Иерархиялық файлдық жүйе


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНІСТІРЛІГІ
Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
Ақпараттық технологиялар институты
«Есептеу техникасы» кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Windows ХР
Тексерген: Альмуратова Ш
«___» 2006 ж.
Орындаған:
Студент: Наманаев А
Мамандығы: 050719
Оқу тобы:
Алматы 2006ж.
Кіріспе
Windows ХР операцялық жүйесі 2001 жылдың 25 қарашасында жарыққа шықты. Бұл қазіргі кезге дейінгі Microsoft корпорациясы шығарған, жалпы қолданысқа арналған соңғы операниялық жүйе. Ол негізгі үш версияда шығарылады:
● Windows ХР Professional;
● Windows ХР Ноme Edition;
● Windows ХР 64-bit Edition.
Сондай-ақ, косымша екі версияда: Media Сеntег Edition және ТаbletPC Edition. Windows ХР операциялық жүйесі екі жүйелер тобының: сенімді Windows 2000 мен халыктық Windows МЕ операциялық жүйелерінің ең жақсы жақтарын өз бойына сіңіре отырып, Windows - тың 9 x - үйге арналған және NT - кәсіпқой мамандарға арналған линейкаларды біріктірді. Алдынғы операциялық жүйелерге арналған программалармен сәйкестігі іске асырылды. Басты өзгерістерге интерфесті атап өтуге болады. Сонымен қатар, модификацияланған NTFS 5. 0 файлдық жүйесін және шифрлеуші файлдық жүйесін қолдану арқылы ақпаратты қорғауға болады.
1 Windows ХР операциялық жүйесін орнату.
1. 1 Windows ХР операциялық жүйесін жаңадан орнату.
1. 1. 1 Жүктеуші компакт-дискіден орнату.
Егер сіздің қолыңызда Windows ХР дистибутивті компакт-дискісі болса, онда осы дискіден орнатуға болады. Бұл жағдайда компьютер қосылғанда Delete пернесін баса отырып оның BIOS-на кіру керек. Оның ішінде First Boot ретінде СD-RОМ-ды көрсету керек. Осы амалдар орындалған жағдайда жүктеуші дискіден Setup программасы Windows ХР операциялық жүйесін орнатуын бастайды. Оған себепші
Орнату программасы сіздің компьютеріңіздің аппаратты үйлесімділігін тексеруде . . .
(Setup is inspecting your computer’s hardware configuration . . . )
Setup программасы экранға қолданушы оқуға тиіс Лицензиялық келісімді (License Agreement) шығарады. Егер қолданушы лицензиялық келісім шартымен келіспеген жағдайда <Еsc> пернесін баса отырып, Setup программасының жұмысын тоқтатады. Әрі қарай Setup бұрын орнатылған Windows ХР операциялық жүйесін іздейді. Егер табылған жағдайда Setup программасы келесі нұсқаларды ұсынады: егер орнатылған операциялық жүйе болса, онда оны жаңартуды ұсынады, жаңадан орнату немесе операциялық жүйені орнатуды тоқтату. Егер Windows ХР операциялық жүйенінің орнатылған нұсқалары табылмаса немесе жаңа орнатылу таңдалған жағдайда. Setup программасы қатты дискіде бар бөлімдердің тізімін шығарады. Қолданушыға бөлімдер тізімінен операциялық жүйені орнату үшін бөлім таңдауын немесе бос кеңістік табылған жағдайда, оны жаңа бөлімге айналдыру ұсынады. Егер бөлімдердің бірі таңдалған жағдайда, Setup программасы қолданушыға келесі нұсқамаларды ұсынады:
• ҒАТ32 файлдық жүйесін
пайдалана отырып бөлімді форматтау
• NTFS файлдық жүйесін пайдалана отырып бөлімді форматтау
• Бөлімнің файлдық жүйесін NTFS форматына айналдыру
• Бөлімнің файлдық жүйесін өзгеріссіз қалдыру
Қайтадан құрылған бөлімдер міндетті түрде форматталады және осы жағдайда қолданушы файлдық жүйені таңдауға мүмкіндік алады. Егер бөлімді NTFS форматына айналдыру таңдалса, онда ол іс жүзінде келесі рет жүктелгенде айналады. Әрі қарай Setup программасы жүйедегі дискілерді тексеруді орындайды. Одан кейін аяқтаушы, яғни графиктік фазаға қажетті файлдарды қатты дискіге көшіреді. Файлдарды көшіру таңдамалы түрде, компьютердің аппараттық кұралдарын тану арқылы алынған мәліметтерге сәйкес жүргізіледі. Керекті файлдарды көшіріп болғаннан кейін Setup программасы компьютерді қайта тиейді. Содан кейін орнатылудың графиктік фазасы басталады.
1. 1. 2 Winnt және Winnt32 программаларының көмегімен орнату.
Компьютерді компакт-дискінің көмегімен тиеу мүмкін болмаса және Windows ХР-ді бірінші операциялык жүйе ретінде бос қатты дискіге орнату керек болса, онда:
1. Windows 98 немесе Windows МЕ жүктеуші дискетасын дайындап, оның файлдарына Smartdrv. ехе және Fdisk. exe файлдарын қоса көшіру керек.
2. Осы дискетаның көмегімен компьютерді жүктеп, командалық жол пайда болған соң, fdisk командасының көмегімен қатты дискіде бір немесе бірнеше бөлім кұру керек.
3. Жүктеуші дискетаның көмегімен компьютерді қайта жүктеп, командалық жолда format: командасының көмегімен ең болмағанда бір бөлімді (бірнеше бөлім құрылған жағдайда) форматтау керек (көбінесе - С:\) .
4. Форматталу аяқталған соң sys С:\ командасын беру керек.
5. Командалық жолдан Smart Drive командасын жіберу керек. Содан соң компакт-дискідегі I386 каталогіне көшіп, сондағы Winnt. ехе программасын қосу керек. Windows ХР операциялық жүйесін орнату процедурасы басталды.
1. 2 Windows ХР операциялық жүйесін орнатылған операциялық жүйені жаңарту арқылы орнату.
Егер компьютерде Windows NT Workstation 4. 0/Windows 2000 Professional операциялық жүйелері орнатылған болса, онда жаңарту қиындық тудырмау керек. Бұл олардың архитектураларындағы, жүйелік реестрлерінің құрылымындағы, файлдық жүйелерді қолдауы мен қауіпсіздік концепциясындағы ұқсастықтарына байланысты.
Егер де компьютерде Windows 98 немесе Windows МЕ операциялық жүйелерінің бірі орнатылған жағдайда, алдын ала қолданылған программалардың Windows ХР операциялық жүйесімен сәйкестігін тексерген жөн. Бұған себеп екі операциялық жүйелердің жүйелік реестрлер құрылымының әртүрлігі. Мұнымен қатар жаңарту процедурасын Windows 98/МЕ операциялық жүйелерінде қолданылған құралдардың драйверлерін Windows ХР-ге көшіреді. Windows 95/98 операциялық жүйелерінде қолданылған 16-разрядты ескі драйверлер, Windows ХР қолдамайтын VxD моделінде негізделген. Кең тараған құралдардың драйверлері Windows ХР дистрибутивті компакт-дискісіне енгізілген. Орнатуды жалғастыруға керекті құралдың драйвері болмай қалуы мүмкін. Бұл жағдайда Setup программасы керекті драйвер алынғанша жаңарту процедурасын тоқтатады. Осындай қиыншылыққа кездеспеу үшін келесілерді орындаған жөн:
1. Жаңарту керек операциялық жүйенің басқаруында компьютерді қосып,
CD-ROM-ға дистрибутивті компакт-дискіні салу керек. Windows XP Setup
программасы автоматты түрде қосылады.
- Пайда болғанWindows XP Setup-қа қош келдіңіз (Welcome to Windows XP Setup) терезесінЖүйенің сәикестігін тексеру (Check system compatibility) операциясын, содан кейінЖүйені автоматты түрде тексеру (Check system automatically) опциясын таңдау керек.
1-сурет - Welcome to Windows XP Setup терезесі.
2-сурет - Check system compatibility терезесі.
3. Жүйені Windows ХР операциялық жүйесімен сәйкестікке тестілеу операциялық жүйені Windows ХР-ге дейін дұрыс жаңартуға кедергісін тигізетін барлық факторларды, сондай-ақ орнату кезінде немесе орнату аяқталғаннан кейін қателіктер туғызатын сәйкес емес компоненттерді анықтауға өз септігін тигізеді.
Келесі орындалатын операциялар Орнатылған Windows 98/МЕ операциялық жүйесімен қатар орнату бөлімінде қарастырылып өтетін операцияларға тән болып келеді. Бір айырмашылығы, орнатылған типін таңдау терезесінде жаңарту деп белгілеу керек. Бұл кезең біткен соң орнатылудың графиктік фазасы (GUI phase) . басталады.
3-сурет - Орнатылым типін таңдау терезесі.
Жоғарыдағы кестеге қарасақ, онда Windows 9х/МЕ операциялық жүйелері NTFS файлдық жүйесін қолдана алмайтынын көреміз. Егер Windows 9х/МЕ операциялық жүйелерінің бірін қолданып отырғанда Windows ХР ОЖ орнатылған бөлімді де қолдану керек болса, онда бөлім FАТ32 файлдық жүйесін қамтуы керек. Қатты диск екі немесе бірнеше бөлімдерге бөлініп, олардың файлдық жүйелерін айқындағаннан кейін Windows ХР ОЖ орнатуға болады. Ол үшін орнатылған операциялық жүйемен компьютерді тиеп, оның СD-RОМ-на Windows ХР дистрибутивті дискісін салу керек. Содан соң келесі 5-суреттегі терезе шығады.
Бұл терезеден Install Windows ХР пернесін басу арқылы winnt32. ехе программасының көмегіне жүгінеміз. Келесі терезеден орнатылым типін белгілеуге болады. New Installation (жаңадан орнату) деп белгілеу керек.
4-сурет - Орнатылым типін таңдау терезесі.
Өнім кілтін енгізу. Өнім кілті (Product Кеу) дистрибутивтің қорапшасында жазылады. Ол бес-бестен бөлінген 25 таңбадан тұратын таңбалар жиыны. Мысалы: VP3WH-BJVP8-HRY4Y-T7YFJ-G3XQY
5-сурет - Өнім кілтін енгізу терезесі.
Өнім кілтін енгізгеннен кейін келесі Орнатылым параметрі (Setup Options) терезесі шығады. Онда басты тіл мен тұрған жерді белгілейді.
6-cурет - Орнатылым параметр терезесі.
Сондай-ақ, Қосымша параметрлер . . . (Advanced Options . . . ) батырмасын басып, ашылған Қосымша параметрлер . . . (Advanced Options . . . )
терезесінен қолданушыға ыңғайлы параметрлер енгізуге болады. Қосымша параметрлер . . . (Advanced Options . . . ) терзесінде орнатылатын файлдарды қай папкадан ( Сору installation files from this folder :) және қатты дискідегі қай папкаға ( То this folder on my hard drive :) көшіруге болатынын көрсетуге болады.
7-сурет - Advanced Options терезесі.
2 Файлдық жүйелер.
2. 1 Файлды жұмыс жасау үшін ашу.
Файлдық жүйе - бұл құрылым ядро жүйенің басқаруымен және жүйедегі жадыдағы пайдаланушыларға қатынас жасауға мүмкіндік береді. Жадыдағы қорлар әр түрлі информация тасушы жадыға кіргізеді: бұлар (иілгіш дискілер, CD-ROM, винчестер) . Ядро осы қорларды бір иерархиялық құрылымға ұйымдастырады, ол / құжатта басталып және көптеген құжаттарға бөлініп басқа құжаттармен жұмыс жасайды. Ең басты құжат жоғарғы денгейі тұқым айтады.
Құжаттан басқа файлға өту үшін, файлдың атымен бірге оған өту үшін жолы көрсетеді. Атының жолы абсолютті (мысалы /tmp/afile) немесе оған кіруші (мысалы bmp/emacs) . Файлдық жүйе - бұл операциялық жүйенің компоненті, ол файлды құрады, сақтайды және атаулы деректер жиынына қатынас құрады. Бұл атаулы деректер жиынын файл деп атайды.
Файлдың негізгі қасиеттері.
1. Файл - бұл аты бар және осы атқа сілтеп файл мазмұнымен әрекеттесуге мүмкіндік беретін бір объект. Әдетте файл аты - ол тізбекті бір символдар, оның үзындығы операциялық жүйеге байланысты.
2. Орналасудан файлдың тәуелсіздігі. Нақты файл жұмыс орындау үшін файлдың сыртқы құрылғыда орналасуы жайында ақпараттың қажеті жоқ.
3. Енгізу-шығару функцияларының жиынтығы. Әр бір операциялық жүйе файлмен алмасуды қамтитын функциялар жиынтығын анықтайды. Көбінесе функциялар жиынтығы келесі сұраныстардан тұрады: Бар немесе жаңа файлды ашуға болады.
2. 2 Оқу және жазу.
Көбінесе файлдармен алмасу бірнеше деректер блогымен ұйымдастырылуы мүмкін. Алмасу жасалынатын деректер блогы екі түсінік көрсетеді. Бір жағынан әр есептеу жүйесіне деректер блогының мөлшері белгілі, және олар алмасуға тиімді болып табылады, ол программалы - аппаратты мөлшерлер. Басқа жағынан бұл деректер блогы реалды алмасу кезінде программистермен өзгертілуі мүмкін. Оқу/жазу функцияларында оқитын немесе жазылатын деректердің көбісінде алмасуға арналған деректер блогының мөлшері және деректер блогының саны белгіленеді. Таңдалған деректер блогының мөлшері реалды алмасудың тиімділігіне байланысты, мысалы бір машинаның деректер блогының тиімді мөлшері 256 Кб болып табылады, ал сіз 128 Кбайтан алмасу орындағыңыз келеді, сонда сіз екі рет қатынас құрасыз. Бір рет алмасу орындау үшін сіз оны екі бөліп алмасу орындайсыз, бұл жағдайда операциялық жүйе тиімсіз элеметтерді өзі түзеуі мүмкін. Түзелмеген жағдайда ол сіздің қатеңіз.
2. 3 Файлдық нұсқағышпен басқару.
Әр бір ашық файлмен файлдық нұсқағыш байланысты. Бұл нұсқағыш бойынша әр бір уақытта алмасу орындайтын келесі файлдың мекені көрсетіледі. Ол блокпен алмасу орындалған соң нұсқағыш бір блоктан кейінгі позицияға өтеді. Файлмен жұмыс ұйымдастыру үшін бұл нұсқағышты басқаруды білу қажет. Файлдық нұсқағышты басқару үшін арнайы функция бар. Нұсқағыш дегеніміз ол файлды ашу функциясымен байланысты бір айнымалы.
2. 4 Файлды жабу.
Бұл операция екі функция арқылы жүзеге асырылуы мүмкін:
1. Ағымдағы файл мазмұнын сақтау және жабу
2. Файлды жою.
3. Файлды жапқан соң онымен барлық байланыс тоқтатылады.
4. Деректерді қорғау.
Көп стратегиялық шешімдер апараттық деңгейде және опреациялық жүйе деңгейінде қайталанады. Егер мультипрограммалық режимді еске алсақ, онда бір қажет болып табылатын ол жадыны және деректерді қорғау. Файлдық жүйені қарастыратын болсақ, олда операциялық жүйе сияқты бірқолданбалы болуы мүмкін. Бұл жағдайда деректерді қорғау проблемалары болмайды, өйткені операциялық жүйеде жұмыс жасап отырған адам барлық файлдардың иесі болып табылады. Бірқолданбалы операциялық жүйеге мысал келтірсек, ол MS-DOS, Windows 95. Машинаны іске қосып басқа қолданушылардың дискіде орналасқан барлық файлдарын жойып жіберуге болады, себебі бұл жүйелерде қорғау жоқ. Көпқолданбалы жүйе көппайдаланушылардың жұмысын дұрыс істеуіне қамтамасыз етеді. MS-DOS операциялық жүйесі мультипрограммалық режимде жұмыс жасауы мүмкін, бірақ егер бір үрдісте қате кетсе онда операциялық жүйе жұмысы бұзылады. Көпқолданбалы жүйе ақпараттарды қорғауды қамтамасыз етеді. Негізінде қорғау проблемасы тек қана файлдық жүйемен байланысты емес. Реалды операциялық жүйе деректердің қорғанысын барлық аймақтарда қамтиды: бұл файлдар, үрдістер және қорлар.
NTFS файлдық жүйесінің компоненттері. Бұл файлдық жүйенің негізгі мақсаттарының бірі ол үзын аттарды қолдану. (FAT - форматында 8. 3, ал NTFS - жоқ) . Бұл файлдық жүйе FAT жүйесінің барлық атрибуттарын қолдайды. Каталогтарды дискілік кеңістіктің орта жолдарына орналастырады және осы арқылы жүйенің шапшаңдылығы көтеріліді.
Үлестіру кестесінде картада әр секторға бір бит бөлінеді. Картадағы позициялық орны дискідегі позициялық орынды анықтайды. Бұнда 1- сектор бос емес екенін білдіретін жағдай, ал 0- бос. Бір лентада бір файл емес, каталогпен бірнеше файл орналасады.
Бұл құрылым үзілмейтін және файлдардың фрагментті құрылымдарына белгіленген. Үзілмейтін файлда көрсету үшін 4 байттан екі сан қолданылады. Бірінші сан бірінші блоктың нұсқағышын белгілейді, екінші - мөлшер (бір бірінен кейін жұретін блоктар саны) .
Блок мөлшері - 1 сектор.
Фрагментті файлдар Extent- терден тұрады. Оның әр қайсысына екі сан бөлінеді (2-4 байт) .
Файлдық жүйелердің негізгі қасиеттері. Файлдық жүйе файлдар үшін аталған қасиеттердің бәріне ие және бірнешеулерін қосады. Бұл қасиеттер файлдық жүйенің құрылымдық ұйымдастырылуымен байланысты.
Сыртқы есте сақтау құрылғылардың кейбір кеңістіктерін осы кеңістік ауқымды файлдардың ұйымдастырылуын қалай ұйымдастыруды қарастырамыз.
2. 4. 1 Үздіксіз сегментті файлдарды бір деңгейде ұйымдастыру.
“Бірдеңгейде” термині - жүйе ерекше аталған файлдармен жұмыс істеуді қамтамассыз етеді. Кеңістік шегінде сырқы есте сақтау құрылғысы каталог деп аталатын мәліметтерді сақтау үшін арналған кейбір аумақтарға бөлінеді.
“Бастапқы блок” берілген атпен басталған файлдағы сыртқы есте сақтау құрылғысы кеңістігіндегі салыстырмалы орынға жіберіледі. “Соңғы блок” осы файлдың соңғы болатынын анықтайды. Файлды ашу функциясы каталогтағы файл атын табуға, оның басын және соңын табады ( бұл мәліметтер аз орын алуы мүмкін, бұл туралы кейінірек айтылыды) . Бұл әрекет өте қарапайым және де каталогты операциялық жүйе жадына сақтауға болады, сонымен қатар ауыстырулар санын азайтуға болады. Егер жаңа файл құрылса, онда ол бос орынға жазылады. Каталогтар атына ұқсас бос кеңістікті кесте болуы мүмкін.
Оқу\ жазу қосымша аустыруларсыз- ақ жүреді, сондықтан ашу барысында біз мәліметтердің орналасу аумағын аламыз. Оқу осы блокты құрылымға сәйкес жүреді және қосымша ешқандай ақпарат қажет емес. Осыған сәйкес ауыстыру өте тез жүреді.
Осындай файлға қосымша ақпаратты жазу қажет болған да не болады? ( ал осы файлдан кейін бос кеңістік жоқ) . Бұл жағдайда жүйе екі рет келіп түсуі мүмкін. Біріншісі, ешқандай орын болмайды дейді және сіз өзіңіз бір нәрсе істеуіңіз керек, мысалы осы файлды басқа орынға ауыстыратын және қосымша ақпаратты табатын қандайда бір үрдіс енгізуіңіз керек.
Бұл ауыстыру - едәуір қымбат тұратын функция. Екіншісі - ауыстыруда қабылданбайды. Бұл файлды ашу барысында қосымша орын алып қою керектігін білдіреді, осыдан файлдық жүйе бос буфер өлшемін анықтайды, егер ол аз болса, онда осы файл сыйатын бос орынды табу керек.
Сонымен, біз бұл ұйымдастырудың ауыстыру барысында тимдіек енін білдік, бірақ кеңістік болмаған жағдайда файл үшін тиімсіз болады. Сондай ақ үзақ уақыт жұмыс барысында мүндай файлдық жүйеде оперативтік жадыдағы сияқты болады, яғни бос фрагменттер болған жағдайда, бірақ олардың арасында файл орналастыра алмаймыз. Мүндай файлдық жүйені ұйымдастыру үшін фрагментациялаумен күрес бұл барлық файлдарды бір- біріне тығыз орналастыратын кезеңдік компессия.
Мұндай ұйымдастыру бір рет қолданылатын файлдық жүйе үшін жарамды болуы мүмкін, сондықтан қолданғыштар саны көп жағдайда фрагментация өте тез жүреді, ал компрессияның тұрақты енгізілуі- жүйе үшін ауыр болады. Басқа жағынан жүйе қарапайым және ешқандай шығындарды қажет етпейді.
2. 4. 2 Блокты файлдарды ұйымдастырудың файлдық жүйесі.
Сыртқы есте сақтау кеңістіге блоктарға бөлінген (ауыстырулар үшін тиімді блоктар) . Файлдық жүйеде мұндай типті ақпараттарды орналастыру беттік ұйымдастырылуы жедел жадыға үрдістер ақпараттарын орналастыруға ұқсас жүреді. Жалпы жағдайда әрбір файл атымен осы файл мәліметтері орналасқан блоктар санының жинағымен байланысты. Бұл блоктар саны реттелген, яғни блоктар барлық қондырғы бойынша таратылуы мүмкін. Мұндай ұйымдастыруда фрагментациялау болмайды, дегенмен блоктардың жойылуы мүмкін (егер файл блокта бір байттықорын алса, онда блок бос емес болып есептеледі) . Демек, компрессиялау мәселесі жоқ және бұл жүйені көп қолдану ұйымдастыру барысында қолдануға болады. Бұл жағдайда әрбір файлмен атрибуттар жинағына байланысты: файл аты, пайдаланушы аты. Мұндай ұйымдастыру жоғарыдағы жағдайлардақажет етілетін ерекше аттардың болмауына мүмкіндік береді. Бұндай жүйеде аттар ерекшелігі тек бір қолданудағы файлдар арасында қажет.
Мұндай файлдарды каталог арқылы ұйымдастыруға болады. Каталог құрылымы келесі түрде болуы мүмкін. Каталог қатарлардан тұрады; әр бір I- ші қатар файлдық жүйенің I- блогына сәйкес келеді. Бұл қатар блок бос немесе бос емес екендігі туралы ақпараттан тұрады. Егер ол бос болмаса, онда бұл қатар файл аты мен қолдану аты көрсетіледі және қандайда бір қосымша ақпарат болуы мүмкін.
Ауыстыру барысында жүйе әртүрлі әрекет етуі мүмкін. Файл ашу барысында жүйе барлық каталог бойынша жүреді және файлдың логикалық блоктарына сәйкес кесте тұрғызылады не болмаса әрбір ауыстыру кезінде осы сәйкестікті іздеу жүзеге асырылады.
Файлдық жүйені мұндай ұйымдастыру бір рет қолданудағы шектерде бірдеңгейлі болып табылады, яғни барлық файлдар тораптармен байланысты.
2. 4. 3 Иерархиялық файлдық жүйе .
Файлдық жүйенің барлық файлдары бағана деп аталатын құрылымда тұрғызылған. Бағана түбінде файлдық жүйенің түбі болады. Егер бағана түйіндері беттік болса, онда бұл файл каталогты файл болып табылады. Мұндай иерархиялық файлдық жүйеге ат қою әртүрлі тәсілдермен жүргізіледі.
... жалғасыБірінші түрі - файлға ат қою, жақын каталогқа сай болады, яғни біз F0 каталогына жақын болатын файлды қарастырсақ- бұл файл 1 немесе F2 файлы болады. Мұндай жүйеде ат қойғанда аттар бір деңгейде қайталана бермейді. Басқа жағынан барлық файлдар бағана көмегімен байланысты болғандықтан, біз файлдық жүйеден нақты нақты файлға жол ашатын, барлық файл аттарынан тұратын файлдың толық аты туралы айта аламыз. F3 файлының толық аты мына түрде белгіленеді: /F0/ F1/ F3/.
Мұндай ұйымдастыру толық және қысқа атты файлдармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Толық атты файлдың өз жолы бар, ал кез келген бағана түбінен кез келген түйінге дейін бір- ақ жол болады, демек осымен аттарды ерекшелеу мәселесі шешіледі. Алғаш рет бұл 60- жылдар соңында Беркли университетінде жасалған Multex операциялық жүйесінде қолданды. Бұл шешім көптеген операциялық жүйелер нәтижесінде пайда болады. Осы иерархияға сәйкес әрбір файлға қандай да бір атрибуттарды байланыстыруға болады. Бұл жүйенің құрылымы ат қою мәселесі болмаған жағдайда көп рет қолдану жұмыстарын ұйымдастыру үшін жақсы және мұндай жүйе өте жақсы жетістіктерге ие.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz