Блокнот программасында құжаттармен жұмыс атқару


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Блокнот

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

  1. Блокнот программасымен жұмыс атқару

2. Блокнот программасын іске қосу

3. Блокнот программасында құжаттармен жұмыс атқару

III. Қорытынды

Кіріспе

Блокнот (Notepad) - кішігірім мәтіндік редактор. Сіз бұл программаны басқа да программалармен жұмыс атқарған кезде, ағымдағы ескертулер (текущие заметки) үшін электрондық блокнот ретінде қолдана аласыз. Себебі ол программа жұмыс істеп жатқанда өте көп жадыны қажет етпейді.

Блокнот программасымен жұмыс атқару

Блокнот программасы мәтіндік форматтағы файлдарды ашып және оларды аталған форматта сақтай алады. Бұл оның кейбір мәтіндік форматтағы системдік файлдарды құруға немесе оларды редакторлеге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, көптеген қуатты мәтіндік редакторлер блокнот программасы құрған файлдардан ақпарат ала алады.

Басқа да қосымшаларға немесе мәтіндік редакторлерге мәтін қояр кезде, сіз блокнотты көмекші ретінде блокнотты қолдана аласыз. Алмасу буференен айырмашылығы: егер алмасу буфері тек ақпараттың тек бір бөлігін ғана сақтаса, ал блокнот ондай бірнеше бөліктерді сақтап қана қоймай оларды біріктіріп, керек жеріңізге орналастыра аласыз. Бұл жағдайда блокнотта шек жоқ.

1-сурет

1-суретте. Блокнот программасының бос терезесі. Мәтін енгізуге даяр тұр.

Блокнот программасын іске қосу

Блокнот программасын іске қосу үшін келесі қимылдарды жасайсыз:

  1. Пуск(start) менюін ашып, сол таңдаймыз. Пуск => программы => Cтандартные
  2. сол жерден блокнот командасын таңдаймыз. Қосымшаның бос терезесі ашылып, сол жерге сіз мәтін енгізе алсыз. (1-сурет)

Блокнот программасында құжаттармен жұмыс атқару

Басқа да мәтіндік редакторларға қарағанда, блокнотта жол біткен кезде мәтіндер автоматты түрде келесі жолға көшірілмейді. Егер жол соңында мәтін келесі жолға жазу керек болса, онда қолданушы өзі - Правка , Перенос по словам командаларының көмегімен немесе Enter пернесі арқылы келесі жолға курсорды түсіріп, мәтінді енгізуі керек.

Мәтінді редакторлеген кезде WordPad мәтіндік редакторындағы барлық редакторлеу командаларын қолдануға болады.

Егер бұл қимылдарды ауырсынсаңыз, онда мәселенің оңай шешімі бар. Ол үшін Файл Параметры (макет) страницы командасының көмегіне жүгінуге болады. Бұл жерде қағаз түрін (А4, А5, В5 т. с. с. ), жол өлшемдерін және мәтін орналасу жерін, жоғарғы және төменгі шектеулерін де редакторлеуге болады. (2-сурет)

Абзац жасау үшін <Enter>, <Tab>, <Пробел> пернелерінің комегі арқылы жүзеге асыруға болады. Барлық символдар бірей ұзындық алады, сондықтан <Tab> пернесінің көмегімен абзац жасағанда барлығы бірдей қашықтықта болады.

Правка командасының көмегімен мәтіннің ізінділерін қиып алуға, көшіріп алуға, және кезкелген жерге қоюға болады. Қиып алынған немесе көшірілген мәтін алмасу буферінде сақталады. Мәтінді қою (вставка текста) командысы орындалғанда, алмасу буферіндегі мәтін курсор тұрған жерге орналасады, яғни көшіріледі.

Блокнот көмегімен оқиғаны протоколдау

Құжаттың басында қарапайым . LOG командасын қосқанда, кез-келген кезде осы файлды ашқанда программа автоматты түрде файл соңына жол қалдырып, ол жерге дата мен дәл уақытты көрсетіп курсорды келесі жолға орналастырады. бұның көмегі - мысалға: сіз үлкен бір проектпен айналысып жатырсыз делік. Сонда сізге жұмыс жасау мерзімін қадағалау керек делік.

Дата мен дәл уақыт кез-келген кезде, құжаттың кез-келген жеріне орналастыруға болады. Ол үшін тек Правка, Дата/Время командасын таңдау жеткілікті немесе <F5> пернесінің көмегімен жүзеге асыруға болады.

Қорытынды.

Блокнот мәтіндік редакторы - бұл Windows қосымшаларының арасындағы ең қолайлы және қарапайым программа болып табылады. Әрине ол басқа замани мәтіндік редакторлармен жарыса алмайды (мысалы, Microsoft office), дегенмен онымен көптеген жұмыс атқаруға болады. Кішігірім құжаттарды жасауда немесе редакторлеуде осы редакторды пайдалануды ұсынуға болады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • Р. Персон, Windows 95 энциклопедия ресурсов, П:BHV, 1996
  • Информатика негіздері, ғылыми әдістемелік журнал. №2’2005
  • Б. Бөрібаев, информатика және компьютер, А, : Білім, 1995.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Windows жүйесінің стандартты программалары жайында
Ақпарат және информатика бойынша материалдар
Функцияның парамерлерін енгізу
Есептеу құрылғылары және машиналар
Информатика пәнінен зертханалық жұмыстар
HTML ТІЛІНІҢ НЕГІЗГІ ТӘГТЕРІ
Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламалары
Windows операциялық жүйесінің қызметі
Сыныптарда информатика пәнін оқытудың оқу бағдарламасының тұжырымдамалық негізі
Файлдармен жұмыс істеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz