Ұяларға мәліметтер енгізу


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ2

І тарау. 1. Excel бағдарламасын іске қосу3

1. 1. Excel бағдарламасы және оның атқаратын қызметтері3

1. 2. Жұмыс парағымен және кітаппен жұмыс істеу4

1. 2. 1 Кестені, блоктарды, қатарларды және бағаналарды белгілеу5

1. 3. Ұяларға мәліметтер енгізу6

1. 4. Бағана, қатар, блоктармен жұмыс жасау8

IІ тарау. 2. Excel-дің графикалық мүмкіндіктері11

2. 1. Диаграммаларды тұрғызу, өзгерту, түзету11

2. 2. Диаграмманың қосалқы мүмкіндіктері14

ІІІ тарау. 3. Excel-де жұмыс кітабымен жұмыс істеу16

3. 1. Жұмыс кітабын құру, сақтау, ашу, жабу16

3. 2. Жұмыс парақтарымен жұмыс істеу18

3. 3. Жұмыс парағының қосалқы мүмкіндіктері20

Қорытынды28

Қолданылған әдебиеттер:29

КІРІСПЕ

Microsoft Excel - электронды кестесі қолданушының жүмыс жасауына өте тиімді бағдарлама. Ол жай бағдарлама емес, оның - көмегімен көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді шешуге, сонымен қатар мәліметтерді пайдаланып, түрлі диаграммалар құрып, мәліметтер қоймасын жасап, олармен жүмыс істеуге, сандық зерттеу жүмыстарын жүргізуге т. с. с. болады. Сонымен қатар ол - кестелік процессор деп аталады.

- Кестелік процессордың атқаратын қызметі сан-алуан:

- Электронды кестелерді құру мен редакциялау;

- Электронды кестені безендіру және басу;

- Формулалармен біріктірілген көп кестелі құжаттарды құру;

- Диаграммалар құру, графикалық әдістсрмен экономикалық есептерді шешу;

- Электронды кестені дерекхана ретіндс пайдалану, кестені сұрыптау, сұраным бойынша деректерді таңдау;

- Нәтижелік және салыстырмалы кестені құру;

  • Кесте құру кезінде сыртқы дерекханадан алынатын мәліметтерді қолдану;
  • Параметрлерді таңдай отырып, экономикалық есептерді шешу;

- Оптималды есептерді шешу;

І тарау. 1. Excel бағдарламасын іске қосу

1. 1. Excel бағдарламасы және оның атқаратын қызметтері

Іске қосу (Пуск) батырмасын басқан кезде әдеттегідей Программа Microsoft Excel тізбегін орындаймыз.

Енді электрондық кестенің негізгі үғымдарымен танысайық.

Қатар нөмірі - элсктрондық кестенің көлденең орналасқан қатарларының ( жолдарының ) сол жақ шетінде жазылған нөмірі.

Бағана әрпі - электрондық кестенің бағаналарын (тік жолдарын) белгілейді. Әріптер жұмыс аймағының жоғарғы жағында жазылып тұрады.

Бағаналар А-2, содан соң АА-А2, одан кейін ВА-В2 және т. с. с. болып белгіленеді.

Ұя (тор) - электрондық кестенің мәлімет енгізілетін ең кіші элементі. Әрбір ұя немесе тор бағана әрпі мен қатар нөмірінен тұратын адреспен анықталады. Мысалы, ВЗ - В бағанасы мсн 3-қатардың қиылысындағы ұя дегенді білдірсді.

Ұя сілтемесі (көрсеткіші) - жұмыс істеугс тиіс екпінді күйдегі үстіміздегі немесе ағымдағы ұяны көрсетіп түрған тіктөртбұрышты теңбілтор таңба. Теңбілтор пернелер көмегімен немесе тышқан арқылы кесте бетімен ұядан ұяға көшіріліп отырады.

Ағымдағы ұя (немесе екпінді ұя) - теңбілтормен белгіленіп тұрған ұя. Ол кестенің бір торын ғана белгілеп, келісім бойынша, мәлімет енгізу операциясы немесе басқа бір іс-әрекет осы торда ғана орындалатынын көрсетеді.

Блок ( ұялар жиыны, аумағы ) - тіктөртбұрышты түрдегі қатарласа орналасқан ұялар жиыны. Ол бірнеше ұядан, толық қатардан, бағанадан немесе тіктөртбұрыш түріндегі бір топ торлардан тұра алады.

Мысалы: В13:В блогі - бұл В1З-В13-В19-19-В13 торларымсн шектелген ұялар жиыны, А1:Н1, А1:А20, А12:В27 нсмесс В:Ғ-О, Е, Ғ бағаналарының барлық торлары, т. с. с. Әртүрлі формулалар енгізу кезінде немесе командаларды орындау сәттерінде блокті диогональ бойынша қарсы орналасқан торлар адрестерімен немесе экран бетінде тышқанмен (пернелермен) белгілей отырып енгізу болады.

1. 2. Жұмыс парағымен және кітаппен жұмыс істеу

Excel электрондық кестесі үш өлшемді құрылымнан тұрады, яғни ол бөлек парақтардан (16 парақ) тұратын кітап тәрізді. Экранда тек бір парақ - кітаптың ең үстінгі ашық тұрған беті көрініп түрады. Парақтың төменгі шетінде қалған кітап беттерінің нөмірлері жарлық ретінде бейнеленеді. Тышқан курсорымен сол көрініп тұрған жарлықтардың нөмірлерін таңдау арқылы кез келген бетті ашып көру мүмкіндігі бар.

1. 2. 1 Кестені, блоктарды, қатарларды және бағаналарды белгілеу

Кестенің осы объектілері олармен белгілі бір жұмыс атқару үшін тышқанмен былай белгіленеді:

бағананы белгілеу - бағана атына сәйкес әріпті тышқанмен таңдап
алып, оны бір рет сырт еткізу;

бірнеше бағана белгілеу - алдыңғы сырт еткізілген тышқан батырмасын басулы күйінде ұстап курсорды оңға не солға жылжыту;

қатарды белгілеу - қатар нөміріне сәйкес санды тышқанмен белгілеп алып, оны бір рет сырт еткізу;

бірнеше қатарды белгілеу-алдыңғы сырт еткізілген тышқан батырмасын басулы күйінде ұстап курсорды жоғары не төмен жылжыту;

блокты белгілеу - тышқан батырмасын блоктың алғашқы үясында басамыз да, оны сол басулы күйінде ұстап курсорды блоктың ең соңғы ұясына жеткізу арқылы;

жұмыс парағын толық белгілеу - тышқан курсорын бағана аттары мен қатар нөмірлерінің қиылысу нүктесіне, яғни кестенің сол жақ жоғарғы бұрышына алып барып, оны бір рет сырт еткізу арқылы орындалады.

Пернелер көмегімен блокты белгілеу үшін shift пернссін басулы күйде ұстап тұрып, теңбілторды блоктың бір бұрышынан оған қарсы бұрышына бағыттауыштар арқылы жеткіземіз. Әйтпесе Ғ8 пернесін басып белгілеу режиміне көшеміз де, бағыттауыш пернелерді пайдаланамыз. Esc пернесі белгілеуді тоқтату үшін қолданылады.

Бір-бірімен қатар орналаспаған бөлек жатқан блоктарды белгілеу қажет болғанда, былай істеу қажст;

- алғашқы ұяны немесе қатар орналасқан ұялардын түратын бір блокты белгілеп алу керек;

- Ctrl пернесі басулы күйіндс ұстап тұру;

- келесі бөлек орналасқан ұяны немесе блокты белгілеу, т. с. с. ;

- Ctrl пернесін қоя беру қажет.

Белгілеуді алып тастау үшін тышқан курсорын белгіленбеген кез келген ұяға жеткізіп, оны бір рет сырт еткізсе болғаны. Торларды жаңаша белгілеу де бұрынғы белгілеуді жояды.

1. 3. Ұяларға мәліметтер енгізу

Ұялар ішіндегі мәлімет

Excel кестетелерінде кез-келген ұяға мәліметтердің үш түрін енгізуге болады, олар: сан, текст және формула. Ұяға мәлімет енгізу үшін теңбілторды сол ұяға алып барып, керекті деректерді пернелерде (240 таңбаға дейін) теріп, соңынан Enter пернесін немесе бағыттауыш тілсызық пернелердің бірін басу жеткілікті. Excel енгізілген мәліметтің формула, сан немесе текст екенін оның бірінші таңбасына қарап анықтайды. Егер бірінші символ-әріп немесе "'"(апостроф) болса, онда ұяға текст енгізіледі деп есептеледі. Егерде бірінші символ цифр немесе "=" болса, онда ол формула немесе сан енгізілетінін білдіреді.

Енгізілген мәліметтер ұя ішінде немесе формула қатарында бейнеленеді және оларды енгізу Enter пернесін немесе бағыттауыш тілсызық пернелердің бірін басқан кезде аяқталады.

Текст енгізу

Текст-кез келген символдар тізбсгі, егер текст цифрдан басталатын болса, онда оны "'" таңбасымен бастау қажет. Егер текст ені ұяның енінен артық болса және оң жақтағы ұялар бос болса, экрандағы элемент солардың да ішінен көрініп түрады. Ал, егер оң жақтағы ұяға басқа мәлімет енгізілсе, онда оның алдындағы көрінген мәлімет тек өз ұясында ғана бейнеленіп қиылып қалады (бірақ ЭЕМ жадында ол толық сақталып тұрады) .

Қателесуден қорықпаңыздар! Орындалған әрбір әрекет әсерін болдырмай, оны алып тастауға болады. Егер жүмыс барысынды сіздің жоспарыңызда жоқ амалды байқамай орындап жіберіңіз, оның әсерін Түзету-Болдырмау (Правка-Отмена) командасын орындау арқылы (қажет болса, бірнеше рет орындау керек) алып тастауға мүмкіндік бар немесе одан да жеңіл орындалатын Стандарты саймандар панелінің оралмалы бағыттауыш тәрізді батырмасын басу жеткілікті. Бұл батырманы бір рет басу ең соңғы орындалған бір әрекеттің орындалу әсерін жоқ қылады, біртіндеп соңғы орындалған бірнеше амал әсерін де алып тастау мүмкіндігі бар.

Сандар енгізу

Электрондық кестеге сандар енгізу =, +, таңбаларынан немесе бірден цифрдан басталады. Егер енгізілген санның ені ұяның енінен артық болса, онда сан экспоненциал түрде бейнеленеді немесе ол санның орнына «# ###» дәрізді таңбалар шығады (бірақ ЭЕМ жадында ол санның барлық разрядтары толық сақталады) .

Әдетте экранда санның ең үлкен және ең кіші шамалары экспоненциал түрде бейнеленеді. Мысалы, 501 000 000 саны ЭЕМ-де

5. 01Е+08 болып жазылады, ол яғни 5. 01*10 деп бсйнелеудің баламасы.

Ал 0. 000 000 005 саны 5Е-9 болып жазылады(5*10 -9 ) . Аралас сандардың бүтіні мен бөлшегі нүкте не үтірмен бөлініп жазылады, қай айыру таңбасын қолдану енгізу Excel программасын орнату кезінде бекітілген келісімге байланысты болады.

Формулалар енгізу

Excel-де кез келген арифметикалық өрнек формула түрінде жазылады. Ол ұя адрестері мен сандардың, функциялардың арифметикалық амалдар таңбасы арқылы біріктірілген жиынынан түрады.

1. 4. Бағана, қатар, блоктармен жұмыс жасау

Бағаналар енін және қатарлар биіктігін өзгерту

Бүл әрекеттерді тышқан арқылы немесе меню көмегімен атқаруға болады. Тышқанды пайдаланар кезде оның сілтемесін бағаналар әріптері арасындағы немесе қатарлар нөмірі арасындағы бөлу сызығына жеткізіп, сілтеме екі тілсызығы бар бағыттауыш бейнесіне айналғанда тышқанның сол жақ батырмасын басып бағананы немесе қатарды кеңейту (тарылту) керек.

Менюді пайдаланатын болсақ, көлемі өзгертілуге тиіс бағаналарды (қатарларды) белгілеп қойып, Формат-Қатар-Мөлшер (Размер) немесе Формат-Бағана-Мөлшер (Размер) командаларын орындау керек.

Ұядағы мәліметті түзету

Мәліметтерді түзету ұяға оларды енгізіп жатқанда немесе енгізіп болған соң да жүргізіле береді. Егер мәліметтегі қатені енгізу сәтінде байқасаңыз, онда артық символдарды BackSpase пернесімен өшіріліп, керектілерін қайта тере отырып өзгерте аламыз. Esc пернесі ұяға мәлімет енгізбей, оны қайталап теру мүмкіндігін береді.

Мәлімет бұрын енгізілген ұяны түзету үшін теңбілорды, яғни кестелік курсорды керекті үяға жеткізіп, түзету режиміне көшу үшін Ғ2 пернесін басып немесе тышқан курсорын формула қатарындағы мәліметтер арасына алып барып оны сырт еткізу қажет. Одан кейін керекті түзетулер енгізіп, ең соңында Enter пернесін немесе бағыттауыш тілсызық пернелердің бірін басса болғаны.

Мәліметтер енгізілісімен олар есептеу процесіне араласып, өздеріне қатысты ұялардағы нәтижелік мәліметтерді бірден өзгертетініне назар салыңыздар!

Бұл - электрондық кестелердің ең маңызды қасиеттерінің бірі.

Қатарлар, бағаналар, блоктармен операциялар орындау

Бұл операциялар меню арқылы, алмастыру буфері (қиып алып, көшіру, енгізу) көмегімен және де тышқан тетігімен де орындала береді.

Жылжыту

Мәліметтерді бір орнынан екінші орынға жылжыту барысында НЕНІ және КАЙДА орналастыратынымызды айқындап алғанымыз жөн. Жылжыту кезінде орнынан көшірілетін мәліметтерді, яғни үяны не блокты (НЕНІ тасымалдау керек) белгілеп аламыз да оған тышқан курсорын алып барамыз, сол сәтте курсор ақ бағыттауыш тілсызыққа айналады. Сонан соң белгіленген блокты не ұяны тышқанмен іліп алып басқа орынға (ҚАЙДА тасымалданады) алып барамыз.

Көшірме алу

Көшірме алу кезінде түпнүсқа түріндегі мәлімет өз орнына қалады, ал басқа орында (ҚАЙДА) оның көшірмесі қосымша пайда болады. Көшірме алу операциясы жылжыту тәрізді орындалады, тек бұл жолы Ctrl пернесін басулы күйінде ұстап тұру қажет.

Плюсті толтыру әрекеті арқылы да көшірме алуға болады. Курсорды тордың оң жақ төменгі шетінс алып барсақ, ол "плюс" таңбасына айналады, оны толтыру маркері деп атайды. Толтыру әрекетін оңға қарай және төменгі бағытта жүргізеді. Толтыру жылжыту сияқты орындалады, бірақ бүл сәтте курсор ұяның немесе блоктың оң жақ төменгі шетіне тұруы тиіс (қара плюс түрінде) . Толтыру кезінде бастапқы ұядағы немесе блоктағы мәлімет (НЕ) тышқанның батырмасын басып тұрып оны жылжыту арқылы бірнеше рет қайталана алады, Ол әсіресе формулаларды көшіругс өте ыңғайлы.

Үяларды өшіру, оларды тазалау

Егер торлар мен блоктардағы мәліметтерді (сандар, текстер) өшіру керек болса, оларды белгілеп алып Del пернесін басса болғаны. Бұрын енгізілген мәліметтерден блоктарды, ұяларды арылту үшін оларды белгілеп алып, Түзету-Тазалау (Правка-Очистить) командасын орындау керек. Сол сәтте шығатын ішкі менюде нақты нендей затты: мәліметті, безендіру элементін, ескертуді немесе бәрін бірдей өшіріңіз келетінін көрсету керек.

Бағаналарды, қатарларды және блоктарды өшіру үшін, алдымен оларды белгілеп аламыз да, сонан кейін Түзету-Өшіру (Правка- Удалить)

командасын орындаймыз. Өшірілген объектілер орны бос қалмай, төменгі қатардағы немесе оң жақтағы бағаналар мәліметтері жоғары не солға жылжып, сол орындары толтырады.

Ал, егер мәліметі өшрілген орындар бос тұрғанын қаласаңыз
(мәліметтен тазалап орын сақталады), Түзету-Тазалау (Правка-Удалить) командасын орындауға тиіссіз.

Электрондық кестені толық өшіріп тастау үшін, Файл-Жабу (Файл-Закрыть) командасын орындап, шыққан сұқбат терезесіне "Жоқ" деп жауап беру қажет.

Excel-де өздігінен автоматты түрде толтырылатын функция бар, ол кейбір белгілі тізбектерді жылдам енгізе алады (апта күндері, ай, жыл мезгілдері т. б. ) . Мысалы, бірінші торға "Дүйсенбі" сөзін енгізсек, келесі торға "Сейсенбі", одан кейінгісіне "Сәрсенбі" т. с. с. сөздер өздігінен енгізіледі, ай аттары да "Қаңтар" енгізілсе, "Ақпан", "Наурыз" т. с. с. болып шыға келеді (бұларды тізім ретін алдын ала кестеге кіргізіп қою қажет. ) Сол сияқты 1998 ж. енгізсек, келесі торлар 1999 ж., 2000ж. болып толтырылады.

Жұмыс кітабымен іс-әрекеттер орындау барысында Файл менюінің мынадай командалары қолданылады:

Сақтау (Сохранить) - жұмыс кітабын кейіннен пайдалану мақсатында файл түрінде дискіге жазып сақтау;

. . . деп басқаша сақтау (Сохранить как . . . ) - Сақтау командасына ұқсас, бірақ файлдың атын өзгертіп кітапты басқа дискіге де жазу мүмкіндігін береді;

Жабу (Закрыть) - құжатты экраннан алып, оны жауып тастайды;

Жасау (Создать) - жаңа жұмыс кітабын ашу (көрсетілген нұсқа негізінде бос кітап ашу) ;

Ашу (Открыть) - дискіге жазылған жұмыс кітабын ашып экранға шығарады.

Жасау, Ашу Сақтау әрекеттері Стандартты саймандар панелінің сол жақ жоғары шетінде орналасқан үш батырмамен орындалады.

IІ тарау. 2. Excel-дің графикалық мүмкіндіктері

2. 1. Диаграммаларды тұрғызу, өзгерту, түзету

Диаграммалар тұрғызу

Excel-дін ең көзге түсер ерекшеліктерінің бірі оның сандар қатары мен бағаналарын информацияны толық көрнекті түрде кескіндсй алатын графиктер мен диаграммаларға айналдыруы болып саналады.

Диаграммалар - мәліметтерді графиктік түрде кескіндеудің ынғайлы түрі. Олар берілген сандық шамаларды торларда үңіліп қарағаннан гөрі салыстырмалы түрде бағалау мүмкіндігін береді. Диаграммалар бір торда тұрған қатені де тез көрсете алады.

Excel-де 14 түрлі екі және үш өлшемді диаграмма түрлері бар. Excel графикасын үйрену кезінде бір студенттің компьютерін апта бойы қалай пайдаланатыны туралы мәліметтерін қарастырып өтеміз.

А1:Н6 бен I1:I2 блоктарындағы мәліметтер онша қызықты емес, І3:І6 блогын графиктік түрде көрсетуге болады. Экранға І3 ұясынан басталатын кесте бөлігін шығарайық.

Диаграмма немесе график түрғызу үшін Диаграмма шебері деген функцияны қолданған жөн.

Excel-дің бүл функциясы 4 сұхбат терезесі арқылы диаграмма
(график) тұрғызуға және оны жұмыс парағына салып шығуға керекті
мәліметтерді сұрап алады.

Диаграмма көлемін өзгерту

Көбінесе алдын ала диаграмманың қажетті көлемін дәл табу қиын, оны тек диаграмма тұрғызылып біткенде ғана айтуға болады. Сондықтан салынған диаграмманың көлемін, пропорциясын өзгерте отырып, оны ойдағыдай етіп жасауға тура келеді.

Диаграмма түзету оны белгілеуден басталады, ол үшін оның
көлемінде тышқанды бір рет сырт еткізейік. Диаграмма жақтауларының
бұрыштарында және оның сызықтарының ортасында белгілеу
маркерлері пайда болады.

Тышқан курсорын пайдаланып, диаграмманың оң жақ шетін I бағанасына дейін жылжытайық, ол үшін тышқан курсордын оң жақтаудың ортасындағы маркерге жсткізіп (тышқан сілтемесі екі жаққа бағытталған тілсызыққа айналады), оны I бағанасына дейін созамыз.

Диаграмма жақтауының ортасындағы маркерді жылжыту оның ұзындығы мен енін өзгертуге мүмкіндік береді, Ал оның бұрышындағы маркерді жылжыту диаграммасының ұзындығы мен енін бірдей өзгертеді.

Диаграмма типін өзгерту

Диаграмма шебері арқылы диаграмма типі таңдап алынғаннан кейін де, оның ішкі түрлерін өзгерту мүмкіндіктерін береді.

Диаграмманы түзету үшін оны тышқанды екі рет сырт еткізу арқылы белгілеп аламыз. Сонда диаграмма айналасында сұр штрихталған жақтаулар пайда болады. Мұнан кейін Диаграмма саймандар панелі көмегімен диаграмма типін өзгертуге болады :

-экранға диаграмма саймандар панелін шығарамыз, ол үшін: Түр - Саймандар панелі - Диаграмма(Вид - Панель инструментов - Диаграмма) командасы орындалады, сонда экранға бөлек батырмалар панелі шығады;

-шыққан панельден Диаграмма типі деген батырманы сырт еткізіп, диаграмма түрлерін шығарамыз.

Диаграмма түрлері мен аттары 1-қадамда көрсетілген сияқты бейнеленеді. Бұрынғы мәліметтер үшін жаңа диаграмма тұрғызу үшін диаграмма типін қайта таңдаймыз. Көлемдік гистограмма батырмасын басамыз, біздің бұрынғы жазықтықтағы гистограммамыз көлемдік болып өзгереді.

Айта кететін бір жайт: белгіленген мәліметтерді бейнелеу үшін кез келген диаграмманы таңдап алуға болмайды. Мысалы, біздің мәліметіміз бойынша Х-У-нүктелік диаграмма салуға болмайды.

Диаграмма тұрғызу кезінде олардың әртүрлі типтерін қарап отырып, ішінен ең көрнекті деген біреуін таңдап алу керек.

Егерде диаграмманы түзету кезінде бұзып алсаңыз, оны өшіріп қайта тұрғызу қажет. Диаграмманы өшіру үшін, курсор диаграммада тұрғанда тышқанды бір сырт еткізіп, Del пернесін басу жеткілікті.

Артынан дайындалған диаграмманы жаңа атпен файлға жазып сақтап қою қажет.

Диаграмма элементтерінің мелшерін өзгерту және оларды жылжыту

Диаграмма жеке элементтерінің көлемдерін диаграмманың көлемі сияқты етіп өзгертуге болады және ол элементтерді белгілеп алып диаграмманың ішкі аймағындағы өз, орнынан жылжытуға да болады. Оған қоса бүкіл диаграмманы толығынан тышқанмен бір сырт сткізу арқылы белгілеп алып, оны да парақ бетінде жылжытуға болады.

2. 2. Диаграмманың қосалқы мүмкіндіктері

Тақырыптарды енгізу

Ол үшін диаграмманың аумағын форматтаудың контекстік-тәуелді менюін шақырамыз немесе негізгі менюдің Енгізу - Атаулар енгізу - Текст қосу (Вставка - Всавить названия - Присоединить текст) командасын орындау керек.

Мүнда тақырыпты екі түрде-текстік өріске бірден енгізу арқылы немесе ол жазылған ұяны тандап алу арқылы да жазуға болады.

1. Атын енгізу - Текст қосу (Присоединить текст) командасын таңдап аламыз.

2. Формулалар қатарына көшеміз.

З. < > таңбаларын енгіземіз.

4. А1 ұясына курсорды алып барамыз (сол ұяда керекті тақырып орналасқан) да, Enter пернесін басамыз.

5. Атын түзету контекстік-тәуелді менюдегі Диаграмма тақырыбын форматтау - Шрифт - Times Kazah - Қарайтылған-12 сияқты пункттерді орындаймыз.

Секторлар түсін "өрнектерге" ауыстыру

Ақ-қара түсті принтерді пайдаланғанда, секторлар түсі көрінбейтіндіктен, "өрнектер" командасын пайдаланған абзал. Ол үшін мынадай әрекеттер орындалады:

1. Диаграмма секторын бслгілейміз.

2. Контекстік-тәуелді менюді шақырып, одан Мәліметтер элементін форматтау - Түр-Аумақты бояу - Өрнектер (Формат элемента данных - Вид - Способы заливки - Узор) пункттерін таңдап аламыз.

3. Барлық секторлардың әрқайсысына әртүрлі өрнектср таңдап аламыз.

Түсінік беру мәліметтерін фоматтау

Диаграммадағы түсініктеме беретін мәліметтерді дұрыс көрсету үшін:

1. Түсінік беру мәліметтерін (ұядағы) белгілеп алып, контексті-тәуелді менюді шақырамыз.

2. Шрифті, оны түрін графикте мәлімет ойдағыдай орналасатын етіп тандап аламыз.

Диаграмма аймагының колемін озгерту

Диаграмманың өзінің де көлемін өзгерте аламыз, ол үшін:

1. Курсорды басқару пернелері арқылы диаграмма аймағын белгілеп аламыз. Диаграмма қара квадраттары бар жақтаулармен белгіленеді.

2. Оның көлемін ортадағы немесе бұрыштағы қара квадраттарды әрі-бері тарту арқылы өзгертеміз. Тиімді көлемге қол жеткізген соң қара квадраттарға тиіспейміз.

Диаграмманы баспаға шығаруға дайындау

Word редакторындағы сияқты диаграмманы баспаға шығарудан бұрын оны алдын ала көру режиміне көшеміз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөзжасамның қазақ тіл білімінде зерттелуі
Жүгері будандарының өнімділігін арттыру
Дербес электронды есептеу техникасының архитектурасы туралы ақпарат
Ара шаруашылығы
Сөзжасам – лингвистика ғылымында жеке сала ретінде кеш дамып, жетіліп келе жатқан сала
Бөлшектеу- құрастыру жұмыстарын орындау тәсілдері
Оңтүстік Қазақстан облысының демографиялық жағдайын картографиялау
Ара шаруашылығының маңызы
Қара топырақтар
ҚОРЛАР ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz