Байланыс түрлері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қаныш Сәтпаев атындағы
Қазақ ұлттық техникалық университеті
Технологиялық үрдістерді және өндірістерді компьютерлендіру кафедрасы
«Бекітемін»
ТҰж ӨК каф. меңгерушісі
А. Ф. Цеховой
«»2005ж.
«Ақпараттану» пәні
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
1 топ Табылдиев Б. Студентіне берілді.
Жұмыс тақырыбы:Internet Explorer
1. MS Word-та берілген тақырып бойынша қысқаша реферат
Тапсырманы берген ТҮжӨК кафедрасының
Оқытушысы Молдақалықова А. Ж.
ЖОСПАР
КІРІСПЕ. Internet желісі3
INTERNET- ке шығу және оның мүмкіндіктері5
1 Internet- ке қосылу үшін қажетті жабдықтар5
2 Internet хаттамалары7
3. Байланыс түрлері8
4. Internet - пен қатынас құру9
Қорытынды17
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР18
КІРІСПЕ. Internet желісі
INTERNET желісі. Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әрқашанда өзі сияқтылармен араласу тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі Internet желісінің күрт дамып кетуі /қазіргі кезде 18 000 әр түрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңаларымен толықтыруда/ қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез-келген нүктесін бір- бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Информацияның көзді тартар ертеңі таң қалдырып, өзінің соны падалана алатыны қуантады. Бірақ адам жаңалыққа тез үйренеді, қазір де INTERNET жалпыға бірдей информациялық қор тәрізді ертектегі «ханшалардан» күнделікті «күңіңізге» айналып барады. Оның құрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары және қарапайым пайдаланушы адамдар бар. Кейбір есептеулер бойынша екі миллиондай компьютермен 30 миллионға жуық адам жұмыс істеп жатыр. INTERNET желісіне күніне 1000 компьютер қосылады екен. ISOC /Internet Society- Internet қоғамдастығы/ президентінің жақында INTERNET, бізге «даналық көзі» болып көрінсе де, оның өзін қалай пайдаланатынымызды білген артық болмайды. Iternet /бас әріппен жазылса/ - кез келген компьютерді жер шарында орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған компьютермен жылдам байланыстыратын Дүниежүзілік Желі. Оны дүниедегі ең үлкен, ауқымды /глобальный/ желі деп атайды. Осылай телефон арнасы арқылы байланыса алатын компьютерлер бір- бірімен ТСР/ІР хаттама /протокол/ ережелерімен мәлімет алмасады, оларды бір нұсқада, яғни бір тілде «сөйлейді» деп айтса болады. Дүниежүзілік Халықаралық телефон желісі сияқты оны ешкім басқармайды, ол ешкімнің жеке меншігі емес. Міне, осы Интернет желісі көмегімен электрондық почта арқылы хабар алып /беріп/, басқа компьютерлердегі ақпаратты көріп, қашықтан телеконференцияларға қатынасу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар. Интернет жүйесін пайдалана отырып, үйден шықпай-ақ, көптеген елдерді, қалаларды аралап, музейлерді, кітапханаларды көріп, дүниежүзілік мәдени және ғылыми жетістіктермен танысып, оларға өркениетті елдің азаматы ретінде өз үлесіңізді қосып, өзіңізді дүниенің бір кішкене бөлігі ретінде сезіну мүмкіндігіне ие боласыз. Интернет /кіші әріппен жазылса/ -ТСР/ІР хаттамалары негізінде желіаралық байланысу технологиясы.
INTERNET желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70- жылдар басында АҚШ қорғаныс министрлігінің ARPANET компьютерлік жүйесі болып саналады, онда соғыс жағдайында байланыс желілерінің жұмысы зерттелген еді. Желі нүктелерінің үлкен аумақта шашырап жатқандығына және олардың аздаған бөліктері бұзылғанмен сау желілердің өзара байланысы жылдам қайта құрылып, қалыпты жағдайына келе алатыны айқындалды.
Дегенмен, INTERNET тек желі ғана емес, ол - желілердің желісі. INTERNET көптеген байланыс желілерін бір- бірімен біріктіріп, дүниедегі ең үлкен компьютерлер торабын құрайды. Оның қарапайым желілік нүктелері өкімет мекемелерінде, университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана жүйелерінде, тіпті мектептерде де орналасқан.
INTERNET- тің бір ерекшілігі оның құрамындағы көптеген компьютерлер нақты BBS тәрізді жұмыс істейді /шындығында, INTERNET компьютерлерінің көпшілігі BBS сияқты жұмыс істемейді, бірақ одан әркім файлдар алып, мәліметтер базасын пайдаланып, яғни оның ішкі мәліметтерін пайдалануға мұрсат алады/. INTERNET- ке қосылу дегеніміз - басқа жерлерде тұрған 1000- даған компьютерлік желілермен байланысу деген сөз. Желідег компьютерлерден өкімет архивіндегі, университеттің мәлімет базаларындағы, жергілікті қорлардағы көлеміндегі, кітапхана каталогтарындағы құжаттық мәліметтерді, суреттерді, дыбыс клиптерін, бейнелерді және т. б. цифрлық түрге айнала алатын барлық информацияны ала аласыз. INTERNET информация магистралына өте ұқсас, институт, мектеп терминалы арқылы оған жеңіл кіруге болады. Ол үшін INTERNET-тегі жүйенің нөмірін теру керек. Мұнан кейін керекті жердегі /қала, мемлекет/ желі нүктесімен байланысып, өзіңізге қажетті материалдарға қол жеткізесіз. Керек етсеңіз, NASA құжаттарын да, айта берсек, соңғы оқиғалар көрсететіндей, ЦРУ құпия архивтерін де оқуыңызға болады екен. INTERNET желісін сипаттау үшін оны телефон жүйесімен салыстыру қалыптасқан. Жалғыз телефон компанниясы болмайтыны сияқты INTERNET компаниясы да тек біреу емес. Дүниежүзілік немесе мемлекеттік телефон жүйесінің иесі кім? Ешкім де емес. Әрине, оның бөліктерін біреулер иеленеді, бірақ жүйеге толық ешкім ие емес, бұл жүйе өзара келісім арқылы ортақ пайдалануға арналған. Дүниежүзіндеі ірі телефон компаниялары бірігіп, «телефон жүйесі» қалай пайдаланатыны жөнінде келісіп отырады, яғни әр елдің кодын, төлейтін ақшасын, мұхитаралық кабель құнын- кімдер, қалай бөлісіп мәселелерін бірігіп анықтап отырады. INTERNET желісі де дәл осы телефон жүйесі тәрізді басқарылады. INTERNET-ті пайдаланудың нақты себептері жердегі аквалангпен жүзуге ыңғайлы орын туралы білгіңіз келеді делік. Олай болса, «scuba» / акваланг/ жаңалықтар тобын қарап шығу керек, мүмкін сонда демалған біреу мәлімет берген болар, әйтпесе сұрағыңызды сонда енгізіп, күтіңіз. Біреу сізге жауап беріп қалар. Әлде әртүрлі заттар жинайтын коллекционермен танысқыңыз келе ме, жоқ әлде торт жасау рецептерін іздейсіз бе? ІВМ суперкомпьютнрімен шахмат ойнауға қандайсыз? Периодты әдебиет жөніндегі анықтамалықты қарап, Ресей журналдарын оқуыңызға болады.
INTERNET-тің бар мүмкіндігін, онда жиналған мәліметтерді де түгел айтып беру қиын. Оның үстіне күнбе- күн оған жаңа мәліметтер келіп түсіп жатады. Енді бұд ғажайып желімен жақынырақ танысайық.
INTERNET- ке шығу және оның мүмкіндіктері
1. Internet- ке қосылу үшін қажетті жабдықтар
Әрбір тұтынушы компьютері кәдімгі телефон арнналарымен түйінді машиналармен байланысады. Ал түйінді немесе негізгі машиналар бір бірімен қуатты оптикалық талшықты немесе спутникті арналармен жалғасады. Түйінді машиналар кез келген жай компьютерлер арсында байланыс орнату үшін қажет олар : тәулік бойынша үзіліссіз жұмыс істеп, байланыс сеанстарының арасындағы уақытта жолда жүрген ақпараттарды уақытша сақтайды. Ақпараттық серверлер деп аталатын мәлімет жинақтаушы компьютерлермен жылдам істейді. Оптикалық түрдегі байланыстыру ісін қамтамсыз етеді.
Ақпараттық сервер дегеніміз- қалың көпшілікке арналған, әрбір тұтынушы падалана алатын көптеген ақпаратар түрлері жинақталған арнаулы компьютер. Мұнда жаңалықтар мерзімді баспасөз/ газет, журналдар, жарнамала т. с. с/ мәліметтер сақталады.
Желіге қосылған әрбір компьютерге қайталанбайтын айрықша өзіндік адрес /ІР адрес/ беріледі. Адрес компьютердің типі мен /ІВМ, Mactoch/ операциялық жүйенің түрімен /MS DOS, Windows 98, Windows NT/ байланыста болмайды, демек жіберілген ақпарат тура адрес көрсетілген компьютерге келіп түседі. Түйінді машина мәліметтерді тасымалдау кезінде хабарды жіберген және оны алатын компьютерлер арасындағы ең қысқа жолды таңдайды, жұмыс барасында ол байланыс арнасының бос аралықтарын тиімді түрде пайдаланады. Бұл мүмкіндік Интернетті қазіргі кездегі ең жылдам, әрі арзан, әрі сенімді байланыс жабдығына айналдырады деуге болады.
Ал, енді түйінді машиналар жұмысы қалай ұйымдастырылған, Интернетте адресті кім тағайындайды, компьютерлер арасындағы байланыс қалай қамтамасыз етіледі, компьютер телефонмен қалай қосылады деген мәселелерге келсек, бұның бәрін істейтін арнайы қоғам- Интернет провайдері деген ұйым, мекеме бар. Мысалы, Алматыда Интернет провайдері болып қызмет атқаратын Интернет трейнинг орталығы Nursat, S&G Communications, Parasang, Қазақтелеком, Астел Арна Спринт т. с. с мекемелер жұмыс істейді.
Internet- те қызмет көрсету провайдері- ISP /Internet Servise Provider/, Internet- пен қарапайым тұтынушылардың тікелей қатынас құруын жүзеге асыратын заңды тұлға. Интернет желісімен жұмыс істеу үшін компьютер, модем, телефон арнасы осыларды байланыстыру ісін атқаратаны программалық жасақ қажет және белгілі бір провайдермен байланысу керек. Интернетпен жұмыс істеуде мүмкіндік беретін ең кіші /минималды/ параметрлер мынадай болады: Windows 95 операциялық жүйесі /желі жұмысының Windows 98/ ыңғайлырақ.
486/66 МГц DX процессоры немесе одан жоғарғы модельдердің бірі компьютердің жедел жады /RAM/ көлемі 8 Мб немесе одан жоғары қатты магниттік диск /HDD/ көлемі-500 Мб немесе одан жоғары.
Модельді қосуға арналған COM PORT болуы тиіс.
SVGA мониторы;
Модем /модулятор-демодулятор/
Тышқан тетігі
Қазіргі кездегі желімен жұмыс істейтін ең кең тараған компьютер құрамы:
Pentium 2/350 Гц немесе АМD К6-2/350 Мгц; RAM көлемі-64Мб; HDD көлемі -5000Мб;
LG немесе Samsung фирмаларының SVGA мониторы; дыбыстық карта мен акустикалық жүйе; US Robotics модемі, мәлімет алмасу жылдамдығы 33, 6 Кбит/сек.
Модем дегеніміз - провайдер торабымен дербес компьютердің байланысын қамтамасыз ететін арнайы құрылғы. Модемнің негізгі сипаттамсы болып, ол арқылы бір секундтағы тасымалданатын биттер санымен өлшенетін, оның мәліметтерді қабылдау- жөнелту жылдамдығы /бит/с немесе кбит/с, b/s, kb/s/ саналады. Модемнің жылдамдығы жоғры болған сайын оның бағасы да өсіп отырады. Модемдер орналасуларына қарай ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Ішкі модемдер арзанырақ болады, оларды сатып алу кезінде 50к/бит/с -тан жоғары жоғары жылдамдықты қамтамсыз ете алмайды, оның үстіне біздегі телефон желілері де әлсіз келеді. Сондықтан жылдамдығы 56к/бит/с модем алудың қажеті шамалы. Ақпаратты сақтау желіге қосылған тұтынушыларға қызмет етуге арналған сервердің ішкі функциясы. Бұл қызметі үшін сервер провайдер ретінде ақша алады. Ал, сервердің сыртқы функциясына - ақпаратты тасымалдау жатады. Мысалы, Лос-Анджелестегі сервермен Алматыдағы компьютер /клиент/арасында байланыс болу үшін жіберілген ақпарат жолдары жолдағы оншақты серверлерден өтуі керек. Алғашында ол Алматыдан Мәскеуге барады, сонан соң Хельсинкиге барады, әрі қарай Еуропалық желі түйіндері арқылы трансатлантик кабелімен АҚШ- қа жеткізіледі. Ал егер ол бағыт бос болмай қалса, онда мәлімет бірден спутникалық арналармен Мәскеуден тура Нью- Йоркке кетіп қалуы мүмкін. Ақпараттың қай жолмен жүретінін алдын- ала болжауға болмайды. Ол ешкімді қызықтырмайды да. Желідегі әрбір сервер бір жерден ақпарат дестесін алғаннан кейін ол жөнелтілуге тиіс сервердің адресін біледі де, ақпаратты сол бағыттағы «жақындау» орналасқан серверге жібереді. «Жақындау» дегеніміз - тегін емес. Жақындау орналасқан сервер байланыс мүмкндігіне белгілі бір арнаның жұмыс өнімділігіне оның қуатына тағы басқа факторларға тәуелді болады. Екі ауыл арасын дағы ең төте жолмен машина арқылы жетудің қиындығы тәрізді мысалы жол тегіс емес немесе жауыннан соң тас төлген алыс жолмен жүру ыңғайлы т. с. сс шаралар сияқты байланыс арналарында да арасы қашық болса да ең жылдам орындалатын мүмкіндік таңдалып алынады. Желі бойындағы түйінді серверлерде мәліметтерді реттеу мақсатында арнайы ақпараттық программалық жабдықтар жұмыс істейді. Оларды бағыттауыштар /маршрутизаторлар/ деп атайды. Олар келіп түскен мәліметті қайда жіберу керектігін анықтайды. Мысалы, Мәскеу мен Хельсинки арасында байланыс болмаса да, алматыдан шыққан мәлімет бәрі бір бағыттауыш программалар көмегімен Лос- Анджелес жылдам.
2. Internet хаттамалары
TCP/IP хаттамалары - бұл тораптық хаттамалардың стандартты жиыны. TCP/IP торабында мәліметтерді жіберуді қолдануды қамтамасыз ету үшін әр компьютердің өзіндік ерекше мекені /ІР- мекен/ болуы қажет.
ІР хаттамасы. Internet торабында ақпаратты жіберу жүйесінің негізі ІР хаттамасы болып табылады.
Енді ақпаратты жіберуге қажетті шарт - ол әр компьютердің ІР- мекенінің болуы. ІР- мекен- бұл компьютердің өзіндік ерекше мекені болып табылатын, өзі төрт ондық саннан құралған топ. Мысалы: 198. 68. 191. 10, 204. 250. 144. 70. Негізінде ІР мекен -бұл компьютердің өзіндік ерекше мекені болып табылады. Компьютерде бұл мекендер мынадай түрде беріледі. 11000110 01000100 101010 және 11001100010 1001 01000110
ТСР хаттамасы. ІР хаттамасы Internet арқылы мәліметтерді жеткізуді қамтамасыз етеді. Бірақ осы жеткізу барысындағы барлық мәселелерді шешпейді. Енді ең басты мәселе барлық пакеттерді өз мекендеріне жеткізумен және оның қабылдануымен байланысты. Бұл мәселелер хаттама көмегімен шешіледі.
Бұл хаттаманың жұмыс істеу барысын мысалмен қарастырайық, сізге кітапты жіберу керек болсын. Сіз оны тек қана әр парағын бөлек- бөлек жіберу арқылы ғана жібере аласыз. Сонымен қатар кітап парақтары нөмірленбеген. Қабылдаушылар беттерін түгел мекенін және қандай ретпен орналасатынын қайдан біледі? Қабылдау бөлімінде қабылданған пакеттер нөмірі тексеріледі. Егер кей конверттер болмаса, ақпаратты қабылдаушы компьютер оларды қайталап жіберуді талап етеді. ТСР ақпарат қандай күйде жіберілсе, сондай өзгертілмеген күйде қабылдануын қамтамсыз етеді.
НТТР хаттамасы /Hyper Text Transfer Protocol/ . Бұл сервердің WEB құжаттарына кіруге сұралған клиент пен осы сервердің арасындағы байланысты қамтамасыз ететін хаттама. НТТР ТСР/ІР мен салыстырғанда жоғары дәрежелі хаттама болып табылады.
Мысалы, басқа компьютер /клиент/ сұрап отырған ақпарат одан басқа компьютерде /серверде/ сақталсын және ол сервердің деректер қоймасында сақталсын және ол сервердің деректер қоймасында сақталсын. Алдымен серверде деректер қоймасынан ақпарат алынуы керек, содан кейін барып ол клиентке жіберіледі.
Клиент пен сервердің өзара байланысу процесі төрт бөліктен тұрады:
1. ТСР/ІР хаттамасы бойынша клиент пен сервер арасында байланыс орнатамыз.
2. НТРР хаттамсы түрінде клиент сұранысын серверге жіберу.
3. Сұранысты серверде өңдеу және клиентке жауапты форматтау /НТТР хабарламасы түрінде/
4. Клиент пен сервер арасында байланыс сұранысын анықтау.
Web-сервердегі ақпаратқа кіруді қамтамсыз етуі үшін сұраныстарды құрастырып, оны серверге жібере алатын, сосын жауапты өңдеп, оны экранда бейнелей алатын қосымша болуы керек. Бұл қосымшаларға Web браузерлер жатады. Windows ортасында жұмыс істейтін браузерлер Microsoft Netscape фирмасынының Internet Explorer және Netsсаре фирмасының Navigator/ Communicator- ы болып табылады.
3. Байланыс түрлері
INTERNET-пен бай ланысқан провайдер компаниясы деп аталатын мекемелер әрбір компьютерді INTERNET- ке қосып бере алады. Желіге қосылудың бірнеше түрі бар, олар:
-қосылып тұратын тікелей байланыстар /кіру жолдары/;
-тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстар /кіру жолдары/;
-почталық байланыстар.
Бұл атаулар әзірге түсініксіз шығар, енді олардың ерекшеліктерін қарастырайық.
Тұрақты қосылып тұратын байланыс- мұнда жеке компьютер тікелей ТСР/ІР желісіне қосылған Tranamsmission Control Protocol/Internet Protocol-/ Internet Protocol -жеткізуді басқару протоколы/ интержелі протоколы/ түрінде болады, бұл Internet- тің бір шеткі бөлігі, яғни жеке компьютер мекемедегі желімен тұрақты байланыстағы негізгі компьютермен жалғасып тұр. Мұндай байланыс ерекшеленген немесе тұрақты тікелей байланыс деп аталады.
Ерекшеленген немесе тұрақты тура байланыс тек ірі компаниялар мен корпорацияларда болады. Провайдер- компания осындай мекемеде бағдарлауыш орнатып, бағдарлауыш INTERNET- ке қызмет ететін компьютермен /хост- компьютері/ қосатын телефон каналын жалдап алады. Телефон каналы мен Internet арасындағы байланыс тұрақты сақталады. Сондықтан провайдер - компанияның компьютерімен байланысуға телефон шалу қажет емес, ауқымды желіге әрбір адам өз компьютерімен кіреді де, қалаған жеріне Internet арқылы мәлімет жібере алады.
Қосылып тұратын тура байланыс көбінесе ALIP, Point-to Point Protocol немесе PPP деп аталады. /Serial Line Internet Protocol- тізбекті желі үшін Internet хаттамасы, Compessed Slip- тығыздалған Slip, Point-to Point Protocol - “нүкте-нүкте” хаттамасы/. Ал Хremote деп аталатын байланыс түрі сирек кездеседі, бұл да ТСР/ІР секілді, бірақ телефон каналын тұрақты пайдалануға негізделген. Ыңғайлылығы жағынан бұл түр тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстан кейінгі орында тұр.
Тұрақты қосылып тұрмайтын байланыс қымбаттфлфғфна қарай әр компьютерге қойылмайды да, оның орнына Slip /арзан болғандықтан/ қолданылып келеді. Ол желіге телефон арқылы қосылатындықтан, модем мен бір телефон нөмірі қажет болады. Солар арқылы хос- компьютермен байланыс орнатылған соң, Slip-пен қосылып тұрмайтын байланыс аралығында ешбір өзгеріс жоқ.
Почталық байланыс. Internet- пен қосыла алатын бірнеше почталық байланыс түрлері бар. Провайдері CompuServe болып келген компьютерлер бірден Internet-ке беріп, одан да бірден хат- хабар ала береді. CompuServe жүйесінде почта адресі алдына Internet деп жазылыр қойылады. Бұл ортадағы әр түрлі дискуссияларға қатысу үшін LISTERV жүйесін пайдаланған абзал. Осы секілді почталық байланыстар желілік комей /network gateways/ деп аталады, олар Internet желісімен шектеулі тәсілдер арқылы байланысады. Почталық қатынастың тағы бір түрі бар, бірақ ол тек почта жүйесімен ғана қосыла алады. Тағы да UUCP деген почталық байланыс түрі бар, онда байланыс тек осы мақсат үшін жұмыс істейтін программа арқылы орнатылады.
4. Internet - пен қатынас құру
Бізге кенеттен бір файл керек болды делік және оның қай жерде екені бізге белгілі болсын. Ол файл тегін берілетін программа, жұмысқа керекті ақпарат /құжат/, сурет немесе кітап та болуы мүмкін. Енді сол файлды өз компьютерімізге қалай әкелу жолын қарастырайық.
Мұндай мақсат үшін файлды жеткізу хаттамасы деп аталатын жүйе қолданылады /File Transfer Protocol-FTP/. Практикада ҒТР не ftp термині жиі ұшырасады. Каталогта немесе почталық хабарда «файлды алу үшін ҒТР жүйесі қолданылатын білдіреді. ҒТР арқылы қызмет ететін арнаулы программасы бар желіге қосылған компьютер ҒТР сервер деп аталады. Көптеген ҒТР- серверлер барлық адамдар үшін ашық болады, кез келген адам одан администратор рұқсатымен әртүрлі мәліметтер ала алады. Бұл тәсіл анонимдік ftp деп аталады, өйткені мәлімет алу үшін ешкім өз атын айтпайды. Белгісіз /аноним/ болып қала береді. Көбінесе пароль ретінде әркім өз адресін енгізеді. Ал кей кезде мәліметті пайдалану үшін /кіру үшін/ курі атауын /nameіd/ немесе паролін /password/ білуі қажет болады.
ҒТР-серверінің мәліметтерімен қатынас құру үшін әркім стандартты кіру сұхбатын орындауы керек. Оның бір мысалы мынадай блуы ықтимал: орen ftp. relcom. su nameid password-ҒТР серверге кірердегі сұраныс тізбегі, мұндағы:
ореп ҒТР- сервермен қатынас құру сұранысы;
relcom. su- ҒТР серверінің қажетті информациямен толықтырлған аты;
nameid-пайдаланушының кіру аты немесе anonimus;
password- с±раушы адамның паролі немесе почталық адресі;
Парольді немесе µз атын д±рыс енгізбегенде ҒТР- сервер тек шектеулі командалар жиынын орындай алады, атап айтқанда:
help- сервер командалары бойынша анықтама беру;
quit-сеансты аяқтау
Пароль немесе атау дұрыс болса, қатынас құру құқығына байланыстыкомандалар орындауға болады. Олардың құрамына мыналар кіреді:
сd каталог аты- каталогты ауыстыру;
cd. . - жоғарғы деңгейден каталогқа қайту;
get файл аты- ҒТР- серверден файл алу;
binary-екілік файлдарды жіберу/ алу режиміне ауысу /типтері ехе, соm, arj/, rar, ter, zip және т. б. /
dir- ағымдағы каталог файлдары тізімін беру;
FTP- сервермен байланысу сеансында пайдалануға болатын командалар жиынтығын HELP командасы арқылы алуға болады.
ҒТР- серверден файлдар алу кезіндегі әдеттегі командалар жиынтығынан мысал келтірейік:
cd pub/ - барлық ҒТР- серверін пайдаланушыларға ашық PUB каталогын /директориін/ пайдалану;
dir- сол каталог файлдар тізімін беру;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz