Архивтік файл


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Архивтеу программалары.

  1. 14. 1. Файлдарды архивтеудің қажеттілігі . . . 2
  2. 14. 2. Архивтік файл . . . 2

3) 14. 3. WinRAR архивтік программасын пайдалану . . . 3

4) 14. 3. 1. Файлдарды архивке енгізу . . . 4

5) 14. 3. 2. Файлдарды архивтен шығарып алу . . . 5

6) 14. 3. 3. Архивтердің тұтастығын (бүтіндігін) тексеру . . . 6

7) 14. 3. 4. Архивті бүлінуден сақтау . . . 6

8) 14. 3. 5. Мәліметтерді теориялық түрдегі азйту түрлері . . . 7

9) 14. 3. 6. Архивтеудің үш теориялық алгоритмі . . . 8

АРХИВТЕУ ПРОГРАММАЛАРЫ

14. 1. Файлдарды архивтеудің қажеттілігі

Сіздер кез келген информацияның белгілі бір көлемі болатынын білесіздер. Жинақтауыш қатты дискінің көлемі қаншалықты үлкен болғанымен ол шектелген, жаңа мәліметтерді жазуға дискіде орын болмай қалуы мүмкін. Бұл мәселені шешудің бірінші жолы - қажет емес файлдарды жою. Ал, егерде қажет емес файлдың бәрін жойғаннан кейін де дискідегі орын жеткіліксіз болса не істейміз? Мұндай жағдайда дискідегі орынды үнемдеп файлдың көлемін азайту үшін, мәліметтерді сығылған түрде компьютерде сақтауға арналған арнайы Архиватор программалар бар. Файлдың немесе файлдар топтарының сығылу процесі Архивтеу деп аталады.

Архиваторлар - дискідегі орынды үнемдеу үшін файлдың көлемін кішірейтіп сақтауға мүмкіндік беретін программалар тобы. Олардың сақтау тәсілдері әртүрлі болғанымен, жалпы қызметін былай түсіндіруге болады: файлда қайталанатын фрагменттер болады, оларды түгелдей дискіде ұстаудың ешқандай қажеті жоқ. Сондықтан архив жасауға мүмкіндік беретін программалардың жалпы қызметі - файлда қайталанып тұратын фрагменттер орнына, қысқаша басқа информацияны жазып, кейіннен оларды өз реттіліктерін сақтай отырып алғашқы қалыпқа келтіретін мүмкіндікті пайдалану.

Әрине архиватордың әртүрлі информациялар үшін тиімділігі әртүрлі болатыны өз-өзінен түсінікті, мысалы, мәтіндік файлдарды екі есеге жуық, ал бояуларының қоюлығы онша емес сұр түсті суреттерді (PCX нсмссс BMP тәрізді форматтағы) қанықтылық ерекшеліктеріне қарай екі-төрт тіпті он есеге дейін тығыздап қысуға болады.

Архиваторлар файл көлемін 10-70%-ға дейін кішірейтуге мүмкіндік береді.

Әдетте 20 Мб дискіні көшіру (СОРУ командасы арқылы) 15-ке дейін дискет (көлемі 1, 44Мб) кажет етеді, ал архиватор көмегімен бұл көлемді бірнеше есе қысқартуға болады. Файлдарды архивтеуге арналған программалар дискідегі файлдар көшірмесін қысылған күйде архивтік бір файлға орналастыруға, кейіннен файлды архивтен шығарып алуға, архив мазмұнын көруге, т. б. істер атқаруға мүмкіндік береді. Архивтік программалар бір-бірінен қысылған файлдың форматымен, жұмыс істеу жылдамдығымен, архивке орналастырғандағы файлды қысу деңгейі сияқты әртүрлі мүмкіндіктерімен айрықшаланады. Архивтеу программалары тегін (SHAPEWARE) немесе делдалдык әдіспен таратылады. Олардың ішінде кең таралған архиваторлар тобына ARI, RAR, PKZIP және PKUNZIP тәрізді программалар жатады. Бұлардан басқа да архиваторлар бар.

14. 2. Архивтік файл

Архивтік файл - қысылған күйде бір файлға енгізілген, қажет болғанда бастапқы күйінде шығарып алуға болатын бір немесе бірнеше файлдың жиынтығы. Оның мазмүны (архив құрамындағы қысылған файлдар тізімі) және әр файлдың сақтаулы циклдік бақылау коды болады. Архив құрамындағы әрбір файл үшін, оның мазмұны тәрізді мынадай информациялар сақталады:

- файлдың аты;

- файл орналасқан каталог туралы мағлұмат;

- файлдың соңғы рет өзгертілген мерзімі;

- архив бүтіндігін тексеруге арналған әр файлды циклдік бақылау коды.

14. 3. WinRAR архивтік программасын пайдалану

Архивтеу жұмысын бұл күндері кең тараған WinRAR архивтеу программасы арқылы карастырайық. WinRAR - алдыңғы қатарлы архивтеуге және оларды басқаруға арналған Windows-тың RAR архиваторының 32-разрядты нұсқасы. Әр түрлі операциялық жүйелерге арналған бірнеше RAR нұсқасы бар, мысалы, DOS, OS/2, Windows (32-разрядты), UNIX (linux, BSD, SCO, Sparc, HP-UX) және BeOS.

Windows-қа арналған RAR-дың екі нұсқасы бар:

- WinRAR. exe - графикалық интерфейсті қолдану (GUI) нұсқасы;

Rar. exe - мәтіндік режимде қатарлар арқылы командаларды пайдалану тәсіліне арналған нұсқасы.

WinRAR-дың мүмкіндіктері:

RAR және ZIP архиваторларын сүйемелдеу жұмыстарын аткару;

- мәліметтерді қысудың өте тиімді алгоритмін пайдалану;

- арнайы мультимедиалық-қысу алгоритмін қолдану;

алып бару-және-қойып кету (drag & drop) технологиясының қоршауын пайдалану;

- басқа форматтағы (CAB, ARJ, LZH, TAR, GZ, ACE, UUE) архивтерді басқару;

- бірнеше ұқсас файлдарды қысуда, қарапайым әдістерге қарағанда қысу деңгейі 10-50%-ке көбейетін үзіліссіз архивтерді сүйемелдеу;

- бірнеше томдық архивтерді жасау;

- стандартты және қосымша SFX модульдер көмегімен өздігінен қысылатын қарапайым және бірнеше томды архивтер жасау;

- физикалық түрде бүлінген архивтерді қалпына келтіру;

- басқа да қосымша функциялар, мысалы, шифрлау, архивтік түсініктемелер қосу (ANSI жүйесінің ESC-тізбегін сүйемелдеу), қателер хаттамасын жүргізу және т. б.

WinRAR-ды екі түрде қолдануымызға болады: Windows стандартты интерфейстің графикалық қоршауы режимінде және командалар қатарында.

WinRAR-ды қоршау режимінде қолдану үшін, WinRAR белгішесіне тышқанмен екі рет шертіңіз. Бұдан соң файл архивтеуге және оларды шығаруға батырмалар мен менюді пайдаланамыз.

WinRAR-ды командалық қатарда қолдану үшін «Іске қосу» менюінен «Орындау . . . » жолын немесе «Программалар\ MS-DOS Сеансы» деген жолды таңдап, керек команданы енгізуіміз қажет. Файлдарды архивтеу және шығару командасының қарапайым мысалдары төменде көрсетілген. Егер WinRAR-ды параметрсіз командалық қатардан іске қосатын болсақ, онда екпінді күйде болатындығына көңіл аударыңыздар.

WinRAR-ды орнатқан кезде "WinRAR-ды программалық қоршау ішіне енгізу" опциясын іске қоспаған болсаңыз файлдарды архивтеу және шығарып алуды тікелей Windows ортасында ( Сілтемеден немесс Жұмыс столынан ) жасай аласыз

.

14. 3. 1. Файлдарды архивке енгізу

Ең алдымен, WinRAR-ды іске қосу қажет. Ол үшін WinRAR белгішесін белгілеп алып, тышқанды екі рет шертеміз немесе Enter-ді басамыз. Сонымен қатар «Іске қосу» менюіндегі «Программалар» пунктінен WinRAR- ды таңдап кіруімізге де болады.

WinRAR іске қосылған терезеде ағымдағы буманың ішіндегі файлдар және бумалар тізімі көрсетіледі. Біз бірден архивтейтін файл тұрған бумага өтуіміз кажет. Ағымдағы дискіні өзгерту үшін Ctrl+D пернелер комбинациясын пайдаланамыз, дискілср тізімінен аспаптар тақтасындағы немесе терезенің сол жақ бұрышындағы керекті диск белгішесін шертеміз. Сыртқы бумаға шығу үшін ВасkSpace (BS) немесе Ctrl+PgUp пернелерін, әйтпесе аспаптар тақтасындағы "Жоғары" деген кішкене батырманы] қолданамыз. Басқа бумаға өту үшін Enter, Ctrl+PgDn пернелерінің бірін басамыз немесе сол бума белгісін екі рет шертеміз. Дискінің түпкі бумасына өту үшін Ctrl+\ пернелерін басу қажет.

Қажет файлдар бар бумага кірген соң, архивтейтін файлдар мен бумаларды ерекшелеп белгілейміз. Бұны курсорды басқару-бағыттауыш пернелері немесе тышқанның сол жақ батырмасымен Shift (Сілтеу және Windows-тың басқа да программаларындағыдай сияқты) пернесін бірге басу арқылы жүзеге асырамыз. WinRAR терезесінде файлдарды ерекшелеп белгілеу үшін "Бос орын" және Ins пернелерін қолдануға да болады. Цифрлық пернедегі <+>, <-> пернелері файлдар тобын ерекшелеп белгілеуге немесе белгілеуді алып тастау мүмкіндіктерін туғызады.

Бір немесе бірнеше файлдарды ерекшелеп алып, Қосу батырмасын шертеміз (мұны Alt+A пернелері немесе Командалар менюінен "Файлдар архивке қосу" командасын таңдау аркылы да іске асырамыз) . Пайда болған сұхбат терезесіне архивтің атын енгіземіз немесе алдын ала келісім бойынша берілген атын растау қажет. Осы жерден жаңа архивтің (RAR немесе ZIP) форматын, қысу тәсілін, том көлемін және басқа да архивтеудің параметрлерін таңдауға болады. Бүл сұхбат туралы архивке ат беру, параметрлер енгізу Сұхбат бөлімінде толық сипатталады. Архивті жасау үшін ОК батырмасын шерту қажет.

Архивтеу кезінде статистикалық терезе пайда болады. Егер қысу процесін кенеттен тоқтату қажет болса, сол терезеде Болдырмау батырмасын басу керек. WinRAR терезесін жүйелік науада (tray) кішірейтіп ықшамдау үшін, Фондық батырмасын басамыз. Архивтеу аяқталған соң, статистика терезесі жойылады, ал жасалған архив ағымдағы белгіленген файл күйінде қалады.

Жасалған RAR архивіне тасымалдау аркылы файлдарды қосуға да болады. Егер WinRAR терезесінде архивті белгілеп және оның атында Enter (немесе тышканды екі рет шертіңіз) пернесін бассақ, RAR архивті оқып, мазмұнын көрсетеді. Енді терезеде басқа файлдарды қарапайым тасымалдау арқылы архивке файлдарды қоса аламыз.

14. 3. 2. Файлдарды архивтен шығарып алу

WinRAR ортасында архивтен файлды шығарып алу үшін, алдымен архивті ашып алу керек. Оны төмендегі көрсетілген бірнеше тәсілмен жасай аламыз:

- Windows ортасында архивтік файлға екі рет тышқанды шерту немесе Entеr-ді басу ( Сілтемеде нсмесс Жұмыс столында ) . Егер WinRAR орнатылған кезде (алдын келісім бойынша) архив-файл типімен байланысқан болса онда архив WinRAR-да ашылады. Бүл әрекетті кейіннен WinRAR-ды орнатып болған соң да «Интеграциялау» сұхбаты көмегімен жасауға да болады;

- WinRAR терезесіне немесе белгішесіне архивті тасымалдау. Бұны жасамас бұрын WinRAR терезесінде басқа архивтің ашық болмағандығы тексеріп алған жөн, себебі тасымалданатын архивіміз басқасына қосылып кетуі мүмкін;

- командалар қатарынан параметр түрінде архивтік атпен WinRAR-ды іске косу;

WinRAR терезесінде архивті ашқанда, оның мазмұны шығады. Шығарып алынатын керек файлды және буманы ерекшелеп алу қажет. Ол үшін "Бос орын" және Ins пернелерін қолдануға болады. Цифрлық пернедегі <+>, <- > пернелері файлдар тобын толық ерекшелеп белгілеуге немесе белгілеуді алып тастауға мүмкіндіктер туғызады.

Бір немесе бірнеше файлдарды белгілеп алған соң, WinRAR терезесіндегі Шығару батырмасын басамыз (оны Alt+E псрнелері немесе Командалар менюінен "Файлды архивтен шығару" пунктін таңдау арқылы орындаса да болады) . Егер де архивтен шығарылған файлды басқа бумаға сақтағыңыз келсе Шығару . . . (немссс Alt+A-басыңыз) батырмасына шертіп, пайда болған тсрезеде қажет жолды көрсетіп, ОК-ны басу керек. Мұнда бірнеше косымша параметрлерді ауыстыру болады (бұл туралы толығырақ информацияны Сұхбат бөлімінде оқи аласыз) .

Архивтеу кезінде статистикалық терезені пайдаланып, қысу процесін тоқтатуға болады. Ол үшін Болдырмау батырмасын басу керек. WinRAR терезесін жүйелік науада (tray) кішірейту үшін, Фондық батырмасын басамыз. Архивтен шығару қатесіз аяқталса, онда WinRAR өз ортасына оралады, ал кері жағдайда диагностикалык хабарламасы бар Терезе пайда болады.

14. 3. 3. Архивтердің тұтастығын (бүтіндігін) тексеру

Архивтегі әрбір файл үшін оның циклдік бақылау коды (CRC) жазылып сақталады. Бұл код - файлдың ішкі мәліметінің арнайы функциясы, файлға кішігірім өзгерту енгізілсе, оның бақылау коды да өзгеруге тиіс. Сондықтан бақылау коды архивтік файлдың бүлінбей дүрыс сақталғанының белгісі больш табылады. Файлдарды WinRAR программасында архивтен шығарар кезде олардың әрқайсысы үшін бақылау коды бөлек есептеледі де, ол бұрынғы жазылып сакталған кодпен салыстырылып нәтижесі экранда көрсетіледі.

14. 3. 4. Архивті бүлінуден сақтау

RAR архивінің форматы берілген көлемнен тыс арнайы информация типін, яғни қалпына келтіру деп аталатын мәліметті сактайды. Егер архивте бұл мәлімет болса, онда иілгіш дискідегі информация бүлінген жағдайда да оларды қайтадан қалпына келтіре аламыз. Бірақ бұл программа ZIP форматындағы архивтерді кайтадан қалпына келтіру әрекетін орындай алмайды.

Мәліметті қалпына келтіру үшін командалық қатарда RR[N] сөз тіркесін кез келген операциялық жүйе командасының кілті ретінде қолдануымызға болады немесе бұрын құрылған архивті қорғап қою мақсатында тікелей RR[N] командасын енгізуге де мүмкіндік бар. Мысалы:

a -rr newarс *. txt

WinRAR d -rr4 newarc dummy. txt

WinRAR rr oldarc

WinRAR терезесіндегі команда құрамына архивтің атын немесе оның параметрлерін енгізу кезінде "Қалпына келтіру информациясы" опциясын іске қосуға болады. Мұның басқаша орындалу түрі - алдын ала келісім бойынша архивтеу профиліне жоғарыдағы тәрізді опцияны іске қосу болып табылады. Мұндайда кез келген архивті өзгерткеннен кейін, оған оны қалпына келтіру информациясы автоматты түрде қосылып отырады.

Қалпына келтіру информациясы өз функциясын орындауы үшін оның қүрамында 4096-ға дейін секторлар болуы мүмкін. Егер бүлінген мәліметтер үзіліссіз қатарласа орналасса, онда әрбір сектор оның бүлінген 512 байт көлемін қайта қалпына келтіре алады. Файлдың бір тектес бүлінуі бірнеше рет қайталанатын болса, онда бұл көлем де кішірейеді.

Мұндайда секторлар санын тікелей "RR[N] " командасымен немесе "-RR[N] " (N= 1, 2. . 4096) параметрі арқылы беруге болады. Егер бұл параметр көрсетілмесе, онда оның мөлшері автоматты түрде файлдың көлеміне байланысты таңдалып алынады - ол жалпы архив көлемінің 1, 2%-ын құрайды, бұл тәсілде бүлінген мәлімет жалпы файл көлемінің 0, 7%-на дейінгі мөлшерде болғанда оны қалпына келтіре алады.

Осындай түрдегі қалпына келтіру информациясы архив көлемін шамалы ғана ұлғайтады. Қалпына келтіру информациясы көлемін шамамен мына формула бойынше анықтай аламыз:

<архив көлемі>/256 + <қалпына келтіру секторларының саны>*512 байт

WinRAR ортасында корғалған архивтерді түзету үшін "Қалпына келтіру" командасы пайдаланылады, ол үшін командалық қатарға "r" командасы енгізіледі

Қалпына келтірілген архив recover. rar деп сақталады. Егер бүлінген архивте қалпына келтіру информациясы болмаса немесе ол елеулі түрде зақымданып, қалпына келмейтіндей күйде болса, онда қалпына келтіру ісінің екінші кезеңі басталады. Бұл кезеңде тек архив құрылымы ғана жөнделеді. Мұндай операциялардан соң бақылау коды (CRC) қате болған файлдарды қалпына келтіру мүмкін емес, ал кодтары дұрыс файлдар қалпына келтіріледі. Екінші кезеңнен өткен файлға _reconst. rar деген ат беріледі.

14. 3. 5. Мәліметтерді теориялық түрдегі азйту түрлері.

Мәліметтер мөлшерден тыс артық болып келеді. Артықтылық дәрежесі мәліметтін түріне байланысты болады. Мысалға, видеомәліметтердің артықтылық дәрежесі жай ғана графикалық мәліметтердің артықтылық дәрежесінен бірнеше есе көп болады, ал графикалық мәліметтердің артықтылық дәрежесі мәтіндік мәліметтердің артықтылық дәрежесінен көп. Мәліметтін артықтылығы, әдетте, қолданушыға ақпаратты жақсы ұйғарып түсінуге мүмкіндік береді. Ал осы ақпаратты компьютерлік техника арқылы сақтағанда және тасымалдағанда мәліметтердің артықтылығы кері роль ойнайды, өйткені артықтылық көп орын алады. Әсіресе, үлкен көлемді ақпаратты аз жадылы сақтауышқа сақтарда. Мәліметтердің қандай объктіде орналасқанына байланысты сығу үш түрге бөлінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Архивтеу программалары. Файлдарды архивтен шығару
Файлдарды архивтендіру
Ақпараттарды ықшамдау (архивтеу)
АРХИВАТОРЛАР ЖӘНЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ВИРУСТАРДАН ҚОРҒАУ
Информатиктерге архивтеу туралы аздаған жаңалықтар
Архивтеу программасының ерекшеліктері
Архивтеу программалары. файлдарды архивтеудің қажеттілігі
Файлдарды архивтеу
Файлдарды архивтеу. архиватор бағдарламалар
Дербес компьютерлердің қызметші бағдарламалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz