Дерекхана терезесімен танысу


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе3

I. Mіcrosoft Offіce арқылы құжаттарды ашу және құру4

ІІ. MІCROSOFT EXCEL туралы7

2. 1 Excel программасын іске қосу8

2. 2 Excel менюімен жұмыс атқару8

2. 3 Деректермен жұмыс10

2. 4 Деректерді енгізу11

2. 5 Енгізілген деректерді түзету11

2. 6 Ұяшықтағы мәліметтерді қорғау12

2. 7 Жұмыс кітабының файлдарымен жұмыс12

2. 8 Диаграммалар құру. 15

III. Photoshop бағдарламасы17

3. 1 Программа терезелерімен жұмыс18

3. 2 Photoshop графиктік программасының арналуы (белгілеуі) мен мүмкіншілігі19

3. 3 Артықшылығы19

3. 4 Кемшілігі20

IV. ACCESS бағдарламалық жүйесі21

4. 1 ACCESS-ті жүктеу21

4. 2 Mіcrosoft Offіce панелінен Mіcrosoft Access-ті қосу21

4. 3 Mіcrosoft access-ті Mіcrosoft Offіce панелінен жүктеу22

4. 4 Дерекхана терезесімен танысу23

4. 5 Меню дегеніміз не және ол не үшін керек?24

4. 6 Access-тің диалогты терезелерімен танысу24

4. 7 Жұмысты жеделдету үшін аспаптар панелін қолдану25

4. 8 Дерекхана дегеніміз не?26

V. HTML туралы түсiнiк26

5. 1 HTML тарихы27

5. 2 Гипертекстердiң ерекшелiктерi29

5. 3 HTML тiлiнiң атқаратын қызметi30

ҚОРЫТЫНДЫ31

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР32

Кіріспе

Mіcrosoft корпорациясының Wіndows қолданбалы бағдарламалары курстық, зертханалық жұмыстарды орындауымызға септігі тиеді деп ойлаймын. Сонымен қатар қандай да болмасын мәтіндер мен кестелерді, сүлбелерді жазып оны басып шығаруымызға болады. Қазіргі заманда кез келген кеңселер мен ұйымдарда осы Mіcrosoft корпорациясының операциялық жүйесі орнатылған. Сондықтан бұл жөнінде оқып білу өте маңызды.

Mіcrosoft корпорациясы өзінің бес ерекше мүмкіндігі мол және тиімді программасын бір өте жақсы пакетке, яғни Mіcrosoft Offіce Professіonal- ға кіргізді. Осы программалардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін алтыншы программа Mіcrosoft Wіndows 2000. Осы программалық өнімдерді пайдалана отырып, сіздер өздеріңіздің уақыттарыңызды үнемдейсіз және құжаттарды өзіңіздің қалауыңызша безендіріп (оформление), қаржылық бюллютенді және презентацияларды, күнделікті өмірге өзіңіздің күнтізбеңізді тағы басқа толып жатқан өзіңіге керек заттарды осы программа арқылы жасап алуыңызға мүмкіндіктеріңіз мол. Mіcrosoft Wіndows 2000 - бұл графикалық қолданушының интерфейсі, яғни сізге ұйымдастыруға және графикалық жедел жүйеде (графической оперативной системе) осы пакет программаларды жүктеуге (запускать) мүмкіндік береді.

Mіcrosoft Offіce Professіonal- ға бес келесі программалар кіреді:

WORD - бұл сөзсіз өте жақсы текстік редактор әрі ыңғайлы рыноктағы программалық өнім. Бұл программалық өнім Wіndows ортасында жұмыс істейді. WORD -тың көмегімен бір бетке сиятын жұмыс бабындағы хаттамаларды, ақпараттық бюллютендерді, графикалық иллюстрация құрылымдарын және 500 беттен тұратын баяндамаларды құруға болады.

EXCEL - бұл өте жақсы және электрондық таблицамен жеңіл жұмыс жасауға болатын программа. EXCEL-ді қаржылық бюллютендерді, диаграмма және графика тағы сол сияқты база мәліметтерін құруға қолдануға болады. Бұл программа осы ақпараттарды басқа қосымшалармен ауыстыруға мүмкіндік береді.

POWER POІNT - бұл презентациялық графикалық программаларды қолдануға, бояйтын презентациялар құруға, слайдтар құруға және титульды беттер құруға оны басуға мүмкіндік береді.

SCHEDULE+ - бұл программалық өніммен күнделікті жоспарлаушы, календарь және тізім жасауға болады.

ACCESS - бұл программалық өніммен мәліметтер базасын құруға болады. Бұл программалық өнім аз уақыт ішінде үлкен беделге ие болды, сонымен қатар оны қолданушыға өте тиімді және ыңғайлы, ешқандай қиындығы жоқ. Бұл Access тек Mіcrosoft Offіce пакетіне ғана кірген, ол жеке программа болып шыққан жоқ.

I Mіcrosoft Offіce арқылы құжаттарды ашу және құру

Mіcrosoft Offіce арқылы құжаттарды ашу үшін келесідей ережелер жолдарын пайдаланған жөн:

  1. “Пуск”-ке кіреміз, содан “открыт документOffіce” батырмасын басамыз. Сонда бізде келесідей терезе шығады:

1-сурет. Offіcе құжаттарын ашу терезесі

Бұл жерде барлық файлдар тізімі көрсетілген. Егер біз файлдар тізімін азайтқымыз келсе, онда осы терезедегі “Тип файлов” түсетін тізімде бізге керекті файлдың кеңейтілуін береміз. Қажет болған жағдайда дискілерді өзгертіп құжаттарды ашуға болады.

Mіcrosoft Offіce арқылы құжаттар құру үшін келесідей ережелерді орындаған жөн:

“Пуск”- ке кіріп, “создать документ Offіce ” батырмасын басамыз сонда келесідей терезе шығады:

2-сурет. Offіcе құжаттарын құру терезесі

Бұл терезеде жоғарыда айтып кеткендей түрлі құжаттармен, презентациялармен, слайдттармен, мілеметтер базасымен тағы басқа соларды құруға және солармен жұмыс істейтін вкладкалар бар. Соларға тоқтала кететін болсақ “Письма и факсы” вкладкасын басатын болсақ онда келесідей терезе шығады (3-сурет) . Бұл жерде хаттардың әр түрін жазуға болады. Бұл берілген хаттар файл ретінде берілген осы керекті біреуін таңдап алып жазуға болады. Стандартталған және Қызметтік хаттарды жазуға болады.

3-сурет. Offіcе құжаттарын құру терезесінің ішіндегі таңдау

“Презентации” вкладкасын таңдасақ, онда әртүлі құратын презентациялар файлдары шығады. Өзімізге керекті құратын презентация файлын таңдап, “ОК” батырмасын бассақ онда келесідей терезені көре аламыз:

4-сурет. Power Point-та жасалатын Презентация терезесі

Осы жерде сандармен берілген керекті атрибуттарды таңдап, әрі қарай толтырып, құруға болады.

“База данных” вкладкасын таңдасақ онда, әртүрлі деректер базасын құратын файл ретінде берілген дайын түрдегі әр салаға байланысты құратын файлдарды көреміз. Егер біз солардың ішінен складқа байланысты деректер базасын құрғымыз келсе онда, “склад” файлынын таңдап, “ОК” батырмасын басамыз. Сонда келесідей терезені көреміз:

5-сурет. Деректер базасының терезесі

6-сурет. Деректер базасын құру

Берілген атрибуттарды таңдап, толтырып деректер базасын құруға болады.

“Другие документы” вкладкасын таңдасақ, онда түрлі резюмелер жазатын дайын файл түрінде берілген резюмелер тізімі шығады. Егер солардың ішінен “мастер резюме” файлына кіретін болсақ келесідей терезелерді көре аламыз:

7-сурет. Резюме шебері терезесін таңдау

8-сурет. Резюме шебері терезесі

Тағы алдыңғы көрсеткендей керекті атрибуттарды таңдап, толтырып жасауға болады. Сол тәріздес көптеген құжаттар мен тағы басқа мәліметтер базасын, слайдтар жасауға болады.

ІІ MІCROSOFT EXCEL туралы

MІCROSOFT EXCEL - электронды кестесі қолданушының жұмыс жасауына өте тиімді бағдарлама. Ол жай бағдарлама емес, оның көмегімен көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді шешуге, сонымен қатар мәліметтерді пайдаланып, түрлі диаграммалар құрып, мәліметтер қоймасын жасап, олармен жұмыс істеуге, сандық зерттеу жұмыстарын жүргізуге т. с. с. болады. Сонымен қатар ол - кестелік процессор деп аталады.

Кестелік процессордың атқаратын қызметі сан алуан:

  • Электронды кестелерді құру мен редакциялау;
  • элетронды кестені безендіру және басу;
  • формулалармен біріктірілген көп кестелі құжаттарды құру;
  • диаграммалар құру, графикалық әдістермен экономикалық есептерді шешу;
  • электронды кестені дерекхана ретінде пайдалану; кестені сұрыптау, сұраным бойынша деректерді таңдау;
  • нәтижелік және салыстырмалы кестені құру;
  • кесте құру кезінде сыртқы дерекханадан алынатын мәліметтерді қолдану;
  • параметрлерді таңдай отырып, экономикалық есептерді шешу;
  • оптималды есептерді шешу;
  • деректерді өңдеу статистикасы;
  • слайд - шоу құру;
  • макромандалар жасау, қолданушының талабы бойынша күйлерін келтіру ортасын құру.

Электрондық кестенің жұмыс аймағы жолдар мен бағаналардан (тік және жатық жолдар) тұрады. Жолдардың максималдық саны 16384-ке, ал бағандар саны 256-ға тең. Әрбір бағана мен жолдың қиылысуы ұяшық ты құрайды, ол ұяшыққа мәліметтерді (мәтін, сан, формула) енгізеді.

2. 1 Excel программасын іске қосу

Excel программасын іске қосу үшін осы программамен байланысқан шартбелгіні (пиктограмманы) тауып, оны тышқанмен екі рет шерту керек.

Енді осы сиандартты Excel терезесінің элементтерін қарастырайық. Экрандағы Excel терезесінде мынадай объектілер орналасқан:

Жоғарғы жол - басқару батырмалары бар терезе тақырыбы.

Екінші жол - Excel менюі.

Үшінші және төртінші жолдар - Стандартты және Форматтау аспаптар тақтасы.

Бесінші жол - енгізу мен түзету жолы немесе формулалар жолы. Бесінші және соңғы жолдың арасында электрондық кестенің жұмыс парағы (беті) орналасқан. Жұмыс парағындағы жолдар мен бағаналар белгілі бір тәртіппен белгіленеді.

Терезенің ең төменгі жолы - қалып-күй жолы. Төменгі жолдың сол жақ шетінде Excel жұмыс режимдерінің индикаторы (көрсеткіші) орналасқан. Мысалы, Excel мәлімет енгізуді күтетін сәтте, ол Дайын режимінде болып, режим индикаторын - “ Дайын ” ( Готов ) деген сөзді көрсетеді.

2. 2 Excel менюімен жұмыс атқару

Меню жүйесін екпінділеу WіnWord программасындағыдай стандартты тәсілмен жүргізіледі: яғни Alt не F10 пернесін басу қажет. Сол сәтте менюдегі сөздердің бірі ерекшеленіп басқа түске боялады. Керекті меню пункті басқару пернелері көмегімен таңдалынады. Enter пернесін басқанда, сол таңдап алған менюдің ішкі командалары ашылады, оларды пернелермен ауыстырады, ал команданы таңдау үшін Enter пернесін басу керек. Менюден шығу үшін Esc пернесін басады.

Excel менюімен жұмыс істеу үшін тышқан көмегін пайдалану өте ыңғайлы, қажетті меню пунктін таңдап алып, тышқан курсорын оған қойып, тышқанның сол жақ батырмасын шерту керек. Осы тәрізді тәсілмен менюдің ішкі командалары таңдалынып, қосымша беті ашылады да, жалаушылар орнатылады.

Ms-Word редакторындағыдай Excel-де де орындалып жатқан әрекетке сәйкес берілетін контекстік тәуелді анықтамалық жүйе бар. Әрбір істеп жатқан жұмысымызға байланысты әрқашанда көмек ала аламыз.

Енді электрондық кестенің негізгі ұғымдарымен танысалық.

Жол нөмірі - электрондық кестедегі жолды анықтайды. Ол көлденең орналасқан жұмыс аймағының сол жақ шекарасында нөмірмен белгіленген.

Бағана әрпі - электрондық кестенің бағаналарын (тік жолдарын) анықтайды. Әріптер жұмыс аймағының жоғарғы шекарасында орналасқан. Бағаналар мынадай ретпен белгілінеді: А -Х, содан соң АА - АZ, одан кейін ВА - ВZ және т. с. с.

Ұяшық - электрондық кестенің мәлімет енгізілетін ең кіші элементі. Әрбір ұяшықтың бағана әрпі мен жол нөмірінен тұратын адресі бар. Мысалы, В3 адресі в бағанасы мен нөмірі 3-жолдың қиылысындағы ұяшықты анықтайды.

Ұяшық көрсетікіші - ағымдағы ұяшықты анықтайтын көмескленген тіктөртбұрыш. Көрсеткішті пернелер көмегімен немесе тышқан арқылы кесте бойынша ұяшықтан ұяшыққа орын ауыстыруға болады.

Ағымдағы ұяшық - көрсеткішпен белгіленіп тұрған ұя. Келісім бойынша мәліметтер енгізу операциясы және басқа іс-әрекет осы ағымдағы ұяшыққа жатады.

Блок (ұялар жиыны, аймағы) - тіркесе орналасқан ұяшықтардың тіктөртбұрышты аймағы. Блок бір немесе бірнеше жолдардан, бағаналардан тұрады. Блок адресі қос нүктемен бөлінген қарама-қарсы бұрыштар координатынан тұрады. Мысалы: В13:D19 блогы - бұл В13D13D19B19B13 торларымен шектелген ұяшықтар жиыны, А1:Н1, А1:А20, А12:D27 немесе D:F-D, E, F бағаналарының барлық торлары, т. с. с. Әртүрлі формулалар енгізу кезінде немесе командаларды орындау сәттерінде блокты диагональ бойынша қарсы орналасқан торлар адрестерімен немесе экран бетінде тышқанмен (пернелермен) белгілей отырып енгізуге болады.

Жұмыс парағымен және кітаппен жұмыс істеу. Excel-де электрондық кесте үш өлшемді құрылымнан тұрады. Ол кітап секілді парақтардан (16 парақ) тұрады. Экранда тек бір парақ - кітаптың ең үстіңгі ашық тұрған беті көрініп тұрады. Парақтың төменгі шетінде кітаптың қалған беттерінің нөмірлері жарлық ретінде бейнеленеді. Тышқан курсорымен сол көрініп тұрған жарлықтардың нөмірлерін таңдау арқылы кез келген бетті ашып көруге болады.

Кестені, блоктарды, жолдарды және бағаналарды ерекшелеу. Осы объектілермен белгілі бір жұмыс атқару үшін тышқанмен былай ерекшелейді:

бағананы белгілеу - бағана атына сәйкес әріпті тышқанмен таңдап алып, оны бір рет шерту;

бірнеше бағананы ерекшелеу - алдыңғы шерткен тышқан батырмасын басулы күйінде ұстап курсорды оңға не солға жылжыту;

жолды ерекшелеу - жол нөміріне сәйкес санды тышқанмен ерекшелеп алып, оны бір рет шерту;

бірнеше жолды ерекшелеу - алдыңғы шерткен тышқан батырмасын басулы күйінде ұстап курсорды жоғары не төмен созу;

блокты ерекшелеу - тышқан батырмасын блоктың алғашқы ұясында басамыз да, оны сол басулы күйінде ұстап курсорды блоктың ең соңғы ұяшығына жеткізу;

жұмыс парағын толық ерекшелеу - тышқан курсорын бағана аттары мен жол нөмірлерінің қиылысу нүктесіне, яғни кестенің сол жақ жоғарғы бұрышына алып барып, оны бір рет шерту.

Пернелер көмегімен блокты ерекшелеу үшін Shіft пернесін басулы күйде ұстап тұрып, теңбілторды блоктың бір бұрышынан оған қарсы бұрышына бағыттауыштар арқылы жеткіземіз. Әйтпесе F8 пернесін басып белгілеу режиміне көшеміз де, бағыттауыш пернелерді пайдаланамыз. Esc пернесі ерекшелеуді тоқтату үшін пайдаланылады.

Бір-бірімен тіркесе орналаспаған блоктарды ерекшелеу қажет болғанда, былай істеу керек:

  • алғашқы ұяшықты немесе тіркес ұяшықтардың бір блогын ерекшелеу;
  • Ctrl пернесін басу және оны басулы күйінде ұстап тұру;
  • келесі ұяшықты немесе блокты ерекшелеу, т. с. с. ;
  • Ctrl пернесін қоя беру.

Ерекшелеуді алып тастау үшін тышқан батырмасын жұмыс парағының ерекшеленбеген кез келген бөлігінде шерту жеткілікті. Жаңа ерекшелеу де бұрынғы ерекшелеуді алып тастайды.

2. 3 Деректермен жұмыс

Деректер түрлері:

  • мәтіндік- символдардың кез келген тізбегі.
  • сандық- сандық тұрақтылар.
  • формула- арифметикалық операциялар мен сандық шамалардан тұратын өрнектер. Сандық шамалардан бөтен формулаға аргумент есебінлегі ұяшықтар орны, функциялар, басқа да формулалар кіреді.
  • функциялар- жиі кездесетін есептеулерді шешуге мүмкіндік беретін бағдарламаланған формулалар.
  • күндері(дата) .

Жұмыс үстелін сандарды сақтау үшін пайдалануға болады, оан әрі қарай осы сандарға командалар мен MІCROSOFT EXCEL құралдары арқылы көшіру, орнын ауыстыру, сұрыптау, консолидация, диаграммалар құру және кестелер құру сияқты қажетті есептеулер мен операцияларды орындауға болады. Сіз есептеу машинасының ақпаралғысында және ашып отырған құжатыңызда талабыңызға сәйкес деректерді сұрыптау, қайта топтау, талдау сияқты жұмыстарды атқара аласыз. сонымен қатар бухгалтерлік жұмыстарды, пайданы есептеу сияқты, сауда-саттық жұмыстарының құжаттамаларының да шаблондарын құруға мүмкіндік аласыз.

Жұмыс кітабы терезесінің элементтері:

Ярлыктар - жұмыс кітабының парақтарын көрсетеді.

Ярлыктарды айналдыру батырмасы - жұмыс кітабындағы парақтарды анықтайды.

Айналдыру сызықтары - көрінбей тұрған ағымдағы жұмыс парағын көруге мүмкіндік береді.

Баған басы - әріптермен белгіленген, қатар басы - цифрлармен белгіленген.

Ағымдағы ұяшық жиектемесі - активті ұяшықты көрсететін контур болып саналады.

Жұмыс парағында кілтжиындағы пернелерді қолданып та жұмыстар жасауға болады:

→, ←, ↑, ↓ - осы белгінің сілтеуі бойынша бір ұяшыққа жылжу.

Ctrl + → немесе Ctrl + ↓ - деректерді сақтаушы саласының жоғарғы немесе төменгі жағына.

Ctrl + ← немесе Ctrl +→ - деректер сақталған саладағы ұяшықтардың сол жақ немесе оң жақ шетіне.

PgUp -ақпаралғының жоғарғы жағына.

PgDn - ақпаралғының төменгі жағына.

Home - қатардағы ұяшықтың сол жақ шетіне.

Ctrl+Home - жұмыс парағының жоғарғы сол жақ шетіне.

Ctrl+End - жұмыс парағының сол жақ төменгі щетіне.

End+ ↑, End+ ↓, End+ →, End+← - Егер активті ұяшық бос болса, осы белгінің бағытымен келесі бос ұяшыққа өту. Егер активті ұяшықта деректер болса, онда осы белгінің көмегімен келесі деректер жазылған ұяшыққа ауысу.

End+Enter - қатардың соңғы бағанасына ауысу.

2. 4 Деректерді енгізу

EXCEL бағдарламасындағы жұмыс парақтары ұяшықтарына деректерді енгізу барысында жұмыс парағы құрылады. Ұяшыққа әртүрлі мәліметтерді: мәтіндерді, сандарды, формула және функцияларды, сонымен қатар күнді, уақытты енгізуге болады.

Мәтінді енгізу үшін: мәтін енгізілетін ұяшықты тышқан арқылы белгілеп, кілтжиыннан енгізуге қажетті мәтіндерді тересіз. Ұяшыққа енгізілген мәтін формула қатарында көрініп тұрады. Ұяшыққа санды енгізген кезде сандар автоматты түрде ұяшықтың оң жақ шеті бойынша теңестіріледі. Енгізілетін сандардың құрамына 0-ден 9-ға дейінгі сандар жатады, сонымен қатар +, (), $, % символдарын да енгізуге болады.

Сандарды енгізу үшін:

1. Сан енгізілетін ұяшықты тышқан арқылы белгілеу керек;

2. Санды теру. Теріс сан енгізу үшін минус таңбасын қою немесе осы санды дөңгелек жақшаға алу қажет;

3. Enter пернесін басу керек.

2. 5 Енгізілген деректерді түзету

Ұяшыққа деректерді енгізгеннен кейін оған түзетулер енгізуге болады. Түзетулерді ұяшықта жүргізумен қатар, ұяшыққа енгізілген деректердің формулалар қатарында да шығатынына байланысты оны формулалар қатарында да жүргізуге болады. Ол үшін:

  1. Құрамындағысына түзету енгізілетін ұяшықты белгілеу.
  2. F2 пернесін немесе формулалар қатарында тышқан батырмасын екі рет басу.
  3. немесе <__ пернелерін курсорды қажетті жерге апару үшін басу. Ұяшықтағы символды өшіру үшін Backspace немесе Del пернелерін пайдалану. Сонан соң орнына қажетті символдыжазу қажет.
  4. Өзгертіліп болғаннан кейін Enter пернесін басу.

2. 6 Ұяшықтағы мәліметтерді қорғау

Excel -де бүкіл жұмыс кітабын, кез келген парақты немесе кейбір ұяшықтарды өзгертуден қорғап қоюға болады. Информацияны қорғап қою оны өзгертуден қорғалу қасиетін алып тастағанша шейін сақталады. Әдетте жиі өзгермейтін мәліметтер (есептеу формулаларды, кесте тақырыптары) ғана өзгертуден қоғалу тиіс.

Мәліметтерді қорғау екі бөліктен тұрады:

  1. өзгертілуге тиіс ұяшықтардың бұрынғы қорғалу қасиеттері алынады;
  2. ағымдағы параққа немесе оның кейбір блоктарына қорғалу қасиеті енгізіледі.

Бұдан кейін тек қорғалу қасиеті енгізілген ұяшықтар мен блоктарға ғана мәліметтер енгіземіз.

2. 7 Жұмыс кітабының файлдарымен жұмыс

Жұмыс кітабын сақтау.

Жұмыс кітабында жазылған деректердің барлығы компьютердің жадында уақытша сақталады. EXCEL бағдарламасынан шыққан кезде бұл деректер сақталмауы мүмкін. Сондықтан да жазылған деректерге сәйкес құрылған жұмыс кітабының файлын дискіге уақытымен сақтап отырған жөн.

Сақтау жолы:

Файл командасын таңдап, Сақтау (Сохранить) ішкі менюін немесе қажетті батырманы басу қажет. Диалогты терезе шығады. Файлдың аты (Имя файла) өрісінде файлға ат беру қажет.

Файлды басқа дискіде сақтау үшін Папка (Save as) тізімін ашып, қажетті дискіні таңдаған жөн. Дискінің атын таңдап болғаннан кейін (папканы таңдағаннан кейін) Сақтау (Сохранить) батырмасын басып, сонан соң Enter пернесін басу керек.

Жұмыс кітабын жаңа ат беріп сақтау.

Кейбір жағдайларда сіз бір жұмыс кітабында жұмыс жасай отырып, сол жасаған жұмысыңызға өзгеріс енгізуіңіз керек болады немесе сол жасаған жұмысыңыздың негізінде жаңа жұмыс кітабын ашү керек болады. Ондай жағдайда төмендегі орындалатын әрекеттерге назар аударуыңызға болады:

Файл менюіндегі Қалай сақтау керек… (Сохранить как) ішкі менюін таңдау қажет. Бұл сіз жасап отырған файлдың сақталуын қаматамасыз етеді. Ақпаралғыға диалогты терезе шығады. Егер файлды жұмыс кітабында жаңа атпен сақтау қажет болса, онда Файл аты (Имя файла) қатарында жаңадан берілетін файлдың атын енгізу қажет.

Файлды басқа дискіде немесе басқа папкіде сақтау қажет болса, онде енгізу өрісінен Папка бөлімін таңдаған жөн. Файлдар мен папкілер тізімінен қажетті бөлімді ашып, жаңа файлды сонда орналастыруға болады, яғни сақтауға болады деген сөз.

Егер файлды басқа форматта сақтау қажет болса, онда Файл типі (Тип файла) тізімінен қажетті форматты таңдау керек.

Сонан соң ғана Сақтау (Сохранить) батырмасын белгілеп, Enter пернесін бассаңыз жеткілікті.

Жаңа жұмыс кітабын құру.

Жаңа жұмыс кітабын ашу үшін төмендегі операциялар орындалады:

  1. Файл, Құру (Создать) командасын таңдау немесеCtrl+Nпернелерін басу; Құру (Создание) диалогты терезесі пайда болады.
  2. Кітап (Книга) белгісіне тышқан көрсеткішін апарып, тышқанның сол жақ батырмасын басу;
  3. басқан кезде жаңа папка ақпаралғыда пайда болады.

Жұмыс кітабын жабу.

Жұмыс кітабын жапқан кезде оның терезесі ақпаралғыдан жоғалып кетеді. Жұмыс кітабын жабу үшін мынадай әрекеттерді орындаған жөн:

Егер сіздің жапқыңыз келген терезе активті болмаған жағдайда оны активті күйгк келтіру қажет. Ол үшін Терезе (Окно) менюін белгілеген жөн.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ACCESS бағдарламалық жүйесі
Access - тің диалогты терезелерімен танысу
Кестені енгізу сұхбаты терезесі
Парақтар туралы ақпарат
Microsoft Access 2000
Delphi-дің 7 версиясымен танысу
Delphi 7 ортасында Калькулятор бағдарламасын құру
Microsoft Word мәтіндік редакторы туралы негізгі мағлұматтар
Инженерлік калькулятор
”Библиотекарь” программасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz