және де ол жергілікті және ауқымды компьютерлік желіде орналасуы мүмкін. Біздің көз қарасымыз бойынша электронды басылымға деген түсінігіміз кең, электронды оқулық немесе мультимедиалық өнімді тағайындауға қарағанда. Біз мультимедиалық өнімге назарымызды шоғырлаймыз, өйткені ол арқылы мультимедиалық көрсетілімді оқу материалындағы курс мазмұнын жіберу қолайлы.
Электрондық оқу басылымды инженер-техника мамандарына оқу процесінде қолдану ең қолайлысы болуы мүмкін. Бірақта қазіргі уақытта жағдай шығып жатыр, өйткені оқу бекітуінде программалық өнімі толып және кеңейіп жатыр (соның ішінде мульдимедиалық өнім), ал техникалық университеттің және инженерлік жоғары оқу орындарының оқытушыларының көбі жаңа программалық өнім туралы білмейді.
Оқиғалар қатарында өздерінің сәйкестік туралы электрондық оқу басылымды Электрондық оқу басылымның кейбір жағдайларда өз өнімдерінің мемлекеттік стандартқа және белгілі бір оқу курстарының программаларына сәйкес келуін қадағаламайтын коммерциялық фирмаларды қалыптастырады және шығарады. Басқа жағдайларда электрондық оқу басылымды (ЭОБ) нақты жоғарғы оқу орындарының шығармашылық коллективтерін шығарады. Олардың ойлап тапқан курстары стандарттар талабына жауап береді және оларды басқа жоғарғы оқу орындарының оқытушылары қолдана алады, бірақ бұл көбінесе техникалық себептер бойынша және оларды алу шарттары бойынша өте қиын болып келеді.
Компьютерлік курстарды құруға және құрастырушыларды күшейту координациясына, мысалы заттық-сүйенген сипаттама бойынша, жүйелік жақындау қажет болып отырғаны белгілі. Сонымен қатар ЭОБ құру процесіне қатысуға тиісті және осы өнімдерді оқу процесіне енгізуге тиісті оқытушылардың квалификациясын өсіру бойынша жүйелік жұмыс маңызды болып келеді. Ғаламдық маңыздылықтың тағы бір сұрағы бар- мультимедиа құралдарын оқу мақсатында әдістемелік негізді құру.
Алайда, бізге берілгендей компьютерлік технологияның элементтерін оқу процесіне енгізудегі алғашқы буын болып ЭОБ құру табылады. Оларды құру деңгейінде оқытушы анықталған әдістемелік тәсілдерді салады. Әрі қарай ЭОБ -ды тәжірибеде жүзеге асыра отырып, бағалауға болатын оларды енгізудің нәтижесін алады. Осылай жиналған тәжірибе мультимедиа құралдарын оқу процесінде қолданудың әдістемелік негіздерін біртіндеп құруға және негізін салуға мүмкіндік береді және негізгі сұраққа жауап беруге мүмкіндік береді: ЭОБ -ды оқу процесінде не үшін, қалай және қандай көлемде қолдануға болады және қолдану қажет?
Қазіргі кезде компьютерлер күнде қолданылады, оларсыз біз өмірімізді елестете алмаймыз. Алайда компьютерді көптеген оқытушылар оқу курстарын құрудың құралы ретінде қолдануды білмейді.
Олар графикалық материалдарды, фотографияларды, дыбыстарды, анимацияларды және видеофрагменттерді өңдеу мен құру үшін қолданылатын программалық өнімдерді меңгермеген; оқу материалдарын оқудың бір мультимедиалық өніміне біріктіруді білмейді.
Сонымен қатар кейбір жағдайларда оқытушылар өздерінің компакт-дискілеріндегі дайын электронды оқулықтың мазмұны туралы және әдістемелік мүмкіндіктері туралы мәліметтерді қалай құру керек екенін білмейді. Олар электронды оқулықтардың навигациялық жүйелеріне нашар бейімделген, студенттерді өздік жұмыс үшін осы электронды оқулықтарды тиімді қолдануды үйрете алмайды.
Компьютерлік техниканың әрдайым өсу мүмкіндігі мен өнімділігі және сонымен қатар компьютерге «қызмет көрсететін» периферийлік құрылғыларды және оқу процесін жабдықтайтын техникалық құралдарды интенсивті жүзеге асыру электронды мультимедиалық өнімдерді құруды реттейді. Бұған параллель дамып келе жатқан бағыт - дистанционды білім сәйкес келеді. Дистанционды оқытудың пайда болуы біріншіден барлық оқу материалдарын электронды формаға ауыстыруды талап етеді.
Сонымен қатар мұндай жағдайда барлық оқу-әдістемелік материалдарды электронды формаға қарапайым ауыстыру аяқталмаған болып шығады. Қолданушыға (студент) мониторда көрсетілген материалға қарағанда, басылып шыққан (қағаз тасушыда) материалды оқыған жеңіл.
Сондықтан да басылып шыққан басылымды электронды тасушыға қарапайым ауыстыру - өтілген деңгей болып келеді. Қазіргі кезде мультимедианың барлық мүмкіндіктерін қолданатын оқу материалдары (сонымен бірге электронды оқулықтар) керек. Мультимедиалық оқу өнімдерін құру технологиялық қатынаста жеткілікті түрде күрделі процесс болып табылады.
Бастаушы техникалық университеттер электронды оқулық құрудағы өздерінің лидерлігін сақтап қалу мақсатында өздерінің универсалды қабықшаларын (программалық құралдар) құрды. Олардың базасында тәжірибесі жоқ компьютер қолданушыларына оқуға байланысты мультимедиалық өнімдерді құру мүмкін болады. Енді оқытушыға электронды оқу материалдарын құру үшін программалау тілдерін білу міндетті емес. Оған бөлек әдістемелік немесе иллюстративті материалдарды сапалы түрде дайындау үшін программалық өнімдердің шектелген санын меңгеру жеткілікті. Мұндай жағдайларда берілген пән бойынша оқу курстарын қолдау үшін бұның өзі жеткілікті.
Сапалы мультимедиалық оқулық құру тек бір адамның қолынан келмейді. Бұл жерде біріккен творчествалық коллектив қажет. Мысалы, олар келесілерден тұратын коллектив болуы мүмкін: электронды оқулық құратын барлық оқытушылар:
- оқулық сценариінің авторынан, берілген пән бойынша консультанттан
- жоба дизайнерінен, ол компьютер дизайнері болуы мүмкін
- компьютерлік монтаж видео-, аудио- және графикалық материал бойынша специалисттен
- Программалық өнімдермен және аппараттық құралдармен жұмыс жасай алатын видео-, аудио- және графикалық материалдарды құру және өңдеу бойынша специалисттен
- Редакторлар мен корректорлардан
Әрине, бұл мультимедиалық оқулық құратын топтың толық тізімі емес. Сонымен қатар кейбір жағдайларда коллектив аз бола алады, сонда әр адам бірнеше функцияларды біріктіре алады.
Өз пәні бойынша оқулық немесе оқу әдістемесін құрудың инициаторы болып табылатын техникалық пән оқытушысының электрондық өнім ерекшеліктерінде, инструментальды құралдарында, программалық өнімдер жиынында белгілі бір ой-өрісі болуы керек. Сонымен қатар кейбір жағдайларда оқытушыға салыстырмалы қарапайым материал дайындау қажет және ол оны әріптестерінің- компьютерлік технология мамандарының көмегінсіз өзі жасай алады.
Қысқарту
ЭБ - электронды басылым.
ЭОБ - электронды оқу басылымы.
1. 2. Электрондық оқулық басылым жөніндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты
1 Қолдану саласы
1. 1 Осы мемлекеттік стандарт электрондық оқу басылымдарының жалпы талаптарын және оның құрылымына, функцияларына, мазмұнына, оқу элементтеріне, рәсімдеуіне, құжаттамалырына және шығу мәліметтеріне қойылатын талаптарды анықтайды.
1. 2 Стандарт авторлық ұйыммен, электрондық оқу басылым бойынша эксперттік кеңестер және комиссиялармен, тапсырушылармен қолданылу керек және электрондық оқу басылымның сапасының экспертизасын өткізу және оларды жетілдіру бойынша немесе олардың шығарылуын тоқтату үшін негізі болып табылады.
2 Анықтамалар
Осы мемлекеттік стандартта терминдер және анықтамалар ҚР СТ 34. 014-2002 және МСТ 7. 83-2001 сәйкес қолданылады. Оларға қосымша стандартта келесi анықтамалар қолданылады:
- білім алушы - мақсаты оқу материалын оқып-үйрену және білімін бақылаудан өткізу болып табылатын электрондық оқу баспасын қолданушы;
- оқу курсы - мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартына енгiзiлген пән;
- оқыту траекториясы - бір электрондық оқу басылымындағы оқыту бірліктерінің немесе нақты квалификацияны алу үшін енгізілген пәндер тізбегі;
- электрондық басылым - программалық басқару құралдары мен құжаттамалары бар және кез келген электрондық ақпарат тасымалдаушысында орналасқан немесе компьютерлік желілерде жарық көрген сандық, мәтіндік, графикалық, аудио, видео және басқа ақпараттар жиынтығы.
- электрондық оқу басылымы - оқытуды және білім бақылауды автоматтандыруға арналған және оқу курсына немесе оның жеке бөлімдеріне сәйкестендірілген, сонымен қатар оқыту траекториясын анықтауға мүмкіндік беретін және әртүлі оқу жұмыстарымен қамтамасыз ететін электрондық басылым;
- электрондық оқулық - құрамында оқу курсының немесе оның бөлімінің жүйелі мазмұны бар және берілген басылым түріне мемлекеттік мекеме беретін арнайы дәрежеге ие электрондық оқу басылымы;
- электрондық оқу құралы - құрамында оқу курсының ең маңызды бөлімдері, сонымен қатар есептер жинағы, анықтамалықтар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу тәжірибесін өткізуге нұсқаулар, практикумға, курстық және дипломдық жұмыстарды дайындауға әдістемелік нұсқаулары бар берілген басылым түріне мемлекеттік мекеме беретін арнайы дәрежеге ие электрондық оқу басылымы.
3 Қысқартулар
ЭБ- электрондық басылым;
ЭОБ- электрондық оқу басылымы;
4 Электрондық оқу басылымына қойылатын жалпы талаптар
- ЭОБ-ның объектісі ғылыми негізделген фактілер, тұжырымдар мен ережелердің, сонымен қатар берілген оқу курсында оқытылатын объектілердің, құбылыстар мен үрдістердің қатынастары мен қасиеттерінің жиынтығы болып табылатын сандық, мәтіндік, графикалық, аудио, видео және басқа оқыту ақпараты болу керек.
- ЭОБ анықтамалық және басқарушы ақпаратты қамту керек, және қолданушының назарын өзіне аудартатын және оқу мақсаттарына қызмет етпейтін ақпаратты қамтымау керек.
- ЭОБ әртүрлі мамандықтар үшін олардың типтік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес қолдануға мүмкіндік беру керек.
- ЭОБ-да интерфейс көрнекті, түсінікті, бірмәнді және қолданушы қате іс-әрекеттер жібермеуі үшін ЭОБ-ның түгел және оның бөлек бөліктерінің функцияларының логикасын түсінуге көмектесетін түрінде келтірулі керек.
- ЭОБ-да имитациалық компьютерлiк моделдер оқылатын объектiлер, үрдістер мен құбылыстардың құрылымын және параметрлерін беру және өзгерту, сонымен қатар, сыртқы әрекеттердiң имитациясы үшiн ыңғайлы құралдармен жабдықталу керек. Компьютерлік моделдермен өзара-әрекет мәселелері білім алушыны оның көмегімен шешілетін дидактикалық есептердің мазмұнынан көңілін бөлмеуi керек.
- ЭОБ қалай жабық, солай ашық ортада қолданылу мүмкіндіктеріне ие болу керек. ЭОБ жабық ортада жылжымалы ақпаратты тасушыларда орналасуы және жеке алынған компьютерде немесе локальды компьютерлік желіде атқарушы программалар сияқты жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болу керек. ЭОБ ашық ортада глобалды компьютерлік желілерде орналасады және жұмыс істеу үшін программа-браузерлерді қолданады.
- ЭОБ қосымша программалық құралдарды талап етпейтін операциялық жүйенің версиясын ескере автоматты түрде орнатуының мүмкіндігіне ие болу керек. Орнату комплектінде мемлекеттік немесе халықаралық стандарттарына сәйкес ЭОБ-ның тәуелсіз жұмысы үшін барлық қажет шрифтер, драйверлер және программалар пакеттері болу керек.
- ЭОБ тұрақсыздандыру әрекеттер болмағанда (электр өшуі, операциялық жүйенің істен шығуы) берілген режимде функциясын жасау керек және тұрақсыздандыру әрекеттермен шақырылатын ауытқулар болғаннан кейін ЭОБ-ның жұмысын жалғастыруды қамтамасыз ететін қабілеті болу керек.
- ЭОБ қолдану процесінде ЭОБ-ға қажет өзгерістер мен кемшіліктерді енгізудің қарапайымдылығын қамтитын және оқу материалдарына және статистикалық берілгендерге санкциалданбаған кірісті болдырмау мүмкіндіктері болу керек.
5 Электрондық оқу басылымынының құрамына қойылатын талаптар
ЭОБ-ның құрамына: титул, тақырыптама, мазмұны, утилиталар, көмекшi және құжаттама енгiзiлу керек.
- Титулда ЭОБ-ның шығу мәліметтері орналасады. Шығу мәліметтеріне қойылатын талапта сәйкес тарауда келтірілген.
- Тақырптамада ЭОБ-ның құрылымы мен барлық семантикалық оқу бірліктерінің аттары көрсетілуі керек.
- Мазмұнда ЭОБ-ның мақсаттары және есептеріне қатысты және сол арқылы бiлiмдердiң қорытынды бақылауын өткізуге қажет барлық оқу материалы берілуі керек. Оқу материалы ғылыми терминологияны пайдаланып түсінікті, дәл, толық және қарамақайшылықсыз жазылуы керек.
- Утилиттер пайдаланушыларды тіркеу, статистикалық деректерді шығару, мазмұнды қарау, оқу траекториясын анықтау және сонымен оқыту, ағымдағы, аралық, белестік және қорытынды тестілеуді жүргізу үшін арналған.
- «Көмекшi» элементi ЭОБ-ның жұмысын басқару бойынша ақпарат және ЭОБ-ның iске қосылу моментiнен бастап іске қосылуын қамту керек.
6 ЭОБ-ның функцияларына қойылатын талаптар
- ЭОБ-мен жұмыс жасау үшiн келесi функциялар асырылу керек: пайдаланушының тiркелуi, берiлгендердi қорғау, навигация, контенттi қарауды ұйымдастыру, оқылатын траекторияны анықтау, бiлiмдi бақылау және оқыту, тестiлеу, статистикалық есеп.
- Пайдаланушының тiркелу функциясы ЭОБ-да пайдаланушы туралы берiлгендердi енгізу, өзгерту және жоюды қамтамасыз ету керек.
- Берiлгендердi қорғау функциясы контент бүтiндiгi мен ЭОБ-дағы әртүрлi материалдарға санкциалданған кірісті ұйымдастыруды қамтамасыз ету керек.
- Навигация функциясы ЭОБ бойынша алға және артқа қозғалудың мүмкіндігін қамтамасыз ету керек.
- Қарау функциясы тапсырмаларды орындауды, сұрақтарға жауап беруді және білімді бақылауды өтуді талап етпей, ЭОБ-ның контентiмен алдын ала танысуға мүмкiндiгiн қамтамасыз ету керек.
- Оқыту траекториясын анықтау функциясы қолмен, тесттік немесе толық таңдау негізінде жүргiзiлетiн бiлiм бақылауларымен мiндеттi түрде оқытылу үшiн сабақтардың тізбегін құрастыруға мүмкiндiк беру керек.
- Оқу және білімді тексеру функциясы теориялық материалды оқу, тапсырманың интерактивті орындалуын, қойылған сұраққа жауап беру және оқу траекториясы көлемінде ағымды, аралық, рубеждік және қорытынды бақылаулар өту мүмкіндіктерін көрсетуі керек. Осы жағдайда көптеген сұрақтарға дұрыс жауап берілмесе, білім алушы ЭОБ-ғы оқытудың ағымды бірлігін қайталауға мәжбүр болады.
- Тестілеу функциясы нәтижелерді тіркеу және тіркемей мүмкіндіктерімен ЭОБ және оның бөлек бөліктері бойынша білім деңгейін автоматты түрде бақылау құралдарына мүмкіндік беру керек. Ол үшін тестер оқу курсы бойынша берілген сұрақтардың жалпы базасынан таңдалған оқыту бірлігі бойынша сұрақтарды және жауаптар варианттарын кездейсоқ таңдау арқылы беру керек. Білім алушының жауапты енгізу немесе өзгерту мүмкіндігі білім алушы сұрақтардың жауаптарын енгізу техникасына емес, ал сұрақтар бойынша жауаптарына концентрация жасай білу себебімен өте қарапайым болу керек. Тестілеудің нәтижесі экранға шығады. Тестілеудің қанағаттандырылмайтын нәтижесінде жауабы дұрыс берілмеген кез келген сұраққа еркін көшу ескерілу керек.
- Статистикалық есеп функциясы білім алушының берілген оқыту бірлігін меңгеру деңгейі және сұранысқа тәуелді ол туралы басқа статистикалық берілгендер туралы нақты ақпаратты беру ескерілу керек.
7 Электрондық оқу басылымының мазмұнына қойылатын талаптар
- ЭОБ-ның контенті үш деңгейлі бөліктерге бөліну керек: 1-деңгей - модулдер, 2-деңгей - блоктар, 3-деңгей - сабақтар.
- Модул блоктан блокқа өскен сайын мағыналы байланыстары бар логикалы байланысқан блоктар тізбегінен тұратын электрондық оқу басылымындағы ірі семантикалық оқу бірлігі.
- Блок сабақтан сабаққа өскен сайын мағыналы байланыстары бар логикалы байланысқан сабақтар тізбегінен тұратын электрондық оқу басылымындағы орташа семантикалық оқу бірлігі.
- Сабақ минималды семантикалық бірліг және ол бірнеше оқу элементтерінен тұрады. Міндетті оқу бірлігі болып теория, мысалдар, тапсырмалар, сұрақ-жауаптар және тестілер есептелінеді, ал мiндеттi емес элементтерге оқу ақпаратын меңгеру, түсіну және еске сақтауға себебін тигізетін және ақпараттық тығыздықты қаматамасыз ететін анықтамалық, графикалық, аудио және видео жатады.
- Теория таңдап алынған оқу курсы бойынша мазмұны түсінікті, нақты, толық және қарама-қайшылықсыз болатын көкейкесті ақпаратты қамтуы тиіс және бұрын өткен сабақта қабылданған білімді қайталамай өздігінен оқу, тапсырманы жасау және білімді бақылау үшін жеткілікті болуы керек. Теорияда мәтіндердің астын сызу және түсін өзгерту сияқты арнаулы дидактикалық құралдарды қолдану керек.
- Мысалдар теорияның жеке маңызды аспектерiн жаттығуды орындау, есептi шешу, сұрақтарға жауаптар тағайындау және т. б. түрiндегi детальдық талдауын қамтамасыз етуi керек.
- Тапсырмалар оқытылатын объекттер, үрдістер мен құбылыстарының iшкi байланысын анықтауға, олардың әртүрлi сыртқы әсерлер кезiндегi функционалдық қасиеттерiн зерттеуге және жаттығуларды орындау мен есептердi шешудегi практикалық машықтарын қалыптастыруға бағытталу керек. Тапсырмалардың формулировкасында атқарылатын iс-әрекеттердiң ретi мен күтілетін нәтижеге және олардың берiлу формасына қойылатын талаптарға түсiнiктемелер болуы керек.
- Сұрақ-жауаптар бiлiмдi меңгеру үшiн және практикалық жұмыстарды орындау машықтарын қалыптастыруға бағытталған болу керек. Сұрақтар білім алушылардың танымдық іс-әрекетін жетiлдiру үшiн қиындық деңгейі, характерi және жауаптардың берiлу формасы бойынша вариациялануы керек.
- Тесттерде сұрақтар және арасында бiр дұрыс және бiрнеше дұрыс емес жауаптар болу керек және дұрыс жауапты таңдау кезiнде қарапайым әдiсiн қолданбау үшiн мағынасын түсiнбей жауап беретiн сұрақтар болмауы керек. Дұрыс емес жауаптар өздерiнiң мазмұны бойынша білім алушы оқу материалын терең бiлгенде ғана дұрыс жауапты таңдап алу үшiн дұрыс жауапқа жақын болуы керек. Тесттерде білім алушылардың iс-әрекеттерi мен жауаптарындағы әдеттегi қателiктер туралы ескертулер және сол қателiктердi жiбермеу мен түзету туралы түсiнiктемелер қамту мүмкiн.
- Анықтамалық оқу материалына қатысты және жаттығуларды орындау, есептердi шешу мен тәжiрибе өткiзуге, курстық, дипломдық және т. б. жұмыстарды дайындау бойынша мәтіндік, кестелiк, графикалық және басқа оқу-әдiстемелiк мәлiметтер қамту керек.
- Графика, аудио және видео оқу курсында оқытылатын объекттер, үрдістер мен құбылыстардың ең маңызды жақтарын және жағдайларын ашу және көрсету үшін қажеттi қосымша дидактикалық материалдарды келтіруге арналған.
8 Электрондық оқу басылымының оқыту элементтеріне қойылатын талаптар
- Оқыту элементтерiне «Теория», «Мысалдар», «Тапсырмалар», «Сұрақтар», «Тестілер», «Тезаурус», «Анықтамалық», «Графика», «Аудио» және «Видео» жатады.
- Оқыту элементі «Теория» оқылатын сабақтың теориялық материалдарының гипермәтiндi сипаттауына қол жеткізуге мүмкіндік беру керек.
- Оқыту элементі «Мысалдар» мысалдардың сипаттамасына қол жеткізуге імүмкіндік беру керек.
- Оқыту элементі «Тапсырмалар» оқытуды басқару элементі жаттығуларға және есептерге, сонымен қатар оларды орындау және шығару бойынша көмекке мүмкіндік беру керек.
- Оқыту элементі «Сұрақтар» білім бақылау элементі ағымды сабақ бойынша тест жүргізуге дейін интерактивті берілу және жауаптары тексерілетін сұрақтарға мүмкіндік беру керек.
- Оқыту элементі «Тесттер» білім бақылау элементі оқытудың ағымды бірлігі бойынша білімді өзін-өзі бақылауды жүзеге асыру үшін арналған тестілеу құралына қол жеткізу мүмкіндік беру керек:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz