ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАР БАСЫЛЫМЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ТІЗІМІ . . . 3

КІРІСПЕ . . . 4

1 ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ БАСЫЛЫМЫ(ЭОБ) . . . 7

1. 1 ЭОБ түсінігі және олардың классификациясы . . . 7

1. 2 Дистанциялық білім беру және кредиттік технологиямен оқыту . . . 10

1. 3 Қазақстан республикасының электрондық оқулық басылымдары

туралы мемлекеттік стандарты . . . 13

1. 4 Оқытуға арналған программалық құралдарды шығару және тираждау

туралы жеке және заңды тұлғаларды лицензиялау ережесі . . . 21

2 ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ БАСЫЛЫМЫНЫҢ

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ПЛАТФОРМАСЫ . . . 33

2. 1 HTML бағдарламалау тілі . . . 33

2. 1. 1 MicrosoftFrontPage 2003 V4. 0 . . . 35

2. 1. 2 Мәтінмен жұмыс . . . 50

2. 1. 3 Сілтеме және оны құру . . . 53

2. 1. 4Түсті басқару . . . 54

2. 2 Macromedia Flash MX 2004 V 7. 0 . . . 55

3 КОМПЬЮТЕРЛІК ҮЛГІЛЕУ ПӘНІ БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫҚ

ОҚУЛЫҚ БАСЫЛЫМЫ… . . . 61

3. 1 Электрондық оқулықтың құрылымы . . . 61

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 66

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 69

ҚОСЫМША . . . 70

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ТІЗІМІ

ЭО - электрондық оқулық

ЭОБ - электрондық оқу басылымы

ОАПҚ - оқуға арналған программалық құралдар

СК - сарапшылық кеңеспен

ЖОО - жоғарғы оқу орындары

ҚР ОАО - Қазақстан Республикасының орталық атқарушы орган

ОӘК - оқу әдістемелік кешен

МЖМБС - Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты

БҒМ - Білім - ғылым министрлігі

СӨЖ - Студенттің өзіндік жұмысы

ОСӨЖ- Оқытушының студентпен өзіндік жұмысы

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда еліміздің жоғары оқу орындарында кредиттік оқыту технологиясының ендірілуі оқытуды дараландырып, студенттерге оқу траекториясын таңдауға, өздігінен білім, білік пен дағдыларды алуға өзіндік бақылау жасауына мүмкіндік береді.

Оқу курстарының құрылымы өзгеріске ұшырап, дәрістік сағаттар азайды, негізгі күш студенттің өздік жұмысына түсті. Оқыту интерактивті болып, студенттің өздігінен білім алуы мен маңызы артты. Жаңа оқыту технологиясының енгізілуіне байланысты оқу-әдістемелік кешендерді құрастыру және оқу жоспарларын ендіру, студенттің оқу траекториясын таңдау, тьютордың жүктемесін есептеу сияқты кредиттік технология бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру мен жүргізуді автоматтандырудың, жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың қажеттілігі туындады. Кредиттік оқыту жүйесінде студенттің өздік жұмысы барлық оқу бағдарламасының көлемінің басым бөлігін құрағандықтан, оны тиімді ұйымдастыруда электрондық оқулықтарды қолданудың маңызы зор.

Электрондық оқыту жүйесі рецептивті және интерактивті болып екіге бөлінеді. Интерактивті жүйе дербес компьютерді қолдану, бейнемагнитофон, бейне дискілі құрал, теледидар кешендері негізінде құрылады, білім алушы мен техника құралдары арасында екі жақты қарым-қатынас орнайды, көрнекілік пен кері байланысты қамтамасыз етеді.

Аудиториялық және аудиториядан тыс өздік жұмыстарда да кеңінен қолданыс тауып жүрген электрондық оқулықтар мен автоматтандырылған оқыту жүйелері оқу материалын беру, ақпаратқа талдау жасау, білімді бекіту және бақылау сияқты бірнеше қызметті қатар атқарады. Электрондық оқулық қашықтан оқыту формасының да басты құралы болып табылады.

Кредиттік оқыту жүйесінде электрондық оқулықтардың студенттерге өздігінен білім алу мен өзіндік бақылау жасауда маңызы зор. Электрондық оқулық - компьютерлік техниканы қолдану негізінде жасалған жаңа оқулық түрі, ғылыми негізде дайындалған педагогикалық-ақпараттық өнім. Ол студентке білімді әбден меңгергенше бірнеше мәрте оқуына, интерактивті режимде тапсырмалар орындауына, өздігінен білім алуына, өзін-өзі бақылауына мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде оқу пәндері бойынша түрлі сапалы электрондық оқулықтар жасалуда, әсіресе қазақ тіліндегі оқулықтарға сұраныс жоғары. Негізгі білім мазмұны оқулықта берілетіндіктен, электрондық оқулық жасау аса жауапкершілікпен қарауды, оны жасаудың технологиясы мен әдістемесін білуді талап етеді. Компьютерлік пәнінен қазақ тіліндегі электрондық оқулықты жасауда электрондық оқу басылымдарының жалпы талаптары және оның құрылымына, функцияларына, мазмұнына, оқу элементтеріне, рәсімделуіне, құжаттамаларына және шығу мәліметтеріне қойылатын талаптар анықталған ҚР МС 34. 017-2005 мемлекеттік стандарты басшылыққа алынды. Аталған стандартта электрондық оқу басылымдарының түрлері: электрондық басылым, электрондық оқу басылымы, электрондық оқулық және электрондық оқу құралы ұғымдарына анықтама берілген.

Электрондық басылым - программалық басқару құралдары мен құжаттамалары бар және кез келген электрондық ақпарат тасымалдаушысында орналасқан немесе компьютерлік желілерде жарық көрген сандық, мәтіндік, графикалық, аудио, видео және басқа ақпараттар жиынтығы.

Электрондық оқу басылымы - оқытуды және білім бақылауды автоматтандыруға арналған және оқу курсына немесе оның жеке бөлімдеріне сәйкестендірілген, сонымен қатар оқыту траекториясын анықтауға мүмкіндік беретін және әртүлі оқу жұмыстарымен қамтамасыз ететін электрондық басылым.

Электрондық оқулық - құрамында оқу курсының немесе оның бөлімінің жүйелі мазмұны бар және берілген басылым түріне мемлекеттік мекеме беретін арнайы дәрежеге ие электрондық оқу басылымы деп анықталған.

Компьютерлік үлгілеу электрондық оқу басылымына жатады. Ол гипертекст түріндегі, нақты құрылымдалған, кез келген сілтеменің объектісіне (текст, графика, анимация, аудиофрагмент, видеофрагмент, орындалатын программа) қатынау мүмкіндігі бар оқу материалынан және теориялық материалды бекіту, практикалық біліктері мен дағдыларын дамыту үшін берілетін сұрақтардан, жаттығулардан, тесттерден, қолданбалы программалар дестелерінен, сөздіктерден, анықтамалардан тұрады.

Электронды оқу басылымын жасау үшін алдымен оның құрылымы анықталды яғни сабақтардың тақырыптары анықталды. Мұндағы сабақ минималды синтактистік, семантикалық және прагматикалық оқыту бірлігі болып табылады.

Сабақ бірнеше міндетті оқыту элементтерінен: теориялық материал, мысалдар, тапсырмалар, сұрақ-жауаптар, тестілерден және оқыту ақпаратын меңгеру, түсіну, еске сақтауға ықпал ететін мiндеттi емес анықтамалық (терминдер және қысқартулар сөздігі), графика, аудио және видео сияқты оқыту элементтерінен тұрады.

Таңдап алынған теориялық материалдар дені орыс тілінде болғандықтан оны қазақ тіліне түсінікті әрі дұрыс аудару, терминдердің қазақша аудармасын табу, оны дұрыс қолдану, уақытты қажет ететін теру жұмыстары сияқты маңызды мәселелер кездесті. Теориялық материалдар мазмұны түсінікті, нақты, толық, тың және көкейтесті ақпаратты қамтып, студенттің өздігінен білім алу, тапсырманы өздігінен орындау және өзіндік бақылау жасауы үшін жеткілікті болуы керек. Оқулықта тақырып бойынша мысалдар таңдалынып, жаттығулар беріледі. Тест бағасын студент объективті, әрі психологиялық тұрғыдан дұрыс қабылдайды.

Графика, аудио және видео оқыту элементтері оқу курсында оқытылатын объекттер, үрдістер мен құбылыстардың ең маңызды жақтары мен жағдайларын ашу және көрсету үшін қажеттi қосымша дидактикалық материалдарды (сызба, кесте, график пен диаграммаларды, бейнеклиптерді және т. б. ) келтіруге арналған.

Автоматтандырылған оқыту бағдарламасынсыз қолдану деңгейлік саралап оқыту мен оқытуды дараландыруды, білім алушының шығармашылық танымдық белсенділігін артуына мүмкіндік берумен қатар, білім алушыларды қазіргі заманғы компьютер құралдарымен, жаңа ақпараттық технологиялармен, тереңірек таныстыру және компьютердің мүмкіндіктерін барынша игеріп, болашақ кәсіби мамандықтарында еркін, шығармашылықпен қолдана білуге үйрету құралы болып табылады.

1 ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАР БАСЫЛЫМЫ

  1. ЭОБ түсінігі және олардың классификациясы

Оқушылардың оқу кезінде бағдарламалармен жұмыс істеу ерекшеліктері классификацияға негіз бола алады. Көп оқу бағдарламалардың үш типі болады:

  • жаттықтыратын және бақылайтын;
  • имитационды және модельдейтін;
  • дамытатын ойындар.

Бірінші типтік бағдарламалар (жаттықтыратын) және икемді бекітуге арналған. Теориялық материал оқылған деп болжайды. Бұл бағдарламалар кездейсоқ тізбекте оқушыға сұрақтар және тапсырмаларды беріп, дұрыс және дұрыс емес шығарылған есептер санын тексереді. Қате жауап кезінде оқушы көмек ала - алады.

Екінші типті программалар оқушыларға оқуға теориялық материалды береді. Бұл бағдарламаларда есептер және сұрақтар оқу барысын басқаратын адам - машиналық диалогты ұйымдастыру қолданылады. Егер оқушы берген жауап дұрыс болмаса, онда бағдарлама оқыған теориялық материалды қайталау үшін артқа кету мүмкін.

Программалық оқудың басты элементті программа болып келеді. Оқушы орындайтын және программаланған оқулықпен немесе дидактикалық машина көмегімен берілетін реттелген тізбектің есептерді программа деп түсінеді. Программалық оқудың бірнеше түрі бар:

Сызықты программалық оқу. Негізін салушы АҚШ гарвард университетінің психология профессоры Б. Ф. Скиннер. 1954 жылы ол өзінің концепциясымен алғаш рет шықты. Оны жасаған кезде Скиннер бихевиористикалық психологияға негіздеді, онда оқу S-R принципіне сәйкес келеді, яғни қандайда факторлар пайда болғанда (S - stimuls) оларға реакция пайда болатын (R - reaction) . Бұл концепция бойынша кез келген сәйкесінше күшейтілген реакция үшін қайталауға және бекітуге бейімденеді. Оқушы үшін ретінде әр дұрыс жасалған қадамын жасау. Реакция қарапайымдылығын ескере отыратын қате жіберу минимумге келтірілген. Скиннер түсінігі бойынша сызықты программа келесі ерекшеліктермен сипаталады:

  • дидактикалық материал қадам деп аталатын елеусіз мөлшерлерге бөлініп, сәйкесінше оқушы қадамдарды бірінен соң бірін жеңіл өтеді;
  • программаның бөлек тізімінде болатын сұрақтар оқушының қызышылуғын жоғалтпау үшін қиын болмау керек;
  • оқушылар сұрақтарға өздері жауап береді, ол үшін қажетті ақпаратты қолданады;
  • оқу кезінде оқушыларға жауаптарының дұрыс еместігін бірден айтады;
  • оқушылардың барлығы програманың барлық бөлімдерін кезектеп өтеді, бірақ әр қайсысы өзіне қолайлы жылдамдықпен өтеді.

Тармақталған программа . Тармақталған программалау концепциясының авторы - Норман А. Кроудер. тармақталған программа бірнеше мәліметтен дұрысын таңдауда негізделген, ол мәтінді көп рет таңдауға бағытталған. Автордың ойы бойынша дұрыс жауапты таңдау оқушылардан қандайда ақпараты еске түсіруден гөрі үлкен ойлау қабілет талап етеді. Жауаптың дұрыстылығын бірден кері байланыстың өзіндік типі деп есептейді.

Программалық оқытудың алгоритмдері деп аталатын жетекші типті, ұйымдастыратын программалардың бірнеше түрлері белгілі:

  • Тізбекті - дайындайтын алгоритмі. Тапсырманың алғашқы элементті жеңілірек, ол өзіне қарағанда күрделірек екінші элементті даярлайды, екінші элемент үшіншіні, т. с. с. Соңғы элемент ең қиын элемент.
  • Параллель - дайындайтын алгоритмі. Тапсырманың алғашқы элементтері бір - бірінен байланыссыз өзінен кейінгі жоғары деңгейдегі комплексті элементті дайындайды.
  • Тізбекті - түзетуші алгоритмі. Тапсырманың алғашқы элементтері күрделі, ал әрбір келесі элемент қате жауаптарға соқтыратын қайшылықтарды көрсетіп алғашқы элементке түзету енгізеді.
  • Параллель - түзету алгоритмі. Оқушыға жоғары деңгейдегі комплексті элемент ұсынылады. Келесі элементтер бір бірінен байланыссыз әр позициялардан көмек береді.
  • Тасымалдау алгоритмі. Екі A(N) және B(N) массивтері қарастырылады. Олардың элементтері ретінде түсініктер, қатынастар, әрекеттер, мінездемелер, т. с. с. алушы алу мүмкін. Массивтер арасындағы логикалық сәйкестікті табуды талап етеді.
  • Аналитикалық алгоритм. A(N) элементтері беріледі. Олардың әрқайсысының В(К) кластарының біреуіне жататын анықтау қажет.
  • Синтездеу алгоритмі. A(N) массивінің элементтері ішкі топтарға бөлінеді. Оқушының мақсаты - элементтерді классификацияға бөлу критериясын анықтау.
  • Реттеу алгоритмі. A(N) массивінің элементтерін көрсетілген В(К) критериясы бойынша реттеу. Бұл алгоритмді орындау үшін жан - жақты білім керек.

Көпшілік инструментальді жүйелер оқытушыға әр түрлі жауаптары бар үйрететін және бақылайтын тапсырмаларды құруға мүмкіндік береді.

  • Таңдамалы жауап. Оқушыға тапсырма және дайын жауаптар тізімі ұсынылады. Оқушы жауаптардың ішінен дұрыс деп ойлағанын таңдауға тиісті.

Тапсырманың мұндай варианты машина үшін өте ыңғайлы, себебі ЭЕМ жауаптың тек номерін тексереді, сол бойынша дұрыс жауапты анықтайды. Жауапты таңдау арқылы берілген тапсырманының кемшілігі: міндетті түрде дұрыс жауапты ұсыну, дұрыс жауапты кездейсоқ таңдау. Тапсырма құрудың әр түрлі принциптерін дұрыс творчествалық және ойланып қолдану арқылы бұл кемістіктерді азайтуға болады.

Дұрыс жауапты ойлап табу мүмкіндігін азайту әдістері:

  • мағынасы бойынша ұқсас сұрақтарды әр түрлі формада қайталау;
  • таңдайтын элементтердің санын көбейту (бес жауаптан дұрысын табу ықтималдығы 0, 2) ;
  • дұрыс жауаптар санын екіге немесе бірнеше жұпқа өсіру. Тапсырмалардың жауаптары шыңдыққа ұқсас және тең қызғылықты болуға тиісті.
  • жеке - құрастырылатын жауап. Бұл типтегі тапсырмалар таңдамалы жауап пен бос - құрастырылатын тапсырмалар арасындағы аралық және байланыстыратын бөлік болып табылады. Жеке құрастырылатын жауап оқытушының ұсынған бөліктерінен құрастырылады.

Бұл форма заңдардың, теоремалардың, стандарттың формулалардың және т. с. с. анықтамаларын құратын тапсырмаларда қолданылады. Дұрыс жауапқа тапсырманың барлық элементтері кірмейді және оларды таңдау ретіне қатал шек қойылмайды.

Бос - құрастырылатын жауап. Автоматты оқу мен бақылау үшін мұндай тапсырмалар өте тиімді. Олар компьютерлермен, оқушы мен оқытушы арасындағы диалог сияқты, түсінуге мүмкіндік береді. Оқушы үшін бос - құрастырылған жауабы бар тапсырмалар күрделі тапсырмалар болып саналады, себебі жауапты ойламбай таңдауға ешқандай мүмкіндік жоқ және клавиатурадан қалаған формада терілетін жауапты компьютерге енгізер алдында терең ойлану қажет. Инструментальді жүйесінің анализаторы үшін курстың автономдық жауаптарын құруда оқытушы - автордың жұмысының күрделілігі жауаптарын құруда оқытушы - автордың жұмысының күрделілігі күрт өзгереді.

Эталонда бос орынды қосқан кезде символдар саны 80-нен аспау керек. Оқушының сұраққа берген жауабы эталон тестісімен салыстырылады және «дұрыс», «қате», «ұсынылған» т. б. сияқты жауаптар таңдалады. Содан соң программа таңдалған жауап бойынша келесі сценария кадрына көшеді.

Сонымен курс авторы берілген жауабына байланысты оқушыға ұсынылатын кадрларды құрайды. Енгізілген фразалық мағнасын жүйе «түсінген» сияқты болады, себебі оқушының бір сұраққа берген әр түрлі жауабына компьютер әр түрлі әрекет жасайды.

Қазіргі инструментальды жүйелерде оқушының жауабын эталон бойынша салыструдың әр түрлі әдістері бар.

Кілттік сөз бойынша талдау. Талдаудың бұл әдісі барынша қарапайым және универсалды. Оқушының алдын ала енгізіп қойған эталон жауабы кілт ретінде қолданылады, оқушының жауабымен жолдың соңына дейін салыстырылады. Кілт ретінде бір символды бір сөзді немесе сөздер тобын алуға болады.

Кілтті сөзді қолдануға жақсы қортындыға жетуге болады. Бірақ бұл әдісті абайлап қолдану керек, себебі оның мағыналық түсүністе мүмкіндігі шектелген. Кілттік ізденістің кемшілігі, кілт ішінде орын ауыстыру енгізсек жауап табылмайды.

Синтаксистік талдау. Мұнда оқушының жауабының жеке өңделген символдары қолданылады. Талдаудың бұл әдісі кілт бойынша емесе эталон бойынша салыстру кезінде қолданған жөн. Артық символ қате болып саналады, бос орында ескеріледі. Тура салыстыру, яғни жауаппен эталон символдары өз ара салыстырылады. Жауаптың барлық символдары эталон символдарымен сәйкес келген жағдайда «дұрыс» белгісі шығады.

Оқушының курсты оқу кезінде, жауаптың мағынасын нақтылы беру шетімен тура салыстру ережесімен ауытқу мүмкін.

Бұл жағдайда синтаксистік талдау әдісінде оқушының жауабын біртіндеп өңдеуге болады.

Жауап эталонына енгізілген өңдеу символдары (арнайы символдар) эталонмен салыстру кезінде оқушының жауабындағы бір немесе бірнеше символдары алып тастауға, елемеуге мүмкіндік береді. Біртіндеп өңдеу символдарынан ерекше, барлық қалған символдар эталондағы рет бойынша қарастырылуға тиісті.

Логикалық талдау. Талдаудың логикалық жауапты бос - құрастыру формасында құруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда жауап сөздер реті қатал анықталмаған сөйлем немесе фраза ретінде берілуі мүмкін. Сөздегі жұрнақ немесе басқа бөліктері ескерілмеу мүмкін.

Талдаудың бұл әдісінің кілттік сөз бойынша талдау әдісінен негізгі айырмашылығы, көп сөзді жауаптарды қарастырған кезде кілттік сөздердің барлық мүмкін тізімдерін теру қажет емес, себебі логикалық әдіс бір эталон бойынша жауаптың бірнеше вариантын талдауға мүмкіндк береді.

Бұл әрекеттің мақсаты - оқушының жауабының қажетсіз толық берілгенін елемеу, ол көпшілік ППҚ - ның жалпы кемшілігі болып саналады.

Мұндай программалардың кемшіліктері:

  • программамен жұмыс істеу барысында мотивацияны төмендету;
  • программамен жұмыс істеу процесіндегі немқұрайлыққа байланысты білімде «бос орын» тудыру мүмкін;
  • оқу диалогын құрудағы қиындық және күрделік.

Бұл программаларды программалау тілдерінде құрудың өте күрделілігіне байланысты және программа құрушыға қойылатын профессианалдық талаптың жоғарылығына байланысты, оларды құру кезінде көбіне автоматтандырылған оқу курсының программалық қабықшалары қолданады. Ол қабықшалардың программалау тілі, интерфейсі программист емес құрушыларға арналған.

  1. Дистанциялық білім беру және кредиттік технологиямен оқыту

Дистанциялық білім беру - бұл берілген бір мақсатқа бағытталған және методикалық ұйымдастырылған оқу - тану әрекетімен және арнайы ақпараттық білім беру ортаның көмегін ара-қашықтықта (Интернет желісі көмегімен компьютер байланысы, Интернет, радио, спутник, және т. б. ) оқытатын ақпаратпен ауысу ортасына негізделген оқытылатындарды дамытады. Дистанциялық оқытудың ақпараттық - білім беру ортасы мәліметтердің берілу құралдарын, ақпараттық қорлардың, өзара әрекетесу протоколдардың, оқытылатындардың білім алу қажетіліктерін қанағаттандыруға бейнеленген ұйымдастырылған - методикалық және аппаратты-программалық ұйымдастырылған жиынын көрсетеді. Оқытылатындар мұғалімнен кеңістікте және (немесе) уақытта алыстанған, сонда да олар кез келген уақытта homol телекоммуникация құрал көмегімен байланысты ұстай алады.

Дистанциялық оқыту процессі өте қарапайым көрсетіледі: компьютерлік желілер арқылы оқушы өзіндік тануға арналған оқитын материалдарды алады. Теорияны қабылдап алуды қажет ететін тапсырмалар материалдың негізінде жатыр. Оқушы тапсырманы орындап мұғалімге жауабын жібереді де жаңа материалды алады және т. с. с. Желілі мүмкіндіктерді қолдану оқушымен мұғалімнің араласуын дәстүрлі оқу процессіне қарағанда көп есеге көбейтеді, оқу процесі индивидуалды түрге келеді, ал оқулықтарда компьютерлік технологиялардың барлық мүмкіндіктері қолданылуы мүмкін. Жоғарғы оқу орнында экзаменге консультация алу үшін, экзамендерді тапсыру және дипломдық жобаны қорғау үшін ғана келу керек.

Дистанциялық оқыту жаңа ақпараттық технологиялардың және автоматтандырылған жүйелерінің негізделген күндізгі және сыртай оқудың элементерінен тұрады.

Сонымен қатар дистанциялық оқыту дәстүрлі сырттай оқумен салыстырғанда бір қатар ерекшеліктері бар:

  • дистанциялық оқуту оқушы және мұғалім арасында диалогты ұйымдастыруға мүмкіндік береді;
  • дистанциялық оқыту кезінде білім беру процесстің негізінде бір мақсатқа бағатталған және оқушының өзіндік жұмысын қатаң бақылау жатыр;
  • адекватті оқулықтардың негізінде оқу процессін тиімді басқару қазіргі заман коммуникация құралдар көмегімен мүмкін бола алады;
  • дистанциялық оқыту оқушының мүмкіндіктерін және білім алу мақсаттарын, жеке мінезін, жеке - бейнеленген оқытуды іске асыруға мүмкіндік береді;
  • дистанциялық оқытуда бірлескен студентік жұмыс жеңіл түрде ұйымдастырылады: конференциялар, семинарлар және талдаулар, студентермен бірлескен проектерді жасауға дейін;
  • дистанциялық оқыту оқушыға өзінің оқу уақыттың және оқитын жерін өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді
  • дистанциялық оқу орын ауыстыруды, күшті жұмсауды, минимумге келтіреді.

Дистанциялық оқытудың негізгі субъектілері болып оқытушы, тьютор және оқушы келеді.

Оқытушы оқу процессіндегі басты ұйымдастырушысы. Ол дистанциялық оқу курстарын жасаумен, оларды дистанциялық оқытуға оқу процессін қызмет көрсетеді тьюторлар және студенттердің арақатынасын реттейді, консультацияларды жүргізеді, білімге бақылау жүргізумен айналасады. Оқытушы қолданатын оқыту технологиялар бойынша негізгі мәліметтерін білу керек.

Тьюторлар - бұл оқу процессінің технологиясын және оқу методикасын жауап беретін арнайы техникалық қызметкер. Тьютор оқытушыларға қажетті техникалық көмекті, студентерге оқулықтарды дұрыс қолдану туралы консультацияларды, олардың оқу траекториясын (ең бастысы оқу процессінің графигін орындауын бақылайды) оқытушыға қажетті ақпаратты беру мен бақылауды және т. с. с қызметтерді жасайды.

Дистанциялық оқудан негізгі арақатынас off-line-технологиялар көмегімен жүзеге асырылады. Электронды почта - әр оқушымен бөлек немесе топпен материалдар мен ауысуды қамтамасыз етеді.

Қазіргі кезде оқу ақпаратпен ауысу технологиялардың негізгі түрлерін келтірейік:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электрондық оқулықтар мен қашықтық курстар. Виртуалдық мектептер
Электрондық оқулықтың сипаттамасы
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың білім беруде қолданылуы
Электрондық оқулықтарды жасаудың құралдары
Қазақстан экологиясын инновациялық технологиялар көмегімен оқытудың жолдарын ұсыну
Бағдарламалау тілдері пәнінен жасалған электронды курсқа интерактивтілік кіргізу
Физика сабағында ақпараттық технологияны қолданудың тиімділігі
Sigil программасында Адам анатомиясынан электронды оқулық құрастыру
Электронды оқулықтарды құрастыру жолдары
Электрондық оқулықтың түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz