Жоғары мәтінді технология



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   
мазмұны
Кіріспе 3
1 КОМПЬЮТЕРМЕН ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ 5
1.1 Электрондық оқулыққа қойылатын талаптар 14
1.2 ЭО-нын құруда жоғары мәтінді технологияның мүмкіндіктері 19
2 HTML ГИПЕРМӘТІНДІК БӨЛУ ТІЛІ 24
2.1 HTML-ді өңдеу жабдықтары. 24
2.2 Мәтіндерді Web-парақтарда беру 33
2.3 информациялық Weв-серверлер 42
2.4 Server Side Includes 43
3 с. Бійішев атындағы ақтөбе университетінің ақпаратты білім беру
ортасының басты парағын дайындау 49
3.1 интернет технологияларды қолдану 49
3.2 басты параққа шолу жасау 50
Қорытынды 52
Қолданылған әдебиеттер 54
қосымша 56

Кіріспе

Білім беру процесі - ақпараттық қоғам жағдайындағы жас өспірімдерді
жан-жақты даярлайтын процесс болуы қажет. Сондықтан білім беру жүйесінде
компьютерлерді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені компьютер адам қызметінің
барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құралына айналды. Болашақ
мамандарының арасында ақпараттық мәдениеті негіздерін қалыптастыру
оқушылардың компьютерде жұмыс жасауды игеруімен тығыз байланысты.
Білім беруді ақпараттандыру мәселесінің ауқымы өте кең және көп
салалы. Бұл мәселе төңірегінде кейінгі жылдары көптеген ғалымдар мен
әдіскерлер зерттеу жұмыстарын жүргізіп, құнды-құнды еңбектер шығарды.
Алдымен жаңа информациялық технологияға (ЖИТ) көшпей тұрып оку-тәрбие
процесінде білім беруді ақпараттандыру мүмкін емес.
Білім берудегі ЖИТ - оқу мен оқу-тәрбие материалдарын үйретуге
арналған есептеуіш техника мен инструменттік құралдардың жиынтығы, сол
сияқты ол есептеуіш техника құралдарының оқу процесіндегі рөлі мен орны,
мұғалімдер мен оқушылардың еңбегін жеңілдетуде оларды пайдаланудың түрі
мен әдістері туралы ғьлыми білімнің жүйесі. Оқытудағы ЖИТ аса қажетті
педагогикалық проблемалардың шешімдерін табуға, ой еңбегін арттыруға, оку
процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді. ЖИТ-тің негізгі ерекшелігі ол
мұғалімдер мен окушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашалық жұмыс
жасауға көп мүмкіндік береді және оны педагогикалық мақсатта пайдалану
оқушылардың зердесіне, сезіміне, мүддесіне, көзқарасына әсер ете отырып
оның интеллектілік мүмкіншіліктерін арттыруға көмектеседі. ЖИТ-тің білім
беру саласына енуі педагогтарға оқытудың мазмұнын, әдістері мен ұйымдық
түрлерін сапалы өзгертуге мүмкіндік береді.
Болашақта Қазақстанда білім беру жүйесін ақпараттандыру
телекоммуникациялық желілерді жасау және дамытумен ұштасады. Ал білім беру
жүйесінің негізгі міндеттері біртұтас телекоммуникациялық желіні құру және
дамыту арқылы шешіледі. Олар:
- ақпараттык, мәдениетті ұйымдастыру мен жеделдету процесін жоғары
деңгейге жеткізу;
- жасалынған және дамып келе жаткан телекоммуникациялық желілерді
біртұтас бүкіләлемдік инфомациялық кеңістікте итерациялау;
- біртұтас ақпараттық кеңістікте әртүрлі деңгей ақпараттармен алмасуды
қамтамасыз ету;
- білім беруді дербестендіруді қамтамасыз ету, дистанциялық оқытуға
мүмкіндік жасау.
Оку қызметінде құрал ретінде компьютердің мүмкіндіктері әлі толық
ашылған жоқ. Сондықтанда бүінгі таңда ол тек қана алгоритмді орындаушы
құрал болып қалмай, кабілетіне қарай үйлесімді шешім іздейтін құрал болып
табылады. Ол үшін компьютер базасында құрылған эксперттік жүйе дербес оқу
топтарына айналады, компьютер оқушыларға мүмкіндігі жететін барлық
есептердің шешуін табуға орасан зор көмектеседі. Компьютер оқушылардың өзін-
өзі танып білу, өз бетімен дербес оқу ерекшелігін және болашақта
тәлімгерлік функцияны атқаратын құрал болып табылады. Соңғы жағдайда оқу
ситуациясы оқыту ситуациясына айналады.
Компьютерлік оқыту құралдарын жасау пәнді оқытудың мазмұнына,
логикасына және әдістемесіне байланысты болады. Ондай құралдарға қазіргі
кезде педагогикалық программалық құралдар (ППҚ) және инструментальдық
педагогикалық құралдар (ИПҚ) жатады. Оқытуды компьютерлендіру кезінде
үйретуші программаларымен жұмыс істегенде ғана компьютер балалардың оқуға
деген позитивтік қатынасын қалыптастыруды тиімді шешуге ықпал етеді. Ондай
программалар оқушыларға өздеріне ыңғайлы оқып үйрену темпін таңдап алуына
мүмкіндік береді.

1 КОМПЬЮТЕРМЕН ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ

Қоғамда информатикаландыру, есептеу техникасы құралдарының кеңінен
таралуымен байланысты оқу процессін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің
мазмұнын өзгертуге де елеулі ықпал етеді.
Дербес ЭЕМ – ді оқу процессінде барлық пәндерде техникалық оқу құралы
ретінде пайдалану білім беру мазмұнына ықпал етумен байланысты.
Компьютердің мүмкіндіктерін ескере отырып, оқу мәселелеріне талдау
жасасақ, психологиялық педагогияның іргелі оқыту теориясынан психологиялық
– педагогикалық, әдістемелік мәселелер туындайды. Бұл берілген теорияда
оқытудың дәстүрлі түрімен ғана шектеліп қоймайды, үйрету программаларын
жобалауда әдістемелік құрал болып қалыптасады.
Белгілі теориялық тұжырымдарға сүйеніп, сондай – ақ педагогикалық
принциптерді ескере отырып, компьютерлік оқытудың психологиялық –
педагогикалық мәселелерін қарастыру қажет:
компьютерлік оқытудың тәрбиелеу, білім беру және дамытудың бірлігін
қамтамасыз ету;
оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру мақсатында дербес және
саралап оқытуды ұйымдастыру;
оқу процессін жетілдіру.
Компьютерлік оқытуға қойылатын дидактикалық талаптарды айқындасақ,
біздің ойымызша олар әрекет амалы және оқушылардың таным қызметі
белсенділігі бағытында қарастырылуы қажет.
Оқыту процестері – дидактиканың талас туғызатын мәселелерінің бірі.
Сондықтан да дидактикалық процесстерді әр оқымысты өзінше қарастырады. деп
жазды В. Оконь.
Оқыту принциптерінің ішінде ерекше роль атқаратын басты принциптердің
біреуі біздің көзқарасымыз бойынша белсенділік принципі. Белсенділік
принципі барлық принциптерді компьютерлік оқыту кезінде практикалық жүзеге
асырудың негізі мен көрсеткіш деңгейі болып табылады.
Белсенділік принціпі саналық принципімен тығыз байланысты. Сондықтан
үйретуші программалардың құрылымы әрекет туралы және пән бойынша
программалармен жұмыс істеуге қажетті білім беруді бір тұтас нысаналы
компонент болуы керек деп есептейміз.
Оқушылардың біліктілігі мен дағдысының ғылыми ізденісін қалыптастыру
оқытудың ғылымилық принціпімен байланысты. Бұл принціп қазіргі ғылымдағы
берік орныққан қағиданы зерттеуді талап етеді, оқу материалдарын таңдап алу
мен оқыту әдістерін қалап алуға көмектеседі. Ғылымилық принціп негізінде
компьютерлік оқыту жүйесінің мазмұнына бір қатар талаптар қойылады. Біздің
ойымызша оқыту жүйесі компьютер арқылы оқу материалын тиімді меңгертетін
мазмұнда болуы қажет. Компьютерлік оқыту жүйесінің мазмұнына қойылатын
келесі талап қазіргі ғылыми мағлұматтар деңгейінде, ал оқу материалын
меңгерту танымның ғылыми әдістерін бара – бар болуы тиіс (математикалық
әдіс, жүйелік талдау, модельдеу әдісі және тағы басқалар).
Оқытушылық таным нақты фактілер мен құбылыстарды сезімдік қабылдаудан
басталады. Бұл таным көзі ретінде заттар мен құбылыстардың өздеріне бет
бұрумен байланысты. Ол оқыту аңғарып қараудан талап етеді. Осыдан барып
көрнекілік принціпі шығады. Аталған принціп негізінде оқыту жүйелеріне
мынадай талаптар қоюға болады:
үйретуші программаларды жасағанда дидактикалық мақсаттарды орындай
алатын модельді таңдап алу;
процесстерді бейнелегенде түстерді дұрыс таңдап білу;
дыбысты, дыбыс сигналдарын жазу, оларды бейнелеу және тағы басқалары.
Білімнің жақсы меңгерілуі үшін, олар түсінікті, ретке келтірілген
болуы керек және бұрынғы бар білім жүйесіне біртіндіп енгізілуі тиіс. Бұл
жүйелілік принціпінен көрініс табады.
Информатика курсының білім беру саласына пән ретінде енгізілуі оған
қазіргі заманға сай және ғылыми түр береді, жүйелейді. Жүйелілік пен бір
ізділік приціпі үйретуші программаларға бір қатар талаптар қояды.
Программаның мазмұнына арнайы әдіснамалық мағлұматтар енгізу, ғылыми
құрылымы болуы, сондай – ақ белгілі ретпен пакеттер жасау қажет.
Компьютерлік оқыту жүйелері танымның жүйелі әдістерін тиімді жүйеге
асырады. Осыдан үйренушінің әрекетін құрайтын алгоритм материалды меңгеруді
қажет ететін жүйелілік талдаудан құралатынын байқаймыз.
Біз оқу процессінің компьютерді қолданумен байланысты мәселелерін үш
топқа бөлеміз: бірінші – оқыту теориясына, екінші – компьютерлік оқыту
технологиясына, үшінші- үйретуші программаларды жобалауға қатысты.
Оқыту теориясы оқу қызметімен байланысты оқушылар мен үйренушілер
қызметінің негізгі компоненттеріне, оқу қызметін басқару процессіне
байланысты талдауларға сүйенеді.
Оқыту технологиясы оқыту теориясы мен оны практикалық жүзеге
асырылуының арасындағы байланысты бөлім. Үйретуші прграммаларды жобалау
теория мен технологияның практикалық қолдау табуы болып табылады.
Компьютерлік оқытудың психологиялық – педагогикалық жайы, ең алдымен, оқу
мақсатына жетудің негізгі механизмінің қызметіне терең талдау жасап оқу
процессінде заңдылықтарды пайдалана білу. Компьютерлендірудің ерекшелігін
ескере отырып, бұл заңдылықтарды қолдануды жан – жақты ойластырып жүзеге
асыру керек.
Біз оқыту қызметін басқару деп қарастырамыз. Бұндай басқарудың негізгі
құралы педагог тарапынан немесе оқыту құрылғысы тарапынан, ең алдымен,
үйренушінің танымдық сферасына әсер етеді. Бұл әсер ең алдымен оқу
мақсатының сәйкестігіне бағытталуы қажет.
Дәстүрлі оқу процессінде оқушы - оқытушы жүйесі қалыптасқан. Демек,
оқу процессі – оқушы мен мұғалімнің өзара байланысты қызметі, біте
қайнасқан бірлікте жүзеге асырылатын күрделі, қозғалмалы жүйе болып
табылады. Бұл жүйеде мұғалімнің басшылығымен, оқушы ғылым негіздерін,
әрекет тәсілдерін меңгеріп, дамиды. Бұл өзара байланысты қызметте әр бір
субъектінің өзіндік қызметі бар. Мұғалімнің қызметі тек білім беру ғана
емес, білімді меңгеру процессі мен әрекет тәсілдерін басқару болып
табылады. Оқушының міндеті – білім жүйесін, оны алу тәсілдерін меңгерту,
оны өңдеу, сақтау жолдарын үйрену.
Бұл оқушы мен мұғалімнің алдында тұрған мәселені шешу – оқу танымының
кезеңдеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Бірақ дәстүрлі оқытуда оқушылардың оқу әрекетін басқарудағы мұғалімнің
мүмкіндіктері ұйымдастыру барысындағы қиындық пен шектеледі. Дәстүрлі
оқытуда ақпараттық ағым, негізінен, оқытушыдан оқушыға бағытталатын
практика көрсетіп отыр. Демек, оқушылардың оқу әрекетін тиімді басқару
мәселесі бұл процессті жан жақты жедел ақпараттық қамтамасыз ету мәселесін
шешумен, яғни жаңа ақпараттық технология мен оқу процессіне енгізілумен
байланысты шешіледі. Жаңа ақпараттық технологияның оқу процессіне енгізілуі
бұл жүйенің орнына оқушы – оқытушы - компьютер пайдаланғандықтан
қалыптасқан психологиялық – педагогикалық әдістеріне өзгерістер енгізуді
қажет етеді. Олай болса, жаңа жағдайдағы оқу тәрбие процессін тиімді және
мақсатына жете алатындай ету үшін бір қатар психологиялық – педагогикалық
мәселелерді қайта құруға тура келеді. Осыған байланысты психологияның,
педагогиканың және дидактиканың көптеген дәстүрлі қағидаларын қосымша
зерттеу қажет болады.
Біздің ойымызша зерттеліп отырған компьютерлік оқутудың психологиялық
– педагогикалық негізі ең тиімді іс - әрекет амалы болып табылады.
Зерттеу барысында біз А. М. Леонтовтың жасаған әрекет теориясына
сүйендік. Іс-әрекет амалын педагогикалық мәселелерді шешуде қолдану
ерекшеліктері туралы Л.С. Выготскийдің, С.А.Рубинштейннің,
П.Я. Гальпериннің, Б.Ф. Ломовтың, И.Т. Тальзиннің еңбектерімен жан-
жақты таныстық.
Қазіргі уақытта іс-әрекет категориясы үлкен методологиялық және
теориялық мәнге ие болады. Іс-әрекет адамзаттың табиғи, әлеуметтік, тағы
басқа қабілеттерінің қатынасын белсенді түрде өзгертушісі және
түрлендірушісі бола алады. В.А. Иванов әрекеттің психологиялық
түсініктемесіне мынадай мінездеме береді. Іс - әрекеттің психологиялық
бейнесі белсенді психиканың реттелетін субъектісінің бірі – абстракциялық
модельден шығады. Іс -әрекеттің түбегейлі мәселелерімен көптеген психолог,
философ және социологтар шұғылданды. Бұл проблемаларды оқудың көптеген
ғылыми – теориялық, психологиялық – педагогикалық зерттеулері негізінде
құрған. Психология ғылымы субъектіні талдауға байланысты іс - әрекет
теориясын жасады. Б.Г. Ананьев, Л.П. Буева, М.С. Каган, М.С. Кветнаялар
адамның қасиетін, оның үнемі дамып отыруын анықтайтын мүмкіндіктерін
айқындады. Л.С. Выготский, В.П. Зиченко, Л.Я. Гальперин, А.А. Смирнов, О.К.
Тихомировтардың еңбектерінде адамның іс - әрекетінің ролі туралы идеялар
қозғаушы күш ретінде әрекет етеді. Өзінің іс - әрекетін дамытуда, адам,
ішкі және сыртқы саралауға ұшырайтынын байқаймыз. Біріншіден, адам - өзіне
тән нақты нәрсенің әрекетінен тұрады. Екіншіден, ой әрекеті барысы біреу
арқылы пайда болады. Дәл осы уақытта ішкі іс - әрекет сыртқы іс - әрекетті
жоспарлайды, ол сыртқы іс - әрекет кезінде туындайды және сол арқылы жүзеге
асырылады. Оқушының кез келген іс - әрекетінің түрі, оның алдында тұрған
міндеттерді орындауға белсенділігімен байланысты болады. Белсенділіктің
психологиялық табиғаты іс - әрекеттің мінездемесі ретінде, өздігінен
қозғалудың іс - әрекетінің өзіндік түрінің ішкі алғы шарттары ретінде
қарастырылады. Белсенділік ғылыми категория ретінде әр түрлі жағдайда
зерттеледі. Ол биологиялық тұрғыда қоршаған орта организмге байланысты
қалыптасады деп қабылданған. Физиологиялық тұрғыдан қарағанда, белсенділік
мидің функциясын реттеуші деп қарастырылады.
Белсенділік арқылы біз қабілет жүйесін (адамның психикалық жүйесін
немесе субъект) айналадағы жүйеге әсері арқылы және ішкі әрекет өзгерістері
негізінде түсінеміз. Сондықтан да белсенділіктің әлеуметтік формасы іс -
әрекеттің спецификасы ретінде іске асады, демек, адамдардың белсенділік
мінездемесі қорытындыланған болып табылады. Белсенділік іс әрекеттің сапалы
мінездемесі ретінде және оның көріну дәрежесі мен анықталады.
Сонымен қатар біз іс - әрекет процесінде тұлға мен іс - әрекет қатынас
байланысы кезінде белсенділіктің әр түрлі деңгейде болатыны туралы жоғарыда
аталған авторлардың айтқандарымен келісеміз.
Психологияда әрекет ұғымы қоршаған әлемнің өзара ықпал ету процесінде
сипатталған индивид функциясы мен әрекет ұғымы арқылы түсіндіріледі.
Психологиялық әрекет қажеттіліктен туындайды; пәнді қамтамасыз етуге және
жүйелі іске асыруға бағытталады.
Біздің зерттеулерімізде оқушылардың оқу танымдық іс - әрекетін
қалыптастыруда ең бастысы – компьютерді пайдалануды іске асыру болып
табылады.
Қазіргі көзқарас бойынша, іс - әрекеттің барлық түрінің құрылымы бар.
Іс - әрекетінің негізгі құраушысы - әрекет. Әрекет ұғымы арқылы
психологияда операция ұғымы енгізілді, демек, ол әрекетті іске асыру
тәсілі.
Біздің ойымызша операция жүйесі әрекет тәсілі арқылы берілген типтегі
оқу міндеттерін шешуді қамтамасыз ете алады.
Л.Я. Гальпериннің идеясына сүйеніп, біз ақыл – ой қабілетін: атқарушы,
бағыттаушы және бақылаушы деп бөліп көрсетеміз.
Оқытуды компьютерлендіру кезінде күрделі операциялық құрылымды
қалыптастыруда компьютер шешуші ықпал етеді. Іс - әрекетінің нәтижесінде
алға қойған мақсатқа жетеді.
Оқу мақсатының ауқымы өте кең. Программалап оқыту идеясының кең
таралуымен байланысты оқу мақсатын компьютерлендіруге қызығушылық арта
түсті. Программалық оқытудың мақсаты оқуды бітіргеннен кейін меңгеруге
тиісті біліктігіне назар аударуды қажет етеді.
Компьютерлік оқытудың бағдарламасын құрастырмастан бұрын алдыға
қойылатын міндеттер – оқушылардың өздері қойған мақсаттарын, оқу мотивін
ынталандыру.
Мотивтік ортаны қалыптастыру – оқу әрекетінің жетістігінің алғы шарты
болып табылатыны белгілі. Танымдық және әлеуметтік мотивтің әр түрлі
деңгейін психологтар белгілеп берді және талдады.
Болашақта электрондық техника физикадан оқу жабдықтарының құрамына
оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырушы және оқытуды терең ынталандырушы
құрал ретінде қосылады. Мұның бірінші себебі ретінде электрониканың кең
таралуы, оның қазіргі әлемдегі мәнінің анықталуы және оқушылардың болашақ
еңбек әрекеті информатика негіздері мен есептеуіш техникасы мотивтеріне
ұқсас мотивке сәйкес келуі оның тағы бір себебі. Информатика сабағында ЭЕМ
– де жұмыс істегенде, оқушылардың алғашқы белсенділігі операционалдық
мотиві арқылы жүзеге асырылады. Ал физика сабағында, оқушылар электрондық
техникаға есеп шығару және іс әрекет амалдарын сипаттаушы құрал ретінде
бағыт ұстайды, нәтижесінде мотивтен мақсат туындайды.
Электрондық техника қандайда бір есепті шығару құралы болып қоймай,
жай ғана қолданбалы құрылғы болуы мүмкін. Басқа мақсаты оқушының танымдық –
логикалық сферасында тұлға, оның қоршаған әлем туралы ұғымы мен түсінікті,
логикалық операциялар мен әдістерді, таным қызметі мен интеллектуальдық
тәсілі мүмкіндік алады. Бұл мақсатқа электрондық техниканың физикалық
негіздерін оқу арқылы, сондай – ақ адамды қоршаған ортадағы техниканың
орнының бірегейлігін көрсету арқылы жетуге болады.
Компьютерлік оқыту жағдайында оқушылардың белсенді шығармашалық іс
әрекеті жүзеге асады. Көптеген үйрету программалары оқушылардың
іздемпаздығына түрткі болады, сұрақтың шешімінен қаталескен жағдайда
компьютер бағыт бағдар береді. Атап айтқанда, оқу мотиві мен оқушылардың
таным қызметін қалыптастырудың тиімді жолдары проблемалық ситуация
туғызумен байланысты. Компьютерлендіру жағдайында проблемалық оқытудың
психологиялық – педагогикалық заңдылықтары пайдаланылуы қажет, бұл
заңдылықтар үйретуші программаларын жасағанда компьютердің көмегімен сәйкес
келетін педагогикалық ситуацияларды қолданғанды сақталуы керек.
Проблемалық оқыту оқытудың белсенділік принцпін жүзеге асырумен
байланысты. Белсенді танымдылық іс-әрекеті таным және қажетті мотивтік
компоненттерінің қызыметтерінде адамның ойында проблемалық ситуацияларын
туғызады. С.Л. Рубинштейннің тұжырымдарына сүйенсек, проблемалық ситуация
ойлау процесінің алғашқы кезеңі болып табылады.
Кез-келген іс-әрекет оны іске асыру құралын сипаттайды. Оқу әрекетін
талдау барысында, әрекет құралы мен оқу міндеттерін шешу құралын ажырата
білу қажет.
Осы мағынада біз компьютердің оқу үйрету әрекетінің біртұтас деп
қарастырамыз. Егер компьютер оқу әрекетінің құралы ретінде ғана
пайдаланылса, онда ол тұтынушы-ЭЕМ схемасының аумағында болады. Компьютер
оқу әрекетінің басқару функциясын атқарса, үйрету құралы ретінде қолдануды
мойындағаны.
Электронды есептеу техникаларын қолдану оны компьютерді оқыту құралы
ретінде пайдалану мүмкіндіктерімен байланыстырады, компьютер оқу қондырғысы
және білім берудің мазмұнды объектісінің бірі ретінде қарастырылады.
Бірінші бағыты компьютер оқыту құралы ретінде - әр түрлі қиындықтағы
үйретуші программалар арқылы, әсіресе, автоматтандырылған үйретуші
жүйелерде жүзеге асырылады. Оқу әрекетінің ондай компоненті үйретуге ықпал
ету функциясының міндетін атқарады. Оқу міндеті деген түсінік дидактика
мен педагогикалық психологияның негізгі ұғымы. Компьютердің оқу процессінде
қолданыла бастауы, мектепте оқыту практикасының міндеттеріне әлеуметтік
жағдайда модельдеуші және тағы басқа мәселелерді алып келді (екінші
бағыты).
Бұл мәселелерді шешудің құрылымдық міндеттерін көптеген оқымыстылар
қарастырды (П.А. Шеварев, Г.А. Балл, Л.М. Фридман).
Дербес компьютерді алғаш жасаушылардың бірі Алан Кэй былай деп жазды:
компьютерлі қолдану сауаттылығы-бұл есептеу процесінің мәнін жеткілікті
түрде терең түсіну арқылы әр-түрлі есептерді шығаруда ЭЕМ қолдана білу.
Мысалы, компьютерлік модель арқылы жарықтың сынуын және толық шағылуын
анықтау, әдеттегі (дәстүрлі) құралдар арқылы көрсетуден әлде қайда оңай.
Қазіргі дербес ЭЕМ – нің оргтехникалық мүмкіндіктері, оқушыларды жұмыс
нәтижелерін кесте немесе график түрінде дисплей экранына немесе қағазға
шығарып беруге мүмкіндік туғызады. ДЭЕМ – ді программалық қамтамасыз етуде,
құрамына кіретін көптеген мәтіндік және графикалық редакторлар бар. Әр
түрлі алфавиттік – цифрлық мәліметтерді даярлауға, формулалары бар мәтінді
жазуға, суреттерді, кесте түрінде берілген сандарды, диаграммаларды,
графиктерді салуға ыңғайлы.
Компьютерді мұғалім қосымша материалдар, әр түрлі анықтамалық
мәліметтерден ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдалана алады.
Оқытудың психологиялық – педагогикалық талдау мен үйрету жүйесін
жобалау теңбе - теңдік мақсатымен оқу материалдарының мазмұнын талдау
төмендегідей педагогикалық бағытта қарастырылады:
үйренушінің жасы мен дербес ерекшеліктерін ескеру;
оқушыларды оқу – танымдық әрекетке қызықтыру.
Сабаққа компьютерлік техниканы пайдалану мәселесі оқушылардың жас
ерекшеліктерін ескере отырып дербес, психологиялық айырмашылықтарын білумен
тығыз байланысты. Е.М. Мащбицтің айтуынша: компьютердің мүмкіндіктерін
есепке ала отырып оқыту проблемасына талдау жаңа психологиялық
прпоблемаларды туғызып қана қоймады, оқытудың педагогикалық нормасының
фундаментальды қағидаларын қайта қарауды талап етеді.
Қазіргі заманғы оқыту баланың интеллектуалдық ерекшеліктеріне сүйене
отырып білім беруді қажет етеді.
Қазіргі компьютерлік оқыту құралдары оқу материалының сапасын жаңа
деңгейге көтеретінін атап көрсетуге болады. Оқушылар демонстрация кезінде
дисплей экранына параметрлік объектінің өзгерісінің сол немесе тағы басқа
өзгерген операциясының нәтижелерін көре алады. Оқу қызметінде компьютердің
рефлексивтік деңгейін жүзеге асыруды елестетсек, оның мүмкіндіктері ерекше
үлкен.
Сондықтан компьютерлік оқыту практикасында дербес мәселелердің
айырмашылығының психологиялық жайын ескеру қажет.
Ол үшін компьютерлік оқыту жағдайында оқушыларға дербес ықпал жасау
керек және компьютердің көмегімен оқытуды дербестендіру – оқу қызметін
рефлексивтік басқару арқылы ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

1.1 Электрондық оқулыққа қойылатын талаптар

Электрондық оқулығына (ЭО) дистанциялық оқу жүйесінде ғана емес
әдеттегідей мектеп, лицей, колледж т.б. оқу орындарында кеңінен іске
қосылуда. ЭО әртүрлі мақсатта қолданылады, жаңа материалды меңгеруде өздік
жұмыспен қамтамасыз етеді. Жекелей оқыту сапасын бақылауды қамтиды.
Сондықтан салалар бойынша қазіргі кезде ЭО көптеп құрастырғанда
субъективтік түсініктерден аса алмайды. Осы себепті ЭО-ның функционалдық
міндеттері кейбір жағдайларда шектеулі, ал бүл оқыту сапасын жақсартуға
жеткізбей қалады. Кең тараған кеңшіліктердің қатарына күрделі әлі шатасқан
новигация ЭО-ң демонстрациялық материалдарын толтыруы оның мазмұнына кесер
келтіруі және керісінше теориялық қағидаларды сипатының болмауы т.б.
Біріншіден, ЭО-ны жобалаған кезде оқыту процесін нәтижелі ететін
технологиялық мінездемелерді енгізу қажет. Сондықтан ЭО автоматы оқыту
жүйесі ретінде мынадай қызметтерді атқаруы тиіс:
Пәнді оқып үйренудегі оқушының қызметіне басшылық жасау;
Оқу танымдық әрекетті қолдау;
Оқу материалының игерілуіне, дидактикалық ерекшелігіне қарай танымдық
әрекеттің түрлерінің үйлесімділігін қамтамасыз ету;
Материалды беру технологияларын тиімді үйлесіру (мәтін, графика,
аудиовидео, анимация)
Коммуникациялық технология негізінде іскерлік ойындар, дискусиялар,
вертуалды семинарларды ұйымдастыруды желіде орналастыруға қамтамасыз ету;
Жалпы талаптардан басқа электрондық басылымдарға арналған арнаулы
қойылатын талаптар бар. Олар 3 негізгі категорияларға бөлінеді: мазмұны,
құрылымы және технологиялық орындалуына қарай. Сол себепті оқытатын пәнінің
электрондық дидактикалық материалдарын жасау үшін педагогтарға осы
категорияларды орындау пайдалы болар еді.
ЭО мына талаптарға сәйкес құрылуы тиіс:
Материалдардың мемлекеттік білім стандартына сай келуі, актуальдылығы,
жаңалығы және өзіне тән ерекшелігі;
Фактографиялық және практикалық маұзмұны мәдени құрам бөліктері
жүйелілігі және біртұтастығы;
Вариативтік принципке сәйкестігі, оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру
және жекелей оқытуға сәйкестігі.
Өзіндік жұмыспен қамтамасыз етудің маңыздылығын ескеріп талаптарға
мынаны қосуға болады:
Арнаулы схемалардың көмегімен теориялық материалдардың берілуінің
нақты логикасының жүзеге асуы;
Міндет қоюдағы айрықша нақтылық;
Оқу және қолданбалы есептерді шығару тапсырмаларды орыдау үшін толық
түсініктемелер беру;
Оқу тәрбиелік процесінің барлық формаларында танымдылық белсенділікті
арттыратын әдістерді қолдану (проблемалық ситуациялар, зерттеу мәні бар
мақсат қою, білімді басқа көздермен алу т.б.
ЭО жобалаған кезде мынаны ескеру керек. Оқытумен даму өзара байланысты
процестер болады. Бұны орындау үшін проблемалық стуацияларды шешу логикалық
мазмұнды тапсырмалар беру, танымдылық мақсаттарды орындау т.б.
ЭО оқу процесінде ізденістік ғылыми әрекет элементтерде қолданады.
Атап айтқанда эвристикалық мазмұны бар есептерді шешу олардың шешімін
Электрондық конференция режимінде талдау. Ғылыми зерттеу элементтерін
қолданып зертханалдық жұмыстарды орындау т.б, әсіресе телекоммуникациялық
жобаларды қазіргі кездегі білім беру ісінің актуалдығына сай болғандықтан
ЭО құрамында кеңінен қолдану қажет.
ЭО-ны қазіргі түсінік бойынша күрделі дидактикалық жүйе деуге болады,
ол жүйенің жұмысын информациялық технологияларды оқу тәрбие процесінде
қолдау болып табылады. Мониторинг мақсатында оқыту процесін реттеу үшін ЭО
шеңберінде жұмыстың нәтижесі жөнінде түрлі ақпаратты сақтау мәліметтер
қорын алуға болады. ЭО жүйесіне мына функционалдық блоктар кіреді:
Ақпаратты мазмұны ;
Бақылау коммуникативті;
Түзету қорытындылау және жалпылау;
Ақпаратты мазмұны блок 2 түрден тұрады.
Ақпараттық блок:
Белгілі бір тақырып немесе оқылатын курс жөнінде жалпы мәліметтер ;
Берілген курс немесе тақырыптың оқып үйрену мерзімі,
Осы пән бойынша тақырыптарды өту кестесі;
Есеп беру формасы мен уақыты;
Электрондық почта телевидео конференциялары арқылы практикалық және
семинар сабақтар кестесі;
Қосымша сабақтар кестесі.
Мазмұндық блок:
Оқу жоспарлары, оқу және жұмыс бадарламалары;
Оқулықтар, есептер жинақтары, оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулар,
анықтағыштар, энциклопедия, хрестоматиялар;
Семинарлардың толық жоспары;
Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі. Сондай-ақ Электрондық
кітапханаға және Web серверіне сүйену;
әдістемелік нұсқаулар (электрондық материал мен жұмыс үшін).
Электрондық оқулықтар әлі де болса ат үсті пайдаланып келеді. Себебі
оқушылар бұл оқулықтың мүмкіндігін біле бермейді. Internet қорыда арнайы
дайындықтан өткен пайдаланушыға ғана ашық. Әртүрлі ақпараттар компакт
дискілер арқылы немесе оқу орнының серверлік жүйесінде берілуі мүмкін.
Ғылыми жұмыстарды орындау үшін жалпыға бірдей пайдалатын мәліметтер
қоры жұмсалады. Осы мәліметтерді Internet серверінде немесе оқу орнының
локальдық желісінде орналастыруға болады. Бұл әрекет Электрондық оқулық
дискетке немесе компакт дискіге жазылған жағдайда да өз күшін жоймайды.
Ақрапаттық мазмұн блогын құрғанда педагог оның ішкі құрылымына назар
аударуы керек. ЭО қолдану тәжірибесі көрсеткендей ең нәтижелі курс болып
оқу материалдарының альтернативті әдіспен берілуі табылады. Бұның мәнісі
материалдардың сызықтық және сызықтық емес схема арқылы берулі.
Сызықтық схема шеңберінде оқу материалын оқушы мемлекеттік білім
стандарты талаптарына сай игере алады. Ал сызықтық емес схема ЭО
жағдайында онымен жұмыстың ең жоғарғы дәрежесін қамтамасыз етеді. Яғни
қосымша теориялық материал беріліп отырады. Бұданда басқа оқушыға курстың
қосымша тарауларын беруге болады. Электрондық материалдармен жұмыс істеу
практикасын көрсеткенде ақпараттың бірлігі бір немесе 5 экран бойынан бірақ
кез келген ақпаратың мазмұны логикалық жағынан тұтас болуы қажет. Оқу
ақпараттың тиімді көлемі ретінде оқушының өзіндік жұмысына 30-40 минут
уақыт белгілеп алу қажет. Мысалы, басында 5-10 минут қайталап алып 20-30
минут бойы жаңа материал мен жұмыс жүргізу керек. Соңғы 5-10 минут
материалды игеруді тексеруге арналады. Уақытты қате есептеден бас тарту
қажет.
Бақылау коммуникативті блогы:
тесілеу жүйелері;
өзін-өзі тексеру үшін қойылған талаптар;
емтихан және зачет сұрақтары;
бағалау критерийлері.
Бақылау коммуникативтік блогы мынаны тексереді. Алдын ала ағымдағы
алдыңғы және қорытынды бақылау жүргізеді.
ЭО мұның жұмысы тестілеу жұмысын ұйымдастырған кездерде жүзеге асады.
Мысалы, бақылау бағдарламалары бойынша кез келген уақытта локальді
компьютерлер мен жұмыс кезінде өз білімін тексере алады. Бұл жекеше білім
беру траекториясының қамтамасыз етілуі. Ал педагог үшін бақылау жүйесінің
желілік нұсқауы тиімділеу. Себебі бағалау арқылы кері байланысты
қамтамасыз етеді. Мысалы, педагогика Электрондық почта арқылы бақылау
нәтижесін жіберу. Ал жалпы білім беретін оқу орындарында тәуелсіз және
обьективті оқыту сапасын орталықтандырылған тестілеу жүзеге асырады.
Түзету жалпылау блогына мыналар кіреді. Оқышулардың оқу жұмысының
қорытынды нәтижелері оқу танымдық әрекетінің диагностикасы. Бақылау
түрлерінің нәтижелеріне талдау жасау. Соларға сүйене отырып оқу орнында әр
оқушының мәлімет қорын жасауға болады. Бұл мәліметке оқу орнының әкімшілігі
және сол пәнді жүргізетін педагогтар қол жеткізе алады. Осында
ұйымдастырылған мониторинг оқушылардың дамуына болжам жасауды ЭО құрылымын,
мазмұнын жетілдіруге қамтамасыз етеді.
Электрондық оқу құралдарының құрылымының қалыптасуы көп сатылы
жағдайда жүреді, сондықтан әртүрлі блоктардағы материалдар өзінің
дайындығына қарай құрастырылып отырылады. Әсіресе мұндай жолдар
автономиялық Электрондық оқу басылымын жасағанда өзін-өзі ақтайды дейміз.
ЭО-ның құрылымын қарастырып отырып оны оқу орнының ақрапаттық білім жүйесі
ретінде де қабылдауымыз қажет. Бұл тек оқу курсы ғана емес оқу тәрбие
процесіне де қажет құрал болып табылады.
Оқу процесінде ЭО-ны нәтижелі пайдалану тек мазмұны ғана мыңызды роль
атқармай оның техникалық параметрлерінің де атап айтқанда жұмыс істеу
қабілеті эргономикалық және көркемдік ерекшеліктеріне де зор мән беріледі.
Негізгі талартап мыналар:
қажетті есте сақтау қабілетінің тиімділігі автоматы қондырғының
дұрыстығы оның пайдаланушыға жеңілділігі;
ЭО-ның бағдарламалық қызметімен логикалық ауысуларының толық
орындалуы;
Бағдарламаның жүзеге асуы әсіресе оның параллель қосылу кезіндегі іске
қосылуы сұрақтарға жауап берудің жылдамдығы, шеткі қондырғылармен дұрыс
жұмыс жасауы;
Мультимедия компоненттерінің сапасы, олардың пайдалану сәйкестігі;
Жоғары белсенділікті ұйымдастыру тиімділігі;
Бағдарлама өнімінің эргономикалық сапасы барлық талаптарға сай болу.

1.2 ЭО-нын құруда жоғары мәтінді технологияның мүмкіндіктері

Жоғары мәтін немес гипертекст термині қазір кеңінен қолданылып жүр.
Грекше гипер дегеніміз үстіңгі, жоғарғы жақтағы деген сөз. Яғни гипертекст,
ол мәтіннен де жоғары тұратын айрықша байланыстары бар жоғары дәрежедегі
сілтемелер. Осы жоғары мәтіннен ақпараттық технология саласындағы мамандар
ғана жұмыс жасап қоймай әдебиетте де жоғарғы роман деген ХХІ ғасырдағы
әдебиетін сипаттайтын термин. Мысалы, Милорд Павичтің ХХІ ғасырда шыққан
Хазар сөздігі деген кітабы. Бірақ жоғарғы мәтіннің мүмкіндіктерін тек қана
компьютерлер аша алады, себебі жеткілікті (мәтін, сурет, анимация).
Жоғары мәтіндік технология дүниежүзілік өрмек құру негізінде
электрондық сөздік, энциклопедиялар, әртүрлі ақпараттық жүйелер негізінде
жасалған. HTML тілін пайдалану сияқты жалпы технологияға сүйеніп
мамандандырылған оқыту жүйелері жоғары мәтінді жүйелерді өзіне тән
ерекшелігіне қарай қарастыруға болады. Бізді ЭО құрылған HTML
технологияларына жасау және жоғары мәтінді мүмкіндіктер қызықтырады.
Жоғары мәтін және ЭО-ң дидактикалық ерекшеліктері. HTML
технологиясындағы орындалған жеке құжаттар HTML парақтары деп аталады.
Олардың ішінде статистикалық немесе өзгермейтін және мазмұны өзгеретін
немесе динамикалық беттері болады. ЭО мен жұмыс кезінде дидактикалық оқыту
процесі жүзеге асырып, динамикалық жоғары мәтінді пайдалану жүзеге асады.
Осындай жағдайда жоғары мәтінді пайдалану өтімділігі принципіне сай жүруі
керек және де бірнеше деңгейлі күрделі тапсырмаларды орындау арқасында
оқыту кезінде тақырыпты жекелей оқыту қамтамасыз етіледі:
Мультимедия элементтерін бетке енгізе отырып ақрапатты көрнекі түрде
көрсетуге болады. Бұл көрнекілік принципі.
Жоғары сілтемелер, түрлі материалдарды табиғи жолмен байланыстыра
теориялық ақпаратты практикалық тапсырмалармен толтырып отырады. Яғни
теориямен практикалық байланыс принципі сақталады.
Жоғары мәтінді оқыту жүйесінің жұмысы кезінде оқушы өзінің білгенін
сұрақтарға жауап беру арқылы көрсетеді. Яғни мұнда білімінің тереңдік
принципі жүзеге асады.
Жоғары мәтінді оқыту жүйелері күнделікті әдеттегі оқыту
жүйелеріне қайшы келетін сияқты болып көрінеді. Бағдарлама бойынша
оқытудың мәнісі автоматы түрде оқу материалын игеру. Тексеру тестіне жауап
беру болса, жоғары мәтінді оқыту жүйесі кезінде пайдаланушы әртүрлі
ауысуларға барып еркін пайдаланушы әртүрлі ауысуларға барып еркін жұмыс
жасай алады. Сөйтіп жоғары мәтінді оқы кезінде пайдаланушы оқу процесін
толық меңгере алады. Бұл оқушының оқуға деген жауапкершілігін арттырады.
Дидактикалық әдістермен байланысты көптеген қиындықтар тууы мүмкін. Бірақ
соған қарамай жоғары мәтінді жүйе бойынша жұмыс жасау еркін таңдауды қажет
етеді.
Бұл жүйені қатаң алгоритм бойынша оқытудың айырмашылығы өзіндік
жұмыстарды орындау жүйелі түрде өткізіп отырады. Жоғары дәрежедегі мәтінді
жүйелер бағдарлама бойынша оқытуды жүзеге асырып өз сценариіне қатаң
шектеулер қоюыда мүмкін. Мысалы, модульдердің тұйықтығы, ұғымды дәлірек
анықтап өзін тексеру үшін бастапқы нүктеге қайтып оралу келесі модулге
аралық тексеру үшін бастапқы нүктеге қайтып оралу келесі модулге аралық
тексеруден өткеннен кейін ғана өтіп отыру күрделі тапсырманы автоматы түрде
таңдау оқушыны тестілеу нәтижесінде қорытынды зерттеу, іздену жолдарын
жүзеге асырады. Оқушылардың өз еркімен таңдауы арқылы шығармашылық
ізденіске жаңа мүмкіндіктер ашылады.
Қазіргі кезде практикада ЭО жобалау кезінде мынадай технологиялар
қолданылады:
Мәлімет қоры технологиялары мен қатар жоғары дәрежелі бағдарламалау
тілін жобалау (оның ішінде мультимедиялық)
Жоғары мәтінді технология
Арнаулы құрал –жабдықтардың көмегімен жобалау
Бағдарламалау тілдерін пайдалану кезінде оқулық бағдарлама комплексі
ретінде және бөлек орындалатын модуль ретінде (дидактикалық материалдарды
сақталған мәлімет қоры) пайдаланылады. Мұндай өнім жоғары дәрежелі
қорғаныммен қамтылуы қажет. Біріншіден, көп басылымнан екіншіден, тестілеу
жүйесіне санкциясыз енгізуден қорғалу қажет. Бұндай әрекеттің артықшылығы
сол жоғары дәрежелі бағдарламалау тілдерін пайдалану (Object Pascal, C+)
және мәлімет қорын меңгеру жүйелерін пайдалану. Кез келген авторлық ой
туындыларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, ал басқа технологиялар бұны
өте күрделі қылып немесе орындалмайтындай етіп жібереді. Бұдан басқа
интерфейс бағдарламасы (Терезе түрі, элементтердің ішінде орналасуы,
шрифтер) үнемі тұрақты, ал жоғары мәтінді құжаттардың сыртқы түрі түрлі
бағдарламаны пайдаланғанда өте айрықшалануы мүмкін. Әдетте кемшіліктер
артықшылықтардың жалғасы бола алады. Бұл жағдайда ол дұрыс. Оқулықтың
жаңаруы бағдарлама кодының өзгеру жұмысына талап қояды, ал қазіргі заманғы
бағдарламадан қамтамасыз ету жоғары дәрежелі бағдарлама дайындауда өте
қымбат өнім болып табылады. Сондықтан бағдарламалау технологияларын
пайдаланып ЭО дайындауда жоғары маманды программистер қатынастырылыуы
қажет. Бірақ олар педагогтарға өз шешімдерін артпай байланыс жасауы тиіс.
Осындай жағдайда электрондық оқулық өте құнды және өте қымбат тұратын
өнімге айналады. Осыны жасауда негізгі күш таза техникалық проблемеларды
шешуге кетеді. Бұндай қызмет тек қана электрондық оқулықтарды дайындаудың
оқу әдістемелік орталықтарында немесе оқу орындарында жүзеге асуы мүмкін.
Толық қанды ЭО құрастыруда жоғары мәтінді ЭО-ң артықшылығын талқыладық.
Олар ыңғайлы оқу құралы, одан керекті ақпаратты тауып алуға және өткен
материалды тауып алуға болады. Осындай оқулық жобалау кезінде жоғары
сілтемелерді енгізуге болады, ал ол ассоциативтік қатар негізінде және
адамдардың ойлауымен ақпараттарды байланыстыру қабілетіне сүйенуі тиіс.
Бұл жағдайда ЭО жоғары мәтінді құжат ретінде динамикалық жоғары мәтіні
болуы мүмкін. оны құрастыру үшін HTML, Java VB Script, Pels, PHP тілдері
қолданылады. Сондай-ақ оқулық жасауды жеңілдететін визуальдық редакторлар
компиляторлар қосымша бағдарлама құралдары қолданылады. Электрондық
оқулықтың артықшылығы сол (осы технология бойынша) алынған өнімнің
платформалық тәуелсіздігі оқушыларға әмбебаптығы: ол дискетпен компакт
дискіге жазылуы мүмкін, Интернет арқылы және оқу орнының жүйесі арқылы
таралуы мүмкін. Мұндай оқулықтар үнемі толықтырылып отырылуы мүмкін
(информатика, заң мәселелері т.б.) Ал бұл технологияның кемшілігіне тест
кілттерінің шифрден босату және оқулықты санкциясыз көшіруден қорғаудың
жоқтығы жатады.
Электрондық оқулық құрудың алдында арнаулы бағдарлама жасап алып,
онда ЭО құрылымдық материалдары енгізілген болу керек. Көп жағдайда осындай
электрондық оқулық мультимедия мәліметтер қорының басқару жүйесі болып
саналады. Бұл жүйелердің негізгі қызметі табылған ақпаратты оқып үйренушіге
ыңғайлы түрде беру. Керек ақпаратты іәздестіру, арнаулы тілдерді қолдау.
Соңғы жылдары HTML технологиясымен көрсетілген әртүрлі бағдарлама
комплекстері жасалды. Олардың мәтінді оқу құралдарын жасауға мүмкіндік
береді. Microsoft offise пакеттерінен (Microsort Word, Microsort FrontPage)
әртүрлі жоғары мәтінді құжаттарды және аударуға болады. Бұлар ақпарат
іздестіру және новигациялық қолайлы жүйесі бар электрондық кітаптар құру
үшін пайдаланылады. Microsort корпорациясы белсенді түрде өз өніміне жоғары
мәтінді құжаттарды қарау бағдарламасын енгізіп отырады. Microsort Internet
Explorer құжаттарын Microsort HTML Help жүйесіне енгізуге болады. HTML
тілі ақпарат өңдеуден әмбебап тілі ретінде тұтас идеалогияны ендіру
қамтамасыз етеді. Бұл әдіс тек қана анықтамалық жүйе үшін ғана қажет
болмайды. Сондай-ақ әртүрлі электрондық оқулықтар мен жоғары құрылымды
үлкен құжаттардың Windows пайдаланушыларына новигация және ізденіс жүйесіне
де қажет. Осы тұжырымдар педагогтардың күшімен құрастырылатын әртүрлі
электрондық оқулықтар (кең таралған құрал негізінде) Microsort HTML Help
жүйесіне кең пайдалану алғы шарттары болып табылады.

2 HTML ГИПЕРМӘТІНДІК БӨЛУ ТІЛІ

Стандарт HTML және де басқа стандарттар Web үшін W3C (World Wide Web
Consortium) консорциумының басшылығымен жасалынған. Стандарттарды, жаңа
қосымшалар мен ұсыныстардың жобаларын, ерекшеліктерін http:www.3w.org
сайтынан табуға болады. Қазіргі кезде HTML 4.0 ерекше нұсқалары қызмет
етеді және оларды қолдау негізгі браузерлер тарабынан көптеп өсуде.
Тәжірибе жүзінде HTML стандартына тегтердің болуы үлкен әсер етеді және
олар кеңінен тараған браузерлердің қолдап ұсынғандары, мысалы Microsoft
Internet Explorer және Netscape Navigator. Бұл тегтер HTML-дің қазіргі
құрамына енуі, не енбеуі де мүмкін
Тегтер туралы ақпараттар HTML Compendium (HTML бойынша қысқаша нұсқау)
Ron Woodall-да жасалынған. Компендиумде тегтер тізімі және олардың
атрибуттары алфавиттік ретте беріледі, және де олардың әрқайсысын қолдайтын
браузерлер туралы жаңадан өзгертілген мәліметтер беріледі. Компендиум HTML
http:www.htmlcompendium.org сайтында орналасқан.

2.1 HTML-ді өңдеу жабдықтары.

HTML құжаттары қарапайым мәтіндік ASCII-файлдары. Бұдан оларды жасау
үшін кезкелген редакторды пайдалануға болатынын көреміз, тіпті
мүмкіндіктері өте аз редакторларды да. HTM-ге арнаулы арнайы өңдеу
орталары да жасалынған. Олар уақытты ұтымды пайдалануға көмектеседі, себебі
қайталанатын амалдар үшін арнайы тез орындалатын пернелер бар, мысалы,
құжаттардың бастапқы нұсқаулары, таблицалар және мәтіндердегі қарапайым
үлгілер. HTML редакторы авторлық WYSIWYG-жабдықтық редактордан өзгеше,
сондықтан HTML редакторын өз бетіңізше қолдан жасап үйрену керек және олар
редакторлау процессін жеңілдетеді және тездетеді.
Windows қолданушыларына HomeSite компаниясы ұсынған қуатты және қымбат
емес редактор HTML-ді тексеру керек. Онда HTML конструкциясында бояулармен
бөлу, функция FTP, синтаксистік тексеру және жазу ережелері, көпфайлдық
іздестіру және ескертпелер туралы көп мәліметтер болады. Бұдан басқа да
арнайы командалар және шаблондар өте күрделі элементтер жасауға (фреймдер,
JavaScript және DHTML көріністері) жасалынады. Ақпараттар және жүктеуші
көрсеткіш үлгі программалар httр:www.allaire.com. адресінде берілген.
Macintosh компьютерлерінде жұмыс жасағанда BBEdit көп көңіл бөлу
керек және коммерциялық HTML-редактор- Bare Bones Software компаниясы, Inc.
Ол Web-жасаушыларының арасында өзіндік салмақ алады және де Macintosh
компьютерлерінде. Оның құрамына ыңғайлы және тез жұмыс істейтін HTML-
жабдықтары кіреді және де аспаптар, көпфайлды іздеу және ауыстырулар,
іштестірілген FTP-функция, 13 программалу тілдері қолдайды, таблица
тұрғызушы, HTML синтаксистерін түзетуші және де көптеген функциялар
кіреді. Қосымша мәліметтер және үлгі программалар http:www.bbedit.com.
адресі бойынша табылады.
Авторлық жабдықтар WYSIWYG. Соңғы жылдары авторлық жабдықтардың
пайдаланушылар арасында кеңінен таралғаны мәлім. HTML-редакторлар классы
WYSIWYG (What You See Is What You Get – не көрсең соны аласың) графиктік
интерфейс болады және де ол HTML сипаттамасында мәтіндерді редакторлау
программаларына және парақтарды жасаушыға келеді. Бұл программалардың
бастапқы мақсаты пайдаланушыларды HTML тегтерінен босату болды, яғни
айтқанда, парақтарды жасау программалары қолданушыларды PostScript тілінің
командаларын теруден қорғайды. Бүгінде олардың қажеттіліктері өсті, себебі
олар құжаттарды шығаруды автоматтандыру деңгейін күшейтті, HTML - де
берілген құжаттарға ену мүмкіндігі көбейді.
Қазіргі кезде ең көп тараған WYSIWYG-редакторлар: Macromedia
Dreamweaver, Golive CyberStudio (тек Macintosh компьютерлері үшін),
Microsoft FrontPage, FileMaker Claris, Home Page, Adobe PageMill.
HTML тегтары. HTML құжаттары мәтіндерден тұрады (парақта орналасады)
және іштестірілген тегтар – құрылым туралы нұсқаулар, сыртқы түрде және
мазмұндық функциялар. HTML құжаттары негізінен екі бөліктен тұрады: тақырып
– head және денесі – body. Тақырыпта құжат туралы, онда баяндалатын
мәселелердің мағынасы туралы мәлімет беретін қысқаша сөйлемде әдістемелік
сипаттамалар және аты беріледі. Ал құжаттың денесінде мазмұны беріледі (
браузер терезесіне шығарылады).
Әрбір тег атаудан тұрады, ал онан кейін міндетті емес атрибуттар
тізімі беріледі және олар бұрыштық жақшаларда көрсетіледі. Жақшалардың
ішіндегі мәліметтер браузер терезесіне шығарылады. Тег атауы оның атқаратын
функциясының аббревиатурасын көрсетеді, яғни оны есте сақтауды жеңілдетеді.
Атрибуттар қасиеттер болады, олар тег функцияларын кеңейтеді және түзетеді.
Тег атаулары мен атрибуттары тег ішінде регистрға әсерсіз. Тег BODY
BGCOLOR=white жұмысы body bgcolor=white тегіне ұқсас. Бірақ кейбір
анықталған атрибуттардың мәні регистрге әсер етуі мүмкін, мысалы, файл
атулары және URL.
Контейнерлер. Көптеген тегтер контейнерлер болады. Бұл оларда
бастапқы( ашушы, немесе бастапқы) және соңғы(жабушы) тегтер болады деген
сөз. Тегтердің араларында болатын мәтіндер оларда берілген нұсқауларды
орындайды. Мысалы:
The weather is IgorgeousItoday.
Нәтиже: The weather is gorgeous today.
Соңғы тег те бастапқы сияқты атау алады, бірақ оның алдында слэш ()
белгісі тұрады. Оны тегті ажыратқыш есебінде қарауға болады. Соңғы тег
ешқашанда атрибуттар алмайды.
Кейбір жағдайларда соңғы тегтің болуы міндетті емес, және браузер
тегтің соңын контекстен анықтайды. Соңғы тег көбіне р (абзац) белгісін
қалдырады. Браузерлер бұрын бұл тегті аяқтаға сәйкес қолдаусыз қарастырған,
сондықтан көптеген Web авторлары осы қысқаша формаларды қолдануға
дағдыланған. Бұл барлық тегтарға тән емес, және барлық браузерлер бұған
келіспейді. Сондықтан, алдын ала сақтану үшін мәтінге соңғы тегті қосқан
дұрыс. Бұл әсіресе құжатта каскадтық таблицалар үлгісін пайдалануда керек.
Автономдық тегтер. Кейбір тегтерде ақтаушы тегтер болмайды, сондықтан
олар парақтарда жеке (автономдық) элементтер пайдаланады. Олардың бір түрі
бейнелеу тегі img, олпарақ ағынында жәй графиктерді орналастырады. Басқа
автономды тегтер – бұл жолдарды үзу тегі- (br), жатық жол сызығы - (hr)
және құжаттар туралы мәліметтерді беру және экранға шығаратын мәліметтерге
әсер етпейтін (мысалы,meta и base) тегтері.
Атрибуттар. Атрибуттар тегтердің қызметтерін кеңейту және өзгерту үшін
қосылады. Бір тегке бірнеше атрибуттар қосуға болады. Егер тег
атрибуттары тег аттарынан кейін орналасса, олар бір немесе бірнеше бос
орындармен бөлінеді. Орналасу реттері әсер етпейді. Көптеген атрибуттар
теңдік(=) таңбасынан кейін орналасқан мәндерге ие болады және де олар
атрибут атауынан кейін орналасады. Мәндердің ұзындығы 1024 таңбамен
шектелген. Мәндер регистрларға әсерлі болуы мүмкін. Кейде мәндер
жақшалардың(қос, не бір) ішінде де келтіріледі. Мәндерді жазу ережелері:
– егер мәндер бір сөзден, немесе саннан тұрса және тек (a-z)
әріптерінің біреуінен, цифрлардан (0-9) және айрықша таңбалардан (нүкте
., немесе тире -) тұрса, онда оны теңдік таңбасынан кейін жақшаға алмай
беруге болады;
– егер мәндер үтірлер мен бос орындар арқылы бөлінген бірнеше
сөздерден тұрса, немесе нүкте мен тиреден басқа айырықша таңбалардан тұрса
оларды міндетті түрде жақшаға алу керек. Мысалы, URL жақшаны керек етеді,
себебі олар ":" таңбаларын пайдаланады.Және де жақшаларды бояулардың
форматтары "#rrggbb" мәндерін бергенде де қояды.
Егер сіз сенімсіз болсаңыз жақшаларды барлық жағдайда да қойып
отырсаңыз қателеспейсіз.
Бірнеше тегтердің бір элементке әсер ету үшін HTML тегі басқа да HTML
тегтерін пайдалануы мүмкін. Мұны іштестіру деп атайды, және оны дұрыс
орындау үшін, ішкі тегтердің бастапқы және аяққы тегтері сыртқы тегтердің
бастапқы және аяққы тегтерінің арасында жатуы міндетті, мысалы:
The Weather is BIgorgeousIB today.
Нәтиже: The weather is gorgeous today.
Жиі кездесетін қателерге тегтердің шектеуін қоюлар жатады. Кейбір
браузерлер мәндердің бейнелеуде шектеулер пайдаланғанмен, көпшілігінде бұл
ережелерді бұзбайды, сондықтан тегтерді дұрыс орналастырудың маңызы зор.
Келесі мысалда тегтердің дұрыс іштестірілмегені келтіріледі( В тегі I
тегінің жабылу алдында жабылған):
The weather is BIgorgeousBItoday – браузер қабылдамайтын
мәлімет.
Браузерлер қабылдамайтын ақпараттар. Төменде HTML құжатында анықталған
тегке енгізілген ақпарат келтірілген, және оны қарағанда браузерлер
қабылдамайды. Осы жағдайлар құрамына:
– жолдарды үзу. Жол соңындағы таңбалар HTML құжатында қабылданбайды.
Мәтін және элементтер басқа жолдарға құжат ағымындағы мәтінде р, немесе
br тегтері кездескенге дейін ауыстырылмайды. Жол үзіледі, егер мәтінде
берілген формат (рrе) кездесетін болса;
– табуляция және көп бос орындар таңбалары. Браузер HTML құжатында
табуляция және көп бос орындар таңбаларын кездестіретін болса, ол тек бір
бос орынды қабылдайды. Сондықтан, егер құжатта: "far, far away"
болса, браузер "far, far away" жазуын шығарады. Қосымша бос орындарды
ағымдағы мәтінге үзіксіз бос орындар таңбаларын(Snbsp;) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық жаңа технологияларды шетел тілдерін үйрету жүйесінде қолданудың негізгі проблемалары
Ағылшын тілі сабағында жоғары сынып оқушыларының аудармашылық құзіреттілігін дамыту ерекшеліктері
Ана тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау жобасын қолдану арқылы оқушылардың тілін дамытудың әдістемелік негізі
Ойын сабақ технологиясы
Тіл білімі жəне компьютерлік лингвистика
Сызбаны қағазға шығару құралдары
Компьтерлік окыту технологиясы
Бастауыш сыныптарында қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды пайдалану жолдары
Бастауыш сыныпта қазақ тілін (ана тілін) оқыту барысында дамыта оқыту технологиясын қолдану
Модульдік оқыту технологиясының негізі - жеке тұлғаға
Пәндер