Бейсик тілінің таңбалары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ 3
1 Жалпы теория 3
2 Есептің математикалық түрінде жазылуы 21
3 Есептің шығарылу жолы 22
4 Алгоритм 23
5 Бағдарламаның блок - схемасы 24
6 Бағдарламаның тексті (листинг) 26
7 Алғашқы берілгендер 28
8 Нәтижелер 29
ҚОРЫТЫНДЫ 30
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 31

КІРІСПЕ

Дүниеге келген әрбір адамның өмір сүруі үшін қоршаған ортадан алтын
мәліметтерінің маңызы өте зор. Соңғы кезде дүниетанып ғылымдары құрамына
оларды оқып-үйренуге жәрдемдесетің әр түрлі техникалық құрылғылар ене
бастады. Бұл техникалық құрылғылардың негізгі атаулары (терминдері)
ақпарат және информатика ұғымдары болып саналады.
Қазіргі кезде ЭЕМ мен оның бағдарламалық қамтамасыздандыру жүйесі
жалпы алғанда ақпараттық жабдықтардың жұмыстарын қамтамасыз ететін
компонентер болып табылады.
Электрондық есептеуіш машиналары (ЭЕМ) – ақпаратты автоматты түрде
өңдеуге арналған әмбебап техникалық құрылғылар жиыны. Басқаша айтқанда,
электрондық машина дегеніміз – ақпаратты жеткізетін, сақтайтың, өңдейтің
электрондық аспап. Бұл машиналардың элетрондық деп аталатын өңдеу немесе
сақтаудың белгілі бір функциясың атқарады. Мұндай элементтер жиынтығы –
интегралдық схема болып табылады. Олар темір немесе пластинка қорабына
орналастырылған жартылай өткізгіштен туратын кристалдан жасалған.
Кристалдарды сыртқы қораптың өткізгіштерімен жіңішке сымдар байланыстырады.
ЭЕМ –ге түсінікті текст ретінде жазуға арналған қарапайым жасанды тіл
программалау тілдері деп аталады. Әрбір ЭЕМ-нің өзінің машиналық
программалау тілі болады, оны командалар тілі немесе кодтар (арнайы
таңбалау) тілі дейді. ЭЕМ тек өз ана тілінде, яғни машиналық тілде жазылған
программаларды ғана орындай алады. Алайда машина, тілінде программа жазу
өте күрделі жұмыс, өйткені ол тек екілік (он алтылық) жүйедегі кодтардан
тұрады және әр машинада әр түрлі машиналық тіл қолданылады.
Программа жазуды жеңілдету үшін математикалық формулаларды кеңінен
қолданылатын, ағылшын тілінің негізінде жасалған алгоритмдік тілдер Бейсик,
Фортран, Паскаль, СИ т.б. кеңінен қолданылады.

1 Жалпы теория

Бейсик тілі 1965 жылы Канадада қолданыла бастады. Ол-жеке
пайдаланылатын компьютерлерге арналған дүние жүзіндегі ең көп тарған
програмалау тілдерінің бірі.
1) Бейсик тілінің таңбалары.
Тілдің символдарына мынадай таңбалар жатады:
а) латын алфавитінің бас әріптері – A,B,C,D,...,X,Y,Z. Айнымалылар реттінде
еңгізілген кіші латын әріптері ЭЕМ жадында автоматты түрде үлкен әріптерге
айналады. Ұлттық алфавиттің әріптері тек түсініктеме реттіңде немесе
тұрақты сөз тіркестері түрінде қолданылады;
ә) 0,1,2,...,9 тәрізді арап цифрлары;
б) арифметикалық амалдар таңбалары: +,-,*,,\ (бөліндінің бүтінің табу), ^;
в) қатынас таңбалары: ,,=,((тең не үлкен), ((тең не кіші), (тең емес);
г) қосалқы арнаулы таңбалар: !,?,%,_,#,$;
д) айыру таңбалары: “, ., ,, :, ;, _(бос орын), (,).
Бейсик тілінде берілген мәлімет деп программада өңделетің берілген
сандық мәндер мен сөз тіркестерін айтады. Олар программадағы айнымалылардың
алғашқы берілген сандық мәндері, функциялардың аргументтері болады. Белгілі
бір операцияға керекті мәліметтер операнд деп те аталады. Алғашқы немесе
керекті мәлімет және операнд сөздері бір мағнаны білдіреді. Операнд
функцияның аргументы, айнымалының сандық мәні, бір адамның фамилиясы т.с.с.
болуы мүмкін.
2) Сандардың жазылуы.
Сандарды ЭЕМ-де жазудың бірнеше түрлері бар. Олардың бәрінде де
санның бөлшегін оның бүтін бөлігінен үтірмен немесе нүктемен ажырату
келісілген.
Сандар бүтін және нақты больп екіге бөлінеді, мысалы, бүтін сандар:
0, - 235, 1745, +6750, 17832.
Нақты сандар табиғи және көрсеткіштік (экспоненциялдық) сандар болып
екіге бөлінеді. Табиғи сандар математикадағы оңдық сандар тәрізді жазылады,
мысалы: 107.52, -3.589, +170.725, 0.152 немесе .152. Көрсеткіштік сандар
өте үлкен немесе өте кішкене шамаларды жазу үшін қолданылады. Математикада
кездесетін сандарды экспоненциялдық түрде кескіндеу секілді көрсеткіштік
сандар бір санды онның бүтін дәрежесіне көбейту арқылы бейнеленеді. Бірақ
көрсеткіштік сандарды жазғанда 10-ның орнына латынның Е әрпі пайдаланылады.

Мысалы:
Математикалык түрде Көрсеткіштік түрде
,52*107 1.52Е7
7,085*10-2 7.085Е-2
5*1018 15Е18
-0,58*109 -0.58Е9
Мұнда санды көрсеткіштік түрде жазганда таңбалар арасьнда бос орын
қалдыруға болмайды. Сонымен, бүтін сандар 18, -175, 2046 түріңде, нақты
сандар 18.35, -75,2, 1.5ЕЗ, ІЕ-5 болып жазылады.
3) Айнымалыларда жазу тәртібі.
Программада әр турлі мәнді қабылдайтың шамалар айнымалы болып
табылады. Айнымалылар атаулы латын әріпінен басталатын әріптер мен сандар
тізбегімен өренектеледі, мысалы:
X, XІ, АLFА, ВЕС, DТ54А, SАN, МАNІ2 т.с.с.
Тек бүтін сан түріндегі мәндерді қабылдайтың айнымалылар атауының
соңына “%” белгісі қойылады (А%, R15%, Х% т.с.с.), ал мән ретінде сөз
тіркестерін қабылдайтың айнымалылар символдық айнымалылар деп аталып,
олардың атауының соңына "$" белгісін қою келісілген.
Мысалы:
А$, R15$, Х$
Символдық айнымалылар мандері қостырнақшаға алынып жазылады, олар
үлттық алфавит таңбаларын пайдалана алады:
А$ - "АСҚАР ӘБЕНҰЛЫ", К$ - "Алматы қаласы" т.с.с.

4) Функциялар.
Бейсикте көптеген жиі кездесетін математикалық функциялар стандартты
функциялар түрінде жазылып, олардың мәндері кесте түрінде белгілі деп
есептеледі. Оларды үш әріппен белгілеп, аргументін жақшаның ішіне
жазады.
Математикалық функциялар Стандартты функциялар
sіnх SІN(Х)
cosx СОS(Х)
tgx ТАN(Х)
arctgx АТN(Х)
ex ЕХР(Х)
lnx LOG(Х)
x АВS(Х)
SQR(Х)
Бұл жерде көрсетілмеген ctgx, secx, cosecx, arcsіnx, агссоsx,
агсtgx т.б. функциялары стандартты функциялар арқылы өрнектеліп шығарылады.
5) Өрнектер.
Арифметикалық амалдармен біріктірілген айнымалылар, сандар,
функциялар жиыны өрнектер деп аталады. Математикадағы формулалар
Бейсик тілінде өрнектер арқылы кескіңделеді. Олар жай
жақшалар көмегімен бір қатарға тізбектеле жазылады.
Мысалы:
Математикада жазылуы Бейсикте жазылуы
Sіnx*cosx
SІN(X)

(A-B)(A+B)
xab
X^(A*B)
(SQR(X) +
ABS(X))2,72E12

(A+2)^(13)
6) Операторлар туралы түсінік.
Бейсиктегі программа нөмірленген қатарлар тізбегінен тұрады.
Қатарларда операторлар жазылады. Оператор - тілдің ең қарапайым сөйлемі
ретінде қаралады. Ол белгілі бір операцияны орындау жөніндегі нұсқау
болып табылады. Бір катарда көбінесе бір оператор жаэылады. Оператор
нөмірден, оның атынан (түйінді сөзден) және мазмұннан тұрады. Оның құрамы
төмендегідей:
N _ аты_ мазмұны
мұндағы N - қатардың (оператордың) реттік нөмірі (10, 20, ...): _ -
"бос орын" белгісі; аты - оператордың мағынасына сәйкес келетін ағылшынша
аталуын көрсететін түйінді сөз; мазмұны - оператордың іс-әрекетін
көрсететін сөз тіркесі, орындалатын амалдың қызметін айқындау үшін керекті
сандар, айнымалылар, өрнектер. Олар бірнешеу болған жағдайда тыныс
белгілермен бөлінеді; - "енгізу" пернесін басу белгісі.
Оператордың бұл көрсетілген үш элементі бір-бірімен міндетті түрде бос
орынмен (_) бөлініп тұруы керек. Бос орын бір немесе бірнешеу болуы мүмкін.
Кез келген оператор аяқталған соң, егер ол қатардың соңғы элементі болса,
онда міндетті түрде "енгізу" таңбасы басылады. Бұл таңба катардың
аяқталғандығынын белгісі болып табылады. Кейде бір қатарға екі, үш
операторды да жазуға болады, ондай кезде олар бір-бірінен ":" таңбасы
арқылы айрылып жазылады. Нөмір тек қатардың алдына қойылады, ол осы
қатардың (оператордың) басталғанын және орындалу реттілігін білдіреді.
Қатардың соңында міндетті түрде “” пернесі басылуы тиіс. Қатар нөмір-
лерінің қадамы 10 (немесе 5) болып жазылады, мысалы, 10, 20, 30, ... немесе
5, 10, 15, ... Бұлай жазу қатарлардың арасында ұмыт қалған операторларды
жазу немесе программаны аздап өзгерту мүмкімдігін береді. Өйткені бір рет
құрастырылған программа орындалу барысында көптеген өзгерістерге ұшырауы
мүмкін. Әрбір қатардың соңына "" таңбасы терілмей тұрғанда,
түсініктеме сөздерді қосып жазуға болады. Бұндай сөздер орыс немесе казақ
(жалпы үлттық) тілінде программаны басқа адамдардың оқып түсінуін жеңілдету
үшін қажет. Түсініктеме сөздердің алдына міндетті түрде апостроф (')
таңбасы тұруы керек. Сонымен, түсініктеме дегеніміз - қатардың ең соңындағы
таңбасынан кейін орналасқан кез келген сөз тізбегі. Программаның
орындалуына олардың ешбір әсері болмайды, тек операторлардың жұмысын
тереңірек түсінуге, оқуға көмектеседі. Негізінде программаны бір адам
жасайды, ал оны пайдаланушылар тек қажетті мәліметтерді енгізіп, нәтиже алу
барысында қателесіп кетпес үшін программа текстін оқып көруге тиіс. Сол
кезде түсініктемелер көп пайдасын тигізеді.
Программанын бір қатары 255 таңбадан аспауы тиіс, яғни ең ұзын
катардағы таңбалар саны ашық орындар мен нөмірді қоса есептегенде 255-тен
аз болуы керек. Сонымен, операторлар орындалатын іс-әрекеттерді (амалдарды)
өрнектеуге арналған тілдің ең қарапайым сөйлемі. Олар орындалатын және
орындалмайтын болып екіге бөлінеді. Орындалмайтын операторлар мәліметтер
мәнін, олардың сипаттамасын, сыртқы құрылғылардың пайдалану тәртібін
көрсетеді. Сондықтан, олар сипаттаушы немесе баяндаушы оператор болып
саналады. Ал орындалатын операторлар нақты амалдарды орындайды.
Орындалатын операторлар 4 топқа бөлінеді:
1) есептеуші арифметикалық оператор белгілі бір формула бойынша
функциянын не айнымалының сандық мәнін есептеп шығарады;
2) енгізу-шығару операторлары, олар керекті мәліметтерді программаға
енгізіп, алынған нәтижелер немесе берілген айнымалылардың мәндерін ЭЕМ-нен
қағазға немесе экранға басып шығарады;
3) басқарушы операторлар программадағы қатарлардың немесе оператор-
лардың орындалу ретін, яғни кезегін анықтайды;
4) қосалқы (көмекші) программа - белгілі бір нәтиже беретін,
аргументтері айқындалған, программада бірнеше рет орындалатын операторлар
жиыны;
графикалық операторлар, олар экранға әр түрлі қисық сызықтардың
бейнелерін салу мүмкіндігін береді.
Бейсик тілінің қарапайым операторлары
Бейсик операторлары төмендегі топтарға бөлінеді:

ОПЕРАТОРЛАР

орындалмайтын орындалатын
1) есептеуші (меншіктеу) оператор;
2) енгізу-шығару операторлары;
3) басқару операторлары;
4) көмекші программалар;
5) графикалық операторлар.
1. 1- сурет. Операторлардың жіктелуі
1) Есептеуіш арифметикалық оператор - меншіктеу операторы. Бұл
айнымалыларға белгілі бір мәнді қабылдату үшін пайдаланылады. Оның орындалу
нәтижесінде өрнектің мәні есептелініп, ол мән айнымалыға меншіктеледі. Бұл
оператордың жазылу ережесі (форматы) немесе көрінісі:
[N_] [LET] V=A
мұндағы N - оператордың (қатардың) нөмірі; LЕТ - оператордың аты (мейлі,
ұйғардық, айталық); V - есептелетін мәнді қабылдаушы айнымалы; А - өрнек
(формула); = - меншіктеу таңбасы ("тең" деуге болмайды); _ - айыру таңбасы
(бос орын). Тік жақшаның ішіндегі сөздерді жазбай кетуге де болады, яғни
тік жақшаға міндетті түрде жазылмайтын сөз тіркестерін алып отыру
келісілген. Егер оператор қатардағы бірінші орында тұрса, онда нөмір
қойылмайды. Ал ол қатардың жалғасы болса, онда нөмір қойылмайды.
Оператордың атауы болып есептелетін LЕТ сөзін де жазбауға рұқсат етілген.
Меншіктеу операторының орындалу тәртібі мынадай: алдымен А өрнегі оған
енетін айнымалылардың сан мәндері қойылып есептеледі, содан кейін есептеліп
табылған шама V айнымалысының мәні болып қабылданады.

2) Программаны аяқгау операторы - END жүмыстың соңын білдіреді.
Оның форматы:
[ N_ ] ЕND
мұндағы N - оператордың нөмірі, ЕND - оператордың аты ("соңы" деген сөз).
Мысалы:
100 ЕND немесе 70 LЕТ X =157: ЕND
Алгоритм схемаларында ЕND операторы эллипс тәрізді "аяқтау" блогы
арқылы көрсетіледі.
Кейде программаны тоқтату операторлары қолданылады. Ол жұмысты уақытша
тоқтату керектігін білдіреді. Оның форматы:
[N] STOP
Бұл оператор орындалған сәтте экранға
SТОР АТ LІNЕ N (N-қатарда
тоқталды)
Деген сөз шығып, жұмыстың уақытша N - қатарға келіп тоқталғаны
хабарланады. Программаны жалғастыру үшін СОNТ (жалғастыру) деген команданы
нөмірсіз теріп "енгізу" пернесін басу керек. SТОР операторы принтерге қағаз
салу үшін немесе дискетті тауып, компьютердегі өз орнына қою үшін қажет
болады.

3) Көшу операторлары - қатарлардың табиғи орындалу ретін өзгерту үшін
қолданылады. Шартсыз көшу операторы GОТО (көшу) программа операторларының
орындалу кезегін өзгертеді. Оның форматы:
[N] GОТО К
мұндағы К - осы оператордан кейін орындалатын қатар нөмірі.
Мысалы:
20 GОТО 50
20-қатардан кейін 50-қатар орындалады, немесе
Шартсыз көшу операторы алгоритм схемаларында блокпен бейнеленбей, тек
байланысу сызықтары арқылы көрсетіледі.

4) Шартты көшу операторы - алдымен бір шарттың орындалуын тексереді,
сонан соң егер шарт орындалса, операторлардың орындалу кезегі өзгереді де,
шарт орындалмаса, онда программа ретімен орындала береді. Шартты көшу
операторының бірнеше түрлері бар, оның алгоритмі көрсетілген "аттап өту"
ісін атқаратын бір түрінің жазылу форматы:
ІF шарт ТНЕN оператор
Мұндағы ІҒ - оператордың аты (егер); шарт - "=" не "" (""}
таңбалары кіретін логикалық шарт; ТНЕN - "онда" деген үғымды білдіретін
түйінді сөз; оператор - шарт орындалғанда атқарылатын оператор.
Мысалы:
ІF ХАLFА ТНЕN GОТО 60
немесе
70 Ү=А+1.5Х:ІҒ SІN(Х)=0 ТНЕN GОТО 40
Тармақталу алгоритмдерінің екі мүмкіндіктерінің бірін
тандайтын кұрылымын ІҒ операторының толық түрімен жазуға болады, оның
форматы
ІҒ шарт ТНЕN 1-оператор ЕLSЕ 2-оператор
мүндагы ЕLSЕ - түйінді сөз, "әйтпесе" болып аударылады. Бұл
операторда аядымен арифметикалық теңсіздік (теңдік) түрінде берілген
логикалық шарт тексеріледі, егер ол орындалса, онда 1-оператор атқарылады.
Ал шарт жасалған болғанда, алгоритм екінші жолмен жүзеге асырылады, яғни 2-
оператор атқарылады. Мұнда берілген шарт тексеріледі, егер ол шарт
орындалса (ақиқат болса, орындалуы анық), онда 2-оператор жүзеге асырылып,
содан соң келесі әрекеттерге көшеміз. Ал егерде шарт орындалмаса, яғни оның
орындалу мүмкіндігі жалған болса, онда 1 -оператор атқарылып, содан кейін
келесі амалдар орындалады. Сонымен, шарттың ақиқат немесе жалған болуына
байланысты 1- немесе 2-оператор орындалады.

Енгізу-шығару операторлары
Бейсик тілінде ЭЕМ-мен ақпарат алмасу үшін дисплей, пернелер тақтасы
(клавиатура) және баспа кұрылғысы - принтер қолданылады. Осы құрылғыларды
пайдалану үшін енгізу-шығару операторларын жаза білу қажет.
Мәліметтер блогынан енгізу операторлары –
RЕАD, DАТА
Бұл операторлар программадағы айнымалылар мәнін сандар блогынан
енгізеді. Ол үшін сандар (мәліметтер) блогы DАТА операторы арқылы бөлек
көрсетіледі. Форматы
RЕАD VІ [,V2, ... ]
мұндағы RЕАD - оператордың аты, "оқу" деген сөз; VІ, V2, ... – мәні
енгізілетін айнымалылардың аттары (идентификаторлары), массив элементі
болуы да мүмкін. Ал сандар блогы сақталатын оператордың форматы
DАТА N1 [,N2, .. ]
DАТА - оператордың аты; N1, N2, ... - сан мәндері.
DАТА операторы - орындалмайтын оператор, сол себепті ол программаның
кез келген жерінде орналаса береді. Ал RЕАD операторы алгоритмде
көрсетілген жерінде "енгізу" блогына сәйкес орналасуы керек.
RESTORE операторы DАТА операторындағы мәндерді қайта пайдалануға
мүмкіндік береді.
Оның форматы:
RESTORE
Мұндағы RESTORE - оператордың аты (кайталау, қалпына келтіру).
Қорытындылау (баспаға шығару) операторы – РRІNТ
Программаны орындау кезінде нәтижені немесе белгілі бір сөз тізбегін
экранға шығару үшін қолданылатын РRІNТ операторының форматы:
РRІNТ [тізім] [;]
мұндағы РRІNТ - оператордың аты (басып шығару), жылдам теру мақсатын-
да бұл сөздің орнына "?" белгісін алуға болады; [тізім] - өрнектерден
немесе текст түріндегі сөз тізбегінен тұрады. Оларды бір-бірінен айыру үшін
",", ,”;” "_" таңбалары қолданылады. Оператордың соңындағы ";" таңбасы (","
болуы да мүмкін) экранға көрсетілген өрнектер тізімі шығарылған соң,
курсорды келесі қатарға көшірмей, осы қатарды ұстап қалады. Егер оператор
ретінде тек РRІNТ сөзінің өзі ғана тұрса, ол бір бос қатар қалдыру керек
екендігін білдіреді.
РRІNТ тізіміндегі әрбір элементтің экранға шығатын орны сол элементтің
алдында тұрған тыныс белгісіне байланысты. Өрнектер тізімінің ішіндегі
тыныс белгілерінің рөлі мынадай:
- егер тыныс белгісі ";", немесе "_" болса, онда экранға шығатын
өрнектер бірінен кейін бірі сол қатарда тізіліп орналасады;
- егер тыныс белгісі "," болса, онда келесі экранға не қағазға
шығарылатын өрнек экранның мұнан кейінгі аймағында орналасады.
Аймақ дегеніміз - экранның бір бағанасы болып есептелетін қатар
орналасқан 14 таңба сиятын орындар (позициялар) тізбегі. Экранның бір
қатарында 80 таңба сиятын орындар бар, яғни 5 аймақ бар, ең соңғы аймақ 24
позициядан тұрады.
1,2,... 14 15,16,... 28 29,30,... 42 43,44... 56
57,58,... 80

1 - аймақ 2 - аймақ 3 - аймақ 4 - аймақ 5 -
аймақ
Өрнекгер тізімінен кейін "нүктелі үтір" немесе "үтір" тұрса, онда
нәтижелерді экранға шығару жаңа жолдан басталмай бұрынғы жол аяқталғанша
жалғасады. Ал, егер нәтижелерді экранға емес қағазға басып шығарғымыз
келсе, онда әр қатар 132 орыннан тұрады деп есептеп 9 аймаққа бөлеміз.
Нәтижені қағазға басып шығару үшін РRІNТ операторының алдына L әрпін
жазу жеткілікті, яғни РRІNТ -тің орнына LРRІNТ болуы қажет.
Егер РRІNТ операторының ең соңында ";" тұрса, онда келесі қатарларда
кездесетін РRІNТ операторы да өз мәліметтерін осы қатарға жалғастыра
экранға шығарады.
РRІNТ операторының қосымша мүмкіндіктері
Нәтижелерді ыңғайлы, әрі көрнекті етіп экранда немесе қағазда бейнелеу
үшін РRІNТ операторында ТАВ, SРС функциялары қолданылады. Басып шығарылатын
тізбектің алғашқы позициясын көрсететін функция ТАВ (ІаЬuІаtіоn - кестелеу)
болып есептеледі, оның жазылуы
ТАВ(І)
мұндағы І - бүтін мәнді өрнек, ол экран не принтер қатарының
позициялық. нөмірін көрсетеді, экран үшін ≤ І ≤ 80, принтер үшін ≤ І ≤
132.
Жүйелік командалар
Бейсик тілінде оператордан бөлек нөмірсіз енгізіліп, бірден
орындалатын жүйелік командалар бар. Олар ЭЕМ-мен сұхбат жасау үшін қажет.
Командалар бұйрық (директива) деп те аталады. Бұл бұйрықтар көмегімен
программаларды дискіге жазуға, экранға шығаруға, ықшам түрде нөмірлеуге
т.б, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Basic 6.0
Бағдарламалау тілдері
Ішкі бағдарламалар
Төменгі деңгейлі бағдарламалау тілдері
Visual Basic программалу тілі
Турбо Паскаль тілінің операторлары
Прграммалық құралдар
Паскаль тілі туралы түсінік
Тармақталған алгоритмдерді программалау
Turbo Pasсal – программалау тілі
Пәндер