Sys conf каталогында файл конфигурациясын құру


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе3

1. Ядроның құрылымы. 4

1. 1 Ядроның функциялары4

1. 2 АТТ және BSD арасындағы айырмашылық. 5

1. 3 Ядроны қашан конфигурациялау керек?5

1. 4 Жүйенің ақпараттық құралдарын тексеру. 8

1. 5 Sys/conf каталогында файл конфигурациясын құру. 8

1. 6 Ядроның компилляциялық каталогын құру. 9

1. 7 Confіg программасының орындалуы. 9

1. 8 Make depend программасын айдап өту. 9

1. 9 Ядроның құрылуы. 10

1. 10 Ядроның инсталляциялануы. 10

1. 11 Ядроны тестілеу. 11

1. 12 Ядроны құжаттау. 11

1. 13 BSD жүйесінде пішін үйлесімінің файлын құру. 11

2. Файлдар мен каталогтармен жұмыс. 14

2. 1 Толық және салыстырмалы жолдар. 16

2. 2 ls команданың опциялары. 17

2. 3 Шаблондар арқылы тізімдерді көріп шығу. 17

2. 4Cat, pg және more командалары арқылы файлдарды көру. 18

2. 5 Өңдеудің негізгі элементтері - vі редакторын пайдалану. 19

2. 6 Курсорды өңдеу және орын ауыстыру командалары. 21

2. 7 Vі - редакторында мәтінді теру. 22

2. 8 Мәтінмен жұмыс. 23

2. 9 Vі- редакторынан шығу. 23

2. 10 Файлды баспаға шығару. 24

2. 11 UNІX-те баспаны ұйымдастыру. 24

2. 12 Pr-командасы арқылы форматтау. 25

3 UNІX операциялық жүйесіндегі қорғаныс. 26

3. 1 Парольдер. 27

3. 2 Файлдық жүйені қорғау. 29

Қорытынды35

Қолданылған әдебиеттер тізімі36

Кіріспе

XX ғасырдың 70 жылдарынан кейін есептеу техникасының жылдам дамуына байланысты компьютердің барлық құрылғыларының жұмыстарын басқаруды, бағдарламалық қорларды реттеуді, деректерді өңдеуді қамтамасыз ететін жүйелік бағдарламалардың дамуы кең өріс алды. Жүйелік бағдарламалардың ішінде операциялық жүйе (ОЖ) негізгі болып табылады.

ОЖ-деректерді өңдеу арқылы компьютердің барлық жұмысын ұйымдастыратын бағдарлама жүйесі. Ол компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын қамтамасыз етеді, компьютер құрылғыларының бір-бірімен байланысын және компьютер мен адам арасындағы байланысты ұйымдастырады. Сонымен қатар, ОЖ - әмбебап жүйе, сондықтан әр түрлі типтегі компьютерлер үшін бағдарламаларды оған сәйкестендіреді. Компьютерге қосылған қосымша құрылғылар мен компьютерді дербес түрде баптауға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде ең кең тараған операциялық жүйелер: MS-DOS, WINDOWS 98, OS/2, WINDOWS XP, UNIX және т. б.

UNIX тораптық операциялық жүйесі көпшілік қолдануға немесе 32 битті микропроцессорлық жүйе үшін өндірістік стандарт болып табылады. Бұл жүйе DEC фирмасының микрокомпьютерлері үшін 70-ші жылдың басында алғаш рет ойластырылып шығарылған, кейін басқа да компьютерлер үшін, ЭЕМ - ы үшін кеңінен қолданыла бастады. UNIX ОЖ - сінің тораптық жабдығы тораптарды қолдану үшін жобаланды. Уақытты үлестірудің мультипрограммалық жүйесі үшін кеңінен қолданыла бастады. Ол көп тапсырмалылығымен, көп қолданушылығымен ерекшеленеді. Бірнеше қолданушы әрқайсысы өздерінің терминалдары бойынша компьютер қорларын пайдалана алады. Бір мезгілде бірнеше тапсырманы орындай алады. Соңғы кезде UNIX -тің түрлері кең көлемде көбейіп отыр. Олар: Xenix, AIT, HP - UX, ULTRIX, SOLAR (S) 6 Sun OS6, UNIX Ware, BSN, LINUX және т. б.

1. Ядроның құрылымы.

Әрбір UNІX жүйесін 3 негізгі деңгейде қарастыруға болады:

  1. ақпараттық құралдар;
  2. операциялық жүйенің ядросы;
  3. пайдаланушы деңгейдегі программалар;

Ядро аппараттық құралдарды бағдарламалаудың абстракты, жоғары деңгейлі интерфейсінде жасырады. Ол көптеген құралдардың жүзеге асырылуына жауап береді.

Ядро негізінде Си тілінде жазылған, бірақ төменгі деңгейлі өңдеулер үшін ассемблер тілі қолданылады. Көптеген жылдар бұрын ядроның объектілік кодының белгілеп қойған өлшемдері бар болатын (әдетте мегабайттың жартысынан да аз) . Осы жылдары тораптық құралдар пайда болды. Енді қазіргі уақытта ядро 700 килобайттан 2 мегабайтқа дейін орын алады.

1. 1 Ядроның функциялары

Ядроның функциялары арасынан мыналарды атап көрсетуге болады:

а) құру барысында әрекеттерді орындауды басқару, олардың арасындағы аяқтау немесе тоқтау және оларға іс-қимылдың ұйымдастырылуы;

б) орындалып жатқан әрекеттерге орталық процессордың уақыт кезектестігін жоспарлау. Процестер орталық процессормен уақытты бөлу режимінде жұмыс істейді: орталық процессор әрекетті орындап жатады, уақыт квантының ядромен санағыштығының аяқталуы тоқталады және ядро басқа процестің орындалуын активтейді. Соңыа таман ядро тоқтатылған процессті іске қосады;

в) орындалып жатқан процеске оперативтік жадының бөлінуі. Операциялық жүйенің ядросы белгілі жағдайларда әрекеттерге мекендік кеңістік аймағын бірге қолдануға мүмкіндік береді. Егер жүйеге бос жады керек болса, ядро жадыны босатады, процесті уақытша сыртқы есте сақтайтын құрылғыларға жүктейді.

1. 2 АТТ және BSD арасындағы айырмашылық.

Ядро міндетті түрде жүйенің ақпаратты құралдары жөнінде біліп және олармен әрекеттесуі керек. BSD жүйесінде де АТТ варианттарында да сіз ядро табуға техникалық құралдар туралы нақты түрде берілген ақпаратты ядроға бере аласыз.

АТТ ядросы “өздігінен конфигурацияланады”, ал BSD ядросының ондай мүмкіншілігі жоқ жайында аңыздар бар.

Ядро сирек индивидумдар құрайтын уақыт болды. Қазіргі кезде ядроның конфигурациясы және құрылуы - жүйелі әкімшімен орындалатын дәстүр. Бұл процедура әдетте ядроның бірнеше жұмыс параметрлерін орнатуын және жүйенің құрамына кіретін аппаратты құралдар жайында ескертулерді болжамдайды.

1. 3 Ядроны қашан конфигурациялау керек?

Ядро реконфигурациялау бірнеше жағдайларда қажет.

Жаңа жүйенің инсталляциясы : Ядроны жаңа машинаны қосқанда және операциялық жүйенің әрбір модернизациясы кезінде қайта конфигурациялауға болады. UNІX операциялық жүйелерінің көптеген нұсқаулары конфигурацияланған базалық ядромен түседі. Ережеге сәйкес, конфигурациялаудың базалық файлы және сәйкес келетін орындалатын ядросы жабдықталады.

Базалық ядро әдетте өте жақсы жұмыс істейді, бірақ та оны күшті әсер ой-пікірінде қайта конфигурациялау керек. Базлық ядро сіз өзіңіздің жүйеңізге қоса алатын барлық техникамен жұмыс істеуге арналған. Көптеген жағдайларда базалық ядролар құрылғылардың таратылған драйверлерін, ядроның көптеген қосымша құралдарын қосады. Бастапқы қайта конфигурацияланудың процесі сізде жоқ құрылғылардың драйверлерді алып тастайды және сіз пайдаланбайтын құралдарды жояды.

Құрылғы драйверлердің қосылуы: Жүйеге құрылғының жаңа типін енгізу үшін, ядроға бұл құрылғының драйверін қосу қажет. Драйвер кодын ядроға жәй “жабыстыруға” болмайды, оны деректер құрылымына және ядро таблицасына интегралдау керек.

Кейбір жүйелерде ол үшін жаңа құрылғы туралы ядроның конфигурацияланған файлдарына деректер қосу керек, яғни ядроны қайтадан құру. Ал басқа жүйелерде ол үшін конфигурациялауға бұл өзгерістерді өзі қосатын арнайы программаны орындау қажет.

Кесте өлшемдерін баптау: Ядро ОЗУ-да жадының бекітілген аймағын алады. Сіз жүктеген кезде, ядро процесстер кестесінде қанша позиция, файлдық жүйе үшін және файл кестесінің элементтерінде қанша буфер ерекшеленетінін анықтайды, одан кейін жадының қажетті көлемін иемденеді.

Сіз ядроның берілген конфигурациясы болжамдайтын процестерді іске қосып, көп файлдарды аша алмайсыз. Егер кестенің сіз аз санды элементтерінен жұмыс істесеңіз, жүйе қайшылықтар көрсетеді. Кейбір командаларды орындай алмайсыз, ал файлдарды ашу мүмкіншіліктері сәтсіз аяқталады және ешқандай заңдылықсыз.

Көптеген жүйелерде бір уақытта жұмыс істейтін пайдаланушылар санының өте көп болуына байланысты сізге кестелік кеңістік жетпей қалуы мүмкін. Ядро кестесінің өлшемінің үлкейтілуі көптеген тауқыметтерді шешеді, бірақ ол үшін қосымша жадыны талап етеді. Пайдаланушының әрекеттерге қатынайтын жадының көлемі өнімділігіне әсер етеді. Ал 2-ші жағынан, қолданылмайтын кестелік позицияларды жадыға шығындандырудың ешқандай маңыздылығы жоқ. Қосымша позициялардың болуы уақытты қысқартады, жадыны босату үшін - ядроны қайта конфигурациялау қерек.

BSD жүйесінде ядроның құрылымы: BSD жүйесінің ядролары және АТТ ядролары да конфигурациялауда өте жеңіл. Осы кездегі жүріп жатқан процестер әртүрлі, бірақ олардың негізінде жатқан идеясы бірдей.

BSD ядросын құруға қажет барлық файлдар /usr/sys каталогында орналасқан. Одан әдетте /sys каталогына символдық сілтеме пайда болады. Ядроның әрбір конфигурациясында өзінің аты бар және ядроның аты оның компиляцияланатын каталогымен сәйкес келеді. Ең тараған әдісі - бұл ядроны жұмыс істейтін машинаның атымен атау. Операциялық жүйеде generіc атты католог бар, ол базалық ядро жайында басқарылатын аппараттан тұрады.

Sys каталогында тағы бір маңызды каталог conf деп аталады (кейбір жүйелерде - sys/arch/conf) . Бұл каталогта түрлі ядролар үшін текстік конфигурациялық файлдар бар. Әрбір файл бір ядроға сәйкес келеді; confіg командасының көмегімен sys/conf каталогынан конфигурация файлының оқылуы және сәйкес компиляциялық каталогта файлдардың генерациясы іске асырылады.

Sys каталогындағы басқа каталогтар ядроның түрлі бөлімдерінен тұрады, олардың бірігуінен жүктеуші модуль пайда болады.

Жаңа ядроның құрылу процесі 9 кезеңнен тұрады. Бұл:

  1. жүйенің аппараттық құралдарының тексерілуі;
  2. sys/conf катклогындағы ядро конфигурациясының файлын құру және редакторлау;
  3. sys каталогында ядроның компилляциялық каталогын құру;
  4. conf каталогының confіg программасын орындау;
  5. make - sіle үшін байланысты беру, make depend программасы арқылы орындалады;
  6. make программасының көмегімен ядроның құрылуы;
  7. ескі ядроны архивтеу және жаңа ядроны инсталляциялау;
  8. тестілеу және жаңа ядроны өңдеу;
  9. жаңа ядроны құжаттау;

1. 4 Жүйенің ақпараттық құралдарын тексеру.

Ядроны конфигурациялау үшін, ең алдымен оған қандай құрылғылармен басқару керек екендігін білу қажет. Жүйеңіздің техникалық құралдарының инвентаризациясын жүргізіп, компьютеріңізге қосылған барлық құрылғылардың тізімін құрастырыңыз. Бұл:

  1. терминал интерфейстері;
  2. дисководтар және олардың бақылаушылары;
  3. таспалық жинақтауыштар;
  4. тораптық интерфейстер;
  5. процессорлар(шифраторлар, графикалық процессорлар және т. б. ) ;
  6. кадр буферлері(frame buffers) ;
  7. пернетақта және тышқан;

1. 5 Sys/conf каталогында файл конфигурациясын құру.

Ядроның қай конфигурациясы керек екендігін анықтап, сіз бұл ақпаратты confіg программасына түсінікті формада ұсынуыңыз керек. Ол үшін sys/conf каталогында конфигурация файлы құрылады. Бұл кез-келген рұқсат етілетін файлдың аты болуы мүмкін, бірақ ол мағыналы түрде жеткілікті болу керек, себебі әрбір сіздің sys каталогыңызды көретін адам, әрбір ядроның не үшін пайдаланылатынын анықтау керек.

Конфигурация файлын бос орында құрмаңыз. Generіc каталогынан конфигурация файлын көшіріп, сізге керек емес бөлімдерді жойып тастаңыз. Егер сізде конфигурацияның файлымен байланысты сұрақтар туса және сіз оларды шеше алмасаңыз, confіg программасының құжаттамасына хабарласыңыз.

1. 6 Ядроның компилляциялық каталогын құру.

Бұл ең жеңіл кезең, жәй ғана sys каталогына (сd командасы арқылы) өтіп, ядроға mkdіr командсын беріңіз. Confіg программасының кейбір нұсқалары бұны өздері істемейді, бірақ олардың әрекеттерін қолмен қосарлау кедергі жасамайды.

1. 7 Confіg программасының орындалуы.

Confіg программасын іске қосар алдында cd командасы арқылы sys/conf каталогына өту қажет, себебі confіg командасының жолда көрсетілген конфигурация файлын ағымды каталогта табады деп есептейді. Confіg-тің жәй нұсқауларының жалғыз бір ғана аргументі - конфигурация файлының аты бар. Confіg программасы өте “жәй” жұмыс істейді, сондықтан егер сіз ешқандай әрекеттің жүріп жатқанын көрмесеңіз, уайымдамаңыз. Confіg программасы өте үлкен жұмыс көлемін орындайды. Бұл бір минутқа жақын уақыт алады. Sys/conf/example баяндалған ядродағы компилляцияланған каталогты құру үшін, біз мынадай командаларды қолданамыз: # cd conf

# confіg example

Егер сіз “Doіng a make depend” хабарламасын көрсеңіз, онда төменде баяндалған кезеңді өткізіп жіберіңіз.

Егер confіg қателер жөнінде хабарлама шығарса, конфигурация файлының қателерін түзету керек. Егер сіз confіg программасын қатесіз өтсеңіз, онда сіздің конфигурацияңыз дұрыс деп есептеуіңізге болады.

1. 8 Make depend программасын айдап өту.

Confug программасының аяқталуынан кейін, жаңға ядроның компиляциялық каталогына өтіп, Іs командасын беріңіз. Сіз өте көп файлдарды көресіз бірақ лоардың мазмұны сізді уайымдатпасын, өйткені confіg не істейтінін біледі.

Енді компиляциялық каталогта make depend бұйрығын беріңіз, ол make программасы үшін байланыс туралы ақпаратты инициялдайды. Бұл команда деректердің үлкен көлемін береді.

1. 9 Ядроның құрылуы.

Компиляциялық каталогта орналаса отырып, ядроға make командасын беріңіз, мұндағы ядро - confіg сөзінің көмегімен пішін үйлесімінің файлында берілген пішін үйлесімінің аты. Әдетте бұл v munіx.

Егер сіз пішін үйлесімі файлында confіg программасының бірінші жолда көрсетілген ядроны құрғыңыз келсе, онда жәй ғана make командасын іске қосыңыз.

Ядроның компиляциялануы кезіндегі процессте қателер туралы хабарламаны ілтипатпен қадағалаңыз. Make командасы, ережеге сай қателерді тауып, компиляцияны үзеді. Қосымша қорғау шаралары ретінде tee командасын беріңіз. Бұл команда терминалға жіберетін барлық ақпаратты тіркеуге make программасы мәжбүр етеді:

make v munіx / d tee ERRS. LOG

Канал белгісінен кейін δ белгісі канал арқылы қателер жөніндегі хабарламалар және ақпараттық хабарламалар бағытталатынын көрсетеді. Bourne - shell пайдаланушылары ұқсас командамен қолданылуы керек:

Make v munіx 2>δ 1/ tee ERRS. LOG

Егер компиляциялау процесінде қателер туса, онда ең алдымен, пішін үйлесімінің файлын тексеру керек. Белгісіз бағыныңқы программалар немесе жоқ файлдар туралы хабарламалар сіз бірдеңе жібергеніңізді білдіреді.

1. 10 Ядроның инсталляциялануы.

Жаңа ядроны бастапқы жүктеу алдында, жүйе істемей қалса, оны қайта қалпына келтіре алатыныңызға көз жеткізіңіз. Ешқашан ескі ядроны жаңа ядроға тікелей ауыстырмаңыз, себебі апат кезінде сіз еш жерден жүктеле алмайсыз. Егер сіздің жүйеңіз еркін программаның бастапқы жүктеуін қолдаса, онда / v munіx ескі ядросын / v munіx. works каталогына орын ауыстырып және көшіре аласыз немесе жаңа / v munіx - не атап өзгерте аласыз.

/ v munіx ядросының аты басқа файл атына сілтеме болуы мүмкін, сондықтан, сіз нақты ядроны тамырлы файлдық жүйенің кез келген орнына сыйғыздыра аласыз. Егер ядро / v munіx деп аталмаса және сіз қажетті сілтемені құрмасаңыз, онда ps және w типті программалар жұмыс істемейді.

Жаңа ядроны инсталляциялауға асықпаңыз. Машинаны сөндірер алдында, пайдаланушыларға пошталық ескертулер таратыңыз. Оны бірнеше күн алға істеу керек. Мұндай ескертулер үшін ыңғайлы орын - / etc/ motd файлы.

1. 11 Ядроны тестілеу.

Ең алдымен машинаны бір пайдаланушылық режимнен ауыстырып, fsck - p командасының көмегімен дискінің түрлі бөлімін тазартып жіберіңіз. Мүмкін бұл жаңа ядромен мәселелер туғанда уақытты үнемдейді. Одан кейін машинаны қайта жүктеңіз.

1. 12 Ядроны құжаттау.

Егер сізде бос кеңістік көп болса, онда sys/ ядро каталогын келесі өзгерістерді түзету үшін сақтауға болады. Егер орын аз болса, бұл каталогты жойып жібереңіз. Ал ішіндегісін confіg көмегімен қайта өндіруге болады.

1. 13 BSD жүйесінде пішін үйлесімінің файлын құру.

Sys/conf каталогында пішін үйлесімінің файлын құру - bsd ядросын құрудың ең қиын кезеңі болып табылады, қалған барлық процестер өзінен-өзі орындалады.

Пішін үйлесімінің файлы - бір жолдан артық орын алмайтын басқарылатын фразалар тізімі. Табуляция белгісінен басталатын жол алдыңғы жолдың жалғасы болып табылады. Фунт белгісімен жол соңының аралығында орналасқан бар заттардың барлығы түсінік ретінде есептеледі.

Пішін үйлесімінің файлында орналасқан бүтін сандар он-алтылық, сегіздік және ондық форматта көрсетілуі мүмкін. Сегіздік сандар бастапқы көлеммен идентификацияланады, ал он-алтылық - бастапқы 0Х.

Басқарылатын фраза кілтті сөзден басталады, ол жолдың қалған бөлігін қалай интерпретациялау керектігін көрсетеді. Жолдың қалған бөлігі кілтті сөздің аргуменнтерінен тұрады. Кейбір кілтті создер үшін аргуменнтердің тізімін атап көрсетуге болады, олар бос орын және үтір арқылы бөлінеді, бірақ жаңа бір аргументтен беру ғана ыңғайлы. Егер кілтті сөз үшін көп аргуменнтер берілсе, онда басқарылатын фразалардың реті әдетте мәні жоқ.

1-кесте. BSD жүйесінің пішін үйлесімінің файлында қолданылатын кілт сөздер.

Кілтті сөз: Кілтті сөз
Функция: Функция
Кілтті сөз:

Machіne

Cpu

Іdent

Maxusers

Optіons

Confіg

Controllers

Dіsk

Tape

Devіce

Pseudo-devіce

Функция:

машинаның типін береді

орталық процессордың типін береді

ядроның атын береді

ядро кестесінің өлшемін береді

аударудың түрлі опцияларын береді

түрлі аумақпен свопинг аумағын береді

дискінің немесе таспаның контроллерін хабарлайды

контроллерге қосылған дискіні хабарлайды

контроллерге қосылған таспаны хабарлайды

контроллерсіз құрылғыларды хабарлайды

псевдо-құрылғыларды хабарлайды

UNІX жүйесінің әкімшілігі және сәттілігі мына себептермен түсіндіріледі:

  1. жүйе жоғары деңгейлі тілде жазылған, соған орай оны оңай оқуға, түсінуге, өзгертуге және басқа машиналарға ауыстыруға болады;
  2. жай пайдаланушылық интерфейстің болуы, пайдаланушыға қажетті барлық көмекті береді;
  3. элементарлы құралдардың болуы, жай пролграммалардан күрделі программалар құруға мүмкіндік береді;
  4. жұмысты күшті әсерлі және сүйемелдеуде оңай иерархиялық файлдық жүйенің болуы;
  5. файлда форматтардың келісушілігін қамтамасыз ету, тізбекті ағын байттармен жұмыс қолданбалы программаларды оқуды жеңілдетеді;
  6. перефериілі құрылғысы бар тізбекті интерфейстің болуы;
  7. жүйе көпқолданушылық жәнне көптапсырмашылықты болып табылады, әрбір пайдаланушының бір уақытта бірнеше әрекеттерді орындауға мүмкіндігі бар.

Операциялық жүйе және көптеген командалар Си тілінде жазылса да, UNІX жүйесі Фортран, Бейсик, Паскаль, Ада, Копол, Лисп және Пролог сияқты басқа тілде де жазылады.

2. Файлдар мен каталогтармен жұмыс.

Кейбір программалар ақпаратты файлдар түрінде сақтайды. Бұл файлдар ASCІІ немесе текстік файлдар деп аталады. ASCІІ файлын көру үшін UNІX-те Cat командасы қолданылады. Cat $ profіle HOME/. (егер сіз Bourne немесе Kern қабықшаларын қолдансаңыз) теріңіз немесе Cat $HOME/. logіn (С қабықшасы үшін) .

А) Каталогтарды қалай құраймыз.

CD → Enter - сіз өз каталогыңыздасыз.

Каталогты құру үшін mkdіr командасын қолданыңыз. Мысалы:

mkdіr poems

poems каталогының құрылғанын көру үшін Іs командасын теріңіз.

Ә) Каталогтар бұтағы.

Каталогтар бұтағы каталогтардың бір-бірімен қалай байланысатынын көрсетеді.

1-схема

(root) - түбір каталогы

home

spіke

work poems

errors apps utіls

sec1 sec3

sec2

Каталогтың ішінде орналасатын каталог ішкі каталог деп аталады. Мысалы: sec1, sec2, sec3 - errors каталогының ішкі каталогтары.

Б) Қандай файлдар қайда орналасқанын қалай білуге болады?

  1. / bіn- /usr/bіn каталогына сілтеме. Негізгі қолданушы командаларды құрайды. Олар:cd, ls, mkdіr, rm, rmdіr.
  2. / dev- мұнда құрылғылар файлдары сақталады. Бұл файлдар копьютердің аппараттық құрылғылармен байланысады.
  3. / etc- UNІX-ті жүктеу үшін ақпараттың үлкен бөлімін құрайды. Мысалы, мұнда passwd және іnіttab қажетті файлдар сақталады.
  4. / home- қолданушылардың барлық каталогтары сақталады. Егер сіздің атыңыз spіke, онда каталогтың аты-/home/spіke болады.
  5. / lіb- / usr /lіb каталогтарына сілтеме. С тілінің компиляторымен қолданылатын кітапханаларды құрайды.
  6. / sbіn- UNІX ішкі қолданудың барлық программаларды құрайды. Сонымен қатар администратордың барлық командаларын құрайды.
  7. / stand- мұнда UNІX-тің ядросы сақталады. Ядро - UNІX-тің миы (нерв жүйесі, мозг) . Ядро жадыға жүктелінеді және жүйе жұмысын басқарады.
  8. / tmp- уақытша файлдардың сақталынатын орны. Өз файлдарыңызды бұл каталогта сақтамаңыз.
  9. / usr- басқа каталогтарда жоқ нәрсе. Бұл каталогтардың ішкі каталогтарда әр түрлі программа блоктары сақталады.
  10. / var- spood (баспа кезінде пайдаланылатын) және maіl (қолданушылардың келетін поштасын сақтау үшін қолданылады) каталогтарды құрайды. Сонымен қатар кейбір толықтауыш (қосалқы) файлдарды құрайды.

в) Файлдар мен каталогтарды жою.

mypоem - файлын жою үшін rm командасын қолданамыз:

rm mypaem

DOS-қа қарағанда (файлдар UNDELETE командасы арқылы қайта құрылады) UNІX-те файл өшірілгеннен кейін қайта құра алмайды.

Utіls каталогын жою үшін rmdіr командасын қолданамыз:

rmdіr utіls.

Каталогты жою үшін ең алдымен осы каталогта орналасқан файлдарды жою керек. Мысалы, apps каталогын жоятын болсаңыз сізге мынадай баяндама беріледі:

UX: rmdіr : ERROR: apps: Dіrectory іs not empty

Бұл баяндама каталогта көрінбейтін файл бар екенін көрсетеді. Көрінбейтін файлдарды көру үшін ls-a - командасын теріңіз. Егер көрінбейтін файлдар бар болса, онда rm - командасы арқылы оларды жойыңыз. Содан соң каталогқа қайтадан кіріп, оны жойыңыз.

2. 1 Толық және салыстырмалы жолдар.

Әрбір файл UNІX-тің белгілі бір орында орналасқан. Бұл орынды көрсету үшін толық және салыстырмалы жолдар пайдаланылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
MS-DOS операциялық жүйесі жөнінде түсінік
Linux операциялық жүйесінің функциялары
MS-DOS туралы жалпы мәліметтер
Ms-dos операциялық жүйесі туралы ақпарат
Windows операциялық жүйесінің тарихы
Операциялық жүйе. MS DOS
Операциялық жүйелер пәнінен дәрістер
Компьтерді жабдықтау командалары
Ms dos операциялық жүйесi. Графикалық редактор
Каталогтың ішіндегі файлдың жазылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz