Файлдарды басқа форматта сақтау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
6ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

Қазақ ұлттық техникалық университеті

Техникалық кибернетика кафедрасы

Отчет Мултимедиамен жұмыс істеу
Adobe Photoshop ортасында жұмыс істеу
Қазақ ұлттық техникалық университеті

Кәсіпорын Университет
оқытушысы
оқытушысы Аға оқытушы

Аға оқытушысы Ыдырыс Ж.

‘7’ сәуір 2006ж
‘__’ сәуір 2006ж Студент
Ерсалиев Е.З.
Мамандығы
050704

Тобы КСУ-04-1қ

Алматы 2006
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 Файлдармен
жұмыс ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .4

1.1 Программаның интерфейсі (бет-
әлбеті) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1.2 Файлдарды
ашу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..5

1.3 Файлдарды
сақтау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...6
1.4 Жұмыс терезесін
құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...9
2 Аудандарды
белгілеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...10
2.1 Тік бұрышпен бөліп
алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
11
2.2 Лассо
құралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..12
2.3 Сиқырлы
таяқша ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .13
2.4 Түрлі-түсті қатар
командасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 3
2.5 Белгіленген аймақтың өлшемін
өзгерту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
3 Сурет салу
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..16
3.1 Сурет салу құралдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
3.2
Өшіргіш ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .19
3.3
Қылқалам ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...20
3.4
Құю ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 22
3.5 Градиент
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...23
3.6 Пипетка
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 24
3.7 Түс таңдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 24
4 Суретті
редакциялау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..24
4.1 Суреттің көшірмесін
жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .25
4.2 Сызғыш
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...25
4.3 Белгіленген аймақты көшіру
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
4.4 Мәтін енгізу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .26
5 Басып
шығару ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 27
Мысал ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...32
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..33
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..3 4

Кіріспе
Графиктік редакторлар ол – графиктік бейнелерді – сурет, фотосурет,
сызба, диаграммалар, графиктар және т.б., алу, құру және өзгерту компьютер
құралы. Солардың бірі Adobe PhotoShop редакторы.
Photoshop графиктік редакторы дүние жүзіндегі графиктік бейнелерді
өңдеу программалары арасында лидерлердің бірі болып табылады. Бұл программа
көптеген басқа графиктік форматтағы файлдарды ашуға және басқа форматта
сақтауға мүмкіндік береді.
Бұл редакторда сурет салу және редакциялау үшін көптеген құралдар бар,
оған қоса әр қабатында бейнелеп, қабаттарды бірінің үстіне бірін қоюға
болатын бірнеше қабатты бейнелер жасауға болады. Салынған суретті Windows-
тың басқа бөлімдеріне орын ауыстыруға және көшіруге мүмкіндік бар, мысалы,
Word мәтіндік редакторына немесе керісінше.
Adobe PhotoShop қазіргі заманда әртүрлі салаларда қолданылуда. Газет,
журнал, жарнамалық сұлба, Web-дизайн және т.б. көптеген саларда PhotoShop-
тың ролі үлкен.
Біз осы графиктік редактордың құралдарына және олармен қалай жұмыс
істеу керектігіне тоқталып өтеміз.

1 Файлдармен жұмыс
Редактор көптеген форматтағы бейнелерді ашуға және сақтауға мүмкін- дік
береді, ал оның өзінің ішкі форматы (PDF) сақтауға ең ықшам форматтың бірі
болып табылады.

1-сурет. Программаның интерфейсі.

1.1 Программаның интерфейсі

Редактор Windows-тың бас менюі ПУСК (іске қосу) түймешесін басу арқылы,
оның ішінде Программы бөлімінен Adobe тобынан, Photoshop топ- шасы Adobe
Photoshop командасымен жүзеге асырылады. Программаны жа- бу үшін Файл бас
менюіндегі Шығу (Выход) командасы қызмет етеді неме- се оң жоғарғы
бұрыштағы айқасты басуға болады. Программаны іске қосыл- ғаннан кейін
экранда оның терезесі пайда болады. Бұл терезе Бас меню (экран төбесінде),
Құралдар тақтасы (сол жақта) және төрт Басқару тақта- сынан (оң жақта)
тұрады. Оның әрқайсысында екі немесе үш тақтасы болады.
Тақталарды экранға шығару немесе алып тастау Терезе (Окно) бас менюі- нде
жүзеге асырылады. Терезе арқылы басқа 12 тақтаны басқаруға болады. Тақтаның
қосымша бөлімшелеріне өту үшін оның атының үстіне тышқанның сол жақ
түймешесін басады. Осы жолмен экранның сол жағында түрлі сурет салу
құралдары таңдалады.
Программа терезесінің сол жақ төменгі бұрышында кішкене терезеде
экрандағы бейненің масштабы, ал оның қасында файлдың өлшемі көрсетіледі

1.2 Файлдарды ашу

Adobe Photoshop программасы көптеген графиктік форматтарды қолдай
алады. Ол форматтар информацияны ұсыну әдісі, компрестеу әдісінің әр түр-
лілігі мен ерекшеленеді.
Редактор мына форматтағы файлдарды ашуға мүмкіндік береді: bmp; rle;
dcs; Photoshop eps; eps tiff; eps pict; flm; fpx; gif; iff; pcd; jpg; jpe;
pcx; pdf; pdd; pct; pic; pxr; png; raw; sct; tga; vda; icb; vst; tif.
Файлды ашу үшін программаның бас менюі Файл-да Ашу (Открыть) немесе
Қалай ашу керек (Открыть как) командасын тышқанмен түрту ке- рек. Экранда
ашу терезесі пайда болады. Онда файл түрін белгілеу керек. Содан соң Ашу
(Открыть) түймешесін басамыз. Көптеген басқа форматтағы файлдар редактордың
ішкі форматына өтеді (pdf).

2-сурет. Файлды ашу.
Ашу (Открыть) командасы арқылы файлды pdf форматына өткізу жүзеге
аспаса, оны Қалай ашу керек командасы арқылы істеу керек. Көп жағдайда
жоғарыда келтірілген форматтарды ашуға болады.
Экранда тұрған ағымдағы, активті терезені (қазіргі уақытта) жабу үшін
бас меню Файл-дегі Жабу (Закрыть) командасы қолданылады. Редактор про-
граммасында, басқа прогрммалардағы сияқты, әрқайсысы бөлек терезеде
болатын, бірнеше файл ашуға болады. Ашық терезелерден бірінен біріне өту
үшін бас менюдің Терезе пунктінен орындалады. Сол терезелерді жабу үшін сол
менюдегі Барлығын жабу (Закрыть все) командасы қызмет етеді.

1.3 Файлдарды сақтау

Adobe Photoshop редакторында файлдарды сақтаудың бірнеше тәсілі бар:
• Бас меню Файл-дағы Сақтау (Сохранить) командасы ағымдағы ішкі pdf
форматында сақтауға мүмкіндік береді
• Қалай сақтау керек (Сохранить как) командасы файлды басқа формат та,
басқа атпен, қатты дискінің басқа жерінде сақтауға мүмкіндік береді
Бұл жағдайда бастапқы файл өзгермейді. Әдетте, сізге жоғары да көр-
сетілген барлық форматта файл сақтауыңызға мүмкіндік береді
• Көшірмесін сақтау (Сохранить копию) командасы файлдың көшірме- сін
белгілі бір модификациялармен сақтауға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда
бастапқы файл өзгермейді және сізге жоғарыда көрсетілген барлық
форматта файл сақтауыңызға мүмкіндік беріледі
Файлды ішкі немесе графиктік форматтардың бірінде сақтау үшін бас менюі
Файл-да Сақтау немесе Қалай сақтау керек командасы тышқанмен түртіле ді.
Экранда Windows-тың стандартты сақтау терезесінде керекті форматты (файл
түрін) таңдап, файлға ат беріп, папканы бөліп, Сохранить түймешесін
басасыз.
Файлдың көшірмесін сақтау үшін Файл бас менюін ашып Көшірмесін сақтау
командасын таңдаймыз. Экранда ашылған Көшірме (Копия) терезесі- нде керекті
формат таңдап, оған ат бересіз.

3-сурет. Файлды сақтау.
Егер бірнеше бейне қабаттарын, егер ондай бар болса, бір бірімен қосу
керек болса Жабыстыру (Склеить) пунктінде жалауша орнату керек, Alpha
каналдарды алып тастау үшін Alpha-ны алып тастау (Убрать Alpha) пунктін
белгілеңіз, ал қосымша информацияның барлығын алып тастау үшін Қосымша
берілгендерді алып тастау (Убрать дополнительные данные) пунктін
белгілейміз. Істелінген орнатулардан кейін тышқанмен Сақтау түй- мешесін
басасыз.

1.3.1 Сақтау өлшемдері

Файлдарды сақтау үшін орнату сұхбаты кейбір сақтау өлшемдерін беру- ге
мүмкіндік береді. Сақау параматрлерін беру үшін мына жұмысты істеу керек:
1. Файл бас менюін ашыңыз, Таңдаулар командасын таңдаңыз да қосымша
менюдегі Файлдарды сақтау пунктін тышқанмен түртіңіз. Экранда жаңа
терезе пайда болады.
2. Суретті сақтау үшін бейнені алдын ала қарау Бейнені қарау алаңында
келесі нұсқалардың бірін таңдаңыз:
• Ешқашан сақтамау – сақтау қарау суретінсіз өтеді.
• Әруақытта сақтау – сақтау әрқашан қараусуретімен өтеді.
• Рұқсат сұрау – файлды сақтар алдын қарау суретін сақтау туралы
қосымша сұрау пайда болады.
3. Сақталынатын файлдың, кеңейтілуінің жазу формасын таңдау үшін Файлдардың
кеңейтілуі алаңында келесі нұсқаның бірін таңдаңыз:
• Үлкен әріптер қолдану – файл кеңейтілуі үлкен әріппен жазыла-
тын болады.
• Кішкентай әріптер қолдану - файл кеңейтілуі кіші әріппен жазы-
латын болады.
Істелінген орнатулардан кейін OK түймешесін тышқанмен түрту керек.

1.3.2 Файлға ақпарат қосу

Adobe PhotoShop автор жайлы ақпарат енгізілген және дайындалған
документті қолдайды. Оның мазмұны әлемдік стандарт бойынша жазылады. Мұндай
ақпаратты енгізу үшін келесі жұмысты орындаңыз:
1. Файл бас менюін ашып Файл Инфо командасын басыңыз.
2. Экранда ашылған терезеде ақпаратты енгізуге керекті секцияны таңдаңыз.
3. Секция арасында көшу үшін Алдынғысы және Келесі түймешелерін қолданыңыз.
4. Сізге керекті ақпаратты енгізуді бітіргеннен кейін OK түймешесін
басыңыз.

1.3.3 Файлдарды басқа форматта сақтау
Файлды eps немесе dcs форматтарында сақтау үшін келесі іс-әрекетті
орындаңыз:
1. Редактордың Файл бас менюін ашып, Қалай сақтау керек команда- сын
басыңыз, Файл түрі алаңында файл форматтарының тізімінен Photoshop EPS,
Photoshop DCS 1.0 немесе Photoshop DCS 2.0 бірін таңдап ОК басыңыз.
2. Жаңа ашылған терезеде суретті сақтау үшін 1-битті формат таңдаған жөн.
Себебі файл аз орын алатын болады. Алайда 8-битті формат таңдаса да
болады, ол бейненің жоғарғы сапалы болғызады.
3. Кодтау алаңында кодтау тәсілін көрсетіңіз:
• ASCII – көп қолданылатын амал, ол файлға DOS операциондық жүйесі алдын
қолданған кодтау түрін ұсынады.
• Binary - әжептеуір тез амал, ол салыстырмалы түрде үлкен емес файл
беретін және бейненіңі түпкі түрін сақтайды.
• JPEG – ең тез амал, ол бейнені (және оның файлын) кейбір берілгендерді
жоғалту арқылы өте қатты сығады.

4. Жартытүс тор өлшемін және т.б. баспа орнатуларды сақтау үшін
Жартытүстерді қосу (Include Halftone Screen) пунктін таңдаңыз.
5. Бейненің ақ түсті аудандарын мөлдір түсті істеу үшін сәйкес жалауша- ны
белгілеңіз.
6. Жоғарыда істелінген іс-әрекетті орындаған соң тышқанмен ОК түйме- шесін
түртіңіз.
Файл сіз көрсеткен орында және сіз берген форматта сақталады.

1.4 Жұмыс терезесін құру
Жаңа жұмыс терезесін құру үшін Файл бас менюінде Жаңа командасын таңдайсыз.
Экранда сұхбат терезесі пайда болады. Ол жаңа жұмыс терезесі- нің
сипаттамасын белгілеуге арналған:
• Аты алаңында құрылып жатқан терезенің аты беріледі, оны кез келген
уақытта ауыстыруға болады.
• Кеңдігі және Биіктігі алаңында өлшем бірліктерін таңдау (әдетте ол
сантиметр, пиксел немесе дюйм) және оны орнату керек.
• Кеңейтілуі алаңында алдын таңдалған өлшем бірлігіне бейненің нүкте санын
көрсету керек. Суреттің сапасы нүкте санына байланысты – нүкте көп болған
сайын сапа да жақсы, бірақ файл көлемі де көбірек болады.
• Режим алаңында түрлітүсті бейне үшін – RGB, ақ-қара бейне үшін Ч Б
таңдаңыз, яғни, бейненің кез келген сұр түсін қолдануға болады. Файл
бейнесінің ең кіші өлшемі Bitmap типін таңдаған кезде іске асырыла- ды.
Ол ақ-қара, жартытүссіз бейне құруға мүмкіндік береді және сұлба және әр
түрлі сызба жасауда қолданылады.

Құрылған терезенің өлшемін немесе кеңейтілуін өзгерту үшін тышқанмен
керекті алаңды түртіңіз, ескі сандарды өшіріп жаңасын жазыңыз.

4-сурет. Жаңа терезенің өлшемін беру.

2 Аудандарды бөліп алу
Photoshop программасында бейненің бір бөлігін редакциялау үшін керекті
редакциялау ауданын алдын ала белгілеп алу керек. Ол экранда қимылдап
тұратын пунктирлі шекарамен бөлініп тұрады. Содан кейін белгіленіп алынған
аймақты көшіруге, орнын ауыстыруға, бояуға және басқа эффекттерді қолдануға
болады.
Photoshop аймақты белгілеудің бірнеше тәсілін ұсынады:
• Тік бұрышты белгілеу, Лассо немесе Сиқырлы таяқша құралдары көмегі арқылы

• Белгілеу бас менюдегі Түрлі түсті қатар командасы арқылы

Одан басқа жоғарғы дәлдікте контурларды бөлу үшін сіз Қауырсын (Перо)
құралын пайдалансаңыз болады. Әр жаңа бөлу кезінде алдыңғы белгілеу
орындалмай ол қайтарылады.
Көп қабатты аймақты беліглеу кезінде сізге керек қабаттың белгіленге-
ніне көз жеткізіңіз. Әр қабаттың өз суреті болуы мүмкін және олар әр түрлі
түсте болуы мүмкін. Олардан басқа қабаттың суреті көрініп тұрады.
Барлық қабаттың суреттерін тұтастай белгілеу үшін:
• Бір тәсілдің бірімен қабатты белгілеңіз (егер ол Қабат бас менюдің Жаңа
командасымен құрылған болса). Мысалы, Палитрада Қабат (Слой) командасында
атын түрту арқылы.
• Белгілеу (Выделить) бас менюіндегі Барлығы (Все) командасын таңдау
арқылы.

Бұл команданы орындалу нәтижесінде белгіленген қабатта барлық пиксел
белгіленетін болады. Белгіленгенді қайтару үшін Белгілеу (Выделить) бас
менюіндегі Алып тастау (Убрать) командасын таңдайсыз.

2.1 Тікбұрышты бөліп алу
Тікбұрышты белгілеу құралы тік бұрышты аймақтарды белгілеуге қызмет
етеді. Ол аймақ тышқан көмегімен көрсетіледі. Белгілену бұрыштан басталады.
Қасиеттері (Опции) тақтасында Стиль арқылы белгілеудің түрін таңдауға
болады.
Бұл құралды қолдану үшін оны құралдар тақтасынан тышқанмен түрту
арқылы таңдау керек. Содан соң мына іс-әрекеттерді орындау керек:
• Тышқанның сол жақ түймешесін басып курсорды керек бағытта жылжыту керек.
• Шаршы тәріздес аймақ алу үшін, оны құрар кезде Shift пернесін басып оны
жібермей тұру керек.
• Белгіленген аймақты тышқанның сол жақ түймешесін басып тұрып жылжытуға
болады.
• Аймақты белгілеп алғаннан кейін, Белгілеу (Выделить) бас менюінің
Белгіленгенді модификациялау (Модифицировать выделенное) ко- мандасы
арқылы аймақтың өлшемін өзгертуге немесе жиектерін түзету ге болады.
• Егер белгілеуден кейін Жылжыту (Сдвиг) құралын қосатын болсақ, онда
аймақты қалаған жерімізге жылжытуымызға болады (әрине, тышқанның сол жақ
түймешесін басып тұрып).
Егер белгіленген аймақтың ішінен аймақ белгілеу керек болса Alt пернесін
басып тұрып жоғарыда айтылған іс-әрекетті орындаңыз.

2.2 Лассо құралы
Лассо құралы бейнелерді кез-келген пішінде бөліп алуға мүмкіндік
береді. Оны шекарасының бойымен жүргізу арқылы орындаймыз. Лассо құ- ралын
қолдану үшін келесі іс-әрекетті орындаңыз:
• Құралдар тақтасында Лассо құралын тышқанмен түртіңіз
• Кез-келген аймақты (тышқанның сол жақ түймешесін басып тұрып) белгілеңіз
• Шекараның тік сызықты сегментін құру үшін, тышқан курсорын сегмент басына
апарыңыз, Alt пернесін басып тұрып тышқанмен әр сегмент соңын белгілеңіз

Егер сіз тышқан түймешесін жіберіп, Alt пернесін баспасаңыз Рhotoshop
программасы белгіленіп жатқан аймақтың басы мен соңын қосады. Лассо және
Тік бұрышты белгілеу құралдары үшін Қасиеттері тақтасында Қауырсын алаңында
мән беруге болады. Ол белгіленген аймақтың шекара- ларын түзетеді. Тік
бұрышты белгілеу құралына бұл мәннің үлкейуі тік бұрышты элипске немесе
шеңберге айналдырады. Лассо құралымен бұл іс белгіленген аймақтың жарты
шеңберге айналуына әкеп соғады.

2.3 Сиқырлы таяқша
Сиқырлы таяқша құралы аймақтарды түстерінің сәйкес келуі бойынша
белгілейді. Ол алдын-ала шекараларын белгілеуді қажет етпейді.
Құралмен жұмыс кезінде программасына көрші пикселдердің түсімен
салыстыру кірісін енгізсеңіз болады. Бұл кіріс Қасиеттері тақтасының Кіріс
алаңында енгізіледі. Кіріс мәні 0 ден 255-ке дейінгі мән қабылдайды.
Сиқырлы таяқша құралын пайдалану үшін келесі іс-әрекетті орындаңыз:
• Құралдар тақтасында Сиқырлы таяқша құралын таңдаңыз
• Барлық көрініп тұрған қабаттардың түсін белгілеу үшін Қасиеттері
тақтасында Барлық қабат өлшемін таңдаңыз
• Егер бұл өлшем өшіп тұрған болса Сиқырлы таяқша құралы тек активті
қабаттың керекті түсін белгілейді
• Тышқанмен бейненің керекті аймағын түртіңіз

Нәтижесінде барлық ұқсас пикселдер белгіленетін болады. Егер білгілеу
барысында Shift пернесін басып тұратын болсақ басқа түсті аймақтарды да
белгілеуге болады.

2.4 Түрлі-түсті қатар командасы
Түрлі-түсті қатар командасы бейнеде немесе белгіленген аймақтағы бе-
рілген түстің пикселдерін белгілеу үшін қолданылады. Керекті түс бөліктерін
белгілеу үшін берілген диапозондағы түсті таңдау немесе белгіленген аймақ-
тағы түстің мысалы ретінде келтіруге болады, әрине алынған аймақты ғана.
Adobe Photoshop программасының басқа белгілеу құралдарынан айырма-
шылығы бұл команданы белгіленген аймаққа қолдануға болады.
Мысалы, көгілдір және жасыл түстер компонентінен тұратын түстер таңдау
үшін сіз алдымен сұхбаттық терезеден Түрлі-түсті қатар Көгілдір вариантын
таңдап, ОК түймешесін басу керек. Содан соң сұхбаттық терезені қайта ашып
Түрлі-түсті қатар Жасыл вариантын таңдау керек. Түрлі-түсті қатар терезесін
Белгілеу бас менюінен Түрлі-түсті қатар командасын таңдау арқылы экранға
шығаруға болады.

2.5 Белгіленген аймақтың өлшемін өзгерту
Adobe Photoshop программасы сізге белгіленген аймақтың өлшемін
өзгертудің бірнеше түрін ұсынады. Сіз аймақтың өлшемін түстерінің ұқсас-
тығы негізінде үлкейту үшін (сиқырлы таяқша) немесе оның өлшемін шекарасын
түзету арқасында өзгерту үшін не аймаққа жаңа бөлік қосу үшін немесе алып
тастау әдістерін қолдана аласыз (Модификациялау командасы).
Одан басқа, сіз Белгілеу бас менюі Қайтадан командасы арқылы белгіленуді
“инвертерлеуіңізге” (ауыстыру) болады. Белгіленген аймаққа жаңа бөлік
(фрагмент) енгізер немесе алып тастар алдын Қасиеттері тақтасында
белгіленген кездегі өлшемдер берілгендігіне көз жеткізіңіз.

2.5.1 Белгіленген аймақтың шекарасын жылжыту
Керек жағдайда, сіз оп-оңай бейнеге тәуелсіз белгіленген аймақтың
шекарасын жылжыта аласыз. Бұл қасиет сізге нақты шекара қойған кезде қажет
болады.
Белгіленген аймақтың тек шекарасын жылжыту үшін мына іс-әрекетті
атқарыңыз:
• Белгілеу құралының бірін таңдап тышқан курсорын белгіленген аймақтың
ішіне орналастырыңыз. Бұл жағдайда курсор түрі өзгеріп мөлдір үшбұрышты
болады.
• Аймақты жылжыту үшін тышқанды басып тұрасыз.

Жылжыту кезінде келесі пернелерді қолдансаңыз болады:
• Егер қадамдап жылжытқыңыз келсе, әр қадам 10 пиксел, Shift пернесін басып
тұрып бағдарлы пернелерді басыңыз.
• Егер 1 пикселді қадамдап жылжытқыңыз келсе бағдарлы пернелер- ді басыңыз.
• Ctrl пернесін басып тұрып жылжытқанда белгіленген аймақ бейне- мен бірге
жылжиды.

2.5.2 Белгіленген аймақты өзгерту
Сізге белгіленген аймаққа қосымша бөліктер немесе бір уақытта бірнеше аймақ
белгілеуіңізге болады. Нәтижесінде барлық пикселдер, бастапқы аймақтың да,
кейінгі аймақтың да белгіленетін болады.
Белгіленген аймаққа жаңа бөлік енгізу үшін:
• Белгілеу құралының бірін таңдап керекті аймақты белгілеңіз
• Кез-келген басқа белгілеу құралын таңдап Shift пернесін басып тұрып
қосымша аймақты белгілеңіз
Сіз кез-келген бөлікті белгіленген аймақтан алып тастауыңызға болады (Alt
пернесін басып тұрып). Белгіленген аймақтың бөліктерін алып тастау нәти-
жесінде алдын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытудың интерактивті технологияларының бағдарламалық қамтамсыздандыруы
Компьютерлік графиканың түрлері: фрактальды, векторлық және растрлық графика
Camtasia Studio бағдарламасында бейнесабақтар жасау
C++ тілінде сызықтық тізіммен жұмыс
Файлдар және броузерлер
Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламалары. Үлкен қолданбалы бағдарламалар
«Информатика» пәнінен практикалық жұмыстар
Электронды оқулықтардың форматтары
АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ
Архивтеу программалары. Файлдарды архивтен шығару
Пәндер