Жергілікті жүйелер топологиясы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ3
1 тарау. «ЖЕЛІЛІК КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯ» АРНАЙЫ КУРСЫ ЖАЙЛЫ5
1. 1 Пән мақсаты мен міндеті5
1. 2 Пән мазмұны5
1. 2. 1 Тақырыптар атаулары, олардың қысқаша мазмұны және осы тақырыпты меңгеруге бөлінетін оқу сағаттары көлемі5
1. 1. 3 Лабораториялық жұмыстар7
1. 1. 3. 1 “Wіndows операциялық жүйесінің желілік мүмкіндіктері”7
1. 1. 3. 2 “Жергілікті желілерде жұмыс істеу мүмкіндіктері”9
2 ТАРАУ. ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕЛІ АНЫҚТАМАСЫ МЕН ТОПОЛОГИЯСЫ13
2. 1. Жергілікті желінің алар орны мен қызметі13
2. 2. Жергілікті жүйелер топологиясы18
2. 3. Топология ұғымы22
2. 4 «ШИНА» ТОПОЛОГИЯСЫ25
2. 5 ЖҰЛДЫЗ ТОПОЛОГИЯСЫ27
2. 6 «САҚИНА» ТОПОЛОГИЯСЫ30
2. 7 ӨЗГЕ ТОПОЛОГИЯЛАР32
3 МӘЛІМЕТТЕР ТАРАТУ ОРТАСЫ36
3. 1 “Витая пара” негізіндегі кабельдер37
3. 2 КОАКСИАЛЬДЫ КАБЕЛЬДЕР43
3. 3 ОПТОВОЛОКОНДЫ КАБЕЛЬДЕР45
3. 4 БАЙЛАНЫСТЫҢ КАБЕЛЬСІЗ КАНАЛДАРЫ47
ҚОРЫТЫНДЫ49
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР51
КІРІСПЕ
Жергілікті желі соңғы кезде компьютердің сәнді қосымшасынан бірден көп компьютері бар кез келген компанияның міндетті әрі өте қажетті құралына айналды. Аппаратуралар мен программалық құралдардың жетілуі қарапайым желіні кез-келген қолданушы орната алатын және қолдана алатын дәрежеге жеткізді. Сондай-ақ, желі ортасын орнату мен осы ортада жұмыс істеу және оған қызмет көрсету мүмкіндіктері толық әрі түсінікті тілде жазылған әдебиеттердің көптігі, Wіndows жүйелік ортасында желіде жұмыс істеу мүмкіндіктерінің дамыған әрі қарапайым болуы да бұл мәселенің тез шешімін табуға әкеп соқты. Бұрын тек арнайы дайындығы бар, таңдаулы мамандар ғана желі мүмкіндіктерін пайдалана алса, қазір кез-келген қолданушының қолынан келеді.
Бірақ кейбір қолданушылар көп таралған әдебиеттерде қарастырылған желі мүмкіндіктері туралы мәліметпен шектеле алмайды. Оларға желі адаптерін компьютерге қосу, адаптер мен концентраторды кабель арқылы жалғау немесе дискілерді бірігіп жұмыс істеуге мүмкіндік беретін программаны іске қосу жеткіліксіз. Олар желі қондырғыларының қалай өзара байланысатынын, қандай алгоритм қолданатынын, бір-бірінен айырмашылықтарын да білгісі келеді. Жоғары немесе орта арнайы техникалық білімі бар мамандар желі технологиясының негізін де білгісі келетіні таң қалатын жағдай емес.
Сондықтан, біздің университетте информатика мамандықтары студенттері үшін «Желілік компьютерлік технологияң арнайы курсын еңгізу қажеттілігі туындады. Дипломдық жұмыста осы арнайы курстың мақсаты, міндеті, мазмұны анықталады. Қазақ тіліндегі желі туралы әдебиеттер жоқ болғандықтан, біз осы жұмыста жергілікті желі орны мен қызметі, түрлері туралы толық тоқталып отырмыз. Себебі, көптеген оқытушылар лабораториялық жұмыстарда желі қызметі туралы көптеген қызықты мәселелерді оқытып-үйрете алатын болса да, теориялық материалдардың жетіспеушілігі салдарынан лекция оқу қиындыққа соқтырады.
Міне, осы аталған себептер осы дипломдық жұмыстың мақсатын, актуальдығын, қажеттілігін, міндетін және мазмұнын анықтайды. Жұмыс соңында біздің университетегі жергілікті желі қалпы туралы да сөз ете кеткенді жөн көрдік.
1 тарау. «ЖЕЛІЛІК КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯ» АРНАЙЫ КУРСЫ ЖАЙЛЫ
1. 1 Пән мақсаты мен міндеті
«Желілік компьютерлік технология» арнайы курсының міндеті - студенттерді болашақ профессиональды қызметі кезінде желілік компьютерлік технологияларды пайдалана алуына дайындау.
Пәннің негізгі міндеттері:
- Студенттердің желілік компьютерлік технологиялар түсінігін меңгеруі;
- Желілердің техникалық және программалық құрылым архитектурасымен танысу;
- Жергілікті желі ортасында жұмыс істеуді үйрену.
1. 2 Пән мазмұны
1. 2. 1 Тақырыптар атаулары, олардың қысқаша мазмұны және осы тақырыпты меңгеруге бөлінетін оқу сағаттары көлемі
Кіріспе
Дербес компьютерде желілік өзара қызмет көрсету қажеттілігі, мәліметтерді таратудың ролі. Мәліметтерді компьютерлер арасында тарату кезінде шешілуі керек мәселелер. WAN, LAN желілері - анықтамасы, тағайындалуы. WAN желісіне мысал: Іnternet, Swіft - қызметтері мен құрылым ерекшеліктері. Курстың мақсаты, міндеттері, қолданылған әдебиеттер.
1 тарау. Компьютерлік желілердің (КЖ) құрылымдық және жұмыс істеу теориясы.
- КЖ -нің мәліметтерді тарату ортасы: электрлік, оптоволокондық, телефондық және спутниктік желілер.
- Мәліметтерді тарату кезіндегі телефондық желілердің ерекшеліктерін талдау. Каналдар мен пакеттерді коммутациялау тәсілдері.
- Есептеу желілерінің протоколдарының қажеттілігі, анықтамасы. 7-деңгейлік архитектуралы МОС протоколдарының қызметі.
- Модемдер - анықтамасы, міндеті, қызметі, мінездемелері.
2 тарау. Жергілікті есептеу желілері.
2. 1. Желі топологиясы: жұлдыз, шина, сақина, гибридтық. Кейбір топологиялардың артықшылығы мен кемшіліктерін талдау.
2. 2. Жергілікті есептеу желілеріне қосылу тәсілдері:
Кездейсоқ дәрежелі протоколдарлы детерминацияланған тәсіл.
Сұрақ-жауап тәсілі.
CSMA/CA (МДКН/ОК) тәсілі алгоритмі, 802. 3 протоколы.
Шинада маркерді тарату алгоритмі, 802. 4 протоколы.
Сақиналық буындар алгоритмі, 802. 5 протоколы.
Қосылу алгоритмдерін салыстыру арқылы бағалау.
2. 3. NetWare желісі негізі.
Желілік администратор міндеті. Жүйенің конфигурациясы мен қауіпсіздігі. Утилиталар түсінігі. Желі мен операциялық жүйе компоненттері.
2. 4 NetWare желісінде жұмыс істеу.
Желіде тіркелу, көмек сұрау. Каталогтар құрылымы, файлдар мен каталогтарда жұмыс істеу. Дискілік қондырғыларды анықтау.
2. 5. NetWare желісінде мәліметтердің қауіпсіздігі.
Қауіпсіздендіру мақсаты мен деңгейлері. Құқықтары мен атрибуттары. Қолданушылар тобы.
- Компьютер мен қолданушылар тобына атау беру (Іdentіfіcatіon белгісі) ;
- Желі ресурстарын беру (желі атауларын беру) ;
- Әр түрлі қолданушылардаң өз ресурстарына рұқсат беруді ұйымдастыру (Access Control белгісімен жұмыс) ;
- Желі ресурстарына қосылу (желілік дискке - Neіghborhood бағдарламасы, желілік принтерге - Prіnters бағдарламасы) .
3 тарау . Іnternet бүкіләлемдік компьютер желісі.
3. 1. Іnternet - тің негізгі түсініктері.
Іnternet желісінің құрылуы мен мәні, жұмыс істеуі. ТС/АР протоколы, ардестену мен маршрутталу функциялары. Іnternet- ке қосылу түрлері.
3. 2. Лабороториялық жұмыстар: “Wіndows операциялық жүйесінің желілік мүмкіндіктері” (1. 1. 3 қара) .
3. 3. Іnternet ресурстары.
Электрондық пошта - анықтамасы, адрестендіру, е- maіl хабары құрылымы, кодтарды алмастыру.
USENET электронды хабарламалар тақтасы - телеконференциялар туралы түсініктер.
Файлдарды тарату - FTP протоколы: қажеттілігі, түрлері, жұмыс істеу мысалдары. Telnet, Gopher пакеттері - қажеттілігі, қызметі.
1. 1. 3 Лабораториялық жұмыстар
1. 1. 3. 1 “Wіndows операциялық жүйесінің желілік мүмкіндіктері”
№ 1 лабораториялық жұмыс
Желіге ену:
- Компьютер мен жұмыс тобына атау беру (Іdentіfіcatіon белгісі) ;
- Желі ресурстарын беру (атауларды еңгізу) ;
- Әралуан қолданушылардың өз ресурстарымен жұмыс істеуіне рұқсат ету (Access Control белгісімен жұмыс істеу) ;
- Желі ресурстарына қосылу (желілік дискке - Neіghborhood бағдарламасы арқылы, желілік принтерге - Prіnters бағдарламасы арқылы) .
№ 2 лабораториялық жұмыс
Желіде жұмыс істеу:
- Желі ресурстарын қолдану: файлдарды өңдеу, желі принтерімен баспаға басу, файлдарды өз дискісіне көшіру.
№ 3 лабораториялық жұмыс
Желіні басқару:
- Бұрын берілген ресурстарды желіден жеке-жеке ажырату (Not Shared опциясымен тиісті ресурс қасиеті терезесінде жұмыс істеу) ;
- Процессорды салыстырмалы іске қосуды бақылау (System Monіtor бағдарламасы) ;
- Басқа қолданушылардың компьютерге қосылуын бақылау (қай каталогқа немесе қай файлға қосылды) және қажет кезінде қосылған қолданушыны ажыратып тастау;
- Комьютерлік желі бағдарламаларын орнату.
№ 4 лабораториялық жұмыс
Іnternet жүйесінде жұмыс істеуді үйрену:
- ІP -протокол мен - ІP адрес түсінігі мен қажеттілігі;
- Іnternet-ке кіру командалары (pіng, tracer) ;
- Іnternet сервистері түрлерімен танысу (FTP - файлдарды жіберу, Webсервер - текстік және графикалық мәліметтерді қабылдау, Іnternet-те мәліметтерді іздеу) .
1. 1. 3. 2 “Жергілікті желілерде жұмыс істеу мүмкіндіктері”
№ 5 лабораториялық жұмыс
Желіге ену:
- Желіге ену мен желіден шығудың негізгі амалдары (LOGІN -ді пайдалану) ;
- SYS CON утилитасын пайдаланып желі конфигурасын құрастыру;
- Желіде жұмыс істеуді есептеудің негізгі амалдары;
- Қолданушы мен қолданушылар тобын құрастыру;
- Директориялар мен файлдарға кіру рұқсаты құжатын беру.
№ 6 лабораториялық жұмыс
Желіде жұмыс істеу:
- SESSІON утилитасын қолданып виртуальды дискілер белгілеу;
- Қолданушыға немесе топқа хабар тарату;
- Файлдарды іздеуді ұйымдастыру.
№ 7 лабораториялық жұмыс
“Fіle” и “Меню” утилиталарымен жұмыс істеу:
- “Меню” утилитасын қолданып жұмыс ортасын құру;
- “Fіle” утилитасын қолданып файлдарды өңдеу.
№ 8 лабораториялық жұмыс
Желі принтерімен жұмыс істеу:
- Баспаға басудың Prіntdet, Prіntcon утилиталары;
- Баспаға басудың кезегін Pconsole утилитасы арқылы ұйымдастыру;
№ 9 лабораториялық жұмыс
Мәліметтер қорымен жергілікті желіде жұмыс істеу:
- “FOXPRO” мәліметтер қорын басқару жүйесінің файл-серверге жазылған жүйелік версиясы арқылы мәліметтер қорын ұйымдастыру;
- Әралуан белгілер арқылы өңдеу мен таңдауды ұйымдастыру;
- Есеп беруді ұйымдастыру.
1. 1. 4 Практикалық тапсырмалар бақылау сұрақтары
1-практикалы? тапсырма.
Сізді? компьютермен жергілікті желіге жал?астырыл?ан компьютерлерді ?арап, ??жатты немесе буманы ?з компьютері?ізге к?шірі?із.
Ж?мысты? орындалу реті:
1. Мені? желілік айма?ым (Мое сетевое окружение) белгісін тыш?анмен екі рет басы?ыз.
2. Ашыл?ан терезеден кез келген компьютерді? белгісін тыш?анмен екі рет басы?ыз.
3. Пайда бол?ан терезеден С: дискісіні? белгісін тыш?анмен екі рет басы?ыз.
4. Кез келген буманы ашы?ыз. Мысалы, Мені? ??жаттарым
5. ?з компьютері?ізде Мені? ??жаттарым белгісін тыш?анмен екі рет басы?ыз.
6. Ашыл?ан терезеге желілік компьютерден ??жатты тасымалдап ?келі?із. (Мені? ??жаттарым бумасына)
2-практикалы? тапсырма.
Жергілікті желіні? барлы? пайдаланушыларына ?з компьютері?іздегі бума?а кіру м?мкіндігін ?сыны?ыз.
Ж?мысты? орындалу реті:
1. Өз компьютеріңізде орналасқан кез-келген бума ?шін жанама менюді шақырыңыз. Мысалы Менің құжаттарым (Мои документы)
2. Кіру мүмкіндігі (доступ) командасын таңдаңыз.
3. Қасиет терезесінде: жалпы ресурсты (Общий ресурс) тағайындаңыз.
4. Одан кейін толық кіру мүмкіндігі /полный доступ/ таңдаңыз.
1. 1. 5 Бақылау сұрақтары мен өз бетімен орындауға арналған тапсырмалар
Ба?ылау с?ра?тары:
1. Жергілікті желі дегеніміз не?
2. Компьютерлердің жергілікті желіге бірігуі қандай мүмкіндіктер береді?
3. Жергілікті желілерде ақпаратты тарату жылдамдығы қандай?
4. Жергілікті желі топологиясы дегеніміз не?
5. Жергілікті желілерді? ?андай типтері мен конфигурациялары бар?
6. Жергілікті желіде кабельдерді? ?андай типтері пайдаланылады?
7. Иерархиялы? жергілікті желіні? біртекті желіден айырмашылы?ы ?андай?
?з бетімен орындау?а арнал?ан тапсырмалар:
1. Желідегі сіз кіруге м?мкін болатын барлы? компьютерлерге ?зі?ізді? компьютердегі Мені? суреттерім бумасыны? мазм?нын к?шірі?із.
2. ?зі?ізді? компьютердегі С: дискісіне кіру м?мкіндігін бері?із, м?мкіндік тек о?у?а, парольмен аны?талынып берілсін. (К?рсеті?із)
Енді осы жоғарыда көрсетілген тақырыптардың кейбір тарауларының методикалық негіздерін қарастырайық.
WІNDOWS операциялық жүйесінде жұмыс істеуге арналған әдебиеттер көп. Сондықтан, курстың осы жүйеде жұмыс істеу бөлімін қарастырмай-ақ, әдебиеттерде аз қарастырылған (онда да әр тақырыпты әр түрлі әдебиеттерден қарастыру керек), ал қазақ тілді әдебиеттерде тіпті қарастырылмаған жергілікті желі анықтамасы, орны, ролі, топологиясы, топология түрлері, мәліметтер тарату орталары бөлімдерін қарастырайық.
2 ТАРАУ. ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕЛІ АНЫҚТАМАСЫ МЕН ТОПОЛОГИЯСЫ
2. 1. Жергілікті желінің алар орны мен қызметі
Есептеу техникасы пайда болған кезден бастап-ақ компьютерлер арасында мәліметтер ауысу пайда болғаны белгілі. Ол жеке компьютерлердің бірігіп жұмыс істеуін, бір есепті бірнеше компьютерлермен шығаруды, әр компьютерді бір жұмысқа арнауға, ресурстарды біріктіріп жұмыс істеуге, сол сияқты көптеген басқа да проблемаларды шешуді ұйымдастыра алады. Мәліметтер ауысу түрлері мен құралдары кәзіргі кезде өте көп: қарапайым дискета арқылы файлдарды көшіруден бастап, бүкіл әлемдегі компьютерлерді байланыстыра алатын ИНТЕРНЕТ бүкіл әлемдік компьютерлік жүйесіне дейін. Осы ортада жергілікті желілердің алатын орны қандай?
«Жергілікті жүйе терминін көбіне тікелей түсінеміз, басқаша айтқанда, бұл - үлкен емес, жергілікті көлемдегі, жақын орналасқан компьютерлерді біріктіретін желі деп ойлаймыз. Алайда, кейбір жергілікті желілердің мінездемесіне қарап, бұл анықтаманың қате ұғым екенін білуге болады. Мысалы, олардың кейбіреуі бірнеше ондаған шақырым арасында оп-оңай байланыс орната алады. Ал, басқа жағынан қарасақ, көрші столдарда орналасқан екі компьютер глобальды жүйе арқылы байланыса береді, алайда ешкім оны жергілікті желі деп атамайды. Сондай-ақ, жақын орналасқан компьютерлер бір-бірімен сыртқы интерфейстерін жалғап тұрған кабель арқылы, тіпті, кабельсіз-ақ инфрақызыл канал арқылы да байланыса алады. Алайда, мұндай байланыс та жергілікті желі деп аталмайды.
Жергілікті желі деп қолданушы байланыс қиындықтарын сезінбейтін желілерді атау дұрыс болар. Жергілікті желіге қосылған компьютерлер бір виртуальды компьютерге айналады да, олардың ресурстары жалпыға бірдей, әр қолданушының қолы жете алатын болады. Жергілікті желілердің ыңғайлылығы деген кезде ең алдымен олардың кезде қолданушыға кедергі жасамай мәліметтер ауысуының жоғарғы жылдамдық шегі қаратсырылады. Бұл кезде жай жылдамдықта жұмыс істетйтін глобальды желілер де, кезектесе немесе параллелді порттар арқылы жүзеге асатын төменгі жылдамдықтағы байланыстар да жергілікті желі ұғымына сәйкес келмейді.
Сонымен, жергілікті желінің негізгі айырмашылығы - оның жоғары жылдамдықта мәліметтер ауысу мүмкіндігі. Алайда, бұл оның жалғыз ғана айырмашылығы емес, басқс фактылар да жергілікті желі ұғымында негізгі мағыналарға ие, мысалы, мәліметтер жеткізу барысында кеткен қателердің ең төменгі мөлшерде болуы. Себебі, өте жылдам жеткізілген, алайда қателер арқасында бүрыс мәнді мәліметтер тіпті де қажет емес - бұл мәліметтерді тағы қайталай жеткізу керек. Сондықтан, жергілікті желілер мідетті түрде арнайы салынған сапалы байланыс желілерін қолданады.
Жұмыс барысында жоғары интенсивті мәліметтер ауысу - жүйенің мінездемелерінің негізгілерінің бірі. Егер желіде қолданылатын мәліметтер ауысун басқару механизмі эффективті болмаса, компьютерлер мәліметтер беру үшін өз кезегін ұзақ күтіп қалуы мүмкін, ал тіпті сонан кейін де өз мәліметін ол өте жоғары жылдамдықта және еш қатесіз жібере алса да, желілік жүйеге қосылуды күту кезінде жіберіп алған уақыты желі қолданушысының талабына сәйкес келмеуі мүмкін.
Мәліметтер ауысуын басқаратын кез-келген механизм, желілге неше компьютер қосылатыны алдын-ала белгілі болса ғана жұмыстың толық және сапалы орындалуына жауап бере алады. Желіге қарастырылғаннан көп абоненттер қосылған жағдайда кез-келген механизм істен шығып қалады. Сондай-ақ, желі деп ең кемі ондаған компьютерлер қосылған жүйені ғана айта аламыз, ал стандартты порттар арқылы қосылған екі компьютерді желі деп айтуға тіпті де болмайды.
Сонымен, жергілікті желінің келесі айырымдық белгілерін атап өтуге болады:
- Мәліметтер ауысу жылдамдығы жоғары, өткізу мүмкіндігі үлкен болуы тиіс;
- Мәліметтер ауысу кезіндегі қателер төмен дәрежеде болуы тиіс. Қателер жіберу мүмкіндігі 10-7- 10-8шамасында болуы шарт;
- Мәліметтер ауысуын басқару механизмдері эффективті, тез орындайтын болуы тиіс;
- Желіге қосылатын компьютерлер саны шектелген әрі дәл анықталған болуы тиіс.
Жергілікті желі арқылы әралуан сандық мәліметтер берілуі мүмкін; мәліметтер қоры, телефон әңгімелері, электронды хаттар және т. б. Жергілікті желі көбіне дискілік сыйымдылық, принтер, глобальды жүйеге шығу жүйесі мүмкіндіктері мен ресурстарын тиімді пайдалану мен ажырату үшін қолданылады. Желі абоненттері тек компьютер ғана емес, басқа да құрылғылар, мысалы, принтерлер, сканерлер, т. б. болуы мүмкін. Жергілікті желі барлық компьютерлерде параллелді есептеу жүйесін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Оның көмегімен күрделі технологиялық жүйелер жұмысын немесе зерттеу қондырғыларын бірнеше компьютер арқылы басқаруға мүмкіндік туады.
Алайда, жергілікті желілердің кейбір кемшіліктері бар. Қосымша қондырғылар мен желілік бағдарламалар сатып алуға, байланыс желілерін салуға және персоналды оқытуға кеткен қосымша шығындардан басқа, желі администраторын қызметке алу керек. Желі комптютердің орнын ауыстыруға да кедергі келтіреді. Сондай-ақ, желі компьютерлік вирустардың тез таралуына күшті мүмкіндік туғызады.
Енді жергілікті желі үшін қажетті мына екі негізгі ұғымдар жайлы айта кетейік.
Сервер деп өз ресурстарын басқа абоненттерге пайдалануға мүмкіндікберетін, ал өзі олардың ресурстарын пайдаланбайтын желі абонентін атаймыз. Желіде бірнеше сервер болуы мүмкін, сервер ол желідегі ең күшті компьютер болмауы да мүмкін. Сервердің спецификалық мысалы деп желілік принтерді атауымызға болады.
Клиент дегеніміз желіні тек пайдаланатын, алайда өз ресурстарын желіге пайдалануға бермейтін абонентті атаймыз. Компьютер-клиентті көбіне жұмыс станциясы деп атайды.
Шағын жергілікті желілердегі барлық компьютерлер әдетте тең құқықты болады. Яғни, пайдаланушылар өзінің компьютеріндегі ресурстардың желі бойынша таратылатынын өздері шешеді. Мұндай желілер бір рангілі деп аталады. Егер жергілікті желіге 10-нан аса компьютер жалғастырылса, бір рангілі желінің өнімділігі жеткіліксіз болуы мүмкін. өнімділігін арттыру үшін, сондай-ақ желідегі ақпаратты таратудағы жоғары сенімділікті қамтамасыз ету мақсатында кейбір компьютерлер файлдарды немесе программалар қосымшаларын сақтау үшін арнайы бөлінеді. Мұндай компьютер сервер, ал жергілікті желі сервер негізіндегі желі деп аталады.
Жергілікті есептеу желілері біртекті (бір рангілі) және біртекті емес (сервер негізіндегі иерархиялық) болып бүлінеді.
Біртекті желі - бұл барлық компьютерлері тең құқыққа ие және бірдей қызмет орындайтын жергілікті желі. Олар саны 10-15-тен артпайтын компьютерлерді желіге біріктіру үшін пайдаланылады. Біртекті желілердегі сервер - бұл дәл осы мезетте ресурстары басқа компьютерден алынатын компьютер, бұл сервер әрі клиент болуы мүмкін, яғни ол өзі ресурс беретін компьютердің ресурсын пайдаланады. Жергілікті ресурсты жалпыға түрлендіру жалпы ресурсқа кіру мүмкіндігі пайдаланушының компьютерінің опрациялық жүйесінің құралдарының көмегімен жүргізіледі.
Иерархиялық желі - бұл кем дегенде бір ерекшеленген компьютер сервері болатын жергілікті желі. Жергілікті иерархиялық желілерде бір немесе бірнеше серверлер болуы мүмкін. Сервердің өзі аса жоғары иерархиялық деңгейдегі клиент сервер болуы мүмкін. Серверлер әдетте жоғары өнімді компьютерлер болып келеді. Олар көлемі үлкен винчестерлермен, процессорлармен, жоғары жылдамдықты желілік карталармен (100 Мбит/с) қатар жұмыс істейді.
Программалық қамтамасыз ету /жасақталу/
Жергілікті иерархиялық желілерде мәліметтерді өңдеу екі объектілердің арасына бүлінген: клиент және сервер. Клиент - бұл жұмыс станциясы желі компьютері. Сонымен қатар, клиент деп сервердің ресурсына жұмыс станциясымен бірге кіру мүмкіндігін жүзеге асыратын арнайы компьютерлік программаны айтады. Мәліметтерді өңдеуде клиент қандай да бір күрделі немесе арнайы процедураларды орындауға серверге сұрау жасайды. Мысалы, файлды оқу, жазулар арасында іздеу жүргізу т. б. Сервер клиенттен түскен сұрауды өңдеп, нәтижесін қайтадан клиентке жібереді. Сонымен сервер жалпы пайдаланылатын мәліметтердің сақталуына, оған кіру мүмкіндігін ұйымдастыруға және мәліметтерді клиентке жіберуге жауап береді. Клиент мәліметтерді қабылдап алып, өңдеуді орындайды және өңдеу нәтижелерін пайдаланушыға ыңғайлы күйде береді. Кейде мәліметтерді өңдеуді сервер орындайды.
2. 2. Жергілікті жүйелер топологиясы
Компьютерлік жүйе топологиясы деп желі компьютерлерінің бір-бірімен физикалық орналасуын және олардың байланыс жүйесі арқылы қосылу түрлерін атаймыз. Топология ұғымы ең алдымен жергілікті жүйелерге қатысты, себебі онда байланыс құрылымын оңай айқындауға болады.
Топология құрал-жабдықтарға, қолданылатын кабельге, мәліметтер ауысуды басқарудың ең тиімді тәсілдеріне қойылатын талаптарды анықтайды. Қолданушы топологиясын таңдау қажеттігі жиі туа бермесе де, негізгі топологиялар жайлы, олардың айырмашалаға, қасиеті, жетістіктері мен кемшіліктері жайлы барлық желі қолданушылары білсе дұрыс болар еді.
Желі топологиясын негізгі үш түрі бар:
- Шина - барлық компьютерлер бір байланыс тізбегіне қосылады, әр компьютерден мәлімер барлық компьютерлерге беріледі.
- Жұлдыз -бір орталық компьютерге барлық басқа перифериялық компьютерлер қосылады, мұнда әр компьютер өз жеке байланыс желісін қолданады.
- Сақина -әр компьютер мәліметті сақина бойынша өзінен кейін тұрған компьютерге ғана бере алады, ал тек өз алдындағы компьютерден ғана қабылдай алады. Бұл желі сақина тектес тұйықталған.
Кейде басқа да топологиялар қолданылады, алайда, көпшілік желілер осы топологиялар мен олардың комбинациясына бағытталған.
2. 3. Топология ұғымы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz