Парақтар туралы ақпарат



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ 3
1.WORD редакторын тағайындау, іске қосу және онымен жұмыс істеуді аяқтау
4
1.1 Файл [Alt+Ф] негізгі меню пункті 5
1.2 Жөндеу негізгі менюінің пункті 10
1.3 Түрі негізгі меню пункті [Alt+B] 10
1.4 Қою [Alt+А] негізгі меню пункті 12
1.5 Формат негізгі меню пункті [Alt+М] 13
1.6 Сервис [Alt+C] негізгі меню пункті 18
1.7 Кесте негізгі меню пункті [Alt+T] 22
1.8 Терезе негізгі меню пункті [Alt+O] 23
1.9 Анықтама негізгі меню пункті [Alt+С] 23
Қосымша 24
Қорытынды 29
Қолданылған әдебиеттер 30

КІРІСПЕ

Жаңа ғасырдың басқы кезінде адамзаттың индустриялық эрадан информациялық
эраға өтуіне байланысты өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады.
Аталған пән оқушылардың информациялық қоғамдағы өмір талаптарына сай
дамуда, үлкен үрел атқаруда, және әлі де атқара бермек.
Алайда, жаңа информациялық технологиялардың өте шапшаң даму қарқыны,
біздің бұл пәнге деген көзқарасымызды өзгертті. Алғашқы бірнеше жылдарда
мектеп курсынан бастағанда информатика пәнін енгізген болатын. Міне осыған
байланысты компьютермен танысу, информация және информациялық технологиялар
ұғымдары. MS DOS операциялық жүйесімен жұмыс істеу. Соңғы бірнеше жылда
прогаммалардың түрлері көптеген мамандарға кәсіптік информациялық
технологияларды пайдалану аса қажетті екенін көрсетті. Және Wіndows
жүйесінде және оның әртүрлі программаларымен: Paіnt, Mіcrosoft Excel,
Mіcrosoft Word, тағы басқа программалармен жұмыс жасап үйренудің
пайдалылығы көп. Wіndows жүйесінде жұмыс істеу идеологиясына, сонымен қатар
оның қосымшалары, мысалы: Paіnt программасымен жұмыс жасауға көп көңіл
бөлінген. Оқып үйрену практика жүзінде кәсіптік қолданылып жүрген кәсіптік
программалық өнімдер мен технологиялар негізінде түсіндіріледі.
Біздің мақсатымыз – жұмыс істеу кезінде туындайтын нақты сұрақтарды шешу
үшін информациялық технологиялар негіздерін үйрену болып табылады.

1.WORD редакторын тағайындау, іске қосу және онымен жұмыс істеуді аяқтау

WORD-пен жұмыс істеуді бастау үшін Windows жүйесінің басқа
программалары сияқты оны бастапқы нұсқалық дискеттерден немесе компакт-
дискіден компьютерге жазып орналастыру қажет.
WORD редакторы Іске қосу (Пуск) батырмасын басқан кезде пайда болатын
Бағдарламалар менюінде көрінетін Стандартты ішкі менюде жұмысқа қосылады (1-
сурет). Бағдарламаны жұмысқа қосқан кезде ақпаралғы бетінде WORD
редакторының терезесі шығады. Терезенің жоғарғы жағында WORD редакторының
менюлері көрінеді. Меню мынадай пункттерден тұрады: Файл, Түзету (правка),
Түрі (вид), Формат, Сервис, Кесте (таблица), Терезе(окно), Анықтама
(справка).
Төменде менюдің жекелеген пункттерінің ярлыктарына ие құралдар сызығы
(линейка инструментов) орналасқан. Құралдар сызығының құрамы мен орналасуын
қолданушының қалауы бойынша өзгертуге болады. WORD редакторымен жұмыс
жасаған кезде құралдар сызығының ярлыктарын пайдаланумен қатар оның орнына
атқаратын функциялары ұқсас болғандықтан, негізгі менюді де қолдануға
болады. Әрбір ярлыкқа тышқан көрсеткішін апарған кезде оның төменгі жағында
сол ярлыктың не үшін белгіленгені жөнінде хабарлама шығады. Меню пункітінен
таңдау қажет болған жағдайда тышқан көрсеткішін қажетті менюге алып барған,
кезде шығатын ішкі менюлерді таңдап, ішкі менюлерді таңдап, тышқан
батырмасын басуға немесе сол ішкі меню қатарларындағы қажеттінің ішіндегі
ерекше белгіленген әріпті кілтжиыннан теруге болады.
Одан төменіректе WORD редакторының негізгі терезесі орналасқан. Бұл
трезеде сіз ақпараттарды жазып, жұмыс жасауға мүмкіндік аласыз. Таза
қағазға жазу жазған кезде сіз көз мөлшерімен екі жақ шеттен бірдей орын
қалдыруға тырысасыз (қызыл сызық). Жаңа жолдан басталатын сөздің дұрыс
орналасуын қадағалайсыз. Әрбір қатардың арасының ара қашықтығы бірдей
болатындай шамамен мөлшерлеп жазуға тырысасыз.
Бұл терезені де сол таза қағаз түрінде елестетіп, ақпаралғыда көрініп
тұрған мүмкіндіктерді пайдаланып ақпаратты жазуға болады. Өлшем сызықтары
терезенің жоғарғы және сол жақтарында орналасқан. Жоғарғы өлшем сызығының
бас жағында тұрған жүгірткіштердің жоғарғысы арқылы сөйлемнің жаңа жолдан
басталған түрін белгілеуге болады. Төменгі жүгірткіш парақтың сол жақ
шекарасынан қалдырылып отыратын бос жерді белгілеп береді. Оң жақтағы
төменгі жүгірткіш оң жақ шекарадан қалатын парақтың бос аумағының өлшемін
белгілейді.
Құжат параметрлерін тышқан көрсеткішін қажетті көрсеткішке алып барып
басқаннан кейін басқан қолды алмастан жүгірткішті жылжыта отырып өзгертуге
болады. WORD терзесінің оң жақ қапталы айналдыру сызығымен шектелген.
Құжатты қарау кезінде курсорды жылжыту үшін PgUp, PgDn пернелерімен қатар
осы жылжыту сызығын пайдалануға болады.
WORD ақпаралғысының төменгі жағында күй қатары (строка состояния)
орналасқан, онда алдындағы беттің нөмерін, тарау нөмерін, құжаттағы
парақтар саны және тағы басқа парамертлерді көруге болады. Құралдар сызығы
мен күй қатарын қолданушы қалауы бойынша алып тастауға болады.

1.1 Файл [Alt+Ф] негізгі меню пункті

Құжаттармен жұмыс жасау үшін сіз ең алдымен ашып ақпаралғы бетіне
шығаруыңыз керек, сонан соң оны редакциялап, өңдеп жаза бастауға болады.
Егер сіз өзіңіздің жұмысыңызды сақтағыңыз келсе, оны дискіге сақтай аласыз.
WORD жүйесін жұмысқа қосқаннан кейін ақпаралғы бетіне автоматты түрде
–Құжат1 деген атпен бос құжат пайда болады. Сол құжатқа мәтіндер жазып,
бірден жұмыс істей беруге болады.
Шебер (Мастер) арқылы құжатты құру және онымен жұмыс істеу үрдістерін
бірінен соң бірін қарап, алдағы жұмысыңыздың ыңғайын біліп алуға мүмкіндік
бар. Бұрыннан бар құжатты ашу үшін Ашу (Открыть) командасын қолдануға
болады. Оны Файл менюінен таңдауға (2-сурет) немесе стандартты құралдар
панелінің батырмасын тышқан арқылы басып ашуға болады.
Әрі қарай сіздің құжатпен жұмысыңыз сақталады да, оны файл менюінің
төменгі жағындағы тізімдер ішінен таңдап ала аласыз.
Бірнеше файлдарды бірден ашып жұмыс жасау кезінде олардың орындарын
ауыстыру және т.с.с түрлі жұмыстар жасауға болады.
Егер сіз құжаттың атын немесе тұрған орыннын ұмытып қалған болсаңыз,
Іздеу (Поиск) командасын файл менюінен табыңыз. Файл іздеу командасын
бірнеше құжаттарды бір мезгілде ашып, басу, көшіру,орындарын ауыстыру
кезінде қолдануға болады. Бұл туралы Іздеу (Поиск) және құжаттарды басқару
бөлімінде толық айтылған.
Құжатты ашқаннан кейін ол көшіріледі де, құжаттар терезесінде
бейнеленеді.Жұмысты сақтау үшін Сақтау (Сохранить) командасын немесе
панеліндегі батырманы басу керек.
Құжатты сақтағаннан кейін ол ақпаралғы бетінде қалып қояды, сіздің
онымен ары қарай жұмыс жасай беруіңізге болады, ал егер сіздің құжаттармен
жұмыс жасағанды тоқтатқыңыз келсе оны жабасыз.
WORD редакторында меню пункттерімен тышқаннан бөтен, кілтжиын арқылы да
көптеген командаларды орындауға болады.
Файл меню пункті файлдармен жұмыс жасау үшін белгіленген.Бұл менюге
кіру үшін [Alt+Ф] пернелерін басып немесе тышқан көрсеткіші арқылы Файлға
әкеліп сол жақ батырмасын басу керек сіздің алдыңызда мынадай ішкі менюлер
ашылады:

1) Құру (Создать)- [Alt+Ф],[A] немесе [Ctrl+T] пернелерін басқан кезде
құжат құрылады.
1.1.Жалпы (Общие) пункті де құжат құрады.Оның анықталған стандарттары
болады, ал Жаңа (новый)-құжаты арнайы жасырын параметірлердің көмегімен
құрылады.
1.2.Хат пен факстер-бұл пункт хаттар мен факстік құжаттардың түр-
түрлерін құруға мүмкіндік береді. Белгілі форматта хат немесе факс үшін
соған сәйкес шеберді (Мастер)-ді қосу керек , ол қажетті қойылымдарды
сұрайды және сізге қажетті құжатты автоматты түрде қалыптастырады, сонымен
қатар сіз өзіңізге қажетті құжаттың бланкісін толтыруыңыз қажет.
1.3.Жазбалар (Записки) әртүрлі форматтағы жазбаларды құрады.Жазбаны
құру да 1.2 пунктке ұқсас.
1.4.Есептер (Отчет) пункті дайын шаблон арқылы әртүрлі форматтар есебін
құрады. Есепті жазу кезінде Есеп беру (Отчет) бланкісін редакциялау керек.
2) Ашу (Открыть) [Alt+Ф],[O] немесе [Ctrl+Щ] бұрын құрылған құжатты
ашады. Алдыңғыға ұқсас терезе ашылып, сол арқылы қажетті файлды таңдап
алуға болады. Ашылған файл түрі тізімнен таңдап алынады. Егер ашылатын
файлдың типі танымал болмаса, оны ашу үшін қолмен таңдау керек. Файлды
іздеуді жеңілдету үшін оның құрамындағы мәтінді таңдап немесе құрылған күні
арқылы іздеу керек. Ашу (Открыть) пункті өзгертілген құжатты қалпына
келтіреді.
3) Жабу (Закрыть) [Alt+Ф],[З] құрылған файлды жауып, ақпаралғыдан
алып тастайды.
4) Сақтау (Сохранить) [Alt+Ф],[С] немесе [Shift]+[F2]-бар файлды, яғни
бұрынырақ сақталынған және сақталғаннан кейін өзгеріске ұшыраған файлдарды
сақтайды. Егер файл алдындағы жолмен сақталмаса онда Қалай сақтау керек...
(Сохранить как...) пунктін іске қосу керек.
5) Қалай сақтау керек... (Сохранить как...)- [Alt+Ф],[К]-алдыңғыда
сақталған немесе редакцияланған құрамын өзгертпей, жаңа файл құра отырып
сақтайды. Қолданушының алдында сақтау үшін ыңғайлы терезе ашылады. Осы
терезеде каталогты қарпи сақтау үшін қажетті таңдауға мүмкіндік жасалады.
Бұрын сақталған файлға жаңа ат беріп сақтауға да осы команда ыңғайлы.
Файлды WORD құжаты ретінде жасырын сақтау мүмкіндігі бар. Оларды
параметрлермен сақтауға да болады.
Параметрлер (параметры)- бұл пунктке кіру үшін Қалай сақтау керек...
(Сохранить как...) терезесіне кіріп, [Alt+А] пернелерін басу керек.
Файлдарды сақтаудың параметрлер терезесі ашылады, төменде сақтау
параметрлері келтірілген:
[Alt]+[О]-әрдайым резерпті көшірмені құру;
[Alt]+[Р]-жылдам сақтауға рұқсат;
[Alt]+[З]-құжат құрылымын толтыруды ұсыну;
[Alt]+[Х]-жай (обычный) шаблонын сақтауға сұраныс;
[Alt]+[Ф]- Windows форматында суреттерді сақтау;
[Alt]+[Ш]-True Type шрифтін енгізу,
[Alt]+[Д]-тек форма үшін ғана деректерді сақтау;
[Alt]+[А]-минут сайын автосақтау (автосохранения);
Сонымен қатар файлдармен қатынас жасау параметрлері:
[Alt]+[П]-файлды ашу паролі;
[Alt]+[Ь]-жазуға рұқсат паролі;
[Alt]+[Ч]-оқуға кеңес;
Параметрлерді таңдау үшін параметрлер терезесіне кіру керек.
6) Барлығын сақтау (сохранить все)- [Alt]+[ф],[Х]-барлық ашық файлдарды
сақтайды. Егер осы жағдайда белгісіз бір файл сақталса, ол үшін Қалай
сақтау керек... (Сохранить как...) пункті ашылады.
7) Қасиеттері (Свойства)- [Alt]+[ф], [Й] –бұл ішкі пункт менюінде файл
туралы толық мәліметтер беріледі. Бұл пунктке кірер кезде ішкі меню
ашылады.
7.1) Жалпы (Общий) - пункттерден тұратын файлға жалпы сипаттама береді.
Онда: файлдың аты, түрі, папка, өлшемі, MS DOS аты, құрылды (уақыты және
күні), өзгертілді (уақыты және күні), ашылды ( күні), атрибуттар.
7.2) Құжат (Документ)- төмендегі пункттерге сипаттама береді:
[Alt]+[Н]-аталуы;
[Alt]+[Т]-тақырыбы;
[Alt]+[А]-авторы;
[Alt]+[Д]-қызметі;
[Alt]+[О]-ұйым;
[Alt]+[Г]-тобы (группа);
[Alt]+[К]-кілт сөз;
[Alt]+[З]-ескертулер;
[Alt]+[С]-алдын ала қарау үшін сурет құру;
7.3) Статистика. Мұнда файлдың бүкіл статисатикалық деректері
суреттеледі. Онда: құрылды (күні), өзгертілді (күні), ашылды (күні),
басылды (күні), сақталды (кім сақтаған), версиясы (соңғы сақталу нөмері),
жөндеудің жалпы уақыты (минут).
Статистика-[Alt]+[С]-кестеден тұратын құжаттардың ішкі күйі туралы
ақпарат береді. Онда: сипаттама; саны; беттер; абзацтар; қатар; сөздер;
символдар; байт;
7.4) Құрамы (состав). Бұл пунктте құжаттардың құрамы туралы
мағұлұматтар болады. Осы пункттегі құжат құрамы (состав документа)
-[Alt]+[С] ішкі пунктінде тақырыпшалар шығаруға, көшіруге және т.б.
операцияларды орындуаға болады.
7.5) Басқалары (Прочие). Мұнда мынадай пункттер қарастырылады:
[Alt]+[Н]-аты;
[Alt]+[Т]-файлдың түрі;
[Alt]+[З]-мәні; соны мен қатар жоғарыда келтірілген параметрлерді
қарастыруға мүмкіндік беретін тізімдермен -[Alt]+[С] жұмыс істеуге болады.
8) Шаблондар-[Alt]+[Ф], [Ш] –осы пунктті таңдау арқылы шаблондармен
жұмыс жасауға мүмкіндік аламыз. Ақпаралғыда құжаттар шаблонын таңдап, аты
болатын диалогты терезе ашылады.
[Alt]+[А]-пернелерінің көмегімен Құжат стилін автоматты түрде жаңарту
функциясын таңдауға болады. Құжаттың жаңа шаблондарын [Alt+Б] үстемелеуге
(Довавить) немесе [Alt+Н] біріктіруге (Присоединить) болады. [Alt+О]
пернесін басқан кезде Ұйымдастырушы (Организатор) жұмысқа қосылады да, бір
немесе екі файлмен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Ұйымдастырушының
көмегімен макростарды, стилін, автомәтін, тізімінің элементтерін немесе
құралдар панелін көшіруге, атын өзгертуге немесе өшіруге болады.
9) Парақтар параметрлері (Параметры страницы) [Alt+Ф],[М]-пернелері
парақтың өлшемін өзгерту үшін қолданылады. Бұл пунктте 4 ішкі пункт бар:
9.1) Өріс (поля)- [Alt+П]-редакцияланатын өрісті орнату
-[Alt+В]-жоғарғы;
-[Alt+Н]-төменгі;
-[Alt+А]-оң жақ үшін;
-[Alt+Е]-сол жақ үшін;
Сонымен қатар [Alt+Х]- жоғарғы колонтитулды және [Alt+Ж] төменгі
колонтитулды орнату пернелері болып белгіленген. Сол сияқты [Alt+З]-
пернелерінің көмегімен айналық өрісті (зеркальные поля) таңдауға да болады.
9.2) Қағаздың өлшемі (Размер бумаги) [Alt+Р]- мұнда [Alt+Б]-қағаздың
өлшемін таңдауға болады. Таңдалған қағаз өлшемі стандартты болуы да,
бейстандартты болу да мүмкін. Қағаздың өлшемі бейстандартты болса, онда
оның [Alt+Ш]-енін, [Alt+В]-биіктігін көрсету керек.WORD-та жұмыс жасағанда
қағаз форматын [Alt+К]-кітаптық форматта немесе [Alt+А]-альбомдық форматта
көрсетуге болады.
9.3) Қағаз көзі (Источик бумаги) [Alt+И] –қағазды баспа құрылғысына
беруді орнату мүмкіндігін анықтайды. Екі түрлі варианты қарастырылыды:
қағазды қолдан беру және автоматты түрде беру. Осы пунктте сонымен қатар
қағазды біртіндеп беру мен бәрін бірден беруге болатын мүмкіндіктер де
қарастырылады. Бірінші бетті беру [Alt+Е] және қалған парақтарды баспа
құрылғысына жіберу [Alt+О] – пернелердің көмегімен жүзеге асады.
9.4) Макет [Alt+М] – құжат парақтарының макеті орнатылады. Тараудың
басы (начала разделе) [Alt+Н] – пернелері арқылы таңдалады. Жұп және тақ
парақтардың колонтитулдарының айырмашылықтарын [Alt+Е] пернелермен, бірінші
парақты таңдау [Alt+О] пернелері арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар
жоғарғы шеті, ортасы және биіктігі бойынша теңестірілуде [Alt+В]
орындалатын пернелер жиынын қолдануға болады.
10) Алдынала қарау [Alt+Ф],[В] баспа құрылысына жіберместен бұрын
құжатты қарау үшін белгіленген. Құжат ақпаралғы бетінде баспа құрылғысынан
шыққаннан кейінгі түрдегідей беріледі.
11) Басу [Alt+Ф],[П] немесе [Ctrl+З] құжатты баспаға жіберер алдындағы
басу параметрлерін бейнелеу үшін қолданатын пернелер.
[Alt+Е] файлға жазу үшін сұрану – баспа құрылғысымен емес, файлға басу
үшін белгіленген.
[Alt+И] қасиеттері – баспа құрылғысының күйін келтіретін баспа
диспетчерін іске қосады.
Парақтар туралы ақпарат.
Барлығы [Alt+В] баспаға құжаттың барлық парақтары жіберіледі.
Ағымдағы [Alt+Т] ағымдағы парақ баспаға беріледі.
Реттік саны [Alt+Н] құжаттың бетінің саны көрсетіліп, баспаға сол
парағы беріледі.
Көшірме туралы ақпарат
Көшірме саны [Alt+К] – қажетті көшірме саны беріледі.
Көшірме бойынша реттеу [Alt+Р] – бірнеше көшірмелер жиынын басу кезінде
реттілікті сақтау.
Жалпы ақпарат.
Баспаға құрылғысына шығару [Alt+П]-құжаттың барлық парақтарын баспа
құрылғысына жіберу.
Басу [Alt+Ч] құжат,мағұлыматтар, ескертпелер және т.б.
1)Параметрлері [Alt+А]-құжатты баспа құрылғысына жіберу параметрлері
орнатылады.
1.1) Әлпі(Режим).
Алғашқы (черновой) [Alt]+[Ч]-минималды форматпен мәтіндік баспаға
шығару.
Керісінше реттілік [Alt]+[О]-парақтарды соңғы бетінен бастап баспаға
шығару.
Өрісті жаңарту [Alt]+[Н]-баспаға шығарудан бұрын құжат өрісіне жаңарту
енгізу.
Байланысты жаңарту [Alt]+[Б]-құжатты баспаға шығарар алдында кез келген
байланысқан мағұлматтарды жаңарту.
Фондық басу [Alt]+[Ф]-құжатты баспа құрылғысында басу кезінде WORD
редакторында жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
1.2) Баспаға шығару.
Мағұлматтар [Alt]+[В]-жеке параққа құжат туралы мағұлматтарды басып
шығару үшін қызмет етеді.
Өріс шартбелгісі [Alt+К]-өріс мәнінің орынына өріс шарт белгісін
баспаға шығару.
Графикалық объекті [Alt]+[Ъ]-құжатқа салынған суретті баспаға шығару.
1.3) Ағымдағы құжат үшін.
Тек форма үшін берілген деректерді басу [Alt]+[Е]-баспаға тек
интерактивті формадағы деректерді шығарады, ал форманың өзі баспаға
шығарылмайды. Сонымен қатар қағазды автоматты түрде немесе қолдан беру
[Alt]+[П] және баспа құрылғысының күйін келтіру жағдайлары да
қарастырылған.
12. WORD редакторы файлдармен жұмыс жасауға ыңғайлы болу үшін осы
редакторда қолданылған соңғы 4 файлды ашып бере алады.
Осы 4 файлдың біреуін табу үшін каталогтарға шығып іздеу қажет емес.
Ашу үшін [Alt]+[Ф], [Х] пернелерін басса жетіп жатыр. Х-ашылатын
файлдардың реттік саны.
Шығу –[Alt]+[Ф], [Ы] немесе [Alt]+[F4]- Microsoft Word редакторынан
шығу.

1.2 Жөндеу негізгі менюінің пункті

Жөндеу [Alt+П]-негізгі менюнің пункті келесі пункттерден тұрады.
Енгізуді алып тастау [Alt+Backspace]- соңғы іске асырылған немесе
соңғы енгізілген мәтінді алып тастау.(3-сурет).
Егер бұл жүзеге аспаса, Алып тастау командасын Алып тастауға болмайды
командасымен ауыстыруға болады. Алып тастау командасы орындалғаннан кейін,
Қайталау командасындағы Қайтару командасына ауысады. Бұл командалар
құралдар панеліндегі Стандартты бөлімінде болады.
Енгізуді қайталау - соңғы жүзеге асырған әрекетті қайталайды. Егер
олай жасауға мүмкіндік болмай қалса, онда Қайталау командасы Қайталауға
болмайды командасына ауысады. Бұл командалар да Стандарттық құралдар
панелінде тіркелген.
Қиып алу [Shift+Del]-құжаттағы белгіленіп алынған фрагментті алмастыру
буферіне жіберу. Бұл жағдайда құжаттың белгіленген фрагменті ауыстыру
буферіне көшіріледі де ағымдағы құжаттан жойылады.
Көшіру [Ctrl+Ins]-белгіленген фрагментті алмастыру буферіне көшіру. Бұл
жағдайда белгіленген фрагмент алмастыру буферіне көшірілгенімен, ағымдағы
құжатта сақталып қалады.
Қою [Shift+Ins]-алмастыру буфері құрамындағы редакциялайтын файлға қою.
Буфер құрамындағы фрагмент курсор тұрған жерге қойылады да, бұрынғы
құжаттағыдай форматталады. Егер қою кезінде тышқан көрсеткіші белгіленген
фрагментпен қалып қойса, онда мынадай сұраным шығады:
Белгіленген фрагментті ауыстыру керек пе? Белгіленген фрагмент орнын
алмастыру буферінің құрамындағылар қойылады да, белгіленген фрагмент
жойылып кетеді.
Арнайы қою [Alt+П],[Е]-арнайы форматта ағымдағы файлға буфер
құрамындағыларды қою, енгізу. Енгізу –деген сөз құжатқа статистикалық қою
дегенді білдіреді.
Жою [Del]-белгіленген фрагментті өшіру, жойылған фрагментті Қайтару
командасының көмегі мен қалпына келтіруге болады.
Барлығын белгілеу [Ctrl+5]-барлық құжатты белгілеу.
Табу [Ctrl+A]-активті құжатта көрсетілген мәтінді іздеу. Бұл командалар
активтендіру үшін: Не терезесіндегі ізделінетін мәтінді жазу.

1.3 Түрі негізгі меню пункті [Alt+B]

Редакцияланатын құжатпен редактор түрлеріндегі виртуалды
фараметрлерінің күйін келтіру (4-сурет) ол мына тараулардан тұрады:
Қарапайым [Alt+В],[О]–редакцияланатын құжатты қарапайым әлпіге
келтіреді.
Құрылым [Alt+В],[С]-құжаттың құрылымын құруға немесе өзгертуге болады.
Онда ақпаралғыда арнайы символдармен белгілеулердің көмегімен құжат құрлымы
көрсетіледі және құрылым құралдар панелі беріледі.
Параққа қою [Alt+В],[Р]- барлық элементтер басылатын парақтың бетінде
орналасуына қарай көрсетілетін әлпіге ауысуға мүмкіндік береді.
Басты құжат [Alt+В],[Г]- басты құжат әлпісінде құжатты бейнелеу әлпісін
қосады, сонымен қатар басты құжат және құрылым құралдар панелі де жұмысқа
қосылады, бұл кезде ақпаралғы құрылым әлпісін таңдаған кездегідей болады.
Егер алдында қаралған әлпілердің біреуі қандайда бір құжат үшін таңдалған
болса, онда белгілі бір құжатты редакциялау үшін басқа әлпіні таңдауға
болады.
Түгел ақпаралғы аумағын алу [Alt+В],[Э] –құжатты қарауды жеңілдету үшін
ақпаралғы бетіндегі элементтердің көпшілігін жасырады. Ақпаралғыны қалыпты
түрге қайталау үшін схемалық түрде белгілеген ақпаралғы белгісін басу
керек.
Құралдар панелдері[Alt+В],[И]-таңдалған құралдар панелдерін белгілейді
әрі жасырады, жаңа құралдар панелдерін құруға мүмкіндік береді,
батырмалардың өлшемімен түсін өзгертетін құралдардың панельдері мен
батырмалар жиынын бастапқы күйіне әкеледі. Жасырын түрді Microsoft Word
мынадай құралдар панельдеріне ие:
• Стандартты
• Форматтау
• Қоршау немесе жиектеу
• Дерекхана
• Сурет салу
• Формалар
• Microsoft
• Түсінік беру шебері
Қажетті құралдарды пайдаланып қолданушы өзінің құралдар панелін құра
алады. Құралдар редакторы жұмысты жеңілдетіп, жылдамдататын көптеген
әрекеттерді қайталайды.
Сызықша[Alt+В],[Л]-көлденең және тік сызықшаларды экранға шығарады
немесе алып тастайды.
Колонтитиулдар [Alt+В],[К]-колонтитулдарды құрумен редакциялау. Егер
парақтың жоғарғы немесе төменгі жағына бірдей деректерді жазу керек болса,
онда жоғарғы колонтитулды құру керек.
Сілтемелер [Alt+В],[Н]-құжатта сілтемелер құру үшін қолданылады,
сілтеме екі бөліктен тұрады: Сілтеме белгілері және сілтеме мәтіндері.
Ескертпелер [Alt+В],[П]-ескертпе қою.
Масштаб [Alt+В],[М]-ақпаралғыдағы құжаттардың бейнелену масштабын
өзгерту үшін қолданылады.
Бұл пунктті активтендіру үшін төменде ұсынылған масштабтардың біреуін
таңдауға болады:
• 200%
• 100%
• 75%
Бейнелеу режимін таңдауға болады:
• парақтардың ені бойынша
• бүтін парақты
• бірнеше парақты
• қажетті терезедегі еркін масштабты таңдау.
Үлгі-өрісінде таңдалған масштаб бойынша құжатты қарауға болады.

1.4 Қою [Alt+А] негізгі меню пункті

Активті құжатта әр түрлі элементерді (5-сурет) қойып құруға блоады.
Айырылу [Alt+A],[A]-курсор позициясында батырмалармен тарауларды, парақ
бөлгіштерді қою. Қарапайым әлпіде пунктирлі сызықпен көрсетіледі.
Параққа бөлу және ала қарау әлпілерінде басылған құжаттағыдай болып
көрінеді.
Беттердің реттік сандары [Alt+A],[О]-колонтитулда парақтарды
нөмерлейді, форматтайды әрі позициялайды. Парақтар нөмерін сырт жағынан,
ішінен, оң жақ, сол жақ шекараларынан, ортасынан қоюға болады. Бірінші
бетті нөмерлемеу үшін тек сәйкес жалаушаны орнатса болды.
Ескертпе [Alt+A],[Н]-құжатқа резидент атын сақтайтын ескертпені,
мәтінің өзіне ие ескерту обылысы мен ескерту нөмерін қояды. Осы команданы
активтендіру кезінде ақпаралғының төменгі жағында ескертпелерді енгізу
өрісі ашылады.
Уақыты және күні [Alt+A],[Д]-құжатқа ағымдағы күн мен уақытты қою.
Активтендіру өзіне қажетті форматты таңдау талап етіледі.
Өріс [Alt+A],[П]-өрісті қою, әртүрлі мағұлматтарды автоматы түрде
енгізу және оларды уақытылы жаңарту. Активтендіру кезінде қажетті
терезедегі өріс категориясын таңдаған жөн.
Символ [Alt+A],[U]-компьютерде орнатылған шрифтардың ішінен символдар
мен арнайы символдарды қою.
Форма өрісі [Alt+A],[Е]-форма өрісін қояды. Бұл команданы орындағанда
форма өрісінің түрін таңдауға болатын меню ашылады. Мәтіндік, жалауша
түріндегі, тізіммен берілген форманың түрлері. Өрісті құрып, редакциялау
үшін қажетті құралдар панелін ашуға болады. Форма өрісін активтендіру үшін
құжатты қорғауды орнатқан жөн.
Сілтеме [Alt+A],[С]-курсор позициясына сілтеме қою немесе соңғы
сілтемені қою. Мұнан басқа компьютерде орнатылған шрифтардан сілтеме құру
үшін символдар түрін береді және сілтеменің нөмерлену реттілігін,
форматтауын, позициялануын белгілейді.
Аталуы [Alt+A],[Н]-элементке ат береді, аттарын автоматты түрде орнату
әдпісін қалыптастырады. Ол үшін сәйкес обьектінің атын теру керек.
Қалыспалы сілтеме [Alt+A],[Ы]-құжатқа қиылспалы сілтеме қою. Сілтеменің
түрі мен бағыттары:
• тақырыбы
• салым
• сілтеме
• ақырғы
• сурет
• кесте
• формула
Сілтеменің бағыты:
• тақырып мәтіні
• парақтың реттік саны
• тақырыптың реттік саны
Тақырып және көрсеткіштер [Alt+A],[Г]-заттық көрсеткіштерді,
тақырыптарды, иллюстрация тізімдерін және т.б. осыған ұқсас нәрселерді
құру.
Файл [Alt+A],[Ф]-активті құжатқа қолданушының файлын қойып, қажет
болған жағдайда оның форматын түрлендіруге болады.
Кадр [Alt+A],[К]-активті құжатқа белгілі бір аумақтың айналасына кадр
қою, бұл жағдайда осы обылыстың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Іnternet және World Wіde Web (WWW)
Интернет және оның мүмкіндіктері
Қазіргі WEB технологиялар
Бағдарламалау тілдері пәнінен жасалған электронды курсқа интерактивтілік кіргізу
Web парақтарды жасау
Электрондық курс және оны құру
Интернет желісі, веб-сайттар
Web - парақтарын көрсетуді басқару
Бухгалтерлік есептің принциптері және мәні
ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУ ПРИНЦИПТЕРІ
Пәндер