Ұяшықтар мен формулаларды көшіру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҚазаҚстан РеспубликасыныҢ Білім
жӘне Ғылым министрлігі

Қ.И.СӘтбаев атындағы ҚазаҚ ҰлттыҚ
техникалыҚ университеті

Ақпараттану кафедрасы

КурстыҚ жҰмыс
Тақырыбы: Кестелік процессор. Mіcrosoft Excel.

Орындаған: АиСУ-02-3қ
тоб. ст. Каналиева А.Б.
Тексерген: оқытушы
Ноғайбаева Р.К.

Алматы 2006
Мазмұны
Кіріспе 3
І тарау. Ехсеl бағдарламасы және оның атқаратын қызметтері 5
1.1. Ехсеl – программасымен жұмыс істеуді бастаймыз. 5
ІІ тарау. Ұяшықтар мен формулаларды көшіру 10
2.1. Ұяшықтар аты 10
2.2. Арифметикалық операциялар және мәтіндік операция 11
2.2. Ұзын сандар мен жазулар 13
2.3. Дөңгелектеу және сандар пішімі 15
2.4. Түзету 19
2.5. Функция шебері 22
2.6. Қате түрлері 25
2.7. Excel функциялары 26
Қорытынды 27
Қолданылған әдебиеттер: 28

Кіріспе

Ехсеl – бүгінгі таңда ең тиімді электрондық кесте программасы. Бұл
программаны іс адамдары мен ғалымдар, бухгалтерлер мен тілмаштар қолданады.
Оның көмегімен әр түрлі тізімдер, каталогтар мен кестелер жүргізеді;
қаржылық және статистикалық отчет жасайды; сауда мекемесінің жағдайын
есептейді; ғылыми тәжірибелердің нәтижелерін өңдейді және т.б. жұмыстарды
атқарады.
Ехсеl программасы қосындыны баған және жол бойынша есептей алады;
процентін, орта арифметикалық қосындысынтаба алады; жалпы бұл программада
көптеген стандартты функцияларды қолдануға болады.
Кестені толтыру әр түрлі болуы мүмкін, жақсы мәтін процессорінде
берілгенді форматтау мүмкіндігі: шрифтын өзгертуге, жолдарды, бағандарды
немесе мәтіннің жеке ұяшықтарын өзге түспен, қоршаулар мен сызғыштармен
ерекшелеуге, аумақты фонмен немесе түрлі түспен бояуға, кестедегі
берілгендер бойынша графиктер мен диаграммалар салуға, кестеге сурет
енгізуге және т.б. жұмыстарды атқаруға болады.
Программаның күшті екендігін айтып кету керек, әсіресе соңғы
версиялардың мүмкіндіктері өте үлкен. Жалғыз ғана математикалық, логикалық,
бухгалтерлік, статистикалық функциялардың түрлері 200-ге жуық. Соның
ішіндегі ең керекті программаларды, әрі олармен жұмыс істеу түрлерін
қарастырамыз.
Негіз болып Ехсеl 5.0 және Ехсеl 97 версиялары алынады.

І тарау. Ехсеl бағдарламасы және оның атқаратын қызметтері

1.1. Ехсеl – программасымен жұмыс істеуді бастаймыз.

Іске қосқаннан кейін Ехсеl 5.0(1.сурет) және Ехсеl 97(2.сурет)
версиялары экранда былай көрінеді. Ашылған терезелер көріністері WіnWord
программасын еске алдырады, бірақ айшық өзгешеліктер де бар. Стандартты
және форматтау құрал-жабдықтар панелі астында формула қатары орналасқан,
мұндай WіnWord программасында болған жоқ. Басты айырмашылығы болып, Ехсеl
жұмыс алаңының таза парақ емес, ал бос кесте екендігі табылады.*
Шын мәнінде бір файлда бір ғана емес, бірнеше кестелер бар. Бұл
кестелер жұмыс кітабын құрайды (Excel 5.0-ден төменгі версияларда бір
файлда бір-ақ кесте болған). Жұмыс алаңының төменгі жағында көлдеңен
орналасқан лифтін сол жағында бетбелгі қатарын көреміз (Лист1, Лист2
т.с.с). Сол жерге барып тышқанды шерту арқылы кітап беттерін парақтау
мүмкіндігі болады. Егер де пернелер тақтасын қолдану ыңғайлы болса, онда
мынадый комбинациялар арқылы орындауға болады:Ctrl+PgUр және Ctrl+PgDown.
Ал егер жұмыс кітабында беттер жетіспесе, онда оны Кірістірме менюіне
барып, жұмыс парағы жолын енгізу арқылы қосуға болады (Кірістірме ( Жұмыс
парағы).
Ехсеl – көп терезелі программа, сол себепті біз бір мезетте сонша файл
енгізуімізге болады, қанша компьютер есінің көлемі қабылдай алады.
Енгізілген бір файлдан екінші файлға көшу - Ctrl+Tab(алдыға) және
Shіft+Ctrl+Tab(артқа) комбинациялары немесе Терезе менюі арқылы жүзеге
асады.
Кестенің әрбір жолы санмен, ал бағаналары әріппен белгіленген.
Сондықтан әр ұяшықтың парақта өз адресі бар. Мысалы, біздің суреттегі
қоршаумен ерекшеленген ұяшықтың адресі А1. Егер де біз кітаптың басқа
бетінен осы ұяшыққа кіргіміз келсе, онда оның адресіне осы беттің адресі
қосылады: Лист1! А1 (леп белгісі айырушы болып табылады).
Егер біз ұяшыққа басқа файлдан кіргіміз келсе, онда адреске оның аты
мен оған барар жол қосылады. Бірақ бұл туралы толығырақ £Түзету” бөлімінде
айтамыз.
Айтпақшы, ұяшықтың қоршаумен ерекшеленуі оның активті екендігін және
оған сол мезетте белгілі бір нәрсені пернелер тақтасы арқылы енгізуге
болатынын білдіреді.
Кестенің әр бір ұяшығында сан, мәтін немесе формула орналасуы мүмкін.
Сан мен мәтін туралы барлығы түсінікті, ұяшыққа барып пернелер тақтасы
арқылы енгізесіз.Ал формула дегеніміз не?
Ең қарапайым формула – бұл қосынды (сумма). Программаға нені қосу
керек екендігін түсіндіріп, біз берілген ұяшықтан жауабын аламыз. Әрине,
біз санды көреміз, бірақ £жай саннан” айырмашылығы ол есептелген. Егер де
біз қосындылау аумағына кіретін ұяшыққа енгізілген кез келген міәнде
өзгертсек, онда нәтижесі автоматты түрде өзгереді.
Қалай орындалатынын көрейік. Курсорда А1 ұяшығына әкеліп қандай да бір
санды енгіземіз, одан кейін Enter пернесін (немесе төменге бағытталған
тілсызық пернесін) басамыз, яғни А2 ұяшығында автоматты түрде орналасамыз.
Осылай бес санды енгізіп, А6 ұяшығына қосындылау формуласын жазамыз:
=А1+А2+А+А4+А5, одан кейін Enter пернесін басамыз. Excel А6 ұяшығына
қосынды есептеп жазады.
Қосындылауды басқа жолмен орындаған жөн, Excel стандартты функцияларын
қолданып. Ол үшін тышқанмен А1 және А5 ұяшықтар аралығын ерекшелеп, құрал-
жабдықтар панеліндегі қосындылау (сигма) батырмасын басамыз. А6 ұяшығында
лезде есептелген қосынды шығады. (Әрине, ұяшықты пернелер тақтасы арқылы
ерекшелеуге болады, ол үшін Shіft пернесін басып тұрып бағытталған
тілсызықты қозғалтамыз).
ЕндіА1 мен А5 аралығындағы басқа ұяшыққа ауыссақ және оған басқа сан
енгізсек, онда қосынды лезде өзгереді (әрине, егер де жұмысты аяқтап
болғаннан кейін Entеr’ді бассаңыз).
Дәл солай формула басқа да өзгерістерді байқайды, егер сіз ұяшықты
тазартсаңыз(Delete), ұяшық немесе ұяшықтар тобын жойсаңыз (Түзету(Жою)
немесе, керісінше, жаңа жол қоссаңыз (Кірістірме(Жолдар) және бос
ұяшықтарды толтырсаңыз.
А6 ұяшығында құрылған формуланы көру үшін тілсызықтар немесе тышқанмен
сол ұяшыққа өтіп, жоғарыда орналасқан формула қатарын қараймыз. Сол жақта
бөлек терезеде (бұл ат өрісі деп аталады) А6 деп жазылған. Бұл ұяшық адресі
(аты). Ал жанында формуланың өзі тұрады:=СУММ(А1:А5). СУММ – бұл қосындылау
операциясы, ал жақшада қосындысы жабылатын ұяшықтар аралығы жазылған.

N.B. Тек теңдік белгісінен басталатын өрнек Excel’де формула болып
есптеледі.

Формула қатарына тышқанмен курсорды апарып қойсақ, онда өзімізге
дұрыстауға болады. Ал егер екі рет А6 ұяшығынан шерт еткізсек немесе F2
пернесін бассақ, онда ұяшықтың өзінде түзетуге болады, ал формула қатарында
біздің іс-әрекетіміз қайталанады.
Мысалы, қосындылау аймағына В және С бағандарының берілгендерін енгізу
керек. Онда қосындылауды тіктөртбұрыш бойынша ұяшыққа жазуға болады:
А6=СУММ(А1:С5), сол жақ төбесі- А1 ұяшығында, төменгі оң жақ - С5-те
орналасқан.
Баған немесе жол бойынша қосындыны табу үшін басқа жолға немесе
бағанға орналастыру керек. Мұны ұмытпаңыз!

N.B. Excel 97 итерациялық есептеулерді орындаған кезде циклдық
сілтемені өңдеуі мүмкін. Бірақ бұл қиын материал, сондықтан біз оларды
қолданбаймыз.

Есепті сәл қиындатайық. Айталық, бізге А және С бағандарын қысындылау,
ал В-ны алып тастау керек. Онда біз =СУММ(А1:А5;С1:С5) деп жазамыз. Қос
нүкте- интервалды, үтірлі нүкте - қайта санап шығуды белгілейді.
Шын мәнінде, жоғарыда айтылған барлық амалдарды тышқан арқылы
орындауға болады. Мысалы, Қосынды орналасатын D6 ұяшығына тұрып сигманы
басамыз - ұяшықта толтырылмаған формула =СУММ() пайда болады, ал сосын
тышқанмен тікбұрышты А1:С5 блогын ерекшелеу керек немесе бірінші А1-ден А5-
ке дейінгі ұяшықты, ал кейін Ctrl пернесін басып тұрып С1-ден С5-ке дейінгі
ұяшықты ерекшелейміз.
Ерекшелеуге байланымты жақшада ұяшықтар аты пайда бола
бастайды.Аяқтап, енгізілген нәтижені тексеру үшін Enter’ді басамыз.
Кейде басқа берілгендерді формулада қолдану керек болып қалады.
Төртінші беттегі А1 ұяшығын біздің қосындыға қосу үшін, мынаны жазамыз:
=сумма(А1:А5)+Лист4!А1.
Айтпақшы, біз формуланы редакциялауды бастағаннан бері формула
қатарында жаңа батырмалар пайда болды. Галочканы (() тышқанмен шерту бізбен
енгізілген өзгерістерді растайды, крестикті(x)-болдырмайды, ал fx батырмасы
қандайда бір функцияны кірістіруге мүмкіндік береді.
Ехсеl 97-де fx –тің орнында батырмада (=) белгісі тұр. Бірақ формула
реакциялау режимінде 97-ші нұсқауда жаңа функциялар терезе-тізім пайда
болады.Тышқанды бір рет шерту арқылы ол жерден бір кез-келген функция алуға
болады.
Тышқан рқылы баған емес жол бойында орналасқан берілгендерді
ерекшелеуге болады. Сонда қосындылау батырмасын асу арқылы ерекшелінген
ұяшықтар тобының жол бойынша қосындысын аламыз. Формула былай
болады:=сумма(А1:Д1).
Егер тышқанмен тікбұрышты аумақты ерекшелесек, мысал, алғашқы ұяшық
бағанынжәне сигманы бассақ программа не істейді? Онда ол әр баған бойынша
қосындыны есптеп, төмендегі бос ұшықтарға жазалы.
Егер осындай әріппен әр жол бойынша қосындысын есептегіміз келе, онда
А1:С1 блогын ерекшелеу кезінде бос Д(А1:Д5) бағанын қосып лу керек. Онда
қосындылау батырмасын басқан кезде Д болғанда жол бойынша есептелген
қосындылар пайда болады.
Егер берілгендер блогына қоса оң жақтан бос бағанды және төменнен бос
жолды ерекшелеп, сигманы бассақ, онда Ехсеl бізге жол және баған бойынша
қосындыны жазып береді.

ІІ тарау. Ұяшықтар мен формулаларды көшіру

2.1. Ұяшықтар аты

Активті ұяшықтар ерекшелейтін қоршауға дүрытап қарасаңыз, оң жақ
төменгі бұрышта кішкентай қарашаршы бар. Кәдімгі Ехсеl-дік курсор толық оң
крестик формасына ие болады, бірақ осы шаршының үстіне тұрған кезде ол
өзінің түрін өзгертеді: жіңішке және қараға айналады. Бұнын барлығы
жайшылықтан емес-шаршының программада өзіндік ерекше ролі бар. Мысалы,
тышқанмен төмен қарай тартса, сан және мәтін сияқты бос ұяшыққа
көшіріледі.
Егер де бастапқы ұяшық формула болса, онда ол да көщіріледі. Бірақ
қалай? Егер мысалға Д1 ұяшығында қосынды бірінші жол бойынша:=сумм(А1:С1)
болса, онда форумуланы төмен қарай созғаннан кейін Д2 ұяшығында екінші жол
бойынша: =сумм(А2:С2) қосынды пайда болады. Яғни барлық аргументтер төмен
қарай бір жолға көшеді.
Мысалы, сізде дайын кесте бар және оған бір бағанды (Е) енгізу керек,
ол жерде қандай да бір процент немесе формула есептеледі. Ол үшін Е1
ұяшығына тұрып керекті формуланы енгіземіз, ал сосын шаршыдан алып барлық
бағанға қоршауды созамыз. Формула көшіріледі, әрине аргументтерді өзгертіп.
Дәл осылай жол бойынша орындауға болады. Егер қасында орналаспаған бір
ұяшықтан екінші ұяшыққа формуланы көшіру керек болса, онда ол үшін керекті
ұяшыққа тышқанмен барып тұрамыз,курсорды оның тік немесе көлдеңен
шекарасына апарып қойып (курсор тілсызыққа айналады) Ctrl пернесін басып
формуланы керек жерге көшіреміз.
Егер Ctrl-ды баспасақ, онда формула жаңа жерге жылжиды, бірақ бастапқы
орнында жоғалып кетеді. Дәл осылай ерекшеленген блоктарды, бағандарды және
жолдарды жылжытуға немесе көшіруге болады. Мұның барлығы Draq-and-Drop
(£перетащить и бросить”) деп аталады.
Бірақ көшірудің өзінің қайшылықтары бар. Оның ішінде бастысы – ол
көшірілген кезде аргументтердің адресінің өзгеруінде.
Айтпақшы, аттар терезесінің көмегімен керек ұяшыққа тез көшуге болады:
егер тілсызықтан шертсеніз, онда жұмыс кітабы біз қойған ұяшық аттарының
тізімін көресіз. Сосын керек ұяшықты таңдап, өзімізге керек жерді басамыз.

2.2. Арифметикалық операциялар және мәтіндік операция

Excel’де ең қарапайым арифметикалық операциялар қолданылады: +(қосу),
-(азайту), *(көбейту), (бөлу), %(процент) және ^(дәреже). Аргументтерді
беру үшін: “:”- интервал және “;”- жіктеу белгілері қолданылады.
Іс-әрекет реті мектепте үйреткендей. Жақшаны да қолдануға болады,
соның ішінде қабаттасқанды. Тағы да ескертелік формула теңдік белгісінен
басталуы керек, әйтпесе ол мәтін ретінде түсініледі.
Мысалы: =((F4+С5)Е6)*(В2-D2)+С4^2
Мәтін мен формуланы бір ұяшыққа жазу үшін немесе әр түрлі ұяшықтардағы
мәтіндерді біріктіру үшін & (амперсанд)- біріктіру белгісі қолданылады.
Мысалы, сандық (рубль) қосынды үшін “руб.” сөзін қосу үшін формуланы былай
жазады: =А2*$В$2&“руб.”.
Өкінішке орай, құрамында сөзі бар сан нәтижесі – сан немесе формула
бола алмайды. Оны бірден байқауға болады, өрнектің ұяшықтың сол жақ
жазылуына қарап (мәтін осылай жазылады). Бірақ егер де берілген Ехсеl беті
жұмыс кестесі болмай, ал аяқталған, шығатын документ болса, онда ол еш
мағынаны білдірмейді.
Текстерді бір-бірімен біріктіруге болады, Мысалға, А1 ұяшығында “Рахат
кондитер фабрикасы” деген мәтін, ал А2 ұяшығында - “Фудмастер сүт тағамдары
компаниясы” деген мәтін бар болсын. Екеуін А4 ұяшығына біріктіру қиынға
түспейді. Ол үшін мынадай формула құрастырамыз: ="Қаланың үлкен
предприятиялары біздің әрқашандағы клиенттеріміз-"&А1&" және "&А2
Нәтижесі былай болады: Қаланың үлкен предприятиялары біздің
әрқашандағы клиенттеріміз – Рахат кондитер фабрикасы мен Фудмастер сүт
тағамдары компаниясы, егер де формуланы дұрыс жазсаңыз.

2.2. Ұзын сандар мен жазулар

Ұшықтың шекарасынан шығып тұратын ұзын жазулар (мәтіндер) толығымен
көрінеді егер оң жақ ұяшықтар бос болса, бірақ сол ұяшыққа кез келген бір
санды немесе мәтінде енгізсек Excеl мәтінді кесіп тастайды. Дегенмен,
ұяшықтағы берілгенді түгелдей формула қатарынан көруге болады. Сонымен
бірге, ұяшыққа сыймаған есептелген нәтижені толығымен формула қатарынан да
көре алмайсыз, ол жерде формуланың тек өзі жазылып тұрады.
Не істеу керек?
Біріншіден, шрифтің өлшемін кішірейтуге немесе жіңішке, компктты
гарнитураны алуға болады. Кестені толық (сол жақ жоғарғы бұрыштағы бос
квадраттан шерту керек) не оның бөлігін ерекшелеп, гарнитура мен якегля
таңдау терезелерінен Форматтау сызығымен сәйкес келетін бір нәрсені таңдап
алыңыз.
Ал екіншіден, колонканы кеңейтуге болады, ол үшін клонканың
тақырыптамасындағы оң жақ шекарасын тышқанмен алып (крестиктен жасалған
курсор оңға, солға тілсызығы бар тіксызыққа айналады) оң жаққа қарай сан
немесе жазу толық сыйғанша дейін созамыз. Дәл осыны Формат(Баған(Ені
командасы арқылы орындауға болады; сонымен бірге ені санмен беріледі.
Автоматты түрде орындалу үшін мына команда орындалады: Формат(Баған(Енін
келтіру.
Сандармен салыстырғанда мәтін үшін тағы бір әдіс бар. Өте ұзын мәтіні
бар ұяшыққа барып тұрамыз да Формат менюінен Ұяшықтар (Ctrl-1) командасын
таңдап алып, диалогты терезе ұяшықтар форматына кіреміз. Түзету
Бетбелгісінен шертеміз, сол кезде түрлі командалар пайда болады. Соның
ішінде бізге керектісі – квадрат Әр сөзді жеке-жеке тасымалдау (Переносить
по словам). Егер оған крестикті қойсақ, онда Exсel ұзын мәтінді бөліктерге
бөледі. Бірақ оны толығымен көру үшін жол биіктігін үлкейту керек. Колонка
енін қалай өзгерттік, дәл солай жол биіктігін өзгертеміз.
Сонымен, колонка ені мен жол биіктігін біріктіріп (қиыстырып) кез
келген жазулардың дұрыс бейнесіне жетуге болады.
Шын айтқанда, мұндай әдісті қолданғанда жолдардың биіктігі әр түрлі
болады. Егер де берілген кестенің дұрыс дайындалуы маңызды болса, онда
жолдың биіктігін санмен дәл анықтаған жөн. Мына команда қолданылады:
Формат(Жол биіктігі. Пайда болған кішкентай диалогтық терезеге сандарды
пункте қолмен жазамыз - негізгі шрифтің оныншы кеглінде 12.5 пт.-ға тең
биіктікті таңдаған жөн.
Ал жол биіктігін автоматты түрде анықтау үшін Формат(Жол(Биіктікті
келтіру командасын қолданған (Excel 97-де Биіктігін автотаңдау) жөн, ол жол
биіктігін барлық ерекшеленген ұяшықтар үшін сәйкесінше шрифт кеглімен және
мәтін ұзындығын өзі анықтап береді.
Кестеде ұзын жазуларды орналастыру әдістерін қарастырғанда ұяшық
шекарасын үлкейту керек деп түсінеді. Ал бұл міндетті емес. Бірнеше
ұяшықтарды алып Excеl’ге жазу барлық ұяшықтарды қамту керектігін көрсету
керек.
Ол үшін бірнеше ұяшықтарды ерекшелеп Баған бойынша центрлеу батырмасын
басамыз (Excel 97-де Біріктіру және центрде орналастыру д.а.). Excel сіз
көрсеткен ұяшықтарды біріктіріп оларда мәтінді орналастырады.
Енді жаңа біріктірілген ұяшықта мәтіннің түратын орнын өзгертуге ешкім
кедергі жасай алмайды. Центрге орналастырудың орнына оң жақтан немесе сол
жақтан түзетуді аламыз. Осылай өзге кестенің түрін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Microsoft Еxcel бағдарламасымен жұмыс істеу жолдары. Практикум ПЭВМ
КЕСТЕЛІК ПРОЦЕССОРЛАР
Формулалар және функциялар
Excel кестелiк процессор
Paіnt бағдарламасын іске қосу
Ұялар ішіндегі мәлімет
Windows жүйесіндегі Excel электрондық кестесі.
Еxcel – де программалау
Excel программасының қосымша мүмкіндіктері. Жұмыстық беттерді редакторлеу
MS-DOS-тағы файлдармен және каталогтармен жұмыс жасау
Пәндер