Қазақстан Республикасының салық және салық жүйесінің сипаттамасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
Тұрар Рысқұлов атындағы қазақ экономикадық университеті

Қолданбалы информатика кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Салық комитетінің ақпараттық жүйесі

Тексерген:
Қайнарбаева Г.Б.
Орындаған:
Наврузова Ж.
Инженерлік-эконом

Факультетінің 2 курс студенті

Алматы 2006ж

Жоспар:

I Кіріспе

II. Негізгі бөлім

2.1.Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың

ақпараттық жүйесін тұрғызуды негіздеу.

Салыққа сәйкес қолданатын ережелер және заңдар жинағы.

2.2 Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты мен тағайындалуы.

2.3 Ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар.
а) Ақпараттық жүйенің ресурстарына қойылатын талаптар.
б) Ақпараттық жүйенің құрылымына қойылатын талаптар.

2.4. Ақпараттық жүйенің концептуалдық сызба нұсқасы.

2.5. Кіріс ақпараты..

2.6. Шығыс ақпараты.

2.7.Ақпарат базасы

III. Қорытынды

КІРІСПЕ

Салық дегеніміз бюджетке төленетін міндетті төлем. Бұл төлемдерді алдын
ала белгіленген мөлешерде және Қазақстан Республикасының Салық заңнамалары
мен Кодексі арқылы реттеледі. Қазақстан Республикасының салық жүйесі
бірнеше элементтен тұрады. Салқы қызметі органдары салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы
жарналарының және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік
аударымдардың толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі,
сондай – ақ салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындалуына салық
бақылауын жүзеге асыру жөніндегі міндеттер жүктеледі. Салық қызметі
органдары уәкілетті мемлекеттік орган мен салық органдарынан тұрады.. Салық
жүйесі - өзінің құрамы жағынан бірнеше компоненттерден тұратын күрделі
модель. Салық жүйесінің компонентерінің құрамына мынандай: қаржы
қатынастары және осы қатынасты анықтайтын салықтар; салық механизмі, яғни
салық салу әдістері мен жолдары; нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар; салық
салуды басқару және салық қызметі органдары. Салық салудың әдістері мен
жолдары, нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар, салық салуды ұйымдастыр, салық
салудың негізгі принциптері және т.б. салық механизміне жатады. Біздің
басты мақсатымыз салық жүйеснің механизмінің жұмысының тиімділігін арттыру.
Осыған орай ЭЕМ базасында экономикалық талдауды автаматтандыру барынша
объективті қажеттілік болып тұр. Ол сапалы ақпаратты қызмет процесінің
қожалық іскерлігіне ЭЕМ – нің техникалық өркендеудің дамуына осы заманғы
экономиканың даму айналымының артықшылықтарына негізделген.

2.1. Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың
ақпараттық жүйесін тұрғызуды негіздеу

Қазақстан Республикасының салық және салық жүйесінің сипаттамасы

Салық – мемлекеттік бюджетке заңды және тұлғалардан белгілі бір
мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.
Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың
мемлекет пен екі арадағы мемлекет бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы
қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория. Салықтардың экономикалық
мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъетілер мен халық табысының
қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай – ақ
шаруашылық жүргізуші субъетілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін
мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.
Салықтар мемлекет құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір
сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі,
өркендеуі қашанда болса осы салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен
бірге қалыптасады.
Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі
бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар – мемлекеттің тұрақты қаржы көзі
болып табылады.
Салықтардың мәнін толық түсіну үшін, олардың экономикалық маңызын
түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын
қызметіне тікелей қатысты.
Әрбір Қазақстан Республикасының азматтары Қазақстан Республикасының
Конституциясына сәйкес және Қазақстан Республикасының Салық Комитетінің
міндеттеріне қарай мемлекеттік бюджетке салық төлеуге міндетті. Салық және
бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді Қазақстан Республикасының
Салық Кодексі заңдары арқылы реттеледі.
Кодекс заңдары арқылы салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді белгілеу, енгізу және еспетеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік
қатынастарын сондай – ақ мемлеккет пен салық төлеуші арасындағы салық
міндеттемелерін орындауға байланысты қатынасты реттейді.
Қазақстан Республикасының салық заңдары Салық Кодекстен, сондай-ақ
қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төлеу жөніндегі
Салық Кодексінде көзделмеген міндет ешкімге жүктелінбейді.
Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі
бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты – салық жүйесін құру және оның
тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.
Салық жүйесі - өзнің құрамы жағынан бірнеше компоненттерден тұратын
күрделі модель. Салық жүйесінің компонентерінің құрамына мынандай: қаржы
қатынастары және осы қатынасты анықтайтын салықтар; салық механизмі, яғни
салық салу әдістері мен жолдары; нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар; салық
салуды басқару және салық қызметі органдары. Салық салудың әдістері мен
жолдары, нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар, салық салуды ұйымдастыр, салық
салудың негізгі принциптері және т.б. салық механизміне жатады. Қандай да
болмасын бір механизмнің тетіктері немесе элементтері болады. Салық салу
механизмі де сол сияқты белгілі бір салық элементтерінен тұрады.
Салық салу механизмінің элементтері:
Субъект, объект, салық көзі, салық ставкасы, салық өлшем бірлігі, салық
оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімімен тәртібі, салық
төлеушінің және салық қызметі органдарының құқығы мен міндеттері, салық
төлеуін бақылау, салықтық жазалау шаралары.
Енді осы әрбір элементке қысқаша түсінік берейік.
Салық салу субъектісі – заң бойынша салық төлеу міндеті жүктелген жеке
және заңды тұлғалар.
Салық салу объектісі – табыс, мүлік еңбек ету түрі, қызмет көрсету,
ақшамен жасалатын операциялар, мүлікті басқаға беру, табиғи қорлрады
пайдалану, қосылған құн, айналым және т.б.
Мүлік пен іс - әрекеттер салық салу объектілері және салық салынуға
байланысты объектілері болып табылады, олардың болуына байланысты салық
төлеушінің салық міндеттемесі туындайды.
Салық базасы – салық салу объектісі мен салық салуға байланысты
объектінің құндық, физикалық немесе өзгеде сипаттамалары, олардың негізінде
бюджетке төленуге тиіс салық және басқа да міндетті төлемдер соммасы
айқындалады. Салық тсавкасы салық базасының өлшем бірлігіне салық
есептеулерінің шамасын білдіреді. Салық ставкасы салық базасының өлшем
бірлігіне процентпен немесе абсолютті соммамен белгіленеді.
Салық оклады – салық төлеушінің белгілі бір салық объектісінен төлейтін
салық сомасы.
Салық төлеу мерзім – салық төленетін уақыт. Осы салық Кодекстің ерекше
бөліміне сәйкес жекелеген салықтар мен басқа да міндетті төлемдерге қатысты
белгіленген уақыт кезеңі салық кезеңі деп түсініеді. Ол аяқталған соң салық
базасы айқындалады және бюджетке төленуге тиіс салық және басқа да міндетті
төлемдер соммасы есептеледі.
Басқа да міндетті төлемдер – бюджетке белгілі бір мөлшерде жүргізілетін
міндетті ақша аударымдары (алымдар, баждар, төлемақылар мен төлемдер);
Салықтар – мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі
бір мөлшерде жүргізетін қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке
төленетін міндетті ақшалай төлемдер;
Салық көзі – салық салынатын табыс.
Салық төлеуші - салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді төлеуші болып табылатын тұлға.
Тұлға - жеке және заңды тұға болып екіге бөлінеді. Жеке тұлға Қазақстан
Республикасының азаматы, шет мемлекеттің азаматы, азаматығы жоқ адам. Заңды
тұлға Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңдарына сәйкес
құрылған ұйым (шет елдік заңды тұлға).
Салық төлеушінің электрондық құжаты – белгіленген электрондық форматта
берілген, ол қабылданып және бірдейлігі расталғаннан кейін салық төлеушінің
элекрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат.
Салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы - электрондық цифрлық
қолтаңба құралдарынан жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның
салық төлеушіге тиесілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын
электрондық цифрлық нышандардың реттілігі.
Бағалы қағаздар – акциялар, борыштық бағалы қағаздар, туынды бағалы
қағаздар және Қазақстан Республикасының ззаңдарына сәйкес бағалы қағаздар
деп танылған мүліктік құқықтың өзге де объектілері.
Салық төлеу тәртібі – белгіленген мерзімде салықты төлеген кезде
алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу керек екенін, яғни төлеу кезінде
белгілі бір дәйектілікті белгілейді.
Салық төлеудегі дәйектілік заң жүзінде бекітіледі де , мынандай
тәртіппен іске асырылады:
а) Бірінші кезеңде барлық мүлікке салынатын салық төленеді , содан
кейін акциздер және баж салығы ;
б) екінші кезеңде жергілікті салықтар мен алымдар;
в) үшінші кезеңде басқа салықтармен алымдар;
Салыққа сәйкес қолданатын ережелер және заңдар жинағы
Салық төлеушілер мен салық қызметі органдарының құқығы мен міндеттері
салық заңдары арқылы белгіленеді және реттеледі.
Қазақстан Республикасының салық заңдарына мыналар жатады;
Қазақстан Республикасының салық қатынастарын реттейтін Қазақстан
Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығы Салық және бюджетке
төленетін басқада төленетін міндетті төлемдер туралың (Алматы, 24-сәуір,
1995 жылы);
Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің
актілері; Қазақстан Республикасы салық комитетінің нормативтік актілері.
Салықтар тікелей және жанама болып екіге бөлінеді. Тікелей салықтарға:
жеке және заңды тұлғалардың табысына салынатын салық, мүлік салығы, жер
салығы, бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға салынатын салық, жер
қойнауынан пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемі, көлік құралдарына
салынатын салық және т.б. Жанама салықтарға қосылған құн салығы мен акциз,
баж салығы жатады. Жанама салықтарды сатушы емес сатып алушы, яғни тұтынушы
төлейді. Тауар немесе қызмет бағасына алдын ала салық енгізілмегендіктен,
іс жүзінде оны бюджетке сатушы аударады.
Қазақстан Республикасының салық жүйесін мемлекетпен және заңды
тұлғалар арасындағы қаржы қатынастарының жиынтығы салықтармен алымдар,
салық салу әдістері мен тәсілдері, салық заңдары мен салыққа қатысты
актілері, салық салу органдары мен салық қызметі жиынтығын құрайды.
Салық жүйесі мемлекет қаржы көздерін жақсартудың ең негізгі құралы
болумен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып дамуына
және саяси - әлеуметтік шаралардың толығымен іске асуына мүмкіндік
туғызады.
Қазақстан Республикасының 1991 жылдың 25-желтоқсанында қабылданған
Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралың заңы, тәуелсіз
Қазақстанның салық жүйесін құрудың ең алғашқы бастамасы болып табылады. Бұл
еліміздің экономикасын реформалаудағы күрделі істердің бірегейі. Бұл заң
салық жүйесін құрудың басты принциптерін, алым мен салық түрлерін, олардың
бюджетке түсу тәртібін белгіліген тұңғыш тарихи құжат болып есептелінеді.
Қазақстан Республикасының салық жүйесіне сәйкес салықтар мынандай
түрлерге бөлінеді:
• корпорациялық табыс салығы.
• жеке табыс салығы.
• қосылған құн салығы.
• акциздер.
• жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнайы төлемдері.
• әлеуметтік салықтар .
• жер салығы.
• көлік құралдары салықтары.
• мүлік салығы.
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алымдардың түрлері:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.
• Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
• Жылжымайтын мүлікке құқтарды және олармен жасалған мәмілерді
мемлекеттік тіркегені үшін алым.
• Радиоэлектрондық құралдардың және жиілігі жоғарғы құралдарды
мемлекеттік тіркегені үшін алым.
• Механикалық көлік құралдарымен тіркемелерді мемлекеттік
тіркегені үшін алым.
• Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді мемлекеттік тіркегені
үшін алым.
• Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым .
• Дәрі- дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым.
• Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы
жүру алымы.
• Аукциондардан алынатын алым.
• Елтаңбалық алым.
• Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиалық
алым.
• Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік
спектірін пайдалануға рұқсат беру үшін алым.
Қазақстан Республикасының салық жүйесінің төлемдер түрлері.
• Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы.
• Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін
төлемақы.
• Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы.
• Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы.
• Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы.
• Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы.
• Радиожиілік спектірін пайдаланғаны үшін төлемақы.
• Кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы.
• Сыртқы ( көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы.
Мемлекеттік баж.
Мемлекеттік баж.
Кеден төлемдері:
• Кеден бажы.
• Кеден алымдары.
• Төлемақы.
• Алымдар.
Тағы айта кететін бір жайт салық алатын және салыққа иелік ететін
органдардың ерекшеліктеріне қарай салықтар жалпы мемлекеттік салықтар және
жергілікті салық болып бөлінеді.
Жалпы мемлекеттік салықтарға мыналар жатады:
• заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы;
• қосылған құнға салынатын салық;
• акциздер;
• бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық;
• жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемдері.
Жергілікті салықтар мен алымдарға:
• жер салығы;
• заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
• көлік құралдарына салынатын салық;
• кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды және заңды
тұлғаларды тікегені үшін алынатын алым;
• аукционда сатудан алынатын алым;
• әлеуметтік салық;
• қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы;
• су ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін төлемдер;
• жеке табыс салығы;
• басқа да жергілікті бюджетке түсетін салықемес төлемдер;
Аталған жергілікті салықтарға қысқаша тоқталып кетсек.
Жер салығы. Жер құығына ие тұлғаларға салынады. Салық салу объектісі
жер учаскелері болып табылады. Жер учаскесі салық базасы болады, ал базалық
ставкалары осы жерді пайдалану мақсаттарына қарай анықталады. Жер салығының
өлшем бірлігі шарушылықты жүргізудің нәтижесі бойынша емес, ол жердің
құнарлығына, орналасуына және сумен қамтамасыз етілуіне байланысты салық
салады. 1,107-бет
Мүлік салығы. Мүлікке құқығы бар заңды және жеке тұлғалардың мүлікті
кәсіпкерлік мақсатта падалануына және пайдалануына байланысты. Мүлік
салығын жеке тұлғалар кәсіпкерлік мақсатта пайдаланбаған жағдайда мүлік
бағасының 0,5 % - төлейді.
Көлік құралдарына салынатын салық. Қазақстан Республикасында
мемлекеттік тіркеуге жататын және есепте тұрған көлік құралдары салық салу
объектісі болып табылады. Көлік құралдарына салық салу үшін оның
двигательінің көлеміне, жүк көтергіштігіне және т.б. байланысты салынды.
Жеке табыс салығы. Салық төлеушілердің төлем көзінен салық салынатын
табыстарына: қызметкерлердің табысы, біржолғы төлемдерден алынатын табыс,
жинақтаушы зейнетақықорларынан берілетін зейнетақы төлемдері, дивиденттер,
сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыстар, степендиялар, жинақтаушы сақтандыру
шарттары бойынша табысы жатады.
Төлем көзінен салық салынатын зейнетақы төлемдеріне салық төлеушілердің
зейнетақы жинақтарынан жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын, табыс
есептеудің тиісті айына Қазақстан Республикасының заң актісімен белгіленген
айлық есептік көрсеткіш соммасына азайтылғантөлемдер жатады.
Жеке табыс салығына салынаты салық ставкасын келесі кесте түрінде
көрсетеміз.
1- кесте
Салық төлеушінің салық салынатын Ставкасы
табысы
15 еселенген жылдық есептік Салық салынатын табыс соммасынан 5
көрсеткіш үлесін
15 еселенгеннен бастап 40 еселенген 15 еселенген жылдық есептік
жылдық есептік көрсеткішке дейін көрсеткіштен салық соммасы +одан
асатын соммадан 8 үлесін
40 еселенгеннен бастап 200 еселенген40еселенген жылдық есептік
жылдық есептік көрсеткішке дейін көрсеткіштен салық соммасы+одан
асатын соммадан 13 үлесін
200 еселенгеннен бастап 600 200 еселенген жылдық есептік
еселенген жылдық есептік көрсеткішкекөрсеткіштен салық соммасы + одан
дейін асатын соммадан 15 үлесін
600 еселенген жылдық есептік 600 еселенген жылдық есептік
көрсеткіштен бастап және одан жоғарыкөрсеткіштен салық соммасы + одан
асатын соммадан 20 үлесін

Жылдық есептік көрсеткішті бір айлық көресткішті 12 айға көбейтеміз.
Жылдық есептік көрсеткіш =12 *971 тг= 11652
Қосылған құн салығы. Қосылған құн салығы тауарларды (жұмыстарды, қызмет
көрсетулерді)өндіру және олардың айналу үрдісінде қосылған, оларды өткізу
бойынша салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті қосылған
құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін есептелген
қосылған құн салығының соммасы мен алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет
көрсетулер) үшін төленуге тиісті қосылған құн салығының соммасы арасындағы
айырма ретінде айқындалады. Қосылған құн салығының салық салу объектілері
болып: салық салынатын айналым және салық салынатын импорт қосылған құн
салығын салу объектілері болып табылады.
Есепке алу және талдау басқармасы болжамдардың орындалуына талдау
жасайды және ауытқа динамикасын анықтайды. Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігінің Салық комитетінің белгілеген есеп берулер бойынша жедел және
басқа да есеп беру түрі бойынша жұмыс жасайды. Осы есеп берулерде салық
және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін соммалық және ауытқу
динамикасын көрсетеді. Алматы қаласы бойынша салық және басқа да міндетті
төлемдердің бюджетке түсу жоспарын жүргізеді орындайды. Салық және басқа да
міндетті төлемдердің бюджетке түсу жайлы мәліметтерді Қазынашылық пен
бірігіп салыстырады және алғашқы құжаттарды талдайды. Салық төлеушілердің
мониторингі есеп беру түрі бойынша аудандық Салық комитеттерінен есеп
берулерді жинайды. Салық төлеушілердің хаттарын, өтініштерін және
үндеулерін қарайды және салық заңнамаларын жасауға қатысады.
Есепке алу бөлімі бұл Қазақстан республикасының Қаржы министрлігінің
Салық комитетінің белгілеген нұсқаулары бойынша есеп берулерді ұсынады.
Ұйымдардың дер кезінде салы төлеуін және салық қызметкерлерінің төленген
салық соммаларын салық қоймасына уақытында енгізуіне бақылау жасап отырады.
Ірі салық төлеушілердің мониторингі бөлімі мемлекеттік және аймақтық
деңгейде ірі салық төлеушілерге электрондық мониторинг жүргізеді және
ұйымдастырады. Қара және түсті металл саласындағы ірі кәсіпорындар жайлы
мәліметтерді жинайды, жиналған мәліметтерді Қазақстан Республикасының Қаржы
Министрлігінің Салық Комитеті тапсырады. Бұл бөлім ірі салық төлеушілерден
түскен мәліметтерді кешенді түрде қарастырып, есеп берулермен салыстырып
қосымша резервтік салық қоймасын жасау мақсатымен кәсіпорындардың жағдайын
анықтайды. Кәсіпорындаға мониторинг жүргізуді және ұйымдастыру үрдісін
ақпаратпен қамтамасыз етумен айналысады.
Ал енді болжау және талдау бөліміне келіп тоқталсақ.
Болжау және талдау бөлімінің негізгі міндеттері мен қызметтері:
• Қазақстан республикасының Қаржы министрлігінен келген болжамдық
көрсеткіштердің орындалуына талдау жасау және салық және басқа да
міндетті төлемдердің бюджетке түсуінің динамикасының көлемі мен
соммасы бойынша көрсету, Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігінің Салық комитетінің жүргізілген мемлекеттік бюджетке
және Алматы қалалық Маслихаттың жергілікті бюджетіне кіріске алу
жөніндегі қолы.
• Салық және басқа да міндетті төлемдерді қарастыратын заңнамалар
мен заң актілерінің тиімділігін анықтау және салықтық әкімшілік
тіркеулердің жүзеге асуына ұсыныстар енгізу.
• Салық және басқа да міндетті төлемдерді қарастыратын заңнамалар
мен заң актілерінің орындалуына бақылау жасау
• Салық және басқа да міндетті төлемдер жайлы болжамдардың
орындалмау себебін анықтау.
• Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін
қамтамасыз ететін кешенді шараларды жасау және қатысу.
• Салық төлеушілердің есеп беру және дербес шоттарына камералық
тексеру жүргізу.
• Салық және басқа да міндетті төлемдері бойынша бюджетке
түсуін, салық декларацияларын есепке алу, өңдеу, есептеу, дербес
шоттарын тексеру жайлы жұмыстың толық және уақытылы жүргізуді
қамтамасыз ету мақсатымен аудандық Салық комитетімен бірігіп
жұмыс жасау.
• Аудандық салық комитетіне методикалық және іс-тәжірибелік көмек
көрсету.

2.2. Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты мен тағайындалуы

Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты Қазақстан Республикасының Қаржы
Министрлігінің Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің жұмыс істеу жүйесін
автоматтандыру. Ақпараттық жүйені құрудағы мақсатым қазіргі кезде
индустриялды экономикадан ақпараттық экономикаға көшу үрдісі жүріп жатыр,
біздің еліміз пайдалы қазбаларға бай ел болғандықтан тауарлы-ақшалай
қатынастар едәуір дамып қалды. Осы қатынастар жүзеге асқан кезде, яғни
Қазақстан Республикасының территориясында шаруашылық әрекет еткен заңды
немесе жеке тұлғалар мемплекеттік бюджетке салық төлеуге тиіс. Бұл сала
соңғы озық технологияларды падаланса бұл жүйе жұмысының өнімділігі және
қауіпсіздігі артады, яғни бұл жүйені автоматтандыру қажет. Бұл жүйені
автоматтандыруда элементтерін, талаптарын, құжат түрлерін, объектілерін,
субъектілерін, салық ставкаларын, заңдарын және т.б. сияқты жайттарды
ескеруіміз қажет. Бұл жүйені автоматтандыруда бізге бірнеше талаптарды
орындау қажет.
Бұл талаптар мыналар:
• Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар
• Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар.
• Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар
• Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар.
• Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар.

2.3. Ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптар

Ақпараттық ресурстарды жиынтық мәліметтер деп атайды, белгілі бір
мекеме үшін құндылықты көрсететін және материалдық ресурстар ретінде
көрсетіледі. Оларға негізгі және көмекші мәліметтер массиві жатады, сыртқы
зердесінде кіріс құжаттары жатады.

Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар.

Ақпараттың қолдануысыз басқару процесі мүмкін болмағандықтан,
ақпараттық жүйеде ақпаратпен жабдықтауды ұйымдастыру өте маңызды.
Ақпараттық жабдықтау (АЖ) – бұл ақпараттық жүйеде қолданатын
экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері
мен құжаттардың және ақпарат массивтерінің үйлестірілген жүйелерінің
бірігуі болып табылады. Ақпараттық жабдықтаудың негізгі бағыты сақталуынан,
ақпараттың жинақталуынан, ақпараттық базаға өзгеріс енгізуден басқару
шешімдерін қабылдау үшін кіріс ақпараттарының берілуінен тұрады.
Ақпараттық жүйені ақпараттық жабдықтау өзіне жүйеде қолданатын
экономикалық ақпараттар және құжаттар сыныптама-ларын, нормативті –
анықтамалы ақпараттарды (НАА) қосады.
Ақпараттық база (АБ) – бұл ақпараттық жүйенің функционерлену кезінде
қолданылатын бір қалыпқа келтірілген ақпараттар жиынтығы. Машинадан тыс
ақпараттық база – ақпараттық жүйені жұмыс істеуде қолданатын құжаттар мен
белгілердің бірігуін бейнелеп, есептеу техникасынсыз адамға түсінікті
болатын ақпарат базасының бөлігі. Машинадан тыс ақпараттық базасына жіктеу
мен шартты белгілеу жүйелері, нормативті – анықтамалы құжаттар, жедел
ақпарат жатады. Жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері мәліметтерді бірмәнді
жазып, ақпаратты есептеу желісінің жадында тиімді іздеп және белгілеу үшін
қолданылады. Ал нормативті – анықтамалы құжаттар – шартты-тұрақты ақпарат
қатарына жатады және ұзақ уақыт бойы есеп айырысуда өзгеріссіз қолданылатын
әртүрлі тәртіптегі мөлшерлеу-лерді, мөлшерлерді және басқа да мәліметтерді
құрайды. Жедел ақпарат дегеніміз – ол субъектінің күйін осы уақыт сәтінде
бейнелей-тін, яғни бастапқы, өңделмеген ақпарат. Жедел ақпаратқа әдетте
бухгалтерлік және жедел есеп мәліметтері жатады.
Машина ішіндегі ақпарат базасы – бұл ақпараттық жүйені жұмыс істеуде
қолданылатын, машиналық тасығыштардағы мәліметтер массивінің бірігуін
бейнелейтін ақпарат қорының бөлігі. Мұндағы машиналық тасығыш – дербес
электронды есептеуіш машинаға (ДЭЕМ) ақпаратты автоматты түрде ендіруде
пайдаланылатын материалдық объект.
Ақпараттық жабдықтау
2-кесте
Элементтер Сипаттамалар
Ақпараттық технология Мәліметтер базасында негізделген
Мәліметтер базасы типі Реляциондық
Кодтау жүйесі Фасеттік жүйе
Ақпараттық қорғау АЖ-мен жұмыс істеу кезінде парольдер
жүйесі қолданылады.

Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар

Автоматтандырылған ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеудің негізгі
шарты ұйымдастырумен жабдықтау. Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз –
ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер
мен жабдықтардың жиынтығы. Ол ақпараттық жүйені тұрғызу мен қолдануға
қатысты ең көлемді мәселелерді қарастырып және элементтердің құрамын,
байланысын, өзара әрекетін, ұйымдастыру құрылымын анықтайды, сондай-ақ жүйе
қызметін реттейтін құқықтық актілерді қамтиды.
Ақпараттық жүйені тұрғызу – ақпарат кезеңдерін зерттеуді, жобалау
шешімдері мен жобалау құжаттарын өңдейді, жүйе элементтерінің әрекеттеріне
ену ретін анықтауды қарастыратын күрделі де жұмысы көп кезең.
Ұйымдастырумен жабдықтау ақпараттық жүйенің тиімді жұмыс істеу үшін өте
қажет. Бұл дегеніміз, нақты объектіні басқарудағы экономикалық негізге
сүйенген шешімдердің сапасын және жеделдігін арттыру үшін экономикалы –
математикалық әдістер мен үлгілерді, қазіргі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салық инспекциясының ақпараттық жүйесі
Салық инспекциясында заңды тұлғада салық төлемдерін қабылдау ақпараттық жүйесі
Салық комитетінің төлемдерін бақылау ақпараттық жүйесі
Салық комитетінің төлемдерін бақылаудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру және автоматтандыру
Салық комитетінің ақпараттық жүйесін тұрғызу
Жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алудың ақпараттық жүйесі
Қазақстан Республикасының салық жүйесінің төлемдер түрлері
Салық есебінің мәні
Заңды тұлғалардың көліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Пәндер