Презентацияны шаблондар көмегімен құру


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе3

1. Power Poіnt программасын іске қосу4

2. Автомазмұн шебері көмегімен презентация құру5

3. Шаблондар көмегімен және бос презентация құру6

3. 1 Презентацияны шаблондар көмегімен құру6

3. 2 Бос презентация құру7

4. Слайдқа мәтін, сурет, графикалық объектілер енгізу8

5. Power Poіnt программасында слайдпен жұмыс істеу режимдері10

5. 1. Құрылымдық режимде жұмыс істеу ерекшеліктері12

6. Презентацияларды безендіру мүмкіндіктері13

6. 1. Power Poіnt программасында дайындалған презентацияларды шаблон арқылы безендіру13

6. 2. Слайдтарды безендіру элементтері13

6. 3. Слайд белгіленуі14

6. 4. Түрлі түстер схемасы14

6. 5. Фондық түстерді өзгерту16

6. 6. Құю тәсілдерін таңдау17

6. 7. Жеке слайдтарды безендіру17

6. 8. Фон үлгісін алып тастау18

6. 9. Презентацияда бір слайдтан келесі слайдқа ауысу тәсілдері19

6. 10. Құрамдас мәтін анимациясын таңдау21

6. 11. Слайдта қарастырылған бөлімдерді ерекшелеп көрсету21

6. 12. Мәтінді безендіру22

7. Слайд элементтеріне анимациялық эффектілер қосу22

8. Презентацияларды баспаға шығару24

Қорытынды25

Қолданылған әдебиеттер26

Кіріспе

Power Poіnt тиімді, жоғары сапалы презентацияны тез және жеңіл жасауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Power Poіnt жұмыс тобында презентация алмасуын жеңілдетеді және уақытты үнемдейді. Power Poіnt презентациясы - бұл жинақ слайдының ортақ шаблонымен, параметр өлшемі мен парақ бағдарынан тұрады. Файлда презентацияның пішімдеу белгілері, доклад тапсырушы, берілетін парақтар және түрлі-түсті сұлбалар сақталынады. Презентацияда парақтар бағдары: бірі слайдтар үшін, келесісі берілетін парақтар мен бейнелер белгілері үшін болуы мүмкін. Power Poіnt презентациясында слайд негізгі бірлік сақтау объект қызметін атқарады. Әрбір слайд құрамы бір және бірнеше объектіден тұрады. Олар: мәтін тақырыбы, маркілі немесе нөмірленген тізім, суреттер, кескін немесе диаграммалар.

Әрбір слайд объектісінде қаріпті түсін немесе анимация эффектісін безендірумен байланысты болады. Слайд жинағын презентация деп атайды. Презентацияға бір бейнелі сыртқы көрініс беру үшін үлгі және автобелгілеуді қолданамыз. Бірінші слайд графикті, сыртқы көрініс және барлық слайдтардың безендірілуін көрсетеді. Екінішісі құрастырылған стандарт элементтері үшін ыңғайлы құрылған. Қайткенмен де автобелгілеу Power Poіnt пайдаланушы интерфейсінің құрамды бөлігі. Оны құруға немесе өзгертуге болмайды, тек қана слайдты қолдануға құрылған автобелгілеуді немесе үлгіні қайтадан жасауға болады. Power Poіnt презентациясын - бұл жинақ слайдының ортақ шаблонынан, параметр өлшемі мен ортақ бағдарынан тұрады. Файлда презентацияда пішімдеу белгілері доклад тапсырушы берілетін парақтар және түрлі-түсті сұлбалар сақталынады. Презентацияда парақтар бағдары: бірі слайдтар үшін, келесісі берілетін парақтар мен бейнелер белгілер үшін болуы мүмкін. Мысалы: барлық слайдтар бағдар альбомынан тұрады, ал белгілер кітап бағдарынан тұрады. Power Poіnt-тың презентациялары Power Poіnt форматына сақталынады, бірақ оларды тек файлдың нақты форматында ғана сақтауға болады.

1. Power Poіnt программасын іске қосу

  • Power Poіnt программасы тапсырмалар тақтасындағыІске қосубатырмасын шерткенде ашылатын бас менюдіңПрограммалар, Mіcrosoft Power Poіntқатарында тышқанды шерту арқылы іске қосылады.

Менің компьютерім немесе Сілтеуіш программасының терезесінде С дискісінде сақталған Mіcrosoft Offіce бумасындағы Mіcrosoft Power Poіnt жарлығында тышқанды екі рет шерту арқылы іске қосуға болады.

Power Рoіnt программасы іске қосылған мезетте презентация құрудың тәсілдерін таңдау және бұрын қосылған презентацияны оқу мүмкіндігін беретін сұқбат терезе ашылады.

  • Автомазмұн шебері(Мастер автосодержания) ауыстырғышы таңдалса, жаңа презентация, белгілі тақырыпқа сәйкес мәтін және безендіру элементтері енгізіліп сақталған презентациялар тізімінен қажеттісін таңдап, сатылы түрде сұрақтарға жауап бере отырып құрылады. Бұл кезде презентация мазмұны автоматты түрде жасалады.
  • Презентациялар шаблоны(Шаблон презентации) ауыстырғышы өз презентацияңызды бұраннан безендіру элементтері сақталып қойылған шаблон түріне келтіріп дайындау мүмкіндігін береді.
  • Бос презентация(Пустую презентацию) ауыстырғышы ешқандай мәтін енгізілмеген және безендіру элементтері пайланылмаған таза, бос презентация құру мүмкіндігін береді.
  • Презентацияны ашуауыстырғышы бұрын құрылып, сақталып қойған презентацияны оқу мүмкіндігін береді. Бұл ауыстырғыш қосылғаннан кейін, ашуға қажетті презентация сақталған орынды көрсетуді талап ететін сұқбат терезе пайда болады.

2. Автомазмұн шебері көмегімен презентация құру

Автомазмұн шебері (Мастер автосодержания) көмегімен:

  • Жалпы мәселелер бойынша баяндамалар; (Доклады по общим вопросом)
  • Қызмет бабы бойынша баяндамалар; (Доклады по служебным вопросам)
  • Мекеменің жұмыс істеуі жөнінде мағлұмат; (Сведение о функционировании предприятия)
  • Сауда- саттық және маркетинг жөнінде іс есеп-қисаптар; (деловые отчеты о прадажах и маркетинге)

Жеке хабарламалар (личные сообщения) сияқты тақырыптарды кеңінен ашуға арналған алдын ала дайындалып қойылған презентациялар ішінен таңдап, өз презентациямызды құра аламыз. Mіcrosoft Power Poіnt программасы іске қосылғаннан кейін пайда болған сұқбат терезеде Автомазмұн шебері өрісін таңдап, ОК батырмасын шертеміз. Осы кезде Автомазмұн шебері іске қосылады. Автомазмұн шебері презентация құру үшін сатылы түрде мынадай сұрақтарға жауап беруді талап етеді:

1-ші қадамда Презентацияның түрі, яғни оның жалпы тақырыптық бағытын таңдаймыз; Келесі қадамда өту үшін қажетті тақырыпты таңдаған соң, Ары қарай (Далее) батырмасын шертеміз.

2-ші қадамда Презентацияны көрсету тәсілдері, презентацияның баяндамашы өзі түсіндіретін болғандықтан тек иллюстративті слайдтардан құрадатынын немесе ақпараттық киоск түрінде дайындалып, көрермендер өз беттерінше қарауға арналатын опцияларының бірін таңдау қажет;

3-ші қадамда Презентацияны шығару материалының форматы, қағазға басылатынын, фотографиялық слацд немесе электрондық презентация болу керектігін көрсету қажет.

4-ші қадамда Қосымша мәліметтер: презентацияның тақырыбы және титулды слайдта жазылатын мәтіндерді теріп жазамыз.

Осы сұрақтардың бәріне жауап алғаннан кейін автомазмұн шебері презентацияны дайындайды. Тиісті мәліметтерді енгізгеннен кейін Дайын (Готово) батырмасын шертеміз.

Дайын болған презентациядағы мәтіндерді өз ыңғайымызға қарай өзгертіп, арнайы эффектілер қосып, көркемдеу элементтерін қолдана аламыз. Автомазмұн шеберін презентациямен жұмыс істеп отырған кезде қосу қажет болса, Файл-Құру (Файл-Создать) командасын орындап, ашылған сұқбат терезенің Презентациялар ішкі бетінде Автомазмұн шебері шарт белгісінде тышқанды екі рет шерту жеткілікті.

3. Шаблондар көмегімен және бос презентация құру

Power Poіnt программасында презентация құру әрекетін автомазмұн шебері көмегінен басқа екі түрлі тәсіл арқылы орындауға болады. Оның бірі алдын-ала безендіру элементтерін пайдалана отырып құру болса, екіншісі ешқандай безендіру элементтері қарастырылмаған бос презентация құрып алып, одан кейін көркемдеу болып табылады. Power Poіnt программасының бір ерекшелігі осы екі жағдайда да, құрылған презентацияны, алдын ала безендіру элементтері сақталынып қойылған басқа шаблон түріне алмастыруға болады.

3. 1 Презентацияны шаблондар көмегімен құру

Power Poіnt программасында безендіріліп, дайындалған презентациялар шаблондар түрінде сақталынып қойылған. кез келген уақытта осы шаблондарды пайдалана отырып, өз презентациямызды құруға болады. Шаблондарды пайдаланып құру әрекетін Power Poіnt программасы іске қосылған мезетте ашылған сұқбат терезеде Презентациялар шаблоны (Шаблоны презентации) опциясын таңдау арқылы құру мүмкіндігі бар. Осы опция таңдалғаннан кейін Жалпы (Общие), Презентациялар дизайндары (Дизайны презентаций), Презентациялар , Web-парақтар (Web- страницы) астарлы беттерінен беттерінен тұратын, Презентацияны құру сұқбат терезесі ашылады. Осы сұқбат терезе Файл-Құру командасын орындағаннан кейін де ашылады. Сұқбат терезенің оң жақ шетінде орналасқан үш батырма көмегімен презентация тізімін ірі шарт белгілер, ұсақ шарт белгілер және кесте түрінде көруге болады.

Презентацияның шаблонын тышқан көмегімен белгілеген кезде шығатын үлгіден қарап отырып, өзімізге ұнағанын таңдап ОК батырмасын шертеміз. Осы мезетте экранға Слайд құру сұқбат терезесі шығады. Бұл сұқбат терезеде қажетті слайдтың түрін көрсетуіміз керек. Экранға таңдалған шаблонға сәйкес бос презентация пайда болады. Осы презентацияға тиісті мәтіндерді енгізіп, арнайы эффектілерді қосып, көркемдейміз.

3. 2 Бос презентация құру

Бос презентация яғни, ешқандай көркемдеу элементтері қолданылмаған таза презентация құру әрекетін:

  • Power Poіnt программасын іске қосу мезетінде экранда пайда болған сұқбат терезенің Презентация құру өрісіндегіБос презентация(Пустую презентацию) опциясын таңдау арқылы;
  • Файл-Құрукомандасын орындалғанда ашылған сұқбат терезеніңЖалпы(Общие) астарлы бетіндеЖаңа презентацияны(Новую презентацию) шарт белгісін таңдау арқылы;
  • Стандарттар саймандар тақтасындағыҚұру(Создать) батырмасында тышқанды шерту арқылы орындауға болады.

Осы әрекеттердің бірі орындалған соң экранда Слайд құру сұқбат терезесі ашылады.

Презентация слайдтарын құрастыру, үйлестіру схемасын таңдау әректін Слайд құру сұқбат терезесінде жүзеге асыруға болады.

Power Poіnt программасында слайдтар белгіленуінің 24 түрлі варианты бар. Осы варианттар ішінен өзімізге қажеттісін таңдаған соң ОК батырмасын шертеміз.

4. Слайдқа мәтін, сурет, графикалық объектілер енгізу

Шаблон көмегімен немесе бос презентацияны құру командалары орындалған соң, Слайд құру сұқбат терезесі ашылады. Осы сұқбат терезеде слайдтағы мәтін, графикалық объектілер, диаграммалардың орналасу схемасын таңдай аламыз. Қажетті схеманы таңдап, ОК батырмасын шерткен соң, экранда слайд пайда болады (1. 5-сурет) . Әрбір өрісте әрекеттің орындалуына байланысты қандай элемент енгізілетіні көрсетіліп тұрады. Мысалы, слайдтың жоғарғы жағындағы өріс аймағында тышқанды бір рет шертсек тақырып енгізіледі т. с. с. Бастапқы уақытта слайд схемасы дұрыс таңдалмай қалса, оны кейін өзгертуге болады.

Тышқанды бір рет шертіп, тақырыпты және сол жақтағы өріске мәтінді енгізген соң, олардың қаріп түрін, түсін т. б. өзгертуге, яғни форматтауға болады. Форматталатын мәтінді ерекшелеп, белгілеген соң, Формат-Қаріп (Формат-Шрифт) командасын орындағанда ашылған сұқбат терезеде немесе форматтау саймандар тақтасындағы батырмалар көмегімен тиісті әрекеттерді орындаймыз. Форматтау әрекетін өріс ішіндегі бүкіл мәтінге қатысты орындау үшін, өріс жақтауында тышқанды шертіп, алдымен оны ерекшелеп аламыз.

Мәтін енгізу өрісінде оны таңбаланған тізім түрінде жазған ыңғайлы. Әдетте таңба ретінде қара дөңгелектер немесе төртбұрыштар қолданылады. Осы стандартты таңбаларды өзгерту үшін, таңбаланған тізім жазылған өрісте тышқанды шертеміз де Формат-Таңба (Формат-Маркер) командасын орындаймыз. Таңбалар (Маркеры) сұқбат терезесі ашылады. Қаріптің Wіngdіngs деген түрін ашсақ, бірнеше символдар тізімі шығады. Осы тізімнен кез келгенін таңдап, ОК батырмасын шерту арқылы таңба ретінде қолдануға болады.

Таңбаланған тізімнің соңында Enter пернесін басатын болсақ, келксі жолға таңба қойылады. Бос таңбадан кейін осы пернені қайта бассақ бұл таңба өшіп қалады. Ал, тұтас тізімнің таңбасы алып тастау үшін, оны ерекшеленген соң Ctrl+A қос пернесін басамыз немесе саймандар тақтасындағы Таңбаланған тізім батырмасын шертеміз.

Сондай-ақ, слайдқа кесте, диаграмма, сурет сияқты объектілерді слайд схемасын таңдаған кезде шығатын, өріс аймағында тышқанды екі рет шерту арқылы енгізе аламыз.

Енгізу- Сурет (Вставка-рисунок) -командасын орындап:

Картинкалар (Картинки) -Mіcrosoft Clіp Gallerry объектілерін;

Файлдан- файл түрінде сақталу тұрған суреттерді;

Автофигуралар- әртүрлі автофигуралар;

Бірнеше тармақтан тұратын диаграмма (Организационная диаграмма), Word Art объектілерін, сканерден көшірме (со сканера), Mіcrosoft Word кестесін енгізуге мүмкіндігі бар.

Енгізу-Объект (Вставка-Объект) командасын орындап, ашылған сұқбат терезеде қажетті типін таңдау арқылы объект енгізуге болады. Мысалы, слайдқа Mіcrosoft Excel кітабының бір парағын орналастыруға болад т. с. с. . Слайдқа Excel программасында құрылған дайын диаграмманы буферге көшіріп алып, енгізу де болады. Ол үшін Excel программасында қажетті диаграмманың ерекшклеп, Түзету-Көшіру (Правка-Копировать) командасын орындау арқылы, буферге аламыз. Power Poіnt программасына оралып, Түзету-Енгізу (Правка-Вставить) немесе жанама менюдегі Енгізу командасын орындаймыз.

Mіcrosoft Offіce құрамындағы Mіcrosoft Graph арнайы программасының көмегімен қарапайым диаграммаларды құру мүмкіндігі бар. Енгізу-Диаграмма (Вставка-Диаграмма) командасын орындаймыз немесе слайдқа диаграмма енгізу схемасы таңдалса, диаграмма өрісінде тышқанды екі рет шертеміз. Саймандар тақтасындағы диаграмма енгізу батырмасында тышқанды шертуге де болады. Осы мезетте экранда мәліметтер кестесі мен диаграмма пайда болады. Меню қатарындағы командалар мен саймандар тақтасында болған өзгерістерді бірден байқауға болады. Кестедегі мәліметтерді тұтас белгілеу үшін, қатарлар мен бағаналардың тақырыптары қиылысқан сол жақ жоғарғы бұрышта тышқанды шертеміз. Del пернесін басу арқылы оларды өшіріп, өзімізге керекті мәліметтерді енгіземіз де, меню қатарынан Диаграмма-Диаграмманың типі (Диаграмма-Тип диаграммы) командасын орындап, диаграмманың типін таңдаймыз. Диаграмма-Параметрлер (Диаграмма-Параметры) командасын орындап, қажетті параметрлерді тағайындаймыз (түсініктеме, тақырып, жазбалар қосу т. с. с. ) . диаграмманы слайдқа орналастыру үшін, слайдта тышқанды шертіп, Мәліметтер кестесі терезесін жабамыз.

5. Power Poіnt программасында слайдпен жұмыс істеу режимдері

Power Poіnt программасының графикалық объектілерді бейнелеуге арналған басқа программалардан айырмашылығы, бір мезгілде бірнеше слайдтардан тұратын презентациялармен жұмыс істеу мүмкіндігін береді. Осы себепті слайдтарды қараудың бірнеше режимдері бар:

  • Слайдтар режимі (режим слайда) ;
  • Құрылымдық режим (режим структуры) ;
  • Слайдтарды сұрыптау режимі (режим сортировщика слайдов) ;
  • Бетке ескертпе жазу режимі (режим страниц заметок) ;
  • Слайдтарды көрсету режимі (режим Показ слайдов) ;

Бұл режимнің әрқацсысы слайдты әртүрлі етіп көрсетеді және бір режимде де іске асады.

Слайдтар режимі- презентацияның әр слайдын жеке қарауға және өңдеуге өте ыңғайлы. Осы режимде мәтін енгізуге және өңдеуге, графикалық объектілер мен кестелер енгізуге болады. Сонымен бірге өзіміз дайындаған немесе дайын суреттер, мәтіндік түсініктемелер енгізу мүмкіндігі бар.

Құрылымдық режим - презнтацияның тек мәтіндік мазмұнын көрсетеді. Бұл режимде презентациядағы мәтінді өзгертуге немесе жаңа мәтін енгізуге болады. Слайд режимінде жасаған безендіру әрекеттерін құрылымдық режимде орындай алмаймыз.

Слайдтарды сұрыптау режимінде - презентацияның барлық слайдтары тізбектеліп, терезеде орналасады. Тұтас презентацияның түріне арналған слайдтардың фоны, түстерді таңдау сияқты ортақ параметрлерді тағайындай отырып, болған өзгерістерді бақылауға ыңғайлы. Нақты бір слайдтың мазмұнын өзгерту мүмкін емес болғанымен, оларды өшіру, қайталау, көрсету ретін өзгерту әрекеттерін орындауға болады.

Бетке ескертпе жазу режимі - презентация кезінде баяндамашы қолдану үшін беттерге ескертпелер құруға арналған. Бұл режимге көшкен кезде слайдтың кішірейтілген көшірмесі беттің жоғарғы бөлігіне орналасады да, төменгі бөлігін мәтіндік түсініктемемен толтыруға болады.

Слайдтарды көрсету режимінде - дайындалған презентация слайдтары бірінен кейін бірі экранда көріне бастайды. Бұл режимде қолданылған барлық анимациялық эффектілер экранда көрінеді (графикалық объектілер немесе мәтіннің әріптері бірінен кейін бірі жоғарғы, төменгі немесе т. б жақтан ұшып келуі, түсі өзгеруі т. б. ) .

Осы режимдердің біріне көшу үшін, Түр (Вид) командасының ішкі менюіндегі қажетті режимнің бірін таңдаймыз немесе программа терезесінің сол жақ төменгі шетінде орналасқан режим батырмасының тиістісін шерту жеткілікті.

5. 1. Құрылымдық режимде жұмыс істеу ерекшеліктері

Құрылымдық режим презентацияның негізгі бөлімдерін жоспарлау мен ұйымдастыруда өте ыңғайлы. Бұл режимде презентациядағы мәтіндер толық көрінетін болғандықтан, оның мазмұнын анықтап, тексере отырып, өз қалауымызша өзгерте аламыз. Осы режимге көшу үшін, Құрылымдық режим (Режим структуры) батырмасын шерту жеткілікті.

Құрылымдық (Структуризация) саймандар тақтасындағы батырмалар көмегімен слайдтың немесе мәтіннің орнын ауыстыру, слайдтардың тек тақырып аймағын ғана көрсету, презентацияның жаңа слайдын құру т. с. с мүмкіндіктері бар.

Деңгейді жоғарлату (Повысить уровень) - Деңгейді бір сатыға жоғарылатады. Мысалы, презентацияның жаңа слайдын құру қажет болса, жаңа тізім құрғаннан кейін осы батырманы шертеміз. Бұрыннан жазылып тұрған тізім элементінде осы батырманы шертсек, оның деңгейі жоғарылап, слайд тақырыбына ауысады. Деңгейді төмендету (Понизить уровень) - Деңгейді бір сатыға төмендетеді. Таңбаланған тізім элементтерінің деңгейін төмендетеді.

Жоғары (Вверх) - слайдтың немесе тізім элементінің орнын жоғары қарай ауыстырады. Мысалы, көрсеткішті екінші слайдтың тақырып аймағына орналастырып, осы батырманы шертсек, ол бірінші слайдтың соңғы тізім элементінің алдына жылжиды. Яғни бірінші слайдтың тізімін соңғы элементі екінші слайдқа орын ауыстырады.

Төмен (Вниз) - слайдтың немесе тізім элементінің орнын төмен қарай ауыстырады.

Үлкейту (Развернуть) - тізім элементтері жасырылып тұрған жағдайда оларды ашады, яғни көрсетеді.

Жасыру (Свернуть) - тізім элементтерін көрінбейтіндей етіп, жасырады.

Барлығын үлкейту (Развернуть все) - презентациядағы барлық тізім элементтері бәрін жасырылып тұрған кезде, оларды қайтадан көрсетеді.

Форматталуын көрсету (Отобразить форматирование) - Мәтіндердің қалай форматталғандығын бейнелейді.

6. Презентацияларды безендіру мүмкіндіктері

6. 1. Power Poіnt программасында дайындалған презентацияларды шаблон арқылы безендіру

Слайдтарды безендіру үшін арнайы шаблондарды пайдалануға болады. Құрылған бос презентацияны безендіру үшін немесе шаблон арқылы құрылған презентацияның безендірілуін басқа түрге ауыстыру қажет болса, Стандарттар саймандар тақтасындағы Безендіруді қолдану (Применить оформление) батырмасын шертеміз немесе Формат - Безендіруді қолдану командасын орындаймыз. Осы мезетте экранда арнайы бір түстік гаммаға сәйкес келктін, форматталынған мәтін және графикалық элементтерінен тұратын бірнеше шаблондар орналасқан Безендіруді қолдану (Применить оформление) сұқбат терезесі ашылады.

Сұқбат терезенің оң жақ шетіндегі үлгіден қарап отырып, қажетті шаблонды таңдап алған соң, Қолдану (Применить) батырмасын шертеміз. Автомазмұн шебері көмегімен құрылған презентацияны да осы әрекеттерді орындай отырып, басқа шаблон түріне ауыстыра аламыз.

Power Poіnt программасында шаблондар тізімінен таңдай отырып, безендіру арқылы, презентацияның барлық слайдтарына бірдей түс және фонның түрлерін бере аламыз. Бұл кезде презентацияның барлық слайдтарына сол таңдалған шаблонның безендіру элементтері тағайындалады.

6. 2. Слайдтарды безендіру элементтері

Әрбір адамның өз қалауы бойынша слайдтардың бір-біріне тәуелсіз мынадай элементтерін тағайындауға болады:

  • Слайдбелгіленуі(Разментка слайда) . Слайд белгіленуі ретінде слайдқа орналастыратын мәтін, сурет, диаграмма т. б. формасын атауға болады.
  • Түрлі түстер схемасы(Цветовая схема) . Түстердің кең мөлшерлі спектрінің кез келген түсті таңдау мүмкіндігін береді.
  • Фон. Слайдтағы түстер тек бір түсті ғана болуы міндетті емес. Палитрадағы ұқсас түстердің бірінен басқасына біртеңдеп ауысуға болады. Сондай-ақ, бір түстің өзін вариациялық түрде қанықтыра отырып, түстің әр-түрлі өрнектерін шығаруға болады.

Слайдтың осы элементтері, яғни слайд белгіленуі, түрлі түстер схемасы, фонды үйлесімді түрде өзгерте отырып, өз шаблонымызды құруға болады.

6. 3. Слайд белгіленуі

Слайд белгіленуін (Разметка слайда), яғни мәтін, сурет, диаграмма элементтерінің слайдта орналасу схемасын презентацияның әрбір слайдына өз қалауымызша таңдау мүмкіндігі бар. Слайд белгіленуін тек бір слайд үшін таңдау қажет болса, слайд режимінде Формат - Слайд белгіленуі (Формат - Разметка слайда) командасын орындаймыз. Ал, бірнеше слайдтың белгіленуін өзгерту үшін, осы команданы слайдтарды сұрыптау (сортировка слайда) режиміне ауысып, біреуі белгіленген соң, келесісінде тышқанды шерту кезінде Shіft пернесін басып тұру арқылы белгіленеді.

6. 4. Түрлі түстер схемасы

Түрлі түстер схемасы әрбір щаблон компоненттерінің бірі болып табылады. Ол презентацияның әртүрлі элементтерін безендіруге арналған реттелген сегіз түрлі түстер тізбегінен құралған. Түрлі түстер схемасында слайдтардың фоны бірінші орында тұрады, қалған жеті түс фонның үстіне орналасатын мәтін, диаграмма және басқа объектілердің безендіруге арналған. Формат - Түрлі түстер схемасы (Формат - Цветовая схема) командасын орындағанда ашылған сұқбат терезенің Стандартты (Стандартная) ішкі бетінде схеманың қажеттісін таңдау мүмкіндігі бар. Ал, Арнайы (Специальная) ішкі бетінде түрлі түстер схемасындағы түстерді өзгертуге болады.

Осы сегіз түрлі безендіру элементтерінің (1-кесте) кез келгенін өзгерту үшін, Арнайы (Специальная) ішкі бетінде қажеттісін таңдап алған соң, Түсті өзгерту (Изменить цвет) батырмасын шертеміз. Келесі ашылған сұқбат терезеде алтыбұрышты түрлі түстен және спектрден өзімізге ұнаған түсті таңдаймыз.

1-кесте

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
PowerPoint программасына жалпы сипаттама
Роwer Point
Microsoft PowerPoint программасы туралы түсінік
Презентация құру сұхбат терезесі
Автомазмұн шебері терезесі
Microsoft PowerPoint программасы Презентациялар құру
Microsoft PowerPoint программасы
Слайдтар режимі
Диаграммаға тақырып енгізу
Microsoft Power Point программасы. Шаблон құру және оны пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz