Шылау сөз


Шылау сөз
Қазақ тіліндегі көмекші сөздер жайлы түсінік, оның зерттелуі, түрлері тіл білімінде сөздерді топтастыру біздің жыл санауымыздан бұрын болғанын айғақтайтын деректер бар. Сол заманда өмір сүрген ойшылдар тілде қолданылатын сөздерді атауыш сөздер мен көмекші сөздер деп екі топқа бөліп қарастырған.
Түркітаным тарихында көмекші сөздердің атауыш сөздермен қатар қолданылатыны, оның түрлері мен қызмет аясының кеңдігі түркітанушы ғалымдар И. Гиганов, М. Қазам-бек, М. Терентьев, А. Н. Кононовтардың еңбектерінде сөз болды.
А. Байтұрсыновтың 1914ж. Орынборда шыққан “Тіл-құрал” атты еңбегінде сөздерді атауыш сөздер, шылау сөздер деп екіге бөледі де, шылаудың өзін: үстеу, демеу, жалғаулық, одағай деп төртке бөледі.
20 ғасырдың 50 жылдарынан бастап қазақ тілшілері де көмекші сөздерді ғылыми негізде зерттей бастады. 1941ж. Балақаевтың “Қазақ тілінің кейбір мәселелері” деген еңбегі көмекші сөздерге арналды. Сондай-ақ А. Ысқақов, Р. Әміров, Н. Оралбаева, И. Маманов, М. Оразов, С. Исаев еңбектерінде де көмекші сөздер әр қырынан қарастырылды.
Көмекші сөздерге анықтама берген ғалымдар көп. Мәселен А. Ысқақов: “Көмекші сөздер деп нақтылы лексикалық мағыналары я түрлі дәрежеде солғындап, я бүтіндей жоғалып, сөйлегенде (сөйлемде) жеке-дара есебінде қолданылмай, тек толық мағыналы (атауыш) сөздермен тіркесіп қана жұмсалып, оларға жәрдемші болып қызмет атқаратын сөздерді айтамыз” - дейді (ҚҚТ. морф, 1991, 358-бет) . Осыған жуық анықтаманы М. Оразовтың “Көмекші сөздер” деген еңбегінен де табуға болады. (КС 1997, 35-бет)
Тарихи деректерге сүйенсек, көмекші сөздер атаушы сөздерден, әуелдегі дербес мағыналы есімдер мен етістіктерден шыққан, атап айтқанда, кейбір есім, етістік формаларының бастапөқы лексикалық мағыналары бірте-бірте түрлі дәрежеде солғындап немесе жоғалып, әр түрлі грамматикалық мағыналарға ие болуы негізінде ауысып отырған. Мұндай көмекші сөздердің лексикалық мағыналары солғындап, грамматикалық қызметке көшкендіктен өз алдына жеке категория болып қалыптасып, үнемі жәрдемші сөз есебінде қолданылуына қарай көмекші сөздер деп аталады. Көмекші сөздердің өз ішінде кейбіреулерінің лексикалық мағынасы басым болады. Мысалы, әрі, бері, қас, жан, соң сөздері әрі атаушы, әрі көмекші сөздің қызметінде, ал дейін, үшін, ғана тек көмекшілік қызметте қолданылады.
1) Қазақ тілшілері көмекші сөздерді мағына дербестігіне қарап 2-ге бөледі:
- Көмекші сөздер мен көмекші етістіктер.
- Шылау көмекшілер.
Тіл білімінде бірінші топтағы көмекшілерді фунциональді көмекшілер, екінщі топтағыларды нағыз көмекшілер дейді. Көмекші есім мен көмекші етістікте аз да болса лексикалық мағынаның бар екендігі анық, олардың кейбірі өздерінің негізгі мағыналарынан қол үзіп кетпегенін байқауға болады. Мысалы, басыңмен ойла, басы қатты істейді тіркестеріндегі бас сөзі зат есім болса, адамның басы, таудың басы, ағаштың басы дегендегі бас сөзі көмекші есім.
2) Морфологиялық түрленуіне қарасақ, көмекші сөздерді бір топтауға болмайды. Мәселен, көмекшілердің бір тобы (функциональді көмекшілер) түрлі қосымшалар қабылдап түрленетін болса, екінші бір тобы қосымшалар қабылдамайды. Осыған байланысты пікір айтқан ғалымдардың көпшілігі екінші топтағы көмекшілерді, көмекшілердің негізгі тобына қосып, түрленбейтін көмекшілер дейді. Сонымен морфологиялық белгісіне қарай көмекшілерді екіге бөлуге болады:
- Түрленетін көмекші сөздер (көмекші есім, көмекші етістік, модаль сөз) .
- Түрленбейтін көмекші сөздер (шылаулар мен асырмалы шырай құрамындағы көмекші сөздер)
3) Көмекші сөздер синтаксистік қызметі жағынан да бірдей емес. Олардың ең басты белгісі - сөйлемнің дербес мүшесі бола алмауы. Профессор, М. Оразов “Көмекші сөздер” деген еңбегінде көмекші сөздер орналасуына қарай алдыңғы көмекшілер, соңғы көмекшілер деп, 2-ге бөлуге болатынын айтады да алдыңғы көмекшілердің аз екендігін, оған өте, тым, аса, тіпті т. б. сын есімнің асырмалы шырайын жасайтын сөздерді жатқызады. Бұл сөздер оқулықтарда күшейткіш үстеу делінеді. Ал, соң көмекшілер сан жағынан өте көп. Оған көмекші есім, көмекші етістік, моэдаль сөз, шылауларды жатқызады. Сөйтіп көмекші сөздердің мағына дербестігіне қарай 2-ге бөлінеді.
- Атауыш (функциональді) көмекшілер (көмекші есім, көмекші етістік, модаль сөз, күшейткіш) .
- Шылау көмекшілер (септеулік, жалғаулық, демеулік) .
Шылау көмекшілердің жалпы сипаты
Өзінің лексикалық мағынасынан айрылып, белгілі бір сөздің жетегінде, шылауында қолданылатын, оған түрлі грамматикалық мән үстем, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын сөздердің тобы шылау деп аталады.
Шылау сөздерде грамматикалық мағына басы көрінеді, сондықтан да олар өз алдына жеке қолданылмай, атауыш сөздердің жетегінде айтылады. Өз бойында лексикалық мағына элементін сәл де сақтағандары да кездеседі. Мысалы, Қыстауға қонғаннан бері, кеш сайын Абай ешкімге білдірмей, елеусіз ғана әжесімен оңаша қалады. Екі күн өткен соң, ауыл Көкқайнардан Шығысқа қарай кетті. (М. Ә. ) деген сөйлемдердегі шылау сөздер атауыш сөздерге тіркесіп, сол сөздердің мағыналарын толықтырып, я анықтап, оларға әр түрлі мағыналық реңк жамап қолданылған. Мәселен, бері, соң әрі үстеу, әрі шылау, қарай әрі етістік, әрі шылау қызметінде қолданылса, сайын, ғана сөздері жеке қолданыла алмайды. Сондықтан көмекші сөздер лексикалық мағынасы жоқ болғандықтан ғана көмекші сөз деп аталмай, лексикалық мағынасы солғынданғандықтан да көмекші сөз деп аталады. Бірақ қосымшалар сияқты дербестігінен мүлде айрылып қалмайды.
Ғалымдардың зерттеулерінде шылау сөздердің бірсыпырасы есімдерден (басқа, бөтен, өзге), үстеулерден (әрі, бері, бұрын, соң), көсемшеден (көре, тарта, бола) жасалған дейді. (Ққт, 1954, 351-б) . Тіпті шылау қызметінен шығып, қосымшаға айналғандары да бар. Мысалы, баратұғын-баратын, келетұғын-келетін сөздерінің екі нұсқасы да қатар қолданыла береді.
Шылау көмекшілер, оның түрлері.
Өзінің лексикалық мағынасынан айрылып, белгілі бір сөздің жетегінде, шылауында қолданылатын, оған түрлі грамматикалық мән үстем, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын сөздердің тобы шылау деп аталады.
Шылау сөздерде грамматикалық мағына басым көрінеді, сондықтан да олар өз алдына жеке қолданылмай, атауыш сөздердің жетегінде айтылады. Өз бойында лексикалық мағына элементін сәл де сақтағандары да кездеседі. Мысалы, Қыстауға қонғаннан бері, кеш сайын Абай ешкімге білдірмей, елеусіз ғана әжесімен оңаша қалады. Екі күн өткен соң, ауыл Көкқайнардан Шығысқа қарай кетті. (М. Ә. ) деген сөйлемдердегі шылау сөздер атауыш сөздерге тіркесіп, сол сөздердің мағыналарын толықтырып, я анықтап, оларға әр түрлі мағыналық реңк жамап қолданылған. Мәселен, бері, соң әрі үстеу, әрі шылау, қарай әрі етістік, әрі шылау қызметінде қолданылса, сайын, ғана сөздері жеке қолданыла алмайды. Сондықтан көмекші сөздер лексикалық мағынасы жоқ болғандықтан ғана көмекші сөз деп аталмай, лексикалық мағынасы солғынданғандықтан да көмекші сөз деп аталады. Бірақ қосымшалар сияқты дербестігінен мүлде айрылып қалмайды.
Ғалымдардың зерттеулерінде шылау сөздердің бірсыпырасы есімдерден (басқа, бөтен, өзге), үстеулерден (әрі, бері, бұрын, соң), көсемшеден (көре, тарта, бола) жасалған дейді. (Ққт, 1954, 351-б) . Тіпті шылау қызметінен шығып, қосымшаға айналғандары да бар. Мысалы, баратұғын-баратын, келетұғын-келетін сөздерінің екі нұсқасы да қатар қолданыла береді.
Шылау сөздердің атауыш сөздермен тіркесін, лексика-грамматикалық жағынан ерекшеленуіне қарай, септеулік, жалғаулық, демеулік деп үшке бөліп қарастырады.
Септеулік шылау (предлог) .
Шылаудың бұл түрі септік жалғаулы сөздермен байланысты қолданылатын болған соң, септеулік деген атауға ие. Септеуліктер сөз бен сөздің арасындағы мезгілдік, мекендік, себептік, шектік, мақсаттық т. б. грамматикалық қатынасты білдіреді де, септік жалғаулы зат есім, есімдік, есімше тұйық етістіктерге тіркесіп, олармен меңгеріле байланысады. Мысалы, атау септігіндегі сөздерді меңгеретін септеуліктер: арқылы, бойы, бойда, бойынша, жайлы, жөнінде, сияқты, секілді, туралы, тәрізді, майын, үшін т. б. Барыс септіктегі сөздерді меңгеретін септеуліктер: дейін, шейін, қарай, қарсы, салым. Шығыс септіктегі сөздерді меңгеретін септеуліктер: бері, кейін, соң. Көмектес септіктегі сөздерді меңгеретін септеуліктер: бірге, қабат, қатар.
Шылау сөздерге жұрнақ, жалғау жалғанбайды десек те, мезгіл-мекен мағыналы септеуліктердің кейбіріне сын есім тудыратын -қы, -кі қосымшасы жалғанып та (оған дейінгі, жазғы салымға, сен жөніндегі, ол жайындағы) қолданылады.
Септеулік шылаулардың мағыналары тіркесетін сөзіне қарай түрліше болып келеді.
Негізгі мағыналарына қарай қазақ тілі грамматикасында 5 топқа бөліп қарастырады.
- Мезгі-мекен мағыналы септеуліктер:дейін, шейін, бойы, бойында, таман, салым. Біз үйдің ығына тамн беттедік. (Ә. О. )
- Мақсат мағыналы септеуліктер:үшін, деп. Абай халық үшін, халық Абай үшін алысады. (М. Ә. )
- Амал мағыналы септеуліктер:бойынша, бірге, қабат, қатар. Содан он жылдықты онымен бірге бітірдік. (З. Ш. )
- Қатыстық мағыналы септеуліуктер:туралы, жөнінде, жөніндегі, жайлы. Сен туралы естідім.
- Теңеу, талғау мағыналы септеуліктер:сияқты, секілді, тәрізді. Мал емес, адам сияқты еңкеңдеп келе жатыр. (Ә. О. )
1954ж. жазылған “Қазіргі қазақ тілінде” септеуліктер “демеулік” деген атпен беріліп, олардың көмекші есімдерге біртабан жақындығы айтылған.
Жалғаулық шылау (союз) .
Өздеріне тән лексикалық мағыналары дерексізденген, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып, олардың арасындағы әр түрлі қатынасты білдіретін шылау сөздерді жалғаулық деп атайды. Жалғаулықтар өзара тең дәрежелі екі сөзге немесе екі сөз тіркесіне бірдей қатысты болады. Мысалы, Біресе жаңбыр себелейді, біресе қар ұшқындайды (Ғ. Мүсірепов) . Күндіз олар не өзіне жем іздейді, не өзінің басқаға жем болмауын көздейді. Асан мен Үсен, Елдос пен Жандос бірге туғандай (Ғ. Мұстафин) .
Қазақ тілінің грамматикалық жалғаулықтар мағыналары мен қызметіне қарай алты топқа бөлінеді:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz