Жаңа бағана енгізу



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кестелерді құру және өңдеу 2
Кестелерді жасау 2
Тор сызықтарын бейнелеу және жасыру 3
Кестелерді алдын ала даярлау 3
Ұяларды таңдап алу 4
Кестедегі мәліметтерді жылжыту және олардың көшірмесін алу 5
Бағаналар енін өзгерту 6
Кесте қатарларымен жұмыс жасау 6
Кестелер тақырыбын құру. 9
Ұяшықтарды біріктіру және бөлу 9
Ұяшықтарды бөлу 9
Кестелерді форматтау 10
Кесте-Автоформат командасының қолданылуы 10
Кесте жақтаулары форматтарын таңдау 11
Қатарлар мен бағаналарды нөмірлеу 12
Кестелерді бірнеше бөліктерге бөлу 12
Қорытынды 14
Қолданылған әдебиеттер: 15

Кестелерді құру және өңдеу

Мәтін редакторлармен жұмыс істеу барысында реттелген информацияны жиі
пайдаланамыз.
Осындай реттелген, ықшам информацияны сақтаудың ең бір қолайлы тәсілі
кестелер (таблица) болып табылады. 1-суретте кестелерді қолданудың мысалы
ретінде телефондық мекен-жай кітабынан үзінді келтірілген. Сонда
көрсетілгендей кестелер әртүрлі тізімдер мен қаржы ақпараттарын көрсетуде
және басқа да осындай есептердің
көптеген түрлерінде жиі қолданылады. Кестелер, оның ішіндегі мәліметтерді
жақсы қабылдау үшін, графиктік иллюстрациялардан да тұруы мүмкін. Word
редакторы жұмыс кезінде көптеген практикалық есептердің орындалуын
жеңілдететін, әртүрлі амалдар жиынын орындай алатын кестелерді ыңғайлы
пайдалану жолдарын ұсынады. Кестелермен жұмыс істеуге арналған командалар
кестені жасау мен оны өңдеуді жеңілдетуге, сондай-ақ ондағы сақталынған
мәліметтерді реттеу мен форматтауға мүмкіндік береді.

1-сурет. Телефондық мекен-жай кітабы

Кестелерді жасау

Кесте құжаттық мәтіннің кез келген жеріне қойыла береді. Кесте көлемі
қағаз парағынан үлкен болуы да мүмкін, сондықтан ол бір немесе бірнеше
беттерде орналаса алады. Мұндай жағдайда сіздер кесте тақырыптарын әрбір
беттің жоғарғы жағына автоматты түрде орналастыра аласыздар.
Кестені алғаш рет құру үшін Кесте-Кестені енгізу (Таблица-Вставить таблицу)
командасын немесе стандартты саймандар панелінің Кестені енгізу батырмасын
пайдалану қажет. Кесте құрылған соң, алдын ала жасалып қойған олардың
стандартты
ықшам форматтары жиынынан өзіңізге қажетті форматты таңдап алуға болады, ол
үшін Кесте-Кестені автоформаттау командасын орындаған жөн. Бұл тәсіл
кестелерді форматтау процесін анағұрлым жеңілдетеді.
Кесте құрудың ең бір қарапайым жолы – Кестені енгізу батырмасын қолдану.
Мұнда бағаналар ені мәтін қатарының толық ені мен бағаналар саны негізінде
автоматты түрде бірден анықталады. Қажет болса, әрбір бағаналар енін мұнан
кейін де өзгерте аласыз.
Сонымен, алғаш рет кесте құру үшін мынадай әрекеттер орындалады:
- құрылатын кестенің сол жақ жоғарғы шетіне (бастапқы нүктесі) курсорды
алып бару;
- тышқан тетігімен саймандар панеліндегі Кестені енгізу батырмасын басып,
экранға шыққан кішкене кесте көрінісіндегі керекті торлар ұяларын тышқанмен
белгілей отырып, оның батырмасын жібермей ұстап тұру керек. Осы кесте
көрінісінің көлденеңіне бағаналар саны, төменгі тік бөлігіне қатарлар саны
бейнелене бастайды (мысалы, 2-суреттегідей 3х5 өлшемді кесте қажет болсын);
- тышқан курсорын кестенің қажетті мөлшеріне дәл келетін оң жақ төменгі
торына жылжытып апарыңыз. Егер курсорды оңға немесе төменге жылжытатын
болсаңыз, онда торлар саны да (сызықтар арқылы) соған байланысты өсіп
отырады;
- керекті торлар санын бейнелеп алып, тышқан батырмасын жіберіңіз мәтіннің
курсормен көрсетілген жерінде қажетті өлшемдегі кесте пайда болады.
Кестені енгізу батырмасының көмегімен кестені құру барысында бағаналар
ені қатар ені мен бағаналар саны негізінде автоматты түрде анықталады. Ал
егер кесте құру процесінде бағаналар енін өзіңіз санмен анықтағыңыз келсе,
онда Кесте-Кестені енгізу командасын пайдаланғаныңыз жөн. Бұл команданың
орындалуы нәтижесінде 3-суретте көрсетілгендей "Кестені енгізу" деген
сұхбат терезесі ашылады, онда сіздер кестенің қажетті параметрлерін қолмен
енгізе аласыздар.

2-сурет. Кестені енгізу батырмасы кесте өлшемдерін қарапайым түрде белгілеп
көрсетуге мүмкіндік береді

3-сурет. "Кестені енгізу" сұхбаттасу терезесі

Тор сызықтарын бейнелеу және жасыру

Тор сызықтары кесте ұяларының мөлшерін белгілеп көрсету үшін қолданылады.
Кесте-Тор (Таблица-Сетка) командасы тор сызықтарын бейнелеп көрсетуге
немесе жасыруға мүмкіндік береді. Бұл команда ауыстырғыштар тобына жатады,
яғни оны бірінші рет орындау нәтижесінде экраннан тор сызықтары алынып
тасталса, команданы қайтадан орындау – тор сызықтарын қайтадан экран бетіне
шығарады (4-сурет).

4-сурет. Тор сызықтары көрсетілген кесте

Кестелерді алдын ала даярлау

Жұмыс кезінде жиі-жиі мәліметтер орналасқан кестенің параметрлерін
өзгерту қажеттігі туады. Word редакторында кестелерді өңдеудің көптеген
мүмкіндіктері – ұялардағы мәліметтердің орнын ауыстыру және көшірмелерін
алу, торлардың биіктігі
мен енін өзгерту т.б. бар. Келесі тарауларда кестелерді өңдеуге арналған
мүмкіндіктермен таныс боласыздар.

Ұяларды таңдап алу

Өңдеу командасын орындамастан бұрын мұнан былай әрекеттер орындалатын
қатарларды, бағаналарды немесе ұяшықтарды алдынала белгілеп таңдап алу
қажет. Word бір немесе бірнеше қатарлар мен бағаналарды толығымен таңдауға
мүмкіндік береді. Таңдап алынған ұяларды бейнелеп көрсету үшін ақ-қара
түсті қарама-қарсы көріністер (инверсиялы) қолданылады (5-сурет).
Кесте элементтерін таңдаудың ең жеңіл қарапайым түрі тышқан көмегімен
іске асады. Егер де сіз тышқанның көмегімен кестенің бір ұяшығын таңдап
алғыңыз келсе, онда тышқан курсорын қажетті ұяның сол жақ шетіне (сызығына)
жақын орналастырыңыз, тышқан курсоры солдан оңға қарай бағытталған тілсызық
түріне ауысқанда тышқан батырмасын басыңыз. Ал егер тышқанды екі рет сырт
еткізсеңіз, кестенің курсор тұрған қатары толық белгіленп шығады.

5-сурет. Таңдап алынған ұяшықтарды бейнелеп көрсету үшін ақ-қара бейне-
көрініс қолданылады

Тышқанның көмегімен кестенің фрагментін таңдау барысында тышқан курсоры
кестеден тыс жерде де орналаса алады. Бұл жағдайда белгіленген фрагмент
көлемі тышқан курсорының орналасуына байланысты болады. Төменде тышқанның
көмегімен
кесте ішіндегі фрагменттерді таңдаудың әртүрлі варианттары келтірілген:
Символдар – тышқан курсорын бірінші символ алдына апарып орналасып, оның
сол жақ батырмасын басып сол басулы күйінде жібермей ұстап тұрып, курсорды
соңғы символға қарай жылжытыңыз;
Ұяшықтар – тышқан курсорын қажетті ұяшықтың сол жақ шетіне жақындатып,
курсор тілсызыққа айналғанда тышқан батырмасын басыңыз;
Ұяшықтар тобы – бірінші ұяшықты немесе ұяшықтың ішіндегісін белгілеп
алыңыз да,
тышқанды жібермей ұстап тұрып, курсорды соңғы ұяшыққа жылжыта отырып
орналастырыңыз;
Қатар – бір ұяшықты таңдау әрекетін орындаңыз, бірақ тышқан батырмасын
бір рет емес, екі рет басыңыз. Екінші тәсіл: тышқан курсорын қатардың сол
жағындағы бос кеңістікке жеткізіп, курсор қиғаш тілсызыққа (д) айналғанда
батырманы басыңыз (кестеден тыс жерде); бірнеше қатарды бірге белгілеу үшін
– бір қатарды белгілеп алып, тышқан батырмасын жібермей, оның курсорын
қажетті қатарлар санына төмен немесе жоғары жылжытыңыз;
Бағана – таңдап алынғалы тұрған қатардың жоғарғы бос кеңістігіне тышқанды
апарып, курсор төмен қараған тілсызыққа (в) айналғанда оның батырмасын
басыңыз (кестеден тыс жерде); бірнеше бағаналарды бірден белгілеп алу үшін
– тышқан батырмасын басулы күйінде жібермей ұстап тұрып, курсорды қажетті
бағаналар санына оңға не солға жылжытыңыз;
Кесте – барлық қатарлар мен бағаналарды түгел белгілеп алыңыз, әйтпесе
бірінші қатарды толық белгілеп алған соң, Shіft пернесін басып тұрып, соңғы
қатарды белгілеңіз.
Қатарларды, бағаналарды және толығымен кестені белгілеу үшін Кесте
менюіндегі Қатарды белгілеу, Бағананы белгілеу немесе Кестені белгілеу
командаларының да қолданылуы мүмкін.

Кестедегі мәліметтерді жылжыту және олардың көшірмесін алу

Кестені құрып, оны мәліметтермен толтырған соң, кестедегі мәліметтердің
орналасуын өзгерту де жиі қажет болып жатады. Word редакторында кесте
торларындағы мәліметтерді басқа орынға жылжыту және олардың көшірмесін алу
істерінің көптеген мүмкіндіктері бар.
Бір немесе бірнеше торлар мәліметтерін басқа орынға жылжыту немесе
олардың көшірмесін алу үшін келесі әрекеттер орындалады:
– мәліметтері жылжытылатын не көшірмесі алынатын қатарлар мен бағаналарды
алдымен белгілеп алу керек;
– тышқан курсорын белгіленген торлар маңында оның түрі оңнан солға қарай
бағытталған тілсызық түріне келгенше жылжытып қозғау қажет;
– келесі орындалатын әрекет белгілеп алынған элементтерді жылжытамыз ба
немесе көшірмесін аламыз ба, соған байланысты болады. Белгіленген
элементтерді жылжыту үшін бірден тышқанның сол жақ батырмасы басылады. Ал
олардың көшірмесін алу қажет болса, онда алдымен Ctrl пернесін басып тұрып,
сонан әрекеттерге байланысты экранның төменгі жағындағы қалып қатарына
соған сәйкес мәлімет (қайда жылжытылады немесе көшіріледі деген)
шығарылатын болады;
– тышқан курсорын жылжыта отырып оны мәліметтер тасымалданып жеткізілетін
орынның сол жағына таман немесе жоғарырақ бөлігіне орналастыру керек;
– тышқан батырмасын қоя беру қажет.

6-сурет. "Ұяшықтардың биіктігі мен ені" сұхбаттасу терезесінің "Бағана"
парағы

Кестенің торларындағы, қатарларындағы және бағаналарындағы мәліметтерді
жылжыту және олардың көшірмесін алу кезінде алмастыру буферін де пайдалана
аламыз. Ол үшін Түзету (Правка) менюіндегі Қиып алу (Вырезать – Shіft+Del),
Көшірме алу (Копировать – Ctrl+Іns) және Енгізу (Вставить – Shіft+Іns)
командаларын орындап немесе стандартты басқару панеліндегі соларға сәйкес
батырмаларды сырт еткізу қажет.

Бағаналар енін өзгерту

Егер кестені құру барысында оның бағаналар енінің сандық мәндерін нақты
көрсетпесеңіз, онда бағаналар ені қатарға байланысты бірдей бөліктерге
бөлініп шыға келеді. Кестенің шеттері текстегі қатар шекараларымен бірдей
болады. Кестемен жұмыс істеу барысында бағананың немесе жеке тордың енін
өзгерту қажет болуы мүмкін. Ол үшін тордың немесе бағананың оң жақ
шекарасын курсормен жылжыта аламыз, әйтпесе көлденең белдеу сызығындағы
бағаналар маркерінің орнын ауыстырамыз немесе "Кесте-Ұяшықтар биіктігі мен
ені" (Таблица-Высота и ширина ячеек) командасын қолданса да болады.
Тышқан көмегімен бағана енін өзгерту үшін тышқан курсорын бағанаың оң жақ
шекарасына жеткіземіз. Соның нәтижесінде курсор оңға және солға қарай
бағытталған тілсызық түріне айналып, бағана енін өзгерту мүмкіндігіне ие
боламыз. Енді тышқан батырмасын басып, қажетті бағана енін алғанша маркерді
жылжыту қажет, тек сонан кейін ғана тышқан батырмасын босатамыз. Егер
жылжытпас бұрын сіз толығымен бір бағананы таңдап алсаңыз, онда тек сол
бағана мен шекаралас бағананың ендері өзгереді. Ал егер бірде-бір ұяшықты
тандамайтын болсаңыз, онда сол курсор (маркер) тұрған бағана ені ғана
өзгертілетін болады.
Алайда, егер де сіз алдымен бір немесе бірнеше ұяшықтарды (бірақ барлық
бағананы емес) таңдап алатын болсаңыз, онда тек таңдап алынған ұяшықтар ені
өзгеретін болады. Кесте менюіндегі "Ұяшықтың биіктігі мен ені" командасы
сіздерге бір команданың көлемінде бірден бірнеше бағаналардың енін бірдей
етіп орнатуға, сондай-ақ белгілі-бір мәнге тең бағаналардың әрқайсысының
ендерін бөлек-бөлек анықтауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа бұл команданың
көмегімен бағаналары мен ені (Таблица-Высота и ширина ячеек и столбцов)
командасы орындалып, экран бетіне сұхбаттасу терезесі шығып, оған қажетті
параметрлер тағайындалады.

Кесте қатарларымен жұмыс жасау

Жаңадан құрылған кестеде барлық қатарлардың биіктігі бірдей болады.
Мәтінді енгізу барысында қатар биіктігі енгізілген жолдар санымен өзгеріп
отырады. Қатарлар биіктігін өзгерту үшін сіздер тік белдеу сызығын немесе
"Ұяшықтардың биіктігі мен ені" сұхбат терезесін қолдануларыңызға болады.
Егер тез арада тек бір қатарды дұрыстау қажет болған жағдайда ғана, тік
белдеу сызығын қолданған абзал. Бірнеше қатарларды бірдей етіп дұрыстау
үшін "Ұяшықтардың биіктігі мен ені" сұхбат терезесін қолданған жөн. Осы
терезенің тағы бір артықшылығы – қатарлар биіктігінің нақты сандық мәндерін
де енгізуге болады, ол белдеу сызығының көмегімен іске аспайды.
Бірнеше қатарлардың биіктігін бірдей етіп өзгерту үшін келесі әрекеттер
орындалады:
– биіктігін өзгертілетін қатарларды белгіленеді;
– Кесте-Ұяшықтардың биіктігі мен ені командасын орындап, "Ұяшықтардың
биіктігі мен ені" сұхбат терезесінің "Қатар" парағына көшкенде, сұхбат
терезесі 18.6-суретте көрсетілген түрге енеді. Қатар биіктігі (Высота
строки) опциясы келесі мәндерді анықтауға мүмкіндік береді:
-Авто – ең биік ұяшық бойынша қатарлар биіктігін анықтайды;
-Минимум – қатардың ең кіші (минималды) биіктігін береді. Егер ұя ішіндегі
мәлімет биіктігі минималды биіктіктен асып кетсе, онда сол мәліметтің
сиюына мүмкіндік беретін биіктік орнатылады;
-Дәлме-дәл (Точно) – ұяшықтың анықталып қойылған биіктігін береді. Егер
ұяшықтың ішіндегі мәлімет биіктігі анықталып қойылған биіктіктен асып
кетсе, онда оның тек көрсетілген көлемдегідей бөлігі ғана бейнеленеді.
Осы опциялардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Access - тің диалогты терезелерімен танысу
MS Excel программасы жөніндегі жалпы мағлұматтар
Кестелерді даярлау және түзету
Excel программасы
Excel бағдарламасы
Мәтіндік редакторде кесте құру
Ұяларға мәліметтер енгізу
Құжат ашу терезесінің басқару тақтасы
MS Word туралы жалпы мағлұмат
Сандарды енгізу
Пәндер