Ашық жүйелер концепциясының ГАЖ инструментальдық пакеттерінде қолданылуы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Fылым Министрлігі

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті

Технологиялық үрдістерді және өндірісті компьютерлендіру кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Геоақпараттық жүйемен танысу және Хризотил
бағдарламасын игеру

Қабылдаған:
Султанбекова Ж.Ж.

аға оқытушы
Орындағандар:
Қазанқапова Ж

Казимов Ж
Мамандығы: 050711
Тобы:
ПГб-04-2к

Алматы 2006
Мазмұны:

1.ГАЖ аспаптық құрылымдары.
1.1. Тағайындалуы мен мүмкіндіктері
1.2. MGE модульдік жүйе
1.4. ArcInfo аспаптық жүйе
1.5. Windows-қа арналған Atlas GIS жүйесі
1.6. MapInfo арнайы жүйесі
1.7. GeoDraw, GeoGraph жүйелері
1.8. ArcCAD жүйесі
1.9. WinGIS жүйесі
1.10. ER Mapper арнайы жүйесі
1.11. Төртінші деңгей жүйелері
1.12. CADdy аспаптық орта
1.13. Панорама электронды карталар жүйесі
1.14. Ашық жүйелер концепциясының ГАЖ инструментальдық пакеттерінде
қолданылуы.

2. GOOGLE EARTH бағдарламасымен танысу.
Бағдарлама негізінде Еуропадағы пайдалы қазба кеніштеріне шолу жасау керек.
Берілген жергілікті үш өлшемді проекциясын келтіріңіз.

3. ХРИЗОТИЛ бағдарламалық кешенінің құрамындағы АСБЕСТ модулін игеру.
3.1. Бағдарламалық модульдің сипаттамасы.
3.2. Бағдарламалық модуль құрамы.
3.3. Қолданушы интерфейсі
3.4. Регрессиялық анализ
3.5. Болжау
3.6. Мүмкін болатын қателер.

1. ГАЖ-дың аспаптық құрылымдары
1.1 Тағайындалуы мен мүмкіндіктері

Программалық қамтудың аспаптық пакеттері қатты функционалдық
жүйелерге қарағанда жүйеде жұмыс ерекшеліктерін жасай алады. Ол ақпараттың
түрі оны қайта жасаудық тәсілдері және сақтауы мен көрсету болып табылады.
ГАЖ инструментальдық пакеттерінің серия модульдері жалпы
мынадай төмендегідей есептерінің шешімдерін қарастырады:

- картаны цифрлау;
- әртүрлі форматтардағы берілгендерді ауыстыру;
- жұмысты реляциондық база берілімімен жасау;
- картаны құру;
- дисплейде картаны визуальдау;
- кең көлемде сұраныстарға жауап;
- интерактивтік графикалық редактрлеу;
- обьектіні мекені бойынша іздеу және сызықты торлардық анализін
оптимализациялау;

ГАЖ ақпараттың көрсетілімдер жүйесінің құжаттық қамтуының
дамуын көрсетеді.
Соңғы уақытта Ресейдегі 100-ген мекемеде ГАЖ технологиясының
құруын таратумен айналысады.Бұл жүйелер тағайындалуымен және ресурстарды
талап етумен ерекшеленеді. Мысалы: Atlas GIS версиясы процессорда 286 үлкен
емес ресурстарды функциялары ал ER Mapper орташа дискі жадының 1Гбайт ал
RAM-да 32 Мбайт талап етеді.
Соған байланысты аспаптық жүйелер құны және тағайындалуы
бойынша кең көлемде комплекстіктен үстелдікке ( Desktop GIS )дейінгі
құрылымдарды қамтиды.
Көптеген аспаптық жұйелер РС платформасын қолдануға бағытталған
ориентир. Олардың ішінде атап айтсақ:
MapInfo, ArcInfo, MGE (Integraph), ArcView, ArcCAD, WinGIS,
Atlas GIS, Spans GIS, ERDAS Imagine (ERDAS,Inc.)

1.2.MGE модульдік жүйе

Integraf MGE фирмасының ГАЖ модулінің ортасы көрсеткіштер
базасы бойынша тәуелсіздікті кеңістіктік талдауды, тақырыптық қабаттарды
бекітуді қамтамасыз етеді. Оған тереземен жұмыс үшін, географиялық
көрсеткіштерді көру үшін графикалық және обьектті – ориентирлі интерфейс
кіреді.

MGE-нің негізгі ерекшелігі болып оның сызбаны емес проектті
құрастыруы болып табылады.

1.3. ArcView программалық модуль

ArcView (ESRI фирмасы) 1993ж. ArcInfo жүйесіне қолданушыларға
қосымша ретінде қосылды. ArcView картографияны жасауда, анализдеуде және
қорытындылауда қолайлы.
ArcView өнімінің бірінші және екінші версиялары – обьектіні
визуалдауда және анализдеуде қарапайым және эффектілі болып келеді.
Бұл версиялардың қолдану сферасы әртүрлі : бизнес және ғылым,
білім және басқаруда, социологиялық, демографиялық және политикалық
зерттеуде, өндіріс және экология, транспорттық және мұнай-газ
индустриясында, жер пайдалану және кадастрде.
Жай электрондық кестелердің программалық қамтулары секілді,
ArcView –ті менеджерлер, аналитиктер ғалымдар өз кәсіпорындарындағы
қиындықтарды шешуде қолданады. ArcView шешім қабылдау алгоритмін береді, ол
фирманың жақсы функционалдануында қажетті.

Қолданушының графикалық интерфейсі. Ол өте танымал, заман
талабына сай және қарапайым Windows интерфейсіне ұқсас.

Релляционды базаны басқарудағы жійенің қолдануы. ArcView 2
пакетінде SQLDBMS-, ASCII-, dBase-файлдарын байланыстыратын құралдар бар,
олар картаның сипаттамасын беретін ақпарат көздері болып табылады. Оның
толық реляционды мүмкіндіктері бар.

Жұмыстық графика. ArcView 2-мен жұмыс жасауда әртүрлі
құжаттарды қолдануға болады, оның әрқайсысы ақпараттың стандарты
формасындағы электронды аналогы болып табылады. Жасалған құжатты принтерде
немесе плоттерде басып шығаруға болады.

Макет жасау( Layout document )- базадағы бар немесе жасалған
ақпаратты диаграмма, кесте, көрсету түрінде ыңғайлы, қызықты түрде көрсете
алады. Шығатын құжаттарды формальдау интерактивті режимде жасалады. Барлық
құжаттардың формалары бір-бірімен тығыз байланысты, яғни бір құжатта
жасалған өзгеріс басқа құжаттарда автоматты түрде өзгереді.

Профессионалды безендірілген картографиялық өнімді жасау.
Карта мен планды дизайндауда ArcView 2 мыналарды қамтиды:
- символды өзгерткендегі тез таңдау жасау.
- кескін, диаграмма, график қосу.
- аңыз, солтүстікті көрсететін сызық, қолтаңба, масштабты сызғыш, символды
жасауды қолайлы бағыттау.

Кескінді интеграциялау. ArcView 2 экран мониторында мөлдір және
мөлдір емес кескіндерді шығара алады: космостық түсірістер,
аэрофототүсірістер, иллюстрация, құжатты қайта сканерлеу. Мысалы: жер
меншігіне цифрленген ғимарат фотосуреттерін қосуға болады. Бұл суреттерді
экранға карта обьектісінің қасына курсорды қойып, тышқанның батырмасын басу
арқылы жасайды.

Басқа программалармен қатынасы. ArcView 2 басқа программалармен
стандарты коммуналдық протоколдар арқылы байланысады: Dynamic Data Exchange
(DDE), Remote Procedure Calls (RPC), Apple Events және Apple Script
ArcView 2-де тікелей AutoCAD жүйесіндегі DWG және DXF файлдарын қарауға
болады.
ВИД терезесіндегі картографиялық ақпараттар 4 стандартты типті
тақырыппен жүйеленген, олар:
- нүктелік
- сызықтық
- векторлы аудандарды
- расторлы кескіндер

ArcView паектіне кірмейтін утилит бар, ол мысалы басқа ГАЖ
форматындағы импорт экспорт.

1.4.ArcInfo инструментальды жүйесі.

ArcInfo интегралданған пакеті – геоақпараттық жүйелерді жасауда және
өңдеуде, берілгендерді анализдеуде дербес компьютер көмегімен қолданады.
ArcInfo жүйесі жұмыс станцияларында IBM PC шектеуімен қолданады. Сандық
модельдеу арқылы векторлы-топологиялық модельдеу, обьектіні буферлеу, торды
анализдеуді жасауға болады. Жүйенің пәндік аумағы – жер, орман, геология
және т.б. кадастрлерді жасаумен ендіру.
Жүйе эксплуатацияланғанда қарапайым және өз бетінше жұмыс істейді
немесе басқа үлкен жүйелермен де бірігіп жұмыс істей алады.ArcInfo-ны
қолданушылар кең көлемді профиль мамандары. Жүйе кеңістіктік ақпаратты
қамтамасыздандырады және есептерді шешеді : жер кадастрын карталау, салықты
есептеу, жер қолданудағы мерекелерді пландау, табиғат ресурстарын бағалау,
аймақты аудандастыру және т.б.
Маманданған программалық қамту дербес компьютерді геоақпараттық
станцияға айналдырады, олар карта құру мен цифрлеу, кесте жасау,
компьютерді локальды торларға қосу және т.б.

Қолданушының алғашқы интерфейсі. ArcInfo модульдері Starter KIT-
тен басталады, ол алғашқы интерфейс және дербес компьютерді геоақпараттық
жүйеге айналдырады.
Starter KIT-те қарапайым Картаны экранға шығару мүмкіндігі бар :

- цифрлау жүйесі ( ADS – Arc Digitiring System ) – Картаны тез жасау мен
редактрлеу.
- CLEAN және BUILD командасы – нүктелі, сызықты, ауданды обьектілерді
координат ендірумен жасау.
- кесте жасау командасы
- Tables жүйесі – база берілімімен жұмыс жасау.
- ESRI Plot System жүйесі – картаны экранға, плоттерге және графикалық
принтерге шығару.

Берілгендерді редактрлеу және жаңарту

Геоақпараттық жүйелерді интерактивті редактрлеу үшін ArcInfo-да
графикалық редакторы ArcEdit бар. Ол өте жақсы өңделген технологиясы САПР
геоақпараттық базасы сияқты жоғары сапалы карталар жасайды.
ArcEdit редакторы обьекті-бағыттау графикалық редакторы болып
табылады. Ол картаны жылжытады, көшіреді, қосады, өшіреді немесе нүктелі,
сызықты обьектіні ауыстырады.
ArcEdit картографиялық жабынды жасай алады. Ол қосымша графикалық
элемент жасауда қолданып, ArcPlot модулімен жоғарғы сапалы карта
жасайды.
Data Conversion программасы ArcInfo форматын географиялық
форматқа және кері ауыстырады, ол ГАЖ-да векторлы және
расторлы форматтарды интегралдайды.Data Conversion векторлы форматында
мына төмендегі жиыны бар : Initial Graphics Exchange Specification ( IGES
), AutoCAD Drawing Exchange Format ( DXF ), U.S. Burcau of the Genus GBF
DIME.

База берілімі

ArcInfo-ға реляционды база кіреді және кестелік ақпаратты өңдеу үшін
төртінші кезең программалық тілі бар.
Кесте берілгендері dBase форматында сақталады. dBase форматын
обьектіні өңдеу және жаңартуда, баған мен жолдар, блоктарда арифметикалық
операция жасауда қолданылады. Бір уақытта бір-бірімен он шақты кесте
байланысады, ол 4000 белгіні әр картографиялық обьектіге қолдануға
мүмкіндік береді.
Кеңістіктік және логикалық анализдеу құрылғысы ArcInfo-да СУБД dBase
қолданумен әртүрлі қолданбалы есептерді шешеді :
- жекеменшік жерлерді идентификациялау
- орман ресурстарын бағалау
- жер қолданушының салығын есептеу

Геоақпараттық анализдің маманданған интерфейсі.ArcInfo-да
маманданған интерфейс Overlay және Network пакеттерімен жасалады.

Overlaw пакеті. Ол географиялық ақпаратты қолдануды, полигондарды
біріктіруді, буферлі зонаны жасауды қамтамасыз етеді. Кеңістіктік анализді
қамтамасыз ететін 6 команда бар, олар : CLIP, ERASE, IPENTITY, INTERSECT,
UNION UPDATE. Overlay пакетінде BUFFER командасы буферлі зона жасауда
қолданылады.
DISSOLVE жіне ELIMINATE командалары таңдалған полигондарды қосып,
жаңа полигонды обьектілерді жасайды.
RESELEST командасы картографиялық жабындыда кеңістіктік және
логикалық критериямен обьект таңдауға мүмкіндік береді.
INTERSECT командасы екі картаны қосып, карталарға ортақ жер
қалдырады.CLIP командасы барлық шекарадан тыс обьектілерді өшіреді.
SPLIT командасы картографиялық жабындыны кіші өлшемдерге бөледі.

Network пакеті. Бұл әртүрлі торларды моделдеудегі аналитикалық
құрал, оларға көшелерді, телефон желілерін жасау кіреді.

Жол іздеу.Торда ресурстардың жүруін қамтамасыз етеді, мысалы :
машиналар қозғалысын қадағалау т.б.

Аллокация.Жақын центрлерді іздеу, мысалы өрт сөндіру станциясын әр
көшеге іздеу.

Райондау.Жер бөліктерін топтастыру, мысалы қалалық аудан.
Network пакеті маркетингтік зерттеуде, центрлерде клиент мекен-жайына
жеткізу, қылмыс болған жерді картографиялауда және т.б. қолданылады.
Бұл жүйе цифрлы және электронды карта жасауда қолданылады, оның
мүмкіндіктері :
картографиялық база берілімін ендіру; атрибуты база берілімін ендіру;
картографиялық обьектілер арасына байланыс орнату; классификаторларды
ендіру;
аналитикалық материалды шығару және формальдау;
Технологиялық қамту

Технологиялық жұмысқа келесілер кіреді.
- RSCEdit классификаторын ендіру мен жасау;
- PCX форматындағы растрлы кескінді Панорама жүйесінің RST ішкі
форматына конвентрлеу;
- Проектіленген картаның паспортын жасау;
- Расторлы файлды ашу;
- Картаны редактрлеу;
- Берілгендерді форматқа шығаруды көрсету;

RSCedit ресурстар редакторы ол файл ресурстарын редактрлеп
жасаудағы классификатор программасы.

Карта паспортын жасау.Аймақтың алғашқы параметрлерін беруде бөлек
беттерде қолданылады : район аты, жасалатын карта масштабы, қолданушы
файлының аты, карта типі, координат жүйесі, рамка түрі т.б.

Векторлау.Графикалық ақпарат жүйеде расторлы немесе векторлы түрде
болады. Векторлы берілгендерге қабатты көрсетілімдер мүмкіндігі бар.
Қабаттар 255 қабаттан тұрады. Векторлы форма алу үшін расторлы кескінді
векторлейді ( РСХ, TIFF, RST форматы )

Векторлау келесі технологиямен орындалады :
- бейнені расторлы кескінмен қолмен дигитальдау;
- расторлы картада бейнені жартылай автоматы қадағалау;
- расторлы картаны автоматы векторлау;
- берілгендерді клавиатурамен енгізу;
- алдын-ала жасалған файлда векторлы картадағы обьектіні формальдау;

Барлық картографиялық ақпарат DXF форматында сақталады, ол AutoCAD,
ArcInfo-дан 4-6 есе компактілі.

Жер қолданушыны регистрлеу және есептеу жүйесі.

( СУРЗ ). Ол dbf – файлдарын қолдануға негізделген. СУРЗ жүйесі база
берілгендерін ендіруді жүзеге асырады :
- жер бөліктерін олардың негізгі қасиеттерімен – жер бөлісу реестірі.
- жер бөліктерінің қожайынымен – жер қолданушы реестірі.
- жер қатынасымен – жер қатынасы реестірі.

Матрица биіктігін құру.Матрица биіктікті қамтиды, жер бетінің
абсолютті немесе суммалық түрін көрсетеді. Абсолютті рельеф горизонтальмен,
биіктік нүктесімен құрылады. Суммалық рельеф абсолюттік рельеф негізінде
құрылады. ( орман, электр линиясы, пункттер т.б. ) Матрицаны 2D немесе 3D
түрінде көрсетуге мүмкіндік береді.

Далалық өңдеуді және қолданбалы есепті шешудегі мамандандырылған
кешен. Ол полигонометриялық және теодолиттік жүрістерді теңестіреді. Кешен
келесі есептерді шешеді;
- теодолиттік жүрісті өлшеудегі дайындалғанды экран мониторына
автоматты ендіру;
- теодолитті жүрісті өлшеудегі дайындалған экран мониторына автоматы
ендіру;
- теодолитті жүріс нүктесін теңестіру;
- теңестірілген теодолит жүрісін электронды картада көру;
- қисық нүктелерді ендіру мүмкіндігі;
- теңестірілген нүктелер бойынша жаңа обьектілер жасау;
- теңестіру қорытындысымен есептерді формальдау;

1.5. Windows-қа арналған Atlas GIS жүйесі.

AtlasGIS-толық функционалды ақпаратты картографиялық
жүйе. Оның мүмкіндіктері:
- енгізу, өңдеу және баспадан шығару rартаны салу, windows
интерфейсі арқылы орындалады.
- дамыған презентационды құралдар: түс және штриховкалармен басқару,
символдарды құру мен өңдеу, мәтіндік картографиялау.
- іс-әрекеттік график – сызықтық және дөңгелектік диаграмма.
- Atlas Ware GISICIVB көмегімен қосымша құру мүмкіндігі.
- растрлық жобалармен жұмыс.
- кеңістіктік талдау іздеу-географиялық обьектілерді құрастыру,
географиялық белгілеріне байланысты көрсеткіштерді агрегирлеу, буферлік
аймақтарды құру.
- геокодтау-пошталық мекен-жай мен индекс арқылы іздеу, белгісіз не
толық емес мекен-жай бойынша іздеу.
- енгізілген функциямен оператор кітапханасына негізделген
көрсеткіштерді өңдеудің арнайы құралы.
- үлкен торларда жұмыс істеуге ыңғайлы SQL көмекшісі.
- қосымша мультимедиа мен географиялық обьектілерді біріктіретін
Application Linking көмекшісі.

1.6. MapInfo арнайы жүйесі.

MapInfo жүйесі кеңістікте бекітілген әртүрлі берілгендерді
көрсете алады.Ол Desktop GIS класына жатады. 80 жылдардың соңында MapInfo,
AtlasGIS-пен ГАЖ-ды өндірісін бөлді. Windows-версиясы шыққан соң ол
қарсыласын ресей өндірісінде артта қалдырды.
MapInfo-ның ерекше айырмашылығы - әмбебаптылығы. Жүйе интегрирленген
геоақпараттық технологиялар Intergraph және MapInfo DOS үшін, Windows,
Windows NT,UNIX, геоақпараттық жүйелер,цифрлы картографиялық жүйелерді
жасауға мүмкіндік береді.
Жүйеде төмендегідей мүмкіндіктер бар :
- реляциондық база беріліміндегі анализ тәсілі;
- географиялық обьектілерді іздеу;
- карта бояудың тематикалық тәсілі;
- легенда жасау тәсілі;
- формат берілгендерін қамту;
- өшірілген БД-ға кіру және бөлінген берілімдерді өңдеу;
МарInfo адрес немесе аты бойынша ақпарат алуға көмектеседі,көше,шекара
қиылысын,автоматы және интерактивті кодтауды жасайды.Ақпарат жүйеде
кесте,карта,диаграмма түрінде болады. Жүйе модулі геодезиялық өлшеулерді
өңдеу, Картаны архивациялауды шешеді.MapInfo-ның мамандандырылған
программалық тілі MapBasiс.Жүйе электронды кестелер Excel,Lotus 1-2-3,dBase
форматтарын тікелей қолдануға мүмкіндік береді.

1.7. ГеоДраф, ГеоГраф (GeoDraw, GeoGraph) жүйелері

ГеоДраф, ГеоГраф жүйелері – бұл ГАЖ-дың белсенді ұлы өндірісі.
Геоконструктор жүйесімен аяқталған модульдік жүйені құрайды.
Айырмашылығы :ГеоДраф-векторлық топологиялық редактор, ал ГеоГраф-
сандық карталардың қажет ететін композициялық құрылысы.Геоконструктор-
пайдаланушының Borland C + +, Visual Basic, Delhi операцияларын пайдалана
отырып,жеке алгоритмдері мен программаларын құратын құрал.
Онымен картаны құруға, кеңістікті объектілерді фильтрациялайды,база
берілгендеріне қиыстыру және географиялық проекцияларға қосымша көмек
береді.
ГеоДраф векторлық редакторы Desktop GIS класына жатады.ызметі : ГИС
технологиясында картографиялық берілгендердң құрады.ГеоДраф растрлық
көріністерді векторизациялайды және кең спектрде карталарды әртүрлі
кеңістікті берілгендерден интеграциялап құрады. Барлық картографиялық
проекциялар жазықтықты құруына мүмкіндік береді.Әлгілі DXF,dBase, Paradox
форматтары объектінің кестелік атрибуттық берілгендерімен байланысты.
Жүйеде берілгендерді анализдеу мүмкіншілігіне ие.Оның көмегімен
тематикалық картографиялау ,кеңістікті өлшеу, картаға байланысиы кестелер
мен сұрақтарды реализациялау, логикалық сұраныстар, алынған композициялық
карталарды қорытындылау, растрлы көріністер, графиктер, басқа құрылғыларға
текстер;
ГеоДраф жүйесі басқа атақты жүйелермен ақпарат алмасып отырады.
Мысалы : Arcinfo, Mapinfo, autoCAD және т.б.
ГеоГраф геоақпараттық жүйесң қолданушыға : қарап шығу, редактрлеу,
берілгендерді анализдеу, кеңістікті өлшеу, объектілерді табу және т.б.
Функцияларды орындайды. Осы жүйенің базасындағы құрылғыларды елімізде
пайдаланады.
Қорытындылай келе ГеоДраф, ГеоГраф интеграциялау арқылы –
1)қаладағы облыс басқармасының территориясында (әлеуметтік, экологиялық,
қаржылық )
2)әртүрлі саладағы ақпараттарды бір жүйеде күрделі комплексты есептерін
шешеді. Жүйе әрдайым даму үстінде және күннен-күнге жаңа жаңалықтар
қосылады.

1.8 ArcCAD жүйесі

ArcCAD жүйесін Қоршаған Ортаны зерттеу Институты өндірген ( ESRI).
САПР ( AutoCAD ) технологиясымен және геоақпараттық ArcInfo жүйелерінің
біріккен өнімі. Ескретін жай : мұнда ArcCAD ArcInfo құрамындағы AutoCAD-
тың берілгендері емес, ал толық Геоақпараттық жүйе ( ГАЖ ). Ол ArcInfo
форматында кеңістікті берілгендерді құрады.
●ArcCAD берілгендерді қолдана отырып, ArcInfo программасы мен AutoCAD
жүйесінде құрылған.
●ArcCAD – ArcInfo және AutoCAD өңдеулерінің әрі қарай қолдануына
құрылған.
●ArcView программалық құралы PC үшін, Macintosh компьютері
немесе жұмыс станцияларын ArcCAD берілген анализі және экранды шығару,
көру үшін қолданылады.
●ArcCAD- dBASE файлдары, DXF форматы файлдары, ASCII және
IGES – терді қамтиды.
●Қолданушы ArcCAD көмегімен ArcInfo GIS пакетін басқара алады.
●ArcCAD барлық стандарты құрылғы ГИС – технологиялық құруын
қосады және топологиялық құрылым берілгендерін басқару мен
корректировкасын. Жүйе геоақпараттық командалар таңдауын және сұраныстарын
береді.
AutoCAD-пен жұмыс істеу барысында AutoLISP интелектік тілмен жұмыс
жасауға болады. Бұл тіл қарапайымдылығымен және логикалығымен
ерекшеленеді. Кез-келген алгоритмдік тілде жазатын мамандар үшін бұл тіл
оңай меңгеріледі.
Қолданушы интерфейс анализы және ArcCAD басқару жүйесімен
полигондарды ,полигон пункттары мен ұзындықтарын, буферлік зоналарды құру,
біріккенполигондар шекараларын жою және басқа операцияларды орындайды.

1.9. Win GIS жүйесі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Географиялық ақпараттық жүйелердің аспаптық құрылымдары
Геоақпараттық технологияларды қолдану
Геологиялық модельдеуді масштабтау
Байқоңыр ғарыш аймағын зерттеуде гаж технологиясын қолдану
Жер телімінің кадастрлық құнын мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрына енгізу
ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР КЕҢІСТІКТІК МӘЛІМЕТТЕР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ
ГАЖ мүмкіншіліктері
Геоақпарат жүйелері бойынша дәрістер
Тахеометриялық түсіріс және оны өңдеу
ГАЖ бағдарламасы
Пәндер