Microsoft Excel бағдарламасына енгізілген финанстық функциялар


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы ; MS EXCEL және онын қолданулары

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1-ТАРАУ. MS EXCEL БАҒДАРЛАМАСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Файлдарды басқару

1. 2. Құжаттың құрылымы

1. 3. Кестелік есептеулер

1. 4. Формуланы енгізу

1. 5. Диаграммаларды тұрғызу және безендіру

1. 6. Функциялар

2 -ТАРАУ. ЭЛЕТРОНДЫҚ КЕСТЕЛЕРДІ ФИНАНСТЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЕСЕПТЕУЛЕРДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

2. 1. MS EXCEL ортасында қолданылатын финанстық функциялар

2. 2. Элетрондық кестелерді финанстық және басқа да есептеулерде

қолдану эллективті курсының бағдарламасы

2. 3. бағдарламасымен жұмыс істеу әдістемесі

ҚОРЫТЫНДЫ

Қолданылған әдебиет тізімі

Қосымша

Кіріспе

Microsoft Excel 97 - компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етушілердің сенімді түрде ұсынатын электрондық кесте бағдаламаларының бірі. Басқа танымал электрондық кесте бағдарламаларына Lotus 1-2-3 және Corel фирмасының Quattro бағдарламасын жатқызуға болады. .

Электрондық кестелер - кестелік ұяшықтарда орналасқан сандар және мәтінмен жұмыс жасауға мүмкіндік беретін интерактивті орта.

Excel жұмыс бетіне жазылған сандарды қолданып, графикалық кескіндер мен диаграммалар құрып, жазулар мен өрістер форматында жазылған мәліметтер қорының ақпараттарын қолдана алады.

Microsoft Excel финанстық фукцияларды пайдаланатын жұмыстарда жиі қолданылады.

Менің жұмысымның өзектілігі финанстық функциялардың жұмыс істеу принципін қамтитын материалдың қазақ тіліндегі нұсқасының жоқтығында.

Жұмыстың мақсаты:

  1. Microsoft Excel-де финанстық функциялардың қолданылуын неғұрлым көркем түрде сипаттайтын тапсырмалар құру.
  2. Бітіру жұмысының сұрақтарын қазақ және орыс тілдерінде қамтитын бағдарламалық өнім жасау.
  3. Бағдарламалық өнім функциямен жұмыс жасау ережелерінен, берілген функцияны неғұрлым көркем түрде сипаттайтын мысалдан тұруы қажет.

Зерттеу заты (предмет) :

Microsoft Excel бағдарламасына енгізілген финанстық функциялар.

Зерттеу нысаны:

Оқу үрдісінде берілген функция түрін қолданатын оқушылар.

Зерттеу әдістері:

  1. Берілген мәселеге қарасты әдебиеттерді қарастыру.
  2. Кітапхааларға бару.
  3. Финанстық және басқа да функцияларды оқытатын әдістемелік құрал жасау.
  4. Функцияның берілген түрін оқытуға арналған бағдарламалық өнім жасау.
  5. Финанстық функцияларды түсіндіруге арналған мысалдарды таңдауда мектеп мұғалімдерімен кеңесу.

Жорамал: жасалған бағдарламалық өнім мен әдістемелік құрал оқушыларға финанстық және басқа да функциялармен жұмыс жасау кезінде қолданылатын негізгі ережелерді меңгеруге көмектеседі.

Адресат: жұмыс қаланың экономиканы оқытатын мектептері мен колледждердің мұғалімдеріне арналған.

2. MS Excel-ді қолданудың теориялық негіздері.

Excel файлдарын жұмыс кітаптары деп атайды. Олардың әрбіреуінде жадының рұқсат етуіне байланысты бет болады. Барлық бет жазба кітапшадағы беттер сияқты біріктірілген. Сіздер көбінесе келесі типтес беттермен жұмыс істейсіздер: жұмыс беттері (элекрондық кестенің стандартты беті) және диаграммалар беттері (диаграммасы бар арнайы бет) .

Уақыттың көп бөлігінде сіз 65536 жолы және 256 бағаны бар жұмыс беттерімен әрекет етесіз. Жолдар 1-ден 65536-ға дейінгі сандармен, ал бағандар- әріптермен: бірінші-А, 26-шы - Z, 27 - АА, 52-ші - АZ, 53-ші - ВZ және (IV деп белгіленетін) 256-ға дейін басқалары белгіленген.

Жол мен баған қиылысқан аймақ ұяшық деп аталады. Менің калькуляторыма сенетін болсақ, бір бетте барлығы 16777216 ұяшық бар екен, бұның өзі қолданушылардың көбіне жеткілікті. Жол нөмірі мен бағанның белгіленуі ұяшық адресін анықтайды. Беттің сол жақ бұрышындағы ұяшық А1 деп, ал оң жақ төменгі бұрыштағы ұяшық IV65536 адресіне ие. Он бірінші ұяшық пен тоғызыншы жолдың қиылысында К9 ұяшығы (оны кейде иттің ұясы деп атайды) бар.

Excel ұяшығында сандар, мәтін, формула, тіпті бос болуы да мүмкін. Бәлкім сіз сан мен мәтіннің не екенін білерсіз, алайда формула түсінігі сізді кейбір түсініспеушілікке әкелген болар. Excel-де формула арқылы сіз кестенің басқа ұяшяқтарында сақталған ақпараттармен бағдарламаға жүргізетін есептеулерді хабарлайсыз. Мысалы, сіз А бағанының алғашқы 10 ұяшығының мәнінің қосындысын есептейтін формула жазып, нәтижесін формула енгізілген ұяшыққа бере аласыз.

Формулалар қарапайым арифметикалық операторлардан тұрады, мысалы + (плюс), - (минус) * (көбейту), / (бөлу) . Сонымен қоса, Excel-де арнайы енгізілген формулалар арқылы есептеу үрдісін жеңілдететін мүмкіндік бар. Мысалы, Excel-де финанстық функцияларды қолданып есептеу мүмкіндігі бар.

MS Excel бағдарламасы электрондық кестелерді өңдеу бағдарламаларының нарығында көшбасшы бола тұра, осы аймақтың даму қарқынын анықтайды. Тіпті Excel-дің 5. 0 нұсқасына дейін функционалдық мүмкіндіктері мен жұмыс істеу қолайлылығы тұрғысынан қарағанда, бұл бағдарлама фактілік стандарттың нағыз өкілі болды. Енді нарықта Excel 97 нұсқасы пайда болды, ол көптеген жағымды жақсартуларға толы.

Excel бағдарламасының жаңа нұсқасының көзге көрінерлік жетістіктеріне үшөлшемді құжаттардың (блокноттардың) пайда болғанын жатқызуға болады. Файлдар мен кестелер арасындағы байланыстың орнауы өткен нұсқалармен салыстырғанда анағұрлым жеңілдеген. Мәтінмәзірі айтарлықтай ұлғайған, ал қосымша бағдарламалық құралдар күрделі қосалқы тапсырмаларды шешуді жеңілдетеді.

Сонымен қатар, берілген тапсырманы шешудің жеңіл әдісі болатын жағдайда, қолданушыға нұсқауларды шығарып, функцияларды қоятын түрлі көмекшілер (Ассистенттер) туралы айта кету керек. Excel бағдарламасына көмектің ыңғайлы жүйе астысы орнатылған, ол кез-келген уақытта қажетті анықтаманы береуге әзір.

Осы уақытқа дейінгі сипатталған жаңалықтардың барлығы жұмыс кезіндегі қолайлылық пен бағдарламаны жылдам меңгеруге негізделген. Профессионалдарға арналған Excel-ге кірістірілген бағдарламаның функционалдық кеңейтілімдерінің маңыздыларының бірі Visual Basic (VBA) бағдарламалау ортасы. Ол қолданбалы тапсырмаларды шешуге арналған. VBA-ның көмегімен Microsoft фирмасы Excel 7. 0-дің макроәмірлерінің мүмкіндіктерін кеңейтіп қана қоймай, сонымен қатар қолданбалы бағдарламалаудың жаңа деңгейін кірістіре алды. Себебі VBA толыққұнды қолданбалы пакеттерді жасауға мүмкіндік береді, ал олардың функциялары электрондық кестелерді өңдеу ауқымынан кең тараған. Excel 97 бағдарламасының келесі маңызды жаңалықтарын айта кету керек:

  • файлдар менеджері, барлық файлдар туралы толық ақпаратты шығарады;
  • диалогтық терезе-регистрлер;
  • форматтауға арналағн жеке пиктограмма;
  • диаграммаларды жылдам активтеуге арналған Drag & Plot механизмі.

2. ФАЙЛДАРДЫ БАСҚАРУ

Жұмыс құжаттарымен жұмыс жүргізу үрдісін қарастырайық. Excel бағдарламасының көмегімен алуан түрлі құжаттар жасауға болады. Жұмыс беттерін кестелерді құру үшін, статистикалық баға беруді есептеуге, диаграммаларды құруға және мәліметтер қорын басқару мақсатында қолдануға болады. Осы қосымшалардың әрқайсысына Excel бағдарламасы жеке құжат құра алады, ол дискте файл ретінде сақталады.

Файл жалғыз ғана үшөлшемді құжатты (блокнот, жұмыс қалтасы) құрайтын бір-бірімен байланысқан бірнеше жұмыс беттерінен тұруы мүмкін. Үшөлшемді құжаттар арқылы қолданушы бір уақытта бірнеше кесте мен диаграммаларға қол жеткізе алады, албұл олардың өңделуінің эффектілігіне әкеледі.

2. 1. Жаңа құжат құру.

Жаңа құжат құру үшін Файл мәзірінен Создать директивасын таңдаймыз.

Экранда Книга 2 атты құжат шығады: Excel бағдарламасы жаңа құжаттарға Книга деген ат қойып, оларды ағымдағы реттік санмен нөмірлейді.

Сонымен қоса, жаңа құжатты бірінші (негізгі) пиктографикалық панельде (пиктографикалық мәзірдің бірінші жолы) орналасқан оң жақ пиктограммаға тінтуірмен шерту арқылы құруға болады.

2. 2. Жұмыс құжатын іске қосу.

Дискте орналасқан жұмыс құжаты бар файлды ашу үшін Файл мәзірінен Открыть директивасын таңдау керек.

Сонымен қоса, негізгі панельде орналасқан екінші пиктограмманы шертуге де болады. Қай жағдайда да файлды іске қосу диалогтық терезесі шығады. Бұл терезеде Диск өрісінде дискті, ал Папка өрісінде Сіздің файл орналасқан директорияны таңдау керек. Егер таңдау дұрыс жасалса, онда өрісте ішінде ізделінді файл бар файлдар аттарының тізімі шығуы керек. Егер осы файл атын шертсе, ол қою көк түске боялады. Осыдан кейін Открыть батырмасын немесе ізделінді файлды екі рет шерту арқылы диалогтық терезені жабу керек.

2. 3. Құжатты сақтау.

Құжатты бірінші рет сақтау кезінде Файл мәзірінен Сохранить как . . . директивасын таңдау керек. Осыдан кейін сақталатын файлдың атын және де диск пен оны орналастыратын директорияны көрсететін диалогтық терезе шығады. Excel бағдарламасы үнсіз келісім бойынша стандартты атты ұсынады ( Книга [реттік нөмір] ), оны қолданушы басқа кез-келген атпен алмастыра алады. Ат беруде кейбір символдарды қолдану (мысалы, $ & % ( ) -) керек емес, алайда бұған тыйым салынбайды. Сонымен қоса, бағдарлама мен Windows жүйесінің болжауға келмейтін реакцияларынан қашық жүру үшін кириллица символдарын қолданудан аулақ болу керек. Excel үнсіз келісім бойынша ұсынған файлдың . XLS кеңейтпесін өзгеріске ұшыратпаған жөн. Барлық орнатулар аяқталғаннан кейін, Сохранить батырмасын шертіп, диалогтық терезені жабу керек.

2. 4. Берілгендерді қорғау.

Пароль енгізу үшін Файл мәзірінен Сохранить как… директивасын шақыру керек. шыққан диалогтық терезеден Параметры әмірлік батырмасын басу қажет. Сохранение диалогтық терезесі пайда болады . Пароль для открытия файла енгізу өрісінде өзіңнің дербес пароліңді көрсетуге болады, сол кезде осы файлды әрбір ашу кезінде бағдарлама парольді сұрап отырады. Парольді енгізу кезінде экранда әріптер орнына жұлдызшалар жазылады. Сохранение терезесін жапқаннан кейін, Подтверждение пароля терезесі ашылады, бұл жерде парольді растау керек. Егер парольді Пароль разрешения записи енгізу өрісінде жазсақ, онда осы файлды ашар алдында парольді жазуға болатын немесе Только чтение батырмасын шертетін диалогтық терезе шығады. Ақырғы жағдайда файлды көруге ғана болады, тек сол атпен оны дискке жазуға болмайды.

3. ҚҰЖАТТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Үшөлшемді құжаттар (блокноттар, қалталар) - Excel 97 бағдарламасының кестелермен жұмысты және жұмыс беттерін басқаруды анағұрлым жеңілдетуге мүмкіндік беретін ең маңызды элементтерінің бірі. Жаңа нұсқасында құжаттар бір файлда 255 кестені, диаграммаларды немесе VBA-бағдарламаларын қамтиды, ал олармен жұмыс істеу принципі кез-келген офистегі жұмыс блокноттарымен жүргізілетін әрекетті еске түсіреді. Әрбір жұмыс блокнотында осы тақырыпқа жататын барлық жұмыс ақпаратын бір файлда сақтап, орналастыруға болады, бұл жұмыс құжатының көрнекілігін әлдеқайда арттырады.

Жаңа құжаттардың бұл артықшылығы берілгендерді кестелерде байланыстырғанда танылады. Осының алдындағы нұсқаларда егер басқа кестенің ұяшықтарындағы нәтижені қолдану керек болған жағдайда сәйкес файлды ашып, керекті ақпаратты есептеуге тура келетін. Енді бір құжаттағы кестелер арасындағы ақпараттық байланысты орнатқаннан кейін ешнәрсені ашудың қажеті жоқ, себебі барлық кестелер бір файлда орналасқан.

Жаңа технология берілгендер анализін де жеңілдетеді. Бірнеше кестеде орналасқан берілгендерді анализдеу үшін Excel 97-де Сізге бір ғана файлды ашу керек болады.

3. 1. Жұмыс беттерін басқару .

Бір құжаттың жеке жұмыс беттері бірінің астында бірі орналасқан.

Экранның төменгі бөлігінде орналасқан ат көрсеткіші (аттар регистрі) арқылы бір беттен екіншісіне ауысуға болады. Ат көрсеткішінде жұмыс беттерінің түбіртектері бар, олар нөмір сандарының өсу реті бойынша орналасқан: Лист 1 , Лист 2 және тағы басқа.

Тінтуірмен шерту, мысалы екінші түбіртек бойынша шерту Лист 2 жұмыс бетінің шақырады. Жұмыс бетінің активті жұмыс беті ат көрсеткішінде ақ түспен белгіленеді. Алдымен көрсеткіште алғашқы үш жұмыс беттерінің көрініп тұрады. ат көрсеткішінің сол жағында құжаттың келесі беттеріне көшу үшін көрсеткіштің құрамын өзгертуге арналған бағдарша пиктограммалары орналасқан.

Пиктограмманың оң жағындағы бағдаршаны шерту жұмыс беттерінің көріну диапазонын бір бірлікке оңға жылжытады, ал сол жақ бағдаршаны шерту бір бірлік солға жылжытады. Вертикалды штрихтары бар бағдаршалар сәйкесінше құжаттың бірінші және соңғы беттеріне көшуге мүмкіндік береді.

3. 2. Жұмыс беттерін қосу.

Қосу директивалары Вставка мәзірінде орналасқан. Қолданушылар құжатқа тек келесі типтес элементтерді ғана қоса алады:

- кестелер құруға арналған жұмыс беттері;

- диаграммалар (кесте элементі ретінде немесе жеке бетте) ;

- бағдарламалық модуль түріндегі макроәмірлерді жазуға арналған жұмыс беттері (Excel 97 макроәмірі тілінде немесе Visual Basic тілінде) ;

- диалогтық терезе құруға арналған жұмыс беті.

Жаңа бет әрдайым активті жұмыс терезесі алдында орналасады. Егер бет кесте құруға арналса, онда ол алып тұрған позициясына қарамастан, оның аталуы Лист 17 болады және жаңа кесте қосқан сайын, номері өсіп отырады. Жеке жұмыс беттерінде орналасқан жаңа диаграммалар Диаграмма 1 бастап номерленеді. Қолданушы тінтуірдің оң жақ батырмасын басу арқылы мәтін мәзірді шақыра алады, оның ішінде де қосу директивасы бар. Егер жұмыс бетін жою керек бллса, мәтін мәзәрдә шақырып, жою директивасын іске асыру керек.

3. 3. Жолдың биіктігін және бағанның енін түзету .

Ең алдымен түзетінлетін жол мен баған маркерленуі керек. ол үшін жол мен бағанның номерін (координатасын) тінтуірдің сол жағымен шерту керек. Формат мәзірінде Строка және Столбец мәзір астылары бар. Осы мәзір астыларының біреуін таңдаған кезде келесі деңгейдің мәзірі ашылады. Столбец мәзір асытынан Ширина директивасын шақырыңыз, сол кезде қолданушы бағанның енін көрсететіндиалогтық терезе ашылады. өлшем бірлігі ретінде бір символды қолдануға болады. Мысалы, егер бағанға 10 символ жазу керек болса, онда Ширина столбца енгізі өрісінде 10 санын жазу керек. Столбец мәзіріндегі Автоподбор ширины директивасы бағанның енін оның құрамына қарай автоматты түрде түзетеді.

Сонымен қатар түзетуді тінтуірдің манипулторы көмегімен де орындауға болады. Ол үшін тінтуір көрсеткішін бағанның адрестері мен жол номерлерінің арасындағы шекараға орналастыру керек. Сол кезе тінтуір көрсеткіші тінтуір көрсеткіші екібағытталған бағдаршаның қалпына келеді. Егер осы кезде тінтуірдің сол батырмасын шертсек, және жібермей оны сәл қозғалтсақ, штрихталған сызықты көруге болады, ол жолдың орын ауыстыру шекарасын көрсетеді. өщіңізге қажетті позицияға жылжытып, тінтуір батырмасын жіберсеңіз, кестеде жаңа жолдың шекарасы пайда болады. Егер жол номерінен (бағанның адресінен) шертсе, онда осы жолдың (бағаның) биіктігі (ені) оның құрамына қарай автоматты түрде түзеледі.

4. Кесте құру

Барлық берілгендер аталмыш ұяшықтарда, яғни кестенің жолдары мен бағандарының қиылысуында жазылады. Үнсіз келісім бойынша ұяшықтың құрамы Excel бағдарламасында стандартты форматта беріледі, ол бағдарлама жүктелегенде бапталады. Мысалы, сандар мен мәтінге қаріптің белгіленген түрі мен өлшемі беріледі.

Excel бағдарламасында мәтінмәзір бар, ол кестенің кейбір аймағы маркерленген жағдайда тінтуірдің оң жағын шерткен кезде шақырылады. Бұл мәзірлерде кестені өңдеу мен форматтаудың көптеген директивалары бар. Сондай-ақ форматтау директиваларын форматтау панелінен табуға болады (пиктографика мәзірінің екінші жолы), ол үшін сәйкес пиктограммаға тінтуірмен шертеміз.

4. 1. Сандарды форматтау.

Алдымен сандарды сипаттау форматын өзгертетін ұяшықтарды макерлеу керек. Осыдан кейін тінтуірдің оң жағын шертіп, мәтін мәзірді шақырып, оның ішінен Формат ячеек… директивасын немесе Формат мәзірінен Ячейка директивасын таңдау керек. Қай жағдайда да Формат ячеек сұхбат терезесі пайда болады. Үнсіз келісім бойынша осы терезенің жоғарғы өрісінде Число опциясы таңдалынады, ол сандарды форматтауға арналған. Числовые форматы өрісінде форматтардың әр түрі көрсетілген, оларды тінтуірді шерту немесе жүгіртпені басқару клавишалары арқылы таңдайды.

Басқаруды форматтау панеліндегі $ (доллар) белгісімен бейнеленген пиктограмма керекті ұяшықта валюта форматын орнатуға мүмкіндік береді (санға валюта символы қосылады) . % (пайыз) белгісі бар пиктограмма сол панелде пайыздың форматын орнатуға мүмкіндік береді (санға пайыз символы қосылады) .

5. КЕСТЕЛІК ЕСЕПТЕУЛЕР

Формулалар мен функцияларды пайдалану мүмкіндігі электрондық кестелерді өңдеу бағдарламасының маңызды қасиеттерінің бірі. Бұл, көбінесе, кестедегі сандық мәндердің статистикалық анализін жүргізуге мүмкіндік береді.

Кестенің ұяшығына енгізілетін формула мәтіні теңдік (=) белгісінен басталуы керек, ол Excel бағдарламасының формуланы мәтіннен айыра алуы үшін қажет. Теңдік белгісінен кейін ұяшыққа аргументтер, арифметикалық операциялар және формулалары бар математикалық выражение жазылады.

Аргументтер ретінде формулада ұяшықтың адресі мен сандары қолданылады. Арифметикалық операцияларды белгілеу үшін келесі символдар қолданлады: + (қосу) ; - (алу) ; * (көбейту) ; / (бөлу) .

Фомулалар ұяшықтарға сілтемелерден тұра алады. Ол сілтемелер басқа жұмыс беттерінде немесе тіптен басқа файлдың кестесінде болуы мүмкін. Бір кезде жазылған формула кез-келген уақытта модифицирлене алады. Кірістірілген формулалар Менеджері үлкен кестедегі қатені немесе қате берілген сілтемені табуға көмектеседі.

Одан басқа Excel бағдарламасы бірнеше операциядан тұратын күрделі формулалармен жұмыс істеуге мүкіндік береді. Көрнекілік ретінде мәтіндік режимді қосуға болады, ол жағдайда Excel бағдарламасы ұяшыққа формуланы есептеу нәтижесін емес, формуланы шығарады.

5. 1. Формуланы енгізу.

Excel бағдарламасы енізілетін берілгендерді мәтін (сол жақ бойынша туралайды) немесе сандық мән ретінде (оң жақ бойынша туралайды) интерпретациялайды. Формуланы енгізу үшін алдында (=) теңдік белгісі бар алгебралық выражение қажет.

Кестенің А1 ұяшығында - 100 саны, ал В1 ұяшығында - 20 саны бар делік. Бірінші санды екіншісін бөліп, нәтижесін С1 ұяшығына шығару үшін, С1 ұяшығына сәйкес формула енгізу керек (=А1/В1) және [Enter] басу керек.

Формуланы енгізуді кішкентай ғана трюк жасап, жеңілдетуге болады. теңдік белгісін жазғаннан кейін, бірінші ұяшықты шертіп, бөлу операциясын енгізгеннен кейін екінші ұяшықты шерту жеткілікті.

6. ДИАГРАММАЛАРДЫ ТҰРҒЫЗУ ЖӘНЕ БЕЗЕНДІРУ.

Графикалық диаграммалар кестедегі сандардың құрғақ бағандарын нәрлендіріп, безендіре түседі, сондықтан Excel бағдарламасының ерте нұсқаларында-ақ диаграмма құрудың мүмкіндігі қарастырылған еді. Excel бағдарламының берілген нұсқасында диаграмманың жаңа Конструкторы орнатылған. Ол «презентациялық сападағы диаграммалар» құруға мүмкіндік береді.

Әдемі үшөлшемді диаграмма көзді қызықтырып қана қоймай, құжаттың сапасын да ұлғайтады. MS Excel 97 бағдарламысында үшөлшемді диаграммалардың жаңа түрі пайда болды - оларды сақина тәріздес деп атайды. Олар жетінші нұсқадағы үстіртін және үшөлшемді диаграммаларды толықтыра түсті.

Диаграмманы кестенің қасына немесе жеке жұмыс бетіне орналастыруға болады.

Excel бағдарламасында диаграммалар Конструкторы қуатты құралдардың бірі болып табылады. Соның арқасында диаграмма құру небары бірнеше қадамнан ғана тұрады. Конструкторда кестенің алдыңғы аймағы көрсетіліп, диаграмма түрі, қолданылатын жазу мен түстер таңдалады. Негізге панельде осы диаграмма Конструкторын шақыратын пиктограмма бар.

6. 1. Диаграмма құру.

Диаграмма құрмас бұрын, кестедегі форматтауды қосқандағы барлық жұмыстарды бітіру қажет. Негізгі панельдегі 17-ші пиктограмманы шерту арқылы диаграмма конструкторын шақырыңыз (Вставить диаграмму) .

Диаграммалар конструкторы диаграмманың орналасуы туралы ақпаратты күтеді, сондықтан тінтуірдің бағдаршасы Конструктордың пиктограммасының қалпына келеді. Сіз осы бағдаршаның көмегімен жұмы бетінің бос орнына тіктөртбұрыш сызу керексіз, сол жерде диаграмма орналасатын болады. Ол үшін тінтуірдің сол жақ батырмасына шертіңіз, енді шертуден кейін сол жақ жоғары бөлікте пайда болған пунктирленген шектеуді оң жақ төменгі бұрышқа апарыңыз. Егер диаграмманы жеке жұмыс бетінде құру керек болса, Вставка мәзірінен Диаграмма мәзір астын таңдап, оның ішінен На отдельном листе директивасын таңдау керек.

Осыдан кейін, бес қадам арқылы диаграмма құратын Конструктор сұхбат терезесі ашылады. Алайда, алдымен берілгендер кестесі негізінде диаграмма құрылатын позицияны көрсету керек. Ол үшін бірінші қадамда тінтуірмен өзіңіздің кестеңізді маркермен ерекшелеңіз.

Келесі екі қадамды орындау үшін Далее әмірлік батырмасын шертіп, ұсынылған үлгілерден диаграмманың түрі мен сәйкес типті таңдаңыз. Төртінші қадамда Конструктор пайда болған диаграмманы алдын алакөруге мүмкіндік береді. Соңғы (бесінші) қадамда тек қана диаграмманың атын, оның аңызын (яғни кестенің берілгендері мен бағандар сәйкестігі) тағайындау, сонымен қатар диаграмма өсьтеріндегі жазулар қалады. Соңында Готово әмірлік батырмасына шертіңіз, сол кезде сіз нұсқаған жұмыс бетінде дайын диаграмма пайда болады.

7. ФУНКЦИЯЛАР

Кестелік есептеулерді жүргізу үшін формулалар қажет. Себебі кейбір формулалар мен олардың комбинациялары өте жиі кездеседі, сол мақсатта Excel бағдарламасы 200 алдын ала бағдарланған формулалар ұсынады, оларды функциялар деп атайды.

Арасынан бағдар табуды жеңілдету мақсатында барлық функцияларды категорияларға бөлген. Кірістірілген Функция конструкторы барлық этаптарды функцияларды дұрыс қолдануға арналған. Ол көптеген функцияларды құрып, есептеуді бірнеше қадам арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Excel программасы туралы мағлұматтар
Excel кестелiк процессор
MS Excel ,MS Access бағдарламасы
Windows жүйесіндегі Excel электрондық кестесі.
Excel программасын іске қосу және одан шығу
Информатика пәнінен зертханалық жұмыстар
КЕСТЕЛІК ПРОЦЕССОРЛАР
Қолданбалы бағдарлама
MS Excel функциялары мен формулалары
Қолданбалы бағдарламар ортасында VBA элементтерін қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz