Ұлттық тіркеу мекемесі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Университеті

Реферат
Тақырыбы: Қазақстан және шет елдердің заң жүйесіндегі домендік
атауларды пайдаланудағы шектеулер

Орындаған:
Сыртқы бөлімнің 2-курс
аспиранты
Тексерген:

Алматы-2002

Жоспар
Кіріспе 2
Домендік атауларды реттеудің алғы шарттары 3
Қорытынды 9

Сыртқы бөлімнің
2-курс аспиранты
Орехова-Ким В.А.

Қазақстан Республикасының және шет елдердің заң жүйсінде домендік атаударды
пайдаланудағы шектеулер

Кіріспе

Домендік атаулар - Интернет жүйесінің негізгі бөлігі болып табылады.
Олар әріптердің немесе сандардың жиынтығын құрап, Интернет жүйесіне
қосылған компьютердің сандық мекен-жайын білдіреді. Солардың көмегімен
сандық мекен-жайлардың ұзын және жаттауға қиын атауларын тез жатталатын
сандар, сөздер жиынтығына, сөз тіркестеріне айналдырады.
Домендік атауларды үш деңгейге бөліп қарауға болады: бірінші деңгей
соңғы нүктеден басталатын домендік атаулардың аяқталуын білдіреді, үшінші
деңгей www.; екінші деңгей бірінші және екінші деңгейлердің арасында
орналасқан. Мысалы, www. Kase.kz. kz - бірінші деңгей, kase - екінші
деңгей, www - үшінші деңгей.
Домендік атауларды тіркеу - белгілі бір сайт орналасқан домен және
серверлердің ақпараттық мәліметін енгізуден тұрады. Интернет жүйесімен
жұмыс істейтін адамдар домендік атаулар арқылы керекті сайтты таба алады.
Алғашқыда домендік атауларды тіркеу американдық Network Solutіons,
Іnc. компаниясы жүзеге асырды. 1998 жылы домендік атауларды тіркеу құқығы,
домендік атаулар жүйесін басқаруды ІCANN мемлекеттік емес ұйымына
тапсырылды.[1] Бірінші деңгейдің ұлттық домендері пайда болуымен бірге (.kz
- Қазақстан үшін, .ru - Ресей үшін, .uk - Ұлыбритания үшін және т.б.)
мемлекеттің ішінде орналасқан ұлттық домендерді тіркейтін тіркеу органдары
пайда болды. Мұндай тіркеу органдары ІCANN аккредитациясына ие болады.

Домендік атауларды реттеудің алғы шарттары

Интернет жүйесінің деңгейінің өсуіне және қолданыста жылдан жылға
артуына, әлеуметтік және саясат саласында маңызды орын алуына, электрондық
сауданың пайда болуына (Интернет арқылы сауда жасау) байланысты домендік
атаулардың маңыздылығы өсіп, әсіресе атаулардың екінші деңгейі қарқынды
дамып келеді. Электрондық саудада қолданылатын домендік атаулар жылдам
тіркеліп, күнделікті өмірде кең қолданылады. Домендік атау жеке
тіркелгендіктен оны бірнеше тұтынушы пайдалана алмайды. Сондықтан, соңғы
уақытта тіркелген домендерді сату рыногы тез қалыптасты. Ең жақсы домендік
атаудың құны миллион доллардан асады (1999 жылы busіness. com доменінің
құны 8 миллионнан асып түсті).
Домендер нарығында сауда белгісіне сәйкес тіркелген атауларға ерекше
назар аударылады. Сауда белгілеріне сәйкес келмейтін атаулардың иелері
өзінің коммерциялық сайтқа қосымша тұтынушыларды шақыруға мүмкіндік алады.
Домендік және сауда белгілерінің сәйкес келуі сауда белгісін заңды
пайданушыларды дискредитациялау үшін бәсекелестердің қолданылуы әбден
мүмкін.
Домендік атауларды пайдаланудағы ескеретін жайт, олар ашық жарияланып,
оны кез-келген Интернет жүйесін пайдаланушы көре алады. Сондықтан, домендік
атауларда адамның намысына, адамгершілік қасиетіне, ұстанған дініне немесе
ортақ қызығушылығын қорлайтын сөз қорлданыстары кездесуі мүмкін. Осының
салдарынан Интернет жүйесінің даму үрдісінде домендік атауларды бақылауда
азаматтық құқық, әкімшілік, тіпті қылмыстық құқықты енгізуге негіз болып
тұр.
Домендерді тіркейтін негізгі ІCANN мекемесі алдымен арнайы
стандарттарды белгілеу жолымен техникалық негіздерді бақылайды. Сауда
белгілерін қолдануда пайда болған дауларды ІCANN мекемесі интеллектуалды
меншіктің дүниежүзілік ұйымы бекіткен ортақ саясат арқылы шешеді. Алайда,
қазіргі уақытта домендік атауларларды пайдалануда көптеген шешімін таппаған
мәселелер бар. Ақпараттық инфраструктурасы жақсы дамыған мемлекеттердің
әрқайсысы ұлттық заң жүйесінде осы мәселелерді шешу үшін толықтырулар мен
өзгерістер енгізіп жатыр. Бүкіл әлем бойынша домендердің табиғаты мен
қызметі бірдей болғанымен, міндеттмелері әр мемлекетте әр қилы болып
келеді. Бұның себебін электрондық коммерцияның құқықтық мәдениеттің,
белгілі бір құқықтық салалардың даму деңгейімен, сот жүйесінің құқықтық
мәселелерді шешу деңгейімен, ұлттық тіркеу мекемелерінің ұйымдастыру
деңгейімен және басқа да факторлармен түсіндіруге болады.

Қазақстан Республикасы (. KZ)
Нақты уақытта Қазақстанда Интернет жүйесін бақылайтын заңдар енді
бастау алды. Сол себеппен доменнің анықтамасы және оған сай шектеулер мен
міндеттемелер белгіленбеген. Домендердің негізгі қызметі – бір сайтты
енінші сайттан ажырату. Домендік атауларды жекелендіру құралы ретінде
қарастыруға болады, алайда Қ.Р. Азаматтық кодексінің Негізгі бөлімінің 56-
тарауында тауар және қызмет көрсету, азаматтық айналымға қатысушылардың
жекелендіру құралы ретінде домендер мүлдем қарастырылмайды. Сонымен бірге
Қ.Р. Азаматтық кодексінің Негізгі бөлімінің 152 бабында тауарлар мен
қызметтердің жекелену құралдарына шектеу қойылмаған және домендерді басқа
да құралдармен бірдей қарастыруға болады деп жорамалдауға болады.
Тауарлар мен қызмет көрсету жекелендіру құралдарының мынадай түрлеріне
Қ.Р. заң жүйесі міндеттемелер қояды: кәсіпорын атаулары, сауда белгілері
және тауарлардың шығу мекемелерінің орны. Сондықтан, домендік атаулардың
қызметі кәсіпорын атауы, сауда белгілері және тауарлардың шығу мекемелердің
орнының қызметі ұқсас келгенімен міндеттемелер домендерге қолданылмауы
керек. ,,Банк,, ,,Компанияны сақтандыру,, деген сияқты терминдердің атау
ретінде қолданылуы мүмкін. Домендік атауларда адамның намысына,
адамгершілік қасиетіне, ұстанған дініне немесе ортақ қызығушылығын
қорлайтын сөз қолданыстарына жол берілмейді.
,,Сауда белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлардың шығу
мекемелерінің атауы туралы,, Қ.Р. заң жүйесіне сәйкес сауда белгісіне ие
емес компанияның домендік атау құрамында тіркелген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бала әкесінің арызы негізінде әке болуды анықтауды тіркеу
Облыс әкімі
Салық департаментінің құрылымы
КАССАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАРДЫ РӘСІМДЕУ
Тууды тіркеу тәртібі мен мерзімдері
Сәйкестікті растау жөніндегі органға өтініш беру
Кассирдің касса есебін дайындау тәртібі және құжаттарды рәсімдеу
Қысқа мерзімді активтердің есебі: Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттерінің есебі
Келес ауданының әкімі
Басқадай ақша қаражаттар есебі
Пәндер